Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Ғылыми жоба:«Көгершін – бейбітшілік құсы».
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы
«Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Көгершін – бейбітшілік құсы».
Секциясы : Биология, қоршаған орта және адам денсаулығын
қорғау.
Бағыты : «Таза табиғи орта – Қазақстан -2030 стртегиясын іске
асырудың негізі».
Жоба жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Базарова Гулжан Бахауиденқызы.
ЖОСПАРЫ.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
а) Құс табиғат ажары.
ә)Хат тасушы және бақылаушы көгершін.
б) Құс сүті.
ІІІ. Қорытынды.
Хат тасушы және бақылаушы көгершін.
Адам баласы сонау көне дәуірден күні бүгінде дейін өзінің күнделікті жұмысында кейбір хайуанат қызметін пайдаланып келеді. Әсірісе олардың ішінде бізге көп қызмет еткені - «Бейбітшілік құсы» атанған көгершін. Бұл құс халыққа көбіне хат тасушы есебінде жақсы таныс. Оның биологиясындағы бір ерекшелігі - өзі тіршілік етеін жер жағдайын тез бағдарлай алатындығында. Көгершін сонымен бірге шапшаң ұшатын (сағатына 70 шақырым) құс. Сөйтіп,500-600 км қашықтықты қонбай өте береді.
Көгершін бойындағы осындай тамаша қасиетті адам баласы бұдан екі мың жыл бұрын аңғарып, оны өздерінің күнделікті жұмысында пайдаланып отырған. Мысылы, оған сенімді байланысшы ретінде почта тасытқан. Бұл қанаттының хат тасушы қызметін кезінде римдік әскери қолбасшы Д.Брут пайдаланған көрінеді. Кейіннен ол осы мақсатта үнемі жұмсалып отырылған. А.П. Богдановтың ұсынысы бойынша бұл құс Мәскеу мен Петербург арасында шабарман ролін атқарған.
Сондай-ақ самолет шыққанға дейін, аспаннан жер бедерін суретке түсіруге көмектескені үшін де біз көгершінге борыштымыз. Ол үшін мамандар өте жеңіл де шағын фотоаппаратты құстың кеудесіне белбеумен бекітіп, ұшырып жіберетін.Көгершін өзіне тапсырылған осындай жұмысты да абыроймен орындап қайтып жүрді.
Әсіресе, бұл қанаттылардың соғыс жылдарында почтальон қызметін атқарғандығын жұртшылық жақсы біледі. Мәселен, бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде хат-хабар тасымалдауға бір миллионнан астам көгершін «қызмет етсе», екінші дүние жүзілік соғыста оның саны бұдан да көп болған.
Соғыстың сұрапыл жылдарында көгершіндердің сенімді қанатты-почтальон болғандығы мына мысалдар да айқын аңғартады.1942 жылдың көктемі болатын. Немістің әскери самолеті Англияның сүңгуір кемесінің жүзіп жүрген тауып, оны жоғары көтеріп шағаратын жүйесіне едәуір зақым келеді. Оның сыртқы дүниемен байланысы үзіліп қалады. Кемедегі адамдарға сөзсіз өлім қауіпі төнеді. Енді бұл апаттан құтылудың тек бір ғана амалы-кемедегі екі көгершінге байланысты еді.Мүмкін базамен байланыс жасауға осылар көмектесер?Көгершіндер құтқару камерасы арқылы сыртқа жіберіледі. Бірақ жауапты ұзақ тосуға тура келеді.Екінші тәулік дегенде матростардың көгершіндері қайтып оралады.Мұхит үстінде алай-дүлей соғып тұрған дауылға қарамастан көгершіндер бірнеше жүз километр ұшып, англияның соғыс базасында жетеді де, апат болған кеменің қай жерде екендігін білдіреді .Осы ерлігі үшін бұл құс Англияның ең жоғары наградасына ие болады. Оған ескерткіш орнатылады.
Парижде де бұл қанаттыға соғыс жылдарындағы ерлігі үшін ескерткіш қойылған. Екінші дүниежүжілік соғыс кезінде бірқатар елдерде байланысшы көгершіндер тек жауынгерлік ордендермен ғана наградалып қойған жоқ, сондай-ақ сол елдердің ұлттық батыры деп те жарияланады. Ал қазіргі радио мен спутник байланыстары дамыған дәуірде көгершіндер байланыс қызметінде пайдаланыла ма деген сұрақтың тууы да орынды. Иә, ол біраз елдерде әлі де сенімді почтольон есебінде қалып отыр.
