Материалдар / Ғылыми жұмыс Математика және гүлдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс Математика және гүлдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім Зерттеу бөлімі ІІІ. 1. Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихы ІІІ. 2. Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері ІІІ. 3. «Әйел бақыты», «Хлорофитум», «Бегония», «Пеперомия» гулдері туралы жалпы түсінік ІІІ. 4. Практикалық бөлім Қорытынды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2024
256
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады














































Мазмұны

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Зерттеу бөлімі

ІІІ. 1.     Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихы

ІІІ. 2.     Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері

ІІІ. 3.     «Әйел бақыты», «Хлорофитум», «Бегония», «Пеперомия» гулдері туралы жалпы түсінік беру

ІІІ. 4.     Практикалық бөлім


Қорытынды


































КІРІСПЕ


Өсімдік табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршілік жок. Өсімдік өмір өзегі деп бекер айтылмаған. Олардың саялы да аялы жапырақтары көмірқышкыл газын өздеріне сіңіріп сыртқа оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктер айналадағы ауаны, ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады. Өсімдіктер адам денсаулығын нығайтып бойына күш береді. Əсіресе бөлмеде өсірілетін гүлдер адамзатты жарқын көңіл күйге бөлейді. Олар бөлменің ауасын тазартып адам денсаулығына үлкен пайдасын тиігізеді. Бөлме гүлдері өздерінің жасыл көйлегі жəне əдемілігімен ғана емес шипалы қасиеттерімен де танымал.

Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешілігі жоқ, олар да адам сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті және дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырымдап отыр. Әрине біз үшін бұл үлкен жаңалық. Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «жәндктердің көздің орнына ақуыздары бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді. Ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми түрғыдан дәлелденген» сондықтан гүлмен сөйлесуге болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы бөлме өсімдіктері қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы бар екенін біле бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз бөлме өсімдіктеріне саяхат жасаймыз

Бұнда оқушылардың бөлме өсімдіктері жайлы білімдерінің артуы арқылы өсімдік құпиясын, пайасын, оны қалай күтк керек екенін білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы осында жатыр

  • Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихын білу;

  • Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау;

  • Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу;

  • Бөлме өсімдіктерінің адам өмірімен тікелей байланыстығын ашу.

Тақырыптың өзектілігі:

Бөлме өсімдіктерінің шипалық қасиеттерімен кеңінен танысу. Олардың емдік қасиеті адам ағзасына пайдасы орасан зор екенін жеткізу. Бөлме гүлдерін өсіру және зерттеу

Зерттеу мақсаты:

Бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Бөлме гүлдерінің шығу тарихын білу. Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау. Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу. Бөлме өсімдіктерінің адам өмірі мен тікелей байланыстылығын ашу. Бөлме өсімдіктерінің ішінен Алоэ, Қазтамақ, Қаланхое гүлдерінің емдік ерекшеліктерін тиімді және насихаттау.

Зерттеудің негізгі болжамы:

Мектеп оқушыларын денін сау және салауатты өмір сүруге үйрету. Дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, оның құрамындағы заттардың ағзаға көп жақсы әсері бар екендігін қалыптастыру. Денсаулықты нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің ішінен Алоэны, Қазтамақты, Қаланхоэны пайдалану жолдарын жүзеге асыру. Бұл өсімдіктердің шырындарын әртүