Жамбыл облысы, Байзақ ауданы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғ ы л ы м и ж о б а
Тақырыбы:
«Суармалы жерлер көлемінің азаюы»
Үйірме: «Жас натуралист»
Жоба авторлары: Ходжамұрат Иманғали, Джолдасов Алмаз.
Жетекші: Мырзабекова Ақмарал
Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................................................................5
І. Қазақстанның топырақ жамылғысы...................................................................6
1.1. Жамбыл облысының топырақ жамылғысы...................................................7
1.2. Жамбыл облысы көкөністерінің Республика жеріне қамтылуы..................9
ІІ. Байзақ ауданында суармалы жерлер көлемінің азаюы................................10
2.1. Халық санының өсуі.......................................................................................11
2.2. Байзақ ауданына көпқабатты үйлердің қажеттігі........................................14
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................16
ҚОСЫМША ..........................................................................................................17
Аннотация
Зерттеу тақырыбы: Суармалы жерлер көлемінің азаюы
Тақырыптың өзектілігі: егін бұл халықтың күн көрісі. Егістік жерлер қазіргі таңда халық саны өсуі барысында азаюда. Суармалы егістік жерлерді сақтап қалу қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі
Мақсаты:
Су алқап маңында орналасқан елді-мекен жағындағы құнарлы жерлерді сақтау
Міндеті:
-
2014 жылғы Сарыкемер ауылында қоныстанған халық санын 2023 ж салыстыру
-
Құнарлы жерлерді ұтымды пайдалану
-
Халық санының көбеюіне байланысты көпқабатты үйлерді салу
Зерттеу болжамы:
Су алқапты маңында орналасқан құнарлы жерлерді егістіктерге беру
Зерттеу кезеңдері:
Тақырыпты талдау
Тақырыпқа сәйкес ақпарат жинау
Ізденіс жұмыстарын жүргізу
Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау
Зерттеу жаңалығы:
Су алқап маңында орналасқан жерлерді егін шаруашылығына ұтымды пайдалану
Жұмыс барысында қолданылған әдіс-тәсілдер:
Бақылау
Аналитика
Салыстыру
Іздену
Зерттеу
Жас натуралист үйірме оқушылары
Ходжамұрат Иманғали және Жолласов Алмасқа
«Суармалы жерлер көлемінің азаюы»
Атты ғылыми жобасына
Пікір
Ходжамұрат Иманғали және Жолласов Алмаз жоба жазу алдында мақсат қоя отырып ғаламтор желісінен, баспа беттерінен қажетті ақпараттарды жинақтап, ауыл тұрғындарымен сұхбаттаса отырып маңызды деректерді ала білді. Суармалы және құнарлы жерлерді тиімді пайдалану біздің міндетіміз екенін аша білді. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының 2003 жылдары мен 2023 жылдарындағы халық саны мен оларға берілген жер телімінің болжам бойынша өлшемін біліп, суармалы егін жерлердің азаюын анықтады.
Жамбыл облысы аудандарының егін егу және мал шаруашылығымен айналысатындығын білу арқылы суармалы егін жерлері мен мал жайылым жерлердің пайдасының мол екендігін және ол жерлерді сақтап қалу мақсатында көпқабатты ғимараттардың салынуын жоспарлады, көпқабатты ғимараттың жобасын құрды. Халық санының өсуіне байланысты көпқабатты ғимараттардың салынуының болашақта керек екенін анықтай білді.
Жетекшісі: Мырзабекова А.А.
Кіріспе
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі әрі әр түрлі. Солтүстік Қазақстанның топырағы Оңтүстікке қарағанда құнарлы болып келеді. Ол жақта егін де жақсы өседі. Ал Оңтүстік Қазақстан облыстарының топырақ құнарлығы төмен. Мұнда тек суармалы жерлерде егін егуге болады.
