Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Ғылыми жоба «Қоқыстың айналадағы ортаға зияны мен оларға екінші өмір сыйлау»
Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасының
«Рудный қаласы білім бөлімінің №18 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Секция: Экология
Ғылыми жобаның тақырыбы:
«Қоқыстың айналадағы ортаға зияны мен оларға екінші өмір сыйлау»
Дайындаған: Тилеубай Амина, Якияева Аяжан
1 сынып
Ғылыми жетекші: Алмаганбетова Айнагүл Бақытжанқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Рудный қаласы
2021 жыл
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Адамдардың қоршаған ортаға келтірген зардаптары
2.2.Еліміздегі тұрмыстық қалдықтардың экологиялық мәселесі
2.3 Қоқыстарға «екінші ғұмыр» сыйлап жатқан елдер
III.Зерттеу бөлімі
3.1 Қоқыстарды заманауи жолдармен жою
3.2 Қоқыс ханшайымының табандылығы бізге өнеге
3.3 Полиэтилен пакеттердің табиғат пен адамзатқа тигізетін зияны
ІV.Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Дамыған елдердің көбінде тапталып жерде жатқан
тұрмыс қалдықтары – әжептәуір табыс көзі. Бұл бизнес әрі әлеуметтік
жауапты іс. Қоқысты қайта өңдеуден түскен ақша қалта мен қоршаған
ортаға бірдей пайда әкеледі. Тұрмыстық қалдықтарды қайта
өндеудің негізгі бағыттары – қағаз өнімдері, әйнек сынықтары,
бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары
болып тармақталады. Тіпті, борситын тамақ қалдықтарынан биогаз
өндіретін мемлекеттер де бар. Қазіргі кезде пластикалық бөтелкеден
су ішпеген адамды табу қиын шығар. Тіпті жаз мезгілі басталғалы
көшеде пластикалық бөтелкеге құйылған (сарыағаш, макси шай,
кока-кола, фанта т.с.с) сусындарды өзімен бірге алып жүретін
адамдар саны көбейді.
ANNOTATION
Landfills are a significant source of income in many developed countries. It is a business and socially responsible business. Garbage recycling benefits both the pocket and the environment. The main directions of household waste processing are paper products, broken glass, bottles, polymers, plastic products, wood and metal products. There are even countries that produce biogas from food waste. In our time, it is difficult to find a person who would not drink water from a plastic bottle. Even with the onset of summer, the number of people on the street serving drinks in plastic bottles (yellow, maxi tea, Coca-Cola, Fanta, etc.) has increased
Жобаның мақсаты:
Бұл ғылыми жобаның мақсаты тұрмыстық қалдықтарды зерттеу жүйесі мен басқару үрдісін құру, жинау, сақтау, қайта өңдеу мен жою.Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттерді алға қою:
Әлемнің дамыған 30 елдер қатарына ену.
Қазақстанның экологиясын жақсартып,экологиялық таза энергия көзін қолдану.
Қоқыс қалдықтарынан жасалатын бұйымдар туралы мәлімет жинау;
Тұрмыстық қалдықтарды жинау мен сорттау мәселелерін шешу.
Зерттеу барысы:
Тұрмыстық қалдықтардан жасалатын бұйымдарға қатысты мәліметтер жинақтап, олардың деректік маңызына талдау жасалады.Тұрмыстық қалдықтардан жасалатын бұйымдар туралы айтылған тұжырымдар жан-жақты сараптау.Қоқысты қайта өңдеудің ролі және мәні тақырыбында жұмыс істей отырып зерттеу, талдау, салыстыру, жүйелу әдістер қолдану. Күнделікті шығатын тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салу, макулатура, шина мен бөтелкелерді өткізіп, пайда табу әрі қоршаған ортаны қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз болуы тиіс.
Жобаның өзектілігі: Соңғы жылдары пайдалы қазбалардың азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы, сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Қоқыстың басым бөлігі әзірге қоқыс төгетін арнаулы полигондарда, кездейсоқ жерлерде сақталуда. Жыл өткен сайын олардың аумағы ұлғайып, құнарлы жерлерге көше бастады. Қоқыстың түрлерін сұрыптап бөлу. Қоқысты тазарту әдістерін қарастыру.
Жобаның жаңалығы:
Ауылдық аймақтарда тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, көму мәселесімен айналысатын зауыттар ашылса. Егер біз тұрмыстық қалдықтарды жойсақ, онда санитарлық және экологиялық жағдайы жақсарады.Табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны жаппай өндіріске ендіру және ортаның ластануын барынша азайту.
І.Кіріспе
Қазіргі уақыттағы экологиялық жағдай кез келген мемлекеттің күн тәртібіндегі мәселеcіне айналды. Өйткені ол адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын «жасыл» орта бүлініп барады. Ғаламшарымыз жалғыз, сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Соңғы 100-150 жылдаадамныңөндірістіктұрмыс-тіршілігінентуындағанжағымсызэкологиялықахуалқазіргіуақыттаадамныңөзіне, денсаулығы мен өмірінезиянынтигізуде. Кейінгіжылдарыдамушыелдердегіөндіріскөлемініңұлғаюынабайланыстыкөбейетүскенқаттытұрмыстыққалдықтардыңзардабы да көбейіпкеледі.Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде
Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді.
Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Соңғы жылдары пайдалы қазбалардың азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы, сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Адамдардың қоршаған ортаға келтірген зардаптары
Табиғатқа адам баласынан артық қиянат жасайтын жан жоқ шығар. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт.
Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Иә, бүкіл өркениетті әлем қоршаған ортасын қорғап, қасіреті қалың Адамның қоршаған ортаға келтірген зияны жер шарының жануарлар әлеміне де зардабын тигізіп отыр. Аңдардың бірнеше түрі жер жүзінен жоғалып кетуге шақ тұр, кейбірі соңғы 50-70 жылдың ішінде жойылып та кетті. Ұрпағымыз тіршіліксіз, сөніп бара жатқан ғаламшарға ие болып қалсын демесек, өзіміз мекендейтін биосфераны аман алып қалу үшін нақты әрекеттерге баратын кез жетті.Адам баласы табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде экожүйенің тәртібіне көніп, заңдарына бағынуы тиіс.
Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ». Кейбір елдерде, әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы төмендей бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен нақтырақ айналысуға, сондай – ақ оның қорларын тиімді пайдалануға итермелейді. Табиғаттың өзгертуді қаламайтындығы белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Материалдық өндірістің көлемі өсіп, шикізатты өндіру барған сайын артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді.
2.2.Еліміздегі тұрмыстық қалдықтардың экологиялық мәселесі
Қазақстандағы басты экологиялық проблемалардың бірі – тұрмыстық қалдық. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қалдық пайда болып, оның 9 пайызы ғана қайта өңделеді екен«Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі күн өткен сайын артып келеді. Бұл еліміздегі тұрмыстық қатты қалдықтардың қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, экологиялық ахуалға айтарлықтай нұқсан келтіріп жатқанын көрсетеді»,деді Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында.Сенатордың айтуынша, Қазақстан бұл бағытта мүлде мүлгіп отыр деуге келмейді. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, пайдаға жаратып жатқан жобалар баршылық.
Алайда олардың әлеуеті бүкіл республика қалдықтарының «басын қосуға» жетпейді. Бұл ретте бізге үлгі болатын бірден бір ел – Швеция. Олар қатты тұрмыстық қалдықтардың бірін қалдырмай өңдеп тастайды екен. 1975 жылы бұл ел қалдықтардың небәрі 38 пайызын ғана өңдеген. Демек, соңғы он жылдықта шведтер қоқыс өңдеу тұрғысынан нағыз төңкеріс жасай алды деуге негіз бар. Қазір ол мемлекет тіпті қоқыс таппай, қыл аяғы қалдықтарды басқа елдерден импорттауға мәжбүр. Себебі, тұрмыстық қоқыстарды жоятын һәм өңдейтін стансалар әрбір аудан, ауылдың жанында орналасыпты. Қайта өңдеу бойынша Швед қауымдастығының бас директоры Вайн Виквисттің айтуынша,Швеция қазір қоқыстардан энергия өндіру деңгейіне жеткен.Оның үстіне, тұрғындар да ақылды. Газет, пластик, металл, шыны, электр құрылғысы, лампа сынды заттарды бөлек-бөлек тастауға үйренген. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше,Былтыр еліміз бойынша 4,8 млн тонна қалдық шығарылған. Оның көп бөлігі Қарағанды, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарына тиесілі. «Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша Орталық Азия елдерінің қай-қайсысының да жағдайы мәз емес. Бұл ретте қоқыстарды игеруі тиіс инфрақұрылымдар мен қаржылық құрылымдар әлсіздік танытып отыр. Бір-бірімен бытыса араласқан тонна-тонна қоқыстар солайымен полигонға төгіледі де, жан-жағына адам төзгісіз улы ауа таратпақ. Бұдан ауа райы өзгереді, климат сұрқай тартады, табиғи ландшафтар қайта қалпына келместей болып «ренжиді» екен.
Рас, шетелде бұл – кәдімгідей бизнес.
2.3 Қоқыстарға «екінші ғұмыр» сыйлап жатқан елдер
«Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі күн өткен сайын артып келеді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қалдық пайда болып, оның 9 пайызы ғана қайта өңделеді екен. Бұл еліміздегі тұрмыстық қатты қалдықтардың қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, экологиялық ахуалға айтарлықтай нұқсан келтіріп жатқанын көрсетеді» деді ол Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында. Айтуынша, бұл бағытта мүлде мүлгіп жатырмыз деуге келмейді. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, пайдаға жаратып жатқан жобалар баршылық. Алайда олардың әлеуеті бүкіл республика қалдықтарының «басын қосуға» жетпейді. Бұл ретте бізге үлгі болатын бірден бір ел – Швеция. Олар қатты тұрмыстық қалдықтардың бірін қалдырмай өңдеп тастайды екен. 1975 жылы бұл ел қалдықтардың небәрі 38 пайызын ғана өңдеген. Демек, соңғы он жылдықта шведтер қоқыс өңдеу тұрғысынан нағыз төңкеріс жасай алды деуге негіз бар. Қазір мемлекет тіпті қоқыс таппай, қалдықтарды басқа елдерден импорттауға мәжбүр.
Себебі, тұрмыстық қоқыстарды жоятын һәм өңдейтін стансалар әрбір аудан, ауылдың жанында орналасыпты. Қайта өңдеу бойынша Швед қауымдастығының бас директоры Вайн Виквисттің айтуынша, бұл ел қазір қоқыстардан энергия өндіру деңгейіне жеткен. Оның үстіне, тұрғындар да ақылды. Газет, пластик, металл, шыны, электр құрылғысы, лампа сынды заттарды бөлек-бөлек тастауға үйренген. Дегенмен біз бірден осы деңгейге секіреміз деуге келмейді. Қызыққанда да абайлап қызығу керек. Бұл орайда сенаторлар жөн сөз айтып отыр. Олар: «Алдымен – мемлекеттік мекемелер елдімекендердің санитарлық жағдайы мен айналасындағы қоқыс үйінділеріне ерекше көңіл аударып, тиімді шаралар қабылдауы керек
Дамыған елдер керексіз болып қалған қағаздардан, әйнек сынықтарынан, бөтелке мен пластиктен де жаңа зат шығарып, қоқыстарға «екінші ғұмыр» сыйлап жатады. Әрі материал үнемдейді, әрі ақша табады. Қажет десеңіз,борсып кеткен тамақтың қалдығынан да биогаз өндіріп алатын пысықайлар бар.
Бізге тым құрығанда:
Францияның қоқыстарды парализ әдісімен жоғары температурада күйдіруін; (атмосфераға зиянды газ тарамайды)
Қоқысты селекциялық тәсілмен жинап, алюминий мен әйнекті қайта өндіріп алуын;
Қытайдың қоқыс жинайтындарға күн сайын ақы төлеп тұру әдісін;
Жапония секілді қағазға бөлек, пластикке бөлек, темір мен жанғыш заттарға әртүрлі контейнер қоюды;
Саудаорталықтарындатегін пакет таратпауды неге үйренбеске?
Бұлсалаға капиталы бай бизнесмендерараласса, мемлекет пен кәсіпкерлертізеқосыпеңбекетсе, полигондардакөміліпжатқанқоқыстардыаршыпалып, жаңа өнімдердайындауғамүмкіндік мол. Олүшінқайта өңдеузауыттары, жоғарытемпературалыпештер, қоқыссұрыптайтынқұрылғы мен жүккөліктерікерек. Жалғыз біз емес, дамушы елдердің қайсы болмасын қоқыс сұрыптау тұрғысынан Еуропа елдеріне ілесе алмауда. Себеп жетіп артылады: сұрыптай қоятын мықты технология жоқ, қажетті ресурс тапшы дегендей. Алайда біз жіберіп отырған ең басты кемшілік – халықтың әлі де болса қоқыстардың экология мен экономикаға үлкен қауіп төндіретінін толық сезінбеуінде секілді.Ал еліміздегі қалдықтарды өңдеумен айналысатын 130-ға жуық мекеме жабылып жүріп жылына бүкіл қалдықтың тек 9 пайызын ғана еңсере алады. Көбіне қағаз қалдықтары, картон, макулатуралар қайта өңдеуге жіберіледі. Мәселен, жаңа үлгідегі канализациялық қақпақтар іске жарамай қалған бөтелке мен құмды араластыра отырып жасалады екен. Түрлі төсемдер, плиткалар, төбедегі шатыр жабындары да – осы тұрмыстық қалдықтан шыққан «туындылар».
III. Зерттеу бөлімі
3.1Қоқыстарды заманауи жолдармен жою
Бүгінгі таңда өркениет жолына бет алған әлем елдері қоқысқа қарсы күрестің түрлі амалдарын қарастырып жатыр. Бірқатар еуропалық елдер полиэтиленді құтыларды шығарудан бас тартса, енді бірі қоқысты түрлі заманауи жолдармен өңдеуге бет бұрды. Алғашқылары жер бетін басып бара жатқан полиэтилен бұйымдардан қол үзіп, біржарамды пакет, шөлмек, стақан және тағы да басқа тұрмысқа қажетті бұйымдарды қағаздан жасауға көшті. Қазіргі заманның халқы - супер тұтынушылардың қоғамы. Біздің бағалауымыз бойынша жылына 20 тонна шикізат жұмсалады, ал көпшілігі - 97 пайызы қалдықтарға кетеді.
Қоқыс - тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған барлық қалдықтар қабылданған орын. Көптеген адамдар қоқысты тазалауды қаламайды (қағазды немесе пластик ыдыстарды), бірақ оны жағажайда, көше алаңдарында тастап кете береді.
Қазіргі қалдықтардың ерекшелігі олардың биохимиялық ыдырауының қиындығы болып табылады. Әртүрлі қоқыс түрлерінің ыдырауы үлкен уақытты талап етеді:
қағаз - 2-2,5 ай;
жеміс қабығы - 6 ай;
картон - 5 жыл;
темекісүзгілері - 10-12 жыл;
полиэтилендіқаптар - 10-12 жыл;
былғарыаяқкиім - 25-40 жыл;
Қалайы бар банка - 100 жыл;
алюминий банка - 200-300 жыл;
500 жылға дейін пластикалық бөтелке;
Шыныыдыс - ешқашан;
Қалдықтардың жиналуы ландшафттың, топырақтың, атмосфераның, жер үсті және жер асты суларының ластануының өзгеруіне әкеледі. Жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып табылатын қаңғыбас жануарлар мен кеміргіштердің таралуына ықпал етеді. Төгінділер көбінесе атмосфералық ауаны ластайды. Органикалық заттар метан, азот оксидтері, сутегі сульфиді және басқа да улы газдарға айналады.
