жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба: «Ұялы телефон дос, әлде жау ма?»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық коллрджі
Ғылыми жоба:
«Ұялы телефон дос, әлде жау ма?»
Орындаған: 4-Инфо-1тобының білім алушысы Ербол Гүлқанат
Өскемен қ-сы, 2020
Мазмұны
Аннотация 3-4 бет
-
Кіріспе
-
Ұялы телефонның шығу тарихын зерттеу 5-6 бет
-
Ұялы байланыстың адам өмірінде алатын орны 7 бет
-
Ұялы телефонның ересектер мен балалар денсаулығына тигізетін әсері
-
7-10 бет
-
Зерттеу бөлімі
2.1.Ұялы телефонның оқушы өмірінде қолданылуы 11-12 бет
-
Ұялы телефон ата-ана мен бала арасындағы байланыс па? 13 бет
-
Бала дәрігерімен кеңесу 14-15 бет
-
Ұялы телефонды дұрыс пайдаланудың ережелері 16 бет
Қорытынды 17 бет
Пайдаланған әдебиеттер 18 бет
Аннотация
Жұмыстың мақсаты: Балалар денсаулығына ұялы телефондардың тигізетін кері әсерін төмендету үшін, оны пайдаланудың оң және теріс жақтарын зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
-
Мобильді байланыстың тарихын зерттеу;
-
Ұялы байланыстың адам өмірінде алатын орны жөнінен жүргізілген зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
-
Ұялы телефонның балалар денсаулығына қалай әсер ететінін анықтау;
-
Мектеп оқушылары арасында ұялы телефонды пайдалану жөнінен сауалнама жүргізу.
Жұмыстың өзектілігі:
Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын, еске салғышын, сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп. Бірақ әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Ұялы телефондардың электромагниттік сәулелері жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер етеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері де осы сымсыз телефон екен. Сондықтан да ұялы телефондардың балалардың денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу әдістері:
Ғылыми жұмысты орындау барысында публицистикалық және ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс, мәліметтерді талдау мен зерттеу, жалпылау жұмыстары, оқушылар арасында сауалнама жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстың болжамы:
Ұялы телефон балалар ағзасына кері әсерін тигізеді, бірақ көп адамдар оған үлкен мән бермейді.
Жұмыстың қорытындысы:
Ғылыми жобаны орындау барысында ұялы телефондардың адам өмірінде алатын рөлі жөнінде көрсетілген. Нәтижесінде, телефон қаншалықты қажетті зат болғанымен, адам денсаулығына, әсіресе, балалар денсаулығына тигізетін кері әсері өте зор екені көрсетілді.
-
Кіріспе
-
Ұялы телефонның шығу тарихын зерттеу
Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. 1875 жылғы 2 маусымда Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің дауысын естиді. Өнертапқыш шотландытықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылғы 3 сәуірден басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Өндіріле бастаған алғашқы телефон салмағы 1,15 келі болған (сурет 1). Әрі бағасы 4000 доллар болғандықтан, сол кездегі бағамен едәуір қымбат болған, телефонды тек әскерилер мен ірі кәсіпкерлер, зиялы қауымдар ғана қолданған.
Сурет 1 – Өндіріле бастаған алғашқы телефондардың модельдері
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
2008 жылғы қазан айында Вьетнам елінің Нгуен Суан Лин деген азаматы елдің назарына ерекше ұялы телефон ұсынды. GSMстандартында жасалған бұл телефонның салмағының 300 кг тартатындығы бізге ерекше деп айтқызып тұрған. Сонымен қатар, аталған ұялы телефонның биіктігі 3,2м, ені болса жарты метр шығады. SMS жіберу функциясының болуымен қатар 2 мегапикселді бейнекамера мен Bluetooth-модулі бар, динамигінің қуаттылығы 100 ватт, ең қызығы дисплей орнына 42-дюймдік теледидар орнатылған. Осылайша ерекшелігі жағынан алғашқы орынды иеленетін бұл ұялы байланыс құралы жарты жылда құрастырылыпты.
2011 жылдың аяғына қарай Малайзиялық Enmac компаниясы мұсылман қауымына ерекше сый жасады. Құбыланың орналасқан бағытын көрсететін, намаз уақыты кіргенде автоматты түрде дыбыссыз режімге көшетін және өзге де «ақылды» функциялары бар мобилді телефон шығарды. Телефонға араб тілін қоса алғанда барлығы 30 ұлттың тілінде Құран мәтіні орналастырылды. Сондай-ақ аталған телефоннан Пайғамбарымыздың хадистерін де кездестіреміз. Сонымен қатар телефонда орнатылған «Qibla Compass» бағдарламасының көмегімен құбыланың орналасқан бағытын білуге болса, «Zakat Calculator» арқылы зекеттің құнын тез арада есептеп шығара аласыз.
-
Ұялы байланыстың адам өмірінде алатын орны
Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз.
Жиырмасыншы ғасырда кез келген ауылда байланыстың қажетті бір түрі радиостанциямен жабдықталмағаны ересек адамдардың естерінде шығар. Техникалық прогресс бір орында тұрып қалмайды, бүгінде әр үйде радиотелефон бар, ал ұялы телефонды бірінші сынып оқушысының қай-қайсысы да мектеп сөмкелерінде ұстап жүреді. Бұл – ата-аналардың өз балаларының қайда жүргендігін білуге өте қолайлы нәрсе, бойына ойын түрлерін, фотоаппаратты, тіпті жерсеріктік навигаторды біріктірген қызықты ойыншық. Қазақстан халқының тең жартысынан астамы ұялы байланысты пайдаланады, ал көптеген кәсіпкерлерде 2 және одан да көп ұялы телефондар бар.
-
Ұялы телефонның ересектер мен балалар денсаулығына тигізетін әсері
Адамзат игілігіне арналған ұялы байланыс сияқты жаңалықтар, әрине, пайдалы. Әйткенмен, әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері де жоқ емес.
Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары – даусы көрші үйге естілетін қарапайым телефон, телеграмма немесе хат жазу еді. Техника дамығалы, бұл қызметтің бәрін бір ғана ұялы телефон атқаратын болды. Қазір алақандай ғана осы құралды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұстайды. Бар шаруа бір тетікті басумен шешіледі. Алайда, ұялы телефонның пайдасы ғана емес, зияны да бар екен. Оны ең алғаш кәдімгі тарақандар сезген. Ал, адамдар селт етер емес.
Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр. Бір ай бойына әртүрлі ұялы телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірибесін жасаған. Тәжірибеден кейінгі екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі сыр берген. Содан соң сәулеленген атжалмандардың қанын сәуле қабылдамаған «таза» буаз атжалман тышқандарға егуді жүргізген. Нәтижесінде бүкіл атжалман тұқымымен өліп қалған.
Еуропаның электронды компонеттер ғылыми-зерттеу институты жүргізген зерттеулері көрсеткендей, тіпті аз ғана мөлшерде ұялы телефон арқылы сәуле алу гемоглабин талшықтарының «таралып» кетуіне әкеліп соқтырады. Ұялы телефонға деген тым әуестенушілік адамдардың бүйрегінде тас жиналуына және жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеліп соқтыратындығы белгілі болды. Бұны дәлелдеу үшін мамандар бірнеше мәрте қан үлгілерін зерттеп, 10-нан 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстарын жүргізген.
Ресейде мұндай зерттеулер көптеп жүргізілді. Халықаралық энергоақпараттвқ ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі И.Чернозубов басқаратын Халықтық медицинаның ғылыми-практикалық орталығында компьютерде тәулігіне 6-8 сағат жұмыс жасайтын адамдарды тексеру барысында анықталуы заңды құбылыс. Екі жылдан артық жұмыс жасағандардың талақтары, ұйқы бездері, ми тамырлары өзгеріске түскен, еркектерде импотенция күшейген, ал әйелдерде түсік тастау күрт артқан, әрі бұл америкалықтар мен шведтердің бұл саладағы зерттеулерімен толықтай сәйкес келеді. Сонымен электромагниттік сәулеленудің әсерін біз көрмесек те, байқамасақ та, біздің ағзамызға тигізер әсері аз емес екен.
Ұялы телефондар балалардың денсаулығына әсер етумен қатар, олардың тәрбиесіне де үлкен ықпалын тигізеді. Ұялы телефонның балаларға «үйретпейтін» нәрсесі жоқ. Онда ойынның не шұрайы бар, сағаттап әңгіме де айта беруге болады, интернеттен не пәленің барлығын көшіріп алып, кез келген жерде алаңсыз отырып асықпай қарауға болады. Телефон кәдімгі компьютердің кішкентай көшірмесі іспетті. Бірінші сыныпта оқитын бала телефоннан аядай тордың ішінде арыстанның адамды қанын шығарып жұлмалап жатқанын, кемпірдің шынашақтай баланы теуіп ұшырып жіберетінін, атпалдай еркектің қоймен вальс билеп жүргенін, түрлі шайтани секталарға кіруге уағыздайтын нәрселерді, ауыз бармайтын тағы түрлі видеоларды еш шімірікпестен көріп, мәз болып, «менде мынадай бар» деп, мақтанышпен достарына көрсететінің, достары одан да «кереметін» көрсетіп, «кімнің телефоны, кімнің видеосы мықты» екендігін айтып жарысады (сурет 2).
Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тыйым салынған. Америкада 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 75 пайызының қалта телефондары бар екен, алайда балалар сабаққа кірер алдында телефондарын арнайы орынға тапсырып, сабақтан шыққанда қайтадан алады. 2007 жылы Үндістанда оқушыларға телефон ұстауға тыйым салынған. 2008 жылы жапондар да сөйтті. 2009 жылы Тәжікстанның жалпы білім беретін мектептерінде оқушылар мен мұғалімдерге ұялы телефондарды тағып жүруге және пайдалануға тыйым салынды. Өзбекстанда балалардың телефонды пайдалануына тыйым салу туралы заң қабылдау мәселесі көтеріліп жатыр.
II Зерттеу бөлімі
2.1. Ұялы телефонның оқушы өмірінде қолданылуы
Зерттеу мақсаты – балалар денсаулығына ұялы телефондардың тигізетін кері әсерін төмендету үшін оны пайдаланудың оң және теріс жақтарын зерттеу. Ол үшін балалар күніне қанша уақыт бойы ұялы телефонды пайдаланатынын анықтау қажет болды.
Зерттеу жұмысын жүргізу үшін арнайы сауалнама құрастырылды. Сауалнама бірінші сыныптар арасында жүргізілді. Сауалнамаға 106 оқушы қатысты. Зерттеу нәтижесі 1-кестеде көрсетілген.
Сауалнама
-
Сенде ұялы телефон бар ма?
А. Иә
Ә. Жоқ
-
Телефонмен қанша жыл пайдаланып жүрсің?
А. Бір жылдан аз
Ә. Бір жылдан көп
-
Телефонды күнде пайдаланасың ба?
А. Иә
Ә. Жоқ
Б. Кейде
-
Телефонның адамның денсаулығына кері әсері бар екенін білесің бе?
А. Иә, үлкендер маған ескерткен
Ә. Иә. Мен журналдан теледидардан көріп білдім
Б. Жоқ, зияны жоқ деп ойлаймын
-
Телефонды қай жерде ұстайсың?
А. Портфельде
Ә. Қалтада
Б. Мойынға асып жүремін
-
Телефондағы ойындарды ойнайсың ба?
А. Иә
Ә. Жоқ
-
Телефондағы өлеңдерді тыңдайсың ба?
А. Иә
Ә. Жоқ
-
Наушниктерді пайдаланасың ба?
А. Иә
Ә. Жоқ
-
Сен телефонға қанша уақытыңды жібересің?
А. тек қана керек кезде ғана сөйлесем
Ә. ата-анам телефонды қой дегенше
Б. шамамен 1 сағаттай
-
Телефонмен ұзақ отырғанда басың ауыра ма?
А. Ешқашан ауырмаған
Ә. Көп ойын ойнасам көзім ауырып, басым айналады
Қорытынды: Сауалнама барлығы 106 оқушыдан алынды. Оқушылардың 80 пйызында ұялы телефон бар. Олардың 40 пайызы ұялы телефонды 1 жылдан бері қолданып жүр. Және әртүрлі себептермен оқушылардың 95 пайызы күнде қолданады. Көбінесе ұялы телефонды оқушылар ата-аналарымен сөйлесу үшін және бос кезде ойын ойнауға, өлең тыңдауға, фотоға түсіру сияқты қызметтерін пайдаланады екен.
2.2. Ұялы телефон ата-ана мен бала арасындағы байланыс па?
Зерттеу мақсаты: Ата-ананың ұялы телефон жайлы ойларын білу. Ұялы телефонның оң және теріс жақтарын үлкен адамдардың көзқарасымен қарастыру. Балалардан үйіне «Ұялы телефон бала үшін керек пе?» деген сұрақ беріп жіберілді. Оған ата-аналар өз ойларын жазып жіберді.
Даиров Талғат Қайыргелдіұлы: Мен ұялы телефонды балама тек қана байланыс көзі ретінде сатып әпердім. Ұялы телефон қазір маңызды құрал деп есептеймін. Себебі: Біз анасы екеуіміз жұмыстан кеш ораламыз. Ал ұялы телефонмен баламыздың қайда жүргенін анықтап отырамыз. Сондықтан мен үшін ұялы телефон қажет деп ойлаймын.
Қуанышева Айнагүл Темірболатқызы: Бұл қазір менің отбасым үшін нағыз өзекті мәселе. Менің қызымнан басқа, жоғары сыныпта ұлым оқиды. Мәселе деп отырғаным ұлымның көп уақыт ұялы телефонда отыратыны мені толғандырады. Ұялы телефонда интернеттің болуы бала үшін пайдасыз деп есептеймін. Интернет баланың көп уақытын алады. Көзінің көруін нашарлатады. Бала психикасына да әсер етеді. Сондықтан мен кіші қызымға ұялы телефонның қарапайым түрін әпердім және көп ұстамауын қадағалаймын.
Жүсіпова Гүлсара Әлібекқызы: Мен ұялы телефон бала үшін тек байланыс ретінде керек деп санаймын.
2.3. Бала дәрігерімен кеңесу
Жақтаева Раушан Өміржанқызы «№3 қалалық емхана» ШЖҚ-дағы КМК бала дәрігерімен кездесіп, дәрігерлік көзқараспен ұялы телефонның бала денсаулығына әсерін зерттеу.
Сұрақ: Медицина тұрғысынан қарағанда жас балалар үшін және олардың денсаулығына ұялы телефондардың зияны бар ма?
Жауап: иә, шынымен де, ұялы телефоннан электромагниттік толқындар шыққандықтан ағза үшін өте көптеген әсерлер болуы мүмкін. Әсіресе жас өсіп келе жатқан ағза үшін ұялы телефонды үнемі сөйлесу және ойнау қауіп тудырады.
Сұрақ: Ұялы телефоннан көбінесе ең бірінші қандай мүшелер зардап шегуі мүмкін?
Жауап: Әрине ол ми және барлық сенсорлық мүшелер. Адамның көзі минимальды түрде берілетін кескіндерді көру үшін қиналады. Ал телефондардың көпшілігінде экран өте кішкентай болады. Сондықтан экранға қараған кезде адамның көз бұлшықеттері және миы оны дұрыстап фокустап, ақпарат жинау керек. Сондықтан осы кезде көз шаршау миға салмақ түсу байқалады.
Сұрақ: Құлақтың дұрыс естімеуіне де ұялы телефонның қатысы бола ала ма?
Жауап: Егер ұзақ телефонмен сөйлескен құлақтың ішкі температурасы артады, яғни құлақтың ішкі бөлігінде орналасқан иірімдердегі нерв талшықтары шаршайды. Сонымен қатар дауысты қатты қойып, ән тыңдау да құлақтың қызметін бұзады.

