Материалдар / Ғылыми жұмыс «Жергілікті жердің топырақ түрлерінің маңыздылығы» 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс «Жергілікті жердің топырақ түрлерінің маңыздылығы» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы топырақтану ғылымының мазмұнын ашу. Әрбір оқушыға өз өлкесінің топырағы туралы білуге, зерттеуге деген қызығушылығын ояту. Әсіресе 5 сыныпта оқушының кез келген пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1037
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жергілікті жердің топырақ түрлерінің маңыздылығы»



Жоспар:


І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім


  1. Топырақтану ғылымының пайда болуы

  2. Топырақтану ғылымының  Қазақстанда дамуы

  3. Топырақтың түзілуі және оның құрамы

  4. Топырақтың адамзат үшін маңыздылығы.

  5. Туған өлке топырағы


ІІІ. Қорытынды




































Аннотация


Бірінші – кіріспе бөлімінді адамзаттың топырақты игеруі мен қатар ертеректегі саяхатшылардың топыраққа біршеме көңіл аударып, жасаған болжамдары туралы мәлімет берілді.

Екінші – негізгі бөлімінде топырақтану ғылымының пайда болуы және Қазақстанда дамуы туралы мәлімет беріп өтілген. Сонымен қатар топырақтың түзілуі және оның құрамы жайлы жазылды. Ал ең бастысы топырақтың адамзат үшін маңыздылығы жөнінде айтылмаса болмайтын шығар деген оймен туған өлке топырағының түрлеріне байланысты олардың құнарлығының әртүрлі болуы туралы талқыланып, қаралды.

Үшінші– қорытынды бөлімде топырақтың табиғаттағы және адам өміріндегі орны мен маңызы, оның түзілуі, құрамы қасиеттері сипатталған. 




Аннотация


Первый – освоение и введение в почву грунта более ранних путешественников, а также обратить внимание на біршеме бөлімінді человечества, даны сведения о совершении прогнозы.

Второй – появление и развитие науки почвоведение в Казахстане, информацию о пройденных в основной части. Кроме того, согласно приказу о составе почвы и ее образование. А самое главное, наверное, в зависимости от вида почв плодородия почвы родного края, их значимости для человечества, т. е. по не оговорено о наличии различных обсуждены и рассмотрены.

В третьей– заключительной части почв, место и значение в природе и жизни человека, его образование, состав, свойства описанных.




Abstract


The first is the development and introduction into the soil of the soil by earlier travelers, as well as to pay attention to Breme blind of mankind, given information about performance of the forecasts.

The second is the appearance and development of science science in Kazakhstan, information about the traversed in the main part. In addition, according to the order on the composition of the soil and its education. And most importantly, probably, depending on the type of soil the fertility of the soil of their native land, their significance for humanity is not specified, ie the presence of different.

In the third and final part of the soil, location, and importance in nature and human life, his education, composition, properties are described.





Мақсаты: Өсімдіктердің басым көпшілігінің физиологиялық жағынан өніп-өсіп, өнім беруіне ең қолайлы жағдай-ортаның бейтараптық, әлсіз сілтілік көрсеткіштері. Топырақтың химиялық заттарымен ластануы және оны  болдырмау жолдарын зерттеп, кең байтақ қазақ даласының топырағының тазалығын сақтау.

Зерттеу міндеттері: Топырақ өз құрамында өсімдіктердің фотосинтезі арқылы үлкен геологиялық айналымынан тіршілікке қажетті көміртек, сутек, азот, фосфор, калий, кальций және т.б элементтерді шоғырландырады. Бұл жер бетіндегі барлық тіршілік үшін, тіршіліктің ең жоғары туындысы – адам үшін өмір өзегі.

Өзектілігі: Қазақстантерреториясындағы барлық топырақтар-сілтілі. Сондықтан бұл топырақтың қасиетін дұрыс реттеу үшін оның табиғатын жете зерттеп білу қажеттілігі туындайды. Менің ұсынып отырған ғылыми жобамның өзектілігігі де осыған байланысты болып табылады.

Жаңалығы: 1.Топырақ көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде, олардың бұрынғы табиғи қасиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа мәдениеттенген сапалы топыраққа айналды. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа әсер еткен әрекеттерінің барлығы топырақ құнарлылығын арттыра бермейді.

