Материалдар / Ғылыми жұмыс Жиде-пайдалы ағаш
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жұмыс Жиде-пайдалы ағаш

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
1524
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны: бет

Түйіндеме 2

І. Кіріспе 3-4


ІІ. Негізгі бөлім 5-13

2.1. Жиде қандай ағаш ? 5

2.2. Жиденің түрлері.

2.3 Жиде ағашының құрамы 6

Біздің зерттеу жұмысымыз

2.4. Биология кабинетінде 7

2.5. Жиде ағашының адам өміріндегі пайдасы. 7-12

Эксперименттік жұмыс

2.6. Жидеден тосап қайнату әдісі 9

2.7. Жиде тосабының пайдасы 10

2.8. Жиде жер талғамайды 11

2.9. Сауалнама нәтижесі 12

ІІІ. Қорытынды

3.1.Жиде ағашының қасиетін қастерлейік 14

3.2.Ұсыныс 15

Пікір 16

ІV. Қолданылған әдебиеттер 17








Түйіндеме

Балқаш аудандық білім бөлімінің «Ә.Ахметов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 4-сынып оқушысы Дидарқызы Лунараның «Жиде пайдалы ағаш» тақырыбындағы шығармашылық зерттеу жобасы бүгінгі таңда еліміздің экологиялық жағдай алаңдатып отырған кезеңде маңызды болып отыр. Бұл адамзат алдында тұрған үлкен проблема.Отанымыздың табиғатын қорғауды туған жерімізді көгалдандырудан,ауасын тазартып, халықтың денсаулығын, өмірін жақсарту басты мақсат екендігі айқын.

Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Табиғатта кездесетін дәрілік өсімдіктер мен аң құстарды, пайдалы жәндіктерді, жалпы табиғатты қорғау баршаның ісі. Бізді қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы. Солардың бірі табиғи дәрілік қасиеті бар жиде ағашының қасиеті мен оның табиғи дайындалу технологиясының қыр – сыры.

Бұл ғылыми зерттеу жұмысында табиғаттағы пайдалы өсімдіктердің бірі болып табылатын жиде ағашының түрлері, құрамы, оның қасиеттері, оның құндылығы, емдік қасиеттері жайлы толық, жан – жақты жинақталған. Осындай құндылықтарды жинақтай отырып, оқушы зерттеу жұмысының маңыздылығын аша білген.










Жұмыстың мақсаты: Туған жердің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті жердің топырағының ерекшелігін еске ала отырып, көгалдандыру жолын қарастыру. Қоршаған ортада жиде ағашының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жемісінің адам денсаулығына пайдалы жақтарын анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер жиденің еліміздің сортаң жерлеріне ексек, басқа ағаштардан гөрі шыдамды, берік, жиде жердің тақырлығынан сақтап, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпалын тигізер еді.

Зерттеу ісінің мәнділігі: Қоршаған ортада өсімдіктің, ағаштардың дұрыс өспеуі – ауаның құрғауынан, ластануынан, жер бетіннің тақырлануына апарып адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Егер табиғатта өсімдік өспесе, өлі организммен тірі организмде зат алмасу болмайды. Мәдени емес өсімдіктердің өзі өлкемізге экологиялық өзгерістер әкеліп, табиғат берген сыйын өзгерте алмайтындығымызды ғылыми тұрғыдан қарастырдық.

Зерттеудің тактикалық ерекшілігі: Жиде ағашының қоршаған ортаны қорғауға, адам өміріне толық пайдасы бар екендігі анықталып, табиғат сыйын көбейтуге күш салып, зор мән беру керектігі ұсынылады.

Зерттеудің жаңалығы: Сортаң топырақты Алматы облысының Балқаш ауданы жерінде елімізді көгерту, көркейту, экологиялық апаттан құтқару жолының бірі – жиде ағашын өсіру арқылы тосап, сусындар жасау, жұқпалы аурудан сақтану, арылу үшін дәрі-дәрмек өндіру, косметикалық заттар лак, бояулар шығару, қолөнер, құрылыс заттарын өндіру, отын ретінде пайдалану. Ең негізгісі қоршаған ортаны қорғау.





І.Кіріспе
Табиғат пен адам егіз дүние десек те болады. Өйткені бірінсіз біріне өмір жоқ. Атам қазақ « Бабын тап та, бақ өсір », « Әкеден мал қалғанша, тал қалсын » деп кеткен. Менің туған жерім Көктал ауылында жеміс ағаштары көп өсе бермейді. Себебі, жері сортаң. Ара–тұра жиде ағашының күтімсіз өз бетімен өсіп тұрғанын көреміз. Ойлана келсем, осы ағаштың өзінің біз білмейтін сырлары көп.Бірақ оны біздің ауылдың тұрғындары біле бермей, көбіне тіршілік қамы үшін отын ретінде жиі пайдаланады.Қазіргі таңда жиде ағашы да жоқтың қасы болды.Осы тығырықтан шығу мақсатында өзімнің ғылыми жобамды «Жиде – пайдалы ағаш» деп алып, жиде ағашын зерттеп, халыққа насихаттауды жидеге аса мән беріп ауылымызды көгалдандырайық деп, көп қасиеттерін қолдануға ұсыныс бергім кеп отыр.

Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өзіміздің туған өлкеміздегі жиде ағашымен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай айналамызда өсіп тұрған емдік қасиеті бар ағаштарды тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.

Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан пайдалы ағаштарын тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.

Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.Әрбір азамат туған өлке жеріндегі экологиялық хал-ахуал туралы жан-жақты мағлұмат алуға, оны жақсарту әдістерін ойластыруы, әсем табиғаттың тепе-теңдігін сақтауы басты міндеті деп ойлаймын.





ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жиде қандай ағаш?

Біздің үйдің алдындағы алаңқайда жиде ағашы бар.Жыл сайын жиде ағашы жемісін береді. Күз маусымы келісімен, балалар жиде ағашының тікенінен қорықса да, жемісі үшін өрмелеп шығып, жиде бұтағын сілкілеп жемісін алады. Аула іші жиде ағашының жапырақтарына, сынған ұсақ бұтақтарына толады. Бірнеше күнге жетпей-ақ, үйдің алдындағы жиде ағашындағы жемістен түк қалмайды. Жапырағынан да жұрдай болады.Дегенменде келесі жылы көктемде есік алдындағы жиде ағашы қайтадан бүрлей бастайды. Мен оның қуарып қалмағанына қатты қуандым. Жиде ағашы гүл ашып, жеміс берді. Байқағаным: Есік алдындағы таяқтан көз ашпаған жиде ағашының жемісі биылда көп болды. Ал атам маған мынадай өмір тәжірибесін айтты. Жиде ағашында ғажайып мінез бар. Оның бұтақтарын қаншалық сықпыртып ұрсаң, келесі жылы ол сонша мол жеміс береді. Туған өлкеміздің жеріне осындай табиғатқа төзімді ағаштардың өсуі қолайлы деп ойладым.

2.2 Негізі, жиде - жиде тұқымдасына жататын мәдени, жапыраған тастайтын ағаштардың ішінде ең соңында гүлдейтін мәңгі жасайтын ағаш.Жалпы жұрттың танымы бойынша жиденің 2 түрі бар. Бірі – жапан дала, құла түзге түр-сымбатымен сән беріп, дала құстарын басына қондырып ап, (жемісін беріп) тірлігіне мән беретұғын дала аруы – жабайы жиде, екіншісі көпшілігіміздің бағымызда ешқандай ерек күтімсіз жайқала өсіп, жылма-жыл мамыр-маусымда гүлдену шағымен, күзде бала-шағаны, бағымыздың қонақтары құстарды жемісімен қуантатын «кәдімгі» жиде, яғни мәдени жиде.Оның биіктігі 3–8 метр, бұтақтары тікенді, жапырақтары сыртын майда күмісті түсті тарамдалған түктер жауып жатады. Жапырағы бүтін жиекті кезектесіп, не қарама-қарсы орналасады.

2.3.Жапырақтарының үстіңгі беті сұрғылт көк, астыңғы жағы ақшыл, діңі және бұтақтары жылтыр, қызыл-қоңыр. Ал жапырақтарының ұзындығы 3-8 см, ені 0,4-1,8 см келген сопақ пішінді. Гүлі екі үйлі, қос кейде дара жынысты. Жиде – жеміс-жидек тұқымдастарының ішіндегі ең соңында гүлдейтін ағаш. Гүлі ұсақ, хош иісті, қызғылт сары. Гүлінің иісі өткір, жүз метрге дейін иісі аңқып тұрады. Ал гүлденген шағы қандай бір сөзбен теңеуге келмейтін теңдесіз ғажайып. Табиғат бағында ешқандай артық шығынсыз, «от жемей, су ішпей-ақ» өсіп-өніп, әсемдігімен көз тартып, төзімділігімен тәнті етеді. Тұқымынан, тамыр өскінінен, не тамыр түбінен көбейеді.Жел немесе жәндіктер арқылы тозаңданады. Біздер көшелерге, үйіміздің бау – бақшасына көшеті арқылы тамырымен де, кесіп алып қалемше арқылы кез – келген сортаң жерге өсіре аламыз.

Рисунок 5

Біздің үйдің алдындағы алаңқайда жиде ағашы.

Жиде пайдалы ағаш. Оның қолданылмайтын жері жоқ. Одан ешқандай қалдық қалмайды. «Қалауын тапса қар жанар» дегендей оның діңгегі, бұтақтары, гүлі, жемісі, ұнтағы мен сүйегіде қолданылады. Оны мен қазір дәлелдеймін.

2.4 Биология кабинетінде

Мен өз зерттеу жұмысымды биология кабинетінен бастадым. Бұл жерде мен жиденің құрамымен және жемісінің жұмсақ етінде қанша пайыз көміртегі, фруктоза және белок\ ағуыз\ болатынымен таныстым. Маған биология пәнінің мұғалімі Құралай апай әңгімелеп түсіндіріп берді.

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Биологиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар. Гүлінің құрамында эфир майы, жапырағында аскорбин қышқылы болады. Жемісінің жұмсақ етінде көміртегі 40% болады, оның 20%-ті фруктоза, 10% белок, аздап илік заты да бар.

Жиденің дәрілік маңызы зор. Жемісі ас қорыту органдарының жұмысын жақсарту үшін қолданылады. Ауыз ішінде жара болғанда жидеден жасалған «Пшатин» деген дәріні суға езіп, онымен ауызды, тамақты шаяды. Сонымен бірге іші ауырған адамды жиде жемісімен емдейді.

Осы маңызды мәліметтерге ие болған соң, менің қызығушылығымен одан да артып, мен ауылымдағы жиде ағаштарын бақылауға алдым.










Биология кабинетінде


2.5 Жиде ағашының адам өміріндегі пайдасына тоқталсам.

1. Адамды табиғат апаттарынан қорғауға, ауаны тазартуға қолданылады.

2. Тағам ретінде пайдаланады.

3. Дәрі-дәрмек жасалынады.

4. Түрлі бояулар жасауға пайдаланады.

5. Қолөнер бұйымдарын жасауда қолданылады

6. Үй құрылысы заттарында қолданылады

7. Күнделікті тұрмыстық заттар жасауда пайдаланады.

8. Отын ретінде қолданылады.

9. Қазақ халқының сенімінде, ырымында қолданылады.

Мен жоғарыда айтқандай басқа ағаштардай емес жиде ағашының ерекше қасиеттерін төмендегі мысалдар арқылы дәлелдей отырып өз өлкемізде отырғызып, өсіруді ұсынамын.

1.Адамды табиғат апаттарынан қорғауға, ауаны тазартуға қолданамыз.

жапырақтары көміртегіні сіңіріп, оттегіні шығарады;

- мамыржай көлеңкесінде жазда аптап ыстықта күнге күймей дем аламыз;

- жиде ағашымен құм тоқтатуға, арық, өзен бойын бекітуге болады;

- гүлінің хош иісі гүлденген кезде ауаны тазартып, адамдардың көңіл – күйінің көтерілуіне әсер етеді;









2. Тағам ретінде пайдаланады:

-жыл сайын жеміс береді;

- жидеден тосап ( варенье ) жасалады;

- сусын ( компот ) жасалады:

- жиде балы құнарлы болады. Жиде гүлдеген кезде омарташылар араларын жіберіп бал жинатады.Жиде балын анемия, салқын тиіп иммунитет төмендеген де жесе өте пайдалы. Кулинариялық жағдайда зерттеу үшін маған анам Алтынкүл көмектесті.



2.6 Менің тәжірибемде










Жидеден тосап алу әдісі

Picture 1

Жидеден тосап алу әдісі

Жиде дәні – 200 г

Қант - 200 г

Су- 1 стакан 200 г

Жасалыну әдісі: Алдымен жидекті жуып

аламыз,қант араластырып қоямыз.Сәлден

соң су құйып қайнатамыз.Қайнату уақыты 15-20 минут болады.










2.7. Жиде тосабының дәмі тіл үйіреді.Тосап ішкі ағзадағы ішек жолдарын жұмысын жақсартады,иммунтетті жоғарлатады.Өз өлкеңнің табиғи өнімін пайдалану,оны пайдаға жарату қандай керемет.

3. Медицина саласында қолданылғанда.

1. Ата-бабамыз жиденің емдік қасиетінің зор екенін жеткізді.

Қара жидені әбден күнге кептіріп алып, келіге түйдіріп, содан соң оны диірменге тарттырып, талқан етіп жасайды.Ол ішкі ағзадағы ішек жолдары жұмысын жақсартады.Жаз айында балалардың іші кетіп тоқтамаған жағдайда беруге болады екен. Мұны қазақы емшілерде жақсы білген. Алайда, оның жидегінің жаман ауруға ем екенін көбіміз ескере бермейміз.

2. Дәрігермен кездесу

Жиденің денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білу үшін, мектебіміздің дәрігері Арай апаймен әңгімелесіп, кеңес сұрадым. Ол кісіге сұрақтар қоя отыра, тағы да көп нәрсені біліп, таныстым.

- жидеде Е дәрумені көп. Сондықтан гүлін де, жемісінде күнге қаптамай арнайы жерде кептіріліп, қайнатып ішкен;

Жиденің жемісін алып 1 литр суға 1 кесе жиде салып қайнатып ішкен.Сол кезде іш кету тез тыйылады

- жасалған сироптың асқазан, ішек құрылысын тазартуға пайдасы бар;

- анемия болғанда, адамның иммунитеті төмендегенде жиде жеу керек;

Жиде – көптеген дертке шипа









Дәрігер Арай апайдан кеңес алу.

4. Түрлі бояулар жасайды.

жиденің гүлінен косметикалық заттар алынады;

- иіссулар;

- лактар жасайды;

- сабағынан алынатын сағызды заттан лак және бояулар өндіріледі;

- Сүйегін қайнатып, шайырынан бояу жасауға болады;

- Жиденің қабығын суға қайнатып та бояу алуға болады;


Picture 3 Picture 4







5. Қолөнер бұйымдарын жасауда қолданылады.

Ағаштың техникалық қасиеті беріктік, серпінділік қасиеттерімен, сәнділік өрнектілігімен бағаланады.

- Жиде ағашынан кесе салғыш, кебеже, қамшының сабы т.б заттар жасалады;

- Жиде ағашының сүйегінен, жапырағынан, бұтақтарынан сан алуан картиналар жасауға болады;

Picture 3 Picture 2







6.Құрылыста қолданады.

-Діңгегін қиып ұсталар үй салуға пайдаланады;

-Жас бұтақтарынан қараша үйдің сүйегін жасаған;

Picture 2






7. Күнделікті тұрмыстық заттар жасауда пайдаланады.

- Келі, келсап жасап бидай,тары, күріш түйген;

- Күбі жасап, айран пісірген;

Ата-бабамыз жиде ағашынан келі мен келсап жасап пайдаланған.Жиде ағашынан жасалған бұйымдар сапалы,мықты болған.

Рисунок 5





Атам келі, келсапты жиде ағашынан жасайды.


8. Отын ретінде қураған жиденің бұтағын, діңін пайдаланған.

9. Қазақ халқының сенімінде, ырымында жиде ағашының қасиетіне сенген.

- Найзағай отынан сақтану үшін үйдің іргесіне жиде ағашының бұтағын іліп қоятын болған. Бұл да ағаштың киелі екендігін білдіреді.

2.8. Жиде жер талғамайды. Жиде (Elaeagnus) — жиде тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын (кейбіреулері мәңгі жасыл) ағаш. Дүниежүзінде қоңыржай және субтропиктік белдеуде өсетін үш туысы елудей түрі бар. Оның ішінде Орталық Азияда 5, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде және Жоңғар Алатауында, Іле Алатауында, Қаратауда, сонымен бірге өзіміздің Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендері жағалауында көп өседі. Жиде ағаштың пайдасы зор болғандықтан ауылымызда өсіруді мақсат тұтып, оның өмірде қолданылып іске асыруды ұсынамын. Жасының ұзақтығы 40-50 жыл. Жиде аз уақыт ішінде жеміс беріп, ұзақ жасайтын жидеден басқа жеміс жоқ десем қателеспейтін шығармын. Жиде ағашын көптеп отырғызу. Себебі жиде ағашы улы заттарды өзіне ең көп сіңіретін өсімдік. Сонымен қатар тамырынан топырақтың құнарлылығын арттыратын азотты қосылыстар бөледі.

2.9.Осы «Жиде пайдалы ағаш» ғылыми жұмысымның зерттеу нәтижесінде мен өз сыныптастарымның көзқарастырын сауалнама арқылы байқадым.

















578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!