Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба;Елу жылда ел жаңа 10 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқу орны: А.С.Макаренко
атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебі
Батыс Қазақстан облысы, Орал
қаласы
Жұмыстын авторы: 10 «А» сынып оқушысы Ибраева Алина
Ғылыми жоба тақырыбы:
Елу жылда ел жаңа:з
аманауи жаңарған мақал – мәтелдер қоғамға қажет
пе?
Бағыты: Әлеуметтік ғылымдар
Жетекшісі: Нурмуханова Венера
Султановна,
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Секциясы: Тіл білімі
Орал
қаласы,2018
Мазмұны
1. Абстракт -------------------------------------------------------------------- 3-5
2. Кіріспе бөлім -------------------------------------------------------------- 6-7
3.Зерттеу бөлімі ---------------------------------------------------------------- 8-20
3.1. Мақал – мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері -------------8-11
3.2. Көне және заманауи
мақал – мәтелдердің өза айырмашылығы---11-13
3.3.Мақал –
мәтелдердің қызығушылығын арттырудағы жұмыс
түрлері- 13-14
3.4.Мақал – мәтелдерді
күнделікті өмірде алатын орнын анықтау -15-16
3.5.Сараптама-----------------------------------------------------------------
- 17-20
4.Қорытынды
бөлім
--------------------------------------------------- 21
5.Ұсыныс
-------------------------------------------------------------------
22
6.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі -------------------------------------23
7. Жоба жетекшісінің пікірі -------------------------------------------- 24-25
Абстракт
Зерттеу жұмысының мақсаты – Талдау, саралау негізінде ұтқыр, дәл айтылған тіркестерде берілген қазақ халқы тілінің жалпы және жеке ерекшеліктерін анықтау;ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде айтылған өзіндік ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері – Оқушылардың,менің достарымның сөйлеу тілінде пайдалануын белсендіруге және жеке өмірлік тәжірибесін кеңейтуге ықпал ететін қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің тақырыптарын зерттеп,мәнін ашу.
Зерттеудің болжамы – Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыптары мен мағынасын зерделеу заманауи адамның тілінің мәдениетін, нақтылығын, байлығын анықтайтындығы жөніндегі болжам алынды.
Зерттеу объектісі – Сонау ықылым заманнан бізге өзінің тағылымдық мәнін жоғалтпай жеткен қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі болып табылатын мақалдары мен мәтелдері, сонымен қатар халқымыздың мақал-мәтелдерінде айқындалған мәдениеті.
Зерттеу пәні – Қазақ халқының мәдени және әдеби мұрасы.
Зерттеу әдістері – Талдау, бақылау, іс-тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің жаңалығы – Зерттеу жұмысында мақал-мәтелдер арқылы қазақ халқының салттары мен дәстүрлерінің ерекшеліктері сараланды.
Жұмыстың нәтижесі
мен қорытындылар – болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие
беретін, ұнамды үлгі қалыптастыратын мақал-мәтелдерді
насихаттау;мақал-мәтелдерді мектеп өмірінің барлық бағыттарына
/сабақта,сыныптан тыс өмірде,т.б кеңінен енгізу керек деген
қорытындыға келдім.
Іс –тәжірибе пайдалану аясы –Мектеп тек қазақ тілі мен әдебиет пәні
ғана емес,сонымен қатар басқа да оқу пәндерін оқыту
іс-тәжірибесінде;әсіресе,оқушылардың сөйлеу тілінде пайдалану
керек.
Абстракт
Цель исследования - определить путём анализа, общие и частные особенности ментальности казахского народа, закреплённых в метких выражениях; рассмотреть своеобразие отражения в пословицах и поговорках важные черты национального характера.
Задачи исследования – изучить тематику, расскрыть значение одной из форм казахского языкового творчества – пословиц и поговорок, которые будут способствовать активизации их применения в речи, расширению индивидуального жизненного опыта школьников, моих сверстников.
Гипотеза исследования – предположение о том, что изучение тематики и значения казахских пословиц и поговорок определяет культуру, выразительность, богатство речи современного человека.
Объектом исследования являются пословицы и поговорки казахского народа, дошедшие до нас с назапамятных времен и не потярявшие своеге познавательного значения, являющиеся неотъемлемой частью казахской литературы, а так же своеобразие отражения в них культуры нашего народа.
Предмет исследования – культурное и литературное наследие казахского народа.
Методы исследования: анализ, наблюдение, практическое использование
Новизна исследования – работеанализируютсяразличныечертыобычаев и традцийказахского народа, черезпословицы и поговорки.
Результаты работы и выводы – популяризация тех пословиц и поговорок, которые отражают положительные примеры воспитания, создающие положительный идеал; внедрение таких пословичных выражений во всей сферы школьной жизни /уроки, внеклассные мероприятия. т.д
Область практического использования – практическиезанятия в школе при преподаваниишкольныхпредметов, и не толькоказахскогоязыка и литературы;применение в речиучащихся.
Abstraktion
Tne aim of research work is to define with analysis, general and priwate especially of kazakh people, wich are fixed to point ehpressions; to consider special reflection into proverbs and sayings and their features of national characteristics.
The tasks of the research is to study topic, to open the meaning one of the forms of kazakh language, creation of proverbs and saying which will promote actiwation trier using in speech, extension оf personal expresiehce life of pupils, my classmates.
Hypothesic of research is the supponsition that studying the topic and meaning of kazakh proverbs and sayings to define the culture, expression wealth of speech of mjdern man.
The object of research are proverbs and sayings of kazakh people which came from larly times and doesn’t lose own important meaning which is main part of kazakh literanure and also reflection in their culture of air people.
The subject research is cultural and literaru legacy of kazakh people.
The methods of research is analusis, observation, practikal using.
The new one of research: there are different features of customs and tradinions of kazakh people through provers and sayings in work.
The results of work and conclusions is populizations those proverbs and saying which reflect good examples in bringing up, maxing good ideal; inculcation such proverbal expressions to all spheres of schoit /lessons6, outdoor arrangements ets/
The region of practikal usind is practical lessons in scholl in teaching schjll subjects not only Kazakh language and literature; using in spttch jf young peoplt.
Кіріспе бөлім
Зерттеудің
мақсаты:көне және заманауи
мақал-мәтелдерді салыстыра отырып,көнеден жаңаға,атадан балаға
қалдырып келе жатқан тозбайтын,тат баспайтын,өмірлік өшпес мұра
екенің дәлелдеу.
Зерттеудің әдісі:жүйелеу, әдебиеттерге талдау жасау, әр кезеңде айтылған мақал-мәтелдерге баға бере салыстыру, сипаттау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы:тәрбиелік мәні зор, оқушы біздерге азамат болып қалыптасуымызға әсер беретін мақал-мәтелдерді санаға тоқу, өз сыныптастарымның және таныстарыма насихаттау, өсіп-өну жолыма басты қағида ету.
Зерттеудің обьектісі:мақал-мәтелдің адамзатқа берері мол-қазына екені.
Мақал - мәтелдер – талай
замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық
мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден
халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі
ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың
тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні».[2]
Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең
мазмұнды қамтиды.Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана
жемісі емес.Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған көне
заманда туып,өзінің қалыптасу,даму,өсу процесінде талай ғасырмен
бірге жасасқан.
Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын сөз болмайтын
өмір саласы жоқ десе де болады.
Мақал –мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан
ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақалдарда ой тұжырымдалып,
даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде
айтылады. Өкінішке орай
ғылым мен техниканың, жалпы
өркениеттің қарыштап
алға дамыған заманында біз дайын
құндылықтарға әбден үйреніп,төселіп кеттік. Олар –
әлемдік ғаламтор өнімдері,электрондық өнімдер,т.б
Сөз жоқ бұл құндылықтардың да
өмірде алатын орны зор. Дегенмен,
адамдардың арасындағы «тірі»
қарым-қатынасқа жетпейді. Көпшілігіміздің сөйлеу
мәдениетіміз,сөздік қорымыз,ойлау сөйлеу шеберлігіміз
кемдеу түсіп жататыны жасырын
емес.Сондықтан өзімнің,достарымның өмір сүру әрекетінің
ережесі және ақ пен қараны ажырататын әділтаразы
болып табылатын халқымыздың мақал-мәтелдерінің
тақырыптарын,мән –мағанасынзерттеу осы жобамның өзекті мәселесі
ретінде алдым.Себебі ата-бабаларымыз
тобықтай түйінмен-ақ адамға дұрыс жол сілтей
алған.
Мақал-мәтелдерді өскелен ұрпақ тәрбиесінде өте шеберлікпен қолдана
алған.
Мақалдар мен мәтелдердің
мазмұны бабаларымыздың өмір тәжірибесін қамти
отырып,біздің санамызды,әсемдік сезімімізді,талғамымызды
дамытады.Сонымен қатар мақал-мәтелдер сөз мағанасын түсіне
білуімізге және тапқырлыққа
баулиды,шеберлікке,шығармашылыққа бастайды,көркем сөз табиғатына
жетелейді әрі ұшқыр,көңілге қонымды,ойлы,бейнелі сөйлеуге
үйретеді,сөйлеу мәдениетін дамытады.
Мақалдар мен мәтелдердің ғибраттық,
өсиеттік мәні дүниетану қабілетіміздің дамуына
баулумен және ұлтжандылыққа тәрбиелеумен
қатар,өмір шындығының көрінісі ретінде
халқымыздың тарихымен танысыуға да септігін тигізіді деп
ойлаймын.
Мақал-мәтелдер тақырыбына тоқталуымның бірден бір себебі
қызығушылық болды. Өз жобамда мақал –мәтелдер адамзатқа берері
мол –қазына екенің зертегім келеді.
Зерттеу
бөлімі
3.1. Мақал
– мәтелдердің
құрылымдық
ерекшеліктері.
Мақалдар мен мәтелдер ауыз
әдебиетінің ең байырғы,ең көне түрі;ол ғасырлар бойы халықтың
ұқыптап сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны,өмір тіршілігінің
айнасы,көнеден жаңаға,атадан балаға қалдырып келе жатқан
тозбайтын,тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы деп білемін.
Мақал менен мәтелдерді,сара сөз бен нақылдарды халық ежелден жақсы
көреді;сүттей ұйып,сүйсіне тыңдайды; «Сөздің көркі – мақал,жүздің
көркі - сақал» деп қадірлейді, «аталы сөзге арсыз жауап қайырады»
деп сөз кәдірін білмейтіндерді қатал сынаған. «Өнер алды қызыл тіл»
деп сөз өнерін жете бағалайды.Мақал менен мәтелдер халықтың өз
перзенті,өзі жасаған баға жетпес қазынасы;ол өзіне жақын
да,түсінікті де,сондықтан сүйікті де.Бұлар – сан замандар бойы
заман сынынан өткен,керегіңне жараған,өміріне өнеге болған,қисығына
тез,ақ пен қараны ажырататын әділ таразы – айнымас заң,бүкіл
өмірінің сан қырлы сараман ережесі болған.[3]
Мақал – мәтелдің өн бойында поэзияға
тән жинақылық, үнділік, ұйқас, ырғақтылық
байқалады. Онда басқа артық сөз
болмайды. Барлығы өз орнында,
екшеленген, сұрыпталған, жымдаса біріккен,
ой-өрнек ажыраспас туыстық
тапқан, ішкі мазмұнына
сыртқы формасы сай үндестік
тапқан болып келеді. Осы айтылған ойымды дәлелдеу
ретінде «Еңбек» туралы бірнеше мақал-мәтелдерді қарастырып
көрейік.
«Ердәулеті - еңбек», «Ердің атын еңбек шығарады», «Байлықтың атасы
еңбек,анасы -жер»[10]
Осындағы сөздердің бірін де өзгерту мүмкін
емес. Мұндағы негізгі ой – еңбектіңқұдіретін, ол бүкіл
игіліктің көзі екенін білдіру.Сөздерді ауыстырып
қолдансақ,онда бұл мақал поэтикалық қасиетін де, мән – мағанасынан
да айырлады,мақалдық қасиеті жоғалады.
Мақалдар мен мәтелдердің үш
жақты ерекшелігі
бар тұлғалар екендігіне ғалымдар
ертеден-ақ назар аударып келеді.
Біріншіден, мақал-мәтелдер – фразеологизм сияқты тілдік
құбылыс.
Екіншіден, пайымдау мен ой –пікірдің
түйіні ретінде логикалық тұлға.Үшіншіден, келелі ой,кең мазмұнды
қысқа айтып,қорытыңды жасаудың тамаша үлгісі.Мақал-мәтелдің осындай
үш жақты қасиеті оларды тілдік құбылыс ретінде және ойлау құбылысы
ретінде бөлек зерттеуді қажет етеді.
Мақал мен мәтелдер де әр түрлі
дәуірдегі нақты өмір шындығына,
халықтыңерте кездегі ұғымына, ой-санасына
сай келіп отырады.
Мақал – мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап
қолданылады,олардың сөздерінің орнын ауыстыруға болмайды.Олар қай
тұрғыда болсын,өзгеріссіз,даяр күйінде қолданылады.Мысалы, «Аздың
қадірін білмеген,көптің қадірін қайтіп білер»деген
мақалдақұрамындағы жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған
жоқ,түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып
тұр.Мақал-мәтелдердіңигіқасиеттерге үндеу, ақыл өсиет
сипатында болатындары баршамызға
мәлім, яғни ішкі мазмұнның
сыры олардың өздеріне ғана тән,
меншікті мағынасы бар оралымдар екендігін
дәлелдейді. .Мақалдардың тура мағынады ұғынылатындарының
өзінде әйтеуір салыстыру,теңестіруге айналдыруы білініп тұрады.
«Қамшыға бүлдіргі,баға үлгі керек» дегенде халқымыз балаға жаман
әдет,әдеп үйретпе деген мәнді қоса ұғындырады.[4]
Мақал-мәтелдер ауыс мағынады қолданылғанда да,олардың құрамындағы
барлық сөздер тұтас мағынадан қалыс қалмайды.Мысалы,«Қисық
ағаш қиыспайды, қыңыр адам
сыйыспайды»деген мақал жөнбілмейтін адам
ешкіммен іл табыса алмайды дегенді меңзейді.Дыбыстық
жағынанда,
грамматикалық жағынан да,сонымен қатар мағынасының
кесек ойға, мәнге құрылуы жағынан да тиянақты болып келетін мақал -
мәтелдер тілдік тұлға болып табылады.
Мақал-мәтел - әдеби жанр,
әрқайсысы өз алдына дербес мағына беретін көркем шығарма.Тілдің
кіші мағыналы бірлігі (единицасы) – сөз болса, халық
шығармасының кіші бірлігі – мақал-мәтел. Қазақтың халық
мақал-мәтелдері көлемі жағынан кемі екі сөзді, бір сөйлемнен
құралады, көбісі екі сөйлемді – егіз тармақты, асса төрт сөйлемді –
төрт тармақты, бір шумақты болып келеді. Кейбір жинақтарда бес-алты
тармақтысы да кездеседі. Шындығында, олар – мақал-мәтел емес, нақыл
немесе тақпақ сөздер. Мақал-мәтел бірден туа қалмайды. Әуел
баста әлдеқалай айтыла салған ойлы, бірақ құрылысы олпы-солпы
сөйлемдер бірнеше ұрпақтың өңдеп-өзгертуімен бірте-бірте жетіледі,
артық сөздері қысқарып, тілі ұстарып, үлгілі сөзге айналады, мақал
яки мәтел болып қалыптасады. Мәселен, қазіргі «Асыққан жетпес,
бұйырған кетпес» дейтін мақалды А.В.Васильев Торғай қазақтарынан
жаздырып алып, Орынборда 1892 жылы жариялаған жинақта: «Жүргелең
алмас,бұйырған алар», - деп жазылған; ал Я.Лютш Ақмешіт (Қызылорда)
қазақтарынан жаздырып алып, Ташкентте 1883 жарияланған жинақта:
«Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес» деп басылған. Демек, ұзақ жылдық
іріктелу-сұрыпталу нәтижесінде мақалдағы негізгі ой бұйрық (жазмыш)
сақталып, екі реті қайталанатын әрі ұйқассыз алмас, алар сөздері
кейін ұйқасты әрі ширақ естілетін жетпес, кетпес сөздерімен
ауыстырылған. Жетпес сөзімен үндестігіне қарамастан тар мағыналы
жүргелең, жүгірген дейтін сөздер әлдеқайда айқын мағыналы асыққан
деген сөзбен алмастырылған. Келтірілген мысалда байқалатын тағы бір
нәрсе мақалдар мен мәтелдер сөйлемдегі артық сөздерді қысқарту не
мағыналы, көркем сөздермен ауыстыру жолымен ғана емес, қажетсіз
жалғау, жұрнақтарды қысқарту, ықшамдау тәсілімен де ұстартатынын
көреміз. Демек, әрбір мақалдың (мәтелдің) өз шығу, даму, қалыптасу
тарихы, заңдылығы бар. Үнемі ауырдан жеңілге, қиыннан оңайға қарай
ұстарып отыратын жалпы тіл заңына лайық мақал мен мәтелдер де
қысқарумен, ықшамдалумен жетіледі. Қазақ халық мақал-мәтелдерін
қысқарта ұстартудың бірнеше тәсілі бар.[6]
1.Мақал-мәтелді сөйлемде бастауышты айтпай кету немесе оның
қызметін алдындағы анықтауышқа телу арқылы ықшамдалады. Мысалы:
(Балапан) ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады; Өлместі (тәңір)
жаратпайды, тозбасты (ұста) соқпайды; (Сен) жақсыға сұқтан,
жаманнан сақтан. Мұнда сөйлемнің мағынасы баяндауыштан аңғарылатын
болғандықтан, бастауыштар түсіп қалған.
2.Алдында тұрған анықтауышынан мағынасы аңғарылатын болса,
анықталатын сөз түсіп қалады. Жас (адам) келсе іске, кәрі (адам)
келсе асқа; Көп жасағаннан (адам) сұрама, көпті көргеннен (адам)
сұра. Мұндай қысқартуларда анықталушының жалғауы анықтауышқа
жалғанады. Кейде анықталушы сөздің алдында тұрған есімше мен есім
сөздерден болған анықтауыштарға зат есімнің жұрнақтарын жалғау
арқылы, екі сөздің атқаратын қызметін бір сөзге телу арқылы сөйлем
ықшамдалады: Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп; Алтау ала
болса ауыздағы кетеді, төртеу тату болса төбедегі келеді; Еріншек
екі істейді. Осындағы аларман, алтау, төртеу, еріншек дейтін
анықтауыштар әрі адам деген анықталушы сөздің қызметін атқарып
тұр.
3.Бастауыштан немесе сөйлемнің мағынасында аңғарылатын баяндауыштар
түсіп қалады: Алып анадан (туады), ат-биеден (туады); Жақсыдан
(тиер) шарапат, жаманнан (тиер) кесапат; Ауру-астан (болады).
Аталған мақал жинақтарының бірсыпырасында қазірде айтылмайтын
сөздер (туады, тиер, болады) толық нұсқасында сөйлем мүшелері
толық жазылған. Әдетте, мақалдың алғашқы айтылып елге таралған
нұсқасында сөйлем мүшелері толық сақталады. Бірте-бірте жұрттың
тілі жаттығып, құлағына сіңгеннен кейін айтпай-ақ аңғарылатын
сөздер өзінен-өзі түсіп қалады. Қазіргі шағын мақалдар осындай
жолдармен ұстарған. Соңғы мысалдардан сөйлем қысқартудың тағы Батыр
– аңқау, ер – көдек; Бай – бір жұттық, батыр – бір оқтық деген
мазмұны бай, көлемі бір тәсілі аңғарылады. Ол – күрделі
баяндауыштардың етістіктен болған көмекші сыңарлары да, көбінше,
айтылмайды: Жүзден жүйрік (шығады), мыңнан тұлпар (шығады); Ат
арыса – тулақ (болады), ер арыса аруақ (болады).
4.Құрмалас сөйлемдердің арасын байланыстырушы шартты райда тұрған
етістіктер түсіп қалған. Түйесі көп (болса) қоныс бастайды; Бай
(болсаң) балпаң (бол), жарлы (болсаң) қалтаң (бол); Көп қарттың
ішінде бір бала (жүрсе) дана болар, көп баланың ішінде бір қарт
(жүрсе) бала болар.
5.Түсіп қалғаннан, айтылмағаннан мақалдың (мәтелдің) мағынасына
нұқсан келмейтін жалғауларды қысқарту арқылы ықшамдалады: Ел(дің)
іші –алтын бесік; Бас(ты) кеспек болса да, тіл(ді) кеспек жоқ;
Адам(ның) аласы ішінде, мал(дың) аласы сыртында; Айлас әйел(дер)
мұңдас.
6.Пысықталатын немесе анықталатын сөздерден мағынасы аңғарылатын
пысықтауыш, анықтауыш сөздер қысқартылады: Еңбек етсең (өміріңше)
емерсің; Ауру (жызылып) қалады, әдет қалмайды; Өлі арыстаннан тірі
(жүрген) тышқан артық.
7. Сөйлемнің құрылысын, түрін өзгерту арқылы да мақал-мәтел
ықшамдалады. Мысалы, 1883 жылы Ташкентте Я.Лютш құрастырған
жинақтағы: Арам молда аңқау елді алдап жер; Керсеңді алдына қойдым,
кездікті қолыңа бердім дейтін шұбалаңқы мақалдар кейін Аңқау елге –
арамза молда; керсең алдында, кездік қолыңда деп ықшамдалған.
8.Мақал-мәтелдер ескірген грамматикалық тұлғаларды жаңарту немесе
қысқарту жолымен ықшамдалады. Сүтпен (ен) кірген мінез сүйекпен
(ен) кетеді; Білгеннен де (білетұғыннан да) өтер бар іс; Жақсылыққа
жақсылық әр кісінің ісі (дүр), жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі
(дүр) деген мақалдар да көнеріп (жақшадағы), әдеби тілімізден шығып
қалған тұлғалар («ен», «тұғын», «дүр») мақал-мәтел сөйлемдерінің
құрамынан да түсіп қалған.[6]
Қорыта айтқанда, мақалада мақал-мәтелдердің тілдік
ерекшеліктеріне, көбінесе, олардың жалпы құрамдық, мағыналық даму
заңдылықтары мен іштей жіктелу прициптері, қолданыс тәсілдері мен
стильдік мәнері, шығу төркініне баса назар аударылды.Көбінше
мақал-мәтелдер бейтарап мағынада айтылады, ұнаса аларсың, ұнамаса
алмассың дегендей емеуірінмен ишарат
жасалады.
3.2. Көне және
заманауи мақал –
мәтелдердің өзара айырмашылықтары.
Мен өз жобанда мақал –
мәтелдерді екі топқа бөліп алдым.
1.Көне мақал- мәтелдер
2.Заманауи мақал - мәтелдер
Бұл мақал-мәтелдер құрылысы
жағынан сырттай ұқсас болып
келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды
шешуінде өзіндік ерекшеліктері,айырмашылықтары
бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер
мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да,құрылымы
жағынан да байқалады.
Қазақта: «Заманға қарап бөрік қи», «Заманың түлкі болса,тазы болып
қу» деген сынды көптеген ұлағатты сөз бар.Бүгінгі күні заман
өзгерісіне сай мақал – мәтелдер де тонын айналдырып,өңін өзгертіп
шыға келгендей.Әлбетте,өмір тынысын қалт жібермей бағып,қоғам
дамуының тамырын басып отырған қужақ,өткір тілді адамдардың
атсалысуымен.Сондай ілкі сөз тіркестерінің біразын өз жобама
іріктеп,алып назарыңызға ұсынуды жөн көрдім.
Мысалы, «Балалы үй – базар,баласыз үй –қу мазар» - «Wifi бар
үй – клуб, Wifi-і жоқ үй - тұлып »
«Аққуды атпа,досыңды сатпа»- «Аққуды атпа ,айфонды сатпа»
Көне мақал –мәтелдер –халықтың өз перзенті,өзі жасаған баға жетпес
қазынасы,өзіне жақын да,түсінікті де,сондықтан сүйікті де.Көне
мақал –мәтелдер – ғасырлар бойы заман сынынан өткен,керегіне
жараған өміріне өнеге болған,қисығын түзететін таразы болған,болады
да.
Ал заманауи мақал - мәтелдер қазіргі заман адамдарының күнделікті
өмірі ғаламтор алдында өтіп жатқаны бізге мәлім.Осы себептен
заманына сай жаңалық ретінде,ермектерің бір түрі ретінде және
қоғамға сініп бара жатқан лайық басу, дауыс жинау сияқты сұранысқа
байланысты туған мақал – мәтелдер деп білемін.
Екі заманның мақал – мәтелдерінің бойында поэзияға тән жинақылық,
үндестік,саздылық,ұйқастық,ырғақтылық байқалады.Қай қайсында да
артық сөз болмайды.Барлығы өз
орнында,екшеленген,сұрапталған,жымдасабіріккен,ой-өрнек ажыраспас
туыстық тапқан,ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан
болып келеді.
Мақал мен мәтелдер де әр түрлі дәуірдегі нақты өмір
шындығына,халықтың ерте кездегі ұғымына,ой – санасына сай келіп
отырады.
Мысалы: «Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі»- деп ата-
бабамыз айтып кетсе.Қазіргі заман адамдары нақышын сақтай отырып,өз
ойларын не сөздерін
жоғары жаққа жеткізе алмағандықтан ба,әйтур осы мақалдың тонын
айналдырып,өңін өзгерткен «Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе әкімнің
көркі»-деп.
Мақал – мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап
қолданылады,олар-дың сөздерінің орнын ауыстыруға болмайды.Олар қай
тұрғыда болсын,я мор-фологиялық, я синтаксистік тұрғыда
болсын,өзгеріссіз, даяр күйінде қолданылады.Мысалы, «Аздың қадірін
білмеген,көптің қадірін қайтіп білер» деген мақалда құрамындағы
жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған жоқ,түгел бір
мақалдың тұтас мәні сөз болып отыр.
Мақалда бір –біріне қарама қайшы ұғымдар мен нәрселер
салыстырылып, шендестіру арқылы ой –пікірді айқындау тәсілі басы
болып келеді. Мысалы: «Ақымақтың ақылы түстен
кейін кіреді,ырысы кеткеннің иті ұры
кеткен соң үреді».
Немесе: «Ақымақ бастан ақыл
шықпас,Ақыл шықса да мақұл шықпас»,дегенде
«ақымақ» пен «ақылды» – қарамақайшы ұғымдар,осы
екеуі салыстырыла келіп,ақымақтан шыққан ой-пікір де дұрыс болмас
деген қорытынды шендестіру арқылы беріліп
тұр.Осы келтірілген мақалдардан өмір құбылыстарды
типтендіріліп, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп
отыратындығын байқаймыз.Қазақ халқының көне мақал – мәтелдерінің
шығу тегі жөнінде айтар болсақ.
А.Байтұрсұлы: «Мақал да тақпаққа жақын, салт-санасына сәйкес
айтылған пікірлер.Тақпақтан көрі мақал маңызы шын келеді.
Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі – белгілі сөздер.Мәтел
мақалға жақын болады.Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде
айтылады.Мәтел ақиқат жағына қарамай әдетті сөз есебінде айтылады»
- деп көрсеткен болатын.Демек,қай заманның мақал – мәтелдері
болсада сол уақыттың ақиқат түрінде айтылатын пікірлер деп
білемін.
3.3. Мақал –
мәтелдердің қызығушылығын арттырудағы жұмыс
түрлері
Осы кезеңде мектеп
оқушыларымен жастардың мақал – мәтелдерге деген қызығушылығын
арттыру үшін талай жолдарын көрсетуге болады.
Электронды заман болғандықтан мен секілді көптеген оқушылар кітап,
журнал, газеттерге көп көңіл бөле бермейтіні айдан анық. Сондықтан
да достарымды ата – бабамыздан қалған мақал – мәтелдер мұраларын
ары қарай жалғастыру үшін осы заманымызға байланысты қызықтыра
білуіміз қажет деп ойлаймын. Әрине электронды заман болғандықтан
кез келген оқушы ғаламторда отырады. Осыны пайдалана отырып,
мақал-мәтелдерге қызығушылығын арттыруда көптеген жұмыс түрлерін
жүргізуге болады.
Мысалға тоқтала кететін болсақ, ғаламторды ашқан кезінде тиісті бір
мәліметін код ретінде мақал – мәтелдің жалғасын табу арқылы
өзінің қалаған бетін ашып барып жұмысын бастаса деймін. Міне, осы
кезінде ғана менің ойымша балалар мақал – мәтелдің басын оқып,
жалғасын табу арқылы есінде сақтап қалады деймін.Бұл тек балаларға
емес қазақ тілін үйренемін деген көптеген адамдарға да, үлкен көмек
деп ойлаймын.Мақал- мәтелдің жалғасын табу арқылы есте сақтау
қасиеті мен сөздік қорыдамиды.
Сондай – ақ басқа да жолдарына тоқтала кетсек, қарапайым математика
дәптерін алайық сол дәптердің артына санға байланысты түрлі
мақал – мәтелдерді жазуға болады. Мысалға «100 теңгең
болғанша, 100 досың болсын», «90 ауыздың тобықтай түйіні», «Бас
екеу болмай, мал төртеу болмайды» т.б. Ал тор көз дәптерге жалпы
түрлі мақал – мәтелдер жазып жаңғыртып отыруға болады. Сонымен
бірге оқушыларға арналған сурет дәптерге, карандаштың қорабына,
жылдық күнтізбеге, ашық хаттарға, сыйлық кәделерге, қоржынға,
футболкаларға, ыдыс – аяқтарға жазып ата – бабмыздан қалған
мақал – мәтелдерді ары қарай заманнан заманға жалғастыруға
болады деп ойлаймын.
Ғаламтор арқылы мақал – мәтелдерге байланысты түрлі сайыстар
өткізілсе мектеп оқушылары қызығушылықтары артып қатысушылар көп
болатына сенемін.Осы жерде өткір тілді адамдардың атсалысуымен
заманауи мақал – мәтелдердіңде туы мүмкін.
«Көп жаңылса,көнеден сұра,көне жаңылса,көргендіден сұра»
-дегендей.
ХХІ ғасыр – ғалым мен техниканың дамыған кезеңі.Заман талабына сай
қазіргі заман өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі.Бүгінгі күн
өзі өмір түсіріп жатқан қоғамда байланыст өзгеретіні мәлім.Білім
беру үрдісінде де жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және
мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі
көзі.Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық
электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға
пайдаланылды.Осы кезде мұғалімде,оқушыда интернет ресустарын
қолданады. «Wifi бар үй – клуб,Wifi –і жоқ үй - тұлып» ,
«Интернеттен оқып жүр,талай қазақ баласы», «Соткасы жоғалған адам
соскасы жоғалған баламен тең»- деген, осындай жағдайдан туған
заманауи мақал – мәтел деп білемін.
Осы жобамен айналысқалы
заманауи мақал- мәтелдердің біршамасын жинақтап алдым. Мысалға
алсақ заманауи
мақалдар:
1.«Ғаламторда оқып жүр, талай қазақ
баласы»
2.«Ғаламтордың қадірін тариф біткенде
білерсің»
3.«Мен жазбаймын посттарды ермек
үшін»
4.«Фейсбук айтса,теріс қып
айтпайды»
5.«Комменттің сәні жақша, әмиянның сәні
ақша»
6.«Аз пост жазсаң, көп лайктан құр
қаларсың»
7.«Лайк бассаң ерінбей тояды көңіл
тіленбей»
8.«Посттың
көркі-лайк!»
9.«Профильде бәрі сұлу көріксіз қатын қайдан
шығады»
10.«Адамның көңілі бір-ақ лайктен
қалады.»
11.«Екі парақшаның құйрығын ұстаған банға
кетеді.»
12.«Қияс комент лаңмен,лаң банмен
тынады»
13.«Қанға қан, Банға
бан»
14.«Он саусақтан шыққан пост он рулы елге
тарайды!» (компьютер
үшін)
15.«Жекеге шықса атаңның айыбын кеш!»
16. «Аққуды атпа,айфонды сатпа»
17. «Проезднойың бар болса,байлаулы тұрған атпен тең»
18. «Наркоман – ұбырынды, алкаголь - сұлама»
19. «Өлетін бала СОСА – COIA –ға жүгіреді»
20. «Банк басынан шіриді»
Осыдан туатын сұрақ осы заманауи мақал –
мәтелдер қазіргі қоғамға қажет пе? Осы сұраққа жауапты мен қала
тұрғындарымен,достарымның арасынан іздеп
көрдім.
3.4. Мақал –
мәтелдерді күнделікті өмірде алатын орнын
анықтау
Қазақ тілі мен әдебиет
сабағындаөте жиі қазақ халқының мақал
–мәтелдерімен танысып жатамыз және мұғалім бізге түрлі –тәсілдер
арқылы меңгертеді:
Мысалы:
3.5.Сараптама.
1.
Заманауи мақал – мәтелдер қазіргі қоғамға
қажет пе?
Достарымның ойлары.
ИхсановаАружан
Мен осы сұрақты ата- анама қойғам. Әкемнің айтуынша қазіргі қажеттіліке байланысты туған мақал – мәтелдер,олардың өмір ұзақ болды дегенге менің сенімім жоқ-деді. Менде әкемнің айқанына қосыла отырып,атауы айтып тұрғандай заманауи мақал – мәтелдер қазіргі қоғамға қатеті бар, қолдану аясы кең емес дегім келеді.
Фазылова
Альсина
Қоғамға
қажеті жоқ.Өйткені ата -мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас
ретінде беріліп келе жатқан халықданалығы.Мысалға заманауи мақал –
мәтел «Аққуды атпа ,айфонды сатпа»
деген де қандай тәрибелік мақсат бар?«Аққуды атпа,досыңды сатпа»-
деген аққу мен досты қадірлеуге,аялауға үйретеді.Менің ойым қажеті
жоқ.
Қала тұрғындарының
ойлары.
2.Қала тұрғындарына бірнеше сауалнама жүргізген
болатынмын.Жүргізілген сауалнамада мынадай сұрақтар болды.
1.Заманауи мақал – мәтелдерді білесіз бе?
а) ия ә)жоқ
2.Заманауи мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні бар ма?
а) ия ә)жоқ
3.Заманауи мақал – мәтелдер қазіргі қоғамға
қажет пе?
а) ия ә)жоқ
1- ия-40,жоқ -60
2-ия-30,жоқ-70
3-ия-50,жоқ-50
3.Мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде алатын
орнын анықтау мақсатымен, Орал қаласындағы А.С.Макаренко атындығы
№6 жалпы орта білім беретін мектебінің 9«АБВ» сынып оқушыларына
сауалнама жүргіздім.
1.Мақал – мәтелдерді күнделікті
өмірдеқолданасын
ба?
Сауалнама қорытындысы
бойынша:
Сынып |
Оқушы саны |
үнемі |
кейде |
қолданбаймын |
|
9 А |
25 |
5 |
10 |
10 |
|
9 Б |
25 |
8 |
15 |
2 |
|
9В |
25 |
5 |
8 |
12 |
|
Жалпы |
75 |
18/24% |
33/44% |
24/32% |
|
2.Мақал –мәтелдерді қайдан аласыз?
Сынып |
Оқушы саны |
оқулық |
ата-ана |
мұғалім |
9 А |
25 |
10 |
5 |
10 |
9 Б |
25 |
10 |
6 |
9 |
9В |
25 |
12 |
6 |
7 |
Жалпы |
75 |
32/42,67% |
17/22,67% |
26/34,67% |
3.Мақал –мәтелді не үшін қолданасыз?
Сынып |
Оқушы саны |
ақыл айту үшін |
әдемі сөйлеу үшін |
Білімді болу үшін |
9 А |
25 |
6 |
7 |
12 |
9 Б |
25 |
7 |
7 |
11 |
9В |
25 |
7 |
4 |
14 |
Жалпы |
75 |
20/26,67% |
18/24% |
37/49,33% |
Жоба жетекшімнің көмегімен тес
жұмысын жүргізген болатынбыз.
1.Мақалды
табыңыз.
А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге
салды.
B) Түркістан – ер түріктің бесігі
ғой.
C) Өңім екенін, түсім екенін
білмедім.
D) Ғылым таппай мақтанба.
E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей.
2.Мақалды көрсетіңіз
А) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат
В) Далада жаңбыр жауып тұр
С) Ол дос жүрегіне сенеді
D) Енді сізге айтуға тура келді
Е) Едіге ұзақ жол жүрді
3.Мақал не туралы? «Еңбек түбі-береке»
А) достық
В) татулық
С)отан
D)еңбек
Е)еріншік
4.Қатесі бар мақал-мәтелді
көрсетіңіз
А) Ашу –дұшпан,ақыл -дос
В) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі
С) Тазалық – саулық негізі,саулық – байлық
негізі
D)
Теңге тиыннан өсер,жылқы құлыннан
өсер
Е) Туған жердің ауасы ашы
5.Мақа –мәтелді жалғастырыңыз
«Батыр майданда, ... ... .... »
А) суға шомылады
В) болат қайнауда шынығады
С) білімге толы
D) күн сәулесі түседі
Е) елге қызмет ет
6.Дұрыс аудармасын
көрсетіңіз
А)Көз көрген;,елдің шеті
В)Көзді ашып –жұмғанша;көз көрмес,құлақ естімес жер
С)Бір шоқып,екі қарау:жердің жиегі
D)Көзі ашылу;айтуға аузың бармайды.
Е)Көз тоқтату;ағама жеңгем сай
7. Мақал-мәтелдер
құрылысы жағынан қандай
болады?
А)
ұқсас
В) аралас
С) шешен
D) ауызша
Е)орташа
8.Зананауи мақал – мәтелді көрсет
«Оқу – білім азығ ... , білім-ырысқазығ ...»,
А)Ашу –дұшпан,ақыл -дос
В)«Жолдасы көптің – олжасы көп»
С)«Фейсбук айтса,теріс қып
айтпайды»
D)Түркістан – ер түріктің бесігі
ғой.
Е) Өңім екенін, түсім екенін
білмедім.
9.Мақал –мәтелдің дұрыс аудармасын табыңыз.
«Жолдасы көптің – олжасы көп»
А)Дружба – богатствобесценное
В)Другахвалить,чтосебяпохвалить
С)Друзеймного-ширедорога
D)Делопокоряетсятому,ктоеголюбит.
Е)Потруду и плоды
10.Ынтымақ туралы мақал –мәтелді
көрсетіңіз
А) Ашу –дұшпан,ақыл –досВ) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін
өледі
С) Тазалық – саулық негізі,саулық – байлық
негізі
D) Ағайын тату болса – ат көп,
абысын тату болса – ас көп
Е)Жолдасы көптің – олжасы көп [8,9,10]
Тест қорытындысы
бойынша:
Сынып |
Оқушы саны |
5 |
4 |
3 |
2 |
сапа |
үлгерімі |
9 А |
25 |
5 |
8 |
10 |
2 |
52 |
92 |
9 Б |
25 |
10 |
10 |
5 |
- |
80 |
100 |
9В |
25 |
7 |
10 |
6 |
2 |
68 |
92 |
Жалпы |
75 |
22 |
28 |
21 |
4 |
66,67 |
94,67 |
Қуантатын жағдай: оқушылар оқулықпен шектелмей, кітаптардан мақал мәтел туралы мағлұмат алатыны және мәдениетті, әдемі әрі көркем сөйлеуге талпынатыны және білім деңгейлері 66,67% құрайтыныда жақсы көрсеткіш деп ойлаймын
4.Қорытынды
бөлім
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы,
ең көне түрі. Ол – ғасырлар бойы халқымыздың ұқыптап сақтап келген
тәжірибесінің жиынтығы, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының
арнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан
мұра.
Мақал-мәтелдер көркемдік бейнелі сөз
айшықтарымен әсерлі. Олардың айтуға оралымдылығы, тілге үйіріле
кететіндігі, ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі
мақал-мәтелдердің сапаларын анықтайды. Мақал-мәтелдер адамды сөз
қадірін білуге, жақсы мен жаманды, қас пен досты айыра білуге,
айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл болуға, сезімтал болуға, халық
шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге
баулиды.
Мен – оқушымын, өмір тәжірибем аз. Өзім
сияқты балалардың, достарымның бойында мәдениет, адами қасиеттер
қалыптастыру мақсатында айтылатын әрі әсерлі, әрі ойда сақталып
қалатындай мәнді мақал-мәтелдер, ақыл-насихат, өнеге-өсиет төл
әдебиетімізден көптеп табылатынына көзім жетті. Біз қоғамның қамын
ойлайтын азамат болып өсуіміз керек. Осындай игі істе біздің
таптырмас көмекшіміз халық даналығы болып табылады. Ал халқымыз –
дана ұстаз. Демек, өткен замандарда жасаған серілер мен
ақылмандарымыз бізге қалдырған ой-парасат мирасы даңғыл жол сияқты
екен! Халқымыздың сөз мәйегі мақал-мәтелдер бізді ізгілікке,
имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке,
ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді. «Мақал – сөздің атасы»
дегендей, өмірде мақал-мәтелдің қажеттілігін түсінуге болады. Халық
педагогикасының қағидалары қатарына қосылатын туған халқымыздың кез
келген мақал-мәтелімен сусындап өссек, жемісіміз молығады,
толығады. «Дұрыс қанаттанған түзу ұшады» деген халқымыз тәрбиенің
түпкі мақсатын, жемісін меңзеп отыр. «Үлгілі үйдің ұл-қызы
ұялтпайды» деп келеді халқымыздың бір даналығы.[6] Олар адам
баласының қарым-қатынас, салт-сана, тәлім-тәрбиесі, бір сөзбен
айтқанда, тұтас адамгершілік қағидалардың дастаны тәрізді. Оларды
сусындап оқысақ, өмірде ұшырасатын оқиғалардың бәріне де лайықты
жауап табамыз.
Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде
өркениетті елдердің өрге тартқан көшінде, алға тартқан легінде
халқымыздың мерейін көтеруге, қажыр-қайрат жұмсауға, үлес қоссақ
деген тұжырымға
келдік.
Заманауи жаңарған мақал –
мәтелдер қоғамға қажет пе? – деген сұрағымның жауабын уақыт
еншісіне беремін.Қолдағы бар алтынның қадірін жоғалып алмайық деген
тұжырымға келдім.
5.Ұсыныс
« Елу жылда ел жаңа:заманауи
жаңарған мақал – мәтелдер қоғамға қажет
пе?»атты тақырыбындағы ұсынысым
«Мақал– сөздің атасы» дегендей, өмірде мақал-мәтелдің қажеттілігін
түсіне отырып, санамыздың өсуіне ықпал ететін ұлттық мұраның
сақталуы біздің қолымызда. Халық педагогикасының қағидалары
қатарына қосылатын туған халқымыздың кез келген мақал-мәтелімен
сусындап өссек, жемісіміз молығады, толығады. «Дұрыс қанаттанған
түзу ұшады» деген халқымыз тәрбиенің түпкі мақсатын, жемісін меңзеп
отыр. «Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды» деп келеді халқымыздың бір
даналығы. Олар адам баласының қарым-қатынас, әдет-ғұрып, салт-сана
тәлім-тәрбиесі, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік
қағидалардың дастаны тәрізді. Оларды сусындап оқысақ, өмірде
ұшырасатын оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табамыз. Ата –
бабамыздан қалған мақал – мәтелдерді сурет дәптерге,
карандаштың қорабына, жылдық күнтізбеге, ашық хаттарға, сыйлық
кәделерге, қоржынға, футболкаларға, ыдыс – аяқтарға жаза отырып
жастардың қызығушылығын арттырып, ары қарай дамытса деймін.
Жастарымыз, достарымыз, жалпы халқымыз мақал – мәтелді көбірек
пайдаланса деймін.
6.Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. М. Әлімбаев. «Халық – қапысыз тәрбиеші».
Алматы – 1976
2. Б. Адамбаев. «Халық даналығы». Алматы –
1976
3.Ө.Тұрманжанов «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері»Алматы
«Білім»2007
4. С. Ұзақбаева. «Оқушыларға эстетикалық
тәрбие беру». Алматы –
1988
5.С.Қалиев. «Халық педагогикасы хақында бірер
сөз».Алматы – 2000.
6. Қ.Жарықбаев., С.Қалиев. «Қазақтың тәлімдік
ой-пікір
антологиясы»
Алматы –
1994
7. М. Әлімбаев. «Халқымыз қандай тәлімгер!»
«Мұрагер» журналы №1,
1992
8. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
№5,2004
9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №4,
2004
10. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №1,
2005
11. Ө.Тұрманжанов. «Қазақтың мақалдары мен
мәтелдері» Алматы –
2007
12. «Халық даналығына баулудағы мақал –
мәтелдердің тәрбиелік мәні» тақырыбындағы ғылыми жоба
http://sc0002.celinograd.akmoedu.kz
13.http://kk.wikibooks.org/wiki/Абайдың_қара_сөздері/Абайдың_жиырма_тоғызыншы_қара_сөзі.
Орал қаласының №6 жалпы орта білім беретін
мектебінің 10 «а» класс оқушысы Ибраева Алинаның ғылыми жобасына
қатысты берілген
Сын пікір
Ғылыми жобада Ибраева Алина «Елу жылда ел жаңа:заманауи жаңарған
мақал – мәтелдер қоғамға қажет пе?» атты ғылыми жобасында
мақал-мәтелдерді оқушылардың сөйлеу тілінде пайдалануын
белсендіру және жеке өмірлік тәжірибесінде қолдана білу
мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған жоба.Оқушы
мақал-мәтелдердің тұрмыстағы мәнін, қолданылу аясын, мән-мағынасын
зерттеген ғалымдардың еңбектерін терең талдап, өз еңбегінде тиімді
пайдалан білген
Зерттеуші толықтай өз
деңгейінде зерттеген,талдаумен қатар ұсыныстар жасаған. Өз
жобасында мақал –мәтелдердің құрамдық ерекшеліктеріне,өзара
айырмашылығына тоқталып, өз ойын қорыта келіп, көне және заманауи
мақал – мәтелдерді екі тақырыпқа бөліп көрсеткен. Мақал –
мәтелдердің күнделікті өмірде алатын орны туралы ойын аңық
білдірген.
Зерттеуші тақырыбы бойынша көптеген мағлұмат жинап және интернет
желісінен бірнеше сайттарға тіркеліп қажет мәліметтер
жинастырылған. Зерттеу мақсатында практикалық жұмыс жүргізіп,кесте
түрінде қортындысын жасап көрсеткен.
Жобаның мақсаты зерттеу міндеттеріне сәйкес
келеді. Ибраева Алинаның
«Мақал-мәтелдердің тәрбиелік
мәні» тақырыбына жазылған жұмысы
ғылыми жоба байқауына қатысуға лайықты деген
ойдамыз.
Сын пікір білдіруші:
Батыс Қазақстан
инновациялық
технологиялық университеті,
педогогика және психология
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к. донцент Кинжекова Р.С.
Орал қаласының
№6 жалпы орта білім беретін мектебінің 10«а» сынып
оқушысы
Ибраева Алинаның ғылыми жобасына қатысты берілген,
жоба жетекшісінің пікірі
Ибраева Алина көне және заманауи мақалдар мен мәтелдердің құрлымдық
ерекшеліктеріне,олардың бір –бірінен айырмашылығына талдау
жасаған.Зерттеушілер тақырыпқа байланысты әдебиеттермен
танысқан.Жұмыста мақал – мәтелдердің тақырыптарына ой жүгіртіп,шолу
жасады.
Мақал – мәтелдердің негізгі тақырыптарын топтап,саралап,өзінше
түйін жасап,ойын қортындылаған.
Оқушылар зерттеу жұмысының өзектілігін анықтап,мақал-мәтелдердің
қолданылу аясын көрсете білген. Сонымен қатар жобаға байланысты
қосымша материалдар ұсынған.Жобаның мақсаты зерттеу міндеттеріне
сәйкес келеді.
Жұмыстың тілі жатық,түсінікті,автордың ойы
нақты,тұжырымды.
Пікір жазған:
Орал қаласы А.С.Макаренко атындағы
№6 ЖОББМ –нің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің І санатты мұғалімі
В.С. Нурмуханова
PAGE \* MERGEFORMAT 23