Материалдар / Ғылыми жұмыс "Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қазақ тіліне аударылуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс "Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қазақ тіліне аударылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2018
1196
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ


Зерттеу жұмысың өзектілігі: Зерттеліп отырған мәселе өзекті мәселелердің бірі деп есептейміз. Себебі қазіргі таңда төл тілімізде ағылшын тілінің типотологиялық ерекшеліктерін анықтап, қазақ тілінің бай фразеологиялық қорымен аудару мәселесіндегі ғылыми ізденістер әзірше жоқтың қасы. Бұл ағылшын және қазақ тіліне қатысты көптеген мәселелердің, ортақ заңдылықтары мен құбылыстарын тілдік ерекшеліктердің әлі де болса айқындалмаған тұстарының молдығын көрсетеді. Демек, тіл мамандарына сан алуан ғылыми зерттеулерді жүргізу, өзекті және даулы мәселелерді шешу тәрізді күрделі, ауқымды міндеттер жүктеледі деген сөз. Халықаралық және тіл аралық қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеудің тіл білімінің әрбір саласы, оның ішінде фразеология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, елтану ғылымдары үшін маңызы зор. Сонымен қатар, ағылшын – қазақ тіліне қатысты көлемді сөздіктердің аздығы, тіл мамандары тарапынан қойылатын талаптарға сай, жүйелі түрде жасалған фразеологиялық сөздіктің осы кезеңге дейін жасалмауы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетер бірден – бір фактор.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді қазақ тіліне аудару.

Зерттеу әдісі. Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу, жұмысына алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалады.

Фразеология – phrasis – орам, сөйлемше, logia – ұғым, ілім деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады, яғни біріншіден, тілдегі тиянақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы дегенді, екіншіден, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегендерді білдіреді. Сондықтан да болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өрнектерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – дәстүріне, әдет – ғұрпына, діни наным сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезендерін, тұрақтылау негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, этнос өмірімен астасып жатқан мызғымас тұтастығымен, этнолингвистикалық, эксталингвистикалық факторлармен қызықтырады. Ал әріптес тілдегі фразеологизмдерді салыстыра зерттеу – өзіндік тұңғиық сыры бар, қиындыға да, қызығы да мол күрделі жұмыс. Жалпы тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелу тарихының тым әріден бастау алатындығын байқаймыз. Француз фразеологизімінің теориясын құрған Ш.Балли.

Қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40- жылдардан зерттеушілер назарына ілігіп, тілдік тұрғыдан зерттеу нысанына айналды. Белгілі ғалым С.Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін алғашқылардың бірі болып атап көрсетіп, бағыт бағдар береді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшелеріне қатыстылығы сөз етеді.

Зерттеудің бағыты санаулы. Оны шамамен былай топтастыруға болады:

  • Фразеологизмдердің теориялық – практикалық мәселелерді;

  • Фразеологизмдердің салыстырма – типтологиялық мәселелерді;

  • Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысты;

  • Фразеологизмдердің стильдік қызметі;

  • Фразеологизмдердің семантикалық тұрғыдан топтастыру;

Ал біздің зерттеп отырған мәселеміз фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде 3 ерекшеліктері аталады:

  1. мағына тұтастығы;

  2. тіркес тұтастығы;

  3. қолдану тиянақтылығы;

Мағына тұтастығы дегеніміз – фразеологизм компонеттерінің бастапқы мағынасынан түгел не жартылай айырылып, тіркестің тұтас мағына беруін айтамыз. Тіркес тұрақтылығы фразеологизм компоненттерінің өзара орын тәртібін сақтауынан, ал қолдану тиянақтылығы олардың даяр тұруынан көрінеді. Осы аталып отырған ревеланттық қасиеттер қазақ және ағылшын тілі фразеологизмдеріне де ортақ заңдылықтар.

Мысал, қазақ – ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер:

Көзінің ағы мен қарасы – the apple of one’s eye,

Kill two birds with one stone – екі қоянды бір таяқпен ұрып өлтіру;

Cat and dog life – ит пен мысықтай өмір т.б.

Бұл тіркестердің құрамындағы компоненттер бір – бірімен байлаулы, тұтасқан қалпында қолданылады. Олардың орнына басқа бір сөз қолдануға болмайды немесе басқа бір тілдік элементпен олардың бірін өзгерткен жағдайда жалпы мағынаға нұқсан келуі немесе фразеологизм табиғатына тән әуезділік пен үйлесімділік болуы мүмкін.

«Фразеологизмдердің қай – қайсысы болмасын өзіндік қайнар көзі, тарихи даму жолы бар. Олардың шығу төркіні көмескі тартқан іздері халық өмірімен байланыстыра қарастырғанда ғана айқын аңғарылады.Бұл – ұлттық сипатты бойына сіңірегн бейнелі сөз өрнектерінің даму жолы этнос тарихымен үндесіп жатыр деген сөз. Кейбір тұрақты сөз оралымдары әр елде еркін тіркес не теңеу түрінде пайда болып, бірте – бірте тұрақталып кейіннен басқа бір ұқсастығы, ортақ ерекшеліктері бар зат не көріністі салыстыра, бейнелей суреттеу құралына айналған. Әдетте бір затты, әрекетті немесе құбылысты басқа бір ұқсас затқа, әрекетке, құбылысқа теңей сипаттағанда, ортақ фразеологиялық қасиеттері, ортақ образдық фондық элементтері негізге алынады».

Фразеологизмдер тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнеленеуі жағынан да мағына тұрақтылығы мен стиль тұрғысынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар. Тіл – тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық тауарларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа сөздіктерде қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жәй жалпылама түрде жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда, сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласы лексикология дейтін болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп атау әбден орынды.

Аударма жұмысы үлкен өнерді, ізденпаздық пен табандылықты талап етеді. Аударманың сапасы әрдайым аудармашының білім деңгейіне байланысты, мүмкіндігінше ол екі тілді де жетік меңгеру қажет. Алайда екі тілді де жетік меңгеру де кейде сапалы аударманың көрінісін бере алмайды. Бұл арада ұлттық «фондық деректер, фондық білім», «ұлттық фондық ақпараттар» аудармада үлкен рөл атқарады. Осы орайда ғалым А.Федеров: «Совокупность представлений о том, что составляет реальный фонд, на котором развивается картина жизни другой страны, другого народа» - дейді. Демек, аударма процесінде аудармашы тек сюжет пен мазмұнды қуалап кетпей, сол тақырыбына қатысты қосымша мәліметтерді қарап, толықтыру қажет.


«Аударма» ұғымы, термин ретінде екі мәселенің басын ұштастырады:

«1) процесс, совершающийся в форме психического акта и состоящий в том, что текст или устное всказывание, вознигшее на одном – исходном языке пересоздается на другом – перводящем языке;

2) результат этого процесса...». Бұл – осы мәселені түбегейлі зерттеумен айналысатын ғалымдардың қай – қайсысы да атап өтетін дәстүрлі қағида; Қазақ тіліндегі «аударма» сөзі де осындай анықтаманы иеленеді; Аударма бір тілден екінші тілге аударылған еңбек туынды; Іс – әрекеттің нәтижесі және аударма – бір тілден екінші тілге аудару ісі; Жүргізілген процесс.

Аударма – бір біріне функционалды түрде балама бола алатын (функционалды теңбе – тең), коммуникативтік теңбе - тең қызмет атқара алатын мәтін, туынды жасау деген сөз. Ал аударма тану ғылымы – функционалды теңбе – тең мәтін жасауды екінші тілдің (аударылатын тілдің) құрамындағы сөздің мазмұнының қолданылу, өзгеру заңдылықтарын жүйелі түрде қарастырады.

Аударма тәжірибесінде фразеологизмдердің мағынасын дәлме – дәл жеткізуде сан алуан қиындықтарға кездеседі. Өйткені әр тілдегі фразеологизмдердің мағыналық және стилистикалық қызметі санқилы. Олардың құрамындағы, компоненттердің байланысу тәсілдері әр тілде әр басқа.

Сондықтан да оларды бір тілден екінші бір тілге аударғанда олардың ұлттық ерекшеліктеріне көңіл бөлуіміз керек.

Ағылшын тіліндегі етістік фразеологизмдерді қазақ тіліне аударғанда толық эквивалент, калькалау түсіндірме аударма арқылы аудару тәсілдерін қолдануға болады.

  1. Толық эквивалент – екі тілде толық бейнелі сәйкестік болған жағдайда, яғни толық сәйкес келуі.

Play with fire – отпен ойнау;

Asperse smb’s name – біреудің атына кір келтіру, (күйе жағу);

Get up with one’s wrong foot – сол аяғымен тұру;

Көзінің ағы мен қарасы – the apple of one’s eye;

Көзден жырақ, көңілден таса - out of sight, out of mind;

Алайда фразеологиялық тіркестерді салыстыра зерттеуде олардың мағыналық және тұтастығы, бейнелілігі, яғни толық сәйкестігі сирек кездесетіндігі байқалады.

  1. Образды эквивалент – дәл сол мағынаны басқаша бейнелеуіш құралдармен беру тәсілі, яғни мағыналас тәсілдер. Мысалы;

Abound in courage – жүрек жұтқан болу;

Abuse smb left and right - жерден алып жерге салу;

Asperse smb’s character - біреудің абыройын айрандай төгу;

  1. Калька тәсілі – ғылыми – техникалық терминдердің жасалуындағы ұтымды амалдардың бірі «Ана тілі мүмкіншілігін пайдаланудың тағы бір жолы «термин жасау үшін-А.А.», - деп көрсетеді Ә.Қайдаров, - калька тәсілі, яғни орыс не шет тілдерден енген жеке, не күрделі терминдерді тұлғалық, мағыналық құрамдық ерекшеліктерін сақтай отыра, өз тілімізге сөзбе – сөз аудару». (57,17)

Калькалау – яғни сөзбе – сөз аудару тәсілі.

Мысалы:

Not to believe one’s own (ears) – өз көзіне (құлағына) өзі сенбеу;

Fish begins to stink at the head – балық басынан шіриді;

  1. Түсіндірме аударма тәсілі;

Мысалы:

Comе to one’s autumn – өзіне тиісті жазасын алу;

Have smth on one’s conscience – өз кінәсін сезу (түсіну);

Turn over a new leaf – жаңа өмір бастау, дұрыс жолға салыну;

Addict oneself to vice – жаман әдетке салыну.

Айта кететін жәйт, көптеген етістік фразеологизмдердің басым көпшілігі сөзбе-сөз аударуға келмейді, егер оларды сөзбе-сөз аударатын болсақ, мән-мағынасыз, түсініксіз болып шығады.

Сондықтан да бұлардың мағынасына қарай, балама боларлық тұрақты сөз тіркестермен, егер ондай тіркестер болмаса мағынасын бере аларлық жеке сөздермен немесе еркін сөз тіркестермен аударуға болады.

Мысалы:

  1. Ала жібін аттамау – be honest (honest- minded) and be decent;

  2. Алдына жан салмау – go ahead of all, be ahead of all, go in advance of all;

  3. Ашпа – жалап күйде өмір сүру – live in want, live from hand to mouth;

  4. Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу – use foul (bad) language

Сонымен қоса антонимдік аударма тәсілін қарастырсақ та болады. Фразеологизмдердің құрамындағы сөз болымсыз мағынада беріледі.

Мысалы: to keep one’s head above water – қарызға кірмеу (батпау); to keep one’s pecker up – не падать духом.

Жалпы аудармашы қай тәсілді қолданса да, фразеологизмдерді аударған кезде оның тура және ауыспалы мағынасын ажырата біліп, мағынасына дөп түсе аударуы керек.

  1. Етістік формалы фразеологизмдердің ағылшынша аударма практикасы.

Көптеген Етістік фразеологизмдердің басым көпшілігі сөзбе-сөз аударуға келмейді, егер оларды сөзбе-сөз аударатын болсақ, мән мағынасы түсініксіз болып шығады.

Сондықтан да бұлардың мағынасына қарай, балама боларлық тұрақты сөз тіркестерімен, егер ондай тіркестер болмаса мағынасын бере аларлық жеке сөздермен немесе еркін сөз тіркестерімен аударуға болады.

Ағылшын қазақ тіліндегі ЕФ-дер де абстрактылы және нақтылы мағынаны, іс-әрекетті білдіреді, қазақ тілінен ерекшелігі оның предлогтармен келіп ЕФ-ден жасауында.

Мысалы: to judge by appearances – сыртына қарап тон пішу; have much do about nothing – жоқтан өзгеге бола үлкен айқай шу шығару; to take advantage of somebody – біреуді алдап соғу, біреуді өз мақсатында пайдаланып кету; aggress against a country – бір елге баса көктеп кіру; to go ape (over, for) – (американдық ағылшын тіліне қатысты) (біреуге не бірдеңе бола) есін жоғалту немесе есіл - дерті кету (қалмау); (бірдеңеге бола) қатты шаттану.

Етістік категориясындағы тұрақты тіркестерге іс-қимыл, әрекет, жай күйді білдіретін есім мен етістіктерден немесе керісінше етістік пен есімнен құралған тіркестер жатады. Мысалы:

to abound in courage – жүрек жұтқан

to addle one’s brain (one’s head) – бірдеңемен өзінің басын қатыру

to suit the action to the word – сөзді іспен дәлелдеу;

to meet adversities with – (неше түрлі) бәлеге тап болу (неше түрлі) қырсыққа іліну.

to take advantage of something – бірдеңенің пайдасын көру, бірдеңеден пайда (өзіне) шығару не табу;

біреудің сенімін ақтау - justify somebody’s confidence;

justify somebody’s trust (hope);

аузына түскенін оттау - talk nonsense, talk rubbish, talk rot;

алдына келтіру - take revenge, to cook one’s goose

Тұрақты етістік тіркестерін өзінің семантика граматикалық табиғатына қарай Г. Смағұлова жалаң және күрделі деп бөледі(34,26)

Жалаң етістікті ФТ – лар үлгісіне:

Қазақ тілінде:cut adrift/ бас сағалау, кесір болу, қылу/кесірі тию т.б.

Ағылшын тілінде: cut adrift/ set adrift, make adieu/ take adieu, see fit/ think fit, keep aloof/ remain aloof/ remain aloof; etc.

Күрделі етістікті ФТ – лар үлгісіне:

Қазақ тілінде шаңына ілесе алмау/ шаңына ере алмау; сөзінің соңын жеп қою/ сөзінің соңын жұтып қою; шыбын жаны шығып кете жаздау/ шыбын жаны шыға жаздау; т.б.

Ағылшын тілінде: to be to one’s mothers apron springs/ to be pinned to ones wife’s apron strings, to give (one’s) attention no somebody (to something)/ to pay attention to somebody (to something), деген күрделі етістіктер – тұрақты, тіркестер, яғни идиомаланған тіркестер. Мұндай грамматикалық жағынан бөлшектенбейтін болып, лексика – сематикалық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей болып орныққан бір бүтін тұлға есебінде қолданылатын етістіктің мұндай түрлерін А.Ысқақов тұрақты етістіктер деп атады.(35,239)

Қос тілге қатысты ЕФ – тердің құрамы мен құрылым жүйесін салыстыра зерттеу барысында туыс емес тілдерге тән ерекшеліктермен қатар, жоғарыда аталғандай ұқсас тұстардын да кездесіп отыратындығы анықталды.

«Аудармада астарлы ойды тәжімалау өте қиын:

астарлы ойлы сөздерді аударудың қиындығы сонда,

бір сөзді өзгерту арқылы бүтін сөйлемнің мағынасын

жойып алуға болады»

(Т.Жұртбаев)

Көптеген фразеологизмдерді басым көпшілігін ағылшын тілінен, қазақ тіліне сөзбе – сөз аударуға келмейді, егер оларды сөзбе – сөз аударатын болса, мән – мағынасы түсініксіз болып шығады. Сондықтан да бұлардың мағынасына қарай, балама боларлық тұрақты сөз тіркестерімен, егер ондай тіркестер болмаса мағынасын бере аларлық жеке сөздермен немесе еркін сөз тіркестерімен аударуға болады.

Аударма тәжірибесінде фразеологизмдердің мағынасын дәлме – дәл жеткізуде сан – алуан қиындықтарға кездестік. Өйткені әр тілдегі фразеологизмдердің мағыналық және стилистикалық қызметі санқилы. Олардың құрамындағы, компоненттердің байланысу тәсілдері ағылшын тіліне қарағанда қазақ тілінің өзгешелігі бар. Сондықтан да оларды бір тілден екінші бір тілге аударғанда олардың ұлттық ерекшеліктеріне көңіл бөлуіміз керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!