2. Топырақтың химиялық ластануы топыраққа тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан болады.1 м3топырақ 6 кг-ға жуық түрлі химиялық заттарды сіңіреді екен. Міне, осындай қарқынды ластанған топырақтың табиғи түрге тазалануының өзі мүмкін емес.

































Кіріспе

ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы – саяхатшылардың қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы туралы өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жербеті өсімдіктерінің әсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың шын мәнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю себептері осы ғасырдың 80-жылдарына дейін белгісіз болып келді. Міне, осы мәселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия жұмысына Петербург университетінің геология және минерология кафедрасында қызмет істейтін жас геолог В.В. Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. ¤йткені ол бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петербург табиғат зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының белсенді мүшесі болып, осы қоғамның қаржыларымен экспедиция ұйымдастырып, топырақтануға жақын мәселелермен, дәлірек айтсақ, төрттік дәуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың құрылысы және пайда болуы мәселелерімен шұғылданған.

Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, одан кейінгі 1879-1881 жылдары химия-аналитикалық және ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен 1883 жылы В.В. Докучаевтың тарихта топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми еңбегі шықты. Бұл туралы В.В. Докучаевтың шәкірті, аса дарынды ғалым геохимик В.И. Вернадский кезінде былай деген: «Топырақтану ғылымының дамуы үшін қаратопырақ, кальцит кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол органикалық химияның дамуына үлкен ролін атқарды». Бұл еңбектерінің нәтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты зерттеудің ерекше жаңа топырақ-географялық салыстырмалы зерттеу әдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстардан морфологиялық көрінісі және химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті. 

1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан В.В. Докучаевтың басқаруымен арнайы топырақ комиссиясы құрылды. Бұл комиссия жұмысына тек ғалымдар ғана емес, топырақтануға қатысы бар басқа мекемелер қызметкерлері де тартылды. Комиссия алдымен Ресейдің Еуропалық бөлігінің топырақ картасын жасады. 1889 жылы Топырақтану комиссиясы «Топырақтану» журналын шығарды. Ол журнал күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының ТМД елдерінде осы саладағы жалғыз журнал.

1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі жерінде қатты құрғақшылық болды. В.В. Докучаев «Біздің далаларымыздың бұрынғысы мен қазіргісі» деген классикалық еңбегінде Ресей диқаншыларының егіншілікті дұрыс жүргізбей, топырақты тоздырғаны жайлы сөз болды.

В.В. Докучаев «Табиғат зоналары туралы ілім» деген мақаласын былай бастайды: «Табиғатты, оның күшін, апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда алып қадамдар жасалды, сондықтан мұны табиғаттанушылар ғасыры, табиғат ғасыры деуі жай емес. Дегенмен адамзаттың осы ұлы білім жеңістеріне назар аудара отырып.... әсіресе Лавуазье, Ляйэл, Дарвин, Гельмгольц т.б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды, әрі мәнді кемістікті байқамауға болмайды... Негізінен әр түрлі денелер-минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар және олардың болмысы, кейбір табиғи заттар -от, су, жер, ауа зерттелді. Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, әрдайым заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы байланыстары мен болмыстары зерттелмеді. Ал шын мәнінде тек осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне әсері табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша әрі жоғарғы ғажабы».

В.В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым – топырақтану ғылымы жоғарыда жіберілген кемістіктерді ескеріп, табиғаттағы бұрыннан бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым-қатынастары мен бірінің-біріне әсерін зерттейтін ғылым деді. Докучаев осы терең ғылыми түсініктерімен табиғат ландшафтары туралы ілімді қалыптастырды. Ландшафтағы топырақ маңызын айта келіп, топырақты «ландшафтың айнасы» деп сипаттады.


Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы

Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлы есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауылшаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған. Ө.Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минерология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан өз ұлтымыздан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болатынын мақтанышпен айтамыз.

Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш  КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында геология секторында аға ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төл алқасында қызмет атқарды. Осы кездері филиал төралқасының төрағасы Қ.И. Сәтпаевтың орынбасары бола жүріп, болашақ Қазақ Ғылым академиясының негізін қалауда көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ө. Оспанұлы Қазақстанда топырақтану секторын ұйымдастыру мәселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін елімізге аты белгілі профессор А.И. Безсоновты шақырды. Сонымен республикамызда топырақ зерттеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды. Бұл топқа Отан соғысы жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры Л.И. Прасолов бастаған, кейінірек академик болған И.П. Герасимов, профессорлар М.А. Глазовская, Е.В. Лобова т.б. қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми негізде зерттеле бастады. Дегенмен сектор ұйымдастырылғанға дейін Қазақстан жерінің топырақтары туралы ешқандай мәліметтер болмады десек шындыққа үйлеспейді.

Қазақстан жерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Ресей ғалымдары тарапынан жасалған ғылыми экспедициялар: Лепехин, Гмелин, Паллас, Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уәлиханов, Семенов т.б. негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық сапар-саяхаттар еді. Ал тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу осы үстіміздегі ғасырдың басында, Ресейдің халық тығыз мекендеген Еуропалық бөлігінен шаруаларды шығысқа, Қазақстан мен Сібірге көшіру мақсатымен құрылған қоныстандыру басқармасы қолға алғанды. 

  Топырақтың түзілуі және оның құрамы

Топырақ - табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып - типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрады. Бұл ту жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен - ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле қоймайтыны белгілі. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныситарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайғкан тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте - бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналады. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Табиғат күштерінің, әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топыраққа әсері зор.
Үгілудің физикалыық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілуі деп оның химиялық құрамы өзгермей, тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілуге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күштері, тасқын сулар, көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды делік. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де әлгі сызат үлкен жарықшаға айналып, қатты жынысын әрі қарай бұзады.
Таулы аймақтарда диі-жиі жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі – ірі тастар да допша домалайды. Бір – біріне соғылған тсатар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады. Химиялық үгілу – тау жынстары құрамындағы суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Фихикалық және химиялық үгілу табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болуы заңды. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы ас а суық тундыра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шөгеді. Бұл ғасырлар бойы үздіксіс құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда болиады. Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын өзінше топырақ ьтүзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы – физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс.
Үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттарауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әр түрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. 
Топырақ түзуші факторлар негізінен алты түрге бөлінеді. Олар: ауа райы, тау жынысы, жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші қажет. Осыларға жеке тоқталайық.
Тірі организдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері. Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жәндік те емес – ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға бейім келеді. Олардың кейбіреулері тіпті тастар да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмір қышқылы гпзы мен азотты бірте бұзып, бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды.
Тастар мен тауларды бүлдірумен қатар өсімдіктер өзі түзген топырақтытқорғай да алды. Қарашірік пен өсімдік тамырлары топырақ бөлшектерін біріктіріп, жымдастырып, желден, судың жуып - аюынан сақтады.
Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғары қабаттарында және оның белгілі бір тереңдіктерінде қоректк заттарға айналып, топырақ құнарлығын арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасады.
Ауа райының топырақ түзудегі ролі орасан зор. Климатқа, яғни ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа температурасының ыстық, суығына, үсксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай әр жерде әр түрлі өсімдік, жан – жануарлар мен микрооргонизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетінен әр жерде әр түрлі топырақтар түзеді. Мәселен, шөлде шөл топырағы тзілсе, тундрада мәңгі тон астында дамымаған, одан түсетін ылғал мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей байланысты.
Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ түзуге әсері. Түзілген топырақтың химиялық, минералдық және механикалық құрамы өзін түзген тау жыныстарының құрамына өте ұқсас келеді. Топырақ түзуші тау жынысын топырақ түзуші аналық жыныс деп атайды. Осыдан топырақтың өзін түзген аналық жынысқа ұқсас болуы заңды нәрсе. Сонымен аналық топырақ түзуші жынысы өзі түзген топырақтың көптеген химиялық, физика – химиялық және физикалық қасиеттерін анықтайды. Тіпті кейбір аймақтарда топырақ түзуші тау жыныстарының химиялық құрамы бұл аймақтарға тән емес құрамы басқа топырақты-түзеді.

Топырақтың адамзат үшін маңыздылығы.

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады. Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.
Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.

Адам топырақты түзуші фактор ретінде. В.В.Докучаев деректері бойынша топырақты құраушы, оның қалыптасуына қатысушы барлық факторлар ішінде, топырақ түзілуін мақсатқа сай өзгертуге қабілетті тек адамзат қоғамы ғана.

Адамның табиғатты өзгерту процесі топыраққа тарайды. Бұл адамзат дамуның деңгейіне байланысты. Жер өңдеп, егіншілік басталғаннан бері орман аймағын өңдеу үшін от қою қолданды. Бұл кезде орман өртеніп, босаған жерлерге егін егілді. Жер тозған соң оны тастап, жаңа орман алқабы өртеліп, жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең ежелгі жүйесі – тыңайған жерді қолдану. Бұл жүйе падаланылған жер учаскелері тозған соң ұзақ уақытқа егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз уақыттан соң қайта егіліп пайдаланылады.
Қазіргі егіншілік жүйесі топырақ құнарлылығын қолдауға, арттыруға бағытталған. Осы мақсатта топыраққа түрлі тыңайтқыш қосады, қышқыл топырақты әктейді, өңдеу процесін механикаландырады, егін егу айналымын ғылыми тұрғыдан негіздейді, топырақты азотқа байыту үшін ауыспалы бұршақ тұқымдас шөп егуді қолданады. Жерді мелнорациялау шаралары: құрғату, суландыру, эрозияға қарсы шаралар т.б. қолданылады. Топырақ өндіріс құралы ғана емес, еңбек өнімі де болады. Кейбір топырақтардың өзгертілуі соншалық оларды ерекше типке бөлуге болады. Осыларға Қырымдағы жүзім өсіруге екі мың жыл бойы пайдаланып келе жатқан плантаждалған топырақтар, Орта Азияның ежелгі суармалы жазиралары жатады.

Бәйдібек ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 7,2 мың км2 (облыс аумағының 6,1%-ын қамтиды). Тұрғыны 54,7 мың адам. Аудан жерінде 52 елді мекен, 11 ауылдық округбар. Орталығы - Шаян ауылы. Жер қойнауынан полиметалл кені (Байжансай), әктас, құрылыс материалдары барланған. Климаты континентті. Қаңтар айындағы жылдық орташа температура -4-6°С, шілде айында 25-28°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері жазық бөлігінде 250-300 мм, таулы өңірде 400-500 мм. Аудан аумағынан Шаян, АрыстандыБөгенБоралдай, Бестоғай, Сасықөзен өзендері және олардың салалары Үлкен Бөген, Бала Бөген, ҚошқаратаҚұтырған, тағы басқа ағып етеді. Қазақта Бәйдібек аудан тұсында Шаян өзенінде Қапшағай бөгеті салынған. Аудан жерінде Арыстанды өзенінің бойында әйгілі Арыстанды-Қарабас желі соғады. Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында боз жусан, баялыш, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағында Қаратау жусаны, нарғия, т.б. шәптесіндер мен бұта аралас долана, тобылғы, жабайы алма, өрік; өзен бойларында тал, терекжидеқамыс өседі. 

Топырақтың құнарлылығын қоректік заттардың жалпы қоры анықтайды. Өсімдіктің қоректенуіне топырақтағы қоректік элементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшері, яғни топырақтың тиімді құнарлылығы маңызды рөл атқарады. Элементердің жылжымалы түріне олардың суда, әлсіз қышқылдарда еритін қосылыстары мен алмаспалы күйдегі катиондар жатады. Қиын еритін және ерімейтін қосылыстар микроорганиздердің, физика-химиялық , химиялық құбылыстардың әсерінен өсімдікке сіңімді түрге ауысады. Қоректік заттардың сіңімді түрінің пайда болуы қосылыс түріне, климат жағдайларына, топырақ түріне, агротехника деңгейіне байланысты. Сондықтан топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданудың маңызы зор. Тыңайтқыш қолдануда агрохимиялық картограмманы пайдалану керек. Топырақтың басқа табиғи денелерден ерекшелігі – оның құнарлылығы. Құнарлылық деген топырақтың өсімдіктерді өніп-өсуіне кажетті қоректі элементтермен және сумен қамтамасыз ету касиеті. Көне дәуірлердің өзінде топырақтың құнарлылығын отпен, күнмен, сумен теңеп, оған табынған болатын. Көне Египетте құнарлылықтың патшасы болып Изида, ал Римде - Прозерпина саналған. Біздің  дәуірге дейінгі IV ғасырда Қытайда топырақтарды "ақ", "көк", "сары" деп, олардың құнарлылығын "аз", "көп", "орта" деп бөлді. Грек философтары Аристотель, Феофраст, Лүкреций, Вергилий, Колумелла, Плиний т.б. топырақ құнарлылығы туралы оө трактаттарында жазған. Сол кезден топырақ құнарлылығының көздері туралы ойланып, топырақ неге тозады, қалай оны дұрыс пайдалануға болады деген ойлар туа бастады. Феодализм мен капитализм кезенінде әр түрлі топырақтар, құнарлылығына қарай бағаланып, сол бойыша салық салу жолдары іздестірілді. Х‡ІІІ-ХІХ ғасырларда топырақ құнарлылығына социолог және экономист ғалымдар да назар аудара бастады.Топырақ туралы мәліметтер жиналып, табиғат зерттеу ғылымдары дами бастағаннан соң, топырақ құнарлылығына да көзқарастар өзгере бастады. Ерте кезеңдерде топырақ құнарлылығының кему себебі оның ішіндегі "майлар", "тұздар" тағы басқалардың азаюына байланысты деп есептеді, кейінірек құнарлылықтың себептері "су", "қарашірінді", "минералды элементтер" деп саналды. Содан кейін ғана құнарлылықты топырақтың барлық касиеттерімен байланыстыра бастады. Осы көзқарастармен бірге, топырақ құнарлылығы деген түсініктер де өзгерді. Гумус теориясы дамыған кезде А.Тэер (1830) топырақтың құнарлылығы - топырақтың өсімдіктерді қара шіріндімен қамтамасы ету, ал Либих (1840) барлық минералдық элементтермен қамтамасыз ету деген пікірді айтты.Осы заманнын ғылыми әдебиеттерінде топырақ құнарлылығы жөнінде академик В.Р.Вильямстің (1936 ж.) анықтамасы жазылған. Оның айтуынша, топырақ құнарлылығы дегеніміз -топырақтың өсімдіктерді бір мезгілде үздіксіз сумен және қоректену элементтермен камтамасыз етуі.Қазіргі кезде топырақ құнарлылығы кен ауқымды түсінік. Мысалы, борпылдақ тау жыныстарында да ылғал және өсімдіктердің қоректік элементтері бар, бірақ жалаңаш таужыныстарына өсімдіктердің тұқымын сепсе, ол өспейді. Тек судың өзінt отырғызсақта солай болады, тұқымдар көгергенмен өсімдік шықпайды.өсімдіктерге ылғал мен тамыр арқылы берілетін қоректік элементтерден басқа жарық, жылу, оттегі қажет, ал оның көк бөлімдеріне көміртегі керек.Топырақ - әрі тірі, әрі өлі дене. Оның құрамында, жоғарыда айтылғандай, көптеген тірі микроорганизмдер бар. Олар құнарлықты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Күн сәулесі топырақтың жылулық режимін анықтайды, бұл да топыраққа құнарлылық туғызатын элементтердің бірі, өйткені ол ылғалдың булануына барлық физикалық - химиялық процестерге молекулярлық деңгейде әсер етеді. Топырақтағы фотохимиялық реакциялардың пайда болуы олардың белсенділігіне әсер етіліп күн сәулесіне байланысты.



Қорытынды

Тақырыбымды қорыта келе топырақтың адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Топырақсыз адам өмір сүру мүмкін емес және де оның құнарлылығына да аса берген жөн. Топырақ құнарлы болса өсімдік өсіп, өнімді өте көп өлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып одан алынатын түсім де азаяды.
Топырақтың құрамында тыңайтқыштың үш түрі болады. Органикалық, минералды және бактериялық тыңайтқыштар. Оларды кез келген жерге пайдаланбай топырақта қай түрі жетіспесе соны пайдаланған жөн. Мұның көп пайдасы бар. Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамассыз ету қабілетін айтады. Әр табиғат зонасында топырақтың құнарлығы әр түрлі.
Қара топырақ — ең құнарлы топырақ. Ол орман және орманды дала зонасында орналасқа. Топырақтың құрамы сол жердің табиғатына, яғни, өсімдіктің, жан-жануарлар дүниесіне, күннің түсуіне тікелей байланысты.
Топырақтың құрамында қара шірік көп болса, ол құнарлы топырақ болып саналады.







































Пайдаланылған әдебиеттер:



1. «География және табиғат» журналы.5/2003

2. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы. Алматы. 2005жыл

3. Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық географиялық

тұрғыдан зерттелуі. 2002 ж.

4. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.

Алматы: Рауан, 2004.

5. «География және табиғат» журналы 1/2011

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!