Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Құмырсқаның таңғажайып әлемі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Лозов жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
«Құмырсқаның таңғажайып әлемі»
Секция: биология
Дайындаған: 7 сынып оқушылары:
Дарина Набиева
Ғылыми жетекшісі: Нұрахметова М.И.
Биология пәнінің мұғалімі
2019 ж
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. 1 Құмырсқаның таңғажайып әлемі .
1.2 Құмырсқаның пайдасы.
1. 3 Құмырсқаның түрлері.
2. Құмырсқаның химиялық және емдік қасиеттері
2. 1 Құмырсқаның химиялық қасиеті.
2. 2 Құмырсқаның илеуі және оның емдік қасиеті .
3. Тәжірибелік бөлім .
3.1 Құмырсқаларды бақылау және зерттеу.
3.2 ..Неге құмырсқалар ұшады?
3.3. Құмырсқаларды үй жағдайында қалай бақылауға болады?
4. Құмырсқа пәлсапасы
5. Қорытынды .
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
Аннотация
Құмырсқа – әлемдегі ең көп
тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай
құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер
айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар
зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым –
мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай
тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге
олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі
болды.
«Құмырсқаның таңғажайып
әлемі» атты ғылыми жобасы
күнделікті өмірде жиі көріп, қызықтап жүрген құмырсқа деген
жәндіктің таңғажайып әлемін тануға, оның адам өмірі үшін пайдалы
жақтарын, емдік қасиеттерін ашуға
арналған.
Зерттеудің мақсаты: Құмырсқаның өзіне ғана тән таңғажайып әлемін айқындау, олардың өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттау, олардың іс-әрекеттеріндегі адам санасы жетіп болмас қызықтарды танып-білу. Құмырсқалардың және олардың илеуінің емдік қасиеттерін айқындау, олардың адамзатқа, қоғамда тигізер пайдасын көрсету.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер құмырсқалардың басқа жәндіктерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, жас ұрпақтың бойында жан-жануарларға деген құрмет арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге жарата алар едік.
Зерттеу барысында:
1. Құмырсқалардың сан алуан қыр-сыры ашылды;
2.Олардың қоғам мен адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
3. Құмырсқалардың көптүрлілігі мен олардың әрқайсысының атқаратын қызметтері қызықты суреттелді;
4. Құмырсқа және оның илеуінің емдік қасиеттері айқындалып, олардың қандай ауруларға пайдалы екендігі айтылды:
Жұмыстың орындалу әдістері. Құмырсқа жайлы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
Кіріспе
Ақыл деген – денеге егілулі дән,
Суғарылса, кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы,
Көрген-білген нәрседен ғибрат алған.
Шәкәрім
Құмырсқа – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Кұмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мындай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық - құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10-100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, "жұмысшы" және "жауынгер" құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары - жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі .
Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі. Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар - феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды.
Зерттеудің мақсаты: Құмырсқаның өзіне ғана тән таңғажайып әлемін айқындау, олардың өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттау, олардың іс-әрекеттеріндегі адам санасы жетіп болмас қызықтарды танып-білу. Құмырсқалардың және олардың илеуінің емдік қасиеттерін айқындау, олардың адамзатқа, қоғамда тигізер пайдасы көрсету.
Негізгі бөлім
1. 1 Құмырсқаның таңғажайып әлемі
Бізді ең алғаш рет бастауыш сыныптан бастап құмырсқалар өмірі қызықтырды.. сол кезде біз оларды мектеп, үй ауласында, далада бақылай бастағамыз, ұлғайтқыш әйнекпен көріп, бұл не деген жәндіктер екен деген қызықты ой келді?
Құмырсқалар ең белгілі
қоғамдық жәндіктер болып есептеледі.
Құмырсқа
– жарғаққанаттылар отрядының
бір тұқымдасы. Құмырсқа – әлемдегі ең көп
тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай
құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер
айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар
зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым –
мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай
тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге
олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі
болды.
Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей
1.2 Құмырсқаның
пайдасы.
Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.
Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар – феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетінемдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.[2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.
Медицина мен парфюмерияда пайдасы зор.
1. Құмырсқа түрлері
Он екі мың түрлері бар, белгілі түрлеріне қысқаша тоқтайық.
Қызыл орман құмырсқалары.
Қызыл орман құмырсқалары – орман қорғаушылары болып есептеледі. Олар зиянкес жәндіктерді құртады. (1 сурет)
.
Сурет1 сурет 2
MessorStructor - егіншілер.
Егіншілер өсімдік тұқымдарын қөрек қылады. Топырақта ұя салады бірнеше метрге дейін және жерасты суларының индикаторы болып есептеледі. Егіншілер тұқымнан қор жинайды. (2 сурет)
LasiusNigger – қара бақша құмырсқа
Бәріңе белгілі құмырсқа тұқым мен жәндіктермен қоректенеді.
Фаронов муравей – (домовой муравей)
Фараонов құмырсқа екі миллиметрдей ұзындығы, сары түсті, адам тұратын үйде қоныстанады және зиянкес болып есептеледі.
2. Құмырсқаның химиялық және емдік қасиеттері
2. 1 Құмырсқаның химиялық қасиеті
Құмырсқа қышқылының химиялық активті екені мәлім. Ол құмырсқа денесінде, қалақай өсімдігінің құрамында кездеседі. Құмырсқа қышқылы заттарды синтездеуде тотықсыздандырғыш ретінде, металдарды бояғанда, былғарыны илеуде, залалсыздандыруда қолданылады. Қоғамшыл осынау тіршілік иелерінің қоршаған ортаға тигізіп жатқан пайдасы қаншама. Олар құнарлы топырақтың түзелуіне өзіндік үлес қосады. Кейбір түрлері зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді. Мәселен, Швейцарияның бір кішігірім орманында құмырсқаның «патшалығы» өмір сүреді екен. Мұнда шамамен екі-үш миллиондай құмырсқа тіршілік ететін көрінеді. Олардың жүз шақырымға дейін жолы бар. Ғалымдардың есебі бойынша олар күніне 50 мыңға дейін зиянды жәндіктерді құртады екен. Жарқанаттылар тобына жататын бұл жәндіктің қанатты да, қанатсызы да көп кездеседі. Олар жұмысшы, уақытша қанаты дамымаған жұмыртқа салатын ұрғашы, қанатты еркек болып келеді. Жұмысшы құмырсқаның үлкендігі әртүрлі болатыны мәлім. Олардың ірілерін «солдат» деп те атайды. Тынымсыз жұмыс істейтіндер де осылар. Ұрғашыларының қанаттары түсіп, жаңадан ұя салады болмаса ескі ұя құрамына кіреді. Ал кей құмырсқалар үнемі илеуде болады. Олар ұя салады, оның бұзылған жерлерін жамап-жасқайды. Өз жұмыртқаларын күтіп, қорек жинайды және илеуді жауларынан қорғайды.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының соңынан бастап ағылшындар сыйлыққа құмырсқаның илеуін тартуды дәстүрге айналдырған көрінеді. Мұндай илеуді жасау үшін қураған ағаштың үгіндісін, кепкен жапырақты, май топырақты шыны сауытқа салып, ішіне 200-дей құмырсқа кіргізеді. Төбесін шынымен жауып, ауа мен жем шынының астынан енгізіледі. Бұл кәдімгі сәндік балықтар өсіретін аквариумнан айнымайды. Қазір Англияда үйде құмырсқаның осындай илеуін ұстау сәнге айналғандай.
«Құмырсқа альдегиді» деген өткір иісті, улы газ бар. Мұнан алынатын түзілімдер ауыл шаруашылығында, тұқымды дәрілеуде, былғары илеуде, дәрі-дәрмек, бояу жасауда, пластмассалар, фенол-формальдегид шайырларын өндіруде кең қолданылады. «Құмырсқа альдегиді» дәрі-дәрмегі салқын тигенде, құяңға, буын ауруларына шипа. Түбіне бойласаңыз, улы газдың аты құмырсқамен байланысты болуы тегін емес. Кезінде біздің ата-бабаларымыз қатпа болған түйеге жасына қарай бір-екі құмырсқа жегізіп, ем-дом жасаған. Құмырсқаны көп жегізуге болмайды, өйткені, мал уланып қалатын көрінеді. Сонымен қатар, бала күнімізде «белінен шойырылған жанды жалаңаштап, құмырсқаның илеуіне отырғызады» дегенді жиі еститінбіз. Илеуге отырғызылған жанның қылықтарын айтып, күлген адамды да көп кездестірдік. Оның да өзіндік сыры бар. Құмырсқа шаққан жердің ауыратыны рас, өйткені, олардың сілекейінде құмырсқа қышқылы түзілген. Демек, халық емі ғылыми медицинамен астасып жатқаны ғой.
2. 2 Құмырсқаның илеуі және оның емдік қасиеті
Илеу құмырсқалардың
күмбезделген ұясы. Ірі илеудегі құмырсқалардың саны бірнеше
миллионға жетеді. Илеудің жер астындағы бөлігі болады. Оны жас
құмырсқалар дамып жетілетін жолдар торлап жатады. Құмырсқалар тек
қана топ - топ болып қана емес, аналық, аталық және жұмысшы
құмырсқалардан құралған семьялармен ұзақ жылдар тіршілік етеді.
Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, Солдат құмырсқалар әрбір
кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып тұрады. Илеуге оралған
жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған солдаттың басын
мұртшасымен тықылдатып қаққаннан кейін ғана илеуге ене алады.
Негізгі қорегі насекомдар, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып
табиғатқа көп пайда келтіреді. Кейбіреуі ауыл шаруашылыққа зиянын
келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға
болмайды!
Илеудің түрлері.
Құмырсқа илеуі әртүрлі болады. Жерасты, күмбезтәрізді және ағаштәрізді.
Күмбез тәрізді илеу
Күмбезтәрізді илеудің құрылысы күрделі болып келеді. Илеудің күмбезі биіктігі 2-3 метр болуы мумкін, бүталармен жабылған. Көптеген кіретін , шығатын жолдары көп, құмырсқалар өздері қалаған кезде кіріп , шыға алады. Илеудің құмырсқалар қыстайтын жерінде олардың қор жинайтын орны бар және 50 см немесе 1 метрге дейін тереңдікке кетеді.
.
жерасты құмырсқаның илеуі
Жерасты илеу өте күрделі салынған, тереңдігі 10 метрге дейін болады. Көптеген камерадан тұрады. Әр камераның қызметі бар мысалы; қор жинау, саңырауқұлақ өсіру т.б. Ең терең камерада аналық тұрады, ол жұмыртқалайды, оны басқалары күтеді. Жұмыртқаларын арнайы тәрбиеші –құмырсқа ясли-камераға әкетеді сонда құмырсқалар пайда болады.
Ағаштәрізді илеу
Құмырсқалар илеуін ескі құлаған ағаштың түбінде де салады, осындай илеудің маңында ағаштың қалдықтарын көруге болады. Міне көріп тұрғандай құмырсқа илеуінің неше түрлісі болады екен. Илеуінде құмырсқалар жауларынан және қолайсыз ауа райынан сақтанады.
5.Тәжірибелік бөлім
5.1. Бақылау мен зерттеулер
№1.
Жазда біз құмырсқаларды бақылай бастадық. Біз қара құмырсқалардың илеуін тауып көрдік. LasiusNigger (Қара бақша құмырсқа). Сол күні дала өте ыстық болды, ал құмырсқалардың илеуі күн жаққа қарай орналасқан, біз оларға көлеңке жасадық, құмырсқалар илеуінен шыққандай. Илеудің алдына тамақ қойдық сонын нәтижесінде көргеніміз, құмырсқалар тамаққа тез жиналады екен. Бір минуттан кейін илеуден бір тыңшы құмырсқа шықты ол тамаққа қарай өрмеледі, нанға жеткен соң басқаларына феромон көмегімен хабар берді . он секундтан кейін басқалары шауып келді де тамақты илеуге әкете бастады.
№2.
Келесі бақылау жұмысымыз құмырсқалар қалай тез гүлдердің тұқымдарын тосқауылдан шығарып илеуіне апарады. Ең алдымен тұқымға әскер құмырсқа жорғалап келіп ,аузына қысып илеуіне қарай жөнелді. Біз оған жол бойы кедергі жасауға тырыстық, бірақ көргенде таңғалдық ол құмырсқа бірінші өойылған кедергіек алдыңғы аяқтарымен, содан кейін артқы аяқтарымен мініп шығып кетіп отырды. Міне осылай құмырсқа кедергіні жеңіп алды.
№3. Құмырсқаның шыдамдылығын сынау үшін біз оның жанына қоңызды отырғыздық. Зерттеу барысында құмыррсқаның өжет екеніне көзіміз жетті, ол күзетші құмырсқа екенін білдік. Құмырсқа қарсыласына өзін қорғай алатының көрсетті.
Құмырсқалар қалай қорғанады.
О лар дұшпандарынан құмырсқа қышқылын атқыл