Төлеби ауданы Ленгер қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы: Төлеби ауданына қатысты
аңыз-әңгімелердің шығу тарихы
Жұмыстың авторы: Батырбай Арайлым
Жетекшісі: Булекбаева Лаура
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ленгер атауының шығу тарихы 2.2. Ғайып болған қырық ер немесе Ғайып Ерен Қырық Шілтен
2.3. Ғайып Ерен Қырық Шілтен – қасиетті мекен
2.4. Қырық Шілтеннің пайда болуы туралы әпсана
2.5. Ақбура әулиенің бұлағы
2.6. Көз ата әулие
2.7. Қырық қыз" туралы аңыз...
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың мақсаты
: Берілген тақырыптар бойынша
тарихи білім беруді жетілдіру, туған ел тарихын оқытуда Қазақстан
Республикасының бір бөлшегі Төлеби ауданы тарихының оқушылар үшін
алатын орнын ашып көрсету, оқушыларды туған жер тарихымен, ондағы
жер-су атауларына қатысты аңыз-әңгімелермен таныстыру, шығармашылық
қабілетін дамыту.
Жұмыстың міндеттері : Оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту; мемлекеттік стандартта белгіленген міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейіне жету; тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу; оқушылардың Отан тарихын оқып-білуде жүйелі білім алуы; оқушыларда Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді дамыту; аудан, ауыл тарихы туралы деректер жинау; туған жер перзенттерін дәріптеу.
Кіріспе. Төлеби ауданына қысқаша шолу
Төле би ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км² (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы). Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ленгер қаласы. (1945).
Жер бедері таулы, денесті жазық. Ең биік жері — Сайрам шыңы (4338 м). Шығысында Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500м), Қазығұрт (1200м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-90С, шілде айында 24-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда коңыр сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде т.б.: тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын т.б. өседі. Жануарлардан: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін т.б.: құстардан — бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтеді.
Леңгер қаласының жер аумағы - 2510,03 га
Халық
саны
-
27000
Қала аумағындағы елді мекендер: І – мөлтек ауданы көпқабатты үйлер, Север, Қазығұрт, Самал, Алатау, Шаңырақ, ІІ – ҮІ мөлтек аудандары мен Новостроевка, Шахта-Тоғыс, Таскешу, Орталық қала аумағы.
Денсаулық сақтау мекемелері: 1 – емхана, 1 – аурухана, 1 – түберкүлезге қарсы диспансер, 2 – медициналық тірек пунктер.
Білім беру саласы: 10 – жалпы орта мектеп, 3 – мектеп интернат, 2 –
колледж
Мектепке дейінгі мекеме: 6 – мемлекеттік, 4 – жеке меншік
балабақша
Мәдениет: 2 – мәдениет үйі, 3 – кітәпхана
Негізгі бөлім
Ленгер атауының шығу тарихы
«Туған өлкеміз – тұнған шежіре» деп бекер айтылмайды. Тау мен даланың, өзен-көлдің, жер-судың, елді мекеннің атауларында алуан-алуан сырлар бар.
Ленгер атауының шығу төркіні туралы әр түрлі болжамдар бар.
Ғалымдардың пікірлерімен халық аңыздары да үндесіп жатыр. Оған мысалдар жеткілікті. Енді осы Ленгер атауының шығу тарихына қатысты бірнеше нұсқаны саралап көрсек…
Шымкент қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Ленгер қаласы — бүгінде Төле би ауданының орталығы. Бұған дейінгі тарихы да қызық. Қазіргі Төле би ауданы алғашында, яғни 1931 жылы Бадам ауданы аталып, арада екі ай өткен соң 1932 жылы Ленгер атауына алмастырылды. 1936 жылы Георгиевка ауданы деп өзгертіліп, кейіннен Ленгер атауы қайта берілді. Тәуелсіздік алған соң өткені жаңғырып, аудан атауы Төле би деп өзгертілді.
Елдің басым көпшілігі Ленгер атауын осындағы көмір шахтасын ашқан Ленгер есімді неміс ғалымының атымен байланыстырады. Сол ғалымның есімі қала атауы болып қалып қойған дейді. Бұл кең таралған түсінік. Ленгер деген неміс ғалымы туралы мұрағаттарды іздеп, еш дерек таппадым.
Одан бөлек, бұл қала атауының қазақша жазылуында да екі-үш нұсқа бар. Біріншісі, Ленгер болса, екіншісі Ленгір, тағы бірі Леңгір. Орысша Ленгер деп жазады. Ономастикалық мекеме бекіткен атау — Ленгер.
Екіншісі, Леңғар — таулы жер
бедерінің атауы. Алайда, мұнымен санасатын тірі пендені көрмедік
дегенді қосып қояды.
Үшіншісі, Лең — тау қойнауы; ғар – йурт-жұрт: Сонымен Леңгердің мән-мағынасы «тау қойнауындағы жұрт» екеніне көз жеткіземіз.
Сондай-ақ, Ленгер атауын «Іліңгір» өзені атауының мағынасымен де байланыстыруға болады.
Енді бір ел аузында қалған тәпсір бойынша, осында үлкен бір ну тоғай болған екен. Сол тоғайда шеңгел өскен. Тоғай ішінен, шеңгел арасымен өткен малдың жүніне шеңгелдің тікенектері ілініп, жабысып, малды құрсап қалады екен. Содан халық: іліңгір, іліңгір деп атап, кейіннен осы сөз өзгеріске түсіп, Ленгір деп қалып қойған. Тағы бір нұсқа, Ленгер деген өзен атауы болғанын алға тартады.
Төс елінен шыққан ғұлама Бекасыл Биболатұлының «Жұлдызнама» кітабында нұрлы мекеннің құбыла тарапында Ташкент аталса, күншығысында мыңдаған асыл тектілердің шейіт болған жері және Хасан бар деп көрсетілген. Шындығында Төле би ауданының «Қоңырбөрік» ауылының тұсында Хасан деп аталатын жер бар. Ал Хасан мен Хусан Мұхаммед пайғамбарымыздың немерелері, Әзірет Әлінің балалары.
Хасан Әзірет Әлі дүниеден өткен соң Халифатты басқарған. Сол жер «Хасанның ордасы» екі жыл тұрған жері. Сахабалардың Қазығұртқа келіп зиярат еткенінің тағы бір дәлелі «Кеме қалған» шыңының күнбатыс беткейінде «Әзірет Әлінің тұлпары аунаған» деп аталатын көкорайлы жазық бар. Исхажбабтағы тозақ отын харам қылатын қасиеті «Әбрахмат» суы Қазығұрт тауының – 1750 метр (теңіз деңгейінен) биігіндегі «Кеме қалған» шыңының тұсында.
Қазығұрт тауының айналасындағы сан түрлі жер атаулары Нұх пайғамбар кемесінің осында тоқтағанына дәлел-дәйек бола алады. Бұл атаулар бағзыдан өшпей, халық жадында сақталып бүгінге жетіп отыр.
Ойсыл қара, Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба, Шекшек атаға байланысты жыр, аңыз да топан судың осында болғандығын нақтылай түседі. Бұларды не үшін жіліктеп отырмын. Яғни Ленгер атауы ежелгі түркі сөзінен туындаған, оны парсы сөзіне апарып телудің қажеті жоқ.
Екіншіден, Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұртқа тоқтағанда оның осында якорь-зәкір тастағаны шындыққа жанасады. Мен де іліңгір сөзінен сандаған жылдар өте Леңгір атауы пайда болды деп санаймын.
0 «Іліңгір» атауы логикаға да, тіл салтымызға да,
санамызға да қайшы келмейді. Белгілі этнограф — ғалым, Ақселеу
Сейдімбековтің айтқаны да, мақалада көрсетілген бұрынғы өткен
шетелдік саяхатшы ғалымдардың айтқандары да дұрыс. Бұл атауға
ешқандай да неміс ғалымының қатысы жоқ! Бұл ежелгі түркі сөзі
«Іліңгір», яғни — зәкір (якорь) деген сөздің баламасы.
Қазақтың соңғы Сыпыра шежірешісі Әлиасқар Байғұтұлынан қалған
насияттарда да бұл «Іліңгір» жері туралы да айтылған. «Абылай Хан
жоңғарды жер бетінен жойғаннан кейін киелі Қазығұртқа жақын жатқан
Сайрам жерінде Берке Науан Хан Тәуекелден бері өткен Қазақтың 77
мың батырына арнап Үлкен Ас беріп, әр қайсысына жеке- жеке Құран
бағыштатады. Асқа дайындық Алтай мен Еділ арасында жайылып жатқан
жауынгер Қазақ Елінде 7 айға созылады. Қазығұртқа, Түркістанға,
«Үшайғыр Тубайларға» (қазіргі Астана қаласына жақын жердегі ежелгі
Тұран қағанаттарының туы сақталған киелі шағын қала), «Бестораңғыл»
әулиеге, Отырардағы Арыстан Бабаға үлкен күзеттер қойдырады. Алыс —
жақын шет елдерден меймандар шақырылады. Асқа 230 мыңнан астам
қонақтар жиналып, 40 күнге созылады. Ас көкпар, палуан күресі,
айтыс, сайыскерлік пен жамбы ату сияқты түрлі іс – шараларға толы
болады. Ал Арыстан Бабаның басына жер жүзінен жиналған дәруіштер
күні — түні зікір салып тоқтамайды. Сонда Астың «Бас Тоғашысы»
болған, Қазақтың Үш Жүзі Билерінен жоғары тұрып, билік айтқан,
атақты әскери стратег (ресей мен қытай атын атауға тиым салған)
Жоталы Биі Жасболұлы Шалқы Би: Осы «Қансуар» майданға дейін «Нұқ
Пайғабардың (Ғ.А.) кемесі киелі Қазығұртқа жақындап, алғаш тоқтап
«Іліңгір» (якорь) тастаған жеріне жыл сайын дәруіштер мен абыздар
зиярат жасап, зікірлер айтқан. Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі
тоқтап қалған бұл іс — шараларды Сендер қайта жаңғыртыңдар!» — деп,
ол жерге ондаған үйлер тіктіріп, ас — ауқаттарын дайындатып
дәруіштерді сонда жеткізуге пәрмен берген» — депті.
Тарихымызды жадымыздан өшіруге тырысқан отаршылдық жүйе міне
бүгіндері келмеске кетті. Әрбір жер өзінің ежелгі атауын иеленуі
тиіс. «Жердің атын өзгерту оның киесі мен қасиетінен айыруға
әкеледі!» — деп, Ұлы Бабаларымыз бұған қатаң түрде тиым салған.
Ежелгі Сақтар мен Тұранның тікелей мұрагерлері болған Дешті Қыпшақ
пен Қазақтың ұлы қаһарлы Қаһандары мен хандарының өздерінің де,
және олардың өткен Ұлы Бабаларының да қолдарында тұрды жер мен
шаһар аттарын қалай атаймын десе де. Бірақ олар мұндай тексіздікке
бармаған…
Ғайып болған қырық ер немесе Ғайып Ерен Қырық Шілтен
«Ғайып Ерен Қырық Шілтен» деген төрт сөзден құралған атаудың көне түрікше аудармасы «Ғайып болған қырық ер» деген мағынаны береді екен.
Ел арасында Ғайып Ерен Қырық Шілтен туралы ауыздан ауызға тарап жүрген аңыз-әпсана өте көп. «Қазыналы оңтүстік» жинағына енген аңыздардың бірінде: «Ел арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда, бағзы заманда бір сахабаның баласы жанына серіктерін ертіп, барлығы қырық кісі болып, қасиетті жерлерді аралап, түнеп, зиярат етіп кете беріпті. Ол кісілер Қазығұрт тауы баурайына барып, қазіргі Әңгірата ауылына жақын тұста орналасқан тасқа түнеп, соны мекенжай етіпті» деген дерек кездеседі. Тағы бір аңызда олардың атын «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» деп атаса, екінші бір әңгімеде «Қызыр Ата Қырық Шілтен» деп атаған екен.+

«Қазыналы оңтүстік» жинағында: «Қазығұрт бөктеріндегі жергілікті халық әлгі қырық кісіні ғайыптан пайда болған әулиелер, олардың топтастырылып айтқандағы аты – шілтер деп түсенді. Содан ол жер «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» деп аталып кеткен. Расында да бұл атаудағы «Шіл» сөзі парсы тілінде «қырық» дегенді білдіреді. Қиялау беткейде көне қамалдың жұрнағындай болып қақа бөлініп тұрған тас Нұх пайғамбар заманынан бастап тарих куәсі болып мызғымаған қалпымен әлі де тұр. Талай ғасырлар бойы табиғаттың дүлей мінезіне шыдап, мүжілмей келе жатқан қасиетіне қайран қаласың. Қазығұрттың басына тоқтаған Нұх пайғамбардың кемесімен байланыстырыла айтылатын әулие Ғайып Ерен Қырық Шілтен халық ауыз әдебиеттерінде, батырлар жырында, көптеген діни кітаптарда адамдарға септігі тиген әулие, тылсым күш иесі ретінде сипатталады. Әсіресе, әулие туралы «Мұңлық-Зарлық», «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы» жырланрында көп айтылады. Аталған жырларда бұл Ислам дінімен ұштаса келген алғашқы элемент екенін бағамдау қиын емес. Қырық шілтен (яки Иран – Ғайып) ең алдымен Хорезм, Орта Азияда туады. Ертедегі Шашты Әзіз, Қорқыт культімен байланыста болған. Толстов өзінің «Древний Хорезм» еңбегінде «Қырық Шілтен» кейін сопылық культіне айналған мазһаб болған, олар Орта Азияда қырық-қырықтан ұйысып, ресми дін, саяси тәртіппен жасырын күресекн. Өздерінің құпия орындайтын салттары болған. Иран шілтендері өздерін жеті пір деп атаған» деген қызықты мәліметтер ұшырасады.+
«Шілтен» – шырақшы деген сөз. Бұл туралы Толстов «Древний Хорезм» жинағында: «Шілтендер күндіз мешітке барып, түнде мазарларда болған, шөл кезіп, жол тосқан, молдаларды өлтірген, жолаушыға болысқан, шөлде оларға соқпай өтетін жан болмаған. Екінші жағынан олардан қорқуға да болады» деп жазған. Осыған ұқсас аңызды орыс ориенталисі Андреев Түркістан ауданынан да жазып алған деген дерек бар. Шілтендер жақсы жұлдызшы, уақытты аймен санаушы балгер болған. Жұрт шілтендерге жалбарынған.+
Тарихи деректерде суфизм оқуын тұтынғандар Орта Азияға дәруіш, шілтен түрінде келе бастаған. Өздері жеке-жеке топ болса да, әлденеше жүз мың диуана болып жүрген. «Ғайып – Иран шах Абаз» дейтін қиссада Үргеніш патшасы да соларға қосылып «Ғайып болған». Сол негізде Орта Азияның Қазақстанға қараған шетінде «Ғайып – Ирандар» (суфизм) поэзиясы туған деген деректер кездеседі. Оның басты өкілдері – Арыстан баб, Бақырғани, Иасауилер деп айтылады. «Түркістанда Түмен баб, Отырарда отыз баб, Сайрамда бар сансыз баб» дейтін сөздер содан қалса керек.+
Тағы бір тарихи деректерге сүйенсек, «X-XII ғасырларда бүкіл суфизм оқуының орталығы – Сыр бойы (Түркістан) болған еді. Қырық Шілтендер Иран жеріндегі ассасиндер мазһабына ұқсас болған. Сөйте тұрып, өздері Орта Азияға Ислам дінін таратқан. Шыңғыс хан дінге қарсы күрес жүргізбегендіктен, шілтендер даланың талай жеріне барған. Басында шілтендер культі зороастризмнен туса керек. Өйткені, шілтендер де молаға, мазарға жиналып, түні бойы 40 жерден шырақ жағып, зікір салатын болған. Парсыша «Шахл» шырақ. Сонда бұл үрдістің дін қастасы ортасында туған исламдық салт, ұғым, мистицизм болғанын айыру қиын емес» деп жазылады.+
.+Тағы бір аңызда «Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулиелер құрамындағы адамдар өз ажалынан өледі, бірақ көп ұзамай оның орны лайықты мұсылмандармен толықиырылады. Ел ішінде «Бір ит соңынан қалмай жүріп, Ғайып Ереннің құрамына өтіпті» деп айтылады. «Әулиелердің ұлықтары Ғайып Ерен Қырық Шілтенмен бірігіп намаз оқиды екен» деседі.+
Тағы да Шілтер һақында
Әдебиетші Құралбек Ергөбек «Тағы да Шілтер һақында» атты еңбегінде «Түпкі тегі бір мұқым түркі халықтарының тәуап қылып, зиярат ететін, сонау ескі қадім заманнан ұлық әулие болып саналатын қарт Қазығұрт тауының төңірегінде қасиетті орындар көп. Солардың бірі – Шілтер Ата әулие. Киелі таудың солтүстік тарабындағы биік жотаның бүйірінен орын тепкен нақ осы аталмыш әулиенің Ата тасы мен Ана тасы аспанмен таласқандай болып алыстан менмұндалап көз тартады. Әсілінде біз сөз етіп отырған әулие орынның аты – Шілтер Ата. Алайда бұл әулие жөнінде, оның атауы жайында басқашалау түсініктің белең алғанына біршама уақыт өтті. Ендігі жерде ол халыққа Ғайып Ерен Қырық Шілтен деп жаңсақ танылып, атауы турасында өзіндік қалыптасу кезеңін аяқтап отырғанға ұқсайды. Көнекөз қариялардың айтуынша, төрт тараптағы мұсылман жұртына әйгілі әулиелер – Ғайып Ерен Қырық Шілтен кәдімгідей тірі адамдар болып есептеледі. Ал Шілтер Ата әулиені Ғайып Ерен Қырық Шілтен деп тану – жаңсақтық болады. Шын мәнінде Шілтер әулениенің өзі жеке бір тұлға. Ғайып Ерен Қырық Шілтен дейтін атауды иеленген тірі адамдар – одан өзге бөлекше әулиелер» деп жазады. Шежіре мен ауыз екітарихи әңгімелерді көп жинақтаған төлебилік Ереген Ағыбайұлының қолында сақталған көне қолжазбада: «Ақбура Ата Қаңлы еді, Шілтер Ата Үйсін еді» деген сирек мәлімет айтылыпты.+

Қамзабек Мықтыбекұлы өзінің «Қазанат» атты кітабында былай деп жазған: «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» – кәдімгі тірі адамдар. Жасы келгеннен кейін өледі. Тірі адам есебінен толықтырылады. Талап-тілектерге сай келсе, мұсылман болса, ұлтына қарамастан кез келген адам Шілтен бола алады».+
Ғайып Ерен Қырық Шілтен дегенміз тірі адамдар һәм ұзын саны қырықтан не кем емес, не артық емес әулие кіслер екен. Олар Шілтер Атаны ғана емес, киелі таудағы Қазығұрт атаны да, Ақбура атаны да, Көзді атаны да, Мейрам ананы да, Кемеқалғанды да, осылар секілді төрт тараптағы өзге әулиелердің барлығын да мекен, тұрақ етіп, қасиетті орындардың киелілігін көтеруге септігін тигізіп, адамзат баласын желеп-жебеп жүр деп түсінген жөн.+
Ғайып Ерен Қырық Шілтен – қасиетті мекен
Ғайып Ерен Қырық Шілтен қысылған шақта, тар жол, тайғақ кешуде ғайыптан ақыл-айла, күш жіберіп сүйеуші күшке, кереметке ие деген түсінік бар халық арасында. Бұл туралы аңыз-әңгімелер көп. Халық Арыс өзенінің жарлауық қабағына немесе Төлеби ауданындағы Бұлақшы жартас қойнауына, қаражамбас Қазығұрт тауының солтүстік-батыс етегінде орналасқан тас мүсіндерге барып, «әулие» деп тәу етеді. Бұл жерлерді қасиетті мекен деп біледі. Соңғы кездерде «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» деп жазыла бастады. Соның бірі – қасиетті қаражамбас Қазығұрт тауының етегінде, қазіргі Төлеби ауданына қарасты Кемеқалған әкімшілігі аумағында орналасқан «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» киелі орны.+
Атақ-даңқы сонау тарих қойнауынан бастау алатын бұл жерге дүниенің төрт бұрышынан жанына дауа іздеп ағылатын көпшіліктің қарасы көп. Түрлі сырқаттан мұңға оранған жандар, бала көтере алмай жүрген әйелдер, өмірде жолы болмаған пенделер сондай-ақ тілек тілеп, рухани тазаруды ниет еткен дені сау жұрт әулиеге зиярат етеді. Алладан медеу тілейді. Мұндағы топырағы қызғылтым төбедегі жақпар тастардың әрқайсысының өз атауы, қасиеті, ішіне бүккен тылысм сыры бар. Оларға ғайыптан қуат сіңген деседі. Бірі көп дәрежеде, бірі аз дәрежеде адам тағдырына араласа алатын күштерден, әулиелерден қалған қасиетті таңбалар дүниеге өріс таратады. Биологиялық өрістерге ие болу үшін мұнда келген адамдар түрлі-түрлі шарттарды орындауы керек.+
Ғайып Ерен Қырық Шілтен киелі орынының жолбасшылары зиярат жасаушыларға ғажайып мекенмен таныстыруды үш көзден шығатын бұлақ жанынан бастайды. Ел әңгімесіне құлақ түрсек, «үш көзден шығатын бұлақ суының біріншісі – көз, екіншісі – ентікпе, өңеш, жұтқыншақ, асқазан, үшіншісі – жүйке ауруларына емдік қасиеті бар екен» десе, екінші бір әңгімеде: «Шілтер Ата әулиеге бара қалсаң, алдыңнан қатарласа ағып жатқан үш бұлақ шығады. Біріншісі – Шұрық бастау, оның суы құлақ ауруына, екіншісі – Өңеш бастау, ол кеңірдек пен тыныс жолдарына ем. Үшіншісі – Көз бастау, бұл көзі ауырғандар үшін шипалы көрінеді» дейді. Үш бұлақ суының қасиеті бір-біріне ұқсамайды деп айтылады.+
Келесі бір аңызға назар салсақ, «Ғайып Ерен Қырық Шілтеннің құрамына енген әулиелер су ішкен бұлақты – Қошқар ата, Ықылас бұлақ, Ниетті бұлақ деп атаған. Үш түрлі бұлақ суы шығыстан – құлақ, оңтүстіктен – өңеш, солтүстіктен – көз болып ағып жатады. Ағып жатқан бұлақ суының үш түрлі дәмі бар. Ал әулиелердің түнеген үңгірлері Мүшірәб ата, Сайрам, Үшбұлақ» деп бірін-бірі толықтыра түседі. Сондай-ақ «Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған жерге ілгерідегі көне жол Сайрам –Қарақуыс бел асуы арқылы барып, жоғарыда аталған бұлақтардан су ішіп, үңгірлерге үш рет түнесеңіз қажылыққа бір рет барғанмен тең» деп әулиенің қадір-қасиеті мен киелілігі жайлы айтылған әңгімелер ел арасында көп айтылады.+

Солардың бірінде, Ғайып Ерен Қырық Шілтен бұл күндері жылан кейпіне кірген. Ол тек жүрегі таза, ниеті ақ адамдарға ғана көрінеді. Оны көрген кісінің көп ұзамай бақыты ашылып, керемет әулиенің дәреметіне жолығады. Бұлақ басындағы диірмен тасына ұқсас белгілерді «Әулилер қолдап, аянмен теріліп әкелінген» деген түсінік бар. Басты белгілердің бірі – босаға белгісі. Одан өткен әр адам: «Бисмил-лаһир-рахманир-рахим. Ниет еттім.Ғайып Ерен Қырық Шілтеннің оң ізділігіне (ұлына), сол ізділігне (қызына)» деп, оң аяқпен аттап сәлем беру шарт. Бұл белгі қыз балаға қарағанда, ұлдардың жолының үлкендігін аңғартады. «Атадан ұл туса, өзінің қалғаны, атадан қыз туса, ізінің қалғаны» деген мақал осыдан қалса керек. «Ғайып Ерен – күш-құдірет, Қырық шілтен – көзге көрінбейтін қырық бір ата, – дейді көнекөз қариялар, – Қырық бір атаның біріншісі осы босаға. Осы арадан босағаның берік, шаңырақта ынтымақ-берекенің болуын сұрайды. Өйткені, ұл бала үйленіп, қыз бала тұрмыс құрады. Солардың ынтмағы мен бақытын сұрайды. «Өлі риза болмай, тірі байымас» дегендей, «Бисмил-лаһир-рахманир-рахим» деп босаға тасынан оң аяқпен аттап, осы босағадан қайта шыққанша әркім бала-шағаның аман-саулығын, жалпы келешегін, арман-мақсатын сұрайды екен.+
Босағадан ішкен енгеннен бастап, бойыңызға ерекше жылу кіреді. Әр адам өзіне қажетті тілегін іштей ойлап, тілейді. Одан әріректе тастардың арасынан өсіп шыққан жалғыз түп тұт ағашы бар. Оны «Ұлдар апаның қасиетті тұт ағашы» деп атап, киелі санайды.+
Зиярат етушілер босағадан атағаннан кейін қасиетті тұт ағашына тоқтайды. Бұл жерден тамырланып өсетін жеміс-жидек, дән-дақылсыз адамзатқа күн жоқтығын білдіреді екен. Келушілер ағашқа құран оқып, дұға жасайды. Содан кейін жоғары өрлеп, биіктігі он метрге жуық, ұзындығы жиырма метрдей, бастары шығысқа қарай ұйысып жатқан Ата мен Ана деген екі алып тасқа келеді. Бұл жерде еркек – жел, дауыл, от, суға шыдамды, әйел затының пірі, қорғанышы. Ата Ананы қорғап тұр. Тастағы мың сан тесіктер Ананы оттан, судан қорғаған Атаның қырық тесік шапанын білдіреді. Ал Ана – үй үшін жаралған, ана – от басы, ошақ қасына байланған. Ананың бауыр жағында төрт бөлікке бөлінген қазаннан аумайтын белгі бар. Бұл – «Төрт құбыла түгел, төрт түлігіміз сай болсын, қора малды болсын!» деп тілек тілейтін жер.+
Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулие жайлы халық арасында «Жапсарлас тұрған екі алып тастың арасынан адамдар өтеді екен, күнәсі қыруар пенде тас арасында қысылып қалып, күнәсі аздар өтіп кетеді, тас арасынан жылан, арыстан секілді қорқынышты елестер көрінуі мүмкін, қысылып қалғандар құрбандыққа мал атап, әрең босайды екен» деген әңгіме бар. Бұл киелі жердегі ең негізгі зиярат рәсімінің бірі Ата және Ана аталатын бір-біріне сүйеніп тұрған екі алып жартастың арасынан тілді кәлимаға келтіріп, оң жақ иықты алға салып бір қырымен өту болып саналмақ. Көпшілік негізінен осы тастың алдына зиярат жасап түнейді. «Ата мен Ана тасы арасынан өтейін, бойымдағы ауыртпалығымнан сейілейін!» деп, ниет етіп шыққан кісілер ғана тастар арасындағы ғажайып жайдан еркін өтеді. Мұнда келушілер көңілінде жүрген тілектерін іштей айтып, тілін кәлимаға келтіріп, оң жағымен бір қырындай өтеді. Бойында кешірілмейтін күнәсі бар күнәһар адамдар адамды тастар қыспаққа алып, ол адамның жолын әруақ байлайды. Не болмаса алдынан қорқынышты үрей шығып немесе жылан болып әлгі күнаһар жанды кері кетіруге ықпал жасайды.+
Ондай жағдайда ол адам тәубаға келіп, құран оқытып, қайыр-садақасын атағаны дұрыс. Бұл туралы шырақшылар: «Ата мен Ана арасынан өте алмай қалатын екі жағдай бар, бірі – алдарынан Қыдыр ата жылан кейпінде кездесіп қалуы мүмкін. Ондайда «Менен алыста ғой, әншейін құйрығы не болмаса арқасы ғой» деп өтіп кетпей, тілді кәлимаға келтіріп, кейін қайтуы керек. екінші жағдайда, Ата мен Ана басыңнан, кеудеңнен, не аяғыңнан қысып қалады.+
Ата мен Ана арасынан өте алмағандар немесе өтуге жүрексінгендер Атадан «Желеп-жебей көріңіз!» деп, тілек айтып Ата бауырынан өтеді. Атаның бас жағына келгенде ер адам: «Ата, оң іздігің сәлем беріп тұр» деп, бес саусақтың орны қалған таңбаға саусақтарын тигізіп, ишарат етеді. Әйел баласы тек қана иіліп сәлем жасайды. Зиярат етушілер осы тілектен соң, ана бетіне өтеді. Ана бетінде ана шарасы, ана нәрестесі, ана сүті, ана қамырының белгілері бар.+
Келгендер оларға тәу етіп, қалғандары Ананың анар сүтінен сипалап, құмын шүберекке түйіп алады. Оны қасиетті деп санап, көбінесе балаларға тұмар етіп тағады немесе үйде жоғарыға іліп қояды. Бұл белгілер әйел баласының не нәрсеге ие болуы керектігін аңғартады. Ата мен ананың орта шенінде ошағы бар, сол «Ошақта космостық белгі бар» деседі. Және Ана тастың бетінде жас нәресте қолының, аяғының іздері бар.+
Осыдан кейін тәу етіп келушілер Ғайып Ерен Қырық Шілтендегі Құран оқитын жайға барады. Бұл жерге келген адамдар барлық ата-бабаларына, өлі аруақтарға құран бағыштайды. Одан кейін Қуаттылық жылу белгісі, «ол адам бойына ізігілік, шапағат нұрын құяды» деседі.+
Әулиеге деген құрмет
Осы қасиетті орынды Балақыз ана Балқыбекқызы жастайынан құметтеп, Ғайып Ерен Қырық Шілтен қауымдастығын ашады. Әулие төңірегіне ағаш егіп, Нұх пайғамбар кемесі тоқтаған жайға бара жатқан жолдағы су шайып кеткен босаң жерлерге тас төсетеді. Жас кезінен Қазығұрттың бауырында Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулиенің жылуын, шапағатын сезінген Нақыпбайұлы Нқрмахан да Балақыз ананың ісін жалғастырып, әулиенің жан-жағын мал кірмейтіндей қоршапты. Ағаш отырғызып, тал егіп, аяқасты қылмау жолын қарастырыпты. Алдына 1993 жылы жарық әкеленіп, 1993 жылы 5 шілдеде әулие орынға барар жол салынады, жанына ағаш егіледі. Және қасиетті орынды күтіп, баптаушылар Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулие орнын құрметтей отырып, жылына екі рет: ұлыстың ұлы күні мен шілденің 5 күні ұлтына, дініне қарамай, құдайы тағам береді.+
Үлкендердің айтуынша, әулиелі орынға келгендерге жылан бейнесі бір ғасырда бір-ақ рет көрінеді екен. Шілтер әулие болғалы үш адамға ғана көрінген, - дейді зияратқа келген қарияның бірі.+
Ғайып Ерен Қырық Шілтен – он сегіз мың ғалам құбылысының шоғырланған мекені. Жалпы ел арасында әулиелік қасиетке жетудің жеті сатысы бар. Оның ең жоғарғысы – құтып, екінші сатысы – әруақуль муқаддас, үшінші сатысы – Ғайып Ерен Қырық Шілтен болып саналады. Қырық Шілтеннің құрамында қырық әулие болады. Халық танымында әулиелердің ұлықтары Ғайып Ерен Қырық Шілтенмен бірігіп, Жаратқанды ұлықтап намаз оқиды екен. Кез келген қазақтың ұғымында бұл әулие бейнесі – зарыққанға медет, тарыққанға күш-қуат беретін ғаламат иесі болып танылады. Халық аузында Адам ата - Хауа анаға дейін табиғаттың заңын, тіршіліктің көзін көрсеткен осы Ғайып Ерен Қырық Шілтен деп айтылып, Қобыланды, Алпамыс батыр жырларында, қисса-дастандарда көп айтылады. +

Қырық Шілтеннің пайда болуы туралы әпсана
Ғайып Ерен Қырық Шілтеннің тікелей өмірге келуіне әл-Фарабидің тетелес замандасы, арабтың көрнекті ғұламасы әл- Ғазали себепші болатын деген сөз бар.+
Бірде он үш-он төрт жасында Үндістаннан араб елдеріне білім іздеп шығады. Әкесі соғыс кезінде Үндістанға қашып барған араб екен. Арабияны өз отаным деп есептейді. Жолда керуенге қарақшылар кездесіп, тонай бастайды Керуендегілер ақшасын жасырады. Әл-Ғазали бір тиынын жасырмай, қалтасынан шығарып береді. Қарақшылар таңырқап:+
– Сен ақшаңды өзгелер сияқты жасырмай, барлығын түгел неге бере салдың? - деп себебін сұрайды. Сонда әл–Ғазал:+
– Анамның "Құдайдан қорық, адам баласына қиянат жасама, өтірік айтпа, адалдан мал тап" деген өсиетін орындап тұрмын, - дейді. Бұл сөз қарақшыларға қатты әсер етеді.+
– Мына қаршадай бала тегін бала емес. Біз Құдайдан қорықпаймыз, адамдарға қиянат жасаймыз, өтірік айтып арамнан мал тауып жүрміз. Кішкентай бала құрлы бола алмадық -ау!- дейді. бір-біріне күңкілдесіп.+
Бәрі ақылдаса келіп:
– Қаршадай бала болсаң да, көргенің мен көңілге түйгенің бізден асып тұр. Мына заттарыңды алдасен бізге бәрімізге бата бер, мүмкін адалдықпен нан табуымызға себепші боларсың, жолымыз ашылар,- деп әл-Ғазалиден бата сұрайды. Әл-Ғазали алақанын жайып, іштей бір тілек айтып бата береді. Батасы қолма-қол қабыл болады. Керуендегілердің көз алдында әлгі қарақшылар құс сияқты «пыр» етіп ұшып кетеді. Сонда керуеншілер таңырқап, қаршадай баладан:+
– Бұларға не істедің, олар қайда кетті,- деп сұрап, барлығы баланың алдына отыра қалыпты. Сонда әл-Ғазали:+
– Бұлар бүгіннен бастап Ғайып Ерен Қырық Шілтен болады, – дейді.+
Шілтер әулие мен қырық серігі туралы әпсана
Баяғы өткен заманда Шілтер деген әулие кісі болыпты. Құдайға құлшылықтан жазбаған, істеген ісі ақ, көңілі сүттей пәк. Ниеті адал, сөзі түзу адам екен. Бір күні жолаушылап келе жатып, қасындағы қырық кісісмен бірге Қазығұрт тауының етегіне келіп түседі. Дәм ішіп, дамылдағаннан кейін бесін намазын оқуға кіріседі. Намаз оқылып жатқан кезде таудан түскен қарақшы дұшпандар әулиені серіктерімен қоса өлтірмекке бекініп, тап береді. Шілтер мен қырық жолдасы намаздарын бұзбай оқи береді. Намаз үстінде әулие Алладан:+
– Иә, Құдайым, бізді жау қолына түсіре көрме, жау қолына түскенше тас мүсінге айналдырып, қатыра гөр, – деп тілейді.+
– Қасиетті Шілтер әулиенің тілегі қабыл болып серіктерімен бірге тасқа айналып, қатып қалады. Сонан көпшілік бұл жерді «Қырық Шілтер әулиенің жері» деп кетеді. Осы жерде біріне-бірі қарама-қарсы үш бұлақ ағып жатыр, үшеуінің дәмі де үш түрлі, емі де үш түрлі. Біреуі – іш ауруларына, екіншісі – көз ауруларына, үшіншісі – құлақ ауруларына дәру. Ол бұлақ суы тасқа айналып, рухы көкке ұшқан Шілтер мен қырық жолдасының көз жасы екен дейді.+
Шілтер ата мен Қазығұрттың бәсекесі туралы аңыз
Бірде Шілтер ата мен Қазығұрт ата жолығып, араларында әулиелік туралы талас туыпты.+
– Мен әулиемін! – дейді тәкаппарланған Қазығұрт ата.+
– Жоқ, сен емес, мен әулиемін! – депті намысын бермеген Шілтер ата.+
– Ендеше, күш сынасайық, – депті Қазығұрт ата. Шілтер ата келісімін беріп:+
– Немен, қалай күш сынасамыз? – деп сұрайды. Араларында арашасы болмаған соң, дауды шешу үшін бір-біріне оқ атып, күш сынасуға тоқталыпты. Сонда қарт Қазығұрт ата:+
– Ит көйлекті бұрын тоздырсам да, ағалық жолымды саған бердім. Бірінші боп сен ат, – деп мәрттік танытады. Сонда Шілтер атаның атқан оғы Қазығұрттың бел ортасын қопарып, тауды қос өркештендіріп жіберген екен. Ал Қазығұрттың атқан оғынан Шілтердің беті шұрқ тесік болып кетіпті.+

«Қаражамбас Қазығұрттың қос өркештеніп, ал Шілтердің бетінің қырық тесік болғаны осы даудың әсері екен» деседі ел аңызы. Алыстан қарағанда Қазығұрт шөгіп жатқан қос өркешті түйеге ұқсаса, Шілтер ата бетінен Қазығұртқа қараған тұсынан қарса ойдым-ойдым шұрқ тесікті көресің. Екеуінің бәсекесінен соң, көп ұзамай Шілтер атаның алдынан қатарласа аққан үш бұлақ пайда болыпты. «Шілтер ата құлағы, мойыны мен шүйдесіндегі жарақатын бірінші, кеңірдек, көкірек пен тыныс жолдарына түскен жарақатын екінші, көзі мен аузына түскен жарақатын үшінші бастаудың суымен шайып, қалған денесіндегі жарақаттарын үш бұлақтың суын араластырып емдепті» деседі. Сондықтан сол үш бұлақтың біріншісі – «Шұрық бастау», екіншісі – «Өңеш бастау», үшіншісі – «Көз бастау» аталыпты.+
Қырық шілтен туралы әпсана
Бұрынғы өткен заманда Бай деген адамның келіні туа алмай жүреді. Ақыры доп-домалақ бірдеңе туыпты, ол кішкене доптай екен. Оны жарып көрсе ішінен қырық бала шығыпты. Балалар өте кішкентай екен. Балалар күннен күнге үлкейіп, сағат сайын өсіп, бойлары ұзын, ерекше күшті, алып батырлар болыпты. Балалар үлкейіп, оларды қырық қызға үйлендіріпті. Олар үйлі-жайлы, балалы-шағалы болыпты. Балалардың атын «Қырық шілтен» қойыпты.+

КАЗЫГУРТАқбура әулиенің бұлағы. Ақбура бабамыз түркі жұртының пірі болған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың замандасы әрі шәкірті болған екен. Ақ бураға мініп, зікір салып жүрген деседі. Сондықтан да Ақбура әулие аталыпты. Әулиенің шын есімі Ақтамберді болған. Нұх Пайғамбардың кемесі жерді жұтқан топан судың үстінде тірек таппай қалтақтап келе жатқанда, Алланың қалауымен осы Қазығұртқа тірелгені санамызға әбден сіңіп, жүрегімізде жатталған. Аңыз бойынша Нұх пайғамбар кемесі тоқтаған деп үш жер аталады. Араб еліндегі Жуда тауына, Армениядағы Арарат тауына, қазақ халқының аңызында Қазығұрт тауына тоқтаған делінеді. «Сонау замандарда күллі әлемді топан су басатын болыпты. Осындай ғаламат апаттың боларын алдын ала білген Нұх пайғамбар ертерек қамданып, кеме жасатады. Кемеге 80 адам және төрт түлік мал мен әртүрлі аңдар, құстардың бір-бір аталықтары мен аналықтарын алады. Күндердің күнінде су тартыла бастап, кеме Қазығұрт тауының төбесіне шөгеді. Кемедегі көп адамдар аштықтан, апаттан мерт болып, тек Нұх пайғамбардың өзі Қам, Сам,Иафес деген ұлдары және үш келіні аман қалыпты. Міне, адамзат ұрпағы осылардан тарап, өрбіген екен. Ал аман қалған төрт түлік пен өзге де жан-жануарлар осы өңірде өсіп-өніп, жан-жаққа тараған дейді».
Қазығұрт тауы жайлы деректер IX ғасырда оғыздар мен печенектердің арасындағы соғысты бейнелейтін «Қорқыт туралы» жыр мен Әбілғазының «Түрік шежіресі» кітабында, Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабы мен әйгілі шығыстанушы, академик Әбубәкір Диваевтың «Қазығұрт аңыздары» еңбегінде және белгілі жазушы, қоғам қайраткері Қалаубек Тұрсынқұловтың 1993 жылы шыққан «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» кітабында, Оңтүстік өңіріне әйгілі жазушы Мархабат Байғұтов пен Әлібек Файзуллаевтың, «Қазыналы қара шаңырағым» деректемелік жинағында, Е.Қойшыбаев пен С.Жақыпбековтың еңбектерінде баяндалады.
Қ.Тұрсынқұлов Қазығұрт «Қазы» және «Құрт» деген екі сөздің бірігуінен шыққан деген болжамды келтіреді. «Қазы» деген лауазымды кісіге ғана қолданылатыны соңғы кезге дейін қазақ тілінде жиі қолданылып келді. Мысалы, әділқазылар алқасы. Ал «Құрт» атауы көне түрік тілінде «Қасқыр» деген мағынаны білдірген. (Деректер Төлеби аудандық мұражайынан алынды).
Осындай аңызбен астасқан тау баурайында түстеніп болған соң Сұлтан Рабат ауылындағы Шілтер әулиеге жол тарттық. Мұнда зиярат етіп келушілер әуелі қасиетті бұлаққа аялдайды. Бұлақтың кереметі бастауын үш қайнардан алып, үш түрлі дәм беретіндігінде жатыр. Біріншісі – шұрық бастау, суы құлақ ауруына ем, екіншісі – өңеш бастау, ол кеңірдек пен тыныс жолдарына ем. Үшіншісі – көз бастау, бұл көзі ауыратындар үшін шипалы.
Жоғары көтерілгенде тастардың арасынан өсіп шыққан жалғыз түп тұт ағашына кездесесіз. Оны киелі ағаш деп келген зияратшылар құран бағыштап өтіп жатыр. Содан кейін биіктігі 10 метрдей, ұзындығы 20 метр шамасында, қапталдас Ата мен Ана аталатын екі алып жалпақ тасқа жетесіз. Бас түйістіріп тұрғандай әсер беретін екі тастың арасынан зияратшылар өтеді. Тастың арасынан дене бітімі толық адам өтіп, арық адам өте алмай қалып жатқан тылсым дүние. Алланың кереметіне қалай таң қалмасқа.
Көз ата әулие ХVІІІ ғасырда Сейіткәрім деген қары молда кісі өмір сүріпті. Таңның атысы мен күн батысы елдің қамын ойлап, егін салып еңбектеніп, бес уақыт намазын үзбей, елді имандылыққа шақырыпты. 104 жасқа келгенде фәни дүниемен қош айтысқан қартты жерлеуге келген елде сан болмапты. Ақ жауып арулап осы орынға қойыпты. Көз атаны жер қойнына тапсырып, дұға етіп бола бергенде, тау қозғалғандай болып, әртүрлі дыбыстардан құлақ тұныпты. Бір кезде тастардың арасынан мөлдір бұлақ қайнап шығыпты. Бейіт судың астында қалады ғой деп тұрғанда толып аққан бұлақ суы Көз ата әулиенің мазарын айналып аға жөнелсе керек. Ел мұны әулиелікке жорып, ұмыт қалдырмай зиярат ететін болыпты. Міне, осы мөлдір бұлақ суы қазіргі таңда емдік қасиетке ие екен.
Жылақ ата. Табиғаты ерекше. Қыр етегінде көздің жауын алардай су тамшыларынан құралған әсем сурет. Бұл туралы ел аузында бірнеше аңыздар қалған екен.
Ертеде байлығына сай ақылы мен парасаттылығы, жанашырлығы мен мейірімділігі мол, діндар кісі өмір сүріпті. Оның жалғыз ұлы болған екен. Күндердің күнінде әлгі ұлы кенеттен қайтыс болады. Қайғы отынан күйінген кейуана, сүйікті ұлын қазіргі Қоскөдекте жер анаға тапсырып, жар бойындағы үңгірді пана етіп күні-түні демей сүйікті ұлын еске алып, көз жасын көл етіпті.
«Жар жағалауынан тамшылап ағып тұрған тамшы сулары әлгі кейуананың көз жасы», -дейді ауыл-аймақтың қариялары. Тағдырдың тақсіретіне күтпеген жерден кез болған кейуана ендігі өмірін адам баласына жақсылық жасауға, емшілікке бет бұрып, ауру-сырқаудан айығуға себепкер болуға арнауды мақсат етеді. Ол науқастарды жеті бұлақтың қосынды суымен емдеп, талайларды ажал құрсауынан аман алып қалады. Көп ұзамай-ақ оның есімі шартарапқа әйгілі болады. Күндердің күнінде әлгі кейуана із-түссіз жоқ болады.
Қырыққыз «Қасқасу – Қазақстанның Швейцариясы» деген пікірдің орындылығына көзіміз жетті аталмыш ауылдың табиғи сұлулығын көзбен көрген мезетте. Ауылдың төбесінен төніп тұрғандай әсер қалдыратын Сайрам шыңы да бұл құтты мекеннің абыройына абырой қосып тұрғандығында дау жоқ. Сайрамсу өзенінің жағалауында орын тепкен Мыңшейіт қорымы туралы ел аузында көптеген аңыз-әңгімелер айтылады екен. Бір өкініштісі тарихи тұрғыда бұл орын ешбір зерттеулерді көрмеген. Жергілікті көнекөз қариялар мен ғалымдардың әңгімелері ғана ел жадында қалыпты.
Мұнда мәңгі дамылдап жатқан ата-бабалар рухына құран бағышталған соң, шырақшы Шымкентбай атамыздың әңгімесіне құлақ түре отырып, қорымда жерленгендер туралы сұрадық. Бұл қорымда бір кездері Оңтүстік жеріне дін Исламды таратуға келген араб сарбаздары жерленген екен. Әскербасы Икрам бастаған жасақ Құрбан айт мерекесінің құрметіне намазға сап түзейді. Намазға тұрмас бұрын жүрегі бір олқылықтың боларын сезсе керек-ті, имамға құранды қысқа оқуды ескертіп, дұшпанның қаупін қаперге салыпты. Десе де құлшылыққа ұйыған имам ұзақ аятты оқыпты. Сол маңды торуылдап жүрген дұшпан әскері бұл мүмкіндікті қалт жібермей, қолбасы Ухшинның бастауымен араб сарбаздарын түгелдей қырып салған екен. Міне, сол себепті де дін жолында шейіт болған сарбаздардың жатқан жерін қазіргі кезде «Мыңшейіт» деп атаған екен.
Аздап тынығып алған соң, тау етегіндегі Сулы үңгірге қарай бір аяқ жолға түстік. Табиғат сұлулығын тамашалай жүріп шаршағанымызды ұмытып та кеттік. «Жүре берсең көре бересің» деген, туған өлкемізде біз көрмеген кереметтер жетерлік екен. Қорыта келгенде, қос ауданды аралаудан түйгеніміз – топырағы құт, киелі де қастерлі жер, сұлулығы да, киесі де жұртты өзіне тартып тұратын жәннәт жай деген пайымға келдік!
Өгем шатқалына түсетiн жол
қиын. Бiр жағы – жар, бiр жағы – құз. Осы шатқалдан төмен түссеңіз,
бiр топ адамға ұқсап көрiнген ұзын-ұзын тастарға қарап таңғаласыз.
