Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Төлеген Момбеков күйлеріндегі көңіл-күй жырлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылым жолына бет бұрған өскелең ұрпаққа қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі













Жұмыстың тақырыбы: Төлеген Момбеков күйлеріндегі көңіл-

күй жырлары


Жұмыстың бағыты: Отбасылық сүйіспеншілік бағыт


Орындаушы: Тұрсынбай Жаннұр 6-сынып

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта

мектебі



Жұмыстың жетекшісі: Оңалбекқызы Лайлә – мұғалім

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі











Аннотация

Бұл жұмыста Созақтық күйші Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күй өнерінің қазақ әдебиетімен тығыз байланысты екендігін, оның ішінде көңіл-күй өлеңдерімен өрнектелгендігін көрсетеді. Жұмыс ішінде Т.Момбеков күйлерінің «Қоштасу» және «Салтанат» күйлерінің шығу тарихы бар.



Аннотация

В этом произведении к 100-летию Тулегена Момбекова из Созаха кюйши тесно связан с казахской литературой, в том числе и с песнями настроения. В течение работы т. У кюев Момбекова есть история возникновения кюев «Прощание» и « Салтанат".


Аnnotation


In this work to the 100th anniversary of the Kazakh Poet Tulegen Mombekov kuishi is closely connected with the Kazakh literature, including songs of mood. For the work of the kyuis Mombekov has a history of kyuis "Farewell" and "Saltanat".













ЖОСПАР

І Кіріспе
1.1.Төлеген Момбеков-шерпе күй өнерінің саңлағы.

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Күй өнерінің шығу тегі.
2.2. Күй өнеріндегі жұбату, қоштасу, естірту.
2.3. Төлеген Момбеков күйлеріндегі жоқтау, естірту, жұбату.

ІІІ Қорытынды бөлім
3.1. Төлеген күйлері - қазақ ұлтының құнды, ұлттық, рухани бай мұрасы.



















Ғылыми жобаның мақсаты: Төлеген Момбековтың күйлері арқылы қазақ халқының рух жігерін, қайраттылығын дәлелдеу. 
Күй өнерінің қазіргі замандағы қолданысын анықтап, оның осы замандағы атқаратын рөлін зерттей отырып, күй өнерінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақ күйлеріне талдау жасау; 
- Көңіл-күй жырларының күймен өрнектелу ерекшелігі;
- Күйшінің бойындағы күш, жігер қасиеттерін сипаттау. 
- Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақтың аса дарынды шерпе күй өнерінің саңлағы Төлеген Момбековтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Төлеген Момбеков барша қазақ халқына аян.

Проблемасы: Күй өнерінің қазақ әдебиетімен тығыз байланыста екенін көрсету. Күйші ретінде өнер иелерінің сирек кездесе бастағандығы. Және күй өнерін жастардың түсінбеушілігі.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер біз Төлеген Момбековтың әр күйінің шығу тарихын зерттеп, жастардың рух, жігерін көтеріп, әр тілге аударып қазақ ұл-қыздарының болмыс бітімін өзге елдерге де паш етіп, қазақ жастарының бойындағы қасиеттерін биік қоя отырып, қазақ жастарының өз еліне деген сүйіспеншілігіне , елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашар едік.
Зерттеудің әдісі-тәсілдері: Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау










Кіріспе


Күй күшті, тауды-тасты бұзатұғын,

Орнына өз өрнегін сызатұғын.

Талқандап тас кереңді үн оятып,

Дүкені дүниенің қызатұғын.

