Материалдар / Ғылыми жоба Тұрмыстық қалдық – ғасыр мәселесі 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Тұрмыстық қалдық – ғасыр мәселесі 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу мақсаты: қоршаған ортаның тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану себептерін зерттеп, оларды шешудің тиімді жолдарын және қалдықтырды азайтуда тұрғындардың үлесін арттыру шараларын ұсыну. Жобаның міндеттері: - Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау; - Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау; - Облысымыздың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау; Зерттеу әдістері: ғылыми зерттеулерге сүйене отырып , тұрмыстық қалдық заттардың құрамын және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу. Зерттеу нысанасы: тұрмыстық қалдық, қоршаған орта, экология. Зерттеу мәселелері: тұрмыстық қоқыс, қайта қолдану мүмкіндігі және қайта өңдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2023
789
27 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫ» МКҚК













Ғылыми жұмыс

тақырыбы:

Тұрмыстық қалдық – ғасыр мәселесі

Ғылыми бағыты: география, экономика және экология









Орындаған:Русланқызы Нұрхаят

Жетекшісі: Мерекеева Айжан Байғалиқызы











Ақтөбе – 2023 жыл


Аннотация


Зерттеу мақсаты:  қоршаған ортаның тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану себептерін зерттеп, оларды шешудің тиімді жолдарын және қалдықтырды азайтуда тұрғындардың үлесін арттыру шараларын ұсыну.

Жобаның міндеттері:

 Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;

Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау; 

- Облысымыздың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;

Зерттеу әдістері: ғылыми зерттеулерге сүйене отырып , тұрмыстық қалдық заттардың құрамын және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу.

Зерттеу нысанасы: тұрмыстық қалдық, қоршаған орта, экология.

Зерттеу мәселелері: тұрмыстық қоқыс, қайта қолдану мүмкіндігі және қайта өңдеу.





















МАЗМҰНЫ




І. Кіріспе.............................................................................................................3


ІІ. Негізгі бөлім:


2.1. Қалдықтар туралы жалпы түсінік..........................................................4-5

2.2. Қалдықтардың жіктелуі. Қалдықтардың қоршаған ортаға зияны.......6-7

2.3. Қоқыс индустриясы. Жасыл экономика....................................................8

2.4. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндіру әдістері..................................9-10

ІІІ. Қорытынды...............................................................................................11


ІV. Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................12

Қосымша.................................................................................................13-14































Кіріспе

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кг қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс қоры жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал еліміздің жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

ХХ - ғасырдан бастап адамның әрекетімен жасалынған ең қауіпті мәселенің бірі, табиғи қоршаған ортаға өндірістік және тұтыну қалдықтармен кері әсерін тигізіп отыр. Адам баласы өмір сүру кезінде кез-келген ойық немесе сай жерлерге қалдықтарды тастап отыр, бірақ олар оның арты қандай зардаптарға әкелетінін білмейді.

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды. Олар құнды шикізат көздеріне жатады.

Дүние жүзі тәжірибесінде қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және утилизациялаудың 20-дан астам түрі белгілі. Аталған қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеу әдістерінің көбі өздерінің технологиялық күрделілігі мен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің қымбаттылығына байланысты кең таралуын тапқан жоқ.

Негізгі бөлім

2.1.Қалдықтар туралы жалпы түсінік.

Қоқыстарды зерттейтін сала - гарбология деп аталады. Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты. Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады.

Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы минералдарды, электр энергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады. Кейде ойланбастан көптеген заттар мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әртүрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады.

Кезінде Д.И. Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады» деп айтқан. Сонымен қатар, ол озат өнім алуға технологияның басты мақсаты- пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан, ішінара немесе толығымен қайта өңдеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурс ретінде қарауға болады.

Біздің халық шаруашылығында жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 млрд. тоннадай болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. тонна шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. тоннасы түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады. Егер де қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жердегі шикізат қорын да үнемдейтіні сөзсіз. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың қоры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс қоры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уақыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды жасау және халық шаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану элементтердің 2-3% ғана алынып 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.

Жер бетінде миллиардтаған тонна тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс бар. Жылдан жылға артып келе жатқан қалдықтардың қоршаған орта мен адам денсаулығына қатер төндіруде. Онымен күресу үшін қалдық пен қоқыс өңдейтін зауыттар мен кәсіпорындар да көптеп ашылуда. Соған қарамастан қалдықтар көбеймесе, азаймай отыр. Бұған адамдардың өздері де кінәлі. Қоқысты арнайы жәшіктерге тастамайды немесе басқалай жолмен олардың көзін жоюға талпынбайды. Мұндай қалдықтар мен қоқыстар қанша уақытта өздігінен жойылатыны туралы мынадай қызықты мәліметтер келтіруді жөн көріп отырмын.

Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Ас қалдықтары 1 ай шамасында жойылса, жануарлар мен құстардың саңғырығы мен тезегі өздігінен жойылуы үшін 10-15 күн кететін көрінеді. Газеттің өздігінен жойылу мерзімі 1 айдан 3 айға дейінгі уақытты алады екен. Тауарға қапталатын картонның жойылуы үшін 3-4 ай керек көрінеді. Қурап, үзіліп түскен жапырақ, құрғақ бұта 3-4 айға дейін жойылмайды. Тиісінше сақталмаған құрылыс тақтайларының жойылу мерзімі 10 жылға созылуы мүмкін. Құрылысқа арналған темір арматуралары – 11-13 жылда, ал консерві қалбырларының жойылу мерзімі – 10 жыл. Кірпіш пен бетоннан тұратын қалдықтар мен қоқыстың жойылуы үшін 100 жыл кетеді. Автокөлік аккумуляторы, батарейка, фольга қалдығының жойылу мерзімі – 100 жылдан асады. Доңғалақ қалдығының жойылуына 120-140 жыл кетсе, жиі аяқтың астында оралғы болып жататын тұрмыстық қалдықтардың бірі – қаңылтырлы банкілер жойылуы үшін кем дегенде 500 жыл керек. Шыны қалдықтарының жойылу мерзімі 1000 жылдан асады. Тіпті, 12-15 ұрпақ ауысқанша жойылмай жата беруі мүмкін.

Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.











2.2. Қалдықтардың жіктелуі. Қалдықтардың қоршаған ортаға зияны.

Қалдықтар – өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрмыстық қалдықтар болып бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде бүгінгі жобамыздың тақырыбына тамызық болып отырғаны – тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Өткен жылдан бастап Италия мемлекеті өз тұрғындарына полиэтилен пакетті пайдалануға тыйым салыпты. Өйткені бір адам жылына 400 дана полиэтилен пакет тұтынады екен. Алайда оның пайдалану мерзімі 10-12 минут қана. Ал бір пакеттің табиғи жағдайда жойылуы үшін кемі 400 жыл уақыт керек екен. Яғни оны жер астына көмген күннің өзінде 3-4 ғасыр бойы шірімей жата беретін көрінеді. Статистика бойынша бір адамнан жылына 350-400 келі қалдық шығады. Және ол жылына 5-7 пайызға өсіп отырады екен. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 22 млрд. тонна қалдық бар екен. Оның 6 млрд. тоннасы қауіпті қалдықтарға жатады. 98 млн. тоннасын тұрмыстық қатты қалдықтар құрайды. Елімізде оның 10% қайта өңделсе, біздің облыста 0,05% ғана өңделеді екен. Осы қалдықтар атмосфераны ластап, адам денсаулығына күллі зиян келтіруде. Бұл табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда.

Тұрмыстық қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді:

  1. сұйық қалдықтар – тамақты пісіруден қалған жуындылар, дәретханалардың шұңқырынан шығатын сұйық қалдықтар, ыдысты, еденді, кірді жуғаннан пайда болатын кір сулар мен канализация жүйесі арқылы шығатын ағынды сулар;

  2. қатты қалдықтар – үйден шыққан қоқыстар, көше сыпырындылары, қоғамдық тамақтану және сауда нысандарының қоқыстары.

Қатты тұрмыстық қалдықтар

Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) компоненттік құрамы әр түрлі болады: қағаз, картон, ағаш, металл, тоқыма заттар, сүйектер, әйнектер, желім, тас, полимерлі материалдар, тамақ қалдықтары және көше сыпырындылары. Қалдықтардың морфологиялық құрамы жылдың мезгіліне және аймақтың климатына байланысты. Бірақ кез келген жағдайда қатты тұрмыстық қалдықтардың көп бөлігі қағаздар (30 %-ке дейін) және тамақ қалдықтары (45 %-ке дейін) болып келеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормасы есептеу бірлігі:

  • көп пәтерлі үй үшін — 1 адамға;

  • мейманхана үшін — 1 орынға;

  • сауда алаңы үшін — 1 шаршы метрге.

Яғни, көп пәтерлі тұрғын үй үшін бір адамға қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасы жылына 210–225 кг, жеке тұрғын үйде 300–450 кг, мейманханада бір орынға – 120 кг, бала бақшада бір орынға – 95 кг, оқу орындарында бір оқушыға – 19 кг, азық-түлік дүкенінде бір шаршы метрге – 160 кг, шипажай, демалыс үйлерінде бір орынға – 250 кг, бекетте, әуежайда – бір шаршы метрге 125 кг. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамында патогенді микроорганизмдер болады және олар санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Олар кеміргіштер мен шыбын-шіркейлерге құнарлы орта болып табылады, ал шіріген кезде жағымсыз иістер пайда болады. Жазғы мерзімде ҚТҚ өрт шығу жағынан өте кауіпті. Сондықтан санитарлык талаптар бойынша ҚТҚ-ды пайда болу орнынан тез шығарып тастау қажет.

Полигондардағы тұрмыстық қатты қалдықтар күннің жылынуы немесе өрттің кесірінен еріп, физика-химиялық және биохимиялық үрдістердің жү-руіне ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, қоқыстарды сақтау барысында сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы химикаттар пайда болады. Ал бұның биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіретіні бәрімізге аян. Қоршаған ортаға келетін биогендік әсердің нәтижесінде жәндіктер, құстар, кеміргіштер арқылы бактериялар мен вирустар алыс қашықтықтарға тарайды.

Сонымен қатар, мамандар сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар топырақ және өсімдік қабатын, жер асты суларын улы заттармен жоғары деңгейде концентрациялайды. Сол себепті, қоршаған ортадағы қоқыстарды қадағалау, оның заңға сай белгіленген орындарға төгілуі мен тазалануын ұйымдастыру жұмыстары аса маңызды.

















2.3.Қоқыс индустриясы. Жасыл экономика.

Қазақстанның қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаты «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамада айқындалған. Онда қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы инвестиция тарта отырып, қайталама шикізаттан өнім алу бағыты көрсетілген. Сол арқылы қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға күш жұмсалмақ. Тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай қалдық өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізілуі тиіс.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамыту мақсатында нормативтік құқықтық база жетілдірілді. Атап айтқанда, Экологиялық кодекске түзетулер енгізілді.

2016 жылдан бастап полигондарда құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды; металл сынықтарын; пайдаланылған майлар мен сұйықтықтарды; батареяларды; электрондық қалдықтарды көмуге тыйым салынады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге шектеу қойылды. Осы нормаларды енгізу қалдықтарды өңдеу саласында шағын және орта бизнесті ынталандыруға және дамытуға мүмкіндік береді.

Мысалы, АҚШ, Жапония, Аустралия және Еуропаның басқа да елдері қалдықтарды кәдеге жарату топырақтың қауіпті заттармен ластануы, қала полигондарының артуы нәтижесінде нақты және байыпты мәселеге айналған соң, қоршаған ортаны қалыпқа келтіруге, зиянды заттардың шығарындыларын алдын алу, қалдықтарды қайталама өңдеу немесе сұрыптау бойынша қызметтің дамуына ірі қаржы бөле бастады.

Жапонияда қалдықтың 70%-ы жағылады. Швейцария, Дания, Люксембург тәрізді мемлекеттерде де халықтың тығыз орналасуы мен ЖІӨ жоғары деңгейіне байланысты қоқысты жағу тәжірибесі қолданылады.

Ал АҚШ, Канада, Испания, Норвегия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Португалия және Финляндияда қалдықтардың 60-90%-ы тікелей ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) полигондарына шығарылады. Испания, Португалия және Финляндия қаладан шыққан қоқыстың шамамен 10-20%-ын компостық өңдеу зауыттарына жібереді. АҚШ, Канада және Германияда 10% және одан көп бөлігінен құнды материал алу мақсатында аралық стансаларда сұрыптайды.

Сондай-ақ, Франция, Бельгия және Нидерландыда қалалардан шығарылған қалдықтың жартысынан көбі полигонға жіберіледі, ал 25-40%-ы өртеледі. Қалған бөлігі компастау немесе пайдалы материалдар алу үшін тазартылады.

2.4.Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндіру әдістері.

Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу адамзаттың өзектi проблемасының бiрi болып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнiмдерiнiң 3/1 қайта өңдеуге пайдаланылады. Сондықтан да Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарына кіреді. Шынында да, қазiргi уақытта тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинақтау, жою, өңдеу бүкiл мемлекеттiк мәселеге айналып отыр. Республика экологтарының басты құжаты болып саналатын Стратегиялық жоспарда қоршаған ортадағы ластану деңгейiн кемiту, тым болмаса өсiрмей, тұрақтандыру жайы ерекше назарда тұр.

Әлемде қоқысты болашақ өнімнің әлеуетті шикізаты ретінде қарастырады және ол бизнестің элементі болып табылады. Бірақ қоқысты тиімді пайдалану және өңдеу үшін оларды бөлу кажет, мысалы қағаз қоқысын бөлек, шыны заттарды бөлек, пластикалық бөтелкелерді бөлек, полиэтилен пакеттерін бөлек жинау қажет. Осы қалдықтарды жинау үшін арнайы кәсіпорындар керек. Кәсіпорындар арнайы құрал-жабдықтармен, жинау орынмен, мамандармен камтамасыз етілуі қажет.

Әрине қалдықты 100 пайыз өңдеу мүмкін емес, тек қана 75 пайызын өңдеуге болады, сондықтан қалған 25 пайызын жою үшін қоқыс күйдіретін зауыт қажет.

Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -64%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.

Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.

Статистикалық мәліметтер Қазақстан бойынша денсаулығы нашар адамдардың ішінде тыныс жолдарының қабынуына душар болған жандардың көп екенін көрсетеді. Бұл мәселенің ең алдымен қоршаған ортаның ластануынан туындап отырғаны анық.

Дамыған шет мемлекеттерде көшедегі тазалық мәселесі қатаң қадағаланады. Бейжіңде (Қытай), мысалы, көшеде түкіргені, қоқыс тастағаны, тіпті, итінің бүлдіріп кеткені үшін арнайы айыппұл салынады. Сингапурде сағыз шайнамақ түгілі оны сақтауға, бір-біріне таратуға болмайды. Ол есірткімен теңестірілген және бұл үшін үлкен айыппұл (1000 АҚШ доллары) салынады. Сондай-ақ, тасталған қоқыс үшін 500-ден 1000 долларға дейін, көшеде түкіргені үшін 1000 доллар, жеделсатыда темекі тартқаны үшін 1000 доллар айыппұл қарастырылған. Малайзияда асфальтқа тасталған сағыз үшін 1 ай қоғамдық жұмыс және 500 доллар көлемінде айыппұл салынады. Мұндай салақтық үшін

Ұлыбританияда 90 фунт стерлинг айыппұл белгіленген. Ал, Біріккен Араб Әмірліктерінде көшеде тасталған сағыз үшін кінәлі адам 137 долларға, ал темекі тұқылы үшін 55 долларға айыпталады.

Біздегі жағдайға келер болсақ, қатты тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігі компоненттерге бөлместен, яғни сұрыпталмастан ашық қоқыстарға, қалалық көму полигондарына шығарылады және қоймаланады. Шындап келгенде, олардың 97%-ы ҚР табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сәйкес емес. Көптеген қалада орналастыру мен жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерін бағалаусыз жүзеге асырылды. Ел бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың 5%-ы ғана кәдеге жаратылады.

Осы ретте қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтарды кәдеге жарату зауыты мұнай шламдарын кешенді өңдеу технологиясымен қамтамасыз етілетінін және оның оның қоршаған ортаның ластануына жол бермейтіндігін атап кеткен дұрыс. Мұндай зауыттар құрылыс саласының даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, ірі тонналы қалдықтардан өнім алу технологиясын пайдалану мүмкіндігін береді. Кей дерекке сүйенсек, қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарының химиялық қосылысының бір тоннасынан 20 м3 , тіпті одан да көп метан, пропан секілді әртүрлі газ алуға болатыны расталған.

Жоба дайындау барысында мен сараптама жүргізген едім. Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді:

1. Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?

2. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?

4. Ақтөбе қаласында макалатура қабылдайтын мекеме бар ма?

5. Сізді облысымыздың экологиясы қызықтыра ма?

6. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері қандай ?<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!