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан және 14 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр. Облыс аумағында топырақтың мынадай түрлері бөлінеді: қоңыр, қара топырақ, сұр орман, қоңыр таулы-орман. Жамбыл облысының аудандарында өз өзендері мен көлдері бар. Әр аудан егін егумен қатар мал шаруашылығымен айналысады.
Жамбыл облысында көптеген көкөністер мен жеміс-жидектер өсіріледі. Осы өнімдер тек Жамбыл облысына ғана емес сонымен қатар Қазақстанның бір немесе екі облыстарына қамтамасыз етуге болады. Бірақ ол үшін тың жерлерді халық қоныстануына емес егінге беру керек. Топырақты жақсы күтіп, тыңайтқыштарды сеуіп суды үнемді және ұтымды пайдаланса өнім де жақсы болады деген сенімдемін.
2000ж қандастарымыздың қайта елге оралуына байланысты көптеген суармалы жерлер халық қоныстануына берілді. Осы кезде көптеген егін егуге болатын жерлер, мал жайылым жерлер халыққа көптеп берілді. 50 жылда ел жаңа демекші 50 жыл өтпей жатып еліміз жаңарып халық саны көбейіп келеді. Біздің оған қуанышымыз шексіз. Алайда мына затты ескеру керек. Егер халық көбейген сайын суармалы егін егуге болатын жерлерді халық қоныстануына бере беретін болсақ онда егінді қайда егеміз? Мал жайылым жерлер қайда қалады?
Осы сұрақ бізді мазалады. Осы мәселе бойынша біз зерттеу жүргізіп көрдік. Егер осы жерлерге кезінде көпқабатты үйлер салынып халыққа берілгенде біз суармалы егін жерлерді және мал жайылым жерлерді сақтап қалатын едік.
І. Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделi және әр түрлi.Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айкын байқалады.
Қазақстанның жазық бөлiгi аумағының 85%-ын алып жатыр. Негiзiнен 3 топырақ зоналарына бөлiнедi: қара топырақты зона (52° с.е. солтүсiгінде); қара қоңыр топырақты зона (52—48° с.е. аралығында); қоңыр,сұр қоңыр топырақты зона (48 с.е. оңтүстiгiнде).
Қаратопырақты зона республиканың солтүстiгiнде тараған.Бұл зона Солтүстiк Қазақстан облысын түгелiмен, Костанай обылысының көп жерiн, Ақмола, Павлодар, Актөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстiк бөлiктерiн қамтиды Республика аумағының 25,5 млн гектар жерiн (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона 3 зона араларына бөлiнедi сiлтiсiзденген қара топырақ орманды дала табиғат зонасының оңтүстiгiнде аз ғана бөлiгiн алып жатыр; кәдiмгi қара топырақ және оңтүстiктегi куаң даланың қара топырағы — дала аонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі оңiрдiң топырақ құрамында гумусы (қара шiрiндiсi) мол (6—8°/) қара топырақ орын азаюы, оңтүстiгiнде қара топырақтың қара шiрiндiсi аздау (4—6%)г. келедi. Қара топырақты зона ылғалымен қамтамасыз етiлген жазьқ далада тараған, республиканың негiзгi астық өндiретiн алқабы саналады. Қара топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстiгiнде орналаскан. Бұл Орталык Қазақстанның көп жерiн, Каспий маңы ойпатының солтүстiгiн, Шығыс Қазакстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бул – республиканын оңтүстiк дала (тым құрғак далалы) және шөлейттi алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерiнiң 34%-ы алып жатқан зона.
Қара қоңыр топырақ зонасы да 3 зона аралығында бөлiнедi: қуаң даланың күңгiрт қара қоңыр топырақты өңiрi куаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңiрi; шөлейт жердiң ашық қара қоңыр топырақты өңiрi.
Топырақтың құнарлылғы оңтүстiкке барған сайын кеми түседi. Күңгiрт қара қоңыр топырақ пен кәдiмгi кызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шiрiндiсi) 4,5—3,0%, шөлеит ашық қызыл топырағының гумусы азырак, 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстiгiнде астық өндiру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткенi мұнда ылғал аз түседi. Кара қоңыр топырақты зонаның оңтүстiгiнде шөлдi аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негiзiнен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келедi. Топырақтың бұл типi 120 млн гектар жердi, республика жерiнiң 44 пайызын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстiк бөлiгiн түгел қамтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0—1,0%), сондықтан онда негiзiнен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңiрде суармалы егiс қана тиiмдi.
-
Жамбыл облысының топырақ жамылғысы
Жамбыл облысының топырағы алуан түрлі. Топырақ жамылғысының дамуы ендік бағытындағы зональды және вертикальды белдеулік заңдылықтарға сәйкес дамыған.
Биіктік белдеулік бағытында дамыған топырақ-өсімдік жамылғысының типтері: шөлді, шөлейтті, құрғақ дала, таулы шалғынды-дала, таулы-шалғынды, субальпілік шалғынды-дала, таулы шалғынды және альпілік шалғынды-дала. Бұл топырақ-өсімдік жамылғысының типтері облыс жеріндегі тауларға тән.
Облыс территориясындағы негізгі топырақ типтерінің таралуы:
Шу, Талас өзендерінің төменгі ағысында сондай-ақ Бетпақдала мен Мойынқұмның ойыстарында тақырлар дамыған. Көктемде тақырлар еріген қар суларына толады, оларда лай жиналып балдырлардың өсуіне жағдай туады. Құрғаған соң, тақырларға айналады. Тақырдың қалыңдықтары 20-40 см, оның астында аналық тау жынысы басталады. Қара шірігі аз 0,3-0,8%, тұздылық 20-40 см тереңдікте 2-2,5%. Тұзды емес тақырларда кездеседі, тұздылығы 1,5 м тереңдіктен басталатын. Тақырлар суды жақсы өткізбейді, ылғалданғанда ісінеді, құрғағанда қайта қатады, өсімдік тамырларының өсуіне қолайсыз.
Сұр-қоңыр топырақ Бетпақдалада кең тараған. Ерекшелігі – гипс қабатының қалың болуы, 5-50 см тереңдікте гипс горизонты орныққан, гипстың мөлшері 30-60% шамасында.
Сор тоңды сұр-қоңыр топырақ бор мен палеогеннің конгломерат, сланец, тақтатас, гранит, әктас сияқты тығыз тау жыныстарында дамиды. Алдыңғы топырақтан ерекшелігі карбонатты, саздақты болады. Топырақтың жоғарғы 0-4 см қабатында қара шірік мөлшері 1,2 %, 10-12 см төменгі горизонтында 0-76%.
Мойынқұмның өсімдікпен бекіген бөліктерінде қопсыған борпылдақ құмды сұр топырақ дамыған. Осы топырақта дала сипаты минералды минералдары мен карбонат топырақ құнарлығығын арттырады. Көктемде Мойынқұмның ылғалдың мол кезінде әртүрлі шөптесінді өсімдіктерге тұнып тұратыны. Осы жағдайға байланысты орман, орманды-дала, дала зонасының құмдарында мұндай элементтер кездеспейді.
Өсімдік жамылғысын зерттеліп отырған территорияның орографиясына қарай: шөлді жазық, аласа таулы, тау алды, биік таулы деп қарастыруға болады. Себебі, зональды өсімдік зонасы шөлді болғанмен, шөлдің грунтты территорияның жер бедерінің абсолюттік биіктігі әр түрлі. Ылғалдану режиміне қарай да өсімдік жамылғысы әртүрлі болады.
Шөлді жазықтар мен аласа таулар облыс территориясының басым көпшілігін алады. Шөлдің гидротермикалық режимі, жазғы температурасының өте жоғары болуы, құрғақшылық жағдайы өсімдік жамылғысының эфемирлі және ксероморфоз ерекшеліктерін анықтайды.
Эфемерлі өсімдіктердің вегетациялық периоды қысқа, жылы, ылғалды мерзімде өте шығады. Бір жылдық өсімдіктер эфемерлер мен көп жылдық эфемероидтер күзде жаңбыр жауғанда өне бастайды. Қыста ауа-райына байланысты өсуі жалғасады немесе тоқтайды. Жылы, ылғалды көктем басталғанда өсімдіктер қауырт өсіп, тұқымданып үлгереді. Жазда эфемирлер ыстық аптапта тіршілігін жояды, эфемироидтаодың құрағаны болмаса, тамырлары тереңде жақсы сақталады. Күзде ылғал түскенде өніп-өседі.
Өсімдік жамылғысының екінші бір ерекшелігі – ксероморфоз, жазғы ыстық аптапқа төтеп бере алу қабілеті, әрине ол бейімделуден пайда болады. Бейімделудің бірнеше белгілері бар: өсімдік сабақты жіңішке, булануды азайтады, жапырағын да, сабағында түгі бар.
Тұзды, сортаңды топырақта галофиттер – сабағы мен жапырағы қалың етті, баяу өседі.
Геоботаник З.В.Кубанскаяның (1956ж.) зерттеулері Бетпақдалада өсімдіктердің алты типін ажыратады: шөлді, шөлді-сараңды, дала, шалғынды, бұталы, сүректі.
Шөлді өсімдік типі жусан мен сораңдардан тұрады. Солтүстік бөлігінде жусанға астық тұқымдастар (боз, селеу) араласса, ал оңтүстігінде эфемерлер мен эфемероидтер қосылады.
Шалғынды өсімдіктер Шу аңғарында – қамыс, түлкіқұйрық, ши қалың өседі.
Бетпақдаланың солтүстік-шығысындағы шоқыларда, оның беткейлерінде тобылғы, қараған, жыңғыл, спиреантус, жүзген өскен.
Сүректілерден қара сексеуілді атауға болады. Сексеуіл далада жиі өседі. Мойынқұмға жусанның әртүрі, теріскен, ақ және қара сексеуілдер тән.
Тау алды мен тауларда, биіктік, белдеулік, құрғақ дала белдеуінен басталады, оның төменгі шекарасы 800-1000 м. абсолюттік биіктіктен басталса, жоғарғы шекарасы 1500-1700 м өтеді. Бұл белдеу Қаратау мен Шу, Іле тауларында кең тараған, Қырғыз Алатауында төменгі және орта тау беткейлерінде дамыған негізгі өсімдік жамылғысы-бетеге мен селеулі дала арасында бұршақ тұқымдастылар мен эстрагон-жусанды орналасады.
Таулардың аңғарларында жеміс-жидектілерден: алма, алмұрт, үйеңкі, көктерек өседі. Орманды-шалғынды белдеу Қырғыз Алатауының 1500-1700 м мен 2000-2100 м биіктіктерінің аралығында қамтиды. Шал және Аспара өзендерінің аралығындағы алқапта астық тұқымдас әртүрлі шөптесінді-шалғынды дала өсімдіктері өседі. Олардың арасында даланың бұталы өсімдігі «розарий» жиі өседі. Тасты беткейлерде ағаш тәрізді және бұталы арша бой көтереді.
Өзен аңғарларында, беткейдің етегінде долана, үйеңкі, тобылғы, шиповник, боярник.
Сонымен Жамбыл облысы территориясындағы өсімдік жамылғысының қалыптасуының зональды және азональды заңдылықтарға сай дамыған.
Жаздық аудандардағы өсімдік жамылғысы шөлдің типіне байланысты дамыса (сазды, құмды, тасты) тауларда биіктік белдеулерге сай дамыған.
-
Жамбыл облысы көкөністерінің Республика жеріне қамтылуы
Жамбыл облысының бағалы техникалы және дәнді-дақылдары: қант қызылшасы, картоп, жүгері, пияз, сәбіз, қызанақ, қияр, қырыққабат, рапс және т.б.
Жамбыл облысы аграрлық инфрақұрылымы дамыған еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлерінің бірі. Қазіргі таңда Қазақстан халқын қантпен, көкөністермен, етпен қамтамасыз ету проблемалары өткір мәселелердің бірі. Қант қызылшасы алқаптарының 60 пайыздан астамы Жамбыл облысында шоғырланған, өнімділігі ел бойынша орташа көрсеткіштен 13 пайызға жоғары. Аймақтың үлесіне ашық жерге арналған көкөністерге бөлінген әрбір төртінші гектар алқап тиесілі. Облыс Түркістаннан кейін бақша дақылдарының көлемі бойынша екінші орында тұр.
Көкөніс және бақша дақылдарының егіс алқаптарының құрылымындағы агроқұрылымдардың жоғары үлесі өңірде заманауи инновациялық технологияларды кеңінен қолданудың барлық алғышарттарын жасайды. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға және жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұсақ малдың әрбір алтыншы басы (республика бойынша 21 миллионнан 3,2 миллион бас) Жамбыл облысының үлесіне тиеді. Жоғарыда келтірілген сандардан көріп отырғанымыздай, ол елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан өңірлері арасында стратегиялық маңызды орын алады.
Қант қызылшасы Жамбыл облысындағы ең жиі егілетін және мол өнім беретін көкөністердің бірі.
2022 жылғы 24 шілдеде Сауд Арабиясындағы инвестициялық форум шеңберінде "KazBioSorgo" ЖШС мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми сүйемелдеуімен Ajlan BROS Holding Group Company арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, ол Қазақстанда қант Құмайын өсіру және терең өңдеу бойынша 200 миллион АҚШ доллары сомасына теңгерімді негізде ынтымақтастықты көздейді. Араб серіктестері бірлескен кәсіпорын өндірген өнімнің кем дегенде 50 пайызын сатып алуды жоспарлап отыр.
Осыған орай 2023 жылы Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, Тілектес ЕСПОЛОВ Жамбыл облысына 10 мың гектар жер беру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жасады. Ол ұсыныс бойынша Жамбыл облысына қант құмайын егу.
Қант құмайы-ең тиімді, жоғары рентабельді ауылшаруашылық өнімдерінің бірі, оның өзіндік құны төмен және сапасы жоғары, одан 50-ден астам өнім алуға болады. Ол жердің шөлейттенуіне қарсы тиімді күреске, топырақ құнарлылығын сапалы қалпына келтіруге, аграрлық секторда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Егер құмай мен қант қызылшасын салыстыратын болсақ, онда құмайдың өнімділігі 2,5-5 есе жоғары, бір гектардан қанттың шығымы төрт-алты есе жоғары, ал құны 2,5 — 3 есе төмен.
Құмайдан қант сиропын өндіру, біріншіден, дәстүрлі қанттың импортына тәуелділікті азайтып қана қоймай, еліміздің және Жамбыл облысының ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді; екіншіден, өзіндік құны өте төмен жануарлар мен құстардың барлық түрлері үшін жоғары калориялы жем өндірісін жолға қою, бұл отандық мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру; үшіншіден, медицина, автомобиль жасау, аэроғарыш өнеркәсібі, электроника, жиһаз, киім және т.б. үшін қант құмайының биомассасынан биологиялық ыдырайтын пластик өндірісінде пайдалануға болады.
Сонымен қатар, елде қант Құмайын өнеркәсіптік өсіру миллиондаған гектар тұзды және қараусыз қалған, талап етілмеген жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайтаруға, ондаған мың жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
ІІ. Байзақ ауданында суармалы жерлер көлемінің азаюы
Байзақ ауданы Байзақ ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1938 ж. құрылған. 1995 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталды. Жерінің аумағы 4,5 мың км². Тұрғыны 105 654 адам (2023). Орталығы – Сарыкемер ауылы.
Географиясы
Аудан жерінің басым көпшілігі жазық, тек оңтүстігінде ғана Қырғыз Алатауының тау алды аласа қыраттары мен қырқалары орналасқан. Ауданның ең биік жері оңтүстігінде (1637 м). Солтүстігінде Мойынқұмның қырқалы-ұялы және шағылды құмды алқабы, орта бөлігінде Талас өзенінің аңғары жатыр. Жер қойнауынан фосфорит кені, құрылыс материалдары барланған. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң, солтүстігі (Мойынқұм) аңызақты.
Табиғаты
Ауаның орташа температурасы қаңтарда –6 – 9С, шілдеде 23 – 26С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 150 – 300 мм. Аудан аумағынан Талас, Көделі өзендері және олардың салалары мен тармақтары оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Жерінің топырағы негізінен сұр, солтүстігінде құмды, оңтүстігінде (тау алды) бозғылт қоңыр топырақты. Оларда жусан, еркекшөп, көкпек, бұйырғын, күйреуік, жыңғыл, сексеуіл, өзен бойында қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, сарышұнақ, аламан тышқаны, құстардан дуадақ, құр, көкқұтан, қырғауылды кездеседі. Өзендерінде сазан, алабұға, шортан, шабақтың бірнеше түрі кездеседі.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 411,2 мың га (2001), оның ішінде жыртылған жері 63,8 мың га. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің жалпы аумағы 332,6 мың га, оның 69,5 мың га-сы шаруа қожалықтарына берілген. Жан басына шаққанда 1 адамға 5,9 га жерден келеді. Аудан аумағындағы шабындықтың аум. 6,6 мың га, жайылымы 339,3 мың га. Ауыл шаруашылығындағы бүкіл жыртылған жердің (63,8 мың га), басым көпшілігіне (54,2%) бидай егілген. Жүгері 1,3 мың га жерді қамтыған. Көкөністер (3,1 мың га) мен майлы дақылдар (1,8 мың га) бүкіл егістіктің 10,7%-ын құрайды. Ауданда одан басқа қант қызылшасы (1124 га), картоп (400 га), жүзімдік (150 га) және жеміс ағаштары (166 га) отырғызылған (2001).
Аудан бойынша барлық шаруашылық категорияларын қоса есептегенде 2001 ж 26,9 мың тонна астық алынған. Басқа ауыл шаруашылық дақылдарының көрсеткіші төмендегідей: қант қызылшасынан 12,8 мың тонна, көкөністерден 47,6 мың тонна, 0,7 мың тонна майлы дақылдар, 3,4 мың тонна ет, 26,6 мың тонна сүт, жүн 281 тонна, жұмыртқа 18,7 млн. дана. А. ш. өнімдерінің көлемі 2,789 млн. теңге, оның ішінде: өсімдік ш-нда 1,724 млн. теңге, мал ш-нда 1064,3 млн. теңге. Ауданда 2001 ж. ірі қара мал саны 18499 бас болды, оның ішінде сиырлардың жалпы саны 10532 бас. Одан басқа 120,6 мың қой мен ешкі, 7,4 мың жылқы, 1,8 мың шошқа, 510 түйе және 205,3 мың құс болды.
Өнеркәсібі
Байзақ ауданы қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, етті-сүтті мал, көкөніс, бақша, құс, жылқы өсіруге және омарта шаруашылығына маманданып келген. Бұрынғы 9 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, 2 құс фабрикасы, 1997 жылдан әр түрлі саладағы шаруашылық субъектілеріне біріктірілген. Ауыл шаруашылықтың әр түрлі салаларында 1711 шаруашылық нысаны бар. Оның ішінде ӨК – 8, ЖШС-тер – 17, шаруа қожалықтары – 1686.
Байзақ ауданы 2000 жылдары қандастарымыздың елге көптеп оралуына байланысты халық саны көбейді. Қандастарымызға жер телімдері берілді. Жер телімдері егін және мал жайылым жерлерден көптеп берілді. Егін егу жерлері азайды.
