Материалдар / Ғылыми жұмыс. Географиялық тәжірибелер. 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс. Географиялық тәжірибелер. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мугалмге арналды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
1180
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚМЖ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

7.1.1.4. Географиялық тәжірибелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

Географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды

Сабақтың мақсаты

Географиялық нысандардың қасиеттерін анықтауға арналған тәжірибелер жүргізеді

Бағалау критерийі

Географиялық ақпарат көздерімен жұмыс жасайды:

карта, суреттер, мәтіндер, графиктік бейнелер


Тілдік мақсаттар


Айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын дамыту. Тапсырмада кездескен географиялық нысандарды 3 тілде атай алуы. Эндогендік, экзогендік күштер, тау жыныстары терминдерімен жұмыс

Құндылықтарға баулу


Топпен жұмыс істеуге, еңбек етуге, бірлесіп оқуға, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге баулу.

Пәнаралық байланыс

6 сыныптың «Физикалық география» пәні, жаратылыстану пәні бойынша «тау жыныстары» тақырыбы

Алдыңғы білім


Географияның зерттеу нысандарын біледі, география ғылымының дамуына баға бере алады



Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы (6-7 мин)


І. Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру

ІІ. Миға шабуыл

«Ол кім, бұл не?» (географиялық нысандар мен зерттеушілер туралы зымыран сұрақтарға жауап береді)

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты айқындалады, күтілетін нәтижелер белгіленеді

ІV. Топқа бөлу («қоржыннан хат алу») Географиялық нысандар бойынша 4 топқа бөлінеді (материк, тау, өзен, көл)


Сабақтың ортасы (25-26 мин)


І. Тәжірибелік сабақ (проблемалық жағдаят тудыру)

Әр топқа жеке тапсырмалар таратылып беріледі (тапсырманы орындау уақыты 10 мин.)

1. Зерттеушілердің саяхаттары жайында, ғаламтордағы ақпараттармен танысып, «Егер Христофор Колумб Америка құрлығын бірінші ашқан болса, неге Америка құрлығы Америго Веспуччидің атымен аталған?» деген тақырыпта шағын зерттеу жұмысын жүргізіңіз. Нәтижесін кестеде көрсетіңіз.


Христофор Колумб

Америго Веспуччи

Болжамдар



Деректер/дәлелдемелер



Қорытынды





Дескриптор: - зерттеу мәселелері бойынша болжамдарды анықтайды

- зерттеу мәселелері бойынша деректерді/дәлелдемелерді анықтайды

- зерттеу мәселелері бойынша қорытынды жасайды



2. 2 тау жынысының үлгісін салыстыра отырып, қасиеттерін анықтаңыз, шаруашылықта қолдану мақсатына баға беріңіз. Нәтижесін кестеде көрсетіңіз.


көмір

мәрмәр

Шығу тегі



Физикалық қасиеттері



Шаруашы-лықта пайдалану

«4 жолды өлең»




Дескриптор: - тау жынысының үлгілерін салыстырады

-шығу тегін, физикалық қасиеттерін анықтайды

- шаруашылықтағы маңызын жинақтайды, баға береді


3. Суретте берілген 2 климатограмманы талдау арқылы (ауа температурасы мен жауын-шашынның таралуы) шөл мен орманның климатының қасиеттеріне зерттеу жүргізіңіз. Екі нысанның шаруашылықтағы маңызын бағалаңыз



Picture 1















Д ескриптор:

- 2 нысанның қасиеттерін зерттейді

- мәлімет бойынша талдайды

- 2 нысанның шаруашылықтағы маңызын бағалайды

4. Суреттегі 2 нысанды берілген жоспар бойынша салыстырып, қасиеттерін анықтаңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дәлелдеңіз. Нәтижесін Венн диаграммасында

талдаңыз

  1. Географиялық нысанның атауы

  2. Анықтамасын еске түсіріңіз

  3. Шығу тегі (қандай жолмен пайда болған)

  4. Биіктігіне байланысты түрлері (топтастыру)

  5. Нысанның өзгеруіне (эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде) талдау жасаңыз

  6. Нысанның шаруашылықта пайдалануына экономикалық тұрғыда баға беріңіз

Овал 3 Овал 4 Овал 6















Дескриптор:

- 2 нысанды салыстырып, қасиеттерін анықтайды

- қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттейді

-түрлеріне байланысты топтастырады

- нысанның өзгеруін талдайды

- экономикалық тұрғыда бағалайды

ІІ. Сергіту сәті

ІІІ. Орындалған тапсырманы қорғайды (3 мин)

  • Әр топтың өз тапсырмасын орындау нәтижесінен кейін топтар бірін-бірі формативті бағалайды

(шапалақтау, смайлик, бағдаршам, т.б.)







үлестірме, дереккөздер























тау жынысының үлгілері, үлестірме




















шөл мен орманның климатограм-

масы, суреті


















тау мен жазықтың суреттері, үлестірме, флип чарт

































видеоролик

Сабақтың соңы (9 мин)

«Ой қозғау»

Проблемалық сұрақтар қойылады:

1.Егер шөлге канал арқылы су жеткізілсе, онда шөлдің қасиеті өзгере ме? Дәлеліңіз.

2. Судың қазу әрекетінің нәтижесінде жазық жерлерде сайлар, жыралар пайда болады. Осы мәселені сіз қалай шешер едіңіз?

3. Егер В.Меркатор өз картасына жаңадан ашылған құрлықты А.Веспуччидің атымен түсірмегенде бұл құрлықтар қазір қалай аталуы мүмкін еді? Болжай аласыз ба?



І. Кері байланыс («Сен маған, мен саған») топтар бір-біріне сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды (5 мин)

ІІ. Рефлексия

  1. Мен сабақтан ... білдім

  2. Маған ... қызық болды

  3. Маған ... қиын болды

  4. Енді мен ... жасай аламын





Үйге тапсырма



Дүниежүзілік мұхиттағы географиялық нысандардың қасиеттеріне талдау жасау

(теңіз, шығанақ, бұғаз, т.б.)



Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Саралап оқыту, іс-әрекеттік, зерттеу тәсілдерін қолданамын

Проблемалық сұрақтар беремін

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?





Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникаци-ялық технология-ларды қолдану

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!