Материалдар / Ғылыми жоба. «Үй жағдайында жасалатын физикалық эксперименттер»

Ғылыми жоба. «Үй жағдайында жасалатын физикалық эксперименттер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жағдайында жасауға болатын физикалық эксперименттер жинақталған ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Тамыз 2024
388
1 рет жүктелген
9900 ₸
Бүгін алсаңыз
+495 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +495 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жоспары:

Аннотация ....................................................................................................3-4 бет

І. Кіріспе бөлім................................................................................................5 бет

ІІ. Негізгі бөлім ...............................................................................................6 бет

III. Практикалық бөлім

Эксперименттік жұмыстар ........................................................................7- 11 бет

ІҮ.Қорытынды...........................................................................................12 бет

Қосымшалар .............................................................................................13-15 бет

Пайдаланған әдебиет...................................................................................16 бет





















Аннотация

Жұмыстың мақсаты: физика заңдары мен ұғымдарын қолдана отырып, үй жағдайында қарапайым эксперименттер жасау және оларды түсіндіру.

Міндеттер:

1. Физика пәні бойынша қызықты эксперименттер бар әдебиеттерді, сондай - ақ интернет-ресурстарды зерттеу, үйде өткізуге болатын қызықты физикалық эксперименттер таңдау.

2. Эксперименттерді жоспарлау және орындау қабілетін қалыптастыру. Өз көкжиегіңізді тереңдету және кеңейту, біліміңіз бен дағдыларыңызды жетілдіру. Өзіндік шығармашылық еңбек дағдыларын және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Төменгі сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс іс-шара дайындау және оны физика-математика апталығы барысында өткізу.

4. Қатарластарымның физика ғылымына деген қызығушылығын ояту.

Гипотеза: үй жағдайында қызықты физикалық эксперименттер жасауға болады.

Зерттеу нысаны- бұл заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруіне, физикалық шамаларды өлшеуге, тығыздық, инерция, диффузия, атмосфералық қысым, денелердің тепе - теңдігін түсіндіретін үйде жүргізуге болатын қызықты тәжірибелер.

Зерттеу әдістері - зерттеу, талдау, эксперимент.

Жұмыстың өзектілігі - физика заңдарынның қолданылуын қызықты тәжірибелер арқылы тану және физика ғылымына деген қызығушылықты арттыру.

Практикалық маңызы:

- алынған материалды физика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстар аясында пайдалануға болады;

- "физика бойынша қызықты тәжірибелер" бейнефильмін жасауға болады


Аннотация

Цель работы: проведение интересных экспериментов в домашних условиях с использованием законов и понятий физики и их объяснение.

Обязанности:

1.изучение литературы с интересными экспериментами по физике, а также интернет - ресурсов, подборка интересных физических экспериментов, которые можно провести дома.

2.формирование умения планировать и проводить эксперименты. Углублять и расширять свой кругозор, совершенствовать свои знания и умения. Развитие навыков самостоятельного творческого труда и логического мышления

3.Подготовка внеклассного мероприятия для младших школьников и проведение его в ходе физико-математической недели.

4.пробудить интерес моих сверстников к физической науке.

Гипотеза: в домашних условиях можно проводить интересные физические эксперименты.

Объектом исследования являются интересные эксперименты, которые можно проводить в домашних условиях, объясняющие изменения агрегатных состояний вещества, измерения физических величин, плотности, диффузии, атмосферного давления, равновесия тел.

Методы и приемы исследования-исследование, анализ, эксперимент.

Актуальность работы заключается в ознакомлении с применением законов физики через интересные опыты и повышении интереса к физической науке.

Практическое значение:

- полученный материал можно использовать на уроках физики и в рамках внеклассной работы;

- можно сделать видеофильм "интересные эксперименты по физике"




Кіріспе

"Бір тәжірибе мың сөзге тұрарлық". (Араб мақалы)

Физикадағы қызықты тәжірибелер көптеген қызықты және түсіну қиын емес нәрселерді көруге көмектеседі. Физикалық заңдар бізді қоршаған әлемде барлық жерде қолданылады. Ең бастысы, физикалық тәжірибелер үшін кез-келген импровизацияланған материалды қолдануға болады. Физикалық тәжірибелерді шарлармен, көзілдіріктермен, шприцтермен, қарындаштармен, сабандармен, монеталармен, инелермен, сұйықтықтармен және т. б. қарапайым құралдармен жасауға болады.

Тәжірибелер алдын - ала ойластырылған жоспар бойынша белгілі бір мақсатта жүзеге асырылады. Бізді қоршаған әлем туралы ғылыми білім алу үшін жүргізілген тәжірибелердің нәтижелерін ойластырып, түсіндіру қажет. Жобаны жүзеге асыру барысында мен физика тұрғысынан түсіндіруге болатын эксперименттер жасадым.

Ұсынылған тәжірибелер біздің әлемді құрайтын физикалық заңдар мен құбылыстардың мәнін көрнекі түрде көруге, есте сақтауға және ең бастысы түсінуге көмектеседі.

Физика - эксперименттік ғылым. Сондықтан, физикадан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады.

Арнаулы приборлардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Ол физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып саналады, себебі оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (үдеу, өріс, жарық дисперсиясы) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары) тексеріледі.

Физикалық эксперимент ұқыптылыққа, төзімділікке, қиыншылықты жеңе білуге, ізденушілікке, бақылай білу қабілетін дамытуға, техникалық дағдыларын қалыптастыруға әсер етеді.

Негізгі бөлім

Біз биылғы оқу жылында физика пәнін алғаш рет оқып, таныса бастадық. Физика табиғаттағы болып жатырған барлық құбылыстарды, өзгерістерді түсіндіретін ғылым ретінде таныстық. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, гипотеза, эксперимент және қорытынды. Соның ішінде ең маңыздысы – эксперимент. Яғни барлық физикалық құбылыстар туралы ұсынылған гипотезалардың дұрыстығын тексеру үшін эксперименттің маңызы зор екенін білдім. Содан кейін мені эксперимент жасау қызықтыра бастады. Эксперименттерді тек арнайы физикалық құралдармен ғана емес үй жағдайында да жасауға болатындығына көз жеткізгім келді.

Жоба бойынша жұмыс барысында мен қолдың ептілігі ғана емес, физиканың негізгі заңдарына негізделген көптеген қарапайым және әсерлі тәжірибелер бар екенін білдім және өз тәжірибемде қолдандым.

Тәжірибелерді сипаттау төмендегі алгоритмді қолдану арқылы жүргізілді:

1) тәжірибе атауы.

2) тәжірибе үшін қажетті аспаптар мен материалдар.

3) тәжірибе жүргізудің сипаттамасы.

4) тәжірибені түсіндіру.







Практикалық бөлім

1 эксперимент. " Мектептен үйге баратын жолды есептеу"

Жабдық: өлшеуіш таспа

Жұмыс барысы:

1. Қозғалыс бағытын таңдап алыңыз.

2. Шамамен бір қадамыңыздың ұзындығын өлшеуіш таспа көмегімен анықтап алыңыз. (S’)

3. Таңдалған бағыт бойынша жүру кезіндегі қадамдар санын есептеңіз: (n)

4. Жолдың ұзындығын есептеңіз: s=S'*n, метрмен, километрмен өрнектеңіз, кестеге тотырыңыз.

5. Қозғалыс бағытын белгілеңіз.

6. Қорытынды. [1 – кесте]

2 эксперимент. "Мектептен үйге баруға кететін уақытты және жылдамдықты анықтау"

Жабдық: сағат

Жұмыс барысы:

1. Қозғалыс бағытын анықтаңыз.

2. Сағаттың көмегімен мектептен үйге дейінгі уақытты есептеп аламыз.

3. Уақытты секундқа айналдырамыз.

4. Алдыңғы тәжірибедегі жүрген жолды пайдаланып ʋ=s\t формуласы бойынша жылдамдықты анықтаңыз

4. Қорытынды. [2 – кесте]

3 эксперимент. "Денелердің өзара әрекеттесуі. Инерция"

Жабдық: стакан, қағаз парағы

Жұмыс барысы: 1. Қағазды үстел үстіне орналастырамыз.

2. Стаканды қағаз үстіне орналастырамыз.

2. Қағазды баяу тартамыз.

3. Қағазды тез тартамыз.

4. Екі жағдайда да стаканның қозғалысын сипаттаймыз.

Қорытынды: Инерция құбылысы. Қағазды алдымен баяу тартқан кезде үстіндегі стакан қағаз парағымен бірге жылжиды. Қағаз парағын тез тартып қалған кезде үлкен жылдамдық алады, ал стакан жылдамдық алып үлгермейді де өзінің бастапқы тыныштық қалпын сақтап қалады.

4 эксперимент. «Шыны құтыдағы кемпірқосақ»

Жабдықтар: 4 стакан, қызыл, жасыл, сары, көк түсті бояулар, су, қант, шприц, шыны құты

Жұмыс барысы:

  1. 4 стаканды 1,2,3,4 сандарымен номерлеп аламызда, нөмерлеріне сәйкес

ас қасықпен қант саламыз (1 нөмерлі стаканға 1 қасық қант, 2 нөмерлі стаканға 2 қасық қант т.с.с) және бояу қосамызда әбден ерігенше араластырамыз

  1. Дайын болған қоспаны шприц көмегімен сорып алып, қант мөлшері көп салынған ерітіндіден бастап шыны құтыға ретімен құямыз

Қорытынды: нәтижесінде боялған судың арласпай «кемпірқосақ» пайда болатының көруге болады. Бұл судың әр түрлі тығыздығына байланысты болды. Судағы қант неғұрлым көп болса, оның тығыздығы соғұрлым жоғары болады, сондықтан мұндай концентрациясы бар қабат әйнектің төменгі жағында болады. Ал қант аз су, керісінше, жоғарғы жағында болады.

[1 - сурет]

5 эксперимент. "Диффузия"

Қажетті жабдықтар: 3 стакан, ыссы, жылы және салқын су, калий перманганатының кристалдары

  1. Бір стаканға суық су, екіншісіне жылы су, үшіншісіне ыстық су құйыңыз.

  2. Олардың әрқайсысына калий перманганатының бірнеше кристалдарын батырыңыз.

  3. Байқалған құбылысты түсіндіріңіз.

Қорытынды: калий перманганатының кристалдары 3 стаканда да ери бастайды, бұлыңғыр және бозарады. Бұл процесс диффузия деп аталады. Ыстық су құйылған стақанда диффузия тезірек жүреді, өйткені температурасы жоғары судағы молекулалардың жылдамдығы температурасы төмен судағы молекулалардың жылдамдығынан үлкен. Яғни, молекулалардың жылдамдығы температураға байланысты. [2 -сурет]

6 эксперимент. "Майшамнан әткеншек жасау"

Жабдықтар: 2 стакан, ине немесе таяқша, майшам, сіріңке.

1. Майшамның екі жағынан фитиль шығарып аламыз.

2. Майшамның тамшыларынан қорғау үшін үстел үстіне алюминий фольга төсейміз.

3. Алюминий фольганың үстіне қандай да бір арақашықтықта биіктіктері бірдей екі стаканды орналастырамыз.

4. Майшамның дәл ортасынан көлденеңнен инені немесе таяқшаны өткіземіз.

5. Майшамды өткізілген ине көмегімен стакандардың ортасына орналастырамыз.

6. Жасақталған қондырғымен майшам арасындағы үйлесімділікті айқындаймыз. Майшамның тірек нүстесін анықтаймыз.

7. Майшамды бірінші бір жағынан жағамыз. Бірнеше секундтан кейін екінші жағын жағамыз.

8. Одан кейін майшамның екі жағын қатар жағып құбылыстың қалай өзгергенің байқаймыз.

Қорытынды: Бұл тәжірибеде майшамды тепе-теңдікті зерттеу үшін қолданамыз.

Майшам- тірек нүктесі ретінде әрекет ететін инеге бекітілген ұзын сәуле. Майшам әткеншек сияқты бір жағынан екінші жағына еркін айнала алады. Ойын алаңындағы әткеншекке түсірген сияқты шам сәулесіне қоымша күш түсірілмегендіктен, оны ұстап тұрған жалғыз күш шамның өзі. Әткеншектерді теңестіру үшін екі жағынан төмен қарай тартылатын екі күштің де тең болуы маңызды. Бұл ине шамның дәл ортасында болған жағдайда ғана жұмыс істейді. Егер бір жағы сәл ұзындау болса бұл оны ауырлатады және құлап кетер еді. Алайда, егер ине ортасында болса, әткеншек теңестірілген болып табылады. [3 - сурет]


7 эксперимент. "Сиқырлы қағаз"

Жабдықтар: бір стакан су мен қағаз парақ.

1. Бір стакан су аламыз.

2. Оны қағаз парағымен жабамыз.

3. Стаканды төмен қарай төңкереміз.

Қорытынды: біз аударғаннан кейін қағаз парағы стаканға жабыстырылғандай, стакан ішіндегі су ағып кетпейді. Оны атмосфералық қысым ұстайды, ол сырттан қағаз параққа стакандағы су қысымына қарағанда көбірек күшпен әсер етеді. [4- сурет]

8 эксперимент. «Отқа төзімді шар»

Жабдықтар: екі шар, шам, су, сіріңке.

  1. Шарлардың бірін үрлеп, байлаймыз. Екінші шарға аздап су құйып үрлеп, байлаймыз.

  2. Шамды жағып, ауамен толтырылған шарды шамның жалынына ұстаймыз. Ол бірден жарылап кетеді.

  3. Одан кейін жалынға су құйылған шарды ұстаймыз. Біраз уақытқа дейін шар жарылмайды.

Қорытынды: Судың жылу өткізгіштігі ауадан 24 есеп көп. Демек, су жылуды ауадан 24 есе жылдам өткізеді. Су шардың ішінде буланғанша шар жарылып кетпейді. Себебі, су шамның жалынының көп бөлігін алады. [5 - сурет]

9 эксперимент. "Қалықтаған картоп"

Жабдықтар: картоп, таяқшалар, тіс тазалағыш

1. Картопты 2 жарты шеңбер етіп бөлеміз

2. Бір бөлігін қалдырып, екінші бөліктен 3 параллелепипед жасап аламыз.

3. Бір параллелепипед картопқа екі таяқшаны қадаймыз, қалған екі параллелепипедті таяқшаның ұштарына орналастырамыз.

4. Картоптың бірінші жарты бөлігіне бір таяқшаны қадам, оның ұшына тіс тазалағышқа бекітілген параллелепипедтерді орналастырамыз. Сол кезде картоптардың ауада қалықтағаның көруге болады.

Қорытынды: таяқшалар, картоп және тіс тазалағыш қатты денені құрайды. Оның бір жерде массалар центрі және тірек нүстесі бар. Ауырлық күштері денені масса центрі мүмкіндігінше төмен болатындай етіп орналастыруға тырысады, егер ол тірек нүктесінің астында орналасса, оған қол жеткізуге болады. Біздің жағдайда егер дене ерекше пішінге ие болса масса центрі геометриялық түрде денеге жатпайтыны белгілі болды, сондықтан оның тепе теңдік жағдайы сәл қызықты болып көрінеді. [6 – сурет]

10 эксперимент. «Кристалл өсіру"

Жабдық: шыны стакан, ыстық су, қарындаш, жіп, тұз, сүзгіш қағаз.

Жұмыс барысы:

1. Ыстық суға қажетті мөлшерде ас тұзын салып, ерітінді дайындаймыз.

2. Ерітіндіні сүзгіш қағазбен сүзіп стаканға құямыз.

3. Қарындашқа жіпті стакандағы ерітінді суға бататындай етіп байлаймыз.

4. Қарындашты ерітіндіге батып тұратындай етіп стакан үстіне орналастырамыз.

6. Стаканды бірнеше күнге қоямыз.

7. Жіпте пайда болған құбылысты бақылаймыз.

Қорытынды: тұз ерітіндісі уақыт өте келе қатаю процесіне ұшырайды, яғни кристалданады. Осылайша кристалды бірнеше уақытқа қойып үлкейтуге болады. Және оны ашудас ретінде немесе әр түрлі әшекей бұйымдарға қолдануға болады. Ас тұзының орнына алюмокалий квацын қодануға болады. [7 – сурет]






Қорытынды

Бұл қарапайым, бірақ қызықты эксперименттер танымдық қызығушылық тудырады және шығармашылық белсенділікті арттырады.

Жұмыс барысында:

- мен көптеген қызықты фактілер білдім.

- үй жағдайында көптеген физикалық эксперименттер жасауға болатының түсіндім.

- физика пәні бойынша білім мен дағды деңгейімді арттырдым.

- мектебімізде өткізілетін физика пәні апталығы кезінде оқушыларға көрсететін таңғажайып тәжірибелер топтамасын жасақтауды жоспарладым.

Мен мұндай қарапайым әрі қызықты экспериментік жұмыстарды жиі жасағым келеді және жасаймын. Тәжірибе үйретіп қана қоймайды, ол қызықтырады, осы арқылы құбылыстарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Ұсынба:

  1. Жоғарыда көрсетілгендей қызықты әрі қарапайым эксперименттерден

тұратын мектепішілік, аудандық шаралар, конкурстар жиі ұйымдастырылса.


Қосымшалар

1 -кесте





2 - кесте










1 – сурет







2 - сурет







3 - сурет












4 - сурет




5 - сурет







6 – сурет







7 - сурет




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Научные эксперименты по физике для детей и взрослых». Научная семейка профессора Перельмана.

  2. «250 лучших экспериментов увлекательная физика»

  3. «Физика без преград. Увлекательные научные факты, историй, эксперименты». Черепенчук В.С

  4. Домашний эксперимент по физике». Ковтунович М.Г. Издательство: Владос, 2007 г

5. Физика және астрономия» ғылыми педагогикалық журнал, 2020-2022 ж.

6. “Физика-7” . Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева Алматы:

«Атамұра» 2019

7. “Физика-8”. Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова

Алматы «Мектеп» 2019

8. Интернет материалдары, youtube желісі,

9. «Занимательная физика» каналы




















15


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