Материалдар / Ғылыми жобаның тақырыбы: « Жылқы – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұраны!»

Ғылыми жобаның тақырыбы: « Жылқы – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұраны!»

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба қатысушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қырқүйек 2018
692
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі









Ғылыми жобаның тақырыбы: « Жылқы – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұраны!»











Орындаған: Мұхтар Саян Нартайұлы 2-сынып оқушысыЖетекші: Хайруллина Римма Бакытовна













2017-2018 жыл Жоба мақсаты:

- Біз тақырыбымызға сәйкес жылқы малына байланысты символдарына тоқталу.- Бұл дүние түгілі о дүниені де жылқысыз елестете алмайтын қазақ халқы үшін жылқы біріншіден, күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы.- Сонымен бірге қазақ ұғымында жылқы – жоғарғы әлемнің символы екенін зерттеу.

Жоба міндеттері:1.Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру2. Жылқы - әлемнің жоғарғы бөлігі, ата-бабалар символы.3. Жылқы - тәңірдің тірі бейнесі, нұры. Жылқы - күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы.4.Қазақ поэзиясында асқақ арманның, шабыттың белгісі. 5.Байлықтың, сән-салтанаттың да белгісі – жылқы екндігін дәлелдеу.



















КіріспеЖылқы! Осы бір ғана қасиетті де, қастерлі сөз жүрегімізді жылылық сезімімен жадыратып, көңілімізді көкке көтеріп және қиялымызды шартарапқа жетелейтіндігіне ешкім де күмән келтіре қоймас. ...Жылқы – құты ұлан-байтақ даламның, Жылқымінез қанында бар бабамның. «Дала», «Жылқы», «Қазақ» деген үш ұғым, Іргетасы ұлттық рух, ұлттық намыс, сананың... Рысбай СәтімбековҚазақтардың жылқыға қатысты таным-түсініктерінен бастасақ. Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4 – 3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.Арийлер кезеңі. Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі – жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т.б. туралы толық мағлұмат алуға болады[1,23].







Сақтар кезеңі.Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойындаысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер – амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, – деп жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, – ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгіжыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т.б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік боладыдеген сенімнен пайда болған.Қазақ халқы үшін маңызы.Қазақ халқы арасында әлі күнге дейін сақталған ат тұлдау, яғни, қайтыс болған адамның мінген атын тұлдап жіберіп, бір жылдан соң асында сою ғұрпын сақ заманынан сақталған дәстүрдің жалғасы деп есептеуге болады. Айбынды атты әскерінің көмегімен қаһарлы елге айналыпуразия құрлығында үстемдікке қол жеткізген, сөйтіп адамзат өркениеті тарихында өшпес із қалдырған кейінгі ғұндар, Түркі қағанаты, Шыңғыс хан империясында да жылқы малы қатты қадірленген. Осы мемлекеттерді құраған тайпалардың негізінде ұйысқан қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. “Адам – жылқы мінездідейді қазақ халқы. Бұған “жылқы – малдың патшасы”, “жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді”, “ат – ердің қанаты” т.б. жүздеген мақал-мәтелдерді қоссаңыз, қазақ халқының адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарағанына көз жеткізуге болады. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып міндідеп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі – тоқым қағартойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған қазақтар біреумен жаулассаат құйрығын кесіскен”, біреудің алдында кінәлі болып қалса “ат-шапан айыбын төлеген”. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер, атқамінер, атқосшы, атшабар, т.б. лауазымдар жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді[2,56].Адам серігі.Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар (мыс., “Ер Төстік”, “Алтын сақа”, т.б. ертегілерде), батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректер Ресей және Еуропазерттеушілері Н. Бахметьевтің (1870), С. Вогактың (1873), А. Гердердің (1875), А. Вилькинстің, т.б. еңбектерінде жазылып қалған. 19 ғ.-дың 80-жж. Австрия подполковнигі А. Дандевильдің 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