Ғылыми жоба.Тақырыбы: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба.Тақырыбы: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туған өлкенің флорасы мен фаунасы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Түркістан облысы


Түлкібас ауданы


Аманкелді атындағы негізгі орта мектебі

















«Туған өлкенің жаңа беттері» байқауы


Тақырыбы: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы»









География пәнінің мұғалімі: Накипбеков Абилкайыр









Аманкелді ауылы

2018 жыл


Мазмұны

І. Кіріспе

«Туған өлкенің флорасы мен фаунасы»


ІІ. Негізгі бөлім

А) Туған өлкенің флорасы мен фаунасының адам өмірндегі алатын орны

Б) Туған өлкенің флорасы мен фаунасын зерттеудегі танымжорықтан фото суреттер.


ІІІ.Қорытынды

VІ. Пайдалаылған әдебиеттер



































Тақырыбы: Туған өлкенің флорасы мен фаунасы



Мақсаты:

Жергілікті дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық және географиялық ерекшеліктерін зерттеу. Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктермен жануарларын анықтап, өмірде қолдана білуге үйрену. Оларды қамқорлыққа алу.

Адам өміріне аса маңызды пайдалы жақтарын кеңінен танып, сол туралы келесі ұрпаққа аман етіп жеткізу.






































Кіріспе

Өсімдік –тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді.Сондықтан халық өсімдіктерді – басқа пана, жанға сая деп бағалаған.Қазақстан Республикасы территориясында 6000 –нан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 500 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады.

Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.

Дәрілік өсімдіктер – қазіргі кезге дейін әр түрлі дәрілік препараттар алатын шикі заттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардың 40%-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда. Соның бірі ретнде өзіміздің өлкемізде өсетін, тау – жоталарда жиі кездестіретін бұталы өсімдік – ол долана.

Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі.  Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес, әрі тікенекті болғандықтан долананы көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.

Өз өлкеміздің жазық даласында немесе қалың өскен ну шөптердің арасында мекен ететін, жабайы құстардың бірі – бөдене.

Бөдене - Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) – құстардың бір отряды.

Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар/тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары  , далалық  ергежейлі бөдене,Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балапандар инкубатордан 17 күнде шығады екен және ширақ болады. Бірден жем-су беруге болады. Бөдене жылына 300 жұмыртқа туады. Қызық дерек: Бөдене — құс тұмауы, сальмонеллез ауруына ұшырамайды.






















Негізгі бөлім

Долана - дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.
Долана жемісі құрамында 4-11% мөлшерінде қант, негізінен фруктоза, қант диабетінде де қолдануға болады, биологиялық белсенді заттар – үштерпенді қышқылдар (олеано, урсол), холин және ацетилхолин, кверцетин, илік заттар, фитостерин, шарап және лимон қышқылы, А, С, Р дәрумендері бар.

Долана тамыр тарылтатын, түйілуді басатын, жүректің және мидың қанмен қанмен қамтамасыз ететін,күшті антиоксиданттық қасиетке ие, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді, тамырлар мен капиллярлардың қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді.

Қызыл долана, ол қышқыл дәмді, жылы райлы, усыз. Осы қызыл долананы емдік мақсатта пайдаланса, ауру түрлерінің біраз түрімен адам баласы ауырмаста еді. Осы қызыл доланың емдік мақатында, осы ауруларға шипа болар еді.

  1. Көкбауырды қуаттандырып, тамақты адам бойына сіңірілуіне пайдасы мол.

  2. Дизентерияға қарсы препараттың нақ өзі.

  3. Жас сәбідің ас қорыту жолы бұзылса, осы қызыл доланы пайдаланса: 9 қызыл долона, 6 қарандыз, 5 гр ермен өсімдігі, 9 гр жау жұмырды қайнатып, дертке ішсе, ем баолады.

  4. Осы қызыл долананың ерте көктемде гүлдгенде, гүлін теріп, қан қысымы жоғары науқасқа шай ретінде демдеп ішкізсе, ем болары анық.


Бөдене жұмыртқасының пайдасы

Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диетикалық өнім. Әрдайым 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз: бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды; қан қысымы төмендейді; жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі; ағзадағы радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды шығарады.Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондайақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Бөдене жұмыртқасынан дайындалған тағамды тұтынатын адамдарда радиациялық аурулар жеңіл түрде болатыны дәлелденген.Бөдене жұмыртқаларының емдік қасиеттері ертеден белгілі. Оларды демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, рахит, қаназдық, сәуле ауруларын емдеуде қолданады.Бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында таптырмайды және адам бетінің түсін жақсартады. Шетелдік биоөндіріс саласында бөдене жұмыртқасының негізінде әртүрлі маскалар мен кремдер шығарылады. Бөденелердің басты артықшылығы – олардың кішігірім шұбар ала (түрлі-түсті) жұмыртқалары. Олар витаминдермен амин қышқылдарына өте бай, гипоаллергенді. Бөдене жұмыртқаларын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарылатады. Оларды шикі күйінде пайдалану – кезінде Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескен.







Қызыл долана бөдене құсы мен жұмыртқасы



























Туған өлкенің флорасы мен фаунасын зерттеудегі танымжорықтан фото суреттер.




Туған өлкеміздегі «Қызыл долана» бұталы өсімдігінің сыртқы морфологиясын танысу да.



Жас натуралистер жерден жабайы түрде өніп келе жатқан «Сары доланының» түрімен танысуда



Туған өлкемізде жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға арналған резервант «Балықты көлі» алдында маңдайшамен танысуда




Picture 4


Туған өлкеміздегі жас «Қызыл доланың» ерекшеліктерімен танысуда




Туған өлкеміздің табиғат аясында зерттеушілікке алынған, жас натуралистер өсімдік пен жануарларға қорытынды талдау жасауда







Қорытынды.

Туған өлкеміз флора мен фаунаға өте бай. Әр қадам бассаңыз, табаныңыздың астында көптеген өсімдік түрлерімен танысуға болады. Алға қадам басып, жан – жаққа үңіле қарасаңыз, бір сәтке тыныштық сақтап, табиғат үнін тыңдасаңыз, өсімдіктер баяу желмен бірқалыпты шайқалып, толқын тудырса, құлақ үнін қандырар әсем дауыспен үн қосатын жануарлар, біздің өлкемізде көбірек кездеседі.

Долана өсімдіктері кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеміздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысып және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтау қажет.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет.

Біздің Қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп еді. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына барсаң да, көз жеткізе аласың. Найман руынан шыққан Ырғызбай Досқанұлын көпшілік жақсы біледі.

Ол кісі кезінде дана Абайдың әкесі - Құнанбайды дертінен құлантаза айықтырған екен. Осындай асыл азаматтардың жолын жалғаған адамдар да болды. Өкініштісі, қазіргі күні олардың қатары өте азайып барады.

Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.

Бөдене - өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасында осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай. Басқасын айтпағанда, адам ағзасының ауру-сырқауға қарсы имунитет қабілетін күшейтеді, ағзадағы темір радионуклидтерді шығарады екен. Бөдене шаруашылығын жолға қою қызықты, әрі адам денсаулығына қанша ауруға ем. Осы бөдене шаруашылығымен айналыссақ, өзімізге пайдалы, халқымызға пайдалы іспен, әлеуметтік тұрғыдан жағдайымыз жақсарып қалар еді. Бөдененің тұқымын таң ертең балдарымызға жегіссек, бала ағзасы мол дәруменге толып, мықты болашақ ұрпақ туар еді.

Қаншама келешек ұрпаққа қалдырар іспен айналысу әр адамға сауапті іс болар еді. Бөдене шаруашылығы оның шаш етектен келтірер пайдасына мән беру керек. Дерек көздеріне сүйенсек Жапонияда бала бақшалардың бәрінде балаларға беріліп тұрады екен. Сол себептен сол елдің әлеуметтік жағдайы да, халық денсаулығы да әлем бойынша көшбасында. Бөдене жұмыртқасы адам ағзасына пайдасы бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды; қан қысымы төмендейді; жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі; ағзадағы радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды шығарады.Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондайақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және көптеген микроэленттердің қоры.

Ал бізідің еліміз Қазақстанда бөдене шаруашылығын қолға алып, дамытса елге тигізер пайдасы шаш етектен.

  1. Көптеген жұмыс орындары ашылып, халықты жұмыспен қатуға.

  2. Елдіміздің денсаулығын көтеруге, дәрі – дәрімектер жеңіл босатылса,

  3. Ел экономикасы жоғары деңгейден көрініп, бөдене жұмыртқасы басқа шет елдерге экспортталса.

Сонымен қатар бөдене түрлерінде сұрыптап, тұқымын асылдандыруға, жем – шөп мәселесінде қосалқы шаруашықтардыңда қарқынды дамуына үлес қосқан болар еді.

 Ал Қазақстанда бөдене шаруашылығы қарқынды дамыса, Қазақстанның болашағы   мен келешек ұрпақтың денсаулығы мықты болып өссе, Елімізді 30 елдің қатарынан қалдырмайтынына, осы бүлдіршіндердің қолында деп есептеймін.









 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 – 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

2.Қазақ энциклопедиясы

3.Сыр бойы газеті

4.7сынып жануартану оқулығы

5.М.Д.Пигарева «Разведение перепелов», 1979
6. А.Снегов «Все о перепелах. Лучшие породы». Изд.АСТ, 2014
7. А.А.Серебряков «Перепела: содержание, кормление, разведение».

8. Ә.Нысанбаев «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1998 ж.

9.Қазақстанның қызыл кітабы

10. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)

11. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж

12. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г ( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)

13..Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 5.

14.Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым.
15. Шаңырақ үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1972 жыл. 
1 том 556 бет.
16. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы 1973 жыл, 2 том 
225 бет.
17.А.Ф. Ковшарь Қазақстандағы өсімдіктер әлемі 2004 жыл 170 бет.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
1992
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі