400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба "Тоғызқұмалақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы

Сәкен Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп










Ғылыми жұмыстың авторы: Мұқашова Жансая






ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақ халқының ұлттық

ойыны- тоғызқұмалақ








Ғылыми жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Қожабекова Айбану Нұрғыдырқызы








Алматы-2020жыл

Тезис

Алматы қаласы

Түрксіб ауданы

С.Сейфуллин атындағы

№74 ЖББМ


Орындағандар: Мұқашова Жансая

8ә сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Қожабекова Айбану Нұрғыдырқызы

Пәні: дене шынықтыру


Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойыны- тоғызқұмалақ


Өзектілігі: Еліміздің көркейіп, ұлтымыздың салт-дәстүрлері қайта жаңғырып жатқанда, ұлттық мұра дастандарымызды кейінгі ұрпаққа насихаттау. Қазақ өмірінің тереңінен суарылған талай дәстүрі мен мәдени қазынасы халқымыздың саналы ғұмырында сақталып, ертеден бүгінге жетті. Қазір сол көмескіленіп қалған дүниемізді қайта жаңғыртып, келешек ұрпақтың алдында таныстыру. Жер жүзінде компьютер, теледидар, жаңа ақпарат құралдары шығып, баланың ой-өрісіне қаншама зиянын тигізуде. Балалардың жастайынан ашуланшақ, сабырсыздық сақтамауы осының әсерінен ұлттық ойын туралы түсініктерін кеңейту.

Жоба мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойын қаншалықты адамның денсаулығына пайдалы екенін және тоғызқұмалақтың баланың зеректік қабілетін, ой-өрісін арттыруға зор үлесі бар екенін түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Аталған мәселенің жағдайы жайлы ақпарат жинау.

  2. Шешуші көрсеткіштерді таңдау.

  3. Мәліметтерді жинақтау, сараптау, қорытындылау.


Бағыттаушы сұрақтар: Қазақ халқының ұлттық ойындары не себепті қан қыздырып, қызуқандылықты шыңдай түседі?

Проблемалық сұрақтар: Ұлттық ойынды қалай жандандыруға болады? Ұлттық ойынды қалай қолдауға болады? Неге қазіргі балалар Ұлттық ойын ойнамайды?

Зерттеу нысаны: Ұлттық ойындар және оның түрлері және тоғызқұмалақ ойыны

Зерттеу әдістері: Ұлттық ойындар туралы мәлімет іздестіру, ұлттық ойын суреттерін жинастыру.


Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы  2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.

Қазақша атаулары:

№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөтпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт    

Мәтіні: Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.

Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі

Бірінші ерекшелік –ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Мысалы үшін төмендегі № 1 диаграммаға назар аударалық:

Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі терминдері:

      •Құмалақ
      •Қазан
      •Отау
      •Бастаушы
      •Қостаушы
      •Тұздық
      • Атсырау  

    9      8       7      6       5       4     3      2     1

1

11

2

1

11

11

11

11

12

 

10

11

11

11

11

11

1

2

11

2

10

 

№ 1диаграмма

Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6-шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7-ші отауға жүрді делік, сонда 6-шы отау бос қалады. Келесі № 2 диаграммаға қараңыз:

    9      8       7      6       5       4     3      2     1

1

11

2

1

11

11

11

11

12

 

10

11

11

11

11

11

 

3

11

2

10

    1     2      3       4      5      6      7      8       9

№ 2 диаграмма

Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін  соңғы құмалақ қарсыластың  екі құмалағы бар отауларының біріне (9- шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1-ші отаудан жүріп, қостаушының 2-ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.( № 3-диаграмма )

    9      8       7      6       5       4     3      2     1

1

11

2

1

11

11

11

 

13

 

10

1

12

12

12

12

2

3

12

3

22

 

№ 3 диаграмма

Міне осы сәтте қостаушы 5-ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының 6-шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан  «тұздық» алады.

    9      8       7      6       5       4     3      2     1

2

12

3

2

1

11

11

 

13

 

13

2

13

13

13

13

Х

3

12

3

22

    1     2      3       4      5      6      7      8       9

№ 4 диаграмма

Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады.Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.

Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды.Мысалы, бастаушының 1–ші отауымен қостаушының 1–ші отауы аттас, 2-ші отауымен 2-ші отауы аттас т.с.с.

Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын  «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі мысалға назар аударалық:

    9      8       7      6       5       4     3      2     1

2

2

 

 

 

 

 

 

 

 

80

 

 

 

 

Х

1

 

 

7

70

    1     2      3       4      5      6      7      8       9






Рецензия


С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектептің 8 «ә» сынып оқушысы Мұқашова Жансая «Қазақ халқының ұлттық ойыны- тоғызқұмалақ » деген тақырыпта ғылыми жоба жасады. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады



Рецензия жасаған: Қожабекова А.Н































Кіріспе


Өзектілігі: Еліміздің көркейіп, ұлтымыздың салт-дәстүрлері қайта жаңғырып жатқанда, ұлттық мұра дастандарымызды кейінгі ұрпаққа насихаттау. Қазақ өмірінің тереңінен суарылған талай дәстүрі мен мәдени қазынасы халқымыздың саналы ғұмырында сақталып, ертеден бүгінге жетті. Қазір сол көмескіленіп қалған дүниемізді қайта жаңғыртып, келешек ұрпақтың алдында таныстыру. Жер жүзінде компьютер, теледидар, жаңа ақпарат құралдары шығып, баланың ой-өрісіне қаншама зиянын тигізуде. Балалардың жастайынан ашуланшақ, сабырсыздық сақтамауы осының әсерінен.
ұлттық ойын туралы түсініктерін кеңейту.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Жоба мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойын қаншалықты адамның денсаулығына пайдалы екенін және тоғызқұмалақтың баланың зеректік қабілетін, ой-өрісін арттыруға зор үлесі бар.

Міндеттері:

  1. Аталған мәселенің жағдайы жайлы ақпарат жинау.

  2. Шешуші көрсеткіштерді таңдау.

  3. Мәліметтерді жинақтау, сараптау, қорытындылау.

Әлемнің түкпір-түкпірінде адамзаттың қолымен, ақыл-ойымен жасалған зияткерлік ойындар мыңдап 1893 жылы Чикаго қаласындағы көрмелердің бірінде ежелгі кезде адамзаттың В.Чемпионның қарқынды жұмыстарынан кейін, оның қатарластары көбейіп, сол жерде. Ойынды жетілдіру бағытында компьютерлік бағдарламалар жасалып, бірқатар уақыттардан кейін Қазіргі кезде калахтың көптеген елдерде қауымдастықтары бар. Интернетте ойынды Ал осы қозғалыс ойындары санатындағы зияткерлік ойындардың бастау көздері Жоғарыда айтқанымыздай, калах ойыны көптеген ғасырлар бойы ұмытылып калып, Бірақ халық жадында сақталган нәрселер ұмытылмайды екен.