2.1. Халық санының өсуі
2000ж қандастарымыздың елге оралуына байланысты Байзақ ауданында халық саны өсті. Бұл қуантарлық жағдай. Интернет желісінен алынған ақпаратқа сәйкес қазіргі кезде Байзақ ауданынынң халық саны 105 654. 2021 жылмен салыстырғанда халық саны төмендеген.
|
1939 |
1959 |
1970 |
1979 |
1989[4] |
1999 |
2009[5] |
2021 |
|
24570 |
▲31768 |
▲51840 |
▲59319 |
▲62220 |
▲68719 |
▲82784 |
▲109744 |
Аудандағы халықтың негізін қазақтар құрайды (83,1%). Одан басқа 30-дай ұлт өкілдері тұрады. Байзақ ауданы облыстағы халықтың тығыз орналасқан аудандарының бірі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 15,5 адамнан келеді.
|
Ірі елді мекендері: |
|
|
Ауыл аты |
Халық саны (2002) |
|
16,5 мың |
|
|
5 мың |
|
|
4,6 мың |
|
|
4,5 мың |
|
|
3 мың |
|
|
2,8 мың |
|
|
Талас |
2,5 мың |
|
Кеңес |
2,2 мың |
|
2,1 мың |
|
|
Жетібай |
2 мың |
Кестеде 2002 жылғы мәлімет берілген.
2002 жылдары халыққа қоныстануға жерлер беріле бастады. Бірақ ол мәліметтер архивте сақталынған. Біз сіздерге интернет желісінен алынған 2014 жылдар мен 2022 жылдар аралығындағы жерлерді картадан көрсетеміз.
2014 жыл мен 2022 жылды салыстырғанда халық саны қоныстануға берілген жерлер

Сарыкемер ауылы 2014 жыл

Сарыкемер ауылы 2022 жыл

Сарыкемер ауылы 2014 жыл

Сарыкемер ауылы 2022 жыл
2.2. Байзақ ауданына көпқабатты үйлердің қажеттігі
Байзақ ауданында бүгінгі күнге дейін халық саны өсуде. Құнарлы жерлерді игеру мақсатында халықты жермен қамтамасыз етпей керісінше көп қабатты үйлер салып халықты қоныстандыру жұмыстарын жүргізу дұрыс деп ойлаймын.
Себебі Байзақ ауданы топырағының құнарсыздығы төмен болғандықтан бұл жер суармалы жерде орналасқандықтан жемістер көкөністер өсіріп өнімін алуға болады.
Жапония мемлекетінің Токио астанасында 37 435 191 халық қоныстанған. Жапон халқы жерінің кіші екені бәрімізге мәлім алайда сол халықты биік ғимараттарға қоныстандырған.
Байзақ ауданы ауылдары қазіргі таңда егін және мал шаруашылығымен айналысуда. Егін егу және мал бағу халықтың кәсіп көзі. Жалпы Жамбыл облысы аудандарында егіс жақсы өнім береді және Қазақстанның басқа да облыстарын көкөніспен, жемістермен қамтуға болады. Сол үшін де егін егуге болады деген жерлерді сақтап қалуымыз керек. Себебі талас өзені бойында орналасқандықтан судан тапшы болмайды деп сенемін. Бірақ биылғы жылы су тапшылығы байқалды.қаншама егіндер өнім ала алмады. Ол жайлы біздің Жас натуралистке қатысатын ІІІ топ оқушылары айтып берер.
2003 пен 2023 жылдарды салыстырғанда халық саны едәуір көтеріліп, жер аумағы халық қоныстануға берілді. Егер 50 отбасыға 50 соттық жер берілсе әрқайсысына 10 соттықтан, онда 50 соттыққа 50 отбасы ғана қоныстанады. Ал егер сол 50 соттыққа көпқабатты үйлер тұрғызылса, мысалға 9 қабаты үйлерден 3 деп есептесек, әр қабатта 4 пәтерден болса онда ол көпқабатты үйге 108 отбасы қоныстанады. Бұл есеп біздің болжам бойынша. Әрине көпқабатты ғимараттар соғу үшін жалпы жердің көлемі, топографиясы, геологиялық сараптамасы мен топырақтың сипаттамаларын анықтау қажет. Егер біздің ұсыныс бойынша көпқабатты ғимараттар соғылатын болса онда өз істерінің маманы жұмыс жасайтыны белгілі.
Қорытынды
Жамбыл облысының топырағы әралуан. Топырақ жамылғысының қалыптасуы, ендік бағытындағы зоналды және таулардағы вертикалды биіктік белдеулік заңдылықтарына бағынады.
Жамбыл облысы өзінің егін шаруашылығымен және мал шаруашылығымен танымал. Қазіргі таңда Жамбыл облысының көкөністері басқа облыстарға да жеткізіліп, қамтамасыз етілуде. Суармалы жерлерді үнемді және ұтымды пайдаланатын болсақ Жамбыл облысы көкөністерін экспорттауға болатын күнде алыс емес.
Алайда қазіргі таңда халық саны өсуіне байланысты көптеген жерлер халық қоныстануына берілуде. Суармалы жерлер мен мал жайылым жерлер азаюда. Осы мәселені қолға алып неге көпқабатты ғимараттарды салып сол ғимараттарға халықты қоныстандырсақ көптеген жерлерді егінге пайдаланатын едік.
Жапония астанасы Токиода қазіргі таңда 37 274 000 халық саны тұрадды. Бұл біздің Қазақстан Республикасының халық санынан да көп. Токио құрлықтан Токио шығанағының солтүстік-батысында орналасқан, ұзындығы шығыстан батысқа қарай 90 км және солтүстіктен оңтүстікке қарай 25 км жерді алып жатыр. Жер көлемі аз астанада соншама халықты тек биік ғимараттарда ғана қоныстандыра алады. Біздің де айтпағымыз осы. Суармалы жерді егінге пайдаланатын болсақ, ал халықтарды биік ғимараттарға қоныстандырсақ суармалы жерді ұтымды пайдаланатын едік және біздің экономикамыз да алға дамитын еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Чигаркин В.А. Региональная геоэкология Кзахстана: Учебное пособие: -Алматы:Қазақ университеті, 2000. 224
с.Абдуллин А. Геология Казахстана. //Алматы: Наука, 1981, 39-49с..
Тукебаев Ж., Кудайбергенов Н., Нурмаганбетов Д. Водные ресурсы Шу-Таласского бассейна: проблемы использования охраны и управления. //Экология. Устойчивое развитие. №6. 2003, 28-32 с.
Заурбек А., Кушербаев А., Заурбекова Ж., Сулейменова С. К. вопросу вододеления водных ресурсов бассейна транзитных рек. //Экология. Устойчивое развитие. №6. 2003. 40-43с.
Джангалиев А.Д. Сохранение генофонда биоразнообразия лесов Жамбылской области. //Рукопись отчета. Фонд областного терруправления по лесу и биоресурсам. 2012. 8-12с..
Үпішев Е.Н. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық. - Алматы: Экономика. 2006,15-25с..
Ғ. Сағымбаев. Экология негіздері. Оқулық. Алматы: Республикалық баспа кабинеті. 2010, 5-10с.
Жамбыл облысының топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің экологиясы
Мақала интернет желісінен алынған авторлары; Джанаева Жанна Маратовна, аға оқытушы, геоэкология магистрі
Дюсенбаева Жансая Серикбековна, ассистент, педагогика ғылымының магистрі Серикбаева Гайша Алдабергеновна, аға оқытушы, педагогика ғылымының магистрі Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (Тараз қ.)
Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2015, 16-24с.
Что выращивают в Жамбылской области? Найдено ответов: 23 (autofaq.info)
Сахарное сорго — перспективная культура — Жамбылская областная газета (ztgzt.kz)

ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысы

Жамбыл облысының топырақ жамылғысы

2014 жылғы Сарыкемер
ауылының жерлерін қоныстануға
берілуі

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба: Суармалы жерлер көлемінің азаюы

шағым қалдыра аласыз