Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба тақырыбы: Байтайлақ батыр қорымы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
«Қарашілік орта мектебі» КММ
Ғылыми жоб құрастырған: 9-сынып оқушысы Қайрат Диляра Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Аугалиева Ж.К.
Тақырыбы:
Байтайлақ батыр қорымы
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секция: Тарих
Аннотация
Оқушы өзінің ғылыми жобасында қазақ батыры Байтайлақ Бәйімбетұлының өмірбаяны жайлы толық қамтыған. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген.
Оқушы бұл жобаны жазу барысында кенінен дайындалғанын байқатты.
Тарих пәнінің мұғалімі Аугалиева Ж.К.
Аннотация
В своем научном проекте ученица полностью охватила сведения о жизне казахском батыре Байдибека Бейимбетулы.
Найденые источники соответствуют возрасту учащейся. Доказано сведениями.
При исследовании этой работы, видно что ученики хорошо подготовлены.
Учитель истории Аугалиева Ж.К.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Ақжар ауданының территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштердің қатарына жатқызуға лайықты Байтайлақ батыр кесенесі жайында деректер жинастырып,тарихымен таныстыру. Байтайлақ батырдың өмірбаянымен, ерліктерін дәріптеу;
Зерттеудің әдістері: ғылыми ізденушілік, талдау, жинақтау.
Зерттеудің көздері: тарихи әдебиеттер, ақпараттық материалдар, мерзімдік басылым материалдары және т.б.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Зерттеудің нәтижесі. Өлкемізде жуырда ғана іргесі қаланып, бой көтерген, Ақжар өлкесіне көрік берген Байтайлақ батыр кесенесінің, яғни батыр қорымының тарихын насихаттау. Байтайлақ батырдың өмірбаянымен, ерліктерін дәріптеу;
кіріспе
Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры – адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-қаракеті, дүниеге әкелген ғажайып рухани және материалдық құндылықтары. Қай халықтың болсын өзге ешбір жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр талайын айқындайтын да, түптің түбінде сол тарихи ескерткіштер мен жауһар жәдігерлер болып есептеледі.
Біз мыңдаған жылдар бойы жинақталған барлық мәдени-тарихи қазыналарды тереңдеп білуге, зерделеп зерттеуге ұмтылған заманда өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің егемендік алуымен өткенді пайымдауға кең жол ашылды. Осыған орай Елбасының жарлығымен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бекітілгені белгілі. Міне, осы бағдарлама аясында көне жәдігерлерімізді түгендеп, барымызды жаңғырту, паш ету біздің азаматтық борышымыз. Мемлекет тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі ең маңызды бағдарламаның бірі осы «Мәдени мұра» десек артық айтқандық емес. Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыруда мынадай мәселелердің шешімін табу көзделді:
-Мемлекеттік маңызы бар бірқатар ескерткіштерді қалпына келтіру;
-Ежелгі және орта ғасырлық тарихи қалалық орталықтарға археологиялық-этнографиялық зерттеулер жүргізу;
-Жаңа ғылыми-зерттеу, этно мәдени, тарихи орталықтар мен қорық-мұражай базаларын ұйымдастыруды жүзеге асыру.
Осы тұрғыдан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан территориясында көне тарихи және мәдени ескерткіштердің сыры ашылып, тарихқа жаңа бетбұрыс алып келді.
Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасының қазіргі жағдайы жаңа тарих пен мәдениет ескерткіштерін ашумен, мавзолейлер, ескі мешіттер, көне қалаларды жөндеуден өткізу арқылы жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтар ашу жұмыстарын белсендірудегі көпғасырлық дәстүрлерді дамыту мен сақтау бойынша жасалатын шаралар кешенін қамтамасыз етумен сипатталады. Мен осы ғылыми зерттеу жұмысымды орындау барысында өз өлкемізде жуырда ғана іргесі қаланып, бой көтерген, Ақжар өлкесіне көрік берген Байтайлақ батыр кесенесінің тарихымен танысып,батыр бабамыздың ерлік істерін насихаттағым келді.
Ақжар өңірі -қазақ халқының тарихында айрықша атауға болатын қасиетті жердің бірі деуге болады. Жері жазықты,төбелі,аумағы біршама бұл өлкенің жері қаншама тарихты жасырып жатқандай. Біз тұратын Қарашілік ауылы Үлкенқарой жерінде орналасқан. Жер серігі арқылы түсірілген картадан назар салып қарасан біздің ауыл үлкен бір қара ойпаттың,ордың шетінде тұрғандай. Ауданның ұсақ шоқылы төбелері, Үлкенқараой мен Кішіқараой мекендері ертеден қазақ-жоңғар соғысы өткен қасиетті жер болып саналады.Мұны ертедегі зерттуші-саяхатшылардың жазып қалдырған деректерінен де анық бағамдауға болады. Біз сөз еткелі отырған Байтайлақ батыр қорымы – Ақжар ауданы Талшық ауылының маңында орналасқан.
негізгі бөлім
Байтайлақ батырдың өмірбаяны
Байтайлақ батыр шамамен 1695 жылы дүниеге келген. Жоңғарға қарсы атой салып, жеңістің туын тіккен. Орта жүз Керей руының абақ бірлестігіне кіретін он екі рудың бірі – шеруші. Шеруші өз ішінен алты руға бөлінеді. Осы алты ру жоңғар шапқыншылығынан бері қарайғы кезеңде «Байтайлақтап!» жауға шапқан екен. Рулы елге ұран болған Байтайлақ батыр Бәйімбетұлы – шерушінің Құтымбет (Ұзынмылтық) атасынан тарайды. Байтайлақ Бәйімбетұлының өмір сүрген жылдарына қатысты екі түрлі болжамды қолдаушылар бар. Бірінші топтағылар батыр 1703-1781 жылдары өмір сүрген десе, келесілері 1690 жылдар мен 1740 жылдардың ортасын ала өмір сүрген деп біледі. Сонымен қатар Байтайлақ батырдың жерленген жеріне қатысты да күні бүгінге дейін екі түрлі болжам орныққан.
1703-1781 жылдары өмір сүрген дегенді қолдаушылар Байтайлақ батыр қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау өңірінде өмірден өтіп, әйгілі батыр Ер Жәнібек Бердәулетұлының қасында жерленген деп біледі. Осыған негіздеп 2014 жылы Байтайлақ Бәйімбетұлына Қалбатауда кесене тұрғызылып, Астанада және Шығыс Қазақстанда ас беру, конференция т.б. біршама шаралар өткен еді.
Екінші бір нұсқаны жақтаушылар Байтайлақ батырдың зираты қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының орталығы Талшық кентіне жақын маңда деп біледі. Әр тараптың келтірер өз дерегі мен дәйегі бар.
Талшық селосынан 3 шақырымдай жерде Батыр қорымы орналасқан.Қорым басына белгі тас қойылған.
Тасқа қолмен қашап,жазу жазған:
Батыр төбе
XIV-ғасыр
Байтайлақ
Руы-Керей
Байшегір Майқы.
Тас-қоюшылар:
Қайырбай,Қайрат,
Жексенбай
Осы белгі тасты 2006 жылы орнатқан Қайырбай Зейноллаұлы ағамыз «Байтайлақ батыр ата» мақаласында келтірген деректе үш батыр емес, бес батыр жерленгенін айтқан. Негізі ол жерде 5 батыр жерленген екен, өкінішке орай Талшықта ең алғаш үйлер сала бастаған кезде, аталар жерленген жерден құм алғанда 2 батырдың сүйектері кетіп қалған екен. Ата-бабаларымыздың аманаты бойынша ол жерді «Батыр төбе» деп атау керек еді, дегенмен кейінгі ұрпақ біліп,естерінде жүрсін деп тасқа аттарын жазуды ұйғардық. Сол жердің жанында тағы қатарлас зират бар. Ол жерде оба ауруынан қайтыс болғандар жерленген. Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар білместікпен сол жерге қоқыс төгуде. Ендігі бір мақсатымыз жергілікті басшылар мен халықымыздың көмегімен сол батырларымыз жерленген аймақты қоқыстан тазартсақ дейміз»,-дейді Қ.Зейноллаұлы.
