Материалдар / Ғылыми жоба тақырыбы.«Қатты тұрмыстық қалдықтардың денсаулыққа әсері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба тақырыбы.«Қатты тұрмыстық қалдықтардың денсаулыққа әсері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ғылыми жобам бойынша Хромтау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтардың мониторингін қарастыру болып отыр. Оның басты мәселесі қоршаған ортаға көп көлемді зиянды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың келіп түсуі.Бұл көп көлемді зиянды тұрмыстық қалдықтар ауа,су,топырақ арқылы адам ағзасына және биосфераға улылық әсерін тигізуде. Себебі экологияның нашарлауы адам денсаулығына әсер ететіні белгілі. Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты біз зерттеу жұмысының тақырыбын «Қатты тұрмыстық қалдықтардың адам ағзасына әсері» деп таңдадық. Зерттеу жұмысының мақсаты- қатты тұрмыстық қалдықтардың табиғи ортаға және тұрғындар денсаулығына әсерінің зияндылығын теориялық тұрғыдан негіздеп, Хромтау қаласы аумағынан шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтардың қоршаған табиғи ортаға әсерін тәжірибелік жұмыстар арқылы зерттеу.Бұл мақсатқа жету үшін біз зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпындық:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
1844
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 Хромтау гимназиясы







Секциясы: Биология



Тақырыбы: «Қатты тұрмыстық қалдықтардың денсаулыққа әсері»








Орындаған:Сағитжанов Әділет

10 сынып оқушылары

5Хромтау гимназиясы




Жетекшісі:Балғазина Гүлфара Нұралықызы

Жаратылыстану ғылымының магистрі



















Ақтөбе 2021 жыл





Мазмұны



Кіріспе.


2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қатты тұрмыстық қалдықтар

2.1.1. Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары

2.1.2 Тұрмыстық қалдықтар туралы түсінік

2.1.3 Қатты тұрмыстық қалдықтардың жіктелуі

2.2 Қатты тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері.

      1. Атмосфераға әсері

2.2.2. Сулы ортаға әсері

2.2.3. Топыраққа әсері

2.2.4 Қатты тұрмыстық қалдықтардың тұрғындар денсаулығына әсері

2.3 Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, шығару және жою проблемасы.

2.3.1 Қалдықтарды зиянсыздандыру

2.3.2 Қалдықтарды орналастыру объектісі

2.3.3 Қалдықтарды жинау және аралық сақтау жүйесі

2.3.4 Қалдықтарды қордалау және өртеу

2.3.5 Қалдықтарды брикеттеу және көму


  1. Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
















КІРІСПЕ

Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды,

бәрі орынды, бәрі шындық ал, адасу

мен жаңылысу тек қана адамда болады”

Гёте

Менің ғылыми жобам бойынша Хромтау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтардың мониторингін қарастыру болып отыр. Оның басты мәселесі қоршаған ортаға көп көлемді зиянды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың келіп түсуі.Бұл көп көлемді зиянды тұрмыстық қалдықтар ауа,су,топырақ арқылы адам ағзасына және биосфераға улылық әсерін тигізуде.

Себебі экологияның нашарлауы адам денсаулығына әсер ететіні белгілі.

Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты біз зерттеу жұмысының тақырыбын «Қатты тұрмыстық қалдықтардың адам ағзасына әсері» деп таңдадық.

Зерттеу жұмысының мақсаты- қатты тұрмыстық қалдықтардың табиғи ортаға және тұрғындар денсаулығына әсерінің зияндылығын теориялық тұрғыдан негіздеп, Хромтау қаласы аумағынан шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтардың қоршаған табиғи ортаға әсерін тәжірибелік жұмыстар арқылы зерттеу.Бұл мақсатқа жету үшін біз зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпындық:

  1. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамы мен жіктелуін қарастырып,қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерін ашып көрсету.

  2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау,тасымалдау,шығару және жою жолдарын талдау.

  3. Қала аумағынан шығарылған қатты тұрмыстық қалдықтардан бөлінетін зиянды газдардың бірі NO2,SO2 газдарын зерттеу.

Тақырыптың өзектілігі: Хромтау қаласында қазіргі кезде басты проблемаларының біріне айналып отырғаны- ол қатты тұрмыстық қалдықтардың сыртқа тасталынуы. Тұрмыстық- қатты қалдықтардың басым көпшілігі ашық алаңда іріктелмей сақталған. Осының әсерінен қоршаған ортаға зиянды заттар көптеп тарап, орны толмайтын зиянын тигізуде. Қоқыстарды ыдырату кезінде қоршаған ортаға тұрмыстық қатты қалдық құрамында ондаған басқа да улы зиянды заттар тарайды.

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған.Сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.

Хромтау қаласының табиғи ортасын қорғауда жүргізілетін шаралар үшін қомақты қаржы керек.Осы экологиялық мәселелерді жақсарту шаралары енді қолға алынып келеді.Оған жасыл желекті көбейту,жерді қорғау,суды қорғау проблемасы тағы сол сияқты шараларын жүргізуі жатады.

Қазіргі уақытта туған өлкенің экологиясы мені қатты аландатып отыр. Соған орай экологиялық проблема ғаламдық проблемаға айналды. Қазіргі уақытта тұрмыстық қатты заттар қоқысының зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек.

Ал қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады.

Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты. Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады.Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді

Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауданымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі,аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді.









































2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қатты тұрмыстық қалдықтар

2.1.1. Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 
30 мамырдағы № 577 
Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.
рҚоса беріліп отырған Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасы  (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2.
рҚазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3.
рЖауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінесәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4.
рОсы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б. Сағынтаевқа жүктелсін.
      5.
рОсы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің       2014 жылғы 9 маусымдағы 
№ 634 қаулысымен    бекітілген     

  












2.1.2 Тұрмыстық қалдықтар туралы түсінік

Қалдықтар-адам баласының кез келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды,бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер төндіреді. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды,олар құнды шикізат көзіне жатады.Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму дегейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған. Сондықтан бұларды сақтауға,жоюға, тасуға,көмуге,зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия,уақыт жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Осыған байланысты қалдықтар үш топқа - өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық болып бөлінеді. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді.

Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әр түрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселесін шешу керек. Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өңдеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса, экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады.

Қалаларда және елді мекендерде ҚТҚ жиналуы қарқынды жүреді және олар уақытында және дұрыс тазартылмаса және зиянсыздандырылмаса,қоршаған ортаны ластаулары мүмкін.

Морфологиялық белгілеріне қарай ҚТҚ төмендегідей құрауыштарға бөлінеді: қағаз(картон), тағам қалдықтары, ағаш, металл (қара және түсті), текстиль, сүйек, әйнек, тері, резеңке, тастар, полимерлік материалдар,жіктелмейтін бөлшектер,електен өткен қалдықтар(көше сметі-15 мм). ҚТҚ өңдеу бойынша кәсіпорынды жобалаған кезде түрлі климаттық ауданның ҚТҚ-ның

морфологиялық құрамы туралы мәліметтер қажет болады.

ҚТҚ құрамының маусымдық өзгерісі тағам қалдықтарының мөлшері көктемде 20-25%-ға, күзде 40-55%-ға артуымен сипатталады, ол тағам рационында жеміс-жидек пен көкөністердің көп тұтынылуына(әсіресе, оңтүстік қалаларда) байланысты болады. Қыс пен күз айларында ұсақ үгінділердің(көше сметі) мөлшері 20%-дан 7%-ға дейін,оңтүстік аймақ қалаларында 11%-дан 5%-ға дейін азаяды.

Соңғы мәліметтер бойынша, ҚТҚ өндірісі бір күн ішінде адам басына шаққанда 0,5 және 1,2 килограмм арасында ауытқиды. Осы көрсеткіштердің тұрақты түрде ұлғаю тенденциясы бар, бұл елдің экономикалық өсуімен туындап отыр. Сонымен бірге, ҚТҚ өндірісінің біршама ұлғаятын кезеңдері бар. Осыған байланысты ҚТҚ өндірісінің көрсеткіші бір күн ішінде адам басына шаққанда 1 килограмм құрайды деп болжаймыз.

Қазіргі уақытта ҚТҚ жоюдың ең кең таралған тәсілі – бұл полигондар. Бірақ, бұл қарапайым тәсіл келесі проблемалармен ілесе жүреді:

-орналастыратын қалдықтарың үлкен көлемі мен аз тығыздығынан қызметтегі полигондар өте жылдам толып қалады. Алдын ала тығыздалмаған ҚТҚ орташа тығыздығы 200-220 кг/м3 құрайды, ол қалдық жинағыштарды қолдану арқылы тығыздаудан кейін тек қана 450-500мг/м дейін жетеді.

-қоршаған орта үшін теріс фактолары: жерасты суларының сілтілік өнімдермен ластануы,жағымсыз иістің бөлінуі,қалдықтардың желмен ұшуы, полигондардың өздігімен өртенуі, метанның бақылаусыз қалыптасуы жәнесұрықсыз түрі экологтарды мазалайтын және жергілікті билік өкілдері тарапынан үлкен қарсылық тудыратын мәселелердің бір бөлігі ғана болып табылады.

-ірі қалаладың жанынан қолайлы қашықтықта полигондар орналастыру үшін жарамды алаңдардың жоқтығы. Қалалардың кеңеюі полигондарды барынша үлкен қашықтыққа ығыстырады. Осы фактор жер құнының өсуімен бірге ҚТҚ тасымалдау құнын арттыра түседі.

-полигондарды жою мүмкін еместігі ең жаңа технологияны қолдануға қарамастан,біздің қоғамымызға әрқашан өңделмейтін фракцияларды жою қажет болады: күл, шина, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары.





































2.1.3 Қатты тұрмыстық қалдықтардың жіктелуі

Пластмасс қалдықтары. Полимер материалдары жыл сайын тонналап қалдыққа кетеді. Тек тауарлардың орауышына,көбінесе,бір реттік орауыштар үшін біз 1млн.т. полиэтилен жұмсаймыз. Осыған байланысты оны утилизациялау өзін-өзі ақтайтын іс және экономикалық жағынан үнемді.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың қатаңдауына байланысты орауыш жасайтын неміс фирмалары барлық қолданылған тараны жинап, қайта өңдейтін болады. Негізінен «Хехст» фирмасы «пластмасса жейтін» автоматты әзірлеуді бастады. Автомат әдетте, үлкен заттар қапталатын,поливинилхлорид қабықша жамылғысы бар картон қораптарды жақсы көретін болады. Бұндай қораптар утилизациялау кезінде үлкен қиындықтар туындатады, өйткені оған құрамына түрлі химиялық құрамның материалдары қолданылады, ал материалдарды болу операциясы утилизацияны едәуір қымбаттатады.

«Хехст» фирмасы картонды қайта өңдеген поливинил хлоридке ауыстырды. Автоматтар орауыштағы код бойынша оның

қайта өңделген поливинилхлоридтер жасалған-жасалмағандығын анықтайды және оны утилизациялауға даярлау үшін ұнтақтайды.

Катализатор ретінде цеолит қолданылады, ол мұнайдан пластмассаны қайта алу үдерісін жылдамдатады. Жаңа технология бойынша 1 кг пластмассадан 0,5 литр бензин және 0,5 литр керосин немесе дизельдік отын алуға болады.

Макулатура. Қайталама ресурстарды шикізат ретінде қолдану да елеулі экологиялық тиімділік береді. Макулатурадан қағаз не картон жасау кезінде атмосфераға бөлінетін шығындылар(бастапқы шикізатты қолданумен салыстырғанда) 85% -ға, судың ластануы 40%-ға дейін төмендейді. Қалдықтардың утилизациялау табиғат ресурстарын үнемді жұмсауға септігін тигізеді: 1т макулатура 4 м ағашты үнемдейді.Қазіргі кезеңде макулатураның жиналу және өңделу ҚТҚ масштабы орман алқабының 75 мың гектарын шабылудан (кесілуден) сақтап қалады. Макулатураны жинау проблемасы әлемде түрліше жолдармен шешіледі. Сонымен қатар бұндай қалдықтарды жинаудың үлкен экологиялық маңызы бар екенін де ұмытпауымыз керек,өйткені макулатураны жинау арқылы қоршаған ортаның ластану дәрежесін кемітеміз.

Макулатураны жаңа қағаздар мен қағаз бұйымдарын жасау үшін

қолдану тек макулатураны жинау тиімділігіне ғана байланысты емес, ол әрі комбинаттардың қайталама шикізаттарды қолдана алу қабілетіне де тәуелді.Макулатураны қажет күйге жеткізетін қондырғылар қажет.Газет қағазын газет макулатурасынан жасамайды, өйткені ол үшін «ізгілендірілген» макулатура қажет:әуелі макулатураның бояуын кетіріп,салмағын тазарту керек,сосын оны ағарту қажет. Бояу кетіретін флотаторлар біздің елімізде шығарылмайды.Әйтсе де газет қағазын макулатурадан жасағаннан гөрі,ағаштан өндірген арзанға түседі.

Түсті металдар. Қалдықтарды қолданудың экономикалық-экологиялық пайдасы бар екендігі даусыз:қайталама шикізатты өңдеуге бастапқы шикізатты өңдеуге кететін қаражаттан 4 есе аз қаражат жұмсалады.Қайталама металды жинау мен өңдеуге жұмсалатын шығындар рудалардан металл алуға кететін шығыннан 25 есе төмен.Бастапқы алюминийді өндіру кезінде жұмсалатын электр энергиясының шығыны қайталама шикізатты балқытуға кететін электр энергиясынан 75 есе жоғары.

Үйінділерде жүздеген тонна сынап жинақталады. Бұл жердегі қауіп тек адам мен табиғатқа төнетін қатер де ғана емес,мамандардың есептеуі бойынша сынаптың қоры осы жақын арада таусылады. Қазақстанда үйінділерге вольфрамы бар 100 млн. Электр шамдары және осының жартысындай қалайы тасталады.

Бокситтерден жаңа алюминий алу қолданылған консерв банкілерінен алюминий алудан 10 есе қымбатырақ тұрады.

Жыл сайын 800 мыңнан астам қолданыстан шыққан қорғасын- қышқылды аккумуляторлар үйінділерге тасталады,оның әсерінен қала қорғасынмен ластанады.

Әйнек ыдыстар. Әйнек ыдыстарды қайта қолдану жаңасын жасағаннан гөрі көп арзан тұрады. Халықаралық жәрмеңкелерде шетелдік фирмалар біздің кәсіпорындардың әйнек өнімдерін қуана-қуана сатып алады, ал Қазақстанның қалаларында миллиондаған бөтелкелер үйінділерде шашылып жатады немесе қоқыс өртеу зауыттарының пештеріне түседі.

Автомобиль доңғалағының тысы (қабы). Кез келген елде тозып қолданыстан шығып қалған авто доңғалақтардың тыстарының тигізетін қырсығы көп,бәрінен бұрын экологиялық тұрғыдан келер катер үлкен,өйткені табиғат өздігінен каучукты ыдырата алмайды.

Алайда оларды дисперстік күйге дейін өңдей отырып,түрлі резеңке бұйымдарын,мысалы гидротермоизоляциялағыш жүйеліктер жасауға болады.

Көне тыстар (қаптар) резеңке үгінділері мен регенераттар жасау үшін бастапқы шикізат ретінде қолданылады.Бұндай пластикалық материалдар түрлі резеңке бұйымдарында,соның ішінде жаңа тыстарда каучук орнына қолданылады.Үгінді мен битумнан пайдалы құрылыс және техникалық материалдар алынады.Көне тыстардан өңделген 1тонна өніммен 400 кг синтетикалық каучукты үнемделеді. Көне автомобиль доңғалақтарының тыстарын фин қондырғыларымен утилизациялауға болады.Қондырғы оларды ұсақ бөлшектерге турап, түйіршіктер жасайды.Олар жол және спорт алаңдарының құрылысына қолданылады.

Люминесценттік шамдар.Люминесценттік шамдарды эколо- гиялық пайымдаулар тұрғысынан үйінділерге тастауға тыйым салынған.

Құрылыс қалдықтары. Ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау,құрылыстарды бұзу және оларды тарқату салдарынан үлкен көлемді қалдықтар-құрылыс өнеркәсібі үшін және өнеркәсіптің өзге салалары үшін әлеуетті шикізат түзіледі. Көбінесе бұндай қалдықтарды үйінділерге,соның ішінде рұқсат етілмеген үйінділерге шығарып тастайды. Ақтөбеде осындай жалпы ауданы 137га 63 үйінді анықталды,олардың негізгі құрауыштары-құрылыс қоқыстары.

Сонымен бірге ғимарат конструкциясының элементтерін және құрылыс өндірісінің қалдықтарын өңдеу-іріктеу,ұсақтау-қайталама щебень,құмды-гравий араласпалар,металлолом және т.б. алуға мүмкіндік береді.Мысалы,щебеньді жол құрылысында төзімділігі төмен бетон және темірбетон конструкцияларын алу үшін,монолит бұйымдарының өндірісінде қолданады.

Азық-түлік қалдықтары. Азық-түлік қалдықтары бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтардың 40%-ын құрайды.Оларға жарамдылық мерзімі өткен азық өнімдері және медициналық мекемелердің қалдықтары,арнайы жоюға арналған қалдықтар жатады. Бұл қалдықтардың категориясы қоқыс үйінділерінде құстарды, кеміргіштерді, жыртқыштарды және үй жануарларын, тұрмыстық жәндіктерді еліктіреді.Сонымен қатар олар адамдарға қауіпті эпидемиологиялық аурулар таратушы болып табылады.


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!