Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс - "Латын графикасының тиімділігі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ғ
Тақырыбы: «Латын графикасының тиімділігі»
ылыми жоба
Бағыты: «Тіл білімі»
Секциясы: «Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған :
Жетекшісі:
Жұмыстың орындалу уақыты:
МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ ................................................................................................ |
3 |
|
КІРІСПЕ .......................................................................................................... |
4 |
|
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ............................................................................................
|
6 |
|
|
I тарау. Латын әліпбиіне көшу мәселесі ............................................ |
6 |
|
II тарау. Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы .............................. |
9 |
|
IІІ тарау. Латын графикасының тиімділігі ........................................ |
12 |
ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................. |
15 |
|
ҰСЫНЫС .......................................................................................................
|
17 |
|
РЕЦЕНЗИЯ ..................................................................................................... |
18 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................... |
19
|
Аннотация
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Аннотация
Мы, народ Казахстана, чтобы, не отставая от времени войти в число развитых стран мира, а также для сохранения национальных ценностей должны пораньше перейти на латиницу. Это - требование времени.
Переход на латиницу один из путей независимости нашего национального сознания. Один пример, название нашей страны в новом варианте мы написали бы Qazaqstan, а не Kazakhstan.
Annotation
We, people of Kazakhstan must change our alphabet to the Latin one in order to come into the list of developed countries of the world and keep the national values. It is time demands.
Changing into the Latin alphabet is one of the ways of independence of our national thoughts. Only one example, the name of our country in a new variant of writing would be Qazaqstan, not Kazakhstan.
Кіріспе
Қазақ әдебиеті пәніде «Латын графикасының тиімділігі» тақырыбы ерекше орын алады. Латын графикасынығ тиімділігімен оқушыларды таныстыру оқушылардың бойындағы қазақтың тарихи тұлғаларына деген білімі мен дағдысын қалыптастыруға көмек береді.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Осыған орай ғылыми техникалық прогрессия дамыған уақытта компьютер көмегімен есепті шешу технологиясының ерекшеліктері туралы сөз қозғамақпыз. Келешектің кез келген маманы компьютерді өз жұмысында тиімді пайдаланғысы келсе, онда ол өз саласы бойынша алға қойылатын проблемаларды тұжырымдай алуы тиіс.
Біз «Латын графикасының тиімділігі» тақырыбын қазақ әдебиеті математика пәнінде оқытуды жолдары мен мазмұны туралы ой бөлісеміз. Қазіргі таңда, әдеттегідей, оқушылар үшін мектептегі оқулықтар мен басқа да оқу құралдарындағы күрделілігі оқушылар санасына тарихи тұлғалар туралы білуге қиындықтар тудырады.
Бұл жұмыста оқушы латын графикасының тиімділігі тақырыбына тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің латын графикасының тиімділігіне аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған латын графикасының үлгісін жинап, оларға сипаттама берген. Бұл берілген жұмысты қазақ әдебиетінен қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.
Жобаның мақсаты: Латын графикасының тиімділігімен танысу.
Жобаның міндеттері:
-
Латын графикасының қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау.
-
Латын графикасының тиімділігін толықтай дерлік қарастыру.
-
Қосымша мағлұмат қарастыру.
Жобаның нәтижесі:
Латын графикасының тиімділігімен танысу барысында нәтижеге жету үшін:
-
Біріншіден Латын графикасын зерттей келе, оның оның өмірінен үлгі алу қажет;
-
Екіншіден, Латын графикасын оқушы өз бойына дарыта білуі қажет.
Негізгі бөлім.
І тарау. Латын әліпбиіне көшу мәселесі
Адамның өзі қандай болса,
оның философиясы да сондай.
Иоганн Готлиб Фихте.
Менің ғылыми ізденушілік тақырыбым «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім дәл қазіргі уақытта осы тақырып ересектер мен оқушылар арасында көп айтылуда. Мені де осы сұрақ ойландырды. Яғни «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі болып отыр. Қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға жауап іздеп өз жұмысымды бастап кеттім. Енді сол зерттеулеріме тоқталайын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бірізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді.