Зерттеу бөлімі


Тоғызқұмалақ өте қызық әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып, жетіліп келеді. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалың есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отаудың» орнын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны әзірше белгісіз. Ал, негізінде, Қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы қазірге дейін бұл ойынды халқымыз көне замандарда-ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу жердегі Ақшұқыр деген тас төбенің үстіне тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашап ойылған. Бұл тақтаны қай кезде кім ойып жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені малшылар Ақшұқыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде тоғызқұмалақ ойнаған. Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы Тарбағатай тауының Сайқан жоталарындағы және Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға да ойып салынғаны белгілі болып отыр. Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты көшпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасқан оның ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға болады. Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді.Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды – қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп атаған. Тоғызқұмалақ ойынының көп жабдықты қажет етпейтінін қарапайым болуы оның халық арасына кең тарауына мол мүмкіндік берген. Бұл ойынның тағы бір ерекшелігі – тоғызқұмалақты екі ойыншы ғана ойнап қоймай, оның көптеген қызықтаушы жанкүйерлері де болған. Мәселен, бірнеше адам жиналған жерде екі адам ойнаса, қалғандары солардың жанкүйерлері ретінде екіге бөлініп, қызықтап қарап отырған. Былайша айтқанда, әр ойыншының жақтас жанкүйері болған. Тіпті, мықты ойыншылар басқа ауылдардағы өзі сияқты ойыншыларды іздеп барып ойнағанда да жанкүйерлері, ақыл-кеңес беретін адамдары ілесіп бірге жүрген. Тоғызқұмалақ ойынын оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының өзінше атауы бар: сол жақтағы шеткі, яғни бірінші отау-«таңдық», екіншісі-«көшпелі», үшіншісі-«атөтпес», төртіншісі-«атсұратар», бесіншісі – «бел», алтыншысы – «беласар», жетіншісі – «қандықақпан», сегізіншісі – «көкмойын», тоғызыншысы – «маңдай». Әр отауды осылай деп атаудың өзіндік тарихи себебі бар, яғни ойынның ойналу процесі толығынан осы отау аттарына негізделген. Мәселен, ойын басталғанда алғаш жүрген адам «қандықақпан» десе, ол – жүрісін жетінші отаудан бастағанын хабарлағаны. Енді қарсыласы жүрісті жалғастырып, «бел» десе, қарсылас ойыншы оның жүрісті қай отаудан бастағанын біліп, соған қарсы жүруге кіріседі.Ойын тақтасы кейіннен ағаштан жасалып, ірі отау солдан оңға қарай- а, ә, б, г, ғ, д, е, ж, з әріптерімен белгіленді. Алайда бұлай белгілеу ойынды жазу процесінде қиындық туғызғандықтан, 1970 жылдан бері қарай 1-ден басталатын тоғыз цифр қолданылатын болды. Бұл математикалық есептеу тұрғысынан ойынның есебін шығаруға, жүрісті анықтап, тезірек шешім қабылдауға қолайлы болды. Кейінгі кезде тоғызқұмалақ ойынын тек қазақтар ғана емес, республикада тұратын ұлт өкілдері де көптеп ойнай бастады. Мысалы, Астана ауылшаруашылық институтының оқытушысы Д.С.Поляков алғашқы республикалық жекелей біріншілікте үлкен шеберлік көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Қазіргі кезде тоғызқұмалақ ойынының республикалық федерациясы бар. Онымен қоса республика біріншілігінің және республика аралық жарыстардың жеңімпаздарына «Қазақстан спорт шебері» деген атақ беріледі. Тоғызқұмалақтан республиканың жекелей біріншілігімен қоса командалық жарыс та өткізілетін болды.

Ойын ережесі. Тоғызқұмалақ тақтасының отауларына тиісті құмалақтар салынып дайын болған соң, төреші ойынның басталғандығын хабарлайды.Алғашқы жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Есте болатын нәрсе: алғашқы жүрісті ойыншы тоғызыншы отаудан бастауға болмайды, басқа отаулардың кез келгенінен бастауға болады. Жүрісті бірінші болып бастаған ойыншы өзі «осыдан жүрген дұрыс» деп есептеген отауда бір ғана құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды сол жүрген отаудан кейінгіден бастап бір-бірден салып шағады. Ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғыз құмалағы бар отауына салып, сол отаудан он құмалақ алады да, өз қазанына апарып салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ алу үшін, оның ең соңғы тақ құмалағын өзінің бір құмалағымен жұптап, өз қазанына салып қояды. Әдетте қарсылас ойыншылар ойын барысында өздерінің отауларындағы құмалақтарды жұп күйінде ұстап отыруға ұмтылады. Ойыншылардың мұндай жағдайдағы отауы «жабық отау» деп аталады. Ойын барысында әр ойыншы өз қарсыласының отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға тырысады. Демек, саны тақпен аяқталған отау «ашық отау» деп аталады. Ойын барысында ойыншы қарсыласының отауында жатқан құмалақтарды қолмен ұстап санауға болмайды. Тек отауларының қайсысы ашық, қайсысы жабық және қасында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады. Ал әр ойыншы қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге міндетті. Сондықтан ойыншылар негізінен тақта отауларының әрқайсысында қанша құмалақ барын есте сақтауға тырысады. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол жүріс үшін керек болса, онда ойыншы жалғыз құмалақты қатарындағы отауына ауыстырады, яғни әлгі жүріс жүрілген болып саналады.

Тұздық. Ойын барысында «тұздық алу» деген болады. Жүрген ойыншы ең соңғы құмалағын қарсыласының екі құмалақ жатқан отауына түсіріп, үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласынан тұздық алған болып есептеледі. Тұздық алудағы мақсат- әрбір жүріс сайын отауға түсетін құмалақты өзіне алып отыру. Ойын ережесі бойынша тек «маңдайдан», яғни тоғызыншы отаудан «тұздық» алуға болмайды.Және де екі ойыншы бірдей санды отаудан тұздық ала алмайды.Ойын барысында «тұздық» бір- ақ рет алынады.

Атсырау.Ойын барысында,әсіресе, ойын соңына таман келгенде ойыншының біреуінің құмалағы таусылып қалады да, жүретін жүрісі бітеді. Тоғызқұмалақ ойынында бұл жағдайды «атсырау» деп атайды. «Атсырау» жағдайына тап болған ойын партиясы ұтылған болып есептеледі. Себебі, ол ойыншы одан әрі жүре алмайды. Ал енді қарсыласын «атсырау» жағдайына алып келген ойыншы өз отауларындағы құмалақтардың барлығын жинап, өз қазанына салады да, барлық құмалақтың есебін шығаруға кіріседі.«Атсырау» жағдайына дейін бұл екі ойыншының бірі 82 құмалақ жинап үлгермегенін, әлі де жүру мүмкіндігінен айырылмаған ойыншы жеңген болып есептеледі.Ойын барысында «атсырау» жағдайы сирек кездеседі. Себебі ойынның айла-тәсілін білетін ойыншы өзін «атсырау» жағдайына жеткізбеуге тырысады.

Ойынды жазу жүйесі. Тоғызқұмалақ ойынының барысы шахматтағы сияқты басынан аяғына дейін жазылып отырады. Мысалы, 711 саны жазылса, ондағы 7- отаудың реттік саны да, 11 – сол отаудың құмалақ саны. Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыласының жүрісі жазылады. Мұнда да отаудың реттік саны мен сол отаудағы құмалақ саны жазылатын болады. Сонда бірінші жүріс шамамен былай болып шығады: 711-815. 815-қарсыластың жүрісі:15 құмалағы бар 8-отаудан басталған жүріс.Екінші мысал.Ойыншылардың екінші жүрісі 69-55 болды делік. Мұндағы 6 – бірінші жүрген ойыншының отауының реттік саны да, 9 – отаудағы құмалақ саны. Бірінші 5 – екінші жүрген ойыншының отауының реттік саны да, екінші 5 – сол отаудағы құмалақ саны. Тағы да бір мысал. 12 құмалағы бар 2-отаудан жүріп, қарсыласының екі құмалағы бар 4-отауына түссе бірінші жүрген ойыншы тұздық алады. Тұздық жазуда «Х» таңбасымен белгіленеді. Сонда бұл жүріс 212-42Х болып шығады. Сондай-ақ, жүрістің соңғы құмалағы «тұздыққа» түссе, онда 84-2Х болады. Бұл – 4 құмалағы бар 8-отаудан жүріп, қарсыласының 2-отауына тұздыққа түсті деген сөз.