ЖӘДІГЕРЛЕР
Осыдан біраз уақыт бұрын Монғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Шынай Рахметұлы Шеруші жұртының ұраны болған батырға тиесілі жәдігерлер табылғанын сүйіншіледі. Батырдың бір мезетте 12 адамға ас әзірлейтін қазаны мен темір ошағы табылып отыр. Бұл жәдігерлер Шынжанда тұратын Байтайлақтың ұрпағы Зарқұмар Әбуғали ұлының қолында сақталыпты. Сонымен қатар, Шынай Рахметұлы «Байтайлақ батырдың туын көрдім. «Сар жарғақтан жасап, шетін айналдыра кестелеп, құран аяттарын жазған батырдың туы ШҰАР-ны, Алтай аймағының азаматы Жәнәбілдің үйінде екенін көзіммен көргенмін. Шашағы тозып, көп жерін оқ тесіпті...» деген бір әженің естелігін келтіретіні бар. Бұл туды кезінде Гоминдан армиясымен болған соғыстың бірінде қазақтар көтеріп шығайық деген ұсыныс айтылған екен. Жоғалтып аламыз ба деген қауіппен ұрпақтары беруден бас тартқан. Алайда бұл ту сол күйі жоғалып кетті. Әзір табылған жоқ. Ал халық арасында батырдың шоқпары оның қабірінің басына шаншылған деген деректер айтылады.
2018 жылдың тамыз айының 10-ы күні Астана қаласынан «Астанадан Байтайлақ қорымына дейін» атты арнайы тарихи-мәдени экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция аясында Талшықтан үш шақырым жерде жатқан Байтайлақ қорымына барып, батыр баба туралы ел арасындағы құнды деректерді жинақтады. Экспедицияны аудан әкімі Е.Қ. Мадияров қарсы алып, ауылды аралатып, «Батыр басы» қорымына дұға оқып, «Рухани жаңғыру және Байтайлақ қорымы» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Байтайлақ батыр қорымы - 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» картасына енді. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Батыр төбе қорымы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылында Байтайлақ батыр атындағы көше бар.
Жоңғарларға қарсы күресі
Байтайлақ батыр 13 жасында қолына қару алып, қазақ-жоңғар соғысында аттанған. 1718 жылғы «Аягөз» шайқасында қалмақтың үш батырының басын алып, көзге түскен. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» шабуылында да қанды қырғын ортасынан табылады. 1724 жылы Қанжығалы Бөгенбай батыр бастаған шайқаста да аянбай шайқасып, ерлік көрсеткен. Байталық батырдың даңқын әспеттеген жорық - «Бұланты шайқасы». Бұл жорық туралы өлкетанушы ғалым, ақын Білімтай Біләлұлы «Арқа ажары» газетінде былай деп дерек келтіреді:
«1726 жылы Әбілхайыр ұйымдастырған жеңісті жорық әйгілі Бұланты шайқасында Байтайлақ батыр ерекше көзге түседі. Қазақ жасағы, қатарлас қаруластары Байтайлақ батырды жекпе-жекке шығарып, «Байтайлақтап» атын шақырып ұрандатып, аруақтандырып, жігерлендіріп, қолдап, көтермелегенде жекпе-жекте жан шыдатпастай қарқынға ие болып арқаланып кеткен. Сол екпінмен жекпе-жекке шыққан жоңғар батырымен сайысып жүріп оқыс қимыл кезінде темір сауытының етегінен жік тауып жұқа шаптан жарып жіберген. Ат үстінен ішек қарыны жерге ақтарылып түсіп, жаны шығып та үлгермеген жоңғар батырының салақтаған қанжоса ішек қарынын көрген, жан ұшыра шыңғырған ащы дауысын естіген жоңғарлардың мысы басылып, үрейін ұшырып, қазаққа өр рух, үміт сыйлайды. Сол қарқынын байқаған қаруластары «Байтайлақтап» атын шақырып ұрандап жігерлендіріп жібергенде қарқын алып екпінімен жаудың тобына қаққан сынадай топты жарып кіріп жайпайтын, алды-артынан алдырмайтын айлалы батыр болғаны ел ішінде сақталған»
Байтайлақ батырдың Бұланты шайқасында ерекше көзге түсуіне тағы бір дәлелі 1729-1730 жылдарының шамасында жас Әбілмансұр «Абылайлап» шауып жоңғардың батыры Шарыстың басын алатын жеңісті жол Балқаш көл шайқасында «Ұрандап шапты Байтайлақ!» деп тарихи жырда жырлануы оның рулық ұранға айналып қолбасшы болғанын көрсетеді. 1745 жылы Қалдансері қайтыс болғаннан кейін Абылай хан қазіргі Орталық Қазақстан өңірінен Солтүстікке қарай жойқын тазарту жорығын жасайды. Ең үлкен шешуші шайқастарының бірі еді. Осы шайқасты ғалым, академик Манаш Қозыбаев та нақтылап, дәлелдеп тұжырымдаған. Ел арасынан жинаған аңыз әңгімелерді басшылыққа алар болсақ Байтайлақ батыр осы шешуші шайқаста қапыда қаза болғаны туралы айтылады.
Байтайлақ батырдың жоңғардың әйгілі батыры Тұғыржаппен жекпе-жегі туралы Ақжар ауданы, Кішкенекөл ауылының тумасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер журналист Сағидолда Икеновтің еңбектерінде жазылған: «Байтайлақ батырға келсек, ел аузында ежелден бар. Бір дерек бойынша ол жоңғардың батыры Дұғыржаптың басын алады. Бұл жекпе-жек қазіргі Дұғыржап ауылының маңында болған. Сол маңда Дұғыржаптың зираты болуы ықтимал. Біз жоңғарларды өзімізден кем санайтынымыз бар. Шындығында олай емес. Әйтпесе жер үшін жойқын, қырғын шайқастар ашар ма еді. Біздің өңір зерттелмеген тарихи өлке».
Байтайлақ батырдың қандай себептен қайтыс болғаны ел аузындағы аңыздарда айтылады. Талшық ауылының тұрғыны Төлеубай Әлімов ақсақал Байтайлақ батырдың өлімі туралы айтқан әңгімесін ескі көз деректен бізге жеткен бір тамшы деп білдік: «Шешуші бір үлкен шайқаста қазақтар да, қалмақтар да көп қырғынға ұшырайды. Ақыры қалмақтар ойсырай жеңіліп, қалғаны жан сауғалап қамыс, ағаш аралап, қашып құтылып кетеді. Байтайлақ батыр сол шайқастан жайбарақат жолдастарымен келе жатқанда қалмақтардың қашқан жасақтары Қара обаның маңында ағаш арасына жасырынып, Байтайлақ батырдың артынан жауырын ортасынан садақпен бірнеше рет атып, жарақаттайды. Жебенің ұшы алынбай батыр қатты жарақат алады. Жеткен жері қазіргі оның жерленген жерінің маңы деседі. Байтайлақ батырмен бірге қаруластарынан да бірнеше адам жазым болады. Сонда Байтайлақ батыр өсиет етіпті: «Мені осы су көтерілсе жетпейтін төбеге жерлеңдер. Төбеден қарап жатармын. Мен жатқанда бұл өңірде қалмақтардың ізі де қалмас».
Қазіргі таңда батыр бабамыздың басына кірпіштен өріліп,көк күмбезбен көмкерілген кесене тұрғызылды.Біз Қарашілік орта мектебінің оқушылары кесене басына барып,батыр баба рухына тағзым еттік. Кесененің іші кең,ортасында батыр жерленген жер тастан құйылып,үстін көк жібек бархытпен жабылған. Кесененің ішкі қабырғаларында Байтайлақ батырдың суреттері ілінген,өмірбаяны,ерліктері жайында мәліметтер берілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нақтылы тарихи деректер, аңыз әңгімелерге, зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, бұл тарихи ескерткіштің киелі екеніне көз жеткіздім.Байтайлақ батыр жоңғар шапқыншылығы заманында елі үшін күрескен,жауына қарсы тұра білген,талай жекпе-жекке қатысып,ерлігімен ел көзіне түскен батыр тұлғалардың бірі. 2018 жылдың тамыз айының 10-ы күні Астана қаласынан «Астанадан Байтайлақ қорымына дейін» атты арнайы тарихи-мәдени экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция аясында Талшықтан үш шақырым жерде жатқан Байтайлақ қорымына барып, батыр баба туралы ел арасындағы құнды деректерді жинақтады. Экспедицияны аудан әкімі Е.Қ. Мадияров қарсы алып, ауылды аралатып, «Батыр басы» қорымына дұға оқып, «Рухани жаңғыру және Байтайлақ қорымы» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Байтайлақ батыр қорымы - 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» картасына енді. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Батыр төбе қорымы.Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылында Байтайлақ батыр атындағы көше бар.
Дереккөздер
↑ Алтынбек Құмырзақұлы. Байтайлақ батыр есімі жаңғырған күн / https://e-history.kz/kz/publications/view/4374
-
↑ Асылбек Байтанұлы. Бір Байтайлақ екі жерленбеген / https://e-history.kz/kz/publications/view/__3894
-
↑ Білімтай Біләлұлы. http://arka-azhary.kz/?p=8623
-
↑ Жамбыл Артықбаев. https://e-history.kz/kz/publications/view/5185↑https://e-