Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс Жеті атаны білудің биологиялық маңызы 10 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ
Тақырыбы « Жеті атаны білудің биологиялық маңызы »
Секция Биология
Ғылыми жетекші: Баккелдиева Гаухар Болатхановна
биология-география пән мұғалімі
Орындаған: Құрмангалиева Ақнұр Ержанқызы
10 «А» сынып оқушысы
2018-2019 оқу жылы
Абстракт
Ғылыми жұмысының зерттеу мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Өзектілігі: Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - ... Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен.
Зерттеудің міндеті:
«Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу арқылы оның генетикалық маңызына тоқталу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Егер біз жеті атаға байланысты және оның қалай таратылатынын бұрынғылардан айтып қалдырған өнегелі сөздеріне сай назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз».
Зерттеу әдіс-тәсілдері:Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы: Ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: генеалогиялық дәстүрдің генетикалық маңызын ашу арқылы ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Абстракт
Цель исследования: Сегодняшнее поколение должно хорошо знать историю своего народа, земли, предков и сделать выводы, что хорошо, а что плохо.
Актуальность: Основная цель – соединить знания по истории и воспитанию человека о том, кем он является и каковы корни его происхождения. Из светлых страниц истории наших предков можно взять события и те действия, которые дают достойный пример в воспитании патриотизма у защитников Родины. Я думаю, что в 21 веке на сегодняшний день каждый гражданин Казахстана, который считает себя представителем нашего суверенного государства, должен знать историю свою и своего народа.
Президент нашей Республики Н.А.Назарбаев так говорит: «Гражданин независимого государства должен осмыслить свою вековую историю «Кем мы были вчера? Кем мы сегодня являемся? Кем мы будем завтра?» Это значит, что история родной земли, народа и своя история не хуже других. Это значит, что каждый гражданин должен стремиться быть достойным наследником необъятной земли, которую нам оставили в наследство предки.
Учить детей знать своих предков до седьмого колена – это традиция казахского народа, передающаяся из поколения в поколение.
Задачи исследования: Раскрыть значение пословицы о семи поколениях.
Источники исследовательской работы: В качестве исследовательских материалов были взяты источники, анкеты, опросники, пояснения, учебники и художественные произведения.
Гипотеза: Если мы обратим внимание на пророческие слова наших предков, связанные с знанием своей родословной, то есть знанием своих предков до седьмого поколения, то мы сохраним и приумножим историю своей нации, языка, религии и предков – «мы будем не хуже других».
Методы исследования: В процессе исследования используются методы собирательные: сравнение, анкета, анализ и синтез.
Теоретическое и практическое значение исследования: Итоги, полученные в прцессе исследования, можно использовать при подготовке рефератов, научных трудов, при составлении схем, таблиц, диаграмм.
Новизна исследования: По мере узнавания истории своих предков, я пришел к такому выводу, к такой мысли, что генетическое значение изучения своих предков до седьмого поколения и я буду ученым-исследователем, который будет следовать по стопам предков и буду трудиться во благо земли и народа.
Содержание исследовательской работы: Научная работа состоит из введения, основной части, заключения, списка литературы и приложения.
An Abstract
The aim: Younger generation should know history of their nation, motherland, and take all good things from it, make right output.
The topicality: The main aim is to be able to combine historical knowledge of who are they and bringing-up. Our ancestors have events and experience from history and clear examples of patriotism that we can use in our life today. I think, that each person of 21st century, who consider himself as real citizen of Republic of Kazakhstan must know their history. The President of our country N.A.Nazarbayev said: "Each citizen of independent Kazakhstan should search our history and answer the questions: Who we was? Who we are? And who we will be?”. That means, that the history of our country and nation is not worse than others. That means, that each person should seek to be dignified successor of country and land, that our ancestors leaved for us.
Teaching the seven ancestors is the bringing-up tradition of Kazakhs, that continue from father to son.
The objective: To describe the meaning of Kazakh proverb about knowing the seven ancestors.
The literature: Texts, interviews, interpretations, tutorial and bell-letters, research papers were used as the materials for the searching work.
The hypothesis: If we pay attention for sayings about the seven ancestors and how they spread, we will save and improve our nation, language, religion and history.
The methods of researching: The methods of collecting, comparative, interviewing, analyzing and synthesis were used in the work.
The theoretical and practical significances: Results of the work can be used in making tables and diagrams.
The novelty: When I explore wisdom of our ancestors, I decided that I will be a scientist who works to improve nation and motherland.
The content: The work includes introduction, main part, conclusion, list of literature and applications.
Мазмұны
Пікір-сарап...........................................................................................................................
Пікір......................................................................................................................................
Абстракт...............................................................................................................................
1.Кіріспе....................................................................................................................................2
2.Негізгі бөлім............................................................................................................................
2.1. Қазақтың туысқандық қатынастары........................................................................... 3-5
2.2. «Жеті ата» ұғымның мәні................................................................................................6
2.3. Шежірем............................................................................................................................7
2.4. Өз жұртым.........................................................................................................................8
2.5. Нағашы жұртым ..........................................................................................................9-10
2.6 Зерттеулерім................................................................................................................11-13
3.Қорытынды..........................................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................................15
Кіріспе
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.
Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.
Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.
Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйткені тәртіп бойынша туыстар бір-бірінің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған.
Ұрпақтарымызды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасынын тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек.Үлкендердің мойнындағы бір міндет – туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегінді айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу – бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге менінше бұл үлкен жетістік.
Жеті атамды зерттеуімді, осы арнада жұмыс жүргізуіме түрткі болып ғылыми жобаның тақырыбының негізі ретінде «Жеті атасын білген ер ,жеті жұрттың қамын жер» деп алдым.
Негізгі бөлім
2.1. Қазақтың туысқандық қатынастары
«Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым.
Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған.
Қазақта туысқандық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп айтады. Жалпы қазақ пен қазақ кездескенде ата-текті сұрамай отыра алмайды. Ата-текті білу – біздің болашағымыз үшін, арымыз бен қанымыздың таза болуы үшін де қажет. Ата-тегін білмей, жеті атаға жетпей, жеті ата түгілі әртүрлі себептерімен көшіп, алыстап кеткен ағайындардың балаларының бір-бірімен үйленіп қалып жатқандары да аз емес. Өз тарихымызды, ата-тегімізді білу, түгендеу, тарату – әрқайсымыздың адамдық парызымыз болмақ. Қоңыр қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұмса тұнық әдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, «Мен қазақпын!» дей алатын азамат өзінің шықкан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» дегенді сөз салмақтап, ой баққан атамыз қазақ тегін айтпаған болар. «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс берісті, құда жекжат, жамағайын жұрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп қаймағымыз бұзылмаған заманадан жеткен ұғым. Өткенімізді қарап отырсақ,. ел бастаған көсем де ділмар шешен де, ақиық ақын, ел қорғаны батыр да осы сөздерді жиі айтқан. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Сүттей ұйып ғұмыр кешкен. Ел шетіне жау келсе даңкты бабаларының атын ұран қып шақырып, канымыз, жанымыз бір, руымыз, туымыз бір, тегіміз, кегіміз бір, еліміз, жеріміз бір, суымыз нуымыз бір Ер Түріктің ұрпағы, алаштың азаматымыз десіп бәтуаласып, баталасып бес қаруын асынып, ат құйрығын түйісіп бір байрақтың түбінен табылған.
Қаймана қазақ түз төсінде жолыға калса жеті атасын таратысып, егжей-тегжей жөн сұраса келе: «Ой, сен өзі бөтен болмадың, тіпті ет жақын туысым болып шықтың, бізге жиен екенсің немесе нағашы не құда екенсің ғой» десіп шұрқыраса табысып құшақтары қабысып, әзілдері жарасып, ел жұрт, бала шағаның амандық-саулығын сұрасып бір жасасып қалады. Бұның бәрі халқымыздың айрықша қасиеті. Басқа жұртқа ұқсамайтын ерекшелігі. Қазақы бауырмалдылық. Қазақтың казақтығының бір ұшы осында жатыр. Бірақ кейінгі жылдары біз өзімізге табиғи тән осы қасиетімізден де ажырап бара жатқандаймыз. Қазір екінін бірі жеті атасын біле бермейді. Тіпті кіммен калай туысатынын да ажырата алмайды. Ілуде біреуден: «Осы пәлен шекең сенің кімің?» деп сұрасаң: «Білмеймін. әйтеуір туысқанбыз, әке шешеміз көзі тірісінде бауыр тұтып жүретін, бір жақындығы бар шығар» дейді. Ал кейбір білгендерінің өзі мысалы, жиеншары болса «әкемнің туған қарындасының баласының баласы» деп шұбыртады. Қалай туысатынын түсінгенмен кімім дерін білмей қиналады. Әсіресе кейінгі жастар туыстық қатынастардың ара жігін ажыратып. жіліктеп айтуға шорқақ.
Төңкеріске дейін қазақ арасында патриархалық-рулық қатынастың сілемі сақталып келгенін — олардағы туысқандық қарым-қатынастан да анық көруге болады. Айталық, жеті атаға дейін қыз алыспау, яғни экзогамия заңына негізделген бұл жора олардың санасындағы өте әріге кететін тектік жақындықты ұмытпаушылықты көрсетеді. Мәселен, тікелей мұрагері немесе әмеңгері қалмаған жағдайда мал-мүліктің де, жесірдің де, өлген адамға туысқандық жақындығына қарай немере, шөбере немесе аталас және руластарының иелігіне өтуі – қазақ арасында туыстық қатынастың беріктігіне дәлел бола алады.
Туыстық қатынас өлгеннің артында қалған мұраға иелік етуге ғана байланысты емес. Өйткені туысқандық қарым-қатынас бір-біріне әр түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде де анық байқалады.
Мәселен, қыз ұзату, келін түсіру, енші бөліп беру сияқты қуаныш кезінде, немесе кісісі өлген үйге аза салу, оның жетісі, қырқы, жүзі және жылын беру, әки әр түрлі кездейсоқ апаттарға (жұт, өрт т.б.) ұшырап, мал-мүліктен жұрдай болған туысқа туыстық жақындығына немесе өз шама-шарқына қарай “косқаным” деп көмек көрсету әдеті бұған дәлел. Мұндай көмек қазақ арасында “жылу”, “немеурін”, “үме” деп аталған. Осындай туыстық, қала берді рулық ауызбірлік, ынтымақтық нәтижесінде “көп жиылса көл” болар деген мақал калыптасса керек.
Бір-біріне көмек беру әдеті өте ертеде қалыптасқан, яғни оның түп тамыры рулық құрылысқа кететіні даусыз. Сондықтан да ол кездегі әрбір ру мүшесінің қоғамдағы орны, салмағы бірдей болды. Келе-келе жеке меншіктің, таптың шығуына байланысты өзара сілетсіз көмектің де мәні өзгерді, таптық сипат алды. Туыстық көмек дегенді желеу етіп, ауқатты, ықпалды адамдар өздеріне көбірек көмек жинаса, яғни оған маңайдағы толып жаткан ел түгел үлес қосса, кедейлерге арналған көмекке қосылатын үлестердің мүшелері де тым шағын болумен бірге, оған азғантай ғана жақын туыстар қосылатын. “Алмақтың да салмағы бар” немесе “Бай – байға, сай сайға құяды” деген мақалдың өзі осыны дәлелдейді.
Қазақ арасында рулық қатынастың болымсыз сілемі болмаса, ежелгі замандағы оның қоғамдық берік түрі сақталды деуге болмайды. Қазақ қауымындағы бай мен кедей арасындағы таптық қайшылықтың айқындала түсуі, товарлы ақшалы қарым-қатынастың жедел енуі рулық қатынастардың негізін шайқалтып, оның күйреуіне әкеліп соқты. Ел арасында қалыптасқан “Туыстан жүріс жақын” немесе “Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын” деген мақалдар мұны ашық дәлелдейді.
Қазақта туыстық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртка топқа бөліп атайды. Біріншісі — адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты әйелдер төркін жұртым деп атайды. Екіншісі шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Ал. үшіншісі әйелі не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.
Адамның өз жұрты жеті ұрпаққа таратылып аталады. Олар айтушының атасы мен әжесі (апасы); әжесі мен шешесі анасы): өзі; ұлы мен қызы, ұлдан туған немере мен қыздан туған жиен; немереден туған шөбере мен жиеннен туған жиеншар және жетінші ұрпақ — шөбереден туған немене шөпшек) мен жиеншардан туған туажат. Ал үлкен әкесінен атасынан) арғы ата-бабаларын арғы атам, бабам ұлы бабам, ұлы анам деп атайды немес үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші атамыз деп рет санына қарай да айта береді. Арғы аталарымен бірге туысқан еркек кіндікті адамдардан тарайтын ұрпақтарды аталас жақыным, ағайыным дейді. Әкесінің аға, інісінің балаларын немере ағам, немере апайым, немере іні, немере қарындасым немесе біз бір-бірімізбен бір атадан тарайтын немере туысқанбыз деседі. Осы немере жақындардың ұл-қызы мен үлкен әкесінің аға інісінің немерелері айтушы адамға шөбере туыс болып келеді.
Қазақ арасындағы туысқандық қарым-қатынас тек ерлер тарапынан ғана болып қоймайды, қыздар ұрпағы, жиендер мен нағашы арасындағы қарым-қатынас та ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Нағашыға жиен батыл келеді, халық дәстүрі бойынша нағашысы жиеніне “қырық серкеш беруі” керек. Мұндай жағдайлар бұрынғы әңгіме, дастандардан белгілі. Атақты жырау, ақын Дулат Бабатайұлының «Еспенбет батыр» дастанында да осындай оқиға айтылады.
Сондықтан болар, жиен көңілі түскен нәрсесін: жүйрік ат, қыран бүркіт, қаршыға, алғыр тазы, берен мылтық т.б. осы сияқты бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиен жолынан алуға ерікті, ол үшін жиен айыпты болмайды. Жиеннің қаңдай еркелігі болсын, нағашы жұрты көтереді де, оған әрдайым қамқорлық жасап отырады. Сондықтан да халық даналығы жігіттің үш жұртының болатынын айта келіп: “Өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – сыншыл, ал нағыз қалтқысыз тілеу қорың нағашы жұртың” дейді. Жиенді баласындай ерекше ардақтау – қазақ халқының қанына сіңген дәстүрі.
2.2. «Жеті ата» ұғымның мәні
«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата .Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатын бұрынғы би, шешендер айтып кеткені – ақиқат шындық. Бұған қазіргі жөн, шежіре білетін қариялар да дәл жауап бере алады. Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ата-тегің кім?» – деп сұрайтыны, міне, осыдан шыққан.
«Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер», – деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді.
Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына жеті атасының аты-жөнін, атамекенін, өз руынан шыққан белгілі батыр, би, жақсылардың есімін айтып, үйретіп отырған. Қазақ халқында туыстық есеп еркектер тарапынан жүргізілгендіктен, айтушы еркек болған жағдайда оның бабасынан бастап неменесіне дейін жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа толады. Ал жетінші ұрпақты қазақтың “немене” не “шөпшек атандыруы тегін емес. Оның өзіңдік мәні бар сияқты. Айталық, “немене” деген атаудың өзі не екені белгісіз деп сұрақ қойып тұрған тәрізді, ал “шөпшекке” келсек, бұл атаудың мәні тіпті анық. Қазақ шөпшек деп ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осыған қарағанда, жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық мәні жойылып, олардың арасында туыстық қарым-қатынас үзіледі деген ұғымды білдіретін тәрізді. Айтушының қызынан туған жиенінің ұрпағы оның бабасынан бастап жетінші атаға толғанда жетінші ұрпағының “туа жат” атануы да жоғарыдағы пікірді дәлелдей түседі. Бұл атаудың мәні — жетінші ұрпақ жат деген ұғымды білдіріп тұр ғой.
Осыған қарағанда, қазақ арасында негізінен жеті атаға толмай қыз алыспау әдетінің мәні өзінен өзі-ақ айқындала түседі. Ал Жетісу өңіріндегі кейбір рулар ішінде туыстық салты жеті атадан асып кетсе де, қыз алыспау әдеті күні бүгінге дейін сақталып отыр. Тіпті он екі ата Жалайырдың әрқайсысы әлдеқашан он атадан асып кетсе де немесе Албан тайпасының 13 атаға толған Сары деген руы бір-бірінен осы уақытқа дейін қыз алыспайды.
2.3. Шежірем
Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. Ресей, Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. Башқұрт, өзбек, түрікмен, қырғыз, Сібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді. Кеңес өкіметі заманында Қазақстанда Шежірені зерттеу, оны тарихи дерек ретінде пайдалану идеологиялық саясат әсерінен көп қолға алына қойған жоқ. Дегенмен, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров, т.б. этнолог ғалымдар еңбектері тарапынан ішінара көрініс тапты. Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы 18 ғасырда белгілі болды. 18 — 19 ғасырларда мұндай Шежірелердің біразын Н.Аристов, А.Левшин, В.Григорьев, Л.Мейер, П.Рычков, М.Тевкелев, Н.Гродеков, И.Андреев, Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, Ә.Диваев, т.б. зерттеушілер жазып алып, ғылыми айналымға енгізді. Алынған жинақтар Шежіре деректері орта ғасырлардан бастау алатындығын, тіпті жекелеген нұсқалары Адам атадан басталатындығын айқындады. Кейбір Шежіре нұсқалары ортағасырлық деректемелермен де ұштасып жатты. Рашид әд-Дин, Ұлықбек, Әбілғазы, Бейбарыс, ибн Халдун, т.б. көптеген ортағасырлық авторлардың еңбектерінде белгілі бір тұлғалардың, ру-тайпалардың, халықтардың шығу тегі таратылып, бірнеше ұрпақтар алмастығы өрбітіліп отырды.Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жен айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.
Сонымен, мен орта жүзденмін. Руым: Найман. Жеті атам: 1.Айбас 2.Қабан 3.Бәйтерек 4.Саурық 5.Сламбай 6.Құрманғали 7.Ержан. Бұл мәліметтерді мен әрине әкемнен,атамнан білдім. Өз жұртымен қатар менің нағашы жұртым да бар. Өз ата-бабаларымның шежіресін зерттей бастадым.
2.4. Өз жұрттым
Ата-әжем
Найман руынан Саурық атам атақты шопан болған, еңбек ардагері. Құрманғали атам 1960-1990 жылдар аралығында Ақсу ауданының атақты ағаш шебері болған. Көптеген дүниелері көрмелерде топ жарған. Сламбай атам Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әжем, Сағындықова Ғалия 1941 жылы дүниеге келген. Ол кісі 1963- 1970 жылдар аралығында совхозда санақшы , есепші қызметін атқарған.
Әкемнің нағашы жұрты әскери адамдар.
Әкем
Саурыков Ержан Құрманғалиұлы 1975жылы Ақсу ауданы Есеболатов ауылының тумасы.Алматы қаласына жастайынан ерте келіп оқуын бітіріп, еңбек етуде.Қазір осы Алматы қаласында құрылысшы болып жұмыс істейді.
Анам
Алыбаева Гүлнара Ерболатқызы Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген. Ж.Ермегияев атындағы орта мектепті үздік бітіріп, Республикалық медицина колледжінің акушер мамандығы бойынша аяқтап, 2004 жылы Қыздар педагогикалық университетін тәмамдаған.Қазір Алматы облысы Өтеген батыр кентінде мұғалім болып жұмыс істейді.
Өзім
Құрманғали Ақнұр Ержанқызы 09 шілденің 2002 жылы дүниеге келдім. 10 сынып оқушысымын, өмірлік ұстанымым: «Талаптыға нұр жауар»
Ағам
Құрманғали Ернұр студент ,өте ақылды, спортқа бейім.Сіңілім Айханым ақылына көркі сай, 2 сыныпта оқиды.
2.5. Нағашы жұртым
Халқымызда «Жиен ел болмас, желке ас болмас» және оған қарама-қарсы «Жиен ел болар — малы болса, желке ас болар — майы болса» деген мақалдар бар. Мұндағы «Жиен ел болмас, желке ас болмас» дегені жиенді қанша бағып, қағып тәрбиелесең де түбі сіңбейді, атасы бөлек, өз еліне кетіп қалады. Өз елінің сөзін сөйлеп, сойылын соғады деген мағынада айтылған сөз. Шындығында да нағашы жұрты қанша жақсы болса да, жігіт өз елін аңсап, кейде ел арасы бұзылып сын сағаты келгенде өз жағына шығып кететін болған. Бұдан біз адамға өз жұртының қаншалықты ыстық, қымбат екенін аңғарамыз. Ал, жоғарыдағы екінші мақал — жиеніміз дәулетті, малды, жілігі татитын ел-жұртқа сыйлы, сөзі өтімді, беделді азамат болса бізге де жақсы, алыс-беріс жасап, араласып, қысылғанда арқа тұтып жүреміз деген ұғымды білдіреді.Жалпы елі, жері, атасы басқа болғандықтан нағашы мен жиен бірін-бірі күндемеген. Ағайын арасының ұсақ кикілжіңі олардың арасында жат қылық саналған. Біріне бірінің кұрмет-бейілі шынайы, таза болған. Осы тұрғыдан алғанда санамызда «қамқор нағашы, ерке жиен» деген түсінік қалыптасқан. Бұл да халқымыздың туысқаншыл, бауыр-малдылығына тән жақсы касиеті.Жалпылама алғанда адамға шешесінің шыққан тегі, руы түгелдей нағашы болып келеді. Оның ішінде өзіне туыстық қатынасы жақын тікелей нағашылары — нағашы ата, нағашы әже (апа, шеше), нағашы, нағашы аға және нағашы жеңге, нағашы апа (әпке) және нағашы жезде, нағашы іні, нағашы келін, нағашы қарындас және шешесінің апа, сіңлісінен туған балалар — бөлелер болып келеді. Бөлелер егер шешесімен бірге туған қыздардан туса туған бөле, ал нағашысының қыздарынан туса немере бөле делінеді.Әр елге ұзатылған апалы-сіңлілі қыздардың, өз ара немере, шөбере, тіпті аталас елдің қыздарының балалары бір-біріне бөле болып келеді. Бөлелер арасында олардың аналарының туыстық жақындығына байланысты аса бір жарасымды, сыйласымды қарым-қатынас болады. Оларды туысқандық жағынан байланыстыратын — нағашы жұрты. Бұл екі жаққа да ортақ-шешелерінің төркіні. Сондықтан да бөлелердің жолы да, жөні де бірдей, бір-бірінен ерекшеленері жоқ, тең туыстар. Нағашыларының алдында да бөлелердің хұқы бірдей. Бәрі де жиен. Бөлелер көбінекей бір-бірімен егіз қозыдай өте тату болады. Қазақта осы тұрғыда «Екі аяқтыда бөле тату, төрт аяқтыда бота тату» деген мақал да бар. Оның мәнісі — шешелері бір-біріне адал, апалы-сіңлілі немесе жасынан бірге өскен бір елдің қыздары балғандықтан олардың ықпалымен балалары да өзара тату-тәтті жүрген. Ағайынды адамдардың арасында жиі кездесетін бас араздыққа көбінекей өзара абысын күндес әйелдері себепкер болатындықтан қазақта балаларына ынтымағы бұзылмасын деп, бір үйдің апалы-сіңлілі қыздарын айттырып алып беру дәстүрі де болған. Мұндай жағдайда әкелері ағайынды болғандықтан бұл қыздардан туған балалар өздерін бөлеміз деп есептемейді. Сондай-ақ бір атаның қыздарына үйленген өзара жақын ағайындардың балаларының да бөлелігі жайына калып, аталас туыстық қарым-қатынаста болады.
Қазақ елі қандастық туыстықты тек еркектер тарапынан жүргізгендіктен жиендері бөтен рудың өкілі деп есептей отырып, оны шешесінің аға, інілерінің қыздарына үйлендіру, не керісінше жиен қызды шешесінің аға-інілерінің ұлдарына тұрмысқа беру дәстүрі ұсталған тәртіпті бұзу болып табылмаған. Сондықтан некенің мұңдай түрі ел ішіңде болып тұрған. Әйтсе де қазақ жиен алғаннан гөрі нағашы алғанды дұрыс керген. Оған, “жиен алған молықпас, нағашы алған торықпас” деген мәтел сөз дәлел. Ал енді бір елге келін боп түскен апалы-сіңлілердің балалары да бір-біріне бөле болып есептелгенмен, олардың әкелері тарапынан туыстық қатынасы жақын болса бөлелік сезім, бөлелік қарым-қатынас жайына калып, туыстық қатынаста болады. Бөлелердің әкелерінің әр-қайсысы бір-бірінен қыз алысатын елдерден болса, олардың шешелерінің бір әке, бір шешеден туған қандас туыстарының өзі бөлелердің неке құруына кедергі болмайды. Өйткені қазақ қауымында қандас туыстық қатынас тек еркектер тарапынан ғана есептеледі. Бір-бірімен қарым-қатынасын үзбей жүрген апалы-сіңлілі туыстар, әсіресе түскен жерлерінде беделді болып, өз балаларының тағдырын шешуге араласа алатындай жағдай болса, балаларын, яғни бөлелерді бір-бірімен үйлендіруді теріс көрмейді. Мұндай мүмкіндік “Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал” деген мақал мәніне де жат емес.
