Материалдар / Ғылыми жұмыс 8 сынып Қазақтың ши қоқу өнері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс 8 сынып Қазақтың ши қоқу өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
551
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы

Т.Рысқұлов ауданы

7 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі КММ








Зерттеу жұмысы

Тақырыбы:

«Қазақ халқының ши тоқу өнері»



Жұмыстың авторы:

Сағындық Хадиша.

8-сынып оқушысы.


Жетекшісі: Ақбұзауова Феруза Жарлапесқызы.

Технология пәнінің мұғалімі.






2019 жыл.


МАЗМҰНЫ:



АННОТАЦИЯ .......................................................................................

3

КІРІСПЕ ................................................................................................

4


1. Қазақ халқының ши тоқу өнері жайлы жалпы мәлімет ......

6


2. Шиді өңдеу жолы және пайдаланылуы ...............................

11


3. Шидің  тоқылу  технологиясы .............................................

15

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................

20

ҰСЫНЫС ..............................................................................................

21

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР ..................................................................

22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ .....................................

24




АННОТАЦИЯ


Біздің ата - бабаларымыз ерте кезден табиғи материалдарды күнделікті тұрмыста қолдануды білген. Шикізатты экологиялық таза аймақтардан жинау, бүлдірмей сақтау, олардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау ісін біздің ата-бабаларымыздан артық білетін халық жоқ десек дұрыс шығар. 
Бұл зерттеу жұмысы қазақ ұлтының қолөнер туындыларын насихаттаудың бір жолы ғана. Қазіргі заманда қолданылатын әрбір бұйымдардан қазақ халқының ұлттық нақыштары көрініс тапқаны дұрыс деп ойлаймын. Сол арқылы қазақ халқы басқа халықтарға өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, олармен теңесе алады. Осындай жұмыстар келешекте қолөнер саласында өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз. 




АННОТАЦИЯ


Наши предкие с давних времен умели использовать в быту природные материалы. Даже можно сказать, что лучше них никто не знал, как собирать сырье с экологически чистых мест, хранить их и сделать из них необходимые в быту предметы.  Эта исследовательская работа является частицей пропоганды казахских национальных ремесленных произведении. Будеть правильно, если в современных изделиях будет присутствовать национальные стили. Благодаря им казахский народ может показать себя достоино и быть полноправным. В будущем такие работы помогуть воспитать поколение, которые будут показать себя в ремесленном искусстве. 




ANNOTATION


Our grandparents knew, early time natural materials applied in daily way of life. To collect raw materials from the clear regions, to keep them, and to make necessary object for our life our grandparents have known ancient time. I think that national styles people of Kazakh found each objects, that are used on nowadays epoch, spectacle. According to this way people of Kazakh specified on high level and they can equal other people. In future industry of handicraft to bring up students and citizens. 


КІРІСПЕ

Ғылыми жобаны зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасыр - дамыған заман. Бірақ та ұлттық өнерді үйрену, ата - кәсіппен айналысу бүгінгі күннің басты мақсатының бірі. Ұлтымыздың шеберлігін қастерлеу, іскерлікке дағдылану барлық адамның міндеті. Ши тоқу өнері бұрын киіз үймен байланысты көрінетін. Енді қазіргі заман талабына сай күнделікті шиді сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болады. Ши тоқуды жаңа өмір талабына сай өзгертіп, күнделікті өмірде пайдалануға болады. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді басқа халықтарға көрсете аламыз. Шеберлер қолынан шыққан заттар қашан да маңызды. Сондай қол өнеріміздің бірі - ши тоқу өнері. 

Ши тоқу – ата-бабаларымыздан қалған кәсіп. Нағашы әжемнің айтуынша бұрындары, яғни ол кісінің бала кезінде ауылдағы әрбір үйдегі әжелер, апалар, қыздар, жас балалар ши тоқу өнерін білген екен. Зерттеушілердің пікірінше бұл өнер ХV ғасырдан бастап дамыған. Ши тоқудың қазақтардың өмірінде ерекше маңызы болған. Ата-бабамыз табиғаттағы әрбір өсімдікті өз керегіне жаратуды білген, оны ұрпақтарына үйретіп отырған екен. Сол дәстүрмен нағашы әжем мен анамның арқасында мен де ши тоқу өнерімен таныстым. 

- Ши қалай тоқылады? 

- Оны біз неге пайдаланбаймыз? 

- Қазіргі кезде осы жайлы барлық адам біле ме? 

Осылар жайлы білгім келді, сол себепті сұрақтарыма жауап іздей келе, ғылыми жұмысқа кірістім. Соның ішінде «Қазақтардың ши тоқу өнерін» зерттеу менің жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдық:

1. Осы тақырыпқа байланысты әдебиеттер қарастырып, талдау жасау;

2. Шикізаттың дайындалу және шидің тоқылу жолдарын үйрену;

3. Тоқылған шиді қазіргі кезде күнделікті өмірде пайдалану жолдарын қарастыру.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Халқымыздың қолданбалы өнерін  үйреніп,  технологиялық  білімді  теориялық  саралану  тұрғыдан  тұжырымдау.  Шиден   тоқылған  туындыларды  жасау  арқылы ежелден келе жатқан қазақ  халқының  қолөнерін жандандыруға үлес қосу. Күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару.

Ғылыми жобаның гипотезасы: Шидің қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, қазақтың ою - өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту.

Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:

1. Ши тоқудың әсем, әрі тұрмыстық салтта өте ыңғайлы екендігін дәлелдейтін мәліметтер жинастыру.

2. Ши тоқудың түрлерімен танысу.

3. Жинаған әдебиеттерді талдау.

4. Ши тоқудың сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.

5. Көненің көзін көрген қариялармен, мектеп оқушыларымен сұхбаттасу арқылы ши тоқу жайлы мәлімет алу.

6. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.

Ғылыми жобаның зерттеу болжамы:

  • Халық  қолөнерін  оқып  үйренуде  технологиялық білімдері   қалыптасады, егер;

  • Шығармашылық  ізденіс  барысында  технологиялық  білімінің  мазмұны  ашылса;

  • Қоғамдағы  еңбектің  рөлін  түсінсе;

  • Өз  ауылындағы, туыстары мен жақындарының өнер туралы ұғымдарын ұштастырса;

  • Тұрмыстағы  көріксіздікті  сезіне  білсе.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

Тақырыпты ашу барысында қосымша ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасау. Өзіндік тұжырым жасай отырып, салыстыру әдісін де қолдану.

Ғылыми жобаның жаңашылдығы:

Үйге шиден түрлі заттар тоқу арқылы жұмсалатын шығынды азайту жолдары. 

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақ ою-өрнектерінің маңызды екеніне көз жеткіздім. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдік.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:

Тақырып негізінде жинақталған материалдар келешек күнделікті өмірімізде пайдалануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдаланудың зор мәні болады.







1. Қазақ халқының ши тоқу өнері жайлы жалпы мәлімет


Ши - астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 50-220 см, сабағы көп, мықты, тік өседі, түсі қошқыл жасыл, екі жағы да тықыр, тұп жағы көптеген ескі жапырақты шым түзейді. Жапырақтары ұзын, жіңішке (ені 3-2 мм), өте қатты. Сыпыртқысы жіңішке, ұзындығы 15-50 см, масағының ұзындығы 5- 6 мм, ақ не күлгін түсті. Мамыр-шілдеде гүлдеп жеміс салады. Еліміздің көп жерлерінде өседі. Қыста мал шиге жақсы жайылады. Сосын ұзын сабақтарынан ши тоқиды, гүлі мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды.

Ата-баларымыз осы шиді жүнмен орап, өрнектеп тоқыған. Әртүрлі әдемі өрнектеп тоқыған шилер киіз үйдің ішін бөлмелеп бөлуге ыңғайлы болған. Тоқылған ши әрі арзан, әрі ыңғайлы. Ши көшпелі заманда алып жүруге өте жеңіл. Киіз үйдің ішіне ши жалпы әдемілік ретінде өте үйлесіп-ақ тұрады. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып келеді.

Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым-ши (шымораулы ши). Қолөнер шеберлері өрнектелген шилерді қанат шилер деп атайды. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мысалы, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға, үйдің төбесіне жабуға ұстаған. Ал ұзынынан түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. Ұзындығы тұтас емес, әр жерінен аралатып оралған шиді ораулы ши дейді.

Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу бәріне ортақ жұмыстар. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, қой сойып, тамақ дайындап, домбыра шертіп, ән айтып ұйымдасқан түрде кіріскен. Қазақтың «ши тарту биі», «ши шымылдық» дейтін ұлттық ойындары содан қалған деседі.
Тоқылатын ши мал аяғы баспаған жерден, жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді жаңбырдан кейінгі шық кеппей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді.

Ши ораудың екі әдісі бар. Біріншісі-тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау, екіншісі-жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шиді бір-бірлеп өрнек бойынша әр түсті оралған шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды. Шиді орағанда оның түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіре салып отыру керек. Әйтпесе шидің бір шеті жұқа, майысқақ болып, екінші шеті тым қалың боп кетеді. Ондай шиді жинау да қиын болады. Шиді тоқуға арналған жіп бірнеше домалаққа төгіледі. Домалақтар салмақты болу үшін жіпті темірге немесе тасқа төгеді. Мөлшері орташа бір қанат шидің өн бойы 9-11 жерден тоқылады. Тоқу ісіне керекті ең негізгі құрылғы - арқалық (сырық). Арқалықты екі басынан жіппен байлап, биіктігі шамамен 1м.20 см келетін ағашқа асып қояды. Арқалықты әр жерден тоқылатын жіп ілінетіндей етіп кертеді. Содан кейін домалақталған жіптерді арқалыққа дәл ортасын келтіріп көлденең іледі. Ілініп тұрған жіптің ортасына әкеліп бірінші шиді салады да, әлгі жіптерді әрлі-берлі айқастырып домалақтарын ауыстырады, яғни арқалықтың ар жағындағы домалақты оң қолымен алып, бергі жағына түсіреді, бер жағындағысын сол қолымен ар жағына түсіреді. Арқау жіптеріміз астыңғысы ұрғашы, үстіңгісі еркек жіп деп аталады. Ұрғашы, еркек жіптерді бір-бірімен байланыстыру арқылы біздің тоқып жатқан шым шиіміз пайда болады. Осы тәртіппен шидің өн бойы тоқылып шығады.

Тоқылатын шидің басталған жағы мен аяқталған жақ шетіне үш шиді қабаттап әуелі өз алдына бір рет жай жіппен сирек орап байланыстырады. Қара жүннен иірілген жіппен ақ шиге оралған осы бір сайластырудың өзі үшбұрыштардың тізбегі сияқты өрнек болып шығады. Мұны ши ораушылар «шыбын қанат» өрнегі дейді. Тоқи бастағанда бір немесе екі қарыстай жерге бірыңғай осыларды салып тоқиды. Сонда тоқылған шидің екі жақ шеті қалыңдап, берік шығады. Ши тоқушылар мұны қарақұс деп атайды. Бұған шидің бауы бекітіледі де, оны басқа бір затпен байланыстыруға мүмкіндік жасайды. Тоқылып болған шидің бас аяғын тегістеп қырқады. Кейбір адамдар қырқылған шидің екі жақ шетін әдемі матамен көмкеріп тігеді.

Халық шаруашылығында шиді орап тоқумен қатар шиді байластырып тұрғын үй, мал қора салу, әр түрлі төсеніштер жасаған. Бұл әрі оңай, әрі арзанға түседі, әрі неше алуан мәнермен өрнектеледі, әрі жасалу жолдары оңай тоқылады.
Шиден жасалатын заттар: алаша ши, ас шиі, аяқ қап, есік, кілем ши, киіз басатын ши, күрке, ши қалпақ, шыны қап т.б. 

Рисунок 5

Сурет-Ши


Ши өңдеп, өрнектеп, шиге түр салу өнерінде қазақ шеберлері көптеп көзге түскен. Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйрететін арнаулы орын бұрынғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан - ұрпаққа дәстүр бойынша келіп отырған. Балалар аналарына, әжелеріне көмектесе отырып, олардың жұмысына, өнеріне зейін қоя жүріп, үйреніп алатын болған.

Шиден жасалған заттарды күнделікті сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болатынын дәлелдейін. Ондағы мақсатым ши тоқу өнерін қазіргі заман талабына сай өзгертіп, күнделікті тіршілікте қолдану. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді басқа ұлттарға таныстыру. Осы ғылыми жобамен жұмыс кезінде бірнеше ши түрлерін тоқыдық. Бүгінгі күні ауылда әлі де мал шаруашылығымен айналысатын адамдар көп. Олар сиыр сүтінен түрлі ұлттық тағамдар дайындайды. Мысалы: қатық, құрт, ірімшік және т.б. Бұларды кептіру үшін өрені әлі де пайдаланады.

Бірақ та олар өздерінің әжелерінен қалған ескі өрелерді қолданып жүр. Ал олардың көпшілігі сол өрені тоқу жолын білмейді. Солардың ішінде менің өз әжем де бар. Біз тоқыған өремізді әжеме сыйға тарттық.

Әжем қатты қуанды және өзінің құрт жайып жүрген өресінің тозып кеткенін айтты. Сонымен қатар ыстық ыдыс қоятын бұйымды да дүкендерден сатып алып жүргендер көп. Олардың арасында өз анам да болды. Анамның қолынан ши тоқу келсе де, қазіргі заман ағымына қарай сол заттарды дүкеннен сатып алып жүрген. Анам енді оларды сатып алмайтын болды. Біз қолдан тоқыған шымшилерді үйде ыстық ыдыс қоятын бұйым ретінде пайдаланатын болды.

Рисунок 6


Рисунок 4 Рисунок 7

Рисунок 3 Рисунок 4 Рисунок 5

Рисунок 9 Рисунок 11 Рисунок 8

2. Шиді өңдеу жолы және пайдаланылуы


«Ал, бүгінде  еңбек  - XXІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде,  жаһандық  бәсекелестік  жағдайда  алдыңғы  кезекте  ілгерілетілуі  тиіс». Бұл  - Елбасымыз  ұсынып  отырған  келешегіміздің   ұстанымы.

Осыған  орай,  бүгінгі  заман   XXІ  ғасырда  өмір  сүретін  жастарға  ғалам  негіздерінің  жаңа   жетістіктерімен   қарулануды,  оқып,  үйренуді  талап  етіп  отыр.  Себебі,  қазіргі  ұрпақты  ой – өрісі тар, еш нәрсеге мән бермейді, түрлі жағымсыз қылықтар жасауы көбейіп отыр деп қаралайды. Санасы сәулелі жастар бұны түсінеді.

«Өнер көзі  - халықта» деген, алдымен, өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз. Қазақ  ұлты  -  кең байтақ еліміздің ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртушы, жаңғыртып байытушы.

Халық  қолөнерінің  бай  мұралары  бүгінгі  күннің  алтын  қорына  айналыпотыр.  Халқының   қолөнерін  зерттеген  ғалымдар:  Ә.  Марғұлан,  зерттеуші  этнограф  С. Қасыманов,  Ө.  Жәнібеков,  Д.  Шоқпаров.  т.б. Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу,оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан келе жатқан  өнер  мұрасы.

Қазақ  халқының  қолөнері  деп  халық  тұрмысында  жиі  қолданатын  өру,  тігу,  тоқу,  мүсіндеу,  құрастыру,   бейнелеу  сияқты  шығармашылық  жиынтығын  айтады. Халықтың  өнеріне  әдет – ғұрып жабдықтарымен қатар аң аулауға, мал өсіруге  және  егіншілікке  қажетті  құрал - жабдықтар кіреді. Осылардың ішінен ши  тоқу  өнері жайлы  сөз  қозғамақпыз.

Ши тоқу  халқымыздың  өрнекті  өнерінің  бірі,  шиді  жүнмен  орап және  оны  өрнектеп  тоқу  ісі.   Қолөнердің  барлық  түрі  сияқты  ши  тоқу,  оны  түрлі  өрнектермен  безендіру  әдісі  өте  ерте  заманнан  бері келе жатқан өнер мұрасы. Сан алуан әдемі өрнектер орап тоқылған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туылдырығының  арасында,  ыдыс – аяқ  тұрған  жаққа  тұтуға, сондай –ақ үлкен үйлердің  ішін  бөлмелеуге. Ертеректе   батырлардың  оқ  салып жүретін қорамсақ қаптары да   шиден  тоқылған. Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда, ши тоқу  әлдеқайда  арзанға  түседі,  әрі  төзімді  келеді.

Әсіресе,  киіз  үйдің  ішін  әсемдеуге  шидің  алатын  орны  ерекше. Неше түрлі  сырмен  боялып,  сағанақтары  күмістендірілген кереге көздері шашақталған уық бауларға, зермен кестеленіп, шұғамен оюланған тулырлық пен үзіктің ішкі  өрнектеріне  ши  жалпы  түр  беру  ретінде  өте  үйлесіп - ақ  тұрады. Осындай   әдемі  оралған  кілем  шилер  бұрын  ата – бабаларымыз, малды ауылдардың бәрі  қолданған.  Әсем   болуымен  қатар,  ши көші – қон жағдайында алып жүруге де өте қолайлы

Дала  шөбін  басқа да  халықтардың  пайдалануы. Дүкенде сатылатын түсті бояумен боялған Вьетнам, үнді халықтарының салфеткалары, желдеткіш, қабырғаға сәндік үшін іліп қоятын панноларын көріп, ол халықтың да өнерінде шидің алар   орны   ерекше  деп  білеміз,  сол сияқты  беларус, литва халықтары дала шөбі – қамыстан түрлі орындық, үстел, креслолар өріп тоқитыны да белгілі.

Дала  шөбі  шиден:  ши  қалпақ,  киіз басу үшін,  киіз үйдің  керегесіне  тұту үшін, құрт жаю үшін, терезе   қап,  масахана, етхана т.б дайындаған. Тоқылатын ши мал  аяғы  баспаған  жерден,  күз кезінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейінгі шық кеппей тартылуы керек. Мұндай кезде жер  жұмсақ,  ши  суырылғыш  келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге  кептіреді де, өрнектеп орайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, алдымен шиді тоқымас бұрын ши шыбықтарын аршып тазартады, аса  қысқаларын  және  жіңішкелерін  алып  тастайды.  Іріктелген  ши  шыбықтарын өз қалауымызша  ұзындықтарына  20 см немесе  30 см етіп қысқартамыз.

Шидің  өсетін  жерінде  улы  жәндіктер  де  кездеспейді.  Адам  денсаулығына  шидің  пайдасы  бар.   Әжелеріміз  ши  тартып  келгеннен  кейін  «Бір  сергіп  қалдым,  жүрегім  бір  жақсылықты  сезгендей  әсер  етті» -деп, немесе «шимен әшекейленген  үйде  отыру  үлкен  ғанибет  қой,  түсіңде   шиді  көрсең,  өңінде  мал  байлығына  кенелесің»  деп,  шаттанып  отырады  екен. 

Ши  тоқу  өнерімен айналысатын шеберлердің бұйымдарымен таныс болдым. 1957 жылы Республикалық І көрмеде Қызылорда облысының Қармақшы ауданынан  келген  шебер  Қамбарованың  тоқыған шым шиінің өрнек мәнері өте   жоғары  бағаланған.

Рисунок 3

Сурет – Киіз үйдің ішін шимен әшекейлеу


1960  жылы  Республикалық  ІІ  көрмеде  Атырау  облысының   Маңғыстау  ауданында  тұратын  С. Тұралиева  мен  Жамбыл  облысының Талас ауданындағы Б.Стамқұлова деген  шебердің  тоқыған  шым  шилері бүкілодақтық көрмеге қоюға лайықты  деп   бағаланған.

Бибі  Сәрсенбиева – 1009 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында туған Бибі шешесінен  он екі жасынан бастап шым ши орап, басқұр, бауларды жасау әдістерін үйренеді. Бибі апай облыстық, республикалық талай көрмелердің жүлдегері. Шым ши, киіз  үй  жасау  жиһаздарын  жасаудың  асқан  шебері.

 Аймағамбетова  Шәми  1914 жылы Маңғышлақ облысының, Өзен ауданында туған. Өгей шешесі  Ұмсыннан  көптеген  қолөнерді  үйренеді. «Шебер қыз» атанады. Оның Украинаның ұлы ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың 150 жылдығына арналып тоқылған ұзындығы алты құлаштан асатын басқұры Респуликалық Орталық  музейде  алыстан  көз тартарлық асыл бұйым  болып  тұр. «Шебердің қолы ортақ», «Шеберлікке - шек жоқ», «Өнерлінің өрісі  кең» деген нақыл  сөздер  бекерге  айтылмаған.

Солай болғанымен  қолөнердің  қыр - сырын  меңгерген, дәстүрлі тәжірбиесі мол қазақ шеберлері табиғи таланты мен өнерпаздық дарындылығының нәтижесінде сан қилы, алуан түрлі композициялы өрнек туындыларын жасай білген.

Астық  тұқымдасына  жататын  шөптесін  өсімдік. Биіктігі  50-250 см, сабағы көп, тік өседі, түсі көгілдір, сары мықты шым түзеді. Жапырақтары ұзын жіңішке ені 3-5 мм,  өте  қатты,  ұзындығы  15- 20 мм ақ не күлгін түсті. Маусым, шілде айларында  гүлдейді. Иран, Қытай, Монғолия, Тибетте, Еуропаның оңтүстік шығысында Қазақстанның   сулы  аймақтарында, суға жақын жерлерде өседі. Ши қыста жақсы мал жайылымы, сабағынан ши тоқыласа, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан сыпыртқы  жасайды. Шидің негізінен жылы аймақтарда 20 - ға жуық түрі бар. Шидің құрамында 9,6 – 14,3 протеин, 22 – 42 клетчатка, 1,7 -3,1 май және 38 - 51 азотсыз қалдық заттар болады. Оның сабағынан  ши төсеніш, корзина да тоқылады.

Рисунок 9

Сурет-Шиден жасалған бұйымдар


Ши  өсімдігі  біздің   қаламызда  «Самарқан»   көлінің  маңында  өседі. Күз айында  сыныптастармен бірге  барып,  ши тартып, жинап келеміз. Оны кептіріп, қабығып  аршып,  технология  кабинетіне  қоямыз.

Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған станок пайдаланады. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы үшін. Оған арқау жіп және қосымша салмақты заттар, тас немесе гир ауыр темірларді байлаймыз. Апа - әжелеріміз мал жүндерін пайдаланып, оны түрлі түсті бояу түстерімен  бояп, ши орап  тоқыған. Шиге салынатын көне өрнектер атауы: мүйіз өрнегі, таңдай өрнегі, сынық мүйіз өрнегі, геометриялық сипаттағы өрнектер.

Рисунок 4

Сурет - Ши тоқу


Ши  бұйымы  жалпы  сырт  көрінісіне  қарай  үш  түрге  бөлінеді: 

1. Ақ ши.

2. Ораулы  ши.

3. Шым ши. 

Қабығы тазартылған шидің өн бойын өрнек жүйесіне келтіре отырып, әр түске боялған жүнмен немесе түсті жіппен орап алады. Содан соң қатар - қатар жақтан оралған шиелерді шетінен бастап, орындарын ауыстырмай тоқиды. Тоқылғаннан кейін шығатын өрнекті шиді "Шым ши" дейді.

 "Шым ши"-қазақ қолөнерінің мағыналы мән бере орындалатын тоқыма өнері. Шым шиді орудың екі тәсілі бар: 

1. Бұрын тоқылған шидің өрнегін үлгі ету.

2. Жаңа өрнек үлгісімен "панно" тоқу.

Шым ши - шым шидің киіз үйдің сыртына не ішіне, керегінің сыртынан тұтқанда ол өзінің тығыздығымен суық желді үй ішіне өткізбейді. Өрнегімен үйді көркемдеп тұрады. Шым шиге шаршы оюы, ромб, жұлдыз, су өрнектері салынады. Қазіргі кезде қоғамдық орында, үй тұрмысын әсемдеуге шиден дайындалған гобелендер кеңінен қолданылады. 

Ақ ши - қабығынан аршылып тоқылған шиді "ақ ши" дейді. Халық ақ шиді кеңінене қолданған. Әсіресе құрт, ірімшік жайғанда,тары қайнатып, оны сүзгенде, қазан ошақты қоршағанда т.б күнделікті тіршіліке пайдаланған. Оларды өре, өреше шыпта деп атаған.

Орма ши - қабығынан тазартылған шидің өн бойын бір түске боялған жүнмен немесе жіппен орап шығады. Тоқу кезде оралган шиді ақ шимен топта 20-30 шиден алма - кезек тоқып отырады. Мұндай шиді орама ши диді. Орама ши киіз үйді айнала тұту үшін қолданылады.Үйдің киіз есігіне арнайы тоқиды. Мұндай шиді үй сыртына тұтқанда әдемі көрінеді және үй ішінің жылы болуына себін тигізеді.

Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды "шибау" деп атайды. Шидің бір шеті жұқа, екінші жағы қалың болып кетпеу үшін, оратын шидің түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіріп, алмастарып отырады.



3. Шидің  тоқылу  технологиясы


Ши ораудың екі әдісі бар. Бірі - тоқулы тұрған даяр шидіңөрнегіне сала отырып орау, екіншісі - жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шидің буындарын дәл    келтіріп, санап отырып орайды. Оралған шилерді өрнегіне сәйкес өз алдына бөліктеп жіңішке шуда жіппен тізіп отырады.  Халық қолөнерінің шеберлері өрнекті шым ши, оралуы ши, ақ кейбір облыстарда там   үйдің қабырғасына ілетін ши кілемдер де тоқылып жүр. Бұлардың өрнек-оюлары өте әсем келеді.

 Қазақ жерінің кең дала,шалқар көлі мен өзендері алқаптары ши мен қамысқа өте бай. Соңғы жылдары осы материалдарды тұрғын үй салуға да кеңінен қолданып жүр.

  • Шиден  жасалатын  заттар:

  • Ақ ши күрке терезе жапқыш

  • Киіз басатын ши 

  • Алаша ши күзу шиі ши қора              

  • Кілем ши                     

  • Ас шиі  қазан жапқыш  ши есек

  • Аяқ қап қар ұстағыш ши қалпақ тұс ши                                             

  • Ау қабырғалық шом

  • Есек масахана шыны қап өре ши, саба төсеніш, шыпта ши, ораулы ши т.б

Шым шидің тоқылу технологиясы:

1. Нобайын таңдап, қағазға түсіру.

2. Жіптің  түрлерін  дайындап  алу.

3. Қағаздағы өрнек бойынша орнаған жібінің дұрыстығын бақылау .

4. Оралған жіп сапасын тексеру.

5. Қондырғыда тоқығанда өрнектердің бір-бірімен сәйкес келуін қадағалау.

6. Жіптің ұшын дұрыстап бекіту.

Сонымен қатар Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаны безендіруге де біз шиден тоқылған бұйымдарды пайдаланатын болдық. Тоқылған түрлі шымшилерді фото салатын рамкаға салып, бөлмелерді безендіруге қолдана аламыз. Түрлі табиғат бейнелері көрген адамға қуаныш сыйлайтыны анық. Әрі өз бөлмеңде өз қолыңнан шыққан туындылар тұрғаны адамға сенімділік береді екен. Сонымен қатар әкем пеш маңын тазалайтын сыпыртқыны да шиден жасады. Үйге шиден түрлі заттар тоқу арқылы қажетті заттарға жұмсалатын шығынды азайтуға болады екен.

Рисунок 8

Сурет-Шиден жасалған бұйымдар


Ши тоқу өнерін заман талабына сай өзгертсе, тек киіз үйді ғана емес, қазіргі жаңа үйлерді сәндеуге де болады екен. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді шетелден келген туристерге жарнамаласақ, сувенир ретінде алады деп ойлаймын. Сонымен қатар мектеп оқушыларын еңбекке баулу пәні сабағында әсемдікке тәрбиелеп, оларға ұлттық тәрбие беруде, ши тоқу өнерінің атқаратын маңызының зор екендігі бәріне белгілі. Мұнымен қоса әрбір мектепте қолөнер үйірмесін ұйымдастырып, онда қазақтың ши тоқу өнері технологиясын үйретсе, ұмытылып бара жатқан қолөнеріміз қайта жаңғырары сөзсіз. Білім алып, тәжірибе жинаған оқушылар өз білгендерін үйдегі бауырларына үйретеді. Өнердегі сабақтастық дегеніміз осы.

Ши тоқу өнері кейінгі ұрпаққа түпкі мәнін жоймай берілсе, болашаққа қосқан жарқын үлесіміз болар еді. 


Рисунок 2
Shape10 Shape12 Shape11 Shape13 Shape9 Shape7 Shape8 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Орындау технологиясы

Ши тоқудың қондырғы құрылғысы

Шығынын есептеу

Ши тоқу

Шикізат таңдау

Ши түрлері

Құрал – жабдықтарды таңдау



Рисунок 3 Рисунок 4







ҚОРЫТЫНДЫ


Сонымен, қазақ халқының атадан балаға, әжелеріміз бен апаларымыздан өсіп келе жатқан біз сияқты жастарға мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнердің үздік үлгісі - ши тоқу жайында қызықты деректер, құнды мағұлматтар жүйелі де ретті баяндалды.   

Сондай-ақ, ши тоқуға байланысты ғасырлар бойы келе жатқан ши тоқу өнерін ғылыми тұрғыдан  талдап,  зерттеу  жүргізіп,  жаңа  заман  талабына сай өзгерту  жолдарын  қарастырдым.

Шиден  жасалған  заттардың  басты  қасиеті -  оған  еш нәрсе жоламайды, экологиялық жағынан таза, ешқандай  өзгеріске  түспейді, иіс шықпайды, қоршаған ортаға жағымсыз әсері жоқ індеттен, ауру – сырқаудан аман сақтайды.

Осыған орай, шым ши  мен  ақ шиді салыстырмалы түрде қарастыра отыра, ши тоқуға деген қызығушылығым арта  түсті.  Осыдан  кейін технология пәні мұғаліміне   ұсыныс  жасадым. Мен  негізі  бұған дейін де гуманитарлық пәндер  бойынша пәнаралық олимпиадаларға  қатысқан  болатынмын.

Өрнекті ши орау технологиясының ерекшелігі -  әрбір ши сабағын түрлі - түсті жіппен жеке – жеке орау. Сонымен қатар жіп түрлерін қағаздағы өрнек бойынша орнаған  жіп    дұрыстығын бақылау және оны  алма  кезек  ауыстырып отыру  жағы   күрделірек   болды.

Қорыта келгенде, «Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт», «Шебердің қолы ортақ», «Өнерлі өрге жүзер, өнерсіз жер сүзер» - деген мақал – мәтелдер өнерлі мен тәрбиені қатар ұстануға тәрбиелейді екен. Осыған орай, шиді пайдалану мен оны қолданысқа енгізу және үй тұрмысында қолдану әлі де жалғасын таба береді. Әрі үнемі  дами  отыра,  ел игілігіне  айнала  бермек.

Жалпы, шиден тоқылған заттар адам баласының қажетіне лайықты қызмет етеді. Ши бұйымдары қолдануға тиімді, әрі таза, сұлулыққа, талғамдыққа сай. Осы қасиетіне орай ши қазір де, тіпті келешекте де қажет деген пікірімді жүзеге асырып, қолөнерге деген  шығармашылығымды  өркендете  бермекпін.

Осыған дәлел,  қазіргі  заманда   үлкен  зәулім   үйлерде  кілем  ілу  сәннен қалып,  картиналар   мен   панно  ілу  сәнге  айналған.

- Міне,  біз  неге  шиден  тоқылған  бұйымдарды  ілмеске!.

Осы мақсатта   мен  қабырғаға ілетін панноны әрбір адамдардың жүрегінде қазақ еліне деген асыл қазынасын ұмытпай  қастерлеу үшін қазақтың оюы мен ашық аспан аясында емін – еркін қалықтап самғай беруін тілеп құстың бейнесін ши тоқу өнерін  қолға  алдым.

Нәтижесі  қабырғаға ілетін пано тоқып, үлкен жауапкершілікпен, дала шөбі шидің қасиетін, қажеттілігін игеріп, ел ертеңіне  асыру  мақсатын  көздедім.

 Жалпы, шиден тоқылған заттар адам баласының қажетіне лайықты қызмет етеді. Ши бұйымдары қолдануға тиімді, әрі таза, сұлулыққа, талғамдыққа сай. Осы қасиетіне орай ши қазір де тіпті келешекте де қолданыстан шықпайды деген пікірдемін.

Қорынды  сөзімді  мына  өлең  жолдарымен   аяқтағым  келеді:

Күннен күнге  өнері  асқан

Біз  сияқты  жастар  шықты  жалынды,

Халық  айтса,  әрқашанда  нанымды.

Шм  тоқудан  алдыма  жан  салмаймын,

Біз  сияқты  жастар  шықсын  дарынды.

Сенімдерін  ақтамаққа  мектептің,

Ши  тоқумен  тер  төктім.

Ұстазымның  үйреткен  үлгісімен,

Өнер  жолын  дамытамын  деп  келемін.

Заманға  сай  қолөнер де  өркендеп,

Қанат  жайып,  жастар  өсті  біртіндеп.

Кешегі  өткен  әжелер  мен  апалардың   ізімен,

Біз  келеміз  ізбасар  боп  желкілдеп.

Өркен  жайсын  қолөнер,

Халқым оған  дем  берер.

Дәстүр,  салтты  заманға  сай  жалғайық,

Қатардан  біз  қалмайық.

-Ұлттық  қолөнерімізді  қадірлеп,  қастерлей білейік. 

Еліміздің  туы  биіктерден   желбірей  берсін!

    

ҰСЫНЫС


Халқымыздың  қолөнері  құндылықтарын  терең  үйрететін, соның ішінде ши оқу технологиясын меңгертетін курстар оқу бағдарламасына енсе екен ұсынысым бар.

Қазіргі заман талабына сай халықтың қолөнері жаңарып, жаңа технологияларды қолданып, жұқа  киізге түрлі ою түрлерін салып, киім түрлерін тігіп кие бастау өнері жетілуде, жаңалықтар ашылып, халқымыздың сүйікті қолөнерлері келешекте  де  қолданыстан  шықпайды деген  сенімдемін.




КҮТІЛЕТІН  НӘТИЖЕ


Қазіргі  кезде  елімізде  ұлттық  құндылықтардың  қайта  өркендеуіне  жол  ашылды.  Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегіндегі: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түрлеудің қайнар  көзі  болып  келеді. Қазастанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша  қолдау  жасалып  отыр» деген сөзі.

Осынның айғағы технология пәні бойынша еңбек ету арқылы өз қабілетін дамытуда ата-бабасының ұлттық дәстүрі мен өнерін одан ары дамытуға бағыт ала отырып, қолөнердің күнделікті тұрмыста қолданып, бүгінде киімдерде, үй жабдығы сияқты  бұйымдарда  тұтынуын   аңғарту  керек.

Қолөнердің  ықпалы мен пайдасының арқасында қыз бала мектепте қолөнерге бейімделіп, жасау технологиясын жетік игеріп меңгерсе, ол өз өмірінде, бір қажетіне осы қолөнерді ықпал етіп жаратары сөзсіз.

Әрбір  қыз балалар үнемділікке, үй тұрмысына қажетті бұйымдардың дайынын сатып алмайтындай, қолдан өзі жасап, жеке тұрмыс салтына әсемдікті енгізуге ұмтылатын  болса, бұл әрине  ата- аналардың да  қуанышы.

Осыған байланысты, өмірдегі ең керекті нәрсе - еңбек, еңбек арқылы адам өз аңсаған биіктігіне  жетеді. Сондықтан бүгінгі егемен еліміздің іргетасын нығайтып, келер ғасырға жалғастыратын, көрірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз. Тарихтың асыл қазынасын зерттеп үйретуге, халықтың мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуде дана халқымыздың қолөнерін үйренуде  шығармашылық  жоба  жұмыстарымды  дамытып, жастар бойына сіңіре  бермекпін.

Соның айғағы үшін сынып оқушылары мен қала тұрғындары және мектеп ұстаздарынан мынадай  анкеталық  сұрақтар  жүргіздік.

1.  Қолмен  тоқу өнеріне  қандай  қолөнер  жатады?

2.  Ши өнері  туралы  не   білесің?

3. Ши өнерімен  айналысатын  кімдерді  білесіз?

4. Шиге  арналған   қандай  ою- өрнектер  жатады?

5. Бүгінгі  уақытта шиден  тоқылған  қажетті  заттарды қолданып көрдіңіз бе?

6. Шиден  жасалған  бұйымдар  тұрмысымызға қажеттілігі  маңызды ма?

7. Қыз бала  тәрбиесіне  шым ши тоқу  өнері  керекпе  деп  ойлайсыз  ба?

8. Сіз  өз ойыңызды  айтыңызшы,  осы  шым  шиді  тоқу өнерін оқу бағдарламасына енгізіп, қыз балаларға үйретіп, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға болады  ма?

9. Қазіргі  заманда  ши  түрлерін  тоқудың   қажетті  бар ма?

10.  Шым  шиді тұрмыста  қандай  мақсатта  қолданған?



Жұмыстың  нәтижесі:

  1. Ши тоқу өнері бойымдағы шыдамдылық, ептілік, ұқыптылық сияқты қасиеттерді дамытты.

  2.  Ши  тоқу  арқылы   сұлулыққа  деген жаңа қөзқарас  пайда  болды.

  3.  Нәтижесінде үйге сәндік дүние түрлі суреттер бейнеленген паннолар тоқып ілінеді.

  4. Болашақ мамандығымды анықтауыма жол ашылды.

Нәтижесін   қолданылатын  мекемелер:

  1. Мұражайлар                                          

  2. Қонақ  үйлер                                         

  3. Қарапайым  тұрмыстық  үйлер 

  4. 4. Көрмелер

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Ауелбеков Е. Қазақ қолөнерінің ерекше түрі-ши тоқу өнері // Қазақстанның ғылыми әлемі, 2011, №3/37/. 192-195 б.

2. Ералы Е. Қазақтың қолөнері. Құрасбек Тыныбеков // Алматы: Өнер, 2007.9-13 б.

3. Кенжеахметұлы С. Қазақтың дархан дастарханы // Алматыкітап, 2007. 54-55 б.

4. Қалыбекова Ә. Оюлар ой толғайды //Дәстүр, 2013, № 5 (30). 40-45 бет.

5. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері // Алматы,1995, 30 б.

6. Шымши // Дәстүр, 2013, № 6 (31). 27 бет.

7. «Асыл қазына» телебағдарламасы. Ши тоқу өнері» бейнежазба.

8. «Таңшолпан» бағдарламасы. «Ши тоқу өнері» бейнежазба. 

9. Уикипедия ашық энциклопедиясы. http://kk.wikipedia.org/wiki/Ши


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!