Ғылыми жоба"Бөдене және оның жұмыртқасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба"Бөдене және оның жұмыртқасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба" Бөдене және оның жұмыртқасы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы: 
"Бөдене
және оның жұмыртқасы"


Ғылыми зерттеу жұмысының жоспары:
І.Кіріспе
1.Бөдене құсы туралы жалпы мағлұмат.

ІІ.Зерттеу бөлімі.
1. Бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасы.
2. Бөдене жұмыртқасының пайдасы мен емдік қасиеті.
3. Бөдене жұмыртқасы мен тауық жұмыртқасының айырмашылықтары .

ІІІ.Қорытынды.

Ғылыми жобаның мақсаты: 
Бөдене жұмыртқасының емдік қасиетін ашу, оның қандай ауруларға ем екендігін айта отырып, бөдене құсын өсіруге көңіл аударту.
Жұмыстың міндеттері:
1. Бөдене құсының тарихына зер салу.
2. Бөдене жұмыртқасының емдік қасиетін білу.
3. Адам ағзасына бөдене жұмыртқасының тигізер пайдасын түсіну.
4. Бөдене жұмыртқасы мен тауық жұмыртқасының айырмашылығы.


Зерттеу жұмысымның өзектілігі:
Бөдене жұмыртқасы адамның иммунитетін қалпына келтіруге көмектесіп, әртүрлі ауруларды емдеп қана қоймай, адам өмірін ұзартуғa тигізер пайдасы зор. Сондықтан да мен осы тақырыпты таңдадым.
Зерттеу нысаны:
Ғылыми жұмысымның зерттеу нысаны – бөдене жұмыртқасы.
Зерттеу әдістемесі:
Бөдене жұмыртқасының адам өміріндегі пайдасын білу.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Бөдене жұмыртқасының пайдасы мен емдік қасиетін адам ағзасына пайдалы екендігін айта отырып, ем ретінде қолдану.

Кіріспе.



КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 

Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 

Осы суреттің менің тақырыбыма қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?

Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Мемлекет тарапынан жыл сайын осындай проблемаларға миллиардтаған қаржы бөлінеді.

Ал біз бүгінгі зерттеу жұмысымызда осындай үлкен мәселенің қарапайым шешімін сіздерге ұсынғалы отырмыз.  Біз білетін шынашақтай ған құс -бөдененің еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Бөдененің жұмыртқасы экологиясы нашар аймақтарда тұратын адамдар үшін өте пайдалы екенін білдім. Мәселен, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы жарылыстардан кейін ғалымдар бөдененің жұмыртқасы адам ағзасы үшін таптырмас ем деп тапқан. Ол адам денсаулығын қалыпқа келтіреді, ағзадағы улы заттарды шығарады екен. Жұмыртқа құрамында адам бойына керек дәруменнің бәрі бар.


1. Бөдене құсы туралы жалпы мағлұмат.
Бөдене – тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі үш мың метрден асатын биік таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды. Бірқатары республикамыздың қиыр солтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20см-дей, салмағы 80-150 грамм шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз бір түрі. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, жетіден жиырмаға дейін шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені он бестен он жеті күнге дейін басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен кейде жәндіктермен қоректенеді. Әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ үйде де ұстайды. 
Әр жыл сайын аң- құс аулау маусымы тамыздың аяғы, қыркүйектің басында ашылады. Туған жердің төсі қасапханаға айналатын осы кезеңде, осы бір қаралы маусымда аңшы мылтығының қарауылына ілінетін құс - бөдене. Ең бірінші бөдене атуға рұқсат беріледі. Қырсаң бөденені қыр, өлтірсең бөденені өлтір. Себебі, ол құстың бәрінен бұрын есейеді, бәрінен бұрын жылы жаққа қайтады. Басқа айып- күнәсі жоқ.

«Оларды күзде жылы жаққа қайтады дегеннен гөрі қатерлі жол, қауіпті сапарға аттанады деген жөн. Қауіп төндіретін адам. Бұл маусымда Жерорта теңізі жағасын һәм құрттай құжынаған аралдарды мекендеген елдің бәрі бөдене аулауға шығады. Тор құрады, тұзақ тастайды, желім жағады, тіпті болмаса таяқпен ұрып өлтіреді. Ғайыптан тайып аман- есен ұшып шыққандары қала берді жолай ұшы- қиыры жоқ ұлан судың үстімен ұшқанда қанаты талып толқынға құлайтынын ойласаң, осы күнге дейін бұл құстың тұқымы қалай құрып кетпегеніне таңқаласың»- деп жазады атақ ты Альфред Брэм өзінің «Хайуанаттар өмірі » кітабында.

Және бір мәтел «бөдененің үйі жоқ- қайда барса бытпылдық» дейді. Олай емес. Бөдене ұясы, ұшар, қонар мекені бар бауырмал құс. 20-30 жұмыртқаны топырлатып бір- ақ туатын мекиені болашақ ұрпағының қамымен басын қатерге тігіп, ұясынам не қауіп төнсе де алысқа ұзамайды, күн- түн демей жұмыртқасын шауқаумен болады.

Сол тынымсыздығының, бейнеткештілігінің арқасында 15-16 күнде жұмыртқа жарып, балапан шығарады. Бір жылда қолда бағылған әр мекиен 300- 320 жұмыртқа табады екен. Бұдан өсімтал тағы қандай құсты білесіз?

«Бөдененің үйі жоқ» деген сөз, оның ұясын көлденең көзге көрінбейтін қуыс- қалтарысқа жасырыеп салатын тапқырлығына , жем іздейтін өрісінің кеңдігіне қарай айтылса керек.

Ол өзі - өте мейірімді құс.

Сырдың төменгі сағасындағы шаруашылықтардың қай- қайсысы да күрішті ауыспалы егіс айналымына салудың бір жолы ретінде және мал азығы ретінде жоңышқа ешеді. Түркістан маңының қазақтары жоңышқаны беде дейді. Осы елде бөдене деген атаудың өзі осы бедеде жүретін құс деген жорамал бар. Бәлкім, рас болар. Беде- түркі сөзі. Жоңышқа деген атау парсы тілінен енген.

Жаз ортасында әр танапта он- он бестен, кейде жиырмадан балапан ерткен мекиендер шұбырып жүреді екен. Бірде сондай ана бөдененің бірі шөп шабатын трактордың шалғысына түсіп мерт болғанын ауыл адамдары көреді. Қылпылдаған өткір орақ қақ бөліп тастаған байғұс мекиен тым- тырақай қашып бара жатқан балапандарына қарай ұмтылады. Ең болмаса қанаттанбай жетім қалған сарыауыз балапандардың халі аянышты- ақ еді. Ит- құсқа жем болатынын ойласаң жүрегің ауырады.

Адамдар сол шөжелерді екі- үш күннен кейін тағы көреді. Көрші атызда балапан өргізген ана бөдене бейшараларды қанатының астына алыпты, қаннен- қаперсіз жүр. Кіп- кішкентай құстың осындай мейірімділігіне таң қаласың.

Бөдененің сайрауы. Біздің қазақ бытпылдық дейтін осы әнді тыңдау - Шығыс халықтарының көбі үшін зор ғанибет. Әдетте, бір үйде екі бөдене ұстайды. Асқабақтың мойнын кесіп, бетіне шәйі орамал жабады.

Қолға түскен күндері бөдене өте ұрыншақ болады. Кейбір тәжірибесіз аңшылар таза ауамен демалып, еркін тыныстап тұрсын деп беті ашық жәшікке немесе себетке салып қояды. Бұл- дұрыс емес. Тордан босанамын деп далаға ұмтылған бөденен жарға соғылып, қанатын сындырады, мертігеді, құлап, қансырап өліп қалуы мүмкін. Асқа баққа қамап, бетін матамен бүркеп, қараңғыда ұстайтын себебі сол. Қабақтың қапталынан кішкене тесік тесіп, аузына су толы құмыраша іліп қояды. Шәйі орамалдың астындағы қбақтың біреуінде қораз, екіншісінде мекиен. Аралары алшақ. Таң ата қоразы сайрай бастағанда мекмені еркелей мойнын созады. Осылай таңғы романс басталады. Мұндайда деміңді ішіңе тартып, тыныш қана отырып тыңдаған - рахат. Бұл екі құстың неге «Фархад пен Шырын» деп атайтынын үнсіз ұғасың. Қосыла алмаған қос ғашықтың зары осындай болар.

Бөденені кәдімгі тоты құс ұстайтын клеткаларда асырауға да болады. Оған бөдененің 4 мекиені мен 1 қоразы сиып кетеді. Тек жұмыртқа ғана керек болса, қораздың орнына мекиенін қоюға болады. Сонда күніне 5 жұмыртқа сөреңізде тұрады. Ал үйді өзгеше бір иіс баспас үшін, тор клеткасының еденіне ағаш үгіндісін төсеп, оны аптасына бір рет ауыстырып тұру керек. Бөдененің мекиендері қандай жарыққа да төзімді. Бөдененің жапондық (жұмыртқа басуға бейімделген), фараондар (ет бағытындағы) және маньчжуриялық алтын түсті бірнеше түрі болады. Мұның ішінде күтіп ұстауға маньчжуриялық алтын түстісі ыңғайлы. Бұл кең тараған жапондық түрінен ірірек болып келеді және де жұмыртқа басуы жөнінде де одан қалыспайды. Бір жылда 300, тіпті одан да көп жұмыртқа басып шығарады.
Бөдене денесінің 40 градустық температурасы құс ағзасында ауру тудыратын микробтардың көзін жойып жіберуге септігін тигізеді, содан да олар сальманеллезбен де ауырмайды.
Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диеталық өнім. Күніне 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды, қан қысымы төмендейді, жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі, ағзадағы тұздарды шығарады. Ол көптеген ауруларға ем. Бөдене жұмыртқасына, етіне сұраныс көп.


Зерттеу бөлімі.
Құстардың жоғары өнім беретін түрлерін өсіру, ауыл шаруашылығы ғылыми бағдарламасының бір арнасы құс өнімдерін денсаулықты нығайтуға қарай бағыттау. Соның бірі- бөдене құсын өсіру және оның емдік қасиетіне бай жұмыртқасын өндіруді молайту болып отыр. 
Бөдене-киелі құс. Ол өзін асырап-баққан адамның шаңырағына бақыт, байлық, ырыс-береке және денсаулық әкеледі деген ұғым бар. Олар аса шікәмшіл құс. Себебі оларға жиі көз тиеді. Өзбек ағайындар тордағы бөдененің бетін бүркеп ұстайтыны да сондықтан.
Бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Ол кішкентай болғанымен дәруменге өте бай болып келеді. Жұғымды, бойында амин қышқылы мен микроэлементтер көп. Асқазан мен ішектің жұмысын жақсартатын қасиеттері бар. Жүректің жұмысын қалыптастырады. Адам ағзасындағы артық темір мен радионикулеттерді шығарып, иммунитетті күшейтеді. 
Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады. Тауық жұмыртқасының салмағы 1,700 гр болса, бөдененің жұмыртқасының салмағы 0,485грамм. Бөдененің 5 жұмыртқасы тауықтың 1 жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасынан 5 есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Бөдене жұмыртқасының ұзындығы 3см 4мм, ал ені 2см. Олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. 
Бөдене жұмыртқасы медицина саласында - демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, бронхит, қан аздық, сәуле ауруларын емдеуде қолданылады. Табиғатта ешқашан бөдене жұмыртқалары бұзылмайды, себебі оларда микрофлораның дамуына кедергі болатын аса құнды амин қышқылы – лизоцим бар. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасына қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл бөдене жұмыртқасы мареке ауруына қарсы тауықтарға арналған вакцинаның 230-250 мөлшерін алады. Бұл құстардың эмбриондарын қызылша, паратиф-қылау, тұмау ауруларына вакцина дайындау үшін пайдаланады. Бөдене құсының басқа құстардың дене температурасына қарағанда 2 градус жоғары. Сондықтан да, үй бөденесі күйзеліске, токсикалық заттардың әсеріне және жұқпалы ауруға төзімді. Бөдене жұмыртқалары витаминдерге өте бай. 

Бөдене жұмыртқасын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарлатады. Оларды шикі күйінде пайдалану Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескен. Олар өздерін жақсы сезіне бастаған, мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген.

Бөденелердің жұмыртқасында басқа құстарға қарағанда белок көп. Егер тауық жұмыртқасында белок орташа 5,6 пайыз болса, бөденелерде 6 пайыз. Сарыуыздың үлесі тауық жұмыртқасының сарыуызы сияқты 32 пайызға жуық. Бөденеде қауыз жұмыртқа салмағының 7 пайызын құрайды, тауықтарда 10 пайыздан асады. Бөдене қауызы жұқа болғанымен оның өте тығыз қауыз асты қабықшасы бар.
Қазіргі кезде халықтың көбі аллергиямен ауырады, ол балаларда 80 пайызды құрайды. Өздерін денсаулығы мықты, қуатты болғысы келген адамдар бөдене жұмыртқасын үнемі пайдалану керек.


Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеті.
Бөдене жұмыртқасымен емделуді әлем мойындады. Көптеген ауруларға ем немесе аурудың ауыр кезеңін жайлап жүргізеді. Әсіресе бөдене жұмыртқасы мына ауруларды емдейді: созылмалы холецистит, бронхиялды астма, жүрек ауруы, жүйке ауруын. Бөдене жұмыртқасы аллергия бермейді, керісінше оны емдейді. Бөдене жұмыртқасында холестерин жоқ, сондықтан онымен қанды тазалайды, қан қысымын ретке келтіреді, гемоглавинді көтереді. Бөдене жұмыртқасы жүрекке және операциядан кейін ағзаны қалпына келтіреді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бөдене еті мен жұмыртқасы стресті қалпына келтіреді. Олар ағзадағы тұзды шығарады, май басудан сақтайды, ұмытшақтықтан қорғайды.
Бөдене жұмыртқасы әсіресе балаларға өте пайдалы. Бала күніне 2 жұмыртқа жеп отырса есте сақтау қабілеті дамиды, жүйке-жүйесі мықты болады, көз көру қабілеті жақсарады, жақсы өсіп, аз ауырады. Баланың денесін шынықтырып қана қоймай ақыл есінің дамуына әсер етеді. Бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасына қарағанда тез піседі және піскен жұмыртқасы шыр айналып кетеді.
Жапония мен Қытайда бірнеше ғасырдан бері бөдене еті мен жұмыртқасы халық медецинасында керемет бағаланады. Тіпті Жапонияда мектеп оқушыларының таңертеңгі ас мәзіріне екі жұмыртқа міндетті түрде енгізіледі екен. Жапондық оқушылардың сабақтың алдында 2 жұмыртқадан жейтіні бекер емес қой.
Бөдене жұмыртқасы сонымен қатар бауыр, бүйректі, сары ауруды емдейді. Бөдене жұмыртқасындағы амин қышқылының әсерінен бүйректегі тасты, бауырды, сары ауруды емдейді.
Бөдене жұмыртқасын тек ем ретінде ғана пайдаланып қоймай, оны косметикада да қолданады. Әр түрлі маскалар жасау үшін, тырнаққа арналған лактерге, кремдерге, көз қабағына жағатын тендерге қолданады. Оның жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қажет өнім болып саналады. Оның адам бетінің түсін жақсартуда зор пайдасы бар.

250 бөденеден күніне 250 жұмыртқа алады екен.1бөдене күніне 30 грамм жем жейді. Сонда 1 күнде 250 бөдене 7,500 кг жем жесе, онда 1 айға 5 қапшыққа жақын жем желінеді екен. Қазіргі кездегі бөдене жұмыртқасының бағасы 22 теңге екен. Күніне 250 жұмыртқа, айына 7500 жұмыртқаны тапсырысқа берсе, онда 1айда 165000 теңге түсіреді. Одан 1 қапшығы 1500 теңгеден 5 қапшық жемге кеткен 7500 теңгені шигеріп тастасақ, 157500 теңге пайда көруге болатынын анықтадық. 


Емдік рецептер.
Бөдене жұмыртқасы өте құнды азық болып есептеледі. Балалар мен ересектерге диеталық тағам ретінде ұсынылады.
Бөдене сальмонелез ауруымен, құс аруымен ауырмайды, сондықтан оны шикілей ішуге болады. 
Күнделікті балалар мен ересектерге қанша жұмыртқа ішу керек. Таңертеңгі астан 30 минут бұрын сумен немее шырынмен ішу керек.

Емді үзіліссіз күнде 3-4 ай қабылдау керек. 2 аптадан кейін нәтижесі біліне бастайды. Егерде шикілей іше алмаса, оны шикілей ботқаға, картоп езбесіне, сорпаға құйып ішуге болады.
Жоғары температураны емдеу үшін 100 мл. суға 5 шикі жұмыртқаны қосып, оған 1 ас қасық қант араластырып ішу керек. Таңертең температура қалыпты болады.
Буын, тұз жиналу, ревматизм, құлап қалғанда 4-5 шикі жұмыртқаны стаканға салып, үстіне сірке эссенциесін құйып екі күнге қойып қояды. Содан кейін 100 грамм тұзсыз сары май қосып маз жасайды. Ауырған жерді осы мазбен сылайды.
Балалардағы диатез ауруы кезінде лимонды жуып кесіп, дәнінен ажыратады. Жұмыртқаның қабығын кептіреді, парошокке айналдырады. Осы парошокты лимонға қосып, күніне бірнеше рет баланы тамақтандыру керек.
Шаштың жылтырағанын қалпына келтіру үшін, 5-6 бөдене жұмыртқасын 1 кесе зығыр майға қосып, 1 шай қасық бал қосады. Пайда болған қоймалжыңмен шашты майлайды, тарақтың көмегімен бірдей етіп жағады. 3 сағаттан кейін шаш жұмсақ және жылтырап тұрады.


Қорытынды.
Бөдене жұмыртқасы мен еті адам ағзасына берер пайдасы мол екені бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін бөдене жұмыртқаларын пайдаланған. Ал, ер азаматтар жорыққа немесе шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен тамақтанған. Сонымен қатар өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.
Кейбір елдерде жаңа туған сәбилерге бөднен жұмыртқасын ішкізеді. Жапониядағы 1945 жылғы Нагасаки, Хиросима трагедияларынан кейін бұл мемлекет бөдененің жұмыртқасын балаларға ішкізуді міндеттеген 12 заң қабылдапты. Негізі оны емге шикілей ішеді. Оның жұмыртқаларын балалар бақшасына, мектеп асханасына, балалар үйіне, қарттар үйіне қажет-ақ. Оның етін де емге пайдаланатындар қазіргі кезде көптеп кездеседі. Сондықтан бұл құстың етіне де, жұмыртқасына да сұраныс жоғары.
Жалпы, мен бұл ғылыми жұмыста бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасын және емдік қасиеттерінің мол екенін білдім. Көптеген емдік және ас мәзіріне арналған рецептерді жинақтадым.


Ұсыныс.
1. Балалардың күнделікті ас мәзіріне 1-2 бөдене жұмыртқасын қосу.

2. Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеттері (рецептері) кітапша болып басылса.

3. Отандық кәсіпкерлерге бөдене өсіру ісімен айналысу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе

4 Жерлестеріме бөденені үұй жағдайында асырауды ұсынамын.



Пайдаланылған әдебиеттер.
1.М.Д.Пигарева «Разведение перепелов», 1979
2. А.Снегов «Все
о перепелах. Лучшие породы». Изд.АСТ, 2014
3. А.А.Серебряков «Перепела: содержание, кормление, разведение».
4. Ә.Нысанбаев «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1998





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.10.2023
1493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі