Ғылыми жоба "Сары, Сүйір батырлар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Сары, Сүйір батырлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы




Кіріспе

Зерттеу тақырыбына арқау болған алыптар шоғырындағы қос батыр Сары мен Сүйір есімін халыққа кеңінен таныту. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, 19-ғасырда өмір сүрген Уақтан тараған Сары мен Сүйір батырлар туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген.

Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы –«Жауынан бір қайтпаған Сары, Сүйір».

Зерттеу жұмысының мақсаты: 1. Қазақ жерінің тұтастығы жолындағы жан алысып, жан беріскен күрестің алғы шебінде болып, қазақ қолының алыбына айналған Сары мен Сүйір батырлар туралы мәлімет беру 2.Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге қол атсалысқан батырларымыздың өшпес ерліктерін уағыздау.

Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі - Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың өшпес ерліктерін жаңғырту.

Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы – Сары мен Сүйір батырлардың қазақ тарихындағы алатын орнының анықталуы.

Зерттеудің барысы үш кезеңнен тұрады. Зерттеу бірінші кезеңінде

Сары мен Сүйір батырлар туралы деректер жинақталып, өмірі зерттелді. Зерттеудің екінші кезеңінде Сары мен Сүйір батырлардың өмір жолы мен ерліктерінің қыр-сыры жүйеленді. Зерттеудің үшінші кезеңінде жиналған деректер негізінде баяндама жазылып, қосымша материалдар даярланды.

Зерттеудің әдістері: жинақтау, топтау, талдау, жүйелеу


Менің бабам, күйдірген қыр аптабы,
Көшіп-қонып, ұрпағы тұрақтады.
Біздің тарих –бұл да бір қалың тарих,
Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы”!


Ақын Қадыр Мырза-Әлі жазып кеткен осы жырдың бір шумағы оқулығы жұтаң болғанымен, қыртысы қалың тарихымыздың терең қабаттарына ой-көзімізді салдырады. «Ақ найзалы заман», «қаһармандық дәуір» деп айдар тағылып жүрген хан Абылай билік құрған тұста қоңсы отырған қазақтар мен жоңғарлардың арасында жан алып, жан беріскен қанды майдан толассыз лаулағаны тарихтан мәлім. Қайғылы да қанқұйлы уақытта екі киіз туырлықты көшпелі жұрттан ұлан-байтақ сахараның сай-саласында жер жастанып, ажал құшқан қайран ерлерден білетінімізден білмейтініміз әлдеқайда көп. Бүгінде қабіріне зиярат етіп, айтып-жазып жүргендеріміз – ойрат, жоңғар, қалмақ шапқыншылықтары кезінде Отан үшін жаумен қасық

қаны қалғанша шайқасып, опат болған баһадүрлеріміздің тамшыдай бөлігі ғана. Демек, бабаларымыз аманаттап кеткен қасиетті атамекен үшін асқан ерлік үлгісін көрсеткен, алайда, есімдері елеусіз, аттары атаусыз қалған кез келген қазақ батыры «ел қорғаны» деген символикалық мәңге ие екеніне ешкім шүбә келтіре қоймас. Елбасы Н.Назарбаев Ұлытау төріндегі атты сұхбатында: «Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр», деген салиқалы пайымдары бәрімізге үлкен ой салса керек. Сол себепті, Қазақ хандығының, мемлекеттілігінің негізін салып, құруға белсене атсалысқан тұлғаларымызды ұлықтау, ұрпаққа үлгі ету, ескерткіш-белгілер қою арқылы қалай ардақтасақ та артықтық етпейді.










 















І тарау. Алыптар шоғырындағы қос батыр.

    1. Уақтан тараған Сары батыр

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары, Баян мен Сағымбай,

Қырмап па еді жауыңды,

Қуантпап па еді қауымды!» –деп Үмбетей жырау толғаса, Тәтіқара жырау былай сипаттайды:

«Бөкейді айт, Сағыр менен дулаттағы,

Дербісәлі Маңдайды айт қыпшақтағы.

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын,

Сары менен Баянды айт уақтағы», дейді.

Ақиық ақын Мағжан Жұмабаев

«Баянның ер ағасы – батыр Сары,

Қос қыран тізе қосып, жауын қуған», – деген.

 

Осылайша, шайырлар ерлік істерін жалпақ жұртқа жария еткенімен, дұшпанына қырандай шүйліккен олардың қаһармандық тұлғасына қатысты өмірдеректер бертінге дейін беймәлім болып келгені жасырын емес. Енді «Сары мен Баян бір-ақ адам. Батыр Баян денелі сары кісі болғандықтан, ел аузында Сары Баян аталып кеткен» деген қате пайымдаулар түзетіліп, 1690 жылы туып, 81 жасында көз жұмғаны, зираты Докучаев ауылынан 4-5 шақырым жердегі егіндік алқаптың ортасына жерленгені, осы обада Сүйір батырдың да сүйегі қойылғаны нақты айғақтармен дәлелденіп отыр. Баян Сары батырдың ағасы екенін Шоқан Уәлиханов «Исторические предания о батырах в ХVІІІ веке» деген еңбегінде растайды.

Сары батыр — қазақ сардары, он екі атасына дейін атынан түспей, сауытын шешпей ел қорғаған адам. Уақ нәсілінің немересі Қарақасқа атты Қамбар болса, оның немересі Ер Көкше, шөбересі – Ер Қосай. Бұл үшеуінің аңызға бергісіз ерліктерін халқы жырға қосқан. Белгілі жыраулар қисса-дастандар арнаған. Соңғы екеуі «Манас» жырында да аталады. Олардан бергі Бетеге, Қылды, Өтеміс батырлар туралы ел аузында әңгімелер көп. Сары мен Баян осылардың ұрпағы.

.Ел басына күн туғанда найзасын намысқа қылышын кекке суарған қазақтың хас батырларының бірі Сары батыр. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Сары батыр уақ жасағының қолбасшысы болған өз заманында есімі Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сияқты батырлармен қатар аталған.

Ертеде оттай өжет сол Уақтың,

Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған.

Сол ері ерте күннің, Ер Көкшенің,

Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған.

Баянның ер ағасы – Батыр Сары,

Қос қыран тізе қосып жауын қуған.

Арқамдай жер жүзінде жау бола ма?

Айбында Алашымдай ел бола ма?

Алашта ертеде өткен екі арыстан,

Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?

Солардың нәсілінен Сары-Баян,

Барыстай ойын салған сар далада, — деп Мағжан ақын «Батыр Баян» поэмасында жырлаған болса, Шоқан Уәлиханов «Историческое предания о батырах ХVІІІ в.» деген еңбегінде былай деп жазады: «Это любимец Абылая (Баян туралы) и первый храбрец того времени. Родом был из рода Уак-Кирея и был в одном из набегов на калмыков братом своим батыром Сары, чего часто называют их вместе Сары-Баян».

Қос батыр жайында Шоқан мен Мағжан кәрі құлақ қариялардың әңгімелерін негізге алып жазса, Тәтіқара, Үмбетейлер – талай жорықтарда бірге болып, батырлығын көздерімен көрген жыраулар. Тәтіқара былай деп жырлайды:

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,

Дербісәлі Мандайды айт Қыпшақтағы.

Өзге батыр қайтса да бір қайтпаған,

Сары менен Уақты айт Уақтағы.

Сары мен Баянның замандасы Үмбетей жырау ағайынды қос батырды Қабанбай, Бөгенбай мен бірге қояды:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары Баян мен Сағымбай,

Қырмап па еді жауынды,

Қуантпап па еді қауымды,

Ұмыттың ба соңы Абылай!

Маңызды жорықтарға аттанарда Абылай ханның Сары мен Баянды іздейтіні, кешіксе тосатыны, Мағжанның поэмасымен қатар, басқа да шығармалар да кездеседі. Мысалы, Абылай хан жинағында «Абылай хан атақты, ардақты, бақытты хан болған күнде Уақ Сары, Баянсыз, Балта Керей Тұрсынбайсыз, Шанышқалы Бердіқожа, Көкжал Барақ, Малайсарысыз жорыққа аттанбайды» деп жазылған. Бұл жөнінде «Батыр Баян» фильімінде де жақсы көрсетіледі.

Сары батырды басқалардан жақсы білетін, әрі ұстазы Қожаберген жырау атақты «Елім-ай» дастанында ол туралы бірнеше жерде атап кетеді:

Қиыншылық ылғи болмас әлі-ақ өтер,

Сарбаздар жауды ұзатпай тентіретер.

Бөгенбай, Ерсары, Асқап, Жабай Көшек,

Қалмақты қойша қырар, зар еңіретер.

Қожаберген шығармаларында Сары батыр Ерсары деп аталады. Жырау Ордабасы (қазақ жасақтарының қолбасшысы, 1680-1712 жж. болған кезінде Сары батырды жастайынан жасағына алған, соғыс ісіне үйреткен. Алғашқы ұрыстардан-ақ көзге түскен бала батырды Ерсары деп атап кеткен.

Сары батырды ХVІІ ғасырдың 90-шы жылдарының басында туған деп жүр. Ол немере інісі Батыр Баяннан екі мүшелдей үлкен болса керек. Батыр Баянның туған жылы – 1714 жыл. Сары батыр Павлодар облысының Жезді  елді-мекенінде дүниеге келген. Бұл кезде уақ руының қонысы сол жер болған.

Он жеті жасында Ерсары Қожаберген батырдың қолына қосылған. Жорықтарда Бөгенбай батырдың серігі болған. Оба өзенінің батысында қалмақтардың 10 мың қолымен соғысып астындағы көк тұйғын тұлпармен және өзінің асқан ерлігімен көзге түскен. Ұраны — «Жаубасар». Жаубасар бабасы қарақытайлармен айқасқан. Ерсары сексенге клелген шақта Еділ бойындағы қалмақтардың қонысы ата жұрты жоңғарға өтпекші болып, қазақ жерін басып, малын алмақшы болады. Абылай ханның бұйрығымен Сары батыр Керей-Уақтың 1000 жасағын басқарып, Еділ-Жайықтың арасында Ұрсайда қалмақтармен соғысады. Қалмақтар айла жасап батырдың жолына ор қаздырып қояды. Абайсызда Көктұйғын тұлпар орға түсіп, аяғын сындырып алады. Құлап түскен Ерсарыға жаулар лап қояды. Сол кезде Ноян батыр әкесін жау қолынан қорғап қалады. Бірақ қатты жараланған батыр көп ұзамай көз жұмады. Ерсары батырдың қайтыс болған жылы мен зираты да белгілі. 1771 жылы 80-нің үстіне шықса да, үйде отыра алмай (Қожаберген жырау да 60 жылдай өмірін ат үстінде өткізіп, жоңғарлардың жеңілісінен кейін 82 жасында садағын немересіне аманаттаған дейді). Еділ бойындағы қалмақтармен соғыста ауыр жараланып, содан айықпаған күйі 81 жасында көз жұмады. Зираты Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылынан 4-5 шақырым жерде. Үй орнындай обаны жергілікті тұрғындар сары оба деп атап кеткен. Басқа белгі жоқ.

1.2.Байрақты Сүйір батыр.

Қазақ халқының көне шежіресі көбіне ауыз екі тарап, құймақұлақ та зерделі шежірешілердің әңгімелері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, бүгінгі күнде баға жетпес асылымызға айналып отыр. Ерте замандардан бертінге дейін жеткен осы шежірелердің ішіндегі ел жадында сақталып қалғандары – ұлы хандар мен билердің, ең айбынды батырлардың өмірдеректерін толыққанды жеткізгендері. Алайда, осындай ұлы тұлғалармен қатар, ел өмірінде айтуға татитын ерліктері бар, бірақ елеусіз қалып, оқтын-оқтын ғана еске алынатындары да жоқ емес.Осындай батырлардың бірі және есімі Уақтың ағайындас Сары және Баян батырларымен қатар атала бастаған Сүйір батыр. Шежіреші қарттардан бүгінгі күнге жетіп отырған азын-аулақ әңгімелердің өзі-ақ Сүйірдің батырлық, ел-жұрт ардақтаған тұлғасын таныта алады. Уақ руының Бидалы атасынан тарайтын “Жаубасар деп жауға шапқан Сүйір батыр 19 ғасырда өмір сүрген. Он екі аталарына дейін батыр болған ол да небір қанды ұрыстарда жолбарыстай жалғыз ойнап, жауларын қойша қырған. Содан да оны халық Сүйір батыр деп атап кеткен. Өте қарулы, қайратты адам болыпты. Түсі ызғарлы, көп сөйлемейтін, қалың қасы қабағын жауып тұратын көрінеді. Оны қанжарының ұшымен көтеріп тастайды екен.Тек қана, ашуланғанда қабағы желп етіп, айбарланған жүзіне кісі көз тоқтата алмайды. Бірде үйде Сүйір отырған кезде сырттан айғай-шу естіледі. Саспайтын батыр хабар жеткенше отыра береді. Тыстан жүгіріп кірген келіндерінің бірі: “Ата, жылқыны барымташылар айдап әкетті”, – дейді.Орнынан атып тұрған Сүйір батыр қолына найзасын және қоржынын ала салып, белдеуде қаңтарулы тұрған атына қонады. Барымташылар кеткен жақты үйір-үйір жылқының тұяғынан көтерілген шаңнан аңғарған батыр жалғыз өзі қуып береді. Сөйтіп, қуғынмен Есілдің жағасына жетіпті.Төрт салт атты барымташы қалың жылқыны Есілден өткізіп, арғы бетке шығарып жүр екен. Батыр қоржынынан сыбызғысын алып, тарта бастағанда әуен құлақтарына шалынған жануарлар әдетте естіп жүрген үнге кері бұрылып, қуалап жүрген барымташылардың айдағанына қарамай, батырға қарай бергі бетке шығады. Оларға әлгі барымташылардың Есілдің арғы бетінде жайылып жүрген өзге жылқылары ілесіп, бергі жағаға өтіпті.Барымташылар әуелі “Осы жалғыздан қорқамыз ба? Барып, соғыс салайық. Тым болмаса, өз жылқымызды айырып алайық”, – деп ақылдасады. Алайда, жалғыз болса да, жардай болып, есік пен төрдей күрең қасқа айғырдың үстінде отырған алып батырға бата алмайды. Оның үстіне, қолындағы найзасынан сескеніп, кері бұрылып кете береді.Бастары салбырап, барымта алмақ түгіл, өз жылқыларынан айрылып қалғандар өз еліне барып, болған жағдайды айтады. “Әй, сендер де жай жүрмей, Сүйір батырға ұрынған екенсіңдер. Аман келгендеріңе тәубе айтыңдар! Біз барып, батырдың алдынан өтейік”, – деп ұйғарады үлкендері.Сол айтқандай, ана елдің үлкендері: “Батыр, басбұзарымызды өзіміз-ақ жазалап келіп отырмыз. Кешірім етіңіз, бір ашуыңызды қиыңыз. Телі мен тентегімізге тыйымды өзіміз салдық”, – деп ат-шапан айыбын тартыпты. Екі жылқы беріп, Сүйірге еріп келген екі үйір жылқысын кері айдап әкетіпті. Оның қару-жарақтары мен жорыққа киетін киімдері кейінгі ұрпақтарынан табылыпты. Он сегіздегі бір жас жігітке кіреукесін, дулығасын кигізіп, қолына қалқанын, найзасы мен қылышын ұстатқанда анау көтере алмай, тізесі бүгіліп кетіпті.Өкінішке қарай, Сүйір бабамыздың туған, дүниеден озған жылдары жайында нақты дерек қалмаған. “Егемен Қазақстанның” облысымыздағы меншікті тілшісі Өмір Есқали өзінің мақаласында Тимирязев ауданының Докучаево ауылының маңында Сары мен Сүйір батырлардың обасы табылып, ескерткіш белгі қойылғанын жазған еді. Егер Сүйір есімі Сарымен және Баянмен қатар аталса, ол ел ішіндегі жер дауы, мал дауы сияқты кішігірім оқиғаларға ғана қатысып қоймай, еліміздің сырт дұшпандарына да соққы берген айтулы батыр, жауына айбын болып, елін қорғаған ерлер қатарынан орын алуға лайықты адам.














ІІ-тарау. Алаштың айбындары Сары, Сүйір.

2.2. Жыраулар жырлаған Сары, Сүйір.

Қос қыранның ерлік жорықтары оларды көзі көрген ақын-жыраулардың жыр-толғауларында, құйма-құлақ қариялардың естеліктерінде, ел шежірелерінде аз кездеспейді.

Сары батыр — қазақ сардары, он екі атасына дейін атынан түспей, сауытын шешпей ел қорғаған адам. Уақ нәсілінің немересі Қарақасқа атты Қамбар болса, оның немересі Ер Көкше, шөбересі – Ер Қосай. Бұл үшеуінің аңызға бергісіз ерліктерін халқы жырға қосқан. Белгілі жыраулар қисса-дастандар арнаған. Соңғы екеуі «Манас» жырында да аталады. Олардан бергі Бетеге, Қылды, Өтеміс батырлар туралы ел аузында әңгімелер көп. Сары мен Баян осылардың ұрпағы.

Ертеде оттай өжет сол Уақтың,

Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған.

Сол ері ерте күннің, Ер Көкшенің,

Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған.

Баянның ер ағасы – Батыр Сары,

Қос қыран тізе қосып жауын қуған.

Арқамдай жер жүзінде жау бола ма?

Айбында Алашымдай ел бола ма?

Алашта ертеде өткен екі арыстан,

Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?

Солардың нәсілінен Сары-Баян,

Барыстай ойын салған сар далада, — деп Мағжан ақын «Батыр Баян» поэмасында жырлаған болса, Шоқан Уәлиханов «Историческое предания о батырах ХVІІІ в.» деген еңбегінде былай деп жазады: «Это любимец Абылая (Баян туралы) и первый храбрец того времени. Родом был из рода Уак-Кирея и был в одном из набегов на калмыков братом своим батыром Сары, чего часто называют их вместе Сары-Баян».

Қос батыр жайында Шоқан мен Мағжан кәрі құлақ қариялардың әңгімелерін негізге алып жазса, Тәтіқара, Үмбетейлер – талай жорықтарда бірге болып, батырлығын көздерімен көрген жыраулар. Тәтіқара былай деп жырлайды:

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,

Дербісәлі Мандайды айт Қыпшақтағы.

Өзге батыр қайтса да бір қайтпаған,

Сары менен Уақты айт Уақтағы.

Сары мен Баянның замандасы Үмбетей жырау ағайынды қос батырды Қабанбай, Бөгенбай мен бірге қояды:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары Баян мен Сағымбай,

Қырмап па еді жауынды,

Қуантпап па еді қауымды,

Ұмыттың ба соңы Абылай!

Маңызды жорықтарға аттанарда Абылай ханның Сары мен Баянды іздейтіні, кешіксе тосатыны, Мағжанның поэмасымен қатар, басқа да шығармалар да кездеседі. Мысалы, Абылай хан жинағында «Абылай хан атақты, ардақты, бақытты хан болған күнде Уақ Сары, Баянсыз, Балта Керей Тұрсынбайсыз, Шанышқалы Бердіқожа, Көкжал Барақ, Малайсарысыз жорыққа аттанбайды» деп жазылған. Бұл жөнінде «Батыр Баян» фильімінде де жақсы көрсетіледі.

Сары батырды басқалардан жақсы білетін, әрі ұстазы Қожаберген жырау атақты «Елім-ай» дастанында ол туралы бірнеше жерде атап кетеді:

Қиыншылық ылғи болмас әлі-ақ өтер,

Сарбаздар жауды ұзатпай тентіретер.

Бөгенбай, Ерсары, Асқап, Жабай Көшек,

Қалмақты қойша қырар, зар еңіретер.

Қожаберген шығармаларында Сары батыр Ерсары деп аталады. Жырау Ордабасы (қазақ жасақтарының қолбасшысы, 1680-1712 жж. болған кезінде Сары батырды жастайынан жасағына алған, соғыс ісіне үйреткен. Алғашқы ұрыстардан-ақ көзге түскен бала батырды Ерсары деп атап кеткен.

Сары батырды ХVІІ ғасырдың 90-шы жылдарының басында туған деп жүр. Ол немере інісі Батыр Баяннан екі мүшелдей үлкен болса керек. Батыр Баянның туған жылы – 1714 жыл. Сары батыр Павлодар облысының Жезді елді-мекенінде дүниеге келген. Бұл кезде уақ руының қонысы сол жер болған.

Он жеті жасында Ерсары Қожаберген батырдың қолына қосылған. Жорықтарда Бөгенбай батырдың серігі болған. Оба өзенінің батысында қалмақтардың 10 мың қолымен соғысып астындағы көк тұйғын тұлпармен және өзінің асқан ерлігімен көзге түскен. Ұраны — «Жаубасар». Жаубасар бабасы қарақытайлармен айқасқан.

Ерсары сексенге клелген шақта Еділ бойындағы қалмақтардың қонысы ата жұрты жоңғарға өтпекші болып, қазақ жерін басып, малын алмақшы болады. Абылай ханның бұйрығымен Сары батыр Керей-Уақтың 1000 жасағын басқарып, Еділ-Жайықтың арасында Ұрсайда қалмақтармен соғысады. Қалмақтар айла жасап батырдың жолына ор қаздырып қояды. Абайсызда Көктұйғын тұлпар орға түсіп, аяғын сындырып алады. Құлап түскен Ерсарыға жаулар лап қояды. Сол кезде Ноян батыр әкесін жау қолынан қорғап қалады. Бірақ қатты жараланған батыр көп ұзамай көз жұмады.

Ерсары батырдың қайтыс болған жылы мен зираты да белгілі. 1771 жылы 80-нің үстіне шықса да, үйде отыра алмай (Қожаберген жырау да 60 жылдай өмірін ат үстінде өткізіп, жоңғарлардың жеңілісінен кейін 82 жасында садағын немересіне аманаттаған дейді). Еділ бойындағы қалмақтармен соғыста ауыр жараланып, содан айықпаған күйі 81 жасында көз жұмады. Зираты біздің шырайлы жеріміз Докучаев ауылынан 4-5 шақырым жерде. Үй орнындай обаны жергілікті тұрғындар сары оба деп атап кеткен. Басқа белгі жоқ.

Қазақтың атақты батыры Сары Шоғаның бір ұлы Бәйімбеттен туған екі баланың бірі Қозымеректен тарайды. Баян батыр Қасаболаттан туады. Ол –Сарының немере інісі.

Сары Өтемісұлы 1690 жылы туып, 1771 жылы өмірден озған. Оның зираты Солтүстік Қазақстан облысының Докучаев селосынан 4-5 шақырымдай жерде. Сары мен Сүйір батырлар жерленген қос оба алыстан көрінеді.Мағжанның «Батыр Баянында» суреттелетін Ноянның шын есімі Қыстаубай –Сарының ұлы.

Сары ержүрек батыр, бір сөзді өжет ұзын бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей зор денелі адам болыпты. Жас кезінде атақты балуан болды деп те көнекөз қариялар айтып отыратын еді. Қару-жарағы да өзіне сай болса керек. Батырлардың бәріне ортақ бір сипаты-олар бір айтпайды, айтса, одан қайтпайды. Сары батырдың жау көргенде екі көзі қанталап, жоңғар әскерінің қалың тобына кіріп кететінін өзі де білмей қалатын әдеті болса керек.

2.2. Сары мен Сүйір батырлардың қазақ-жоңғар, қалмақтарға қарсы күресі.

Сары батыр Еділ бойындағы қалмақтармен болған соғысқа да қатынасқан көрінеді. Осы жорық туралы ел ішінде бір әңгіме бар. Қалмақтармен кескілескен ұрыста Сары батыр жау ортасында жалғыз қалып қояды. Жараланғанына қарамай, оңды-солды шоқпар сілтегенімен көптің аты көп, батырды әлсіретіп тастайды. Сол кезде «Жаубасарлап» бір топ қазақтың сарбаздары лап қойып, қалмақтарды тықсыра бастайды. Көз тоқтатып, жан-жағына қарап тұрған қарт батыр «Жаубасар» деп ұрандатып

Бір топ сарбаздарды бастап келген жігіт өзінің баласы- Қыстаубай екенін көреді. Баласын танып қалған Сары батыр иығынан қаны сорғалап тұрып: «Әй, арамсіңдік, сен әлі тірі ме едің, кет жолымнан», деп бұрылып жүре берегн екен. Бұл Қыстаубай Сары батырдың бәйбішесі Мақпалдан туған кенжесі болатын. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Ноян –осы Қыстаубай. Бұл оқиғаның шындығында тұтқын қыз Құралайды алып қалмаққа қашқан Қыстаубай (поэмадағы Ноян).

Бірақ Баян Қыстаубайды да, Құралайды да өлтірмейді. Жағалбайлы елінде Қыстаубайдың нағашы жұрты болатын. Соған жол сілтеп, батасын беріп қоя береді. Екі жастың киімдерін атып алған аңның қанына былғап, ағасы Сары батырға өлтірдім деп келеді. Кіші жүзеге сіңсіп, қол бастаған батыры болып кеткен. Қыстаубай –Ноян әкесі Сарымен осындай жағдайда кездесіп, қалған екен. Сары батырдың өлім ауызында тұрса да баласының жас кезіндегі ағат ісіне кешірім жасай алмағаны бір рет қайсарлығы ма екен? Қалмақтармен болған осы соғыста ауыр жараланған Сары батыр еліне жеткенмен сауыға алмай 1771 жылы қайтыс болды.

2.3.Құлпытас –қос батырға құрмет.

Сардар қолбасшы Қожаберген жыраудың үзеңгілес інілері, қазақ-қалмақ соғысының ержүрек бағландары Сары мен Сүйір батырларға Тимирязев ауданында ас беріліп, үлкен кесене орнатылуы «өлі риза болмай, тірі байымайдының» жақсы үлгі-өнегесін танытқан игілікті шаралардың бірі болды.

Қос батырға арнап салынған кесененің салтанатты ашылу рәсіміне олардың ұрпақтары, жұртшылық қауым жиналып, алғашқы сөз облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровқа берілді. Ол аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың құттықтау тілегін жеткізді. «Батыр Баян» қорының президенті, қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаев, Қолданбалы математика институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Есмұханбет Смайылов, Павлодар облысының құрметті азаматы Жамбыл Ахметов, белгілі меценат,  республиканың еңбек сіңірген заңгері Бекет Тұрғараев, тағы басқалары исі қазақтың өткен тарихын зерделеуге ұмтылдыратын осындай іс-шаралардың жалғасуына азат елдің арайлы таңы арқасында қол жеткізіп отырғанымызды алға тартты.

 Алаштың айбынына, ел қорғанына айналған Сары мен Сүйір батырлардың құрметіне тұрғызылған кесене 850 шаршы метр аумақты алып, ерекше архитектуралық пішінімен көз тартады. Оның салынуына Мұрат Ахметов, Қайрат Пішенбаев, Қанат, Марат Омаровтар, Арыстан Бекқожинов, Қайыржан Теңдікұлы секілді азаматтар, жеке кәсіпкерлер мен ауыл жұртын жұмылдырып, 16 миллион теңге жұмсапты.

 Қызылжар өңірінде облыстық соттың төрағасы қызметін атқарған кезеңде Қожаберген жырау, Тоқсан би секілді есімдері елге мәшһүр

тұлғалардың зиратына зәулім күмбез тұрғызып, мұраларын жинақ етіп шығарған, қос батырдың қорымына 2009 жылы алғашқы құлпытасты орнатуға мұрындық болған, жақсы идеяларға үнемі жан бітіріп жүретін ұлт жанашыры Бекет Тұрғараұлы. Басқа ағайындар көп шоғырланған Қызылжар өңірінің қадір-қасиетін, шұрайлы келбетін, рухани қазынасын өзгелерге таныту – үлкен сауапты іс. Халық рухы осындай ұлттық жәдігерлеріміздің орнығуымен, асыл азаматтарымыздың есімдерінің құрметтелуімен, отаншылдық қасиеттерді әспеттей білуімен көтеріледі.

\












Қорытынды

Қорыта айтқанда, айтулы батырлардың жерленген жерінің табылуы-үлкен қуаныш. Әрине, аталмыш батырлардыңң қайтыс болған жылдары, жерленген жері деген басқа да пікірлер бар.

Атақты батыр бабаларымызға кесене мен ескерткішті орнату ұлтымыздың болашағына, ұрпақтар сабақтастығына қажет. Желкілдеп өсіп келе жатқан бүгінгінің батырларына бабалардың ерлігін дәріптеу керек. Өйткені, халқымыз ондай ұмытылмас тұлғаларды қандай тауқымет тартса да, естерінен шығарған жоқ. Біз бұрын да еркін жұрттың ұрпағы едік, бүгінде азат елдің азаматтарымыз. Тарихи жадымызды еселеп жаңғыртып, ел болып есімізді жыйдық деген осы...

Сары, Сүйір есімін көпшілікке танымал болуына үлкен еңбек сіңіріп тарихи еңбек жасаған, ағаларымызға алғыс айтамыз.

Жас ұрпақ үшін беймәлім болып қалуға айналған Сары мен Сүйір есімдері аз-кем дерек, әңгімелердің осылайша қағаз бетіне түскені жақсы болды. Бұлай жасамағанда, енді бір ұрпақ жаңарғанда тіпті бұл мәліметтерден айырылып қаларымыз ақиқат. Баршамызды Сары мен Сүйір бабалардың рухы қолдасын.

Ұсыныс

1.Халық арасынан Сары, Сүйір батырлар туралы тың деректерді жинақтап, оны аудандық, облыстық баспасөз беттеріне жарияланса және мектеп бағдарламасына енгізілсе;

2.Жас ұрпақ Сары, Сүйір батырлар туралы көбірек білу үшін және мәңгі есте сақтау үшін іс-шара өткізіліп, қор ашылса;

3.Оба жанындағы Докучаев селосына Сары батырдың есімі берілсе;

4.Облыс орталығынан Сары,Сүйір батырларға арнап ескерткіш қойылса;

Келешек ұрпақ Сары,Сүйір батырлар жөнінде біліп жүрер еді.























Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Ж. Сүлейменов «Жауынан бір қайтпаған Сары, Сүйір» «Асыл кітап» баспасы, 2014ж.

2.«Ортаймаған қазаны, Қасиетті Қазалы» авторы Н.Мусабаев

3.А.Мусабаева «Атамекен» баспасы 1998 жыл

4.«Егемен Қазақстан» газеті 11.26.2009 жыл

5.М.Жұмабаев «Батыр Баян» романы.

6.Н.Мусабаев «Тәуелсіздікті ту еткен тұлғалар» Арал 2008 жы


























Қосымша

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын,

Сары мен Баянды айт Уақтағы

Тәттіқара жырау



Уақтың ұлы Сары мен Сүйір

Толғау

Жүретін ел дегенде жаны қалмай,

Баян қандай, Уақтағы Сары қандай?

Тау тұлғалы Сүйірдей тірегі бар,

Жаужүректер өзгеден табылар қай?

Ұрпақтары бүгінгі сағынардай,

Қас батырлар беріпті Тәңір-Алла-ай!

Қалай ерлік жасамас қазақ ұлы-

Хан иесі барында Абылайдай ?!

Ерліктің ізін салар сан ғасырга ,

Батырлық үзілмейтін жалғасында .

Қайтіп тумас Сары , Сүір , Баяндар бұл ,

Бабасы Қамбар батыр болғасын да.

Ерсары атаныпты Сары батыр ,

Тарихы оның тіпті әрі жатыр .

Қамбар мен Уақтан бергі аталары ,

Ер Көкше мен Ер Қосай болып отыр.

Ер Көкше мен Қосайды кім білмейді ,

Соғыс салса сұралып сүргін дейді .

Жауына есе бермей жеңеді екен.

Қырық күн болса дағы Қарын мейлі .

Болатұгын тектіде , тек асылда ,

Мәрттігіне Ер Көкше нанасың ба ?

Басын тігіп қатерге, қалмақтардан –

Қырғыздың құтқарыпты Манасын да .

Қодайдын әке жолын қуғаны аңық ,

Ол дағы елі үшін туған алып .

Талай бетін қайтарды жоңғарлардың ,

Ат суарып Сарысу , Шуға барып ....

Болгандықан тегінің бәрі батыр ,

Жалгғасатын күрестің жолы жатыр .

Абылайдың қол астында біріккен,

Қазақ туын көтерді Сары батыр.

Мұндай таңдау әркімде жасалмаған ,

Болмағаны шығар – ау осал бабам ?!

Ақтабанда ... ел босып жатқан кезде ,

Кекке толы көзіне жас алмаған .

Қалыспай Бөгенбай мен Қабанңбайдан,

Жоңғарларға салды ғой талай майдан

Шығыстағы Торғауытты желкелеп ,

Еділ қалмағын айырды ьар айдардан.

Тірліктің қызыгына еш кенелмей ,

Уақытын той – думанды кешке бөлмей .

Жорық жолдан қалған қайран бабам ,

Қартайғанша сауытын шешпеген ғой...

Сол сияқты Сүйір де сүргін еді ,

Сескенбеген жауынан дүр жүрегі .

Уақ тарихын сөз етсек бүгіндері ,

Қос батырдың есімі бір жүреді .

Сөз етеміз ерлікті суйінгеннен ,

Жыға алмапты жаулары Сүйірді ерден.

Ақылды да күшіне сай болыпты ,

Жол тауып шығатұғын қиын жерден .

Ірлік бабасына болып арман,

Осындай ерлік толы жолы қалған .

Уақтың апайтөс батырлары – ай ,

Тарихтан ойып тұрып орын алған.

Ежелгі мықты ұлыс қой Уақ деген,

Тірлігінен тауылмас қуат көрем .

Сары жайлы , Сүйір мен Баян жайлы .

Жазылады талай жыр, шуақты өлең


ЖОЛЫНДА ЖАУ ҚАЛМҒАН ЕР САРЫНЫҢ

Бұл зарды қалын елім , көп біледі ,

Қасірет босағаны тепкіледі .

Батыры , бас көтермей , тектілері

Қазақтың қас дұшпанда кетті кегі .

Басынан бақыт ұшып , кері , кейін ,

Өмірдің болды сонда шері бейм .

Тұс – тұстан анталаған өңкей дұшпан

Талды Алаш жұртын бөрідейін.

Қалмақтың өзгелерден іңкәрі ауған ,

Кенеліп мол олжаға бұл талаудан.

Қытай да бір қиырдан сес көрсетіп ,

Құтылу қиын болды мұнша жаудан .

Жан –жағы қалың дұшпан , қалың айбын,

Тыншиды тыныш жатпай жауы қай күн ?

Сөгілді қабырғасы осыны ойлап ,
Қазақтың марғасқасы Абылайдың.

Елінің сынған шақта талай сағы ,

Келеді батырларсыз қалай сәні ?

Қасында Абылайдың Малайсары,

Қос қыран Уақтағы Баян , Сары.

Бөгенбай ,Қабанбай боп төңірегі,

Абылай жауға қаһар төгіп еді.

Астына жасыл тудың жиылғандар

Сес болып қалмққа енді көрінеді.

Сары , Баян батырды ел де аңғарған ,

Тартатын арғы тегін Ер Қамбардан .

Одан соң Ер Көкше мен Ер Қосай бар

Жауының тас қалмалын алған , барган.

Үлкені – тау тұлғалы , кішісі – алып ,

Жауларға ісі танық , түсі қанық .

Қырғыздан Манас батыр жәрдем сұрап,

Шақырған екі ерді кісі салып .

Бұрғанмен кейінгіге көшін мейлі ,

Ақиқат жалғандықты кешірмейді.

Манасқа жәрдем берген екі батыр ,

Тарих мұны жадыдан өшірмейді .

Ошпепті ел жадынан көне сілем ,

Жоғалмас арыстан ер елесінен .

Уақтың қос батыры Сары , Баян

Қалмақтың жай түсірген төбесінен .

Қоймақырақ ,Козаманырақ – толған қалмақ ,

Қазақты көп торыған жолдан қалмақ .

Айбыны Абылайдың қасына ерген

Батырлар тұған жұртқа қорған болмақ .

Қолына бес қаруын алса , мығым,

Жолында жау қалмаған Ер Сарының.

Қалмақ та осал дұшпан емес еді ,

Қантөгіс – бір амалы аңсарының.

Қашанда қорыққанға қос көрінген,

Ел бақытты қаймықпай Сары батыр басын шапқан

Қалмақтай қорқаулардың төске мінген ,

Асытында апайтөсті құласы бар ,

Бір шапса өкпесі өшпей , қыр асырар .

Сарының шоқпарын зіл екенін

Айтпасақ , ақиқатқа күнә шығар ,

Шындықты ертегідей қолдандық,

Алпауыт , Сары батыр болған алып .

Шоқпарын сілтегенде қалмақтарға

Бастары жатады екен жолда қалып .

Тарқатсақ ерлігінің астарын кең ,

Сары батыр серік болған бес қарумен.

Қолдағы балдағы зор болат найза

Сілтесе , қайрылмастан тасқа кірген .

Сарыарқа – Сары батырдың бесігі алтын ,

Рұқсатсыз баса алмайтын төсін әркім .

Обаған , Жолдыөзектің баурайында

Жетілген бала болып , өсіп әртін .

Көзсіз ер кейде майдан дүрмегінде ,

Жауларын шыдатпаған бірме – бірде.

Қасында інілері жүреді екен

Дұшпанға «Жаубасарлап!» кіргенінде.

Аумағы екі кездей құлашының ,

Дұшпанын аямаған бұл асылың !

Ортаға тым тереңдеп кетпесін деп ,

Іңілері басын тартып құласынын .

Басылмай қанмайданда көңіл өрі,

Іңілер көбі- көкжал , көбі – бөрі .

Ортада – Сары батыр жалғыз өзі

Жауына таудай болып көрінеді .

Қартайып қалса – дағы жасы келген ,

Жастарға айбын болған қасына ереген .

Қалмақтың бір мергені садақ тартып ,

Айрылып қала жаздап асыл ерден.

Қалмақ та бірдей ұзын , көлденеңі ,

Сиынған тас құдайды дем береді .

Қас жауын талай қырғын майдандарда

Атынан алып түскен мерген еді.

Қайралған өткір екен жебесі де,

Қадалды ақ сауыттың көбесіне .

Алайда Сары батырдың зіл шоқпары

Сілтенді зор қаһарман төбесіне.

Сұрапыл бұл соққыға кім шыдасын,

Сорлының қаны бастан бұрқырасын.

Қағылған шоқпарына болат шеге

Қалмақтың тесіп өткен дулығасын.

Көрмейді қаймықпайтын ер бөгесін,

Қорқуды құдай оған бермегесін.

Тұрса да қан атқылап өндіршектен

Қалмақтың жұлып апты сол жебесін.

Өмірмен қоштасардай қас-қағымда,

Ел зәру болатындай асқар ұлға...

Қыңқ етпей қайран батыр жатқан екен

Жараға құрым киіз басқанында.

Батырды хан Абылай пана көрген,

Ардақтап, төр ұсынып қалап елден.

Баян да бір сөзіне уәж айтпай,

Сыйлапты туысқанын «Аға!» деумен.

Қалмақпен өтті заман қасарысқан,

Адамның кәрісі өтіп, жасы ауысқан.

Өшпейді жадымыздан қазақ барда

Алашы ардақтаған қос арыстан.

Сарыдай ұмытылмай кесек ері,

Құрметіне көрсетуде көшпелі елі.

Ер Көкше, Ер Қосайдан қалған жұрнақ

Ұрпағы орнатты ғой кесенені.

Болса да, Қантай Керей сүйегіміз,

Арнадық оған жырды киелі біз.

Топырағың торқа болсын, нағашылар,

Зейнолла, Бұйдалы Уақ жиеніміз!


Зейнолла Әкімжанов

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.



Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Үмбетей жырау

Ей , Абылай , Абылай,

Абылай ханым , бұл қалай ?

Бұл қалайдан сескеніп ,

Сөзімді қойма тыңдамай .

Талай істер басыңнан

Өтіп еді –ау жасыңнан,

Қиын , қызық әрбір жай .

Жас күніңде , Абылай ,

Үргенштен мұнда кеп,

Сарыарқаны жерім деп ,

Қалың қазақ елім деп ,

Келмеп пе едің жаяулай ?!

Төле биді тапқанда ,

Күндіз түйе баққанда ,

Жалғызбын деп шошымай ,

Еш малшыға қосылмай ,

Қара жерге отырмай ,

Күпіңді салып астыңа ,

Жең жастанып басыңа ,

Қол- аяғың төрт жақта ,

Жатушы едің сол жақта ,

Жатушы едің сол шақта,

Ұмыттың ба соны , Абылай !

Жиырма жасың толғанда ,

Қалмақпен соғыс болғанда ,

Алғашқы бақты тапқанда ,

Шарыштың басын қаққанда ,

Қанжығаңа бас байлап ,

Жау қашты деп айғалап ,

Абылайлап шапқанша...

Ұмыттың ба соны , Абылай !

Сол ерлікпен хан болдың ,

Әлем асқан жан болдың,

Бараша әлемге даң болдын,

Ұмыттың ба соны, Абылай !

Қалдан ханың әскері

Іздеп сені әрі – бері,

Қапыда ұстап алғанда ,

Алып барып Тәшкенде

Көр зынданға салғанда,

Елің қараң қалғанда,

Тоқсан жақсы үш жүзден

Сені сұрай барғанда,

Өлтірем деп Қалдан хан

Орайына Шарыштың,

Сөзіне қарсы сөз айтып,

Жауаптастың, қарыстың.

Қапияда құтылдың,

Ұмыттыңба соны, Абылай!

Аруағыңа болысқан,

Әділбилікқылысқан,

Қашпаған қандай ұрыстан

Керейде батыр Жәнібек,

Қаз дауысты Қазыбек,

Қу дауысты Құттыбай,

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай-

Абыла, сенің тұсыңда

Сол бесеуі болыпты-ай!

Кейі батыр, кейі би, Тәңірім берген сондай сый,

Ұмыттың ба соны, Абылай!

Аруағына болысқан,

Әділ билік қылыскан,

Қашпаған қандай ұрыстан

Керейде батыр Жәнібек,

Қаз дауысты Қазыбек,

Қу дауысты Құттыбай,

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай –

Абылай, сенің тұсыңда

Сол бесеуі болыпты – ай!

Кейі батыр,кейі би,

Тәңірім берген сондай сый,

Ұмыттң ба соны, Абылай!

Батыры ханға сай болды,

Елің жайпақ бай болды,

Қыс қыстауы тау болды,

Жаз жайлауы көл болды,

Салқын сары бел болды,

Елге лайық ер болды,

Сарыарқа деп таңданып,

Өзге жұрт аңсар жай болды,

Ұмыттың ба соны, Абылай!

Айтқан сөзің ем еді,

Жолыңды теріс демейді,

Қай бақытың кем еді,

Ел қорғаны көп еді,

Қалып па ең батыр таба алмай?

Жауыңның қанын ағызғын,

Аузынан балды тамызған,

Би мен батыр аз болып,

Тасырқап па едің шаба алмай!?

Анау бір жылы аттанған

Әскерді қырғыз қырғанда,

Басынан оба қылғанда ,

Ол хабарды ел біліп,

Көп батырмен сен жүріп,

Көзіңнің жасын көл қылып,

Қысылған әскербасының

Қасына барып тұрғанда,

Ақбоз атты шалғанда,

Мойныңа кісе салғанда,

Баба түкті Шашты Әзиз,

Содан бата алғанда,

Тілеуің қабыл болғанын,

Басыңа Қыдыр қонғанын,

Ұмыттың ба соны, Абылай!

Ұлы сәске болғанда

Жасаған жақсы жол беріп,

Жол бергенде мол беріп,

Ойламаған бақ беріп,

Қырғызды тәңірім қақ бөліп,

Садыр бала бітем деп,

Әтеке соғыс күтем деп,

Бірі көнбей біріне,

Садыр кетті бөлініп,

Соғыстан түңіліп,

Әтеке сынды жырықтың

Қыбрғасы сөгіліп,

Шапқанда батыр төгіліп:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары, Баян мен Сағынбай

Қырмап па еді қауымды,

Ұмыттың ба соны, Абылай!

Дүние кезек, Абылай!

Қаласың әлі – ақ сен былай!

Артыңдағы балаңа

Табылар батыр тағы да – ай!

Сондай ерлер көп тусын

Деп тілей бер, а, Құдай!

Орта жүзде қатын көп,

Туатын кейін батыр көп,

Сол мұқатар жауды деп,

Елестер көзге сағымдай.





29



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.06.2018
1671
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі