Мектебі: № 68 «Жібек жолы»ЖОМ
Сыныбы: 5 сынып
Аты-жөні: Нәсір Ұлжалғас
Тақырыбы: «Ағылшын елінің мақал-мәтелдерінің маңыздылығы»
Секциясы: этномәдениеттану
Ғылыми жетекшісі:Ұлттық Өнер Университеті
педагогика ғылымдарының
кондидаты,доцент Абдыхалыкова А.М.
Жетекшісі: Дакенова Жанара
Жетісай 2019жыл
Мазмұны
|
Кіріспе
Негізгі бөлім I тарау.Ағылшын халқының мақал-мәтелі 1.1. Ағылшын халқының мақал-мәтелінің маңыздылығы
II тарау. Қазақ халқының мақал-мәтелі 2.1. Қазақ халқының мақал-мәтелінің маңыздылығы
III тарау. Екі елдің мақал-мәтелінің ұқсастығы және ерекшелігі 3.1. Екі елдің мақал-мәтелінің ұқсастығы және ерекшелігі
3.2. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
4-бет
5-бет
11- бет
21- бет
23- бет
24 - бет |
2
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Халықтың асыл мұраларын жеткізуші ана тілімізді ардақтай отырып, оның даму, толығу үдерістерін жан-жақты зерттеу, танып-білу арқылы түр-түс атауларының термин ретінде қалыптастыру мүмкіндіктерін ашу – бүгінгі күн талаптарының бірі деп қарауға болады. Мақал-мәтелдің тарихын білу, құрамын анықтау, қолданыс аясын кеңейту – өмірдің барлық саласына да қажетті, практикалық маңызы зор мәселе.
Мақал-мәтел ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.Зер салып байқап отырсақ, мақал-мәтел қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке,т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен.
Өз еліміздің мақал-мәтелімен қатар, Ұлыбритания елінің дәстүрлі мақал-мәтелін таныса отырып, олардың тереңділігін, маңыздылығын көрсетіп, әр елге тән ерекшеліктерін көрсету.
Эксперименттің әдістемесі:Осы жұмыста мен энциклопедиялар, сөздіктер, әдебиеттер, балаларға арналған журналдар, сонымен бірге газеттердегі жарияланған материалдарды пайдаланып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында, №74 мектеп-гимназиясының кітапханысында жұмыс етіп, фото-суреттерді тауып, соның барлығын жинақтай отырып, ғылыми жұмысымды жаздым.
Жұмыстың нәтижесі:Ағылшын халқының мақал-мәтелін танып-білу,Ұлыбритания халқының ұлттық ерекшіліктерімен танысу, ағылшын тілін үйрену.
Қорытындыларын практикалық қолданудың салалары: мәдени іс - шараларда, ойын-сауық орталықтарында, фестивальдарда, мәдениеттану сабақтарында, әртүрлі жарыстарда қолдануға болады.
3
Кіріспе
Ұлы педагог В.И.Сухомлинскийдің сөзінде де ақыл-ой тәрбиесі шығармашылықсыз толық болмайтыны айтылған. Адамның ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байиды.
Қазақ халқының мақал-мәтелімен қоса, мен өз жұмысымда Ұлыбритания елінің де тарихымен танысып, олардың мақал-мәтелін қарастырғанды дұрыс көрдім. Себебі, әр халықтың мәдениеті, өзіне тән ерекшелігімен дараланып, көзге түседі, сол елдің ерекше белгісі болып қала береді.Осындай ерекшеліктерін, кейбір ұқсастықтарын жұмысымда сипаттауға тырыстым.
Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық мақал-мәтелінің пайдасы өте үлкен. Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу - ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей - өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет.
4
Негізгі бөлім
I тарауАғылшын халқының мақал-мәтелі
2.1. Ағылшын халқының мақал-мәтелінің маңыздылығы
«Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзінен бастайық. Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті, ауыз әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктер болады. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Өзіміздің рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы, қымбат қазынасы. Ағылшынша, қазақша,орысша мақал-мәтелдер бірдей болады. Келтірілген мысалдардан кейде қазақша мақалдар, кейде екеуі де құрлысы мен мағынасы жағынан бірдей, бір-бірінің тура аудармасы болып келетінін белгілі. Кейде 2 тілдегі мақал-мәтелдер бір-бірімен тек алынып отырған тақырып, білдіретін мағынасы жағынан ұқсас болуы мүмкін. Екіншіден, ағылшынша, қазақша мақалдардың синонимдері болады. Кейде мақалдар өз синонимдерімен тек образдармен ерекшеленеді, кейде мағынасы жағынан үндесіп, ұқсас болады. Мақалдарды бірнеше тілде білу сабақ барысында өзімізге де пайдалы. Олар да түрлі тарихи жағдайларда құрылған, бірақ сонда да халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі қалай айтылатындығын есту қызықты. - Сондықтан қай тілде болсын мақал-мәтелдерді оқып, үйрену керек. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз өзгерсе де мақалдың түпкі мағынасы, айтайын деген ойы өзгермейді. Бірақ ең алдымен өз тілімізді, әркім өз халқының рухани байлығын білу керек. Бұл мақалдарды ағылшын тілінде ғана емес, қазақ пәндерінде көптеген құрал ретінде пайдалануға болады. Әрбір сабақта тиянақты, сапалы білім беру тәрбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиіс. Мақал-мателдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер мен жаттаған өлеңдер өткен тақырыпты пысықтау үшін, оқушылар жалыққан кезде көмектеседі, олардың ізденушілік қабілетін дамытады, үш тілді меңгеруге ынтасын арттырады.
5
Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал мателдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп, орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады.
Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын дамыту, жана әдіс-тәсілдерді енгізу бүгінгі күннін басты талабы. Бүгінгі күнде көп тілді меңгерген жан-жақты, ел ертеңін ойлайтын дана ұрпақты тәрбиелеу-киелі мәселелердің бірі деп түсініп, мына мақал-мәтелдерді, өлен шумақтарын сабаққа қолдануды ұсынып отырмын. Соңғы 15 жылдағы еліміздегі халықаралық саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуы мен нығаюы және республикамыздың халықаралық қоғамдастыққа енуі білім беру саясатына шет тілдерге байланысты көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі кезде ғаламдық жаһандану, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне ену процесі жүріп жатыр. Президентіміз Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Яғни жоғары нәтижелерге жету үшін, біздің болашақ ұрпағымыз өте білімде, заман талабына сай жан-жақты дамыған, мәдениетті және өте тәрбиелі болуы қажет. Ал жан-жақты дамыған тұлға тек берік біліммен қаруланып қана қоймай, қазіргі заман талаптарына сай бірнеше шетел тілдерін меңгеруі тиіс. Қазіргі кезде шетел тілінің қажеттілігі күннен-күнге артып келеді. Ол қоғамдық – экономикалық, ғылыми – техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы айғақ болып отыр. Бұл айғақ шетел тілдерін оқытудың дәрежесін жоғарлатуда. ЮНЕСКО XXI ғасырды полилингвизм ғасыры деп атады. Біздің болашақ ұрпағымыз тек өз ана тілін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар бірнеше шетел тілін меңгеруі хақ. Ал шетел тілін жан – жақты меңгертуде оқыту – тәрбие процесін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін, 3 тілділікті (қазақ,орыс,ағылшын) қолдануды ұсынамыз. Мақаланың басты мәселелеріне тоқталатын болсақ: шетел тілді жан-жақты меңгерту, балалардың сөздік қорын байыту және шет тілдегі мақал – мәтелдерді қолдануға дағдыландыру, күнделікті қолданысқа енгізу.6
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,- деп Әл-Фараби айтқан. Яғни ең басты мәселелердің бірі балаларға 3 тілдегі мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіру болып табылады. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасалып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – мақал-мәтелдер. "Мақал-мәтел – сөз мәйегі", "Мақал – сөздің мұнарасы",- деп қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса құнды баға берген. Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған.
Осы тұрғыдан алғанда ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлардың бірі – мақал-мәтелдер баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр. Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер – әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылыныңкені жатыр. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал- үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды,ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз. ]Мәтел – тұжырымды. Бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жан – жақты қарастырылып талданды. Мысалы: 1. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке тақырыптар бойынша сараланды; ·
Адам және оның қасиеті; ·
Еңбек және кәсіп; ·
Ғылыми – білім. т.б.
2. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланды; ·
Мақал-мәтелдердің 3 (қазақ, ағылшын) тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы; ·
Мақал-мәтелдердің 3 (қазақ,ағылшын) тілде сөздік баламасының дәл келуі; Мысалы: Білім – қуат.
Knowledge is power.
Бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр.
7
Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тікелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздері де бірдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдерді шетел тілін меңгеруде қолдану өте қолайлы.
1.A good name is better than riches – Жақсысөз – жарымырыс.
2.Twoheadsbetterone –Екікісібіркісініңтәңірісі.
3.East or west home is best –Өзүйімөлеңтөсегім.
4.Ifyourunaftertwohares, youwillcatchneither - Екікеменіңбасынұстағансуғакетеді.
5.Thereisnosmokewithoutfire –Желболмаса, шөптіңбасықозғалмайды.
6.Thereisnoplacelikehome –Айхайөзүйім, кеңсарайымбозүйім.
7.Therearespotsevenonthesun– Төртаяқтымалдасүрінеді.
8.Tastesdiffer –Әркімніңөзталғамыбар.
9.Alliswellthatendswell –Басықаттыболса, аяғытәттіболады.
10.Badnewsfliesfast –Жамандықжердежатпайды.
11.We shall see what we shall see –Көргеніңненкөрмегеніңкөп
12.Who keeps company with the wolves will learn to howl –Жолдасынақарап, кісінібілерсің.
13.Better late that never –Ештенкешжақсы.
14.Allisnotthatglitters –Жылтырағанныңбәріалтынемес.
15.Asyouhavemadeyoubed,so you must lie on it – Неексең, соныорасын.
16.Rome was not built in a day –Еңбегінеқарайөнбегі.
17.Dont count your chickens before they are hatched –Балапандыкүздесанайды
Танымал ғалым Ә. Диваев .Ғалым халық арасынан жинаған мақал-мәтелдерін 1900 жылы жеке кітапша етіп,В.И.Ильиннің баспаханасынан типографиялық әдіспен жариялатқан.
Ал,1927 жылы Ә.Диваевтың құрастыруымен қазақ мақал-мәтелдерінің толық жинағы жарық көрді .
Халық шеберлігі мен шешендігінің куәсі іспеттес жалпы халық қорды ұрпақтан –ұрпаққа жеткізуде Ө.Тұрманжановтың қосқан үлесі мол.Ол баспасөз беттерінде ,жинақ ,кітапшаларда бұрын-соңды жарияланған және әдеби –тарихи
8
мұражайларда қолжазба күйінде сақталған халық мақалдары мен мәтелдерін сұрыптап жүйеге келтірген.
Ағылшын тіліндегі жалпы халықтық мұраны жинақтап,жариялау жұмыстары сонау көне ғасырдан қалыптасқан,күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді.Тарихи деректерге сүйенер болсақ,өте көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы “Book of Proverbs in the Old Treatment” атты топтама бесінші ғасырда жарық көрген.бұл жинаққа өте көне ағылшын мақал-мәтелдері енген.Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып,зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дизидериус Эрасмустесімімен тығыз байланысты.Ротердамда дүниеге келіп,өз заманының ең ұлы да оқымысты ғылымдарының бірі атанған Дезидериус Эрасмус бүкіл Еуропаны түгелге жуық аралай жүріп, ағылшын мақал-мәтелдерінің жинағы құрастырылған.Оның 1500 жылы «Collectapea»(818 ММ) ,1508 жылы Венецияда Chiliades (3260 ММ) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басталып шықты.
Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдарының бірі Джон Хеуд өзінің алғашқы «A dialogue Containing the number in effect of all the Proverbs in the English Tongue» атты еңбегін 1546 жылы кейінгілерін 1550-1560 жылдары бастырылып шығарды.Сондай-ақ 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары ,атап айтқанда 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe ‘ Bibliotheca Scholastica Insthctissima or ,a Treasurie of Ancient Abagies, and Scholastiosh Proverbes ‘, 1639 жылы пастор ДжюКларктың Paroemiologia Anglo –Latina ,1659 жылы Дж.Хаузльдің «Proverbs» атты еңбектері жарық көрді
Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып,қайта бастырылып отырды.Джеймс Кэлли «Complete Collection of English Proverbs» 1721 Томас Фуллер Gnomologia: Adagies and Proverbs 1732 Bohn H.G.Bohn’s A Hand –book of Proverbs,1855 Уиллифм Кареу Хазилит «English Proverbs and Proverbial Phrases» 1929,1935 жылы ағылшын мақалдарын қамтыған Оксфордтық сөздіктің «The Oxford Dictionary of English Proverbs» деп аталған алғашқы нұсқаны жарық көрді.Уақыт өте келе бұл сөздіктің толықтырылған нұсқалары бірнеше мәрте басылып шыққан.
Америка Құрама Штаттарында да осы мақсатта бірқатар жұмыстар атқарылды.Әсіресе,Бэнджами Франклиннің Poor Richard’s Almanack (1733,1758),Буртэн Стэвэнсонның «Book of Proverbs,Maxims and Familiar Phrases» (1949) еңбектерінің маңызы өте зор.
9
Мақал-мәтелдер халық тарихы,оның әлеуметтік тіршілігі,ақыл-өнегесі,даналығы мол көрініс тапқан,ой дәлділігімен,ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады.
Сондай –ақ үш тармақты ,төрт тармақтыларыда кездеседі.Мақалда айтылатын ой не туралы ,не астарлы түрде беріледі және көп жағдайда үлгі ,өнеге,өсиет айтуға құрылады.Ал мәтел,сөз тіркесі қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түріне келіп,көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым қорытынды пікір жасалмайды.Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол арқылы әр түрлі тақырыптар Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен достық, еңбек туралы болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді.
Мақал-мәтелдердің тұрғысының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан «дайын» материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып,осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Мақалдар тілдегі қолданысы мен мағынасы жағынан екі топқа бөлінеді: тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылатын тұрақты тіркестер.Бірқатар қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалады,абсолютті эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлері де кездеседі.
Ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құрылса,қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі не бірнеше тармақты болып келеді.Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылап ойдың басқа бір жағдай ,не құбылыспен салыстырыла жеткізілуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады.
Қазақ мақалдарының белгілі бір ұйқасы дыбыс үндестігі,тұлға сәйкестігі және мағына үйлесімділігі тәрізді шарттарға негізделіп құралуы қазақ халқының ертеден шешендік өнерге ,ақындыққа ерекше көңіл бөлумен байланысты.
Ағылшын мақал-мәтелдерінің ауқымды тобы қасиетті кітап Інжілден В.Шекспир сынды ағылшын классикалық әдебиетінің ұлы тұлғаларының шығармаларынан,халықтық аңыз әңгімелерден бастау алды.Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің қайнар көзіне байланысты негізгі айырма мынада:Қазақ мақал-мәтелдерінің көлемді бөлігі қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады,ауызша таралған мақал-мәтелдер жетекші орында емес.
10
II тарау. Қазақ халқының мақал-мәтелі
2.1.Қазақ халқының мақал-мәтелінің маңыздылығы
Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа
ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі.
Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын
көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып,
қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда,
«тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам,
әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.
Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір
түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт.
Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін
көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің
сәнін келтіреді.Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту
түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады.
Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы
жартас – бір жартасИт ашуын тырнадан
алады.
Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да,
астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар.
Мысалы, жауға жаныңды берсең де, сырыңды
берме деген
мақалдарды тікелей, тура мағынасында ұғынамыз.
Ал Болат пышақ қын түбінде жатпайды; Қалауын тапса, қар
жанар – деген
мақалдарды келтірінді мағынасында қабылдап түсінеміз. Мұның
алдыңғысы "асыл нәрсе қашан да жарық көреді, ол үнемі жасырын
күйінде қалмайды, қалай да бір жарқ етіп шығады" дегенді, ал
соңғысы «ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды» дегенді
білдіреді.
11
Мақал – сөздің атасы
Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп,
адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлі салт -
санасы, тұжырымдарының мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз
дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде мазмұны терең, мыңдаған
ұрпақтардың ми қазанында құрымай шыныққан ой - өрісі биік тәжірибе
тезінен сұрыпталып өткен ой маржаны таза мақал - мәтелдердің
шоқтығы биік.
Мақал - мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен
қоғамдық тарихы тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың
шежіресі мен халықтың рухани өмірінің энциклопедиясы. Олар әлеумет
өмірінің алуан саласын көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау
сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес
беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан -
ұрпаққа таралып қалың көпшіліктің құдіреті, келісті көркем сөз
кестесін қасиетті мұра ретінде жеткізді. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»,
«Жүздің көркі - сақал» сияқты сөз өрнектері әлеуметтік заңға
айналып кеткен зерделі сөздер халықтың өз мұрасына деген шынайы
сүйіспеншілігінен туған.
Сиқырлы сөз құдіретін, табиғатына терең меңгерген поэтикалық
дарынды дала данышпандарының шығармашылық қиялынан туындаған мақал
- мәтелдердің ат дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен
ерекшеленіп, өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беретін үлкен
түйін жасалып, халықтың ғасырлыр бойы тәжірибесі қорытылған. Халық
даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік
танытқан.
«Көп сөз көмір, аз сөз алтын» дегендей мақал - мәтелдің ой бойынан
поэзияға тән жинақылық, үнділік ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда
басы артық сөз жоқ, бәрі орнында, екшеленген, сұрыпталған біріккен,
ой - өркен ажыратпас туыстық тапқан.
12
Мысалы: «Ер дәулеті – еңбек» мұндағы негізгі ой еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру түйінделген қазығы еңбек болған соң мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық сөздерін қоса алмайсыз.Онда мақал поэтикалық қасиеттерінен айрылады. Мақал - мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде, тіпті, сөз тастап кеткен отырған. Бірақ одан мақал - мәтелдің, мәні өзгермеген.
«Ақыл жастан - асыл тастан»-
өлеңде «шығады» сөзі қалып қойған, бірақ одан ойсырап тұрған
жоқ.
Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың
әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол арқылы әр
түрлі тақырыптар Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен
достық, еңбек туралы болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген
халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді. «Ел - елдің бәрі
жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас - туған
елдей ел болмас», «Ө¬з елің - алтын бесік», «Ер жүрегі – ел үшін
туады, ел үшін өледі»,- деп халықтың туған жеріне, еліне деген
шынайы сүйіспеншілігі терең түйінделген. Сол арқылы туған жерді
алтын бесіктей аялап, бағалау керектігін, ол үшін өміріңді берсең
де артық еместігін бейнелейді. Мақал – мәтелдердің тура және
ауыспалы мағынасы болады. Мысалы: «Өнер алды қызыл тіл», «Елін
сүйген ер болар», деген мақалда ешқандай астар, тұспал жоқ болса,
«Не ексең соны орасың» дегенде астарлы ой жатыр. Халық бұл арқылы
істеген ісінің нәтижесі сол ісіңе орай дегенді, ишара етеді. Мақал
- мәтел қосарлана айтылып, бір - біріне туыс болғанымен, екеуінің
өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал - мәтелдің ойды
түйіндеу жағынан да байқалады.
13
Мысалы: Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алса екі жай сөйлемнен тұрады, ой тиянақты. Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгерек. Көппен көрген ұлы той» деген тұспал мәтелде басым. Алайда екеуі де халықтың ғасырлар бойы жинақталған даналық ойының мәйегі болғандықтан егіз қозыдай сыңарымен мақал - мәтел деп бірге айтылады.
Мақал да, мәтел де - сөз
асылы, сап алтыны. «Мақал - сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен,
тереңдігімен, ықшамдылығымен, өрнегімен ерекшеленеді. Мақал
мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Мақал - мәтелдерде
бейнелі ойға жетелейді.
«Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей»- деп жүзі күндей
жарқырап күлімдеген адамнан да жаны жамандыққа құмар, зұлым адамның
шығатынын дәл суретімен өрнектейді.Сөз қолданысы айтуға жеңіл,
өткір ойлы, ұшқыр мақал - мәтел халқымыздың ой шеберлігін, бай
тілін дәлелдей түскендей өшпес мұра екені де сондықтан болар.
Халық даналығының бір түрі мақал – мәтелдердегі мағына, мәні терең,
аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізетін шеберлік ұлттық
мақтанышымыз десек те артық емес. Сондықтан ата - бабаларымыздың
асыл қазынасы, даналық мәйегі көздің қарашығындай сақтап, бағалау
басты парызымыз болу керек.
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ойайтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға(“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады.
14
Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағысөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақболып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды.Сол арқылы әр түрлі тақырыптар Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен достық, еңбек туралы болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді. «Ел - елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас - туған елдей ел болмас», «Ө¬з елің - алтын бесік», «Ер жүрегі – ел үшін туады, ел үшін өледі»,- деп халықтың туған жеріне, еліне деген шынайы сүйіспеншілігі терең түйінделген. Сол арқылы туған жерді алтын бесіктей аялап, бағалау керектігін, ол үшін өміріңді берсең де артық еместігін бейнелейді. Мақал – мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы: «Өнер алды қызыл тіл», «Елін сүйген ер болар», деген мақалда ешқандай астар, тұспал жоқ болса, «Не ексең соны орасың» дегенде астарлы ой жатыр. Халық бұл арқылы істеген ісінің нәтижесі сол ісіңе орай дегенді, ишара етеді. Мақал - мәтел қосарлана айтылып, бір - біріне туыс болғанымен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал - мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да байқалады.
15
Мысалы: Тоқпағы күшті болса,
киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алса екі жай сөйлемнен
тұрады, ой тиянақты. Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгерек.
«Әлін білмеген әлек», Көппен көрген ұлы той» деген тұспал мәтелде
басым. Алайда екеуі де халықтың ғасырлар бойы жинақталған даналық
ойының мәйегі болғандықтан егіз қозыдай сыңарымен мақал - мәтел деп
бірге айтылады. Мақал да, мәтел де - сөз асылы, сап алтыны. «Мақал
- сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен,
өрнегімен ерекшеленеді. Мақал мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет
атқарады. Мақал - мәтелдерде бейнелі ойға жетелейді.«Түсіне қарасаң
күндей, ішіне қарасаң түндей»- деп жүзі күндей жарқырап күлімдеген
адамнан да жаны жамандыққа құмар, зұлым адамның шығатынын дәл
суретімен өрнектейді.
Сөз қолданысы айтуға жеңіл, өткір ойлы, ұшқыр мақал - мәтел
халқымыздың ой шеберлігін, бай тілін дәлелдей түскендей өшпес мұра
екені де сондықтан болар.

басты парызымыз болу керек.Мақал мен мәтелге бай
халықтардың бірі – қазақ халқы. Қазақ мақалдары ХІХ ғасырда–ақ
европа халықтарына мәлім бола бастаған. Әдемі, сұлу сөйлеуге
құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты.
“Мақалды тудырушы – еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын
қазынасы”, — дейді атақты қазақ фольклористика ғылымының
білгірі профессор Мәлік Ғабдуллин. Халықтың мақалдары мен
мәтелдерін жинауда, зерттеуде, Ш.Уалиханов, В. Радлов, А.В.
Васильев, П.М. Мелиоранский, Ә. Дибаев, Ө.Тұрманжанов, С. Аманжолов
секілді ғалымдардың еңбегі зор.
16
Белгілі бір жүйемен берілген, өте көлемді еңбек деп 1899 жылы Орынборда басылып шыққан В. Катаринскийдің “Сборник Киргизских пословиц” деген кітабын санаймыз. В. Катаринский жинағына мың жарымнан артық мақал-мәтелдер енгізілген. Олар бірнеше тақырыптарға жіктелген. Түркі тектес халықтар мақал мен мәтелді былайша атайды. Өзбекше-мақал, қырғызша мақал мен лақаптар, татарша – мәкаль һәм әйтем, әзірбайжанша – аталар сөзі, ұйғырша – мақал вә тәтсил, түркіменше – нақылдар ве аталар сөзи, чуваштар- ватнисем калани.
Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің тақырыптары әр алуан: туған жер, ел-отан, еңбек, денсаулық, өнер, төрт түлік мал, егіншілік, денсаулық, өнер, төрт түлік мал, егіншілік кәсібі, ынтымақ, достық ерлік, батырлық, жақсы адам мен жаман адам т.б. Мақал мен мәтел құстың екі қанаты секілді бір-бірімен байланысты, бірақ олардың араларында аздаған өзгешеліктері мен айырмашылықтары болды. Мәселен, мақал сөзде адамның нәзік сезімдері мен терең ойлары ашық айтылады, дәлме-дәл көрсетіп, бейнелейді. Мысалы: “Білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар”, “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, “Ағаш тамырымен, адам жолдасымен мықты”.
Ал, мәтел сөздің сыры: белгілі бір құбылысты астарлап, жұмбақтап, бейнелеп айтады. Мәтел сөзге бір мысал: “Сауысқан тоты боламын деп, жүрісінен жаңылыпты”. Сөз сауысқан туралы емес; сауысқан тектес, әсіре қызыл, еліктегіш, әсершіл адамдарды сынаған. Біреулер бар: өзінің дербес қасиеттерін жоғалтып, ықпалды адамдардың әуеніне төңкеріліп, соның көлеңкесіне тасаланады, өмірдің ағысынан өзін-өзі таба алмай әуре болады.
Қазақ фольклорында “шыбынның басына бақ қонса, самұрық құс сәлемге келер”деген мәтел бар. Өмір қызық қой! Біреулер бар: тым жылпос, әккі, қу өмірдің бос жерлерін білгіш-ақ. Көз ұшында мұнарланып көрінген бақ пен дәулетті жазбай таниды, соған жету жолында айламен өзін “алтын ыдысқа
17
салып”көрсетуге тырысады.Ретін тауып жағымпазданады, жарамсақтанады. Ары мен ұжданын сатып, әйтеуір бір биліктің балақ бауынан ұстайды айналасына шыбын-шіркейді жинайды. Өзінен ақылы асқан адамды жек көреді, ығыстыруға шеберлік көрсетеді, мүсәпірлік пен бағыныштылықты, өтірік пен өсекті дәріптейді, қорлау мен намысқа тиюдің тәсілдерін ойлап табады, ел арасына жік салады, тозу мен құлдырауды ұйымдастырады.Ондайлардан салмақты, зерек адамдардың өздері сескенеді, ішкі салмағын жоғалтады, оның айтқанына өз еркінен тыс бағынуына мәжбүр болады. Самұрық құс сауысқанға сәлемге келіпті деген мәтел осы жайларды тұспалдап баяндайды.” Дүние — ақсақ елік жеткізбейді ” деген мәтел де қиюы қашқан дүниені жалғаймын деп, тепеңдеп тозығы жеткен кедейдің күйін көрсетеді.