Жағу (жану) - XIX ғасырдың аяғынан бері қолданылатын тұрмыстық қоқыстарды жоюдың қарапайым тәсілі. Оның негізгі артықшылығы, жерлеуге қарағанда, қалдықтардың көлемін 10 есе, массасын 3 есе азайтады. Әрине, бұл өте ыңғайлы. Бірнеше ондаған жыл бұрын қалдықтар көп болмаған кезде, пластикалық қаптама мен полимерлі өнімдер қатты қалдықтардың негізгі бөлігін құрмаған, қоқыстарды жағу қоршаған ортаға және адам денсаулығына осындай қауіп төндірмеген. Өткен ғасырдың 80 жылында қатты жанғыш материалдарды жану кезінде атмосфераға енетін көптеген улы заттар пайда болды.
Дегенмен, қоқыс мәселесіне салғырт қарауға тағы болмайды. Елдегі 20-дан астам полигон қоқысқа лық толған. Оның экологияға кері әсері айтпаса да белгілі. Ал, тұрмыстық қатты қалдықтардың 14%-ы ғана қайта өңделеді. Жасыл экономикаға бет алған Қазақстан 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 40%-ға арттыруды көздейді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сенсек, Қазақстандағы қоқыс полигондарында 125 млн тонна тұрмыстық қалдықтар жиналған. Соған қарамастан қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар толыққанды жұмыс жасамайды. Олардың өндірістік қуаттылығы бар болғаны 40%-ды құрайды. Ал, оған қоқыстардың жетіспеушілігі себеп екен.Яғни, қағаз да, әйнек те, картон да, пластмасса да… бәрі бір ғана қоқыс жәшігіне тасталады. Әйтпесе, ірі қалаларда түріне қарай бірнеше қоқыс жәшіктері қойылған. Дегенмен, оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Мәселен, өркениетті елдерде көшені айтпағанда үйдің ішінде қоқыстың түріне қарай бірнеше жәшік қойылады. Үй иесі қоқысты осылай үйде өзі сұрыптайды. Демек, оларда қоқыс тастау мәдениеті қалыптасқан. Сондықтан біздегідей күрделі мәселе оларда болмайды.
3.2Қоқыс ханшайымының табандылығы бізге өнеге Сурет№1
Жалпы, қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс ханшайымы» (мусорная королева) атанған қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу арқылы тапқан. Не жоғары білімі жоқ, не сүйенетін адамы жоқ, тапқаны тамағынан артылмайтын Чжанды қалталы жандардың қатарына қосқан еңбекқорлығы, табандылығы. Біз ұсақтарды ескере бермейміз. Байысақ, мұнай сатып, жерімізді жалға беріп, ауқатты атануды жөн көреміз. Ал, қоқысты өңдеу. намыс секілді.Тек осы іске бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз. Әрине, қоқыстың барлық түрін өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті техникалық құралдардың да бағасын қалтамыз көтере бермесі белгілі. Ал, егер қоқыстың бір түрін өңдейтін болсаңыз, табысқа жетеріңіз анық. Айталық, қазіргі кезде қоқыстан ең көп табылатын заттардың денін пластик бөтелкелер, құтылар құрайды. Бұдан табыс табудың алғышарттары қандай? Қазақстанда қоқыс өңдеуде бәсекелес орта болмағандықтан еңбектенген жанның қаржысыз қалмайтыны анық. Өйткені, 1 келі болатын пластик құтыларды өңдеуден 0,8 келі екінші сұрыпты зат алынатынын ескерсек, кеткен шығынның қайтарылатынына күмән жоқ. Соған қарамастан, өңдеумен айналысуға ынталылар әлі де жоқ. Ал, қағазды өңдеуден түсетін пайда да ұшан-теңіз. «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Иньнің бизнесінің негізі осы қажетсіз қағаздардан құралады. Ол, тіпті, кәсіпкерліктің алғашқы кезінде қоқыстарды өңдеп те әуре болмаған. Бар атқарғаны – ортадағы делдалдық. Америкадағы иесіз қоқыстарды арзан бағаға сатып алған ол қағаздарды бөлген соң Қытайдағы өңдейтін зауыттарға тасымалдап, кейіннен оларды орама, қорап түрінде қайта жасатып, Америкаға саудалап отырған. Тақыр жерден табыс табу деген осы. Евроодақ елдері қоқысқа қарамағаны үшін айып саларда бір-бірін аямайды. Әсіресе, өңдеудің жаңа технологиясын баяу ендіргенде айыптан арылмайды.Қалдықтарды бөліп сорттау қажеттілігін кішкентай бала да біледі. Балабақшада үйретеді, одан бөлек мусорды жан-тәнімен, бар санасымен сорттайтын ата-анасынан үйренеді. Тіпті, аса сауаттанып кеткен балалар жуынып жатқан ата-аналарының суды ысырап етпеуін секундомермен қадағалайтын да көрінеді.Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, оны жою, өңдеу өте күрделі және өзекті мәселе.
3.3 Полиэтилен пакеттердің табиғат пен адамзатқа тигізетін зияны
Ақпарат көздеріне сенсек, 1911 жылы швейцар химигі алғаш рет дастарханды дақтан қорғайтын жұқа қабат ойлап табу мақсатында сұйықтық өткізбейтін целлофан жасап шығарған. Осылайша тауар өнімі тұңғыш рет Францияда жолға қойылып, 1913 жылы өндіріле бастаған. Ал, 11 жылдан кейін бұл технологияны DuPont компаниясы патенттеп, целлофан өнімдерін шығара бастаған.Ары қарай ол қайда барады, қандай жағдайға ұшырайды бізді ойландырмайды. Полиэтилен шын мәнісінде бір рет өндіріліп, мың жылдап өмір сүретін синтетикалық полимер. Ол не сөрелердетұрады, немеседаладажатыпулызаттарынбөлебереді. Уланғанжерденулыөсімдікөседі, оны жеген мал ағзасындаулықосылыстаркездеседі. Полиэтилен пакеттержыртылуымүмкін, бірақшірімейді.
Себебі табиғатта оны шірітуге, ыдыратуға қауқары жететін зат немесе қосылыс мүлдем жоқ. Полиэтилен пакетті қайта өңдеуге болады. Бірақ небәрі екі-ақ рет. Содан кейін тек полимер трубалар жасауға ғана қолданылуы мүмкін. Полиэтилен пакеттердің адам денсаулығына тигізер зияны зор екені туралы ашық айтыла бермейді. Асылындазиянышашетектен. Неге десеңіз, оныңқұрамындақорғасын бар. Бұлметаллдыңуыттыекеніайтпаса да түсінікті. Қорғасынныңуытыағзадатүрліаурулардытудыруғаәріқоздыруғақауқарлы. Дорбалардыбіріктіруүшінағазағаөтезиянжелімқолданылатынынан да бейхабарболуыңызмүмкін. Олжелім тек сізгеғанаемессізтұтынатыназық-түлікке де зиянынтигізеді. Сонда полиэтилен пакеттіңадамағзасынатигізіпжатқанзиянытуралыбағамдайберіңіз.
«Біз полиэтилен пакеттергетыйымсалуымызкерек. Өйткені, қоршағанортанықорғауғақатысты проблема бар жәнеолбарыншакүрделі. Қайтаөңдеуәліталапқасайемес. Полиэтилен пакеттердің біздің өмірімізге сіңісіп кеткені соншалық, бұрынырақ оның функциясын қағаз орамалар, матадан тігілген дорбалар атқарғанына сену қиын. Қазақстанға целлофан пакеттер алғаш келгенде сөмкенің орнына пакет ұстау сәнге айналыпты. Ол кезде пакеттің бағасы да жоғары болыпты. Дүкендерде тегін таратылатын пакет, ас үйдегі сөреде аузы-мұрнынан шыққан пакет, қонақкәде салынған пакет, кеңседе, көшеде, далада аяққа оралған пакет...
Полиэтилен пакеттерді күнделікті тұрмыста қолданамыз да, қоқысқа тастаймыз. Ол қоқыста шірімей өзінің қасиетін сақтап 10-12 жыл жатады.Жай жатпайды өзінің зияндылығын жерге сіңдіріп жатады. Ал ол жерден малдар шөп жейді. Малдын етін біз жейміз. Айналып келгенде зияндылығы өзмізге қайтіп келетінін ескермейміз. Сурет №2, Сурет№3