Жүріс ережесі. Ойын барысында ойыншы қарсыласының келісімінсіз құмалаққа қол тигізуіне болмайды. Егер ойыншының біреуі құмалаққа қолын тигізуіне тура келіп жатса, құмалағымды реттеп санаймын деп қарсыласына ескертуге міндетті. Егерде ескертусіз бір отаудағы құмалаққа қол тигізсе, сол отаудан жүріс жүруге тиіс болады. Әдетте ойыншы құмалағын ұстаған отаудан жүруі керек. Ал қарсыласының құмалағына қол тигізуге ешқайсысының да қақысы жоқ. Бұл ережелер ойын басталар алдында ойыншыларға қатаң ескертіледі. Ойынды жеребе бойынша бірінші жүру кезегіне ие болған ойыншы бастайды. Екі ойыншы да жүрген жүрістерін қағазға жазып отырады. Ойын барысын жазу кезінде, айталық, жүрген ойыншының отауында қанша құмалақ қалғандығын қарсыласы сұрап білуге ерікті.Ойын соңында жеңіске жету үшін қазанына міндетті түрде 82 құмалақ жинауы керек. Ойынның тең аяқталуы – сирек кездесетін жағдай. Тек ойын барысында екі ойыншы бірдей тұздық алғанда ғана ойын тең аяқталуы мүмкін. Ойын ережесі бойынша осы ойынды жеңген ойыншыға – бір ұпай , тең ойынға жарты ұпайдан беріледі. Ал ұтылған ойыншыға ұпай берілмейді. Жарыс қорытындысын шығарған кезде ұпай санымен қоса міндетті түрде құмалақ саны қоса жазылады. Мәселен, ұтса 82-80, тең түссе 0,5 81-0,5 81 деп жазылады. Жарыс хаттамасына (протоколына) ұпай санымен қоса құмалақ санының жазылуы біріншіліктің қорытындысын, яғни жеңімпазды анықтау кезінде екі-үш ойыншының ұпайы бірдей болып қалса, жеңімпаз құмалақ санына қарай анықталады.


Міне бүгінгі таңда қазақтың төл зияткерлік ойыны тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді.Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина,Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.Тоғызқұмалақ тарихында және бір тарихи тұңғыш оқиға болды. 2009 жылы 19-26 қазан аралығында Шымкентте тоғызқұмалақтан І Азияның ашық чемпионаты болып өтті. Чемпионатқа 9 елден барлығы 31 ойыншы қатысып, бас жүлде Қазақстан спортшыларына бұйырды. Сөзімнің соңында жеңісті күндер көбейе берсін деп аяқтаймын.


Зеректік ойын «тоғызқұмалақ» денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрету.

Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір тоймайтын, халық даналығы қалдырған ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Халықпен бірге жасасып келе жатқан даналардың ойыны аталған тоғызқұмалақ, бүгінде даму сатысында екенін айта кеткен жөн. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде, қалай қалыптасқаны жөнінде нақтылы тарихи деректер әзірше аз.


Әлемде

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Моңғолияда мектептерде тоғыз-құмалақтан олимпиада өтеді екен. Қытайда,Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда,Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар. Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Шри-Ланкада олинда калия, қырғыздарда тогузкоргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, намнам, бао,тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак  сынды ойындар бар.

Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.

 

Қазақстанда

Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.


Қорытынды


Тоғызқұмалақ ойыны денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:

- дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;

- сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;

- қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;

- сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарпайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолданады.

Қорыта келе, қазақтың ұлттық ойындары адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.









































Пайдалынылған әдебиеттер:


  1. Тектұрмас бастамасы. М.Хұсайынов, Б.Төлегенов, Ү.Атчыбаева. 2018ж.


  1. Тоғызқұмалақ. Ә.Ақшораев, М.Ноғайбаев. 2009 ж.


  1. Дене шынықтыру 3 сынып. М.Т.Тұрыскелдиевна. 1999ж


  1. Қазақтың ұлттық ойындары. Базарбек Төтенаев 1994ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
2601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі