Материалдар / Ғылыми жоба.Физика біздің айналамызда.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба.Физика біздің айналамызда.

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика бұл табиғат туралы білім.Табиғаттағы құбылыстарды физика тұрғысынан түсіну туралы жазылды бұл жобада
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2019
5077
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Ғ Ы Л Ы М И Ж О Б А









Тақырыбы: Физика біздің айналамызда







Орындаған:Малден Е №41 топ студенті

Жетекші:Матеева Ж.Б.физика пәні оқытушысы














Алматы-2019



Абстракт

Зетрреу жұмысының мақсаты: Бұл ғылыми ізденіс жұмысы материяның қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайында ,бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын туралы , зерттеу әдістері қолданыла отырып, тың деректер негізінде құнды мағлұматтар келтірілген.

Болжамдары. Студенттердің қабылдауына түсінікті етіп, диффузиялық әрекет қалай жүзеге асатынын түсіну

Зерттеу кезеңдері:

1. Материал жинақтау

2. Физика айналамызда екендігіне көз жеткізу

3. Кіріспе бөлімі

4.Негізгі бөлімі

4. Қорытынды бөлімі

5.Теориялық және практикалық маңыздылығы.









Аннотация

Зерттеудің мақсаты:

Физика пәні, физика пәнінің адамға, ғылымға қажеттелігі туралы білу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Адам -табиғаттың ажырамас бөлігі;

  2. Физика табиғат туралы ғылым;

  3. Табиғатты зерттеу әдістері;

  4. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры және физиканың рөлі;

  5. Қорытынды жасау, логикалық ойлауды қалыптастыру.



Өзектілігі:

Ғылыми-техникалық жаңалықтарды ашуда физиканың маңызды екеніне көз жеткізе отырып, физика ғылымының салаларын дамыту керектігін дәлелдеу.

Күтілетін нәтиже:

Студенттің физика пәніне деген қызығушылығын оята отырып, келешекте ғылымға жаңалықтар енгізуге талпыныс жасау.














Мазмұны


І.Кіріспе бөлім..................................................................................... 4 бет

Табиғат және физика

ІІ.Негізгі бөлім.................................................................................... 7 бет

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері:

1) Бақылау әдістері

2) эксперимент және теориялық зерттеу әдістері


ІІІ.Қорытынды.................................................................................... 11 бет


Пайдаланылған әдебиеттер............................................................... 15 бет



































КІРІСПЕ


Бізді қоршаған ортажан-жануарлар мен өсімдіктерЖер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

  • «Су ішкен құдығыңа түкірме»

  • «Бұлақ көрсең, көзін аш»

деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, географиягеологиябиологияхимия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.

Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.

Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.

Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.

Күннің тұтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады.

Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис – табиғат дегенді білдіреді.


Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз – Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор.

Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М. В. Ломоносов болатын.


Физиканың ғылыми тілін, заңдары мен теорияларын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды.

Физикалық құбылыстар мен зандылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдер физикалық ұғымдар деп аталады. Сөйтіп материя, дене, зат сияқты физикалық ұғымдар қалыптасады. Бұл ұғымдардың терең мағынасы физика мен астрономияны оқып үйрену барысында ашылады.

Қазіргі кезде астрофизика қарыштап дамыды.Физиканың белгілі заңдарына сүйене отырып ең жаңа деген құралдарды,тіпті автоматты ғаламшараралық кемелдері қолданып, бүгінгі астрофизика аспан обьектілерінің физикалық күйлерін және олардың даму жағдайларын зерттеудің түрлі әдістерін енгізіп және оны пайдаланып келеді.














II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері.


  • Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.

  • Экспериментт — арнайы дайындалған жағдайларда, табиғи құбылыстарды зерттеуден тұратын табиғатты тану тәсілі. Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.

  • Теориялық зерттеу әдісі — физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып түсіндіретін жүйелі білім.Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады.




Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет-ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп — салдарлық байланыстар бар ма деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706-1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай -әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.
Астрономиялық бақылау үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы – телескоп. Оның жәрдемімен жақын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) беткі дедерлерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін басқа да аспан денелерін бақылап, ғылыми деректер жинақталады

Бақылаулар мен тәжірибелер.

Компас тілі әрқашанда солтүстікті көрсететінін; егер затты қолдан түсіріп алсақ, онда ол еденге құлайтынын, егер жалынға қол тигізетін болсақ, онда қолды күйдіріп алатынын және т. б. әркім біледі. Мұны біз қайдан білеміз? Жалпы білім қайдан пайда болды? Олардың көпшілігіне адамдар өздерінің күнделікті бақылаулары арқылы қол жеткізді. Алайда физикада, кейбір басқа ғылымдардағыдай (мысалы, биология, химия), білімді тек бақылаулардан ғана емес, сондай ақ тәжірибелерден де алады. Тәжірибелердің (немесе эксперименттердің) қарапайым бақылаулардан ерекшелігі сонда, оларды белгілі бір мақсатпен, алдын ала ойланған жоспармен жүргізеді және тәжірибе жасау кезінде әдетте арнайы өлшеулерді орындайды. Мысалы, доптың құлап түсуін бақылай отырып, біз тек оның тік төмен құлайтынын ғана байқаймыз. Ал құлап түсу процесінде дене жылдамдығы қалай өзгеретінін зерттеп білу үшін арнайы тәжірибе қою керек. Италияндық ғалым Г. Галилей (1564 — 1642) денелердің еркін құлап түсуі қалай болатынын зерттеу үшін атақты еңкейіп тұрған мұнараға көтерілген және ол жерден әр түрлі шарларды тастаған деген аңыз бар (3 - сурет). Олардың құлап түсуін бақылай отырып және сол кезде қажетті өлшеулерді орындай отырып (мысалы, дененің құлап түсу уақытын өлшей отырып) денелердің құлап түсу заңын тағайындаған. Сонымен, физикалық білімдердің көзі бақылау мен тәжірибелер болып саналады. Эксперимент физикалық құбылыстар мен ғылыми болжамдарды және теорияларды тәжірибеде тексереді. Сонымен қатар ол жаңа физикалық заңдарды ашуда да кеңінен қолданылады. Оған физиканы оқу барысында көз жеткізуге болады Мысалы, осы оқулықта қарастырылатын Гук заңы, Архимед заңы және басқа да заңдар эксперимент жасау арқылы ашылған. Эксперимент - физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі. Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Бақылаулар негізінен ғылыми деректер жинақтау үшін қолданылады. Мысалы, аспан денелерін бақылаудың арқасында, олардың қозғалысы белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны ашылды.
2. Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет-ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды.Жана деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма деген негізгі сұраққа жауап іздейді.Егер құбылыстар арасындағы заңдылық олардың барлығына ортақ болса, он да оны табиғат заңы түрінде сипаттайды. Жекелеген заңдылықтар арасында жүйелі байланыстар табы - латын болса, онда оларды ғылыми теорияға біріктіреді. Табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстарды ашуда мәселені проблема түрінде айқындаудың маңызы орасан зор. Ғалымдардың пайымдауынша, проблеманың дұрыс қойылуы, оны шешуге кеткен жалпы еңбектің жартысына тең.

Эксперимент немесе тәжирибе дегеніміз табиғат құбылыстарың қолдан жасау. Мысалы денені биіктіктен құлату, дене неше секундта және қандай биіктіктен құлады? Бұны өлшейді. Я болмаса денелерді қыздырып, олардың балқу температураларын аңықтау үшін эксперимент жасау қажет. Мыс неше градуста балқиды? Бұған жауапты тек тәжиребе ғана бере алады.

Тәжіребе жасау үшін, өлшеу үшін сан-түрлі құралдар пайдалынады, бұндай құралдарға сызғышты, сағатты, таразыны, термометрді жатқыза аламыз.

Сызғышпен арақашықтықты өлшейді:

Таразымен салмақты өлшейді:

Көптеген тәжиребелер мен бақылауларды ғалымдар қорытып, бір тұжырым жасайды, бұны гипотеза деп атайды. Бұл теориялық зерделу әдісі. Яғни құбылыстарды оймен қорытып байланыстыру.

Мысалы Исаак Ньютон ағаштан жерге құлаған алманы да Жерді Күнге тартатын күш те бір күш деп тұжырымдады. Кейін осы күштің массасы бар барлық денелерге әсер ететінің өзінің "Табиғи философияның математикалық бастамалары" деген кітабінде дәлелдеген. Бұл күш қазір гравитация күші деп аталады. Табиғатты зерттеуде И. Ньютонның орны ерекше!

Гипотеза бақылаулардың жүйелеу нәтижесі. Гипотезаның дұрыстығын эксперимент көрсете алады. Мысалы біреу пластмасса жанады ал біреу жанбайды деп екі қарама-қайшы гипотезаларды ұсынса, бұны қалай тексере аламыз? Тек қана пластмассаны жағып эксперимент жасасақ.

Әр түрлі эксперименттер жүргізуде адамдарға арнайы жасалған құралдар мен аспаптар үлкен көмек жасайды. Кейбір физикалық аспаптар өте карапайым болып келеді. Олардың қатарында сызғышты, тіктеуішті,таразыны атауға болады. Сондай-ақ термометр, секундомер, әр түрлі ток көзі (батареялар, аккумуляторлар) сияқты аспаптар тұрмыста да, экспериментте де кең колданылады. Сонымен қатар ғылым мен техниканың дамуына аса қажетті күрделі аспаптар да бар. Ондай физикалық қондырғылардың қатарында элементар бөлшектердің (мысалы, электрондардың) жылдамдығын аса үлкен шамаға (жарық жылдамдығына жуык) жеткізетін алып ү<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!