І.Жансүгіров


Адам баласы өнер игерген соң, өнердің құдіретін де игере білу үлкен дарынды талап етеді. Оның ішінде, домбыраның құлағында ойнап, халықтың жүрегіне жол тауып, сол өнерімен жұртқа жаққан- сырлы Созақтың Қозмолдағынан шыққан – Төлеген Момбековтың «Қаратау шертпе күйі өнерінің саңлағы» екендігі айдан анық. Күй өнері асқан тазалықты, арман-мақсатты, жастардың бойына жақсылық пен жамандықты саралай білуге, күйдің айтар ойын тереңірек түсінуге шақырады. Күйдің айтар ойын түсінетін адам кемде-кем. Егер күйді тудыруға негіз болған оқиғаны білген жағдайда ғана кей адамдар күйдің саналы адамға ой саларын түсінеді.

Төлеген Момбеков (1918, Созақ ауданыСызған ауылы) — күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1943 жылдан мәдениет саласында қызмет еткен. Алғашқы ұстазы — өз атасы Бапыш Қожамжарұлы. "Қаратау", "Қара жорға", "Ыңғай төкпе", т.б. күйлерін атасынан үйренеді. Кейін күйші Сүгір Әлиевтен тәлім алады. Момбеков тартатын күйлердің дені Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне кең тараған шертпе күйлер. Ол Сүгірден үйренген "Телқоңыр", "Боз інгеннің бүлкілі", "Бес жорға", "Шалқыма", "Жолаушының жолды коңыры" секілді күйлерін орындады. Оның "Қосбасар", "Мешін", "Салтанат", "Қат-қабат", "Мың жылқы", "Ел жаңа", "Асу", "Анама", "Қоштасу", "Қаратаудың шертпесі" т.б. күйлері грампластинкаға түсірілді. Момбеков туындылары фольклорлық-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің репертуарында орындалды. 1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы - аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам.

Қазан төңкерісінен кейін күйлер ансамбльдер мен оркестрлерге арналып қайта өңделіп, орындалатын болды. Мазмұны мен түр жағынан да жаңара түсті. Күй сарындары қазақ қомпозиторларының музыкалық туындыларында (операбалетсимфония, т.б.) бой көрсетуде. Мысалы, Е.Г. Брусиловский "Қыз Жібекте" "Ақсақ құланды", М.Төлебаев "Біржан - Сарала" "Соқыр Есжанды", Е.Рахмадиев "Алпамыста" "Құдаша" күйлерін пайдаланған. А.В. Затаевич, Қ. жөне А.Жұбановтар, Б.Г. Ерзакович, А.Алексеев, П.В. Аравин, А.Сейдімбеков, т.б. күйдің тарихи-теориялық мәселелерін зерттеп, нотаға түсіруге көп еңбек сіңірді. [4]

Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Төлеген Момбеков есімінің халқымызға кең тарап, төл күйлерінің халықтық рухани кәдеге айналуына көптеген ақын-жазушылар атсалысқан. Бұл орайда Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Рахманқұл Бердібаев, Ақселеу Сейдімбековтердің еңбегі ерекше болды. 1965 жылы Асқар Тоқмағамбетовтің алпыс жылдық мерейтойына байланысты Сыр бойына сапар шеккен Сәбең жолшыбай Созақта да болады. Сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Төлепберген Назарбеков Сәбеңнің құрметіне Созақ ауданының әр жеріндегі күйшілерді тегіс жинатады. Олардың ішінде Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев болады. Сәбең оларға бірнеше күйден тартқызады. Осылардың ішінен Төлеген шерткен шертпе күйге қатты қызығып: «Мұндай дарынды республика көлеміне таныту қажет» деп шешеді. Сөйтіп, Төлеген күйлерін магнитофон таспасына жазып алып, Алматыға ала келеді. Көп ұзамай Созақ ауданының басшылығына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Төлеген Момбековті іс сапарға жіберу туралы Алматыдан арнайы хат келеді. Ол кезде Төлеген ауылда Құлжабай Төлеуов, Көпбай Омаров сияқты ақындармен бірге жүріп, автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алматыға келген сол сапарында Төкең грампластинкаға атасы Бапыштың, Сүгірдің және өз шығармаларынан бас-аяғы он екі күй жаздыртады және теледидарда бірер күй орындайды. Сол кезде теледидар қарап отырған Нұрғиса Тілендиев: «Мына қақпас қайдан шықты?!» деп, атып тұрған екен дейді. «Талантты талант қана таниды» деген сол. Нұрғиса Төлегеннің шертісіне сол бойы құлап түсіп, Алматыға келген сайын өзі қарсы алып, қонақүйге орналастырып, оң жағынан орын берген. Төлегеннің 1969 жылы Алматыға келген сол алғашқы сапарында-ақ «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Төлегеннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мақалалар жарияланады. Әдебиет және өнер институтының қорына Төлеген білетін күйлер толық жазылып алынады. Бас-аяғы бір аптаның ішінде кешегі ауыл домбырашысы республика көлемінде танымал болады.Төлеген турасында белгілі күйшілер әрі өнер зерттеушілері: Уәли Бекенов, Жарқын Шәкәрім, Біләл Ысқақовтар қалам тербеген. Төлегеннің ұстазы, Қаратау күй мектебінің ұшар басында тұрған Сүгір Әлиұлы 1961 жылы қайтыс болған. Өкініштісі, Сүгірдің өзінің орындауында бірде-бір күйі таспаға жазылып алынбаған. Көзі тірі кезінде күйлері нотаға да түспеген. Жазушы Мұхтар Әуезов, Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов іздеп барып, Алматыға шақырғанмен, реті келмеген. Ол кез - кеңестік «уралаудың» асқынып тұрған шағы, шертпе күйдің шетқақпай көрген заманы. Күйдің де, күйшінің де қадірі қашқан кез. Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма», «Бесжорға», «Кертолғау» күйлері Төлегеннің орындауының арқасында халыққа жетті. Сүгірдің тартысы құлағында қалған көне көз қарттардың айтуынша, Сүгірдің «Бозінген» күйі бізге тура өз нұсқасында жетпеген. Төлегеннің де «Бозінгеннің бүлкілі» деген күйі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл екеуі екі бөлек күй. Төлеген әуелгі нұсқаны өзінше жетілтіп, басқаша құлпыртып, дамытып әкеткен. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп-жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен Төлегендікі» деп атау керек. Сүгірді көзі көрген және сол ауылдың тумасы, марқұм профессор Керімбек Сыздықов былай деп жазып кетіпті: «…Төлеген Алматыда көпшілік алдында, радио, теледидардан күй тартқанда Сүгір ақсақалды ұстазы ретінде үнемі құрметпен атап, сол кісінің күйлерін тартудан бастайтын. Алғашқы жолы «Қосбасарды» Тәттімбеттікі, «Бозінгеннің бүлкілін» Сүгірдікі деп жаздырғанының басы-қасында жүріп, солай деп жаздыруға себепші де болғанмын. Өйткені сол кездегі біздің ұғымымызда «Қосбасар» деген күйдің қанша түрі болса да ол тек Тәттімбеттің атына тән саналатын. Ал «Бозінген» күйі Ықылас пен Сүгірдің атына байланысты аталатын. Оған Төлеген де пәлен деп қарсылық танытпай, «кімнің қалай тартқанын қайдам, мен өзім оңқайтыма келген күйлерді тартқанда қиялданып, өзімше тартып кетем» деген әңгімені жиі айтатын…».[3]













Негізгі бөлім

Күй — музыкалық жанрқазақ халқының аспаптық пьесасы.  Домбырақобызсыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғызөзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

Тарихы

Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.

Сипаттамасы

Домбыра күйлері параллельді, терция, секундына автомат арқылы тартылады. Параллельді кварталар мен квинталар күйге көркем нақыш-бояу берумен қатар оның әуен-саздылығын өсірелей түседі. Күйлердің көлемі әр түрлі болады. Кейбір күйлердің көлемі 150-ден 200 тактіге (мысалы, Боғданың "Боз төбесі" мен Динаның "Әсем қоңыры", т.б.) дейін жетеді.

Күй мектептері

Қазақ күйлері өзінің құрылыс абылай тәсіліне, орындаушылық дәстүрін қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке бөлінеді. Біріншісі - екпінді қарқынды, музыкалық бейнет жағынан бағдарламалы симфониялық сипатта шығарылатын күйлер (Жантөренің "Шалқымасы", Құрманғазының "Кішкентайы", "Сарыарқасы", Динаның "Бұлбұлы", т.б.), ал екіншісі - терең филос, ой-сырға толы, шертпе күйлер (Тәттімбеттің "Сарыжайлауы", "Көкейкесті" мен "Сылқылдат", Тоқаның "Қосбасары", Сүгірдің "Тоғыз тарауық т.б.). Күйдің идеялық-көркемдік диапазоны кең.

Халық қүйшілері өздерінің шығармаларында адамдарды ("Құдаша", "Айжан қыз", т.б.), жануарларды ("Ақсақ құлан", "Боз айғыр", т.б.), құстарды ("Аққу", "Қоңыр қаз", т.б.), табиғат құбылыстарын ("Ақ боран", "Көбік шашқан", "Сары өзен", т.б.) суреттейді. Бұдан басқа күйлер мазмұнына, характеріне қарай тарихи күйлер ("Ел айрылған", "Ноғайлының босқаны", т.б.), лирикалық күйлер ("Ақ желең", "Байжұма"), аңыз күйлер ("Нар идірген", "Қорқыт", т.б.), қаралы күйлер ("Салық өлген", "Бозінген", т.б.), арнау күйлер ("Абыл", "Дайрабай", "Ғазиз", т.б.) сияқты тақырыптарға бөлінеді. Күй өзінің музыкалық формасы жағынан әр түрлі. Қазақ күйлері ішінен 2-3 бөлімді, сирек болса да 3 бөлімді рондовариациялық синтет. формалардағы туындылар да кездеседі. Күй орындауда қағыс маңызды орын алады.

Қағыс арқылы күйдің ырғақтық мәні мен динамикасын, сыр-сипатын анықтайды. Қол қағыстарында нотаға түспейтін көптеген "сиқырлы" сырлар да бар; олар "жаппай қағыс", "кезек қағыс", "шертпе қағыс", "шұбыртпалы қағыс" болып жіқтеледі. Күйдің көпшілігі - бір бөлімшеде сақталған. Көбіне қолдан қолданылатыны екі бөлікті жөне төрт бөлікті өлшемдер, сондай-ақ 3/4, 3/8,5/8,6/8 т.б. музыкалық өлшемдері де болады. Кей кетерде ауыспалы өлшемдер де кездеседі. Қобыз бен сыбызғы күйлері домбыра күйлеріне қарағанда көп сақталмаған. Қобыз күйлері, негізінен, эпик. мінезде келсе, сыбызғы күйлері табиғат көріністері мен хайуанаттар дүниесін суреттеуге құрылым, оларда әуен-саздылық басым келеді. Сыбызғы күйлері өте шағын. Олардың атаулары да көне. Қобыз күйлерінің құрылымы күрделі болып келеді. Қобыз күйлері Қорқыт Атадан бастау алған. Оның шығармаларын бізге жеткізген Ықылас болатын. XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген Абыл, Әлшекей, Әлікей, Байжұма, Байсерке, Баламайсан, Боғда, Дайрабай, Дәулеткерей, Дина, Есжан, Жантөре, Қазанғап, Құрманғазы, Саймақ, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, Тоқа, Түркеш, Ықылас сынды күйші-композиторлар қазақтың ұлттық күй мәдениетінің жан-жақты дамуына мол үлес қосты. [4]

Күй өнерінің қазақ әдебиетімен байланысы көңіл-күй өлеңдері ауыр қазаға ұшыраған жағдайда қайғылы жағдайды жақындарына естірту мысалдары өте көп.

Естірту– қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен Естірту дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ардақты азаматы не батыр-бағланы өлген үйдің жанкүйер жақын, туыстарын азалы хабарға дайындап, әзірлеп алу үшін естірту, көбінесе, “Аққу ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып шөлге кетті, ол адасып кеткен жоқ, әркім барар жерге кетті” деген сияқты салыстырулар түрінде болған. Ауыз әдебиетінде естіртудің мол ұшырасуы қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көтерісетінін танытады. Жалғаншы дүниеде баянды ештеңе жоқ, бәрі де өтеді деген ишарадан кейін барып қана өлең қайғылы халді естіртеді. Яғни естіртудің образдық құрылысында пернелеу, тұспалдау басым. Мұнда поэтикалық образ үшін табиғат құбылыстары, жануарлар, тарихи тұспалар алынады, Қайғылы хабар содан кейін барып естіртіледі. Ал өлеңнің соңғы бөлімі көңіл айтуға - жұбату жырына ауысады. Мысалы, Байшуақ өлгенде баласы Байғараға Қазбасты шешен келіп: “Алып арыстан құласа, жан беруші бар ма екен. Аққан дария құрыса, су беруші бар ма екен” деп естіртеді. Осы секілді Үмбетей жырау да Бөгембай батырдың өлімін өлеңмен естіртіп, оның жау шебіне жалғыз шапқан ерлігін баяндайды. Естірту кейде күңіренген күй сазымен де орындалатын болған. Бұған Жошының аң алуап жүріп өлген ұлының өлімін оған күймен естіртуіі дәлел. “Ақсақ құлан” күйі осылай туған. Естіртудің соңы көңіл айтып, қайғылы хабарға ортақтасып, жұбатуға ауысады. [1]

Жұбату– азалы адамға көңіл айту рәсімі; тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Азалы адамды жұбату – ертеден келе жатқан ізгі дәстүр. Жұбату қалыптасқан белгілі композициялық жүйемен айтылады. Жұбату жырларында нақылға, мақал-мәтелге айналып кеткен өлең жолдары көп кездеседі. Тақырып өзегі – өміртұрмыстәжірибесінен қорытылған аталы сөз, ақыл, өсиет. Айтушы алдымен “Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ” екенін айтып алады да, “Тозбасты ұста соқпайды, өлместі құдай жаратпайды” деп, табиғаттың бұлжымайтын қатал заңын еске алады. Осыдан кейін “Жетпесті қума, келмеске жылама”, “Өлгеннің соңынан өлмек жоқ, өлгенге қайтып келмек жоқ” деген түйін айтады. “Ат тұяғын тай басар”, “Арғымақтың тұяғы тасты басса кетілер, сазды басса жетілер” деп жоқтың орны бармен толатынын, жеткіншек жас ұрпақпен жетілетінін айтады. “Арты қайырлы болсын, қалғанына өмір берсін” деген тілек білдіреді. Жұбату батырлар жырында, лиро-эпостық, халықтық дастандарда көп ұшырайды. Мысалы, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Ханымның Тайлақты, Тазшаның Ханымды Жұбатуы, т.б. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған халық жырларында да жұбату мол. Жеке халық ақындарының шығармаларында да жұбату өлеңдері бар.

Қоштасу- тақырыбы жағынан әр түрлі. Ел-жұртымен, туған-туысқанымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жақын адамымен, қыран құс, жүйрік атымен де қоштасқан.

Төлеген Момбековтың «Қоштасу» күйі 30 жылға жуық отау құрған аяулы жары 1971 жылы дүниеден өткенде, қайғы-қасіреті күй болып құйылып, мұң болып тарқатылған. Бұл күйшінің шын сыры еді. Бес қыз бен бір ұлы күйшінің қолына қарап қалады. [2]

Төлеген Момбеков құ­былысына ден қойған адам­ның әңгімесі әуелі «Қоштасу», сосын «Сал­та­натқа» ұласатыны белгілі. Иә, «Салтанат» шынымен де тағдырлы қоштасу жыры еді. Ол анасын іздеп аңыраған кішк­ен­тай Салтанаттың зары, ол Пер­неш­тей жарынан қапыда көз жа­зып қалған Төлеген күйшінің сағыныш сазы еді. Есі кіріп қалған ерке перзентке екі шекті егіз қозғап зарлық әке кішкентай Салтанатқа ана­сы­ның алыс сапарға кеткенін есті­р­тіп отыр... Қазаға ұшыраған адам­ның қайғылы хабарын қу тақ­тай рәсімдеп жатыр. Ауыр қа­за. Шерлі өксік. Жалпы қазаны күй­мен естірту дәстүрі қазақ хал­қында ертеден бар. Оның түп тарихын түгендер болсақ, хан­­дардың ханы Шыңғыс баһа­дүр­дің үлкен ұлы Жошы ханның өлімін Кетбұғаның естіртуі есімізге түседі. Күйдегі естірту бір­ден қайғылы хабарды айты­п басталмаған. Әуелгіде поэ­тикалық образ үшін табиғат құ­бы­лыстары жырланады. Хан сал­танаты. Нөкерлер сапы. Жануарлар әлемі. Бәрі-бәрі тарихи тұспалдар. Сөйтіп келе жат­қан салтанатты саят күйдің соң­ғы бөліміне қарай суық хабарға со­лқ етіп ойысады. [3]

«Салтанат» күйінің нотасы









Қорытынды


Жұмысымды қорытындылай келе, Сүгірдің бас шәкірті – Төлеген Момбеков . Төлеген Момбеков өзінің табиғи дарынымен ұстазына барабар құрметке ие болған домбырашы. Өйткені, Сүгірдің көптеген күйлері кейінгіге Төлеген ағамыздың орындауында жетті. Сонымен қатар өз күйшілігі де ерен болды, ол ұстазы –Сүгірдің орындаушылық мәнерін жеріне жеткізген шеберлігімен қатар өзі де бір мектепке үлгі боларлық орындаушылықтың шыңына шықты. Төлеген мұрасын зерттеп күйлерін жеке кітап етіп бастырған Алматы консерваториясының профессоры — Біләл Ысқақов. Төлегеннің айшықты күйлерін өз қолынан алғандардың ішінде – Секен Тұрысбеков, Рымхан Әбілханов, Рүстем Күлшебаевтар, Бекболат Тілеухан, Сәрсенғали Жүзбаевтарды атауға болады. Бұлардан басқа ел ішінде елеусіз жүрген  өнерпаздан — тікелей шәкірті болған Жақсыберген Саңғылбаев пен Назбек  Байтуаровты айта аламыз.

«Қаратау күй мектебін» қалыптастырған күйшінің келер ұрпаққа берер тәлімі мен тағылымы мол. Жастарға беретін үлгісі мен алатын асуларын домбыра пернесіне дөп басар тамыршыдай жас өркенді жетелейтін ұлы өнерді меңгертуді мақсат еткен. Созақтың мәдениетіне, күйшілік мектебіне үлкен мұра қалдырған. Бүгінгі күні Теріскей халқының ыстық ықыласына бөлеген күйлерімен жас ұрпақтың бойына адалдық, үлкенді құрметтейтін, сырға берік, достықты бағалай білетін қасиеттерді күй арқылы сіңдіре білгендігінің көрінісі іспетті болған – Созақ ауданының 90 жылдық тойында аудан орталығы Шолаққорған ауылына күйшінің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш қойылып, салтанатты түрде ашылды. Бұл – қазыналы Қаратаудың қойнауынан шыққан «Шертпе күйдің шеберіне» деген үлкен құрмет.












Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалығы. А. «Аруна» 2005ж

  2. Қаратау шерпелері. А. «Жазушы» 1975ж

  3. Егемен Қазақстан газеті № 18 2018 ж

  4. Уикипедия анықтамалығы.








8


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
1596
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі