жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҒЫЛЫМИ ЖОБА "САЗБАЛШЫҚТЫҢ СИҚЫРЫ"
Жоспары
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлімі
-
Саз балшық туралы аңыз-әңгімелер
-
Саз балшықтың құрамы мен түрлері
-
Саз балшықты қолдану салалары
-
Саздан жасалған жәдігерлер
-
-
Зерттеу бөлімі
-
Қорытынды
-
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мен бала кезімнен мүсіндеуді өте жақсы көремін! Бұл менің хоббим десем де болады. Мен кішкене кезімнен пластилиннен әртүрлі бейнелерді мүсіндедім. Бірақ пластилиннен жасалған заттарды ұзақ уақыт сақтай алмайсың. Бірде ауылға барғанда мен пластилинге ұқсас қоңыр жердің бір бөлігін таптым, одан күшіктің мүсінін жасадым, ертеңіне сол күйі бұзылмай тұрғанын көріп таң қалдым. Әкем маған бұл жер емес, саз екенін түсіндірді. Мен демалыстан қайтқанша күнде саздан әртүрлі бұйымдар жасап жүрдім. Қалаға келгенде әкем үйге саз түсірді, үйде мүсін жасай бастадым. Осылайша мен сиқырлы материал - сазбен таныстым! Сыртқы түрі бойынша саз қарапайым балшыққа ұқсайды, бірақ олардан әртүрлі ыдыстар, тағамдар, ертегі фигураларын жасауға болады. Ал күйдірілгеннен кейін саздан жасалған бұйымдар тіпті берік бола түседі. Оларды енді ұзақ уақыт сақтауға болады. Менің қызығушылығымды білген ұстазым қаламыздағы «Дала граф» атты саздан құмыра жасау орталығына апарды. Мен өз жобамда керамика өнерінің негізі саз туралы айтқым келеді. Саз-пайдалы қазба. Саз топырақ қабатының астындағы қабаттарда жатыр. Біз оны табиғатта өзендердің жағасынан, жыралардан таба аламыз. Бұрын сазды қолмен, ал қазір экскаваторлардың көмегімен өндіретін болды. Балшық — көбінесе сазды минералдардан тұратын және кышқылға төзімді материалдар, қыш, т.б өндіруде қолданылатын шөгінді тау жыныстары.
Негізгі бөлімі
2.1 Саз балшық туралы аңыз әңгімелер
Балшықтың тарихы өте қызық. Ол дүние жаратылысы туралы аңыздан басталатын шығар. Бірінші аңыз адамның пайда болуына қатысты, өйткені бірінші адам – Адам атаны Жаратушы балшықтан жасап, сосын барып оған жан кіргізді ғой. Жұмсақ материал болғандықтан, балшық тіршіліктің барлық салаларында қолданылды. Тіпті бес мың жыл бұрын хат жазу ойлап табылған кезде бірінші «қағаздың» өзі жұқа балшық тақтайшалар болған, оған ұшы үшкір таяқшалармен жазған. Одан кейін сол тақтайшаларды күнге кептіріп сақтайтын болған. Ежелгі дәуірде қолөнершілер балшықтан кеселер, құмыралар, пеш түбектерін жасап, сыртын түрлі-түсті балшықпен әшекейлеген. Бұл бояу қыш (керамика) бояуы деп аталған. Бірақ балшық бояу бұдан ертеде, алғашқы дәуір тайпаларында жасалған болатын. Олар дұшпандарын қорқыту үшін және кейбір ғұрыптарды атқару үшін денелерін түрлі-түсті балшықтармен бояп алатын болған. Осы күнге дейін балшық бояулардың негізі ретінде пайдаланылады және әзірге оны алмастыратын материал табылған жоқ.
Балшық емдік құрал ретінде де таптырмайтын материал болды. Сары балшықты уксуспен араластырып, бұлшық ет созылғанда ем үшін таңғыш ретінде пайдаланған. Бел және буындар ауырғанда ыстық суға керосин құйып, оны балшықпен араластырып, ауырған жерге таңып тастайтын болған. Жан-жануарлардың қасында көп жүретін адамдарда болатын теміреткіні біздің ата-бабаларымыз баланың жылы нәжісімен араластырылған балшықты жағып емдеген.
Балшық дұғалау, тіл-көзден емдеу, безгек ауруларын емдеуде де пайдаланылды. Саз балшықтан жасалған ыдыстарда дәрі-дәрмек жасап, өсімдік шикізаттарын сақтайтын болған, ал кішкене түбектерді қарапайым медициналық банкалар ретінде суық тигенде қолданған. Бірінші жылытқы (грелка) да балшықтан жасалған. Ол мойны тар құмыра болған, оған ыстық су құйған. Содан кейін аузын тығыздап жауып, жылытқыны ауырған жерге қойған.
Көптеген аталар мен әжелер әлі күнге дейін пеште қыздырылған қызыл кірпішпен бел құяңын емдейтінін естеріне алып отырады. Сондай кірпіштің үстіне жуаның қабығын салып, суық тигенде ингаляция жасау үшін пайдаланылған. Кірпіш бөлмені зарарсыздандыруға да көмектескен. Ол үшін жуаның қабығының орнына жусан мен аршаның бұтақтарын пайдаланған. Емшілер қандай кірпішті қолдануды, қандай дұға оқуды жақсы білген. Пеш балшығы бәрінен жоғары бағаланған. Солтүстікте балшықты өздерінше пайдаланған. Чукчалар мен коряктар ақ балшықты тамаққа пайдаланған және оны жер май деп атаған. Бұл «майды» сорпаға қосып, «кәмпит» жасау үшін де қолданған. Сүт құйылған ыдысқа бір қасық балшықты салып қойса, сүт тіпті ыстық күнде де бірнеше күн ашымай тұратын болған.
Ал мысырлықтар балшықты мәйітті бальзамдау үшін пайдаланған. Олар сол кездің өзінде-ақ балшықтың күшті антибактериалық қасиеті бар екенін білген, өйткені балшықтың құрамында радий болады, ол біздің ағзамыздан барлық зиянды заттарды шығарады. Орта ғасырларда балшықтың кішкене кесегін сусындарға тастап, оларды стерилдеу үшін қолданған. Індет ауру кезінде балшық бактерия жойғыш құрал ретінде жүрген. Түрмелерде, әскери бөлімдерде және басқа қоғамдық мекемелерде балшық ұнтағы үнемі болған, оны қандай да бір жұқпалы аурудың пайда болуы туралы ақпарат алғаннан кейін бірден қабылдай бастаған. Ал кемелерде балшықты ағзадағы жетіспейтін заттардың орынын толтыратын витамин ретінде қабылдаған.
2.2 Саз балшықтың құрамы мен түрлері
Біздің ғаламшарымызда балшықтар көптеп кездеседі. Олар өздерінің құрамы, қасиеттері және түсі жағынан бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Әдетте балшықтың түсі оның химиялық құрамына байланысты болады. Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұржәне қоңыр. Қара түстісі өте сирек кездеседі. Олардың түстері әр түрлі болу себебі химиялық құрамы әртүрлі болады. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі. Ақ балшықты коалин деп атайды. Оның құрамында цинк және магний көп.
Жасыл балшықта – мыс, темір және кейбір микроэлементтер басым болады. Сары балшық – темір мен калийге, қызыл балшық темірдің қоспаларына бай. Әсіресе, темір маңызды болып табылады. Өйткені ол қанның құрамында болады. Ол жетіспеген жағдайда қан аздық, соның салдарынан әлсіздік, жігерсіздік, ұстамсыздық пайда болады. Оның қорын толықтыруға жасыл балшық көмектеседі. Оны тек су ерітіндісі ретінде ғана емес, бірінші және екінші тамаққа сеуіп пайдалануға болады. Осылайша сіз және сіздің жақындарыңыз оның ағзаңызға қалай түскенін де, қалай емдік әсерін беріп жатқанын да байқамай қаласыз.
Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк балшықтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық балшықтардан артық бағаланады. Патшалық заманда көк балшықты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған. Дәрігерлер мен емшілер бұл балшықпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін жоғары табиғи құрал деп атайды.
Балшықтың қай-қайсысы да өзінше жақсы. Мысалы, ақ балшық ағзадан қалдықтарды жақсы шығарады, жақсы сорып, антисептикалық әсер береді. Көк түсті балшықтар қабынуға қарсы жақсы құрал. Ол ткандердері зат алмасу процестерін жақсартып, қан айналысының белсенділігін арттырады. Сары балшық та қабынуға қарсы және ауруды басатын жақсы құрал болып табылады. Ол ағзадан уытты заттарды шығарып, теріні оттегімен қоректендіреді. Қызыл балшық – анемия, қаназдық және қан тамыры жүйесінің басқа ауруларында таптырмас құрал. Ол терінің қан айналысын жақсартып, иммунитетті нығайтады. Ал сұр балшық – теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады. Бірақ бәрінен пайдалысы жасыл балшық болып табылады. Ол өте сирек кездеседі, бірақ балшықтың басқа түрлеріне қарағанда, әлдеқайда күшті болып саналады. Бұл балшық жүрек жұмысын тұрақтандырып, ағзаның сыртқы әсерлерге қарсылығын күшейтеді. Жасыл балшық ежелден бар ауруды емдеуші болып есептеледі. Бұл қазіргі кезге дейін расталып келеді. Балшық қоюлығына қарай да әртүрлі, ол майлы (темірлі) және жұтаң (құмы көп) болуы мүмкін. Құрамындағы құмның мөлшері 5% балшық майлы, ал 30% құм бар балшық жұтаң болып саналады. Орташа майлы балшықтың құрамында 15% құм болады.
2.3 Саз балшықты қолдану салалары
-
Медицина мен косметикалық өнімдерде
-
Керамикалық өнімдер жасауға
-
Құрылыс материалын жасауда
Балшықтың біздің ағзамызға қажетті, жақсы сіңірілетін микроэлементтерден, минералдық тұздардан тұратыны дәлелденген. Бұл кремнезем, фосфат, темір, азот, кальций, магний және тағы басқалары. Балшықты ақылмен пайдаланатын болса, ол зиян келтірмейді.
Балшықтың медицинадағы емдік қасиеті – оның сорғыш қабілеті. Ағзаны уыттардан, қалдықтардан және ауыр металдардан тазартуда балшықтың осы қасиеті көмектеседі. Одан басқа балшық көптеген бактерияларды өлтіреді, иістер мен газдарды өзіне сіңіріп алады.
Балшықтың антибактериалдық қасиеттері оның құрамында радийдің болуынан. Бұл радиоактивті элементтің үлкен күшіне ие. Егер ұсақталған балшықты күнде ұстаса, оның құрамындағы радий көбейеді. Біздің ағзамыз үшін радий таза күйінде өте аз мөлшерде керек. Біз оны балшықпен емделу кезінде ала аламыз. Бұндай сәулелену алдында ешқандай микроб, вирус микроағза қарсы тұра алмайды. Осы радиокативтілік балшықты табиғи стерилдеуші етеді және ол химиялық антисептикке қарағанда микробтарды ғана емес, оның уыттарын да өлтіріп, жаңа микроб ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Балшық клеткаларды жаңартып, ағзаның иммунитетін нығайтады. Балшықтың магниттік қасиеті де бар. Ол өзіне ауа мен судың күндік және жандандыратын магниттілігін шоғырландырады. Сондықтан оның магниттік әсері басқа элементтердің әсерінен асып түседі. Емдік құрал ретінде балшықтың өзін, оның ерітіндісін, ұнтағын да пайдалануға болады.
Емге жарайтын балшықты барлық жерлерден: жарылып кеткен жерлерден, бақтардан табуға болады. Кейбір аймақтарда балшық тіпті аяқ
астында жатады, жаңбырдан кейін олар адам жүре алмайтын батпаққа айналады. Бұл балшық өте лас, қоспалары көп, бірақ астын үңгіп қазсаңыз, таза біркелкі қабаттарға да жетесіз. Емдік балшықты дайындаудың өзіндік ережелері бар. Ертеден халық емшілері өзен-көлдердің қасынан балшық алатын болған.
Балшықты өзбетінше алғаннан кейін, әрине, оны одан әрі пайдалануға дайындау керек. Алдымен балшықты күн көзіне кептіріп алып, сосын ұнтау керек. Сосын оны електен өткізіп, түрлі қоспалардан, тастардан тазарту керек. Балшықтың дайындығы былайша тексеріледі: балшықтың азғантай мөлшерін сумен араластырып, одан шығыршық илейді де оны терезенің алдына кебуге қалдырады. Кепкеннен кейін ол жарылмауы керек. Егер жарықтар болса, ондай балшықты ем үшін қолданбаған дұрыс.
Бүгінде балшықтың түрлі сұрыбы косметикалық мақсатта кеңінен қолданылады. Ақ балшықты бетке жағатын опа-далап пен маскалардың, басқа да косметикалық өнімдердің құрамына қосады. Емдің балшықтың әртүрлі түрлерінің емдік әсері олардың физикалық-химиялық қасиеттерімен түсіндіріледі. Балшық улы заттарды сіңіретін жақсы сіңіргіш. Оған тән төменгі жылу өткізгіштік қасиет мысалы, кенеп маталар секілді жиі ауыстыруды талап ететін салқындатқыш компресстерде пайдаланылады. Сонымен қатар, балшық қабыну ошақтарына оң әсер етуі мүмкін. Бірақ барлық сазды емдік мақсатта қолдануға болмайды. Әрбір ауру үшін оның арнайы бір сұрыбын пайдаланады. Оның үстіне сазды медициналық рәсімдерге дұрыс дайындау қажет.
2.4 Керамикалық бұйымдар жасауда
Қазір саздан жасалған бұйымдар арнайы пештерде, өте жоғары температурада күйдіріледі. Балшықтан жасалған күйдірілген бұйым керамика деп аталады. Саздан жасалған құмыралар, мүсіндер, ыдыс-аяқтарды жәрмеңке, саябақтарда және т.б жерлерде жиі кездестіреміз. Алайда көпшілігіміз оларға аса қатты мән бере бермейтініміз рас. Саз балшықта табиғаттың қандай құпиясы жатыр? Саз балшықтан жасалған көздің жауын алатын әсем заттар көптеп кездеседі. Саз балшықтан қазіргі заманда тұтынып жүрген әр түрлі көлемдегі құмыралар, ыдыс-аяқтар сынды өзге де заттарды жасауға болады. Көптеген Азия мемлекеттерінің мейрамханаларында пайдаланылып жүрген құмыралар, шәйнектер, кеселер, астаулар, табақтар, тарелкелер сынды ас үй заттарының көбісі керамикадан, саз балшықтан жасалған. Орталық Қазақстандағы Алаша хан, Жошы хан, Тараз маңындағы Айша бибі, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің мазарлары керамикалық материалдармен безендірілген.
Қолдан неше түрлі заттарды дайындауға 1 сағаттан 1 аптаға дейін уақыт кетеді екен. Мұның бәрі жұмыстың қиындығына байланысты болып келеді. Бұған шыдамдылық пен жұмысқа деген ыждаһаттылық қажет.
Қыштан жасалған ыдыстарды пайдалану адам денсаулығына өте пайдалы. Тараз, Алматы, Талдықорған, Қызылорда жақтың саздары илеуге тез көнеді және 70-80% таза табиғатта кездеседі.
Құрылыс материалын жасауда
Бүгінгі күні үй тұрғызу үшін де әртүрлі құрылыс материалдарын пайдаланады. Соның ішінде таза саздан да үй тұрғызатын материалдар жасауға болады екен. Көрші ағаның саз балшықтан кірпіш жасалғанын көрдім. Бірақ мен осындай жұмсақ саздан кірпіш қалай жасалатынын білгім келді. Осылайша мен қалай жасалатынын да біліп алдым. Алдымен сазды електен өткізіп, су құйып бір күн жібітіп қояды. Ертеңіне әбден илеп, қалыбына салады. Қалыптан түсіріп 5-6 күн күн көзіне жайып кептіреді екен. Ол жұмбаз кірпіштен үй, қора жасауға болады екен.
Саздан жасалған жәдігерлер
Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар адамзат қоғамының әр дәуірінен мол ақпарат береді. Сол арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық, отбасылық, этно-мәдени қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтерге қол жеткізе аламыз. Жәдігерлердің осыншама уақыт бүлінбей сақталғанының өзі таңғаларлық құбылыс.
Қыш (керамика) адамзат тұрмысында алғашқы қолданыста болған материалдар қатарында. Балшықтан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі мезолит, неолит дәуірлерінде пайда болып, содан бері тоқтаусыз даму үстінде. Ерте кезде пайдаланған тарихи жәдігер қыш құмыралар еліміздің мұражайларында сақтаулы. Құмырада құпия көп. Бұл жәдігерлер сырттай қарағанда қарапайым зат болып көрінеді. Саз балшықты жады мықты, тілін тапса сөйлей жөнелетін тірі ағза десе болады. Ол ғылыми тұрғыда дәлелденген. «Құмыралар сөйлейді» дегенге кім сенген? Әйтсе де олардың әрбірінің өз дәуірі, сол замандағы адамдардың тіршілігі жөнінде сыр шертері анық.
Саз балшықтың қасиеті мұнымен ғана шектелмейді. Ол отқа да өте төзімді. Мәселен, қас-қағымда сан мың шақырым қашықтыққа заулайтын
зымырандар моторының саз балшықтан жасалған керамикадан құйылатынын біреу білсе, біреу білмес. Себебі, мыңдаған градус ыстық шығаратын ғарыш кемесінің моторында жанған отқа ешқандай темір заты төтеп бере алмай балқып кетеді. Ал керамика, керісінше, оттың қызуы күшейген сайын қатая түседі. Қазіргі компьютерлер мен флешкалардың еске сақтау "мишығы" - жадысы да осы саз балшықтан істеледі. Сәт сайын мыңдаған ақпаратты жинақтап, қайта таратуға саздан жасалған мишықтар ғана қабілетті екен.
Балаға балшық илету арқылы көптеген психо-физиологиялық аурулардың алдын алуға болады. Бұл қазақы тәсілмен де астасып жатыр. Сондай-ақ, сазбалшық күшті антибактериялық қасиетке ие. Оның құрамындағы радий элементі ағзамыздағы зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі.
Тәжірибе кезеңі
№1.Мақсаты: Құрғақ саз бен ылғал саздың қасиеттеріндегі айырмашылықты анықтау
Керек құралдар: құрғақ саз, су
Суға бір кусок сазды салып өзгерісті байқау
Қорытынды: Құрғақ саз сынғыш, түсі ақшыл, ал ылғал саз қоңырлау, әрі иілгіш одан әртүрлі заттар жасауға болады.
№2. Мақсаты: Саз суды өткізе ме?
Керек құралдар: ылғал саз, суы бар құты
Саздан жасалған ыдысқа суды құю
Қорытынды: Саздан жасалған болса да, суды ұстап тұра алады.
№3. Мақсаты: Құм мен сазды салыстыру.
Құмға су құйып араластыру. Балшыққа су құйып араластыру.
Қорытынды: саз жақсы сумен араласып иілгіш болады, ал құм түйірлері бір-біріне жабыспайды. Барлығынан шығатын қорытынды: құрғақ саз суды жақсы сіңіреді.Ылғалданған соң, иілгіш қасиетке ие болады, соны пайдаланып, әртүрлі заттар жасауға болады. Саздың қасиеттері: икемділік, суға төзімділік, отқа төзімділік, пішінді сақтау қабілеті, күйдіруден кейінгі беріктік.
Жұмыс кезеңдері: балшықтан мүсіндеу; Жобамның мақсаты орындалды, гипотезаасталды. Мен өз қолыммен саздан бұйымдар жасай алдым. Көрнекіліктерді таныстыру: Менің шебердің көмегімен жасаған құмырам және саздан жасалған бұйымдар.
Өз қолыммен саздан жасаған мүсіндерім.
Қорытынды
Сазбалшық адамның бойында туған жер мен Отанға деген сүйіспеншілікті дамытып, отандық өнімдерді өндіруге деген қызығушылығын арттырады. Туған жердің топырағын илей отырып, өз қиялына ерік беру арқылы балалардың бойындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бос уақытында түрлі бұйымдарды дайындау олардың мінезіне де оңтайлы әсер етеді. Сазбалшық – бала мінезінің қалыптасу жолында оның ойлау жүйесі мен таным көкжиегін қалыптастыратын, өміріне қауіпсіз әрі денсаулығына зиян тигізбейтін құрал. Сонымен қатар, адам физиологиясының кальцийді топырақтан алатынын ескерсек, сазбалшықтың құрамында 60 пайызға дейін кальций элементтері бар. Ендеше, бала алақаны арқылы организмге қажетті қаншама пайдалы дәрумендер алады. Бала сазбалшықты илеу арқылы сүйек қатайтатын кальцийді алады, еңбек етуге үйренеді, шеберлігін шыңдайды. Балаға балшықты илету арқылы көптеген психо-неврологиялық аурулардың алдын алуға да болады. Мысалы, алақанда орналасқан нүктелер арқылы көз, құлақ, мұрын сынды сезу, көру, есту мүшелерінің қабілетін жақсартуға, психологиялық ойлау мен дамуды қалыптастыруға, физиологиялық тұрғыдан қажетті дәрумендермен қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Сондай-ақ, алақанның сезу мүшелері де дамитын болады. Қазірде аталған ермек түрімен айналысатын балалар аз емес. Олар үйірмеге қатысып, қыш ыдыстар жасауды үйренуде. Бұл өнер жер бетіндегі барша адамға ортақ өнер.
Жұмысымды қорытындылай келе:
Ұсыныс
Мектепте саздан бұйымдар жасау үйірмесі ашылса;
Үйірме мүшелерінің жасаған бұйымдарының көрмесі өткізіліп тұрса;
Теледидардан, баспа беттерінен саз балшықпен жұмыс жасаудың пайдасы туралы жарнамалар берілсе;
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ол кім, бұл не? / энциклопедия/. 1999 ж.
2.ЛикумА. Всё обо всём/ Популярная энциклопедия для детей. Москва 1994г.
3.NATIONAL GEOGRAPHIC/ Юный путешественник июль 2010г
4.Большая книга необходимых знаний дошкольника –М.: «ОЛМА Медиагрупп», 2014г.;
5.Большая энциклопедия – М.: «РОССА».
6. «Тайны природы» -М.: «АСТРЕЛЬ АСТ», 2002г.
7. «Я познаю мир» -М.: «Издательский Дом «НИКС», 2003г.
8. И. П. Лотышев «Путешествие по родному краю»;
9.Интернет сайт http://glina.teploruk.ru/article/osnovy_lepki_iz_gliny.html
10.Русская народная глиняная игрушка. А.И. Поверин - М. Издательство Академии акварели и изящных искусства. 2017
Аннотация
Айналамызда көптеген заттар бар. Табиғаттағы саз -таза табиғи материал. Саз-пайдалы қазба. Саз топырақ қабатының астындағы қабаттарда жатыр. Сіз оны табиғатта өзендердің жағасынан, жыралардан таба аласыздар. Қарлығаштар ұяларын саз кесектерінен салады. Бұрын сазды қолмен, ал қазір экскаваторлардың көмегімен өндіреді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: саздың түрлері мен қасиеттері, оны қазіргі кезде қолдануы туралы білу және үйрету. Өз қолымен мүсіндер жасау.
Зерттеудің өзектілігі: Экологиялық таза табиғи материалды балалар арасында насихаттап, қолданысқа кеңінен тарату.
Гипотеза: Сыныптастарым саз балшықпен жұмыс жасаудың пайдасын түсініп, өз қолымен өзіне ұнайтын ойыншықты, құмыраны басқа да бұйымдарды жасап алады.
Зерттеу міндеттері:
1. Табиғаттағы және адам өміріндегі саздың маңыздылығын анықтау;
2. Достарыма саз туралы қызықты фактілерді айту;
3. Тәжірибе жасау арқылы балшықтың қасиеттерін зерттеу.
4. Сыныптастарыма саз балшықтың сиқыры туралы жеткізу, телефонмен босқа уақыт өткізбей, экологиялық таза денсаулығына зияны жоқ іспен айналысуға, яғни саздан бұйым жасауға қызығушылығын ояту.
Зерттеу нысаны: саз балшықтың түрлері
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді талдау, саз балшықпен тәжірибе жасау, қоршаған ортаны бақылау, басқа заттармен салыстыру.
Аннотация
Вокруг нас много вещей. Глина в природе-чистый природный материал. Глина-полезное ископаемое. Глина лежит слоями под слоем почвы. Вы можете найти его в природе на берегах рек, в оврагах. Ласточки строят свои гнезда из кусков глины. Раньше глину добывали вручную, а теперь с помощью экскаваторов.
Цель исследовательской работы: знать и учить о видах и свойствах глины, ее использовании в настоящее время. Изготовление скульптур своими руками. Актуальность исследования: популяризация и популяризация среди детей экологически чистого природного материала.
Гипотеза: мои одноклассники, понимая преимущества работы с глиной, могут своими руками изготовить понравившуюся игрушку, банку и другие изделия.
Задачи исследования:
1. определение значимости глины в природе и жизни человека;
2. рассказываю друзьям интересные факты о глине;
3.изучение свойств глины с помощью экспериментов
4.донести до одноклассников о магии глины, не тратя зря время на телефон, пробудить интерес к занятиям, не наносящим вреда экологически чистому здоровью, то есть изготовлению изделий из глины.
Объект исследования: виды глины
Методы исследования: анализ научной литературы, эксперименты с глиной, наблюдение за окружающей средой, сравнение с другими веществами.

