Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы

Секция: тарих, өлкетану, этномәдениеттану
Тақырыбы: «Ұлылар мекені»
Авторы: Мырзатаев Шыңғыс
4 «Г» сыныбы, № 30 ЖОББМ
КММ, Семей қаласы
Жетекшісі: Бекбатырова Нұргүл Болатқазықызы
бастауыш сынып мұғалімі,
№ 30 ЖОББМКММ, Семей қаласы
Ғылыми кеңесшісі: т.ғ.к., профессор м.а.
Раушан Жұртбайқызы Мұхамеджанова,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Семей
2018 жыл
ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:
-
Түйін 3
-
Кіріспе 5
-
Абай Құнанбайұлының туған жері Шыңғыстау және
қала орталығында оның өмірі мен қайраткерлігіне
байланысты тарихи орындар 7
-
Шәкәрім Құдайбердіұлының Семей өңірінің рухани-мәдени 12
өміріндегі рөлі мен орны
-
Семей – Мұхтар Әуезов туып өскен тарихи қала 15
-
Қорытынды 20
-
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 21
1. Түйін
«Ұлылар мекені» тақырыбындағы ғылыми жоба қазіргі күнде өзекті мәселелердің біріне арналып жазылған.
Зерттеу жұмысының құндылығы елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру барысында қазіргі мектеп бағдарламасына Өлкетану сабағын енгізілуіне байланысты өлке тарихының маңызды мәселелерінің қарастырылуы. Руxани жәдігерлері, танымал тұлғалары зерттелуде. Соған байланысты Семей өңірі Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты ұлы адамдар дүниеге келгендіктен ерекше назар аударылды. Жидебай, Бөрілі кесенелері, Абай және Мұхтар мұражайлары Республикамыздың құнды мұрасына айналған. Абай, Шәкәрім және Мұхтардың өмірі мен шығармашылықтарының ақтаңдақ беттері тақырыбында жыл сайын ғылыми жұмыстар жазылып зерттелуде.
Зерттеу жұмысын жазуда Семей қаласының мұражайларында, ұлылар мекені Жидебай, Бөрілідегі мұражайларды аралау барысындағы жинақталған деректер, алынған сұхбаттар келтірілді. Соңғы кезде шыққан жерлестеріміздің ғылыми еңбектері пайдаланылды. Жұмыстың практикалық маңызы ерекше.
Ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбына, мақсатына сай, мағыналы және жұмыс үлкен ізденістің, шынайы тақырыпқа қызығушылықтың негізінде жазылды.
ҰЛЫЛАР ӨСИЕТІ

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбайұлы

Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да, ғылым бiл.
Ғылымға да
керек жан,
Ақылсыз болса, ғылым тұл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Білім – бақтың жібермейтін
қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
Мұхтар Әуезов
2. КІРІСПЕ
Семей өлкесі мәдени мұраға бай, әдебиетпен ғылымның мол ошақтары орналасқан тарихи қала. Бұл қала қазіргі көптеген ұлы адамдар тарихымен біте қайнасқан, олардың атын дүние жүзіне танытқан мәдени өлке.
Жұмыстың мақсаты: туған өлке тарихына байланысты атаулы тұлғалар ескерткіштері және мұражайларын зерттеп танысу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Омарханұлының өмірімен, қайраткерлігі және қызметтеріне байланысты тарихи орындарды аралау, зерттеу, материалдар жинақтау,
- Семей қаласындағы Тарихи-өлкетану, Абай мұражайлары мен Абай және Шәкәрім кітапханаларынан материал жинақтау, талдау,
-Жидебай, Бөрілі киелі жерлердегі тұлғалар кесенелеріне саяхат жасау, сұхбат алу (Абай ауданы)
-аталған тұлғаларға байланысты зерттеуші ғалымдардың еңбектері және баспа материалдарын жинақтау
Зерттеу әдістері:
- жеке зерттеу жұмысы;
-саяхат жасау (Семей қаласы мұражайлары, Жидебай, Бөрілі)
- материалдарды жинақтап, талдау
- фоторепортаж жасау
-Тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкерлері Шынар Сейсенқызы сұхбат, мәліметтер жинақтау
- Жидебай-Бөрілі мұражайының меңгерушісі м.а. Күзембай Лаура Ғизатқызымен сұхбат, мұражай деректерімен танысу
- зерттеу тақырыбына байланысты «Абай» журналы баспасының мүшесі ғалым Амантай Исаұлымен әңгімелесіп пікір алмасу.
Жұмыстың жаңашылдығы: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты туған өлке тарихын зерттеу мақсатында мұражай қорлары кеңейтілуде. Қазақтың үш алыбы Абай, Шәкәрім, Мұхтар еңбектері ғалымдардың зерттеулерімен жаңа қырларынан танылуда, сондықтанда олармен танысып білудің маңызы зор. Аталмыш ғалымдардың соңғы зерттеу жұмыстарындағы жаңашыл түстарын зерделеу, анықтау, ашып көрсету.
Қолданбалы құндылығы және маңыздылығы: жеткіншек жас ұрпақтарды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында тәрбие сабақтарында және дүниетану пәні бойынша «Біздің Отан» бөлімінде ғылыми жоба жұмысын пайдалануға ұсынылады.
3. Абай Құнанбайұлының туған жері Шыңғыстау және қала орталығында оның өмірі мен қайраткерлігіне байланысты тарихи орындар
Семей өңірі көптеген ұлы адамдар тарихымен біте қайнасқан, олардың атын дүние жүзіне танытқан мәдени өлке. Солардың бірі Абай Құнанбайұлы. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауларындааға сұлтаны Құнанбайдың шаңырағында дүниеге келген. Абай қазақ әдебиеті тарихындағы қайталанбас зор тұлға, ұлы ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.
Аталған ғылыми жоба тақырыбына байланысты Семей қаласында туып өскендіктен бабамыз Абайдың мұражайға айналған Жидебайдағы қонысына бару азаматтық парызым деп ойлаймын. Абай, Шәкәрім, Мұхтардай перзент сыйлаған алтын құрсақты Шыңғыстауды – ұлылар мекені деп санаймын. Талай сырды бүгіп жатқан Шыңғыстаудың кең даласы ұшқан құстың қанатын талдырмай қоймайды.
Абай есімімен тығыз байланысты киелі орындардың бірі – Жидебай. Бұл жерде Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы орналасқан. Ол 1971 ж. Абайдың 125 жылдық мерейтойына баяланысты күрделі жөндеуден өтті. Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі – Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме.
Абай Құнанбайұлының Жидебайдағы мұражай-үйі

Сонымен қатар, Жидебайда «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені орналасқан. Сәулетті «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында 1995 жылы ашылған. Үлкен далада жолаушы көзіне ақшаңқан қос күмбез көрінісі бірден көзге шалынады. Биікке, көгілдір аспанның шыңырау көгіне ұмтылған бұл күмбездер адам рухының өршіл күш қуатын көрсеткендей. Жидебай - әдеби Меккеге айналған, үлкен тағзым етер орын.
Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Семей қаласымен тығыз байланысты. Абай алдымен медреседе, одан кейін орыс училищесінде оқыған.Семей қаласында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы бар.
Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы

Суретте көрсетілген мұражай ғылыми қызметкері Біржан Ахмерұлымен мұражай бөлмелелерін аралап, Абайдың өмірі, қызметі және шығармашылығы жайында көптеген деректермен танысып, мағлұматтар жинауыма мүмкіндік алдым.
2018 жылы мұражай қызметкерлерінің бастамасымен «Ата-анаға көз қуаныш» атты Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармалар жинағы жарық көрген еңбегін оқып таныстым.
«Ата-анаға көз қуаныш» шығармалар жинағы

Сонымен қатар, Семей қаласындағы Абай алаңында Абай ескерткіші 1972 жылдың қыркүйек айында қойылғандығы және жасаған мүсіншілері туралы мәліметтермен таныстым.
Семей қаласындағы Абай ескерткіші

Абай Құнанбайұлының өміріне байланысты Тарихи-өлкетану мұражайында да құнды деректер бар.
Семей қаласының Тарихи-өлкетану мұражайы 1883 жылы саяси жер аударылған орыс зиялылары Е.П. Михаэлис, М.И. Долгополов, П. Д. Лобановский және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының бастамасымен құрылған болатын. Абай Құнанбайұлы 1885 жылы осы мұражайға қазақ халқының өміріне, тұрмысы мен дәстүрлеріне арналған бөліміне 60- қа жуық бағалы мұрағаттарды тапсырған.
Семейдегі кітапханаға Абай жиі келетін. Кітапханада болашақ досы күрескер Е.П.Михаэлиспен танысады. 1870-1880 жылдары Абайдың азаматтық тұлғасы мен ақындық болмысының қалыптасуына орыс және шет ел жазушыларының озық еңбектері зор әсерін тигізді. Осы кезде Абайдың жазылған өлеңдері: «Физули, Шәмси», «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау». Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған.Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Семей қаласындағы қазақ музыкалық-драма театры да Абайдың есімі берілген мәдениет ордасы.
Абайдың өмірі мен мол мұрасы өлке және ел
тарихында қазақтың рухани жан дүниесінің
сәулесі болып табылады. Абай : “Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз
болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар
қалан!” - деген сөздерімен ақыл- парасатты дәріптеп, ғылым мен
ағарту идеяларын насихаттады.
4. Шәкәрім Құдайбердіұлының Семей өңірінің рухани-мәдени өміріндегі рөлі мен орны
Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге көзқарасы Абай ықпалымен қалыптасқан. Шәкәрім Құдайбердіұлы — өз бетімен білім алып өскен адам. Әрине, жетекшісі Абай болған.
Шәкәрім – ақын, жазушы, философ, композитор, тарихшы. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 2 тамызда Шыңғыс тауы бөктерінде қазіргі Шығыс Қазақстан бұрыңғы Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Ол ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған Құдайберді деген ағасының баласы. Демек, ұлы ақынның немере інісі.
Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай кітапханасының кітап сөрелерінде Шәкәрімнің және ақынның өмірі мен еңбектеріне арналған көптеген кітаптар жинақталған.
Соның ішінде ерекше назарым ауған ақынның 1911 жылы жарық көрген «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабы болды.

Сондай-ақ, аталған жылы жазылған Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» кітабында ақынның дін туралы имандылықпен адамгершілікке баулитын пікірлері бар.
Кейінгі кезде жарық көрген, өзіміздің жерлестеріміздің жазған еңбектеріде баршылық. Мысалы, соңғы кездері жарық көрген Өскемен қаласының ғалымы Борис Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» еңбегінде Абай, Шәкәрім, Мұхтар бабаларымыздың өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұматтар келтірілген. Семей қаласының ғалымдары Асан Омаров «Шәкерім жыне Мұхтар» атты деректі кітап, Шәкәрім атындағы университеттің бұрыңғы ректоры Ерлан Сыдықов «Шәкәрім» атты еңбекпен энциклопедия жазған. Яғни, өлке тарихына өлкетанушылармен ғалымдар, жас студенттермен магистранттар көптеп зейін қоюда.
Семей қаласының орталық демалыс саябағында Шәкәрім Құдайберді ұлына ескерткіш қойылған. Шәкәрім ескерткіші 2008 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Шәкәрім ескерткішінің авторы мен мүсіншісі Қазтай Нарысов, сәулетшісі Шотаман Уәлиханов.
Семей қаласындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы ескерткіші

Сонымен қатар, Семей қаласында жоғары оқу орыны Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті бар. Ол 1995 жылы құрылған. Университетке қазақтың ойшыл-ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының аты берілген. Университеттің кітапханасы да Шәкәрім атымен белгілі.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын зерттеу мәселелеріне шолу жасай отырып ақын шығармашылығында Адам – Қоғам – Дін мәселелері ең өзекті тақырыптар болғанын университет ғалымдардың еңбектерінен және кездесіп сұхбаттасқаннан аңғардым.
5. Семей – Мұхтар Әуезов туып өскен тарихи қала
Мұхтар Әуезов қазақ атын әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен танытты.
1897 ж. 16 (28) қыркүйекте Шыңғыстау болысы, Семей уезі, Бөрілі ауылында дүниеге келген. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 ж. Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училмщесінде оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.1919 ж. Мұхтар Әуезов Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітірді. 1924-1925 жж. ол мұғалімдер техникумында оқытушы қызметін атқара жүріп, «Таң» журналын шығарды. 1903 ж. ашылған семинария 1967 жылы 6 желтоқсанда М.О.Әуезовтың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы жазушының есімі берілген қара шаңырақ.

Бөрілі жерінде М. Әуезовтың атасының қыстағы болған, кейіннен осы жерде жазушының мұражай-үйі ашылды.
Мұхтар Әуезовтың атымен Семей қаласындағы алғашқы «Жарыс» футбол клубы да байланысты.Қазақ топырағында тұңғыш ресми футбол командасы 1913 жылы Семей қаласында құрылып, ол «Ярыш» («Жарыс») деп аталған. Оның құрамында жартылай қорғаушы болып заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов өнер көрсеткендігі туралы мұражайдағы фотошежірелер көптеген мәліметтер береді.
«Жарыс» футбол командасы

Бүкіл қазақты «Абай жолы» романы арқылы дүниеге танытқан ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Осы жерде Асан Омаров «Шәкерім және Мұхтар» кітабында Мұхтардың бірінші рет Абаймен кездескенін көрсетеді. Мұхтар дүниеге келген кезде Әуез Жидебайдағы Абайға немерелі болғанын айтып хабар жібереді. Жер шалғайлығына қарамастан Абай Бөріліге келеді. Шүйншіге күрең жорға атты жетектеп әкелген еді. Мұхтар 6 жасқа толғанда әжесі Дінәсілмен бірге күзекке қоныстанған Аралтөбеге Әйгерім ауылына Абайдың келгенін естіп барады. Міне осы кезде 6 жасар Мұхтар 58 жастағы Абайды бірінші рет көреді.«Абай жолы» еңбегінің 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты.
Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді.
Семей қаласының Жаңа-Семей ауыданында Мұхтар Әуезовке ескерткіш қойылған.
Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов ескерткіші

Ескерткіш 1987 жылғы 28 қыркүйекте қойылған. 1987 жылғы 28 қыркүйекте Семей қаласының тұрғындары өздерінің даңқты жерлестері, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 90 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Ескерткіштің авторлары – Қазақ КСР лауреаттары, мүсінші Т.С. Досмағамбетов, сәулетші КССРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты В.В. Катцев және А.С. Қайнарбаев.
Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» «Халықтың қамқоры», «Күндестер» секілді алғашқы шығармалары қазақ театрының алтын қорына енген. Б. Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабында: «1917 жылы Әйгерімнің киіз үйінде Ақыштың ұзатылуына орай небары 20 жастағы Мұхтардың «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылады» деп жазылған. Бұл пьесаға «ҚозыКөрпеш-Баян Сұлу» эпосына ұқсас даладағы қос ғашықтың трагедиясы арқау болады. Қазіргі таңда Мұхтар Әуезовтың драмалық шығармалары Семей қаласының Абай атындағы қазақ музыкалық –драма театрының інжу-маржанына айналды.
Тарихи-өлкетану мұражайында Мұхтар Әуезовтың 2017 ж. 120 жылдық мерейтойына байланысты көрме ұйымдастырылған.
Тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі
\

Осы көрмемен танысу барысында мұражай ғылыми қызметкері Ш. Сейсенқызы жазушының өмірімен көптеген еңбектерімен таныстырды.
Мұхтар Әуезов өзінің ұланғайыр шығармашылық әлемін Семей жерінде бастап, алғашқы көркем туындылары, қазақ сахна өнерінің ірге тасын қалаған.
6. Қорытынды
Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Омарханұлы сияқты ұлыларды дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Шын мәнісінде Жидебай – әдеби Меккеге айналған, үлкен тағзым етер орын. Қазірде бұл өңір туризмнің дамуына және ұлы адамдардың өмірі мен шығармашылығын дәріптеуде үлкен үлес қосуда. Осыған байланысты Жидебай, Бөрілі және Семейдегі Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың қызметтері мен шығармашылығына байланысты ашылған мұражайлары мен ескерткіштерін зерттеу осы ғылыми жобаға арқау болып отыр.
Зерттеу жұмысын жазу барысында туған өлке тарихына байланысты ескерткіштер, кесенелер туралы кейіннен оларды аралауда көптеген тың деректер қарастырылды.
Туған өлкемізде дүниеге келген Абай, Шәкәрім, Мұхтар аталарымыздың өмірі мен шығармашылығына арналған жерлестеріміздің еңбектерімен кітапханалар және мұражайларды аралдау барысында таныстым.
Зерттеу барысында ескерткіштердің мән-мағынасын, маңыздылығын түсіндім.
Семей өңірінде Жидебай, Бөрілі кесенелері, Абай және Мұхтар мұражайлары Республикамыздың құнды мұра тізіміне енген.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты туған өлке тарихын зерттеп танып білуде біз сияқты жеткіншек жас ұрпақтарды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде аталған жұмысымыздың біраз болса да үлес қосар деп білеміз.
«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деген бабаларымыздың өсиетімен аталған жұмысымды аяқтап, келешекте мүмкіндігінше зерттеп, зерделеп жалғастыруға сенім білдіремін.
7. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Б. Щербаков «Жидебайдың жұлдызды даласы» Өскемен – 2017
-
Ұлылар мекені. Астана – 2005
-
Ата-анаға көз қуаныш. Семей - 2018
-
Дала данасы. Алматы- 2009
-
Қазақ әдебиеті 1,2 бөлімдер. Астана – 2007
-
А. Омаров «Шәкерім және Мұхтар». Семей- 2012
-
Е. Сыдықов «Шәкәрім» Алматы – 2013
-
Абай. Энциклопедия. Алматы-1995
-
Шәкәрім. Энциклопедия. (бас редактор: Е.Сыдықов) Семей – 2018
-
Азамат Қасым «Шежірелі Шыңғыстау»// Электронды ресурс. https://egemen.kz/article/shezhireli-shynhghystau (қараған уақыты 20.09 2018 ж.)
-
Қайрат Әбілдинов «Ярыш – қазақ футболының қарлығашы»// Электронды ресурс. https://egemen.kz/article/yarysh-%E2%80%93-qazaq-futbolynynh-qarlyghashy(қараған уақыты 20.08 2018 ж.)
-
Памятники //Электронды ресурс. //http://semeylib.kz/?page_id=954&page=1-8 (қараған уақыты 15.08 2018 ж.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба "Ұлылар мекені"

шағым қалдыра аласыз