Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Құрт" 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Качественная информация
о педагоге гимназии № 24
1. ФИО: Кезенгараева Райхан Серикбековна
2. ИИН: 821215400445
2. Дата рождения: 15.12.1982. полных лет 36
3. Национальность: казашка
4. Должность: учитель казахского языка и литературы
5. Специальность по диплому : учитель казахского языка и литературы
6. Образование (что, где и когда закончил) ТарГУ им М.Х.Дулати 2003 году
7. Форма обучения (очная/заочная) очная
8. Диплом (с отличием/нет) нет
9. Магистратура (где, когда, специальность) нет
10. Аспирантура (где, когда, специальность) нет
11. Общий стаж работы:15 лет
12. Педагогический стаж: 10 лет
13. Стаж работы в гимназии № 24: 10 лет
14. Являетесь ли Вы выпускником нашей школы? нет
15. Категория, год присвоения: І-ая 2018 г
16. Пройденные курсы повышения квалификации (место прохождения, время - с какого по какое число, номер сертификата, тема) за 3 года:Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша.26 марта 2016 году АО «НЦПК «Өрлеу» №0083209
Орыс тіліндегі оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау. (Жазғы мектеп) в ЦПМ с 19.08.2019 по 23.08.2019
17. Грамоты и награды учителя (город, область, Республика, Министерство) за 3 года
благодарности за подготовку учащихся писать не нужно!!!
____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
18. Домашний адрес: Массив Арай, ул. Дүйсен Баянов 16
19. Домашний телефон:нет
20. Сотовый телефон: 87710355380,87073678853.
21. WhatsApp:87710355380
22. Адрес электронной почты:kezengaraeva.82@mail.ru
Подпись ____________
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе ….....................................................................................3
І тарау
-
Құрт-қазақтың ұлттық тағамы.............................................................5
-
Жасалу технологиясы............................................................................8
-
Құрттың түрлері.....................................................................................10
ІІ тарау
1.1. Құрттың адам денсаулығына пайдасы .................................................10
2. 2. Құртты емдік мақсатта пайдалану тәсілдері........................................12
ІІІ тарау
3. 1. Құрттың тарихи деректерде қолданылуы ..........................................17
3.2. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.....................................................21
ІІІ. Қорытынды ..............................................................................24
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................26
«Құрт-қазақтың ұлттық тағамы» тақырыбындағы ғылыми жобаның аннотациясы
Жобаның авторы: Юлдашев Султан №24 гимназияның 5 «Б» сынып оқушысы.
Ғылыми жетекшісі: Кезенғараева Райхан Серикбековна
Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының ұлттық тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету.
Гипотезасы: Қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын мал шаруашылығының, соның ішінде «Зеңгі баба» деп пір тұтқан сиыр сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлері-нің бірі құрт туралы айтқым келді.
Зерттеу кезеңдері: Бұл жұмыс 2019 жылдың қаңтар
айында басталды. Теория түрінде жүргізіп, зерттедім. Екі айдай
уақыт кітаптардан, газет-журналдардан материал жинақтадым.
Қорытындысында құрт – адам денсаулығына
қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік,
тұрмыстық пайдасы бар.
Зерттеу
әдістемесі: -Ғылыми әдебиеттерді
басшылыққа ала отырып,
сиыр сүтінен жасалған құрт жайында материалдар жинау;
-Құрт түрлерін зерттеп, пайдалы қасиеттері жайлы толық мағлұмат беру;
-Құрттың еліміздің әр аймағындағы жасалу технологиясын анықтап
ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету;
- Ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.
Жаңалығы: Осы еңбегімнің нәтижесі
ретінде болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған
әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай
құрттың әр түрі болса деп ойлаймын. Тіпті дәріхана сөрелеріне де
гематоген, аскорбинкалармен қатар құрттың әр түрін қоюға болады.
Менің зерттеуімнің нәтижесінен туған осы бір жаңалық
өзім сияқты оқушыларды қызықтырады деген ойдамын.
Өзіндік дәрежесі: Зерттеу тақырыбы бойынша
мәліметтер жинау үшін арнайы материалдар аз болғандықтан, деректер
мен дәйектерді толық өз бетімше жинадым. Ғылыми жетекшінің
көмегімен іріктелген материалдарға талдау жасалып, нәтижесі
шығарылды.
Практикалық маңызы: Егер, біз құрттың пайдасын нақты дәлелдеп айта білсек, оқушылар құртты күнделікті өмірде пайдаланып оның тиімділігін түсінетін болады. Құрттың құрамында кездесетін пайдалы дәрумендерді білсек, оны денсаулығымыздың қажеттілігіне қарай пайдалансақ, онда адамдардың денсаулығының жақсаруына ықпал жасаймыз.
Кіріспе
Бұл жобада қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын мал шаруашылығының, соның ішінде «Зеңгі баба» деп пір тұтқан сиыр сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы айтқым келді. «Ағы бардың бағы бар»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтың сүттен жасайтын ұлттық тағамындарының түріне сан жетпейді»- деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық түрлерін айтып беру қиын. Оның ішінде қазақтың ұлттық тағамы құртқа тоқталсақ. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Осындай пайдалы заттардан құралған құртты сан жылдар бойы сақтауға болады. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Құрт – қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын өте көне түрінің бірі. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған. Бізді қазақ құртының және құрттың жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша қолданылатындығы қызықтырды. Қоғамның қарыштап дамып, адамдардың талғамының өзгеруіне сай халықтың ұлттық тағамдарға деген сұранысы да өзгерді. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Дастарханымыздың сәні, денсаулығымыздың көзі болып келген құрт, ірімшік, жент, қаймақ, сүзбелердің орнын шет елдік құнары аз, денсаулыққа пайдасынан зияны басым қытырлақтар мен шытырлақтар жаулап алды. Қазіргі сауатты, жоғары білімді, оқыған – тоқығаны көп деп жүрген халқымыз дәрумендерге бай ұлттық тағамдарымыздың құнын жоғалтып алғандай. Бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Халықтың санасын өткенге қайта оралту. Құрттың қайтадан кең қолданысқа түсуіне ықпал ету. Сол себепті біз құрт туралы деректер жинауға ұмтылдық. Зерттеу жұмысы барысында біз құрттың қайнатылуына қарай үш түрге, қара құрт, ақ құрт және ежігей деп бөлінетінін, жасалуы мен пайдалануына қарай одан да бірнеше түрге бөлінетінінің куәсі болдық. Құрт өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ. Міне, сол себепті құрттың құрамына және оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын одан әрі жүргіздік. Біз зерттеу барысында үлкен апалардан әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадық. Нәтижесінде құрттың пайдасы мен жасау әдістерін анықтадық.
Жоба барысында құрттың халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам екеніне және құртты үнемі қолдануда үлкен мән – мағына бар екеніне көз жеткіздім. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт тағамы жайында толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын, түрлерін насихаттау.
І тарау
1.1. Құрт – қазақтың ұлттық тағамы
Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ұлттық дастарқанымыздың ас мәзіріне ет, сүт, балық, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар көптеп енеді. Ата-бабамыз осынау бай дастарқан мен табиғи құнарлы ұлттық тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес бермеген. Бір тағамның бірнеше жолмен дайындалып, жасалу технологиясының мұқият сақталып, жасалу түріне қарай бірнеше атау берілуінің өзі аналарымыздың тамақтың бабын жақсы білгенін аңғартады.
Халқымыздың күнделікті өмірде де дәмге мән бере сөйлеген. Мәселен «бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем» деп ренжісе көңілі қалған күнде «дастарханымнан дәм татып едің ғой» деп, салмақ сала сөйлесе, ренжіген адамын «дәм тұзым атсын» деп қарғаған.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Ертеде ата – бабаларымыз амандасқанда «мал – жан аман ба?» , – деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен ақ қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ойлауға болады. Малдың күші сүт, жүн, қылы, ет, терісі – халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй – жиһазы, өмірінің, тірішілігінің негізі. Мал өсіру, малшылық – тіршіліктің көзі. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес. Кейінгі кездерде балықшылықпен айналысқандар – кеме жасауды, егіншілікпен айналысқандар техниканы игеріп алға шықты. Ал малшылықпен айналысқандар техника жоқ кезде адам игеруге келмейтін жерлерді игеріп, бүкіл адамзатқа қажет нарселерді ойлап тапты, мысалы: шалбар, етік, ертоқым, жүген; етттен, сүттен жасалған тағамдар; теріден, жүннен жасалатын бұйымдар. Малшылық – адамзаттың байырғы дәуірден бері бірге жасасып келе жатқан кәсібі.
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлттық тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт – химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке
ортақ тағамның бірі – ақ екені белгілі. «Ағы бардың бағы бар» деп
қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық
қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан
құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз,
шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты
ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.Сүт төрт
түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті,
сиыр сүті делінеді.
«Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан
жетпейді» – деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық
түрлері мен аттарын түгел айтып беру қиын. Сүт тағамдарының
осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің
бірі туралы айтқым келеді.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам
ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі
-құрт.
Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Құрт сөзіне Қазақстан тарихының ІІІ-томында мынадай анықтама келтірілген: «Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды. Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды, ол «іркіт» деп аталады.Іркітті әбден қоюланғанға дейін үлкен қазанда қайнатты. Бұл қою іркіт дорбаға құйылып сүзілді.Одан сүзбе алынып,сүзбеден қысқа арнап «құрт», «сықпа», «ежігей» кептірілді».
Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған. Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты, ауырмайтынына көз жеткіздім. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болады екен. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды, шөлдемейді, ал ұшақпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар сияқты. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайды екен.. «Құрт – қыстың қымызы» – дейтіні сондықтан болса керек.
1.2.Жасалу технологиясы
Құрттың өзіне тән жасалу технологиясы, тәсілі бар. Құртты қалай жасайды, оған не қосады, немен жасайды, сүттен қалай алады деген сұрақтар төңірегінде біраз ізденіс жұмыстарын жасадық. Жоғарыда «Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды,ол «іркіт» деп аталады», – деген жолдар бар. Яғни құрт іркіттен жасалады. Алдымен іркіт деген не? Соған тоқталайық.
… Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,
Іркіт иісі келеді мұрынға бір, – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған іркіт дегеніміз не?
Энциклопедия болсын, түрлі ақпарат ағымынан болсын іркіт туралы мәлімет іздегенімізде мынадай деректер алдық.
1.Іркіт – майын алып, құрт қайнату үшін ұйытып сабаға шикі сүттен немесе пісірген сүттен жинаған айран, қатық. Сабаға жиналып толған сүттің пісілуі сауылып отырған сауын малдың азды-көптігіне тікелей байланысты. Малы көп үйлер барлық малдың сүтін араластырмай, сиыр сүтінен ғана немесе қой–ешкі сүтінен ғана жинайды. Саба неғұрлым тез толса, іркіт көп ашымайды, нәтижесінде құрт шағырмақ, ащы болмайды. Іркітті алғашқы піскен сүтті ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Кейде іркітті сусын орнына ішеді.
Іркіт– құрт қайнатусабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады.
Иә, кейбір аймақтарда іркіттің дайындалу тәсілі осыған саяды. Бұл тәсіл әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі екен. Оңтүстіктің кейбір тұрғындарынан сұрағанымызда да дәл осындай жауап алдық. Біз енді солтүстік аймақтың тұрғындарының құрт жасау әдісімен танысқымыз келді. Сөйтіп, солтүстік тұрғындарына өз сауалдарымызды қойғанда мынадай ақпараттар алдық. Ендеше, солтүстік аймақтықтар құрт жасау үшін іркітті қалай дайындайды?
Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады. Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды. Оны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды. Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады. Іркіт ішінде қалады. Бұл әдіс күнде қайталанады. Ағаш бөшке ашыған іркітке толған уақытта іркіт дайын болды дегенді білдіреді.
Іркіттің жасалу әдісін білдік. Іркіттен құрт қалай алынады. Көкейімізді тескен сұраққа жауап іздеп жүріп, соңында мынадай қорытындыға тоқтадық.
Ауылдағы қазақ есік алдына жер ошақ қазады да тай қазанды қойып, құртты осы қазанда қайнатады. Алдымен, құрттың түбі күйіп кетпес үшін қазанның айналасын майлайды. Қазанға Ағаш бөшкеде жиналып пісілген іркіттің бәрін құймай, алдымен бір – екі шелегін ғана құяды. Астын тұтатады. Құрт қайнатуды жер ошақтағы жанып жатқан оттың да үлкен маңызы бар. Отты малдың кепкен жас тезегімен тұтатып, үстіне қыстан шыққан қойдың қалың қиын үстемеле