Сөйтіп, қазақта туыстық және құдандалық қатынастарға байланысты әр түрлі қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек сияқты шым-шытырық қатынастар болады. Бұл қатынастардың әрқайсысының өзіне ғана тән, сан қилы әдет-ғұрыптарға байланысты, өзара міндеттіліктері мен жауаптылықтары бар. Оларды әр уақытта орындау әркімнің борышы екенін кез келген қазақ жақсы білетін де, оны бұлжытпай орындауға тырысатын.
Бір ел мен екінші елдің арасында қыз беріп, қыз алу арқылы құдандалық қарым-қатынаспен бірге, күйеу мен қайын жұрт арасында қарым-қатынас болады. Қайын жұрты күйеуді әр уақытта сый тұтады. Қыздарына дұрыс қарап, жақсы адамгершілік қасиетін білдірген күйеулер қайын жұртына сыйлы, ерке болады. Қайың жұрттың әр шаңырағы күйеудің сыбағасы деп әрдайым төс сақтайды. Күйеуге тартылған табақта төс болмаса, күйеу төсін даулап, жеңгелерімен қалжыңдасып жатады. Тартылған төсті міндетті түрде табақтан күйеудің өзі алып, бөліседі. Адамға үшінші жағанан туысатын жақындары — қайын жұрты. Қайын жұрт деп үйленген жігіт пен тұрмысқа шыққан қыздың келіншегі немесе күйеуі жағынан туысатындарды айтады. Осы келіншегі немесе күйеуінің елі, руы адамға қайын жұрт болып саналады. Сол елдің адамдарынын бәрі жаңағы жаңа үйленген жігіт пен келін болып түскен қызды күйеу бала немесе келін деп, ал бұлардың келіншегінен не күйеуінен кіші болса жезде және жеңге деп атайды. Бүкіл бір елдің, рудың бәрі қайын жұрт болып саналғанмен, адамның бұл жағынан туысатын етене жақындары төмендегідей. Түсініктірек болу үшін жігіттің қайын жұртын таратайық.
Жігіттің келіншегінің әкесінің әке-шешесі — қайын ата және қайын әже. Келіншегінің өз әке-шешесі — қайын ата (қайын әке) және қайын ене. Қайын ененің әке-шешесі — нағашы ата және нағашы әже. Қайын атаның (қайын әкенің) бірге туған аға, әпкесі болса — қайын ата, қайын апа.
Менің нағашы жұртыма келсек,
Нағашы атам
Алыбаев Ерболат атам 1953 жылы Алматы облысында дүниеге келген.Спорт шебері болған, Райымбек аудандық спорт комитетінің төрағасы қызметін атқарған.Сағымбай атам 1921 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында сопер болған,соғыс ардагері,соғыстан аман есен оралған.Кеген ауданының бас прокуроры қызметінде істеген. Мен аталарымды мақтан тұтамын.
Нағашы әжем
Сапарқұлова Әшкүл 1925 жылы дүниеге келген.Жастайынан колхозда,селхозда жұмыс жасап,еңбек еткен кісілердің бірі.
2.6 Зерттеулерім
Сөйтіп, қазақ халқындағы туыстық
қарым-қатынас негізінен жеті атаға дейін созылып, одан әргі қатынас
құдандалық байланысқа айналды. Бұлай дейтініміз қазақта
экзогамиялық тосқауыл ру ішіндегі жеті атаға дейін берік сақталуы,
ал сегізінші ұрпақтардың бірімен-бірі некелесуге хақы бар.Бірақ
қазіргі кезде жеті атасын білмей, аталас , рулас туысқандардың
отбасын құруы жиі кездеседі және бұндай некелерден ауру ұрпақтар
дүниеге келеді. Медициналық жағынан оны зерттеу нәтижелері білімнің
көптеген салаларында
қолданылады.Медицинада Генетиканың маңызы өте жоғары.Тұқым қуалаудың
заңдылықтары барлық тірі организмдерге, оның ішінде адамға да
ортақ. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель
заңдарына сәйкес жүреді. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының саны 4
мыңға жуық. Бұл аурулар адам жасушасындағы хромосомалар санының,
құрамының, құрылысының өзгеруіне немесе гендердің өзгеруіне
байланысты. Тұқым қуалайтын және туа пайда болатын аурулардың шығу
себептерін анықтау, олардың алдын алу және болдырмау, емдеудің
жолын қарастыру мәселелерімен медициналық генетика айналысады.Тұқым
қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың
(немере, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. Себебі, ондай
адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Ал тұқым қуалайтын
аурулар мен түрлі кемістіктерді көбінесе рецессивті гендер
анықтайтындығы белгілі. Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында
ғана білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады.
Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше,
туыс емес ерлі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және
ұрпақтың тіршілік қабілеті жоғары болады. Себебі, олар көбінесе
гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру
мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доминантты ген жеңіп
кетеді. Біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қалыптасқан
дәстүр бойынша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі.
Бұл біздің гендік қорымыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді.
Сондықтан мұндай дәстүрді сақтап отыруымыз
қажет.
Кейбір географиялық, әлеуметтік, экономикалық
және т.б. себептерге байланысты тұрғын халықтың саны кеміп,
оқшауланып қалады. Адамдардың ондай шағын популяциясында амалсыздан
туыстық неке көбейеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын кемістіктер
мен сәбилердің өлімі артады. Тіпті ондай халық жер бетінен жойылып
кетуі де мүмкін.
Болашақ ұрпақты тұқым қуалайтын түрлі ауыр
зардаптардан сақтандыру үшін адам генетикасы мен медициналық
генетикада жүргізілген зерттеулер қолданылады. Дүниеге ауру ұрпақты
келтірмеу үшін ата-ананың екеуінің де дендері сау болу керек. Кейде
ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау болғанымен, олардың
тегінде тұқым қуалайтын ауру болса ол келесі ұрпаққа
беріледі.
Менің зерттеулерім бойынша өз мектебімнің 5-11 сыныптар арасынан сауалнама жүргіздім. Жалпы сыныпта 300 оқушы ,оның 58 ғана жеті атасын біледі екен.300 оқушының 4/1 бөлігіне де жетпейді, яғни 5% пайызы ғана біледі екен.Бұл болашақта қазақ халқының ұрпақтарының арасында туыс адамдардың ата тегін,жеті атасын білмей отбасын құруға алып келуі мүмкін.Яғни, ауру ұрпақтар дүниеге келеді деген сөз. Бұл біздің гендік қорымызға әсер етеді.
Туыстық некенің тиімсіздігі. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың (немере, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. Себебі, ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Ал тұқым қуалайтын аурулар мен түрлі кемістіктерді көбінесе рецессивті гендер анықтайтындығы белгілі. Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында ғана білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады. Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше, туыс емес ерлі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және ұрпақтың тіршілік қабілеті жоғары болады. Себебі, олар көбінесе гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доминантты ген жеңіп кетеді. Біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қалыптасқан дәстүр бойынша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі. Бұл біздің гендік қорымыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді. Сондықтан мұндай дәстүрді сақтап отыруымыз қажет.
Кейбір географиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. себептерге байланысты тұрғын халықтың саны кеміп, оқшауланып қалады. Адамдардың ондай шағын популяциясында амалсыздан туыстық неке көбейеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын кемістіктер мен сәбилердің өлімі артады. Тіпті ондай халық жер бетінен жойылып кетуі де мүмкін.
Болашақ ұрпақты тұқым қуалайтын түрлі ауыр зардаптардан сақтандыру үшін адам генетикасы мен медициналық генетикада жүргізілген зерттеулер қолданылады. Дүниеге ауру ұрпақты келтірмеу үшін ата-ананың екеуінің де дендері сау болу керек. Кейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау болғанымен, олардың тегінде тұқым қуалайтын ауру болса ол келесі ұрпаққа беріледі. Мысалы, жігіттің шешесі эпилепсия (қояншық) ауруымен ауырса, ал әкесі сау болса, ол жігіт эпилепсик болмайды. Себебі оның әкесінен алған доминантты гені эпилепсияны анықтайтын шешесінен алған рецессивті генді жеңіп шығады. Егер дәл осындай жағдайдағы қыз жоғарыда келтірілген жігітке тұрмысқа шықса, өздері ауру болмағанымен, олардан ауру балалар дүниеге келуі мүмкін. Себебі оларда эпилепсияның гені бар.
Жалпы ауру немесе кеміс ұрпақтың дүниеге келуі отбасы мен ата-ана үшін үлкен қайғы-қасірет. Сондықтан отбасын құратын, әсіресе, тегінде тұқым қуалайтын кемістіктер бар адамдар медициналық-генетикалық кеңес алғаны жөн. Мұндай кеңес беретін орталықтар қазір Қазақстанның көптеген қалаларында бар.
Жеті атаға толмайынша қыз алыспайтын текті қазақ үшін арсыздықтың бір түрі болып табылатын жақын туыстардың бір-бірімен үйленуі әлемнің көптеген елдерінде қалыпты жағдай саналады. Мұның өзі ұлттың генафондысына ұрпақтың денсаулығына өлшеусіз зиян келтіретіні ғылымда дәлелденген.
Міне, осыны ескерген тәжік билігі ұлт пен ұрпақ қамы үшін туыстық некеге тыйым салатын болды. Тұтас бір ұрпақты жарымжан етіп, тұтас бір ұлттың жойылуына апарып соқтыратын туыстық неке мәселесі бүгінгі таңда тәжік қоғамында қызу талқыланып жатыр. Аталмыш тыйымға наразылық білдіргендердің де, құптағандар да өз пікірлерін білдіріп жатыр. Тіпті, Тәжікстанда бұл мәселе жаңадан жасақталатын парламентте қарастырлуы да мүмкін екенін жоққа шығармаймыз.
Туыстық некеге тыйым салатын заң жобасы әлі жасалмаса да бұл мәселе ел билігінің басты назарында тұр. Үстіміздегі жылдың наурыз айының 17-і күні Хатлон облысының денсаулық сақтау басқармасы туыстық некеден туабітті кемтар боп туған балалар тізімін дайындағанын хабарлады. Сондай-ақ, аталмыш облыста туыстық некенің ұрпаққа қатерлі жағын түсіндіру жұмыстарының басталғанын мәлім етті. Статистикалық мәліметке қарағанда Хатлон облысында 18 жасқа дейінгі 9700 кемтар бала тіркелген екен, олардың 1546-сын туыстық некеден жарымжан болып туғандар құрайды. Тәжікстан президенті Емомали Рахмон өткен шақырылымдағы парламент алдында сөйлеген сөзінде мемлекет 13 мыңдай мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырғанын жеткізді. Олардың дені туыстық некеден дүниеге келгендер екеніне депутаттардың назарын аударды. Осылай дей келе ол денсаулық сақтау және әлеуметтік тұрғыдан қорғау министрлігіне алдағы уақытта осы мәселемен айналысуға тапсырма берді. Оның бұл сөзі 2013 жылдан бері қызу талқыланып келеді. Алайда, айтылған сөз айтылған жерде қалды. Бұл мәселеге қатысты заң жобасы дайындалмады.
Біздің Қазақстан көпұлтты мемлекет.Өзге ұлттардың арасында туыстық неке болуы мүмкін, әсіресе түрік, тәжік, ұйғыр өкілдерінің ішінде.Біздің мемлекетте туыстық некеге заң жүзінде тыйым салынбаған.Статистика бойынша да ондай мәлімет жоқ.Бірақ халық арасында туыс адамдардың азаматтық некеде тұруы ықтимал.
Қорытынды
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе, судың, ауаның және азық-түліктің мутагендік және канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына соңғы кездері көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың “генетикалық залалсыздығы” мұқият тексеріледі. Сайып келгенде, мұның барлығы адамда тұқым қуалайтын кемістіктердің мөлшерін азайту мақсатында жасалады.
“Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады”, – деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған жұрттың бағы жанып, жоғы түгенделмейдi. Бүгiнгiдей кең байтақ жерi бар, киелi төрi бар қазақ – шын мәнiнде, жұлдызы жанған бақытты халық. Алайда, бұл бақыт бiзге оңайлықпен, өздiгiнен келген жоқ. Қазақ өз тарихында ұлт ретiнде талай мәрте жойылып кете жаздады. Тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметiн тартты. Бүгiнгi тәуелсiздiкке дейiнгi аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелi тағдыры, арманы мен аңсары арпалысқа толы күресiп жатыр. Iштей булыққан бұлқынысы мен өкiнiшi, жеңiстерi мен жеңiлiстерi де жатыр. Бүгiнде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы iстердiң, ұлағатты дәстүрлердiң, iргелi мемлекеттердiң заңды мұрагерi болып саналады”, – дедi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Данышпан ата-бабаларымыздың ақыл сөздерін, көрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтайық. Олардың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін үлкен парыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Аймбетова Г. «Во славу профессионалов», «Казахстанская правда» 2004, http://www.kazpravda.kz
2. Аймбетова Г. «Молодость, наука, чистые порывы...» «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі» 2006, http://www.nauka.kz
3. Аймбетова Г. «Родники жизни». Алматы 2007, 3, 38 б.
4. Аймбетова Г. «Они уходят. Навсегда», «Вечерний Алматы» 2005, 3 б.
5. Аскерова А. «Жеңіске мың тағзым!», «Колос» 2010,
№ 20, 2 б.
6. Аскерова А. «Отец», «Колос» 2008, № 17, 2 б.
7. Ергөбек Қ. «Жазулы хатқа айналған қария», «Солтүстік Қазақстан» 2010, 5 б.
8. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы, «Дайк-Пресс» 2008, 911 б.
9. «Қазақ ұлтынан – қазақ еліне». Алматы 2010, http://www.kazakheli.kz
10. Мұқанов Қ. «Ұмсын сұлу» Аңыз бен ақиқат. Петропавл, «Полиграфия» АҚ 2007, 11-29 бб.
11. Мұқанов С. «Ұмсын сұлу», «Өмір мектебі» http://www.adebiet.kz
12. Сейіт К. «Жеті атаны білуіміз керек». «Ана тілі» газеті 13-Қаңтар 2011