Қандай да істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.
Жазу – адамзат ақыл-ойының үлкен жетістігі. Кез-келген халықтың тарихы жазба тілмен тікелей байланысты қалыптасып, барлық рухани және материалдық құндылықтар деңгейі жазба мәдениетінен көрінетіндіктен жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады.
Әлемдегі бүкіл халықтар секілді қазақ халқы да өзінің тарихи өрлеуі барысында саяси, қоғамдық әлеуметтік жағдайларға байланысты әр түрлі жазу үлгілерін қолданды.
Қазақ мәдениеті тарихында алфавит, емле мәселесінің өз орны бар. Өйткені жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Жалпы жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс, адамның рухани байлығының үлкен жетісітігі. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Оның адамзат өміріндегі маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.
ХХ ғасыр басында тікелей оқу-ағарту ісімен немесе әдебиетпен айналысқандарды ғана емес, бүкіл қазақ қоғамын алаңдатқан үлкен проблема болды. Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. Көпшілікке мәлім, қазақ жазуын (араб графикасы негізіндегі) басқа графикаға көшіру мәселесі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап көтерілген болатын. Сол уақыттағы баспасөз беттерінде араб жазуының кемшілік жақтарын, оның түркі тілдеріне жарамсыздығын айтып сынаған мақалалар көптеп кездеседі. Кей мақаланың авторлары араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтындығын, бас әріптердің, тыныс белгілерінің жоқтығы оқуда қиындық туғызатынын көрсете келіп, қазақ жазуын жетілдіру керек не басқа алфавит алу керек деген пікір айтады. Қазақ оқығандары, оның ішінде Ы.Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды, не осы жазуды біраз жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Міне, осы пікір ағымын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын қызу уағыздады.
Араб жазуын жетілдіру не басқа графикамен алмастыру мәселесі ХІХ ғасырдың екінші жартысында көтерілгенімен, бірақ өз шешімін таба алмай аяқталды. Бұған нендей себеп болғанын шығыстанушы Н.Яковлев былай деп көрсетеді: “Орыс графикасы миссионерлер мектебі арқылы таратылғандықтан кейбір халықтардың ұлттық сезіміне жағымсыз әсер етті. Бұл орыстандыру және зорлықпен ұлттық ерекшеліктерді жою үшін істелінген іс деп есептелінді”.
ХХ ғасыр басында туған шытырман заманның түрлі қоғамдық-саяси оқиғаларына қазақтың көзі ашық ұлтжанды зиялы тобының өкілдері бейтарап қарап отыра алмады. Олар қоғамдық дамудың алғы шарттарының бірі – халыққа білім беру деп танып, қалың бұқараның сауатын тез ашу үшін оқыту жүйесіне реформа жасаудан бастау керектігін қазақ зиялылары жақсы түсінді. Мектептер мен медреселерде діни сабақтармен қоса әр түрлі ғылым салаларынан алғашқы мәліметтер берілетін болды. Жаңа әдіспен оқытудың пайдалы екендігін түсінген Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Исен Бейсенбаласы т.б. халықты ана тілінде тез сауаттандыру үшін төте жазумен жазылған жаңа оқу құралдарын құрастырып, жаңа әдіспен оқытуға арналған әліппе, емле ережелерін құрастырумен айналысты.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ даласында жәдид бастамасын батыл қолдай отырып, қазақ алфавитін түрленген жаңа жүйеге келтіруге, ежелеусіз оқу мен төте оқуды қалыптастыруға жол салды. Бұрынғы әліппе бойынша, ескі араб әрпімен (хадимше) түсініксіз сөздерді жаттаудың орнына, тура өз тілімізде оқып-жазатын жаңа әдіс ұлт мәдениетінің тарихында орасан зор маңызды оқиға болды.Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың бас кезінде араб әліппесін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп өзгерістер енгізді. Ол қазақ әліппесін жүйелеп, оқу құралдарын жасады, фонетика, грамматика саласын зерттеп, қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулер жазды.
Кеңес үкіметінің жүргізген саясатына байланысты 1930 жылдардың ортасы мен соңына қарай ұлттық республикаларда орыс тілі ортақ қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданыла бастады. 1940 жылы орыс графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі қабылданды.
1990 жылдары қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі алфавитке ауыстыру мәселесі көтерілді. Біраз түркі тілдес республикаларда (Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан) қайта құру кезеңі басталғанда латын графикасына ауысты. Сол республикалардың оң тәжірибелерін зерттеп, бізде де латын графикасына көшу мәселесін қарастырып жатқан ғалымдардың еңбектерін зерделеу қазіргі күн тәртібінің өзекті мәселелерінің біріне жатады.
ІІ тарау. Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы
Қазақ халқы кеңестік қызыл империяның пәрменімен ХХ ғасырдың 20-30 жыл ішінде 3 рет әліпбиін (алфавитін) ауыстырған екен. Мұның астарында халықтың ғасырлар бойғы жинақталған бай рухани тарихын біржолата ұмыттыру, отарлау, орыстандыру, жалған «сауаттандыру», мәңгүрттендіру саясаты жатқандығын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.
1929-1940 жылдар аралығында ресми түрде қолданылған латын әліпбиімен үкіметтің қаулы-қарарлары, мемлекеттік баспасөзі, көркем әдебиеті т.б. жарық көріп тұрды. Кейіннен бұл жазу кеңестік идеологияның саясатын мүлтіксіз жүргізуге кедергі келтіреді, біртұтас кеңес халқын жасаймыз, барша жұрт орыс тілінде сөйлесе, солғұрлым коммунизмге тез жетеміз деген желеумен әліпбиді кириллицаға көшіріп жіберді.
Соңғы уақытта осы латын жазуына қайта көшу немесе қайта оралу мәселесі көпшілік арасында біраз пікірталасқа айналып отыр.
Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізудеміз. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу біздерге көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.
Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.
Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі – көршіміз Ресеймен достық байланыстарынан бас тартуы деген сөз емес. Бұл – тәуелсіз елдің ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ. Ресей мен Қазақстанның достық негіздегі байланыстары екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сондықтан Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға еш кедергі келтірмейді.
Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз әсерін тигізер еді. Мәселен, бұған дейін кириллицамен жазылып келген қазақ тіліндегі сөздерді латын әрпімен таңбалайтын болсақ, тіл үйренушілер ол сөздерді басқаша қабылдайды, олардың ойында басқа ассоциация пайда болады: Қазақстан – Qazaqstan, өнер – öner, өзен – özen, өмір – ömir т.б
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Латын әліпбиіне көшуге байланысты мәселе көтерілгеннен бері еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі іс-шаралар жолға қойылып, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқандығы және оның әрі де жалғасын табатыны сөзсіз.
2017 жылдың 11 қыркүйегінде латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің нұсқасы Парламент мәжілісінде талқылауға ұсынылғаннан кейін жалпы халық өз пікірін білдірді, көпшілік қауым қоғамдағы болып жатқан бұл өзгерісті бей-жай қалдырмады. Бұл – құптарлық іс.
Алдыңғы жобамен салыстырғанда диграфтардың барлығы дерлік апострофпен өзгертіліп, әліпбидегі әріптің саны 32 болып отыр.
Диграфпен белгіленген ә, ө, ү, дыбыстарының таңбаларыae, oe, ue түрінде екі дауыстының әрпі қатар тұрғаннан кейін визуалды түрде қабылдауға қиындық туғызатындығы белгілі еді, себебі а-ның да, е-нің де өзіне тән дыбыстық сипаты бар, көп жағдайда, әрине көз үйренбегеннен соң, екі дауысты сипатында қабылдауымыз мүмкін болатын және бір әріптің орнына екі әріпті жазу арқылы мәтіннің көлемі ұлғаятыны да анық жайт.
Міне, бір ай уақыттан кейін 2017 жылдың 9 қазанында Елбасыға латын әліпбиінің өзгертілген жаңа жобасы таныстырылды және төмендегідей өзгерістер еніпті:
Біріншіден, алдыңғы жобадағы 8 диграф апострофпен өзгертіліп, апострофпен берілген әріптердің саны 9-ға жеткен және «бір дыбыс – бір әріп» принципі сақталған;
Екіншіден, аффрикат ц әліпбиден алынып тасталған;
Үшіншіден, Уу әрпі Ww-мен таңбаланса, енді Y’y’түрінде апостроф арқылы берілген;
Төртіншіден, Іі мен Йй таңбалары Ii сипатында белгіленсе, қазіргі жобада қазақтық төл дыбысы жеке Ііарқылы, ал Ии мен Йй бір ғана І’і’ арқылы апострофпен таңбаланған;
Бесіншіден, алдыңғы нұсқадағы Йй әрпі Jj арқылы болса, қазір ол әріппен Жж белгіленіпті.
Осыларды саралай келе, бұл әліпби нұсқасындағы диграфтың апострофпен өзгертілгені, Цц-ның алынып тасталғаны, қазақ тілінде Ии дауыстысы жоқ екендігі ескеріліп, Ии мен Йй-ді бір таңба арқылы беруі, жалы алғанда, «бір дыбыс – бір әріп» принципі сақталғанғандығы көңіл құптарлық іс болып отыр.
Дегенмен, Уу-ды Wwтүрінде таңбаласақ, Жж, Шш әріптерінің Zhzh, Shsh түрінде диграфпен белгіленуібұрыннан өзімізге таныс болғандықтан сол сипатында қалдырып, апострофты азайтуға мүмкіндік жасауға болар еді немесе Жж-Jjнұсқасын өзгертпей, Шш-ны Cc-мен де таңбалауға болады, себебі бұл әріп қолданылмай тұр.Уу-ды Wwтүрінде таңбалауды жөн көріп отырғанымыздың тағы бір себебі Уу-ды да, Ыы-ны да Yy, Y’y’деп таңбалауға қатысты. Ыы мен Уу әріптері жуан-жіңішке жұпты құрайтын дыбыстардың таңбасы болмағандықтан, екеуі бірдей таңбаланып, тек апостроф арқылы ажыратылып тұрғандығы қиындық туғызатын сияқты. Ал Аа–Әә (Aa–A’a’), Оо–Өө (Oo–O’o’) дыбыстарының жуан-жіңішке сыңарлары ретінде апострофтың қойылуы түсінікті. Сондай-ақ Ыыдыбысының жіңішке сыңарынІ’і’ арқылы, ал Ии мен Йй-ді Іі арқылы белгілеген жөн болар деген ойдамыз.
Жалпы алғанда, қазіргі ұсынылып отырған әліпби жобасында игерілмей тұрған үш әріпті (Хх, Сс,Ww) ұтымды пайдаланған дұрыс болар еді.
Әрине, аталған әліпби жобасының әлі бекітілмегенін, талқылауда екенін ескерсек, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, жалпы халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қазақ тілінің заңдылықтарына сай әліпбидің өмірге келетініне шүбә болмауға тиіс деп ойлаймын.
ІІІ тарау. Латын графикасының тиімділігі
Латын әліпбиі біздің қазақ елінде әлі де болса пайдаланылып келеді десем жаңылмаймын. Мысалы: «математика» пәнінде формулалар латын әріптері арқылы жазылып келеді.
Ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен орны бар. Ақпараттық технология заманында компьютер тілі латын тілі екені белгілі. Латын әрібін үйрену ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне жағдай туғызады. Жас ұрпаққа саналы да сапалы білім беруде жаңа әліпбидің алатын орны ерекше. Латын әліпбиіне көшу жаңалығының тиімділігінің бірі – ағывлшын тілі алфавиті мен латын әліпбиінің ұқсастықтары өте көп.
ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар. Ақпараттық технология заманында компьютер тілі латын тілі екені белгілі. Латын әрпін үйрену ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне жағдай туғызады.Жас ұрпаққа саналы да, сапалы білім беруде жаңа әліпбидің алатын орны ерекше. Латын әрпі негізінен таңсық нәрсе емес, медицина тілінде де латын әріптері қолданылып келеді. Бұл жаңалықтың тиімділігінің бірі ағылшын тілі алфавиті мен латын әліпбиінің ұқсастықтары өте көп.
Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Латын әліпбиіне көшуде біз тілімізді жорғалтпаймыз, себебі біз қазақ тілінде сөйлей береміз. Тек әріптер ғана латын әліпбиіне көшеді. Былайша алып қарағанда латын әліпбиі біздің елімізге бірнеше жылдар алдын келген болатын. Латын алфавиті 1928-1929 жылдары Қазақстанда қолданыдла бастады. Сөйтіп 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болған. Х. Досмұхамедов мемлекет қайраткері ретінде қазақ тіліне үйлестіріп латын әліпбиін жасады. Осыдан кейін жоғарыда отырған өкілдер кириллицаны бұйрықпен күштеп енгізген болатын. Орфографияға да орфоэпияға да сауатты бүкіл адамдарды құртқан болатын. Қазақ тіліне еш қатысы жоұқ біздің табиғатымызға жат әріптерді кіргізді. Мысалы өзімізбен көрші мемлекет өзбе, ұйғыр, башқұрт, ноғайлармен тіліміз ұқсас келеді. Біз оларды түсіне аламыз. Бірақ біз олардың жазған жазбаларын , оқулықтарын, зерттеу жұмыстарын оқи алмаймыз. Әлемдік дәрежеде болу үшін бірнеше елдердің кітаптарын еркін оқи алуымыз керек. Сонда ғана қазақ елі әлемге әйгілі бола алады. Тек біз ғана еме, басқа ұлт өкілдері де біздің кітаптарымызды оқып, қазақ елінің тілдік құндылықтары бай екендігін біле алады.1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жазылған ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А. Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын.
Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 % латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызын айпасақ та түсінікті. Латын әліпбиіне көшкеннен кейін «ағылшын» тілінің де оңтайлана түсетініне күмәнім жоқ. Әріптері өте ұқсас болғандықтан бастауыш сыныптан бастап осы латын әліпбиіне төселіп келеді. Ал бұл балалардың ағылшын тілін меңгеруіне өз үлесін қоспай қоймайды деген сөз.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты. Латын әліпбиіне көшу мәселесі қаралғаннан кейін ұстазым әр сабақ үстінде латын әліпбиімен байланысты бір сөз болса да жаздыртуға тырысатын болды. Осы латын әліпбиін үйде жүргенде де ойын арасында қолдандым. Осының арқасында мен мынадай нәрсеге көз жеткіздім. Алматы қаласында оқып жүргенімді диктант жазу барысында қазақ тіліндегі екі дыбыс болып естілетін әріптерден өте көп олқылықтар жіберетінмін. Сарыағаш қаласына келгеннен кейін №143 жалпы орта мектебінде оқи бастадым. Ұстазымның латын әліпбиінің әр сабақ қолданылуына байланысты сіңліммен латын әліпбиі бойынша сөздерді жазып ойнадық. Жазу барысында байқағаным, сіңлім кириллцы әріптерімен жазылған сөздердегі олқылықтар латын әліпбиінде дұрыс жазыла бастағанын байқадым. Сонымен қатар ағылшын пәні мұғалімі - анама сіңлімнің ағылшын тілі пәнінен оқу, жазу барысының дұрысталып келе жатқанын айтыпты. Қызығушылық танытып, жай ғана ойын барысында латын әліпбиін қолданғаным өз нәтижесін көрсете бастады. Демек латын әліпбиінің бізге берер көмегі – олқылықтарды жою мақсатында және балалар ағылшын тілі сабағына да оңай төселеді десем, жаңылмаған болар едім. Осы латын әліпбиін ұстазыммен зерттеп көруге бел будық.
Әрине «қ», «ғ», «д», «б», дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса жетілдіру керек екендігі баршамызға аян. Оның үстіне осы әріптердің латын әріптерімен жазылғанда орфоэпиялық заңдылықтар реттелетінін көпшілігіміз біле бермейміз. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді. Ұстазым Анарбаева Айнур апаймен бірге бастауыш сыныпқа барып дәл осы олқылықтар бойынша бірнеше диктанттар алдық. Сонымен қатар «ағылшын тілі» пәні мұғалімі Дадабекова Аида және Орынбаева Айжаһан апайлар отырып осы мәселені талқылап көрдік. Анықталған жайттар: жаңартылған бағдарлама бойынша айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым барысы туралы сөз қозғалды. Мұнда кириллцы әріптерін айтқанда және тыңдағанда сонымен қатар жазғанда олқылықтардың басым бөлігі жіберілетіндігі анықталды.
Мысалы:
Болады – болад
Қалады – қалад
Жарығы – жарығ
Былғары – блғар
Мұнда әріптердің айтылым және тыңдалым барысында екі түрлі дыбыс шығаруы. Мұнда кириллцы «Д» әрібінің «ды» болып естілетіндігінен қателіктер жіберілетіндігі анықталды. Латын тілінде «d» әрібі жеке оқылғанда «di» қалпында қалады. Яғни осы арқылы мен өзімнің алдыңғы бастауыш сыныпта жүргенде жіберілген олқылықтарымның латын әліпбиі арқылы өз шешімін табуға болатынына тағы да бір рет көзім жетті. Дәл осы сияқты «б» әрібін айтқанда «бы» болып айтылады. Ал латынша «b» «bi» болып айтылады. Осы себепті балалардың әріптерді жазу барысында өзгерістер оңтайлы жолын табады деп ойлаймын.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы жұмысымды жүргізу барысында мен өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шетелдің жоғары оқу орындары аралық келісімшарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас студенттерімізді оқыту барысында көріп жүрміз. Яғни латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.
Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік.
Ендігі ретте латынға көшу не үшін қажет?- дейтін сауалға ғалымдардың дәлелдеуімен жауап беріп көрейік.Бұл сауда мен экономика саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге жақын мәселе. Себебі, шетелден келетін күнделікті тұтыну тауарларынан бастап азық-түлік өнімдеріне дейін, соның ішінде бренд өнімдерінің барлығы дерлік атауы латын графикасымен жазылған. Біз күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде сағат сайын, сәт сайын осы мәселемен ұшырасамыз. Мысалы, Mersedes, Toyota, Land Cruzier деген атаулардың барлығын айна-қатесіз оқып, қиналмастан оның қандай маркалы автокөлік екендігін жазбай танимыз.Сонымен қатар, тұрмыстық техника құралдарын алатын болсақ LG, Samsung, Panasonic, Sony тағы басқаларының барлығының аты латын графикасымен жазылған. Бұл – әлемдік стандарт атаулыларының барлығына латын графикасы тән екендігін, атаулардың барлығы латын әрібінде жасалғандығын көрсетеді.Сондай-ақ, латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны, мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз әрқайсымызға байланысты және бұл уақыт еншісінде.
Ұсыныс:
-
Мектептерде оқушылырға «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» екендігін насихатайтын еріктілер топтарын құру.
-
Латын әріпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою.
-
Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.
«Есептейміз, үнемдейміз!» атты
ғылыми жоба жұмысына
Рецензия
Зерттеу жұмысында оқушы көптеген әдебиеттерге шолу жасай отырып, «Латын әліпбиіне көшу қажет пе ?» , «Қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз?» деген сұрақтарға жауап іздеген.
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік деген тұжырым жасалған.
Тәжірибе бөлімде түрлі тапсырмалар орындаған.
Жұмыс талаптарға сай рәсімделген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.
-
Городкова Ю.И. Латинский язык. Учебник-6-е изд,
-
Боровский Я.М , Болдырев А. Учебник латинского языка изд-4
-
Ақпараттық көздер.
-
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011.
-
"Қазақ энциклопедиясы"