Фольклорист М. Әуезов қазақ мақалдары мен мәтелдерінің көпшілігі өлең түрінде келетіндігін, ондағы ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығын атап көрсеткен. Соған бір мысал келтірелік:
Туған елдің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің.
Тепкі көріп тентіреп,
Текке жүрсең білерсің.
Сол сияқты: “тозған қазды – топтанған қарға алады”, “Сұлу сұлу емес, сүйген – сұлу”. Аталған мақал-мәтелдердің көркемдік құны олардың ұйқастары мен ырғақтарында.А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады.
18
Данышпан Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзі – әр қазақтың бойтұмары іспетті. Соңынан өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы бабамыз өзінің бесінші және алтыншы қара сөздерінде қазақтың кей мақал-мәтелін сынаған, олардың тереңіне үңіліп, мән-мағынасын ашып көрсеткен. Бесінші сөз Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» – деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың, әуелі: - «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр. Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен. Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жергеенежаздаушыеді, бұларнеденболса да ұялмайдыекен. Солмаартылғаны? Қолымыздағыныүлестіріпталатпасақ, біз де өзіндейболмасақ, безедіекен. Іздегенелімізсолма?19
АлтыншысөзҚазақтыңбірмақалы: «Өнералды - бірлік,
ырысалды - тірлік» дейді. Бірлікқандайелдеболады, қайтсе тату
болады - білмейді. Қазақ ойлайды:
бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен
дейді. Олайболғандабайлықтан не пайда, кедейліктен
не залал? Ағайынқұрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік -
ақылғабірлік, малғабірлікемес.Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні
басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса,
антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда
әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа
іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не
өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір
бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік
шықты? «Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан
кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай
тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке
дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек
қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде
әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес.
Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да,
көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен
ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. Кеселді жалқау,
қылжақбас, Әзір тамақ, әзір ас, Сыртың - пысық, ішің - нас, Артын
ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ
бұйрықты өлімнің өзі
артық.
20
III тарау. Екі елдің мақал-мәтелінің ұқсастығы және ерекшелігі
3.1. Екі елдің мақал-мәтелініңұқсастығы және ерекшелігі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Көркем сөз өнерінде халықтың тарихы, саяси өмірі, салт-санасы,
тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық қазынасы,
сан саладағы мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан. Әр ұлттың
философиясы оның мақал- мәтелдерінде десек, қателесе қоймаспыз.
Сондықтан біздің тақырыбымыз терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған
халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы
ұлттық сипатқа ие тұрақты орамдар жайында болмақ. Әрбір халықтың
тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің
лексикалық-грамматикалық жүйесіне ықпал етіп, өзіндік із қалдырып
отырғаны сөзсіз, алайда жұмыс барысында мақал-мәтелдер тұлғалық
және мағыналық біртұтастығын сақтап қалған бірден-бір тілдік
бірліктер ретінде белгілі екендігіне куә болдық. Аталмыш тілдік
бірліктер арқылы ата-бабамыз жас ұрпақты елін,жерін сүюге, ерінбей
еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық,
өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға
тәрбиелей білген.
Шет тілін үйренуші ол тілдің сөздік қорын игеріп,грамматика
ережелерін меңгеріп,мәтіндерді дұрыс аудара алу қабілетіне жетіп
қана қоймай,сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының
мәдениетінен кем білмеуге тырысу қажет.Мәдениет деген ұғымға
халықтың өнер-білімі ғана емес,ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру
стилі,ойлау ерекшелігі, ұлттық салт- дәстүрі,тұрмысы,өмірге деген
көзқарасы да кіреді. Мақал-мәтелдер – осы ұғымдарды айқын
көрсететіні анық. Ұлттық-мәдениеттік семантика ағылшын халқының
мақал-мәтелдеріне де тән.Ағылшын мақал-мәтелдері мың жылдан астам
тарихы бар халықтың өсіп-өнуінің нәтижесі.Оларды тек көркем сөз
құралы демей,ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те
қараған жөн. Осы тақырыпты зерттеуді қолға алған кезде менің алға
қойған мақсатым ағылшын тіліндегі мақал- мәтелдерді қазақ тіліне
аударудың мүмкіншіліктерін, жолдарын және ерекшеліктерін қарастыру
болды.Олардың ішінде нақты еңбекке баулу тақырыбындағы
мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу, олардың баламаларын табуға
тырысу.
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн.
21
Мысалға айтатын болсақ, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.Жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы ғалымдар Н.Н.Амосова,А.М.Бабкин,В.П.Жухов,М.Нагиев,М.А.Филиповская, А.Н.Кожин т.б.
Сонымен бірге ММ-дердің тілдік
табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс
мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі
мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста
мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
- ММ-дердің орыс, түркология, қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайын
сипаттау;
- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысын
қөрсету;
- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын
көрсету;
- ММ-дер мен нақыл сөздердің арақатысын айқындау;
- ММ-дердің логика-семиотикалық құрылымын сипаттау;
- ММ-дердің жасалуындағы этнолингвистикалык уәждерді, көрсету;
- түркі халықтарының ММ-деріндегі ортақ ойлау жүйесінің
көріністерін көрсету;
- ММ-дердің практикалық қызметіне байланысты ММ-дердің мәтіндік
мағынасын, варианттылығын талдау;
- ММ-дердің құрылымдық - тұрпаттық межесіне байланысты бір (таңды,
қос тағанды ММ-дердің құрылымдық сипатын бір құрамды және қос
құрамды жай сөйлем негізіңде талдау;
- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды
айқындау және негіздеу;
- этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға
қысқаша сипаттама беру;
- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі
бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;
- қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар мен
айырма белгілерді айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап
талдау;
- тіл-тілдің образдар дүниесінде орын алатын ұқсастықтарын көрсету
және олардың түпнегізін анықтау.
22
Қорытынды
Қысқаша түйіндей айтсақ, жеке адам үшін мән-маңызы зор мақал-мәтел қоғам үшін де аса маңызды. Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін сөздер тобының бірі –мақал-мәтел – тіліміздің бай қазынасы. Мақал-мәтелдің басым көпшілігі түркі тілдеріне көне замандардан келе жатқан ортақ дүние екендігін, тіл біліміндегі оның зерттелу тарихында да белгілі ортақтық болатынын пайымдадық.
Кез келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдеріне анық көрініс береді.
Ал басқа тілдегі мақал-мәтелді біліп түсіну-бұл тілді жақсы меңгеруге көмектесіп қана қоймай,сонымен қатар басқа халықтың ой- бейнесін және мінез-құлқын түсіндіруіне көп үлес қосады,дәнекер болады.
Мақал-мәтел,нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры.Шетел тілін үйрену үшін мақал-мәтелдерді жаттап,аударма жасаудың көп көмегі бар.Қай елдің мақал-мәтелдерін алсақ та,барлығының басты ерекшелігі тәрбиелік маңыздылығы.
Тақырыпқа сәйкес ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақша баламасын табу арқылы шетел тілін үйренуіме елеулі көмегін көрсетті.
Білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақ тәрбиесінде орны ерекше. Әрине бала тәрбиесіндегі бірден-бір жұмыс әдісі емес, бұдан да басқа маңызды әдістер де бар. әдістермен жұмыс жасау баланың әдеби-ассоциативтік ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, жан-жақты жетіскен, білімді келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде маңызды рөл ойнайды.
Мен әңгіме еткен бұл әдістер сабақ барысында немесе сабақтан тыс қолданып қана қоймай,сүйіп оқуға,одан керекті құнды ақпараттарды алуға көмектеседі. Отандысүюге, салт-дәстүрлердіқадірлеугеитермелейді. Мұғалімніңмақсаты – осыәдістерарқылыбаланыңшығармашылыққабілетіндамыту.
23
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «Сөз мәйегі», «Даналардан шыққан сөз » мақал-мәтелдер жинағы М.Әлімбаев
2. «Ағылшын тілі мектепте» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал №3 2009,№5 2010
3. Ағылшынша-қазақша сөздік
4.«Қазақ,орыс,ағылшын ,неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдердің мағыналық ұқсастығы және тәрбиелік мәні»
5. Гордон Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим посредством зеркала. - СПб.: Белый кролик, 1999, - 252б.
6. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М.: Просвещение, 1999, - 222б.
7. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. - М.: Академия, 2004, - 264б.
8. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. - М.: Русский язык, 1997, - 216б.
9.Жексенбаева Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»
10.
Ахмедиева А.Т «Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа
тәрбиелеу» Ағылшын тілі мектепте 1.2011ж. 32 бет
11. Ахметқалиева Г. «Шығармашылық жұмыстар» Қазақстан мектебі 7.2011ж 24 бет
12. Әділханова М. «Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы» Қазақстан мектебі 8.2001ж. 38 бет
13. Джамилова Г. «Обучение английскому языку через образное представление материала» Инастрынный язык в школе 6.2007ж
14. Жасыбаева А. «Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері» Ағылшын тілі мектепте 6.2010ж 43-бет
24

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жұмыс " екі елдің мақал- мәтелінің маңызы" 5 сынып

шағым қалдыра аласыз