Хайруш Ратмир
4-сынып оқушысы
Мұғалімі:Гумарова Лаззат Елемесовна
бастауыш сынып мұғалімі
«Су - тіршілік көзі»
(ғылыми жоба)
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Мерген орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырыбы:
«Су - тіршілік көзі»
Қазақстан ұлы держава болуы үшін ақылды да
ойлы, дарынды жастар керек.
(Н. Ә. Назарбаев)
Бүгін білім саласының алдында шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Өйткені қазіргі кезең қоғамның жедел дамуымен байланысты болса, ал
болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп
оқушылары. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың
шығармашылығын дамыту, бастауыш сатыдан бастап ғылыми -
зерттеушілікпен айналысуға баулу – мұғалімнің педагогикалық
шеберлігіне байланысты.
Мұғалім алдында бүгінгі болашақ ұрпақ тәрбиелеуде тұрған
міндеттер:
Білім мазмұны және оны оқытудың әдіс - тәсілдерін түрлендіру арқылы
білім сапасын арттыру.
Бастауыш сатыдан кішкентай ғалымдарды даярлауда зерттеушілік
ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулу.
Бала бойындағы алғырлық, зеректікке байланысты дарындылықты
анықтау.
Әрбір оқушы бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса
қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, күнделікті сабақта,
тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг
жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты,
жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады.
Жалпы зерттеушілік қабілетті дамыту үшін мына талаптар орындалуы
қажет:
ұстаз біліктілігі;
оқушы мен ұстаз арасындағы қарым - қатынас;
туа біткен қасиетті дамыту;
отбасының жағдайы, ата - анасының қолдауы;
Бастауыш класс мұғалімдерінің мектеп оқушыларының жас
ерекшеліктеріне қарай шығармашылықпен айналысуынан өз шәкірттерінен
бүгінгі талапқа сәйкес жас ғалымдарды тәрбиелеп шығарып отырады
деген сенімдеміз.
Гумарова Лаззат Елемесқызы бастауыш сынып мұғалімі
Зерттеудің мақсаты:
Адам денсаулығы үшін ауыз су
сапасының маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық
құрамымен, ағзада әсер ететін факторлардың болуы не болмауын
сипаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми
болжамы:
Жер бетінде адамзат баласы өзі
ішетін тұнық судың пайдалану,оның емдік қасиеттерімен және
тәсілдеріментанысып қолдану. Өзі аясында тіршілік ететін
табиғатынан тыныстайтын су қоймаларын ластанбауын қатаң қадағалап
отыратынын болмақ.
Зерттеу жұмысының
әдістемелік негізі:
Зерттеу жұмысы барысында
газет, журнал, кітаптар, интернет арқылы материалдарын қолданылды,
зерттеу жүйелеу қорыту әдістері
қолданылды..
Зерттеудің жаңалығы мен
дербестігі:
Судың құрамын, сапасын зерттей
отырып, таза суды қолдану арқылы денсаулықты нығайтуға
болатынындәрігерлер- ғылымдардың
дәлелденуі.
Жұмыстың нәтижесі мен
қорытындысы:
Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайының жақсартуының кепілі екенін көрсетеді.
Бағыты: Дүниетану және экология
Мазмұны:
І.Кіріспе
1.1.Су–тіршілік
көзі
ІІ.Негізгі
бөлім
2. 1. Суға
сипаттама
2. 2. Судың қасиеттері 2.3. Сумен
емдеу
2. 4. Минералды және шипалы
сулар
2. 5. Суды
қорғау
ІІІ.
Қорытынды
ІV.
Қосымшалар
V. Пайдаланылған
әдебиеттер
Аннотация
«Су- тіршілік көзі» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей
бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекші және ата - анамның
көмектесуінің арқасында көптеген іс шаралар атқарылды.
Зерттеуді алдымен жалпы су туралы мәліметтер жинақтаудан басталдым.
