Материалдар / Ғылыми жұмыс: Жаңғақтың түрлері. Грек жаңғағының емдік қасиеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс: Жаңғақтың түрлері. Грек жаңғағының емдік қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2020
1355
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Б ілім және ғылым министрлігі

Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектеп

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Жаңғақтың түрлері.

Грек жаңғағының емдік қасиеттері»



Бағыты: таза табиғи орта – адам дамуының негізі.

Секция: экология

Орындаған:Забихуллаев Жасур, 4 сынып оқушысы

Жетекшісі: Хасанова Барно Забихулаевна,бастауыш сынып мұғалімі



Азаттық ауылы-2020



Мазмұны



І Кіріспе...........................................................................................................3

Аннотация (қазақ тілінде)................................................................................4

Аннотация (орыс тілінде)................................................................................................................5

Аннотация (ағылшын тілінде).........................................................................6

Пікір....................................................................................................................7

1.1. мақсаты.......................................................................................................8

1.2. міндеті.........................................................................................................8

ІІ Негізгі бөлім..................................................................................................9

2.1. Жаңғақтың өзіндік ерекшеліктері.............................................................11

2.2. Жаңғақтың адам өміріндегі пайдасы.......................................................16

Қорытынды........................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................18























І Кіріспе


Табиғатты қорғау –жастардың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. «Табиғатты тани білу,қорғай білу»-жасөспірімдердің ұраны.Жас өсекелен -жас ұрпақ.Жас достар табиғатты әлдилеп-аялау адамдардың ізгі міндеті.Өзің тұрған аймақтың табиғат жағдайларын және қандай жануарлар мен өсімдіктер өсетінін,қандай өзен не су көздері,орман тауы бар екенін біліп ал.Сен тұрған жердегі тау мен орманның ағаш-бұталарының ысырабына жол берме.Табиғатсыз өмір өлі,табиғатсыз өмір бос.Табиғатсыз қу тақырда жандылардан жалғыз біз қалуқандай қорқынышты екеніналдын ала ұғу абзал.Табиғат анаң - оны аяла.Достарым естеріңде болсын,табиғатта басы артық тіршілік иесі болмайды. Олардың улы дегендерін ұтымды пайдалануға,зиянды дегендерін ел игілігіне айналдаруға ақыл-ойыңды жұмса

Адамдар мекендейтін жерлерде өсетін әр бір ағаштың өзіндік шипасы бар.Қазақ халқы б.э.д 650 жыл бұрын дәрілік жеміс-жидектердің жанға шипа дертке дауа екендігін білген. Табиғат шетсіз-шексіз емес,ол таусылады күнпесең азып тозады. Аяласаң, саяболады,қамқор болсаң, қажетіңді өтейді. Қазақстан Республикасының прездиденті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан азаматтарының денсаулығы ,білімі мен әл-аухатын жаксарту атты жолдауында. Бұл мақсатты іске асыруда біздің стратегиямыз-ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын сактау туралы айтып өтті.

Грек жаңғақтарын өндіруден әлемде Қытай мен АҚШ көш бастайды. Әлемдік өндіріс жылына 1,5 млн тоннаны құраса, оның 46%-ы – аталған екі елдің үлесінде. Жаңғақтың басқа түрлері бойынша Иран, АҚШ, Түркия, Сирия, Қытай, Грекия, Ау­ғанстан және Тунис елдері алда. Нарықта жаңғақтардың ең қымбат түрі – мака­дамия. Бір кездері Австралияның байыр­ғы тұрғындарының негізгі асының бірі болған бұл өнімді ғылым ағзаға аса пай­далы деп танып отыр. Қымбат жаңғақ Австралия, Бразилия, ОАР, Гавай арал­дары мен АҚШ-та өседі. Қазақстанда жаңғақ түрлерін дайын өнім ретінде өн­діретін бірнеше компания қызмет етеді.

Грек жаңғағы ағашының сүрегі жиһаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Дәні тағам ретінде пайдаланылады, ал жемісінен жаңғақ майы алынады.








Аннотация


Түркістан облысы Түлкібас ауданы Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушысы Забихуллаев Жасурдың «Жаңғақтың түрлері. Грек жаңғағының емдік қасиеттері» атты ғылыми жобасы жаңғақ ағашының қыр-сырын танытуға, оның жемісінің адам өмірі үшін пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін ашуға арналған.


Зерттеудің мақсаты: Әлемдегі жаңғақ түрлерінің алуан түрлілігін, олардың жалпы сипаттамасын танып-білу. Жаңғақтың аса шипалы және ақылды өнім екенін меңгеру және бұл жемістің емдік қасиетін зерттеп, анықтау.


Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, жаңғақ ағашының өзіндік ерекшеліктері жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, өз дәрежесінде танытылса, онда жастарымыздың, болашақ ұрпағымыздың жаңғақтың қыр-сырын ұғына отырып, они жиі пайдаланған жағдайында денсаулығы мықты болып, ақылды, данышпан болып өсеріне септігі тиер еді.


Зерттеу барысында

1. Жаңғақтың алуан түрлілігі анықталды;

2. Жаңғақтардың адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;

3. Жаңғақтың дәрілік өсімдік екендігі, оның шипалық қасиеттері жан-жақты жүйелі түрде анықталды.






Мұғалім: Хасанова Барно Забихуллаевна













Научно-исследовательская работа

ученика 4-«Б» класса общей средней

школы им. А. Навои Забихуллаева Ж.

на тему: «Виды ореховых деревьев. Лечебные свойства грецкого ореха»

Аннотация



Цель научно-исследовательской работы:

Рассказать о разнообразии видов ореховых деревьев в мире, дать характеристику различным сортам ореха, доказать, что грецкий орех является чудодейственным лекарственным растением.



Практическое значение исследования:

При подробном представлении особенностей орехового дерева, раскрытии его преимуществ для человечества и систематизировании лечебных свойств ореховых деревьев, при тщательном изучении тайн ореховых деревьев и при правильном использовании их лечебных свойств, будет бесспорным укрепление здоровья подрастающего поколения, улучшение его интеллектуальных способностей.

Новизна и своеобразие результатов исследования:

  1. Исследованы и выявлены разнообразные сорта ореховых деревьев

  2. Определено значение и место ореховых деревьев в жизни людей.

  3. Всесторонне исследованы и доказаны чудодейственные лекарственные свойства грецкого ореха.





Преподаватель: Хасанова Барно Забихуллаевна





Scientific research work to the theme

Types of nuts. Healing properties of the walnut”

Zabikhullaev Zhasur the student of the 4 “B”form

the Secondary school named after A. Navoi



Annotation



The aim of the scientific work:

To know the diversity of nutritional species in the world and their general characteristics. To realize that walnut is the most healing and clever product and to find out the medicinal properties of the fruit ;

Practical significance:

If the future generation will be familiar with the peculiarities of the walnut tree with its benefits to humanity and systematization of healing properties in that case it will help our youth to be smart and to have strong health

During the study:

1. The variety of nuts has been identified;

2. The importance of nut in the life of humanity has been identified and its importance has been found;

3. Healing properties of the nut were systematically determined;





Teacher: Кhasanova Barno Zabikhullaevna








Ә.Науаи атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Исаева Мухтарамның 4«Б» сыныбының оқушысы

Забихуллаев Жасурдың

«Жаңғақтың түрлері. Грек жаңғағының емдік қасиеттері» атты ғылыми жобасына


ПІКІР


Оқушы Забихуллаев Жасурдың «Жаңғақтың түрлері. Грек жаңғағының емдік қасиеттері» атты ғылыми жобасы жаңғақ ағашының өзіндік ерекшеліктерін ашуға, оның жемісінің адам өміріндегі пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.

Зерттеу жұмысында Жасур жаңғақ ағашының әлемде өсіп-өнген көптүрлілігін танытуға, оның Қазақстан жерінде де кеңінен тарала отырып, адамзат өмірінде алып отырған орнын көрсетуге, адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашуға тырысқан.

Жаңғақ ағашының құрамында адам денсаулығына қажетті және пайдалы ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Осы заттардың пайдалы жақтарын көрсете отырып, олардың қандай ауруларға шипасы бар екендігін жүйелеп, талдап көрсеткен.

Зерттеуші жаңғақтың пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, оның барлық қырын ашуға тырысқан.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.







Ғылыми жетекшісі: Хасанова Барно бастауыш сынып мұғалімі











Зерттеудің мақсаты:


Әлемдегі жаңғақ түрлерінің алуан түрлілігін, олардың жалпы сипаттамасын танып-білу;

  • Жаңғақтың аса шипалы және ақылды өнім екенін меңгеру және бұл жемістің емдік қасиетін зерттеу.




Міндеттері:


1. Жаңғақтың алуан түрлілігін анықтау;

2. Жаңғақтардың адамзат өміріндегі алатын орнын айқындау, маңыздылығын ашу;

3. Жаңғақ дәрілік өсімдік екендігін, оның шипалық қасиеттерін анықтау.





























ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Жаңғақтың өзіндік ерекшеліктері


Жаңғақ — жаңғақ тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш. Дүние жүзінде 20 (кейбір мәліметтер бойынша 40-қа жуық) түрі бар. Қазақстанда екі түрі кездеседі: грек жаңғағы және қара жаңғақ. Жабайы түрлері Орталық АзиядаҚытайдаЖапонияда кездеседі.

Ағаштары өте биік (20 — 30 м), діңінің жуандығы 1,5 — 2 м. Ағашбөркі қалың, аумақты, жапырақтары ірі (5 — 11 жапырақшалардан тұрады, ұзындығы 20 — 40 см), хош иісті.

Гүлі дара жынысты, бір үйлі. Аталық гүлдері салбыраған сырға тәрізді, аналық гүлдері жеке-жеке не бірнеше гүлден өркеннің ұшында орналасқан. Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі — дәні. Қатты жеміс қабы (қауызы) мен қалың жарғақ ұяшығы (қабығы) жеуге жарамсыз.

Грек жаңғағы ағашының аталық және аналық гүлдері әр мезгілде гүлдейді (7 — 12 күннен кейін), жел арқылы тозаңданады. Жылу және жарық сүйгіш, қуаңшылыққа өте төзімді дақыл. Суыққа төзімсіз мүшелері — аталық генеративті бүршіктері, сондай-ақ, бір-екі және көп жылдық өркендері. Грек жаңғағын дәнімен және вегетативтік жолмен көбейтеді. Бір га-ға 2 т тұқым 7 — 8 см тереңдікте егіледі. Дәннен өсірілген көшеттер 10 — 15 жылда, ал ұластыру арқылы алынған екпе көшеттер 4 — 6 жылда өнім береді. 150 — 200 жылға дейін өнім бере алады. Ағаштың орташа биіктігі—25—30 метрге дейін жетеді. Максималды — 50 метр болу мүмкін. Ұшар басының диаметрі 1,5—2 метрлік үлкен шар тәрізді дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200—300 жылға дейін «өмір сүреді». Бір ағаштан жылына 65 — 100, кейде 200 — 300 кг жеміс алынады. Жемісінің салмағы 3 — 23 г, көбінесе, жұмыртқа не шар тәрізді болады. Дәнінің жеміс салмағындағы үлесі 30 — 75%. Дәнінің құрамында 55 — 77% май, 18 — 21% белок, 5 — 6% көмірсу, В1 витаминіА провитамині бар. Піскен дәндерінде 30 — 85 мг, ал толығымен піспеген дәндерінде 1500 — 2000 мг, кейде 3000 мг-ға дейін С витамині болады. Грек жаңғағының сорттары жеміс салуы, өркендерінің өсу қабілеті, жемістерінің салмағы, пішіні, гүлдеу уақыты, сондай-ақ, қабықтарының қаттылығы жағынан 7 топқа бөлінеді: ірі жемісті — өндірістік маңызы жоқ, себебі, дәні жетілмегендіктен нашар өнеді; жұқақабықты — қабықтары жұқа, дәндері майлы, бірақ өнімі аз; салбыраған сырға тәрізді — өнімі мол; бадам тәрізді; кеш гүлдейтін; қатты қабықты — дәні қабығынан өте нашар ажыратылады; шырышты (бумажный, троновой). Соңғы топқа жататын сорттар шырышты сүректерімен бағаланады, олар жылтыр, әдемі келеді. Олардан құнды көркем бұйымдар мен жиһаздар жасалады.

Бұл жаңғақтың отаны — кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның ішінде — Иран. Осы жерден ол ГрекияИталия және Батыс Еуропа елдеріне таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Күнгей Кавказда көп) бұрын осы жаңғақ тұқымдары Грекиядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан. Түйе жаңғағы волох елдерінің (румын, молдаван) құрметіне волош деп те аталған. Ал қазақ жерінде де бұл жаңғақтық ана тілімізде түйе жаңғақ деген аты бар. Демек, біздің Республикада да ол кең тарап, шаруашылығымыз бен тұрмыс-салтымызға молынан енген өсімдік түрі болып табылады. Республикамыздағы Піскем және Өгем өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз (Памир — Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900—2000 м биіктікке дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі. Грек жаңғағы 10 жылдан кейін мол өнім бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі — шар тәрізді. Түрі мен диаметрі бір сағаттың өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни сыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз жапқан ішкі дәнітөртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек.


2. 2 Жаңғақтың адам өміріндегі пайдасы


Грек жаңғағының адам миына ұқсастығының өзі көп нәрседен хабар берердей. Біріншіден, грек жаңғағы миға өте пайдалы антиоксидант есебінде қажетті. Және бұл жаңғақ түрі басқа жаңғақ түрлерін көш ілестірмей кетеді. Мәселен, жақында ғана зерттеушілер осы бір жаңғақтың құрамындағы заттар адам миының тез шешім қабылдауы мен ақпарттарды жылдам қағып алуында елеулі орын алатынын дәлелдеп шықты. Ол аз десеңіз, тағы бір ғалымдар грек жаңғағының ағзадағы екі пайызының өзі (қалыпты табылып тұратын болса) мидың қартаюы мен жоғары бөлік қызметінің ұдайы қызмет үстінде болуын, когнитивтік жүйені (тану қасиеті) реттеп отырады деп сендіреді.

Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.

  1. Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!