Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба үлгісі 2024 жыл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғылыми жоба үгісін құрастырған: тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Б.Б.
Тақырыбы:
Киіз үй – көшпенділердің баспанасы
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секция: Тарих
Аннотация
Оқушы өзінің ғылыми жобасында ата – бабаларымыздың негізгі баспанасы киіз үй жайлы толық қамтыған. Киіз үйдің түрлерін зерттеген. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген.
Оқушы бұл жобаны жазу барысында кенінен дайындалғанын байқатты.
Мұғалім:
Тарих пәнінің мұғалімі Б.Б.Ахметова
Аннотация
В своем научном проекте ученица полностью охватила сведения о юрте, как о жилище предков. Исследовала виды юрт.
Найденые источники соответствуют возрасту учащейся. Доказано сведениями.
При исследовании этой работы, видно что ученики хорошо подготовлены.
Учитель истории Ахметова Б.Б.
Мазмұны
Кіріспе… ………………………………………………………………………………………………….
1.Киіз үй – ата-бабамыздың жайлы қонысы………………………………………………
2. Киіз үйдің шығу тарихы………………………………………………………………………..
3. Киіз үйдің түрлері мен құрылысы…………………………………………………………
4. Киіз үй түрлері және қолданылу ерекшеліктері…………………………………
5. Киіз үйдің іші бөлімге бөлінуі……………………………………………………………….
6. Киіз үйдің құрамды бөліктері……………………………………………………………….
Қорытынды …………………………………………………………………………………………….
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………………..
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында да отанымыздың тарихи маңыздылығын және отан тарихын паш ету арқылы әлемге Қазақстанды танытамыз деген көсемдік көзқарасын білдірген еді. Елбасы өз сөзінде: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек. Қазақстан тамыры терең жайылған ұлы тарихы бар ел екенін көрсете және дәлелдей отырып, дүниежүзілік аренада біз елімізді рухани қабат арқылы паш етеміз» деп атап көрсетті. Ал «Мәдени мұра» бағдарламасы осы бір тарихи мақсатқа жетудегі алғашқы нақты қадам.
Ендеше, ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар, қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы «Киіз үй – көшпенділердің баспанасы» жобасының әр қырынан ашып іске асыру және тамырларымызды одан әрі зерттеп, ұлан-ғайыр жеріміздің мәдениеті мен тарихын көрсету.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келгенін. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін көрсету.
3 / 10
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
- Киіз үй түрлерін жан-жақты сипатына тоқталу;
- Киіз үйдің шығу тарихымен таныстыру;
- Тұмарды адамның сенімін артатын бұйым ретінде қарастыру;
- Жиһаздардың орналасу ретімен танысу;
- Оқулықтардан дәлелдерді пайдалану;
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы:Қазақ халқының баспанасының түрлеріне қарай, адам әлеуметтік жағдайын анықтау.
Зерттеу пәні: тарих
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Қазақ халқының баспанасының бірі, тамаша үлгісі, «киіз үй» адамның өмірінде алған орыны
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік
1.Киіз үй – ата-бабамыздың жайлы қонысы. Киіз үй - «Атамыз -Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені, қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты. Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады.
Киіз үй – жер бетіндегі ең жеңіл тұрғынжай. Оны бірнеше сағат ішінде “тұрғызуға”, яғни тігуге болады, сондай-ақ соншалықты мерзімде жығып, өзіңмен бірге алып кетуге болады. Киіз үй – көшпелілердің ғаламат өнертабысы. Оның жасы, шамасы, көшпелілер дүниеге келген уақытпен парапар болар. Біз әңгіме етіп отырған киіз үй біздің заманымыздың
4 / 10
1 мыңжылдығының ортасында пайда болды.
2. Киіз үйдің шығу тарихы. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата – бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы – жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Ал XII – XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан.
Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш етіп, таң қалдыртқан. 1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы I Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам оған өте риза болған (Ә.Марғұлан). Жазушы Шыңғыс Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі мұражайлардың бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай-ақ Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.
Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болған. Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген, яғни ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Қазақтың осындай байлығы мен сән-салтанатының куәсі болған киіз үйлер тәркілеу, соғыс, аштық колхоздастыру сияқты жауыздық әрекет салдарынан құрып кетті. Сөйтіп, XX ғасырда қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы – киіз үйдің құны мен маңызы төмендеді. Оның орнына кеңестік тәсілмен қалай болса солай жасалған, бір-екі жылдан артық тігуге келмейтін, қара құрым жабылған
5 / 10
Сапасыз бірдеңелер көптен шығарылды да, ол киіз үй атты қасиетті, құтты орынның құнын түсірді.
3. Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.
Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су етпейді. Кейде қыстан киіз үймен шығатын қазақтар туырлықты екі қабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қамыспен шалылап, қоралайды. Көбінесе қопалы, қамысты жерді паналайтындықтан, жел де көп болмайды. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен айтуға болады.
Үй тігу мен жығу дегеніміз – тұтас бір рәсім. Дәстүр бойынша оны бірер ер адам мен екі-үш әйел тұрғыза береді. Олар әуелі ағаш есікке қос қапталынан екі кереге-қанатын бекітеді, сосын қалған қанаттарын (төрт, алты… он екі болуы мүмкін) жалғастырып, дөңгелектеп, үйдің негізгі қаңқасын іргесін тұрғызады. Сосын оның ортасынан жоғары қарай, бақанға іліп, шаңырақты көтереді. Ол, әдетте, ер адамның, отағасының міндеті. Шаңырақ жасау үшін жаз ортасына дейін кесілген шырынды қайың ағашын иіп кептіреді.
Шаңырақ – өзіндік бір астрономиялық құрал. Оның күлдіреуші үш не бес талдан тұратын айқыш тіреуіші – дүниенің төрт жағына нұсқап тұрады. Ал шаңырақ сақинасының өзі – бейне-бір көкке көз салған телескоп секілді. Шаңырақ күлдіреуішімен бөлінген аспан кеңістігіндегі жұлдыздардың орналасуына қарай, үй тұрғындары көшіп-қону уақытын дәл анықтайтын болған.
Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды. Желілердің басы мен аяғына әдемілік үшін ойып, сызықтар (ыру) жүргізеді. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі немесе өгіздің бас терісінің сірісі (қайыстары) арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Кереге көзінің үлкен-кішісіне қарап торкөз, жел көз деп бөледі. Торкөзді кереге әдемі әрі берік болады.
Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық – ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік – киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Киіз есік ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршықталып жиналып қойылады, жай күндері күн түспес үшін, оның бір
6 / 10
Жағы бақан арқылы ашық тұрады.
Ағаш есік маңдайша, екі босаға, табалдырық және екі жарма есіктен құралып, керегеге бекітіледі. Керегелер бір-біріне таңғыш құр арқылы жалғасады. Кереге бастары арқылы тартылатын бас арқан маңдайшаның екі жағына мықтап байланады. Үйдің барлық ауырлығын ұстайтын, беріктігін сақтайтын бас арқан. Сәндік үшін бас арқан тұсынан және кереге басы туырлықты қажамас үшін басқұр жүргізіледі.
Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады. Ол иінінен ішке иіле жасалады, яғни үйдің күмбезді үлгісі осы уықтан басталады. Шаңырақ – киіз үйдің қасиеті, киелі мүлкі. Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты айтылады. Шаңырақ «үй, отбасы – деген мағынаны да білдіреді. «Шаңырағын биік болсын» деген тілек бар. Киіз үй шаңырағы: тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғынды, яғни шеңберді, қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды, жиілеп қаламдық ояды. Күлдіреуіш шаңырақ күмбезін жасайды. Кепілдік күлдіреуіштің орнынан қозғалып кетпеуі үшін қызмет етеді.
Үйші үй сүйегін толық жасап болғаннан кейін, оны қызыл түсті жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды. Егер үй қайыңнан жасалса, оны өсімдік майымен майлайды. Ол ағашқа піл сүйегі түстес өң береді, әрі оған су сіңбейді. Салтанатты ордалардың шаңырағын, уығын, кереге басын, маңдайшасын оюлайды, өрнектейді. Ауқаттылар күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейлейді.
Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады. Ертеректе қазақта қой көп. Сондықтан киіз үйге қажетті материал жеткілікті болған. Міне, осы жүннен үй киіздері дайындалады. Қазақ даласында жүннің көптігі (С.Мұқанов «Халық мұрасы», 99-бет. 1974 ж) Оның әзірлеу, дайындау, пішу жолдары ұзақ бір ғылыми этнографиялық шығармаға лайық. Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады. Олар туырлық бау, түндік бау, үзік бау, жел бау деп аталады. Туырлық пен үзіктердің өзара айқасатын жерін жабық дейді. Туырлық пен үзік баулары кестелі. Оюлы жалпақ құрдан жасалып, үйге көрік беріп тұрады. Киіз сыртынан жел көтермес үшін екі белдеу арқан тартылады. Үйге қолданылатын арқан түрлері де көп.
Шаңырақта желбау деп аталатын ою-өрнекті. 4 шашақты бау болады. Ол желді күні шаңырақты бастыруға, көшкенде байлауға аса қажет. Жай күндері үйге әсемдік, көрік беріп тұрады.
Үй киіздерін әзірлеп болғаннан кейін, оны ақ бормен немесе күйген сүйекпен борлайды. Бұл әдемі ақ түс береді, әрі киіздердің берік болуына, су, жылу, суық өтпеуіне едәуір әсер етеді.
Киіз үйдің бір бөлшегі - кәдімгі ши. Оны жүнмен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқиды. Оны «шым ши» дейді, ораусыз шиді «ақ ши» дейді. Ши кереге мен туырлықтың екі ортасына
7 / 10
Келеді. Оның әсемдікке әрі жылыққа әсері мол. Сондай - ақ ши тұрғанда сырттан құрт- құмырсқа, кесіртке, жылан, тағы басқа жәндіктер кіре алмайды.
4. Киіз үй түрлері және қолданылу ерекшеліктері.
Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
Алтын орда – 30 қанаттан ( керегеден) тұратын ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік - аса лауазымды хан отбасы тұратын 24 қанатты үй.
Ақ шаңқан – 18 қанатты ақ орда, 12 қанат – елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.
Ақ ала орда - 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдардың үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташалар тұратын қарапайым киіз үй.
Қараша үй - кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа - уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрке, қос- ауылда ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.
5. Киіз үйдің іші бөлімге бөлінуі. Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл – киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.
2.Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.
4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады:
1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері).
2. Киіздері (ши де осыған кіреді).
3. Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).
6. Киіз үйдің құрамды бөліктері.
Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан баулары.
Үй сүйектері - үйдің ағаштан тұратын бөлшектері.
Киіздері - киізден тұратын бөлшектері.
Арқан- баулары немесе бау- шулары - құр, арқан, бау, жіптен тұратын бөліктері.
Шаңырақ - үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады.
Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
Күлдіреуіш - түндікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
8 / 10
Қаламдық- уықтың қаламы кіріп тұратын шаңырақтағы төртбұрышты тесік.
Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Қаламы - уықтың шаңырақ қаламдығына сұғылатын ұшы.
Қары - уықтың иініне дейінгі бойы.
Иіні - уықтың иілген тұсы.
Алақаны – уықтың кереге басына бегітілген басы.
Уықбау – уықты керегеге байлайтын жіп.
Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
Қанат – жиналған кереге.
Желі – керегені құрайтын ағаш.
Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Ыру - уық пен керегеге салынған оюлы сызықтар.
Көз - керегенің төр көздері.
Азаткөз - керегенің көктелмеген жерлері.
Сықылауық – киіз үйдің ағаштан жасалған есігі.
Киіз есік – сықырлауықтың сыртынан жабатын есігі.
Маңдайша – екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік есік.
Босаға – маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіліп тұратын айналмалы ағаш
Тиек.
Туырлық – ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабатын киіз.
Үзік - ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.
Дөдеге ( үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған
Әшекейлі киіз.
Түндік - шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.
Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымы жасайтын өсімдік.
Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартатын тоқыма ши.
Шым ши – ою- өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылған ши.
Таңғыш құр- үй тіккенде керегелерді бір- біріне қосып байлайтын терме бау.
Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін жалпақ
Оюлы құр.
Желбеу - сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй
Шайқалмас үшін оған салмақ байланады.
Балақбау - көшкенде уықтардың қосып байлайтын баулар.
9 / 10
Аяқбау – уыққа сәндік үшін байланатын түрлі жіптер шоғы.
Есікбау – киіз есіктің бауы.
Тастама - киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.
Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы.
Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы.
Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.
Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
Күйеу қазық – үй сыртында жел арқан байланатын қазық.
Бақан – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша, ұзын
Ағаш.
Жабық – туырлықтардың бір - біріне айқаса жабылатын тұсы.
Белбеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін берік арқан.
Қазақтың киіз үйі кез келген дүние жүзі халықтьарын архитектуралық , эстетикалық жағынан таң қалдыруда. Қазақы киіз үйді әдетте біз көшпелі халықтың көшіп қонуына ыңғайлы баспана үй тұрғысынан танимыз. Ата- бабаларымыздың өмірі көшпелі болғанымен , рухани болмысы көшпелі болған жоқ. Бабаларымыздың ұрпаққа деген өсиеті үлгісі өнері арқылы жеткен. Менің балалық шағым үйдің жанындағы киіз үйде өткен. Әкемнің ұстаға жасатқан алты қанатты киіз үйі мен оның ішіндегі ою- өрнектері әлі көз алдымнан кетпейді. Шәкірттеріме әркез киіз үйдің жаз мезгілінда салқын түндікті ашқанда жарықтың төбеден түсіп, керегелердің жанынан шиден соққан салқын жанның рахаты екенін айтып отырамын. Киіз үй тақырыбында болашақта киізүйтану пәні мектеп бағдарламасында қосылса деп армандаймын. Қазіргі уақытта киіз үй туралы барлық мәліметтерді жинап, осы пәннің оқу бағдараламын жасау ойымда бар. Бұл менің арманым. Осы арманым орындалу үшін әлі талай еңбек етіп ізденемін. Өйткені жас ұрпақтың қазақы тәрбиеде, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуін қалаймын және сол үшін де еңбек етемін.
Қорытынды
Дәстүр өзгерді, салт жаңарды. Бір кездері ата-бабамыздың киелі қонысы болған киіз үйлер бұл күндері көне жәдігерліктерге айналды. Әжелеріміздің қолымен сырылған сырмақтар, кілемдер, киіз үй жабдықтары қанша ғасыр өтсе де өзбағасын жоғалтқан жоқ.
Бірақ, жаңарған замандағы киіз үйлер жаңаша жабдықталуда. “Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар” дегендей, - ата-бабалардың киелі мекені – киіз үйдің мәні ешқашан жоғалмақ емес.
10 / 10
Қорытындылай келе талай тарихи кезеңді өткерген ата-бабаларымыз адамзат қоғамының көшінде өзінің шаруашылық негізіне, тұрмыс тәсіліне, ұлттық ерекшелігіне қарай дара ұлттық дәстүрін, салт-санасын қалыптастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап аса бағалы заттық мәдениеті мен рухани мәдениетін сақтап қалды. Сол қазыналардан көненің көзіндей болып, дәуірімізге жеткен мұраларымыздың бірі – ұлтымыздың дәстүрі, мәдениеті, халық шеберлері. Ұлттық киелі киіз үйдің жасалу технологиясын жоғарыдағы зерттеулерді сараптайтын болсақ, қазақтардың өнері жоғары деңгейде дамып қана қоймай, орта Азия, Сібір орыс Еуропа халықтарына да үлкен мәдени ықпал етті.
Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері қайта жаңғырған қолөнерімізде ұлт мүддесіне негізделген серпіліс. Мақсатты, білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды қабілетті азамат етіп өсіруде халық қолөнерінің тәлім тәрбиелік, білім – танымдық рөлі орасан зор. Абай атамыз «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек болар. Мал жұтайды, өнер жұтамайды» - деген болатын. Қолөнер дегеніміз – кәсіптің бірі. Ал кәсіпшілік ол адамзаттың тіршілік көзі. Мектеп қабырғасында қолөнердің бастауынан нәр алған жастар болса, өмірде өз орнын таба алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. С.Кенжеахметұлы.
2. Тарихи таңба – интернет материалы
3. Мектептегі технология №4, 2006 жыл
4. E-mail: janbolat_ _91@mail.ru
5. Baq.kz
6. inform.kz