Мәселен, Жапонияда, әсіресе журналистер барған жерінен редакцияға шапшаң хабар жеткізу үшін осы қанатының қызметін пайдаланып жүр. Сондай-ақ, біздің елде оны шекара маңындағы байланыстарда пайдаланды.
Соңғы жылдары сол көгершін-почтальондар тағы да бір жаңа мамандық игеріп отыр.Енді ол техникалық бақылаушы қызметін де атқарады.
Ол мынадан басталған еді.Американың электрондық машина шығаратын бір фирмасы ұзақ уақыт бойына едәуір шығынға ұшырай береді. Оның жасап шығарған техниксының өте қымбат тұратын кейбір бөлшектері тез-ақ істен шығып қалып жүрді. Соның салдарынан бұл машинаны сатып алушылар да жылдан-жылға азаяды.
Ондағы мамандар техникадағы ақаудың неден екендігі тексере отырып, прибордың істен шығуы бөлшектерді өңдеу кезінде қалып қоятын, жай көзге байқалмайтын жарықшақтардың салдарынан екендігін анықтайды. Фирма басшылары бұл жөнінде зоологтармен ақылдасқанда, олар ол ақауды табуға көгершіндерді пайдаланып көруді ұсынады.
Міне, дайын болған электрондық машинаның бөлшектерін жылжытатын конвейердің жанында алдында электрлі сигнализация жүйесімен байланысқан екі шынылы пластинкасы бар көгершін тұр.Осы жерде бұл құс өзінің «бақылаушылық» қызметін атқарып тұрады.Конвейер үстімен жылжып бара жатқан аппарат бөлшектерінде ақау болмаса «бәрі де орнында» деген хабар беретін пластинканы шұқиды.Егер де бөлшектерден бір ақауды сезсе болды ол 2-ші пластинканы баса қалды. Бұл тәжірибе бірнеше жүз рет қайталанады. Бірақ көгершін қателеспейді.
Көгершінді біздің өнеркәсіпте пайдаланушы Мәскеудің машина жасау зауыттарының бірі болды. Онда машиналар көгершінді подшипник шариктерін сорттауға үйретеді. Кейін олар бұл жұмысты да мүлтіксіз үйреніп алады. Тіпті қате жібермейді.Бірақ бірде көгершін барлық ширектерді жарамсыз етіп тастайды.Сөйтсе шариктерді айнадай жылтыр бетіне саусақ іздері түсіп қалған екен.
Көгершіндерді адам немесе автомат атқаратын бақылаушылардың орнында пайдалану әлдеқайда тиімді екендігін қазіргі ғылыми зерттеулер айқын көрсетіп отыр. «Келешекте зауыт пен фабрикаларда «көгершін-бақылаушыны» жиі көретін боламыз. Міне, бұл көгершіннің адамның сенімді көмекшісі екендігі айқын байқатады.Хайуанаттар әлімінен адам баласы осындай талай көмекшілерді табуы сөзсіз. Жан-жануарларды мұндай халық шаруашылық мүддесі үшін пайдалану мүмкіндігін зерттейтін «бионика»ғылымы осы бағытта әлі талай құпияларды ашары сөзсіз.
Құс сүті.
Ерте заманнан-ақ «құс сүті» қол жетпейтін нәрсенің символы ретінде белгілі. «Саған енді құс сүтін беру керек пе?» дейді көп затты қажет етіп отырған адамға.
Десе де қазір құстарды зерттеумен айналысатын ғалымдардың еңбектерімен танысқан кезде бұл термин кейбір жағдайда қолданылып жүр. Табиғаттың құпия сырларының бірі «құс сүтімен» танысу үшін алысқа сапар шегудің қажеті жоқ.Өіміздің төңірегімізде ұшып жүрген кептер немесе көгерішіннің балапандарын немен қоректендіретіндігін бақылап көрсек, жоғарыда айтылғанға мысал тапқандай боламыз. Соңғы кезде олардың ұрпақтарын сүттерімен асырайтындығы анықталып отыр.
Жұмыртқа қабығын жаңа ғана жарып шыққан кептер балапандары ұзын тұмсықтарын аналарының жұтқыншағына сұғып жатқанын көктемде үнемі көруге болады.Сөйтсе,олар одан сүт еміп тамақтанады екен.
Балапандары жарық дүниеге келгенше жемсауында ақ түсті ботқа тәрізді зат түзіледі.Оны «жемсау» немесе «құс сүті» деп атайды.Үй көгершіндерінің жемсауынан «сүт» бөлінуі он сегіз күнге дейін созылады. Одан әрі өсіп келе жатқан балапандары басқа азық түрлерімен қоректенуге көшеді.Жабайы көгершіннің балапандарын «сүтпен» қоректендіру мерзімі ұзағырақ.
Таңқаларлық бір жағдай-жалғыз балапаны екі айда бір килограмдай қоректі азық етіп, бірнеше килограм салмақ қосуы. Шынына келсек,балапанның енесі қарнына жинап әкелген азығы көп болғанда екі жетіге ғана жетеді.Онан кейін ұрғашы құс ұрпағын өңеші мен қарын қабырғаларынан бөлінетін айрықша «сүттерімен» тамақтандырады.Соның есебінен әрібіреуінің жалғызы осындай салмақ қосады екен.
«Құс сүті» өзінің құрамы жағынан сиыр сүтіне тіпті де ұқсамайды.Сыртқы түріне қарағанда сүтке емес,ақ ірімшікке көбірек келеді.Бірақ оның қолданылуы нағыз кәдімгі сүттің қолданылуы сияқты.Оларды да құстардың балапандары тіршілік етуінің алғашқы күндерінде пайдаланады.Соның нәтижесінде тез өсіп, өз беттерімен қоректенетін дәрежеге жетеді.
Одан соң сүттің қажеті болмайды.
Құстар - табиғаттың ажары.
Құстар-табиғаттың ажары. Олар табиғаттың сұлулық сәнін, сазды әнін келтіреді. Ауыл, орман шаруашылықтарына зиянды бунақденелілермен қоректеніп,құстар зор пайдасын тигізеді.Өсімдіктердің таралуына,тозаңдануына да әсері бар.Құстар табиғатта санитарлық та қызмет атқарады.Құстардың табиғаттағы эстетикалық орна да ерекше.Табиғатты құстарсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес.Олардың адам өмірінде маңызы сан алуан.Құстардың дәмді еті, жұмыртқасы,бағалы мамығы, тыңайтқыштық қасиеті бар саңғырығы,өзге де өнімдері күнделікті тұрмыс қажетімізді өтейді.
Өте ерте замандарда тіршілік еткен құстардың ең ежелгі арғы тегінің қаңқасы бұдан 225 млн жыл бұрын жер қыртысынан табылған.Оны ілкіқұс ( протоавис) деп атайды.Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі көнеқұс (археоптерикс) деп аталады. Олардың қазіргі құстардан негізгі айырмашылығы –жақсүйектерінде тістері болған, құйрық омыртқаларының саны көп. Қанат саусақтарында мүйізді тырнақтары болған, бірақ төссүйегінде қыр болмаған.
Шие неге қызыл? (аңыз). Сонау ерте заманда бір аңшы болыпты.Ол аң,құс біткенді аямай ата беріпті.Көп ұзамай бұл өңірде аң-құс қалмайды.
Күндердің күнінде аңшының ауласындағы шие ағашына бір көгершін қонады.Ол кезде шие жемісінің түсі сары екен.Ұзақ жолдан қанаты талған көгеріш демалып отырады.Оны көрген аңшы көгерішнді қақ жүректен дәлдеп атады.Көгерішннің қаны көпке дейін тамшылап тұрады. Шие жемісі содан бері қып-қызыл боп кетіпті,- деген аңыз әңгімеге сүйене отырып, көгершінді киелі құс-деп білеміз.
Көгершін – бейбітшілік құсы.
«Көк құрақ – көлдің сәулеті,құс пен аң- ердің дәулеті» дегендей,халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні- құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы, бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды –махабаттың, қарлығашты-мейрімнің,бүркітті –ержүректің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы – көгершін құсы.
Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі,ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Бүгін біз сіздерге көгершіннің «бейбітшілік құсы» деген атаққа қалай ие болғандығы жайлы қозғайтын боламыз.
Бейбітшілік жақтаушыларына шұғыл түрде танымбелгі керек болады да, олар атақты Павло Пикассодан танымбелгі үшін сурет салып беруін сұрайды. Осылайша дүниеге ықшамды және көзге бірден түсетін зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келеді.
Бұл суреттің пайда болуы туралы мұнан да қызықты хикая бар. Халық арасындағы аңызға сенсек, күндердің күнінде танымал суретшіге бір өте кедей адам келіп:«Пабло, сен ұлы шеберсің, маған қайырым ете көр .... Маған әйтеуір бір сурет салып берсең, мен оны өзгелерге сатып, адам секілді тамақтанған болар едім»,-дейді.Аң-таң болған Пикассо қолына қағаз алып, бірер минуттың ішінде «бейбітсүйгіш» құстың суретін салып береді.
Бұл аңыздың ақиқат болуы әбден ықтимал.Өйткені Конгресс оқиғасынан бұрын, Паблоға суретші әкесі кішкентай кезінде (4 жастан бастап сурет салған екен) суреттерінде көгершін табандарын салуды бұйырып отырған көрінеді.
Көгершін бейбітшілік құсы ретінде бейнелеуін түсіндіру аса қиын емес.Кезінде Нұх Пайғамбардың кемесіне зәйтүн бұтағын алып келіп, топан судың аяқталғанын және Құдайдың адамдармен татуласқандығын жеткізген дәл осы інжіл құсы болған. Сонымен қатар осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын әйгілі Венераның көгершіндері Марстың дулығысына жұмыртқалаған, Соғыс Құдайы кезекті қантөгістен бас тартып,халықтың аман қалғандығы туралы
антикалық аңызды еске түсіруге де болады.
Елімізде көгершін бейбітшілік символы болып табылады.Біздің жақта мекен ететін көгершін осы жердің табиғатына бейімделген.Үйде көгершін асырап бақылаудамын.Көгершін жұптасып өмір сүреді. Көгершіннің аналығы жұмыртқа салғаннан кейін, аналығы мен аталығы жұмыртқасын кезектесіп басып шығарады. Жұмыртқа басу уақыты 14-17 күн аралығы.
Ақындарымыз жырлағандай:
Биік ұл бейбітшілік көгершіні.
Асып өт небір мұхит, небір шыңды.
Қаңқада, қанатыңды бірге өрлесін.
Ел арла,бейбітшілік бақыт құсы-дегендей бейбітшілік көгершіні аспанымыз да қалықтап тек жақсылық жаршысы болғай.
Көгершіннің қасиеттері адамдардағы кейбір қасиеттерге сәйкес келеді.
Оларды қолға үйретуге болады.Қолға үйрету барысында жемге шақыру, аспанда ұшқанда дауыс беру арқылы басқарып «сольдо» тастату және т.б. тәсілдерді меңгертудемін.
Қазіргі кезде жас жұбайлардың шаңырақ көтеру тойларында да, көгершінді ұшырып «бейбітшілік» пен «бақыт құсы»-деп, жақсы әдетке,сәнге айналдыруда.
Қазіргі таңда бишілеріміз қолға үйретілген көгершіндермен билеп сахнаның сәнін келтіруде.Биші қыздарға белгі беру арқылы көгершіндерді өздеріне бағындырып әдіс-тәсілдер түрлерін көрсетуде. Бұл да көгершіндердің ақылдылығы мен саналығында.Көгершіндердің әлі де ашлымаған сырлары көп-деп білемін.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы «№15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 «А» сынып оқушысы Манахова Эльмираның зерттеу жұмысына жазылған
Пікір
Манахова Эльмира өзінің «Көгершін- бейбітшілік құсы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы кең көлемде қамтылып жазылған.Онда көгершін құсының пайдасы мен ол туралы халық арасындағы аңыздар туралы кең көлемде келтірген.
Тақырыпта бұл құстың биологиялық ерекшелігі, адамзатқа хат тасушы және бақылаушы ретінде танымалдығын жан-жақты мәліметтер арқылы ашып көрсеткен.
Осы мәліметтер арқылы жастарға құстар біздің табиғатымыздың байлығы мен ажары екендігін, сол байлықты қорғай білуге шақыра отырып, сүйіспеншілік сезімін оята білген.
Оқушы өзінің жұмысында құсты қолға үйрету барысында өзінің қолданған тәсілдерін көрсете отырып, бұл құстың әлі де ашылмаған сырларын келешек еншісіне қалдырған.
Жоба жетекшісі: Г.Базарова.
«Биология» кафердрасының С.Әбілқайыров
доценті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ энциклопедиясы 2011ж.
2.Биология кітабы 7 сынып 2009ж.
3.«Атамекен» газеті 10 ақпан 2005ж
4.«Биология»журналы 2006ж
5. Диктанттар жинағы 2008ж.