Расында да ғажап көрініс! Алыстан қарағанда, бүрме көйлегiнiң етегi
желбiреп тауға қарай келе жатқан қайсар қыздарға ұқсайтын үлкен тас
ескерткiштердi ұлы табиғат шебердiң өзi ғасырлар бойы сомдап,
қылта-қылтадағы жартастардан қашап жасаған сияқты. Бiрiнен-бiрi
ұзақ емес екi-үш қылтадан бойын созып, топ-топ болып көрiнген
«Қырық қыз» – таңғаларлық құбылыс. Ел аузында сақталып,
ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан көне аңыз ол туралы былай
деп сыр шертедi: «Ерте, ерте, ертеде, бәлкiм, Ер Төстiктiң
заманында болар, осы өңiрде бiр байдың қызы бойжетiп, бесiкте
жатқанда атастырылып қойған жiгiтiне ұзатылатын күн де келiп
жетедi. Құда-құдағилар той жабдығын дайындап, мәре-сәре боп қуанып
жатады. Сұлу қыз, серi жiгiттер қосылып ән шырқап, балуандар
белдесiп, шабандоздар көкпар тартып, ұлан-асыр жиынның көрiгiн
қыздырады. Әне, күйеу жiгiт те келiп қалды деген қуанышты хабар
жетедi бiр кезде. Мұны естiген ауыл қыздары топ-топ болып, бөркiне
таққан үкiлерi желбiреп, етегi жер сызған бүрме көйлектерiн жел
толқытып, болашақ жездесiнiң алдынан шықпай ма, керiлiп…
Кенет бiр қиырдан шаң көтерiлiп, жантүршiгерлiк айқай естiледi.
«Жау… Жау шапты…». Қалың ел аяқ астынан дүрлiгiп, қолына қару
ұстауға жарайтын ер-азаматтың барлығы атқа қонып жатады. Бiрақ,
тұтқиылдан тап берген жау олардың басын бiрiктiрмей, тоз-тоз етiп,
қанға бөктiрiп, қынадай қырып салады…
Әне, сол кезде күйеу жiгiттi күтiп аламыз деп топ-топ болып шыққан
сұлу қыздар шың басында жылап, еңiреп тұрып: «О, Жаратқан ием,
жерiмiз отқа оранды, елiмiз күлге айналды. Ендi бiздi жау
қорлығынан құтқарып, тасқа айналдырып жiбере гөр…» деп зарлап,
Құдайға жалбарынған екен…
Ежелгi аңыз осылай деп егiледi. Осылай деп күңiренедi. Қалай
болғанда да, «Қырық қыз» аңызында сонау бiр зұлмат заманның
өкiнiшi, мұңы, қайғысы күзгi жауыннан кейiнгi қақ суындай
мөлтiлдеп, тұнып жатқан секiлдi.
Бұл аңызда «Ер төстіктің» заманында болса керек, деген пікір
аңыздың ертегімен араласып кеткендігінен хабар береді. Осы сияқты
фантастикаға құрылған «Тас бол» деп аталатын кинотуынды
барлығымызға таныс, онда Тасбол деген қатыгездің Ерназар шалдың
тоғыз ұлын өзіне бағындырып, қарсы шыққандарды тасқа айналдырып
отырған қаскөйді соңында ең кенже баласы Ертөстіктің жеңіп,
Тасболдың өзін тасқа айналдырғаны, қазақша ертегінің озық
экрандатылған туындысы деп білеміз. Мұнда да тасқа айналу оқиғасы
ұшырасады.
Аталмыш оқиғаға байланысы жер-жерде өзіндік аңыз әңгімелер бар.
«Қырық қыз» – Ұлытау ауданы, Егінді ауылының оңтүстік шығысында
орналасқан күмбез. Қара тастан қиюластырып қаланған. Есігі
күншығысқа қаратылған. Оның айналасында көптеген мүрде жатыр.
Жергілікті тұрғындар мұны тек күмбезбен бірге қосып, «Қырық қыз
қорымы» деп атайды. Күмбез бен оның айналасындағы мүрделердің қай
заманда тұрғызылғаны жайында дерек жоқ. Тек «Қырық қызға»
байланысты ел аузында қалған аңыз әңгіме ғана бар. Соның бірінде:
«Қалмақтардың кезекті бір шабуылында қолға түскен қазақ қызын
қалмақ қонтайшысының әйелдікке алғаны, арада көп жыл өтсе де
ел-жұртын, ата-анасын ұмыта алмай зарыққан қазақ қызының ел-жұртына
көмектесуді ойлағаны, ойын қызына айтып, нағашы жұртына барып,
қонтайшының қашан, қай жерден шабуыл жасайтынын ескертіп тұруын
өтінуі. Қыз анасының өтінішін бірнеше рет орындағаны, артынан
аңдушы жіберген қонтайшы өз қызының «жауға» хабар беріп жүргенін
біліп, қайтып келе жатқан жолында алдынан әскер жіберіп, қырғызып
тастағаны» жайында айтылады…Сол ауылдың қарттарының айтуынша, бұдан
жарты ғасыр бұрын, яғни олардың бала шағында «Қырық қыз» мүсіні
айқын, киіз үйлердің ішіндегідей түрлі түсті тас кәмпиттер,
бауырсақтарды көруге болатын екен. Қазірдің өзінде бұл жердегі
түрлі көлемдегі адам дене мүшелеріне ұқсас тастарды кездестіруге
болады.
Қырық қыз" туралы аңыз...
Ел аузында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан көне аңыз ол туралы былай деп сыр шертедi: «Ерте, ерте, ертеде, бәлкiм, Ер Төстiктiң заманында болар, осы өңiрде бiр байдың қызы бойжетiп, бесiкте жатқанда атастырылып қойған жiгiтiне ұзатылатын күн де келiп жетедi Құда-құдағилар той жабдығын дайындап, мәре-сәре боп қуанып жатады. Сұлу қыз, серi жiгiттер қосылып ән шырқап, балуандар белдесiп, шабандоздар көкпар тартып, ұлан-асыр жиынның көрiгiн қыздырады. Әне, күйеу жiгiт те келiп қалды деген қуанышты хабар жетедi бiр кезде. Мұны естiген ауыл қыздары топ-топ болып, бөркiне таққан үкiлерi желбiреп, етегi жер сызған бүрме көйлектерiн жел толқытып, болашақ жездесiнiң алдынан шықпай ма, керiлiп…

Кенет бiр қиырдан шаң
көтерiлiп, жантүршiгерлiк айқай естiледi.
«Жау... Жау шаптыы...». Қалың ел аяқ астынан
дүрлiгiп, қолына қару ұстауға жарайтын ер-азаматтың барлығы атқа
қонып жатады. Бiрақ, тұтқиылдан тап берген жау олардың басын
бiрiктiрмей, тоз-тоз етiп, қанға бөктiрiп, қынадай қырып
салады…
Әне, сол кезде күйеу жiгiттi күтiп аламыз деп топ-топ болып шыққан сұлу қыздар шың басында жылап, еңiреп тұрып: «О, Жаратқан ием, жерiмiз отқа оранды, елiмiз күлге айналды. Ендi бiздi жау қорлығынан құтқарып, тасқа айналдырып жiбере гөр...» деп зарлап, құдайға жалбарынған екен… Ежелгi аңыз осылай деп егiледi. Осылай деп күңiренедi.Қалай болғанда да, «Қырық қыз» аңызында сонау бiр зұлмат заманның өкiнiшi, мұңы, қайғысы күзгi жауыннан кейiнгi қақ суындай мөлтiлдеп, тұнып жатқан секiлдi.
Бұл аңызда «Ер төстіктің» заманында болса керек, деген пікір аңыздың ертегімен араласып кеткендігінен хабар береді. Осы сияқты фантастикаға құрылған «Тас бол» деп аталатын кинотуынды барлығымызға таныс, онда Тасбол деген қатігездің Ерназар шалдың тоғыз ұлын өзіне бағындырып, қарсы шыққандарды тасқа айналдырып отырған қаскөйді соңында ең кенже баласы Ертөстіктің жеңіп, Тасболдың өзін тасқа айналдырғаны, қазақша ертегінің озық экрандатылған
Аталмыш оқиғаға байланысы жер-жерде өзіндік аңыз әңгімелер бар. «Қырық қыз» - Ұлытау ауданы, Егінді аулының оңтүстік шығысында орналасқан күмбез. Қара тастан киюластырып қаланған. Есігі күншығысқа қаратылған. Оның айналасында көптеген мүрде жатыр. Жергілікті тұрғындар мұны тек күмбезбен бірге қосып, «Қырык қыз қорымы» деп атайды. Күмбез бен оның айналасындағы мүрделердің қай заманда тұрғызылғаны жайында дерек жок. Тек «Қырық қызға» байланысты ел аузында қалған аңыз әңгіме ғана бар. Соның бірінде: «Қалмақтардың кезекті бір шабуылында қолға түскен қазақ қызын калмақ қонтайшысының әйелдікке алғаны, арада көп жыл өтсе де ел-жұртын, ата-анасын ұмыта алмай зарыққан қазақ қызының ел-жұртына көмектесуді ойлағаны, ойын қызына айтып, нағашы жұртына барып, қонтайшының қашан, кай жерден шабуыл жасайтынын ескертіп тұруын өтінуі. Қыз анасының өтінішін бірнеше рет орындағаны, артынан аңдушы жіберген қонтайшы өз қызының «жауға» хабар беріп жүргенін біліп, қайтып келе жатқан жолында алдынан әскер жіберіп, қырғызып тастағаны» жайында айтылады.

Менің «Қырық қыз» аңызына байланысты өз көзіммен көрген тағы бір білетінім: бұл аңыздың бір ұшы Оңтүстік өңіріндегі Қасқасу елді мекенінде жатыр. Мұндағы ақ бураның алып өркешіндей қатар-қатар тау боп үйілген тастарына қарап, есіңіз шығып тамсанасыз-ау келіп. Қолыңызға сол таудың үгіндісін алсаңыз, оның басқа тастардан мүлдем бөлекше екенін байқайсыз, құдды ақ құмды ақ сүтке илеп қатырғандай. Енді басқа арнаға назар салсаңыз, мүйізі қайырылған қошқардай жерге жайғасқан тасты тамашалай тұрып, анықтап зер салсаңыз сол қошқар итке де ұқсап кететіндей бір күй кешесіз. Жиектерінде теңіз түбіндегі сандықтан шыққан түрлі-түсті реңкі бар әр түрлі тастар кездеседі. Сонымен қатар, қап-қара боп сумен ағып жатқан майға ұқсас зат бар, мүмкін, бұл жерде мұнай бар шығар деген ойға қаласың. Бұл әулиелі жердің шырақшы «Қырық қыз» оқиғасының екі нұсқасын біледі екен, оның айтуынша: «Өткен заманда бір байдың жалғыз қызы ұзатылып, қасына қырық нөкерімен қоса қырық қыз қосылып, жігіт аулына жолға шыққан екен. Қыздың жүктері өркеш-өркеш түйелерге тиеліп, жолаушылар жол бойы ән айтып керемет көңіл күймен келе жатса керек. Кенет, олардың алдынан қалмақтың қанішер қоңтайшысы шығып, қыз нөкерлерін тас талқан қылып жауыздықпен қырып салып, қыздарды күңдікке алмақ болғанда, қырық қыз құдайдан: «Е құдай бар болсаң, бізді мына итке қор қылғанша тас қып қатыр»,- деп жалынған екен. Сол кезде құдай олардың тілегін қабыл етіп, қырық қызды түйелерімен бірге тас мүсін етіп, қаһарлы қоңтайшыны ит кейпіндегі тасқа, жау әскерін қарқылдаған қарғаларға айналдырып жіберген екен. Сондықтан, бұл әулиелі жерде ауа райы бұзылған шақтарда қара қарғалар «Қырық қыздың» басында айналшықтап ұшып жүреді екен.

Осы ауылдың қарттарының айтуынша, бұдан жарты ғасыр бұрын, яғни олардың бала шағында «Қырық қыз» мүсіні айқын, киіз үйлердің ішіндегідей түрлі түсті тас кәмпиттер, бауырсақтарды көруге болатын екен. Қазірдің өзінде бұл жердегі түрлі көлемдегі адам дене мүшелеріне ұқсас тастарды кездестіруге болады.
Тасқа айналған қыздар...
Иә, қырық қыз туралы аңыз көп. Әрқайсысы әртүрлі айтылады. Соның бірі Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Өгем өзенінің жағалауындағы ғажайып тас мүсіндерге қатысты айтылады.
Ауданның ардақты азаматтарының бірі Әбдіхалық Байдәулетов өз кітабында былай деп баяндайды: аңыз бойынша ханның қыз ұзату тойының салтанаты өтіп жатқанда тосыннан жау әскері шабуыл жасап, ер- азаматтардың барлығын жайратады. Мал-мүліктерді талап, таңдаулы деген қырық қызды ұстап, елдеріне әкеткелі жатқанда қыздар қолдарын көкке жайып, Құдіретке «жатқа қор қылғанша сүйегіміз өз елімізде, жерімізде қалсын, бізді тас қыл» деп жалбарынған екен. Ақыры қыздардың ниеттері қабыл болып, бәрі бірге тасқа айналған деседі.
. Мұнда да жаугершілік заманы тілге тиек етіледі. Бір ерекшелігі, осы мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас мүсін бар. Бұл жөнінде ел арасында екі түрлі болжам бар. Бірінде оны күйеу тас десе, екіншісінде қыздарды іздеп шыққан ақ кимешекті ана деседі. Ел осы араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.
Қырық қыз туралы аңыз көрші қырғыз фольклорында да көптеп кездеседі. Профессор Сұлтанғали Садырбайұлы өзінің еңбегінде мынадай деректерді алға тартады: «Қырық қыз» туралы аңыздың бірі «Мұзарт тауы» деп аталады. Мұзарт Қырғыз еліндегі тау аты, мұзды тау дегенді білдіреді. Ол Нарын облысының Жұмғал ауданы мен Қошқарата тауының ортасында тұр. Өткен заманда қырық қыз Қошқарата жаққа тойға бармақшы болып, Жұмғал жақтан шығады. Олар ауылдан шыққанда аспан ашық, тауда шөкімдей де бұлт болмайды. Қыздар тойға барамыз деп, сәнденіп, жеңіл-желпі киініп шығады. Бұлар ауылдан қозыкөш ұзап шыққан соң биік таулардың басына көтеріледі. Сол кезде қарсы беттен ақтүтек боран соғады. Айнала сұрғылт тұман басады. Ілгері жүрейін десе сасқалақтай бастайды. Кері қарай жүруге болмайды. Енді не істеу керек? Қырық қыз аттарының басын түйістіріп, біріне бірі ықтап, қорғана бастайды. Бірақ ессіз тауда оларды кім аясын, таудың іші ұлыған үрейлі үнге толып кетеді. Сол жерде Мұзарт тауының басында қырық қыздың 39-ы мұзға айналып, тек түйе жүн, жыртық шапан киген кедейдің қызы ғана аман қалыпты.
Екі туысқан елдің аңыз-әфсаналарында осындай
ұқсастықтар кездеседі. Барлық жерде қырық қыздың аянышты тағдыры
айтылады. Бұл көрші жатқан туысқан елдердің салт-дәстүріндегі
ұқсастықтардың көптігінен болса керек-ті. Бәлкім, бұл қазақ пен
қырғыз халықтарының 40 санын киелі санайтындықтарынан да болар.
Қырық санына қатысты ырым-тыйымдардың да, мақал-мәтелдердің де жиі
кездесетіні бекер емес. Әйтеуір, әр аңыздың түбінде бір
шындықтың бары ақиқат.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Төлеби ауданыны: анықтамалар мен мағлұматтар. Әсет Кембаев,
«Асқаралы» 2011, Шымкент
2. Тарих пен тағылым. Әсет Кембаев, Шымкент 2006 ж
3. Музей материалдары
4. Естелік-сұхбаттар
5. БАҚ материалдары
6. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы 1976
ж
7. К.Сариева «Қазақ тілі және елтану». Алматы, 1997ж.
![]()
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба "Төлеби ауданына қатысты аңыз-әңгімелердің шығу тарихы"

шағым қалдыра аласыз