Осы мақсатта мектеп, аудан кітапханаларын үздіксіз аралап, су
туралы деректер жинақтадым. Сонымен қатар, биология, химия пәнінің
мұғалімдерімен және ауылдағы дәрігермен жие сұхбаттар
жүргіздім.
Зерттеу барысында су туралы
мәліметтер жинадым, алынған деректерге сүйеніп, зерттеу жұмыстарын
бастадым. Қітапханадан, интернет жүйесінен көптеген деректер
жинаған соң, жұмыс алға жылжыды. Зерттеу барысында ата-анаммен
бірге су ішу арқылы және жинаған мәліметтердің арқасында суды
қандай ауруға емге қолдануға болатынын зерттеп білдім.
Зерттеу жұмысы көп оқуды, білуді талап етті. Өзімнің зерттеу
барысында таза және минералды судың шипасы бар екеніне көзім
жетті.
Ұсыныстар:
- мектеп оқушыларына өз жерінің су қоймаларын қорғау мақсатында
қоқыстарды тастамауға, суды ластамауға үлестерін қосу;
- ауыз суды үнемдеу;
- таза суды ашқарынға ішуді жарнамалау;
- сумен емделу тәсілдерімен танысу.
Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып, барша адамдар мен мектеп оқушыларын осы ұсыныстарды орындауға шақырамын.
І.Кіріспе
Табиғаттың баға жетпес ең
қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі, жердің нәрі.
Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің планетамыз
баяғыда – ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді.
Сусыз ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық
тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда
болуында аса маңызды рөл атқарады.
Су – қасиетті зат. Судың маңызды рөл атқаратының мына қасиеттерінен
көруге болады.
Су - еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы
ериді.
Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп
жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі
бір мөлшері денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға
шығарылып отырады;
Су қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың
қайнап кетуі және организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз
етеді. Тірі организмдердің тіршілігінде судың биологиялық маңызы
зор.
Судың қасиетін халқымыз ертеде білген, өйткені сумен жуынғанда адам
денесіндн мынадай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген: ақыл
ойы анықталады; адам бетіне жас өң береді; сергектік; денсаулық;
күш; сұлулық; жасару құбылысы; тазалық адам терісі жұмсарып,
әрленеді; сұлу әйелдер көңіл аударады. Осыдан барып «Судай сұлуға
жолық» деген қанатты алғыс сөз шыққан.
Су адам денсаулығының кепілі екені бәрімізге белгілі. Қоғамдық
өндірістің жедел дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез
өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың мәдени
деңгейінің өсуі осының бәрі судың қажеттілігін өсіреді және
қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек.
Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған
жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы
жөнінен су мөлдір, иісі дәмі жоқ болып, ең бастасы, құрамында ағза
үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы
тиіс. сонымен қатар, адам үшін судағы еріген химиялық заттардың
құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында хлордың,
темірдің, күкірттің марганецтің, мыстың, мырыштың және басқа да
химиялық заттардың қоспалары бар.
Химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік
қасиеттері де бар. Сулар емдеу орындарында екі түрлі жолмен – ауыз
суы ретінде және шомылатын су ретінде пайдаланады.
Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Су дегеніміз – өмір.
Су – жер бетіндегі тіршілік көзі. Су – бір тұтас және бөлінбейтін
зат.
Су - сутек пен оттектен тұрады. Тірі және өлі табиғатта жүретін
түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын
заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып
есептегенде, жер бетінің 77, 5% - ын су алып
жатыр.

Су
қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар,
атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне
еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады.
Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда
пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың
негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% -
ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су
қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры
өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера
ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі
жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Қазақстанда 1987 жылы
халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 - ге
жетті. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын
өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта
мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су
тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір
адам басына шаққанда, тәулігіне 12 - 18 литр су пайдаланса, XX
ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200 -
400 литрге жетіп отыр. Су ресурстарының “мұхит - атмосфера - жер -
мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті -
өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты
қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы
қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың
ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл
атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000
км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл
шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш
бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық
вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су
жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып,
суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар
(көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне
едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк -
жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп,
өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады,
сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде
су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола
бастайды.
Ауыз су міндетті түрде таза болу керек және құрамында хлор мен оның
табиғи қоспалары, ауыр металды тұздар, нитраттар, нитриттер,
пестицидтер, бактериялар, вирустар және басқалары болмауы
қажет.Өмірдің ақ сүт берген анасы -
су
Көздің күлімдеген қарасы -
су
Су бүріксең, талған адам жияды
есін
Ажалға су міндетті ара түсу-деп ақындар
жырлаған.
Су кәдімгі сұйық зат деген күнде де, судың
адам ойы жетпейтін таңғажайып қасиеттері жетерлік. Сол себепті
география, ішінде гидрология ғылымы талай замандар бойы суға
назарын салып келеді. Су қабығы біздің планетамыздың 71 %- ын алып
жатыр. бұл мәлімет адам тіршілігіндегі судың орны зор екендігін
көрсетеді. Жалпы адамзат қабылдаған теория бойынша «алғашқы
тіршіліктің өзі жерде емес, суда пайда болған». Мысал ретінде
қарапайым зат алмасу, қоректену үрдістерін айтуға болады. Адам
денесі 65% судан тұрады екен. Өсімдіктердің, жан - жануарлардың
өсуінде, олардың қоректенуі үшін жүретін биохимиялық реакциялардың
барлығына су әсер етеді. Егер қолдағы бар сандық мәліметтерге
жүгінсек, 1 кг бидай дәнін өсіру үшін шамамен 2 т, ал 1кг ет өнімі
шығуы үшін 20т су жұмсалады
екен.
Адам шамамен жылына 60т су ішеді, оған
күнделікті тұтынатын 300 т суды қоссақ, 1 адамның қажетіне жылына
360т су қажет болып
табылады.
-
Су-азық , дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші; * су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сінуін арттырады;
-
*улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді; *иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді; *дене қызуын реттейді; *ағзадағы қан айналымын жақсартады; *адам зейінін ашады ;
-
*ішек жұмысын реттейді.
Судың емдік қасиеттері
Дәрігер-ғылымдар сумен емделудің дұрыстығын дәлелдеп беріпті.
Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сүйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді.
Сөйтіп біздің бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгертсек, сауығуға әбден болады деп дәрігер-ғылымдар шешімге келді.
Е м д е л у т ә с і л і
1.Ашқарынға 160 мл граммнан 4 стақан су ішу.
2. 45 минуттан соң қалаған таңғы асты жеу.
3. Таңғы ас, түскі ас, кешкі астаң соң 2 сағат бойы ештеңе ішпеу, жемеу.
4. Қариялар мен науқас адамдар бірден 4 стақан іше алмаса, аздан бастауға болады. Уақыт өткен сайын мөлшерін көбейтіп отырсын.
Әр аурудың жазылуына қанша күн кететіні есептелген:
1.Қан қысымы жоғары болғанда – 30 күн 2. Гастрит - 10 күн 3. Диабет – 30 күн
Суды ашқарынға ішіңіз!
4. Іш қату – 10 күн 5 . Обыр – 180 күн 6. Артрит –аптада 3 күннен үзбей су ішуі керек.

Бұл тәсілдің кері әсері жоқ. Тек бастапқы уақытта нөсеп айдау жиілейді. Бастаған адам тәсілді күнделікті әдетіне айналдырғаны абзал. Су ішіп әрдайым белсенді болыңыз және дендеріңіз сау болсын!
Өте маңызды ескерту!
Қытайлар мен жапондар ыстық шайды тек тамақ үстінде ішеді. Тамақ үстінде суық су ішпейді. Осы әдеттің кең таралуына жол ашу керек.
Тамақ үстінде салқын сусын ішкенді жақсы көретіндерге кеңінен түсіндірейік!!!
Суық су тамақтың сіңірілуіне кері әсер етеді. Майлы тамақтар ішекте қатып қалады. Нақтырақ айтсақ, еріген майлар оттегімен тезірек араласады. Сонда ғана асымыз ішек пен асқазанда жылдам қорытылады.
Егер суық су ішсеңіз, бұл ұдеріс баяу жүреді. Еріген май тері астында жиналмайды. Обырмен ауру мүмкіндігі азая береді.
Техникалық өнеркәсіпте 1т аллюминий өндіру
үшін 45 - 60т су кетеді, ал қағаз, мұнай өндіру сусыз іске
аспайтыны бәрімізге белгілі. Су ғаламшардың көптеген жерлерінде:
мұхиттарда, өзендер мен көлдерде, мұздықтарда, жер астында да бар.
Мысалы: жер тереңдігінің 1 шқ - ында 4 млн текше шақырым су
сақталады екен. Атмосферадағы сулар әр шаршы шақырымда 20тоннадай
су бу күйінде қалқып тұрады. Біздің планетамызды ғарыштан қарағанда
су деп бағалауға болады. Ғалымдар біздің планетада 350млн текше
шақырым су сақталады деп есептейді. Қазақ халқы суды қадірлеумен
қатар оны тіршілік нәрі деп түсінген. Су бермеу, судан тарықтыру ең
үлкен қылмыс деп саналған. Сондықтан жолаушылап келген адамға сусын
берген. Қазақ халқы «Ей шырағым, ағып жатқан суды тегін деме, судың
да сұрауы бар» деген екен. Адамзат өте ертеден - ақ суға табынған.
Ертедегі грек мифтерінде Зевстің қызы Афродита сұлулық пен
махаббаттың падишасы, теңіз көбігіне пайда болған деген аңыз бар.
Мұсылман халқының қасиетті кітабы «Құранда» дәрет алу (аяқ, қол,
бетті т. б жуу) және ғұсыл дәрет алу (толық денені жуу) туралы
айтылған. Су қабығы біздің планетамыздың 71 %- ын алып жатыр. бұл
мәлімет адам тіршілігіндегі судың орны зор екендігін көрсетеді.
Жалпы адамзат қабылдаған теория бойынша «алғашқы тіршіліктің өзі
жерде емес, суда пайда болған». Мысал ретінде қарапайым зат алмасу,
қоректену үрдістерін айтуға болады. Адам денесі 65% судан тұрады
екен. Өсімдіктердің, жан - жануарлардың өсуінде, олардың қоректенуі
үшін жүретін биохимиялық реакциялардың барлығына дерлік су әсер
етеді. Егер қолдағы бар сандық мәліметтерге жүгінсек, 1 кг бидай
дәнін өсіру үшін шамамен 2 т, ал 1кг ет өнімі шығуы үшін 20т су
жұмсалады екен. Адам шамамен жылына 60т су ішеді, оған күнделікті
тұтынатын 300 т суды қоссақ, 1 адамның қажетіне жылына 360т су
қажет болып табылады. Техникалық өнеркәсіпте 1т аллюминий өндіру

аспайтыны бөәрімізге
белгілі.
Су ғаламшардың көптеген жерлерінде:

айтылған. Орыс халқы жас сәбидің жанын тазалау, шоқындыру кезінде
суға шомылдырған..
Жер шарында жыл сайын 400 мың км3 шамасында
су буға айналып, жоғары көтеріледі екен. Қазақстандағы су
ресурстарының негізі - өзен сулары болып есептеледі, орташа жылдық
мөлшері - 100км3, 43 пайызы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан,
Ресеймемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен
қамтамасыз ету мардымсыз. Жоспарланған жөндеу, қалпына келтіру
жұмыстары жүргізілмейді. Көптеген ауылдық су өткізгіштерінде су
залалсыздандырылмайды.
Қазіргі кезде Республикамыздағы барлық ірі
өзендер – Іле, Сырдария, Жайық, Ертіс, Шу, Талас ластанған. Теңіз
бен мұхиттар мұнаймен ластануда. Бұл қоршаған ортаға өте қауіпті.
Судағы балықтар қырылып, қалу қаупі жылдан жылға өсіп
келеді.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды
тыңайтқыштардың артық мөлшері топырақтан шайылып, өзен, көлдерге,
теңізге түсуде. Бұл судағы оттекті азайтады. Сонымен бірге бұл
балық өндірісіне қатты әсерін тигізіп, балық аулау азайып кеткенін
айтылып жүр. Біз осы жағдайларды саралай келе, адам күніне қанша
литр су жұмсайды және оны үнемдеу, таза ұстауға бола ма деген
мәселені айтқым келіп тұр. Мысалы, тісті екі мезгіл тазалау кезінде
4 литрден 8 литр су кетеді екен, тамақ әзірлеуге 3 мезгілде бас -
аяғы 10 литр су кетеді екен. Суға түссең орта есеппен 10 - 15 литр
су жұмсайсың. Сонда күніне 33 л – 38 л - дей су кетеді екен. Бұл
бір балаға кететін бір күндік су мөлшері. Осыны жылға шақсаң қанша
болады? 13870 литр су
жұмсайсың?
Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет,
бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір
ерекшелігі жер асты суларына бай. Республика аймағында түрлі
мақсаттарға сай ашылып, зерттелінген 633 жер асты су қоры бар,
олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бұл
Ертістің Обь өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара –
пар.
Осындай табиғи байлықтың иесі болған
еліміздің алдында оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану
мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс және Орталық
аймақтарында су жетіпеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп,
дайындалған жер асты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне
игеру өте төменгі деңгейде болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті
тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін
зерттеліп пайдаланған көптеген жер асты су көздері 10 - 15% жылдар
бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су
көзінің жалпы пайдалану мерзіміне (25 - 30жыл) таяп қалып отыр. Бұл
деген жер асты суларының қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану
құқын қайта қарап, бекіту керек деген
сөз.
Республикамызда тау - кен өндірістері мен
шикі зат өндеу саласының дамуына байланысты қоршаған табиғи ортаға
зиянды салмақ өте түсуде, оның ішінде жер асты суларының сапасына
нақтылы қауіп төне бастады. Ақтөбе - Алға, Павлодар - Екібастұз,
Қарағанды - Теміртау, Жамбыл - Қаратау, Өскемен - Лениногор -
Зыряновск сияқты үлкен аймақтық - өндірістік кешендердің маңына
табиғатқа зиянды ошақтар орын тепті. Республикамызда 710 - ға жуық
қатерлі ошақтар барлығы анықталса, олардың басым көпшілігі
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 70 елді
мекендердің су мұқтаждығына пайдаланылатын 113 жер асты су көзінің,
41 су қабылдағышының тазалығына қауіп төнгендігі
байқалуда.
Қазақстанда су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса - олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал, химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі тәжірибеге енген жоқ.
Механикалық жолмен тазарту әдісі
Механикалық жолмен тазарту әдісі - ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың - 95%-ке дейін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.
Адамның негізгі қажеттерінің бірі – таза және қауіпсіз су. Барлық адамзат үшін таза судың жетіспеуі 20 % құрайды.Судың сапасы дегеніміз – шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, балық шаруашылығы және техникалық қажеттілікті анықтайтын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы.
Кезінде ұлы ойшыл Ибн Сина: «Ауру көбінесе ішкен астан пайда болады, соның ішінде әсіресе ауыз судан болады»,- деген екен. Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында Елбасы халықтың денсаулығын жақсарту мәселелеріне байланысты сөз қозғағанда таза судың халыққа қолжетімді болуы мәселесін үнемі айтып келеді. Бұл ретте халықты таза ауыз сумен қаматамасыз етуде «Ақбұлақ» бағдарламасын атауға болады.Елді орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз етуге арналған бағдарламалардың халық денсаулығын жақсартуға тікелей қатысы бар. «Қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту - ол адам денсаулығын сақтау. Адам денсаулығын сақтау үшін ең бастысы – ауыз су»,- деп Елбасымыз «Ақбұлақ» бағдармасының маңызын түбегейлі тұжырымдап берді.Мемлекет басшысы ерекше назар аударып отырған міндеттердің бірі жұртты таза сумен қамтамасыз ету мәселесі біздің ауданымызда мықтап қолға алынып, нақты жүзеге асырылып келеді. Біздің ауылымызға да 2011-2012 жылдары әр көше бойымен құбыр арқылы әр үйдің іргесіне келіп,толықтай таза сумен қамтылып, тіршілік нәрі - мөлдір судың игілігін көріп, суық су мен ыстық суды қатар пайдаланып отырғанымыз мәлім.
Ауыз су эпидемиологиялық тұрғыдан және химиялық құрамы бойынша қауіпсіз қасиеттері жағынан қолайлы болуына ауданымыздағы санэпидемиологиялық қызметкерлері қадағалап отырады.
Тәжірибе жасау үстінде

ҚР судың сапасы 2.1.4.559-96 МеМСТ сай болуы керек.Судың сапасының физикалық көрсеткіштері: температура, лайлылығы, концентрациясы және тағы басқалары.
Судың биологиялық көрсеткіштерінің бірі – коли-индекс, бұл 1 литр судың көлеміндегі ішек таяқшаларының саны. Бұл көрсеткіш бойынша табиғи сулар бес түрге бөлінеді: өте ластанған – коли-индексі 10000 – нан көп, ластанған – 1000-нан көп, аз ластанған – 100-ден көп, қанағаттанарлық – 10-нан көп, жақсы – 3-тен аз. Тағы бір көрсеткіші – коли-титр: бір ішек таяқшасы болатын судың миллилитрмен өлшенген көлемі – 300 мл кем болмауы керек.
Химиялық көрсеткіштері бойынша ауызсуға қойылатын талап кестесінде көрсетілген.
Ауыз су құрамының сипаттамасы
рН – 6,0-9,0 хлоридтер, мгл 350 дейін
Кермектілігі, ммольл – 7,0 Zn 5-ке дейін
Fe, мгл 0,3-ке дейін Al, мгл 0,5-ке дейін
K, ммольл 7-ге дейін Be, мгл 0,0007-ге дейін
Mn, мгл 0,7-ге дейін Mo, мгл 0,25-ке дейін
Cu2, мгл-1,0-ге дейін As, мгл 0,05-ке дейін
SO4, мгл 500-ге дейін нитраттар, мгл 45-ке дейін
Pb, мгл 0,3-ке дейін Sr, мгл 7-ге дейін
Құрамында әрдайым болатын заттардың 1 л судағы мөлшері 7.4-кестесінде келтірілген шамадан аспаса, су ішуге жарамды деп есептеледі. Судағы әр түрлі органикалық заттардың мөлшерін анықтау қиын болғандықтан, олардың мөлшерін оттегімен тотығуына баға беру арқылы анықтайды.Судағы органикалық заттарды химиялық тотықтыру үшін қажетті оттегінің мөлшерін оттегінің химиялық қажеттілігі (ОХҚ) деп атайды. Суда органикалық ластаушылардың бар-жоғы екінші көрсеткіш – оттегінің биохимиялық қажеттілігімен (ОБҚ) сипатталады. Бұл оттегінің (мг/л) органикалық заттарды биохимиялық ыдырауға белгілі бір уақыт аралығында (1,2,5,20 тәулік) қажетті мөлшері. Мысалы ОБҚ2 – бұл екі тәулік ішіндегі оттегінің биологиялық қажеттілігі.Судың санитарлық тәртібі ең алдымен ондағы еріген оттегінің мөлшерімен сипатталады. Жылдың кез келген мерзімінде оның мөлшері 1л суда 4 мг болуы керек. Балықтың құнды тұқымдарын сақтап және ұдайы өндіру үшін 1л судағы мөлшері 6мг төмен болмауы керек.

Судың сапасын бағалау межесін 7.5 — кестесінен көруге болады. Сонда судың иісі мен дәмін 0-5 балл аралығында бағалауға болады.
Ішуге жарайтын судың иісі мен дәмі 5 балдан аспауы керек, ал ол мөлшерден асып кетсе, су тазалауды қажет етеді.
7.5-кесте
Судың дәмін, иісін анықтау және оны бағалау межесі
|
Судың дәмінің және иісінің сезілу деңгейі |
Судың дәмінің және иісінің деңгейін анықтау жолдары |
Судың дәміне сай келетін «ұпай» саны |
|
Байқалмайды |
Зертханалық әдіс арқылы да сезілмейді |
0 |
|
Өте әлсіз байқалады |
Тек зертханалық жолмен анықталады |
1 |
|
Аздап байқалады |
Егер назар аударса байқалады |
2 |
|
Байқалады |
Барлық уақытта оңай сезіледі |
3 |
|
Бірден байқалады |
Су ішуге жарамайды |
4 |
|
Өте күшті байқалады |
Суды ішуге мүмкін емес |
5 |
Ауызсуға қойылатын талаптардың бірі — судың ластану индексі. Бұл деректер 7.6 –кестесіне жинақталған.
7.6 –кесте
Судың ластану индексінің сипаттамасы (СЛИ)
|
Сапа класы |
Жерүсті сулары сапасының сипаттамасы |
СЛИ шамасы |
|
1 2 3 4 5 6 7 |
өте таза таза мөлшерлі ластанған ластанған лас өте лас төтенше лас |
< 0,3 0,3 тен 1,0 ге дейін 1,0 ден 2,5 ке дейін 2,5 нан 4,0 ке дейін 4,0 тен 6,0 ға дейін 6,0 дан 10,0 ға дейін >10,0 |
Қалдық суларды тазалауда ауыр жағдай Өскеменде, Қарағандыда, Павлодарда және Петропавлда. Қазақстан Республикасы халық шаруашылығы дамуы, әрине, су қажетінің артуына әкеліп соғады, бұл жағдайда үлкен көмекті жерасты суларынан күтуге болады. Жерасты суларының елеулі қорлары Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
Суды жарамды ету үшін жүргізетін негізгі үрдістер мыналар:1) судағы ірі дисперсті заттарды реагенттік өңдеумен қатар тұндыру және сүзу;2) судағы еріген газдардан құтылу (дегазация);3) жағымсыз иісі мен дәмінен арылу (дезодарация);4) суды жұмсарту және тұзсыздандыру;5) патогенді микроағзалардан арылу (суды хлорлау, йодтау, озондау).Осы уақытқа дейін суды хлорлау арқылы тазалайды, бұл әдіс халықтың денсаулығына нұқсан келтіруде. Қазір Батыс Еуропада және АҚШ та суды озондайды немесе ультракүлгін сәулелермен өңдейді, ал біздің ел және ТМД мемлекеттері оңай экологиялық жақсы жағдайға әлі қол жеткізе алмай жатыр.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тәмам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытпаңыз қадірін!
Пайдаланған әдебиеттер:
-
К.Аймағамбетова, Н.Ким Дүниетану 4-сынып Алматыкітап
-
ҚР энциклопедиясы 2010жыл
-
Емші Халықтық және ресми медицина үнқағазы 2017 жыл
-
Денсаулық журналы 2014 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба "Су-тіршілік көзі"4-сынып

шағым қалдыра аласыз