Материалдар / Ғылыми жұмыс "Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс "Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түркістан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі







Ғылыми жұмыс

Тақырыбы: Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі


Бағыты: Экология


Орындаушы: Жорабекова Арайлым

Сынып: 10

Облыс: Түркістан облысы

Аудан: Шардара

Мектеп: «Қоссейіт»жалпы орта мектебі


Жетекші: Шораева Ботакөз Алдановна география пәнінің мұғалімі


















2020 жыл




МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ................................................................................................................1-2

І.Топырақтын табиғаттағы орны мен маңызы..................................................3-4

ІІ. Негізгі бөлім.

Топырақтың маңызы

2.1 Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы..................................5-6

2.2 Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызы..................................................................................................................6-7

2.3 Қостанай облысы топырағының географиясы және егіншілік ...............7-13

2.4 Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану проблемалары.............13-17

ІІІ Қорытынды бөлім.

Адам топырақ түзуші ретінде.........................................................................18-19

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................20































Аннотация


Оқушының жазған шығармашылық жұмысында, топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше екені анықтады. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.Жер, яғни топырақсыз адамның өмірі. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білгенін анықтады.

Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-1955 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кететінін жайлы білді.

Зерттеу жұмыстарының бастапқы кезеңінде Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше кабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді.

Көптеген елдер қазірдің өзінде жер тапшылығын көруде. Сондықтан жерді ұтымды және үнемді пайдаланудың түрлі шараларын іске асыруда.

Топырақ ауру тудырушы микробтар үшін ғана емес, ауру тасымалдаушы жануарлар үшінде қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан кейбір жұқпалы аурулар белглі бір жерлерде ғана болады. Адам денсаулығына топырақтың химиялық құрамы да әсер етеді. Топырақта кейбір элементтердің артық не кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер ететінін жоғарыда атап өттік.















Аннотация

В творчестве ученика он обнаружил, что почва очень важна для человеческого общества. Во время самого раннего общинного строительства люди начали превращать дикорастущие растения в культурные. В то время люди знали, что плодородная почва дает много урожая, земля - ​​это жизнь человека без почвы. С этой почвой связана вся человеческая жизнь. Почва - основная составляющая сельскохозяйственного производства. Существуют различные удобрения, повышающие плодородие почвы. Неорганические удобрения вносят в птичий помет, навоз животных и т. Д. Он обнаружил, что с древних времен люди могли использовать их в качестве удобрения для небольших культур.

В настоящее время плодородие почв резко снижается. В период развития 1953-1955 гг. Большая часть степей Казахстана была распахана. Тогда все эти земли остались неосвоенными и заброшенными. В то время большая часть Казахстана была размыта, а верхний слой почвы был снесен ветрами. Он также узнал, что, если он не будет обрабатывать и обрабатывать землю каждый год, его плодородие снизится.

На начальном этапе исследования почва находится на границах планетарных слоев (литосферы, атмосферы, гидросферы) и развивается в результате их взаимодействия, а особая кора геосферы образует педосферу, то есть почвенный покров Земли.

Многие страны уже испытывают нехватку земли. Поэтому реализуются различные меры по рациональному и экономному использованию земель.

Почва может быть подходящей не только для болезнетворных микробов, но и для болезнетворных животных. Поэтому некоторые инфекционные заболевания возникают только в определенных местах. На здоровье человека также влияет химический состав почвы. Как упоминалось выше, избыток или недостаток определенных элементов в почве отрицательно сказывается на растениях и животных.



















Annotation


In the creative work of the student, he discovered that soil is very important for human society. During the first church building, people began to turn wild plants into cultivated plants. People knew at that time that fertile soil produces a lot of crops. The earth is the life of a person without soil. All human life is connected with this soil. Soil is the main component of agricultural production. There are various fertilizers that increase soil fertility. Inorganic fertilizers are applied to bird droppings, animal dung, etc. found that from ancient times people could use them as fertilizer for crops grown on their small plots.

Currently, soil fertility is declining sharply. During the development of 1953-1955, a large part of the steppes of Kazakhstan was plowed. Then all these lands were left undeveloped and neglected. At that time, much of Kazakhstan's land was eroded and the topsoil was blown away. He also learned that if he did not cultivate and cultivate the land every year, his fertility would decline.

At the initial stage of the study, the soil is located at the boundaries of the planetary layers (lithosphere, atmosphere, hydrosphere) and develops from their interaction, and a special crust of the geosphere forms the pedosphere, ie the Earth's soil cover.

Many countries are already experiencing land shortages. Therefore, various measures for the rational and economical use of land are being implemented.

Soil can be suitable not only for disease-causing microbes, but also for disease-carrying animals. Therefore, some infectious diseases occur only in certain places. Human health is also affected by the chemical composition of the soil. As mentioned above, the excess or deficiency of certain elements in the soil has a negative effect on plants and animals.




















Пікір


Оқушының «Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі»тақырыбында жазған зерттеу жұмысының мағынасы толық ашылып, топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. әсері туралы толық ақпарат берілген.

Шығармашылық - ізденіс жұмысты жазу барысында оқушы мектеп оқушылары арасында қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. пайдалы және зиянды жақтары туралы жазып өтті. Зерттеу жұмысында: тақырыпты жан-жақты зерттеп ашуға тырысқан.

Оқушы бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында көп ізденгені байқалады. Оқушы осы жобаны жазарда көп ізденді, сабақтан тыс уақытта жеке компьютерде отырып , мақалаларды қарап, газет журналдардан біраз ақпарат қарап, ізденді. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр тақырыпшаға сай іріктелген, мысалдары жеткілікті.

Осы жұмыс бойынша оқушыға көптеген мысалдар келтіріп, оқу, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргіздім..

Болашақта шәкіртімнің жан-жақты, туған жерін, елін, тілін, мәдениетін бағалап, қорғайтын, басқа жасөспірімдерге үлгі болатындай еліміздің біртуар, білімді ел басқарар азамат(ша) болатынына сенім білдіремін. Жалпы алғанда жұмыс өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
















































Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз.

Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.Жер, яғни топырақсыз адамның өмірі.

Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-1955 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мысалы: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

Жұмыстың мақсаты:Топырақтың шаруашылықтағы рөлін арттыру.

Жұмыстың міндеті:

1.Адамзаттың топырақты тиімді пайдалана білуін әдебиеттермен талдау жасау.

2.Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызын білу.

3.Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану проблемаларымен танысу.

Зерттеу әдісі: әдебиетті талдау; салыстыру, жалпылау, бақылау.





Топырақтын табиғаттағы орны мен маңызы.

Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше кабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді.

Топырақ кеңістікте орналасуына, пайда болуына, дамуына байланысты әлемдегі күрделі табиғи жүйелері- биоцеоноздың, экологиялық жүйенің, биосфераның құрамды бөлігі.Топырақтың табиғаттағы атқаратын қызметі сан қырлы.

Бірінші және ең бастысы- топырақтың жер бетіндегі тіршілік қорегінің негізгі өзегі болуы.Топырақтан әуел баста өсімдіктер, су және қоректік заттар сіңіріп өнім құрайды, ал олардан жануарлар және адамзат қоректік заттарды алып пайдаланады. Топырақта тіршілікке биофильді элементтер шоғырланады, өсімдіктердің тамырлады жайылады, онда көптеген жәндік түрлері және орасан көп микроағзалар қоңыстанған. Топырақсыз табиғаттың тірі ағзалар кешенінің тірлігі жоқ. Сонымен бірге, топырақ өзі тіршілік салдарынан пайда болып келеді. Сөйтіп, биосфералық процестердің биологиялық процестердің бірлігін дәлелдейді.

Екінші, топырақтың атқаратын басты қызметі – табиғаттағы үлкен геологиялық және кіші биологиялық зат айналымының өзара қарым-қатынасының тұруына әсер етеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі - қоректік элементтердің топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралып; топырақтын түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.

Топырақтын тағы бір функциясы - ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді.

Топырақтың үшінші қызметі- атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын реттеуші болуы. Топырақтың тыныстануы өсімдіктер фотосинтезіне және тірі ағзалардың тыныстануына, атмосфераның жерге жақын қабатының химиялық құрамының біркелкі болуына үлкен әсер етеді.

Топырақтың төртінші қызметі – биосфералық процестерді реттеуші болуы. Соның ішінде халықтың жер бетіндегі тығыздығына әсер етуі. Сондықтан құрлық бетіндегі тірі ағзалардың тығыздығы, азды–көпшілігі климат жағдайына және топырақ жамылғысының географиялық өзгеруіне байланысты болып келеді.

Топырақтың бесінші қызметі – органикалық пәрменді заттарды және олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына шоғырландырып жинауы.

Құрамында 4-6% қарашірінді бар, яғни әр гектарға шаққанда 200-400т қарашірінші бар топырақта, 20-30 т антрацит көмір бойында бар энергия жиналған.

Қорыта келгенде, топырақ өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында жер шарының ағзалар дүниесінде өте үлкен маңызын атқаратының көруге болады. Табиғаттың туындысы және оның бір бөлігі бола отырып, топырақ жер әлемінің табиғатының дамуының негізгі ортасы болып табылады. Сонымен бірге жердің атмосфера, биосфера, гидросфера және литосфера қабаттарымен үздіксіз зат және энергия алмасу процестеріне қатынасып, олардың өзара қарым– қатынасының үйлесімділігіне әсер етіп, жер планетасындағы тіршілікті сан қилы түрлерінің сақталуына жағдай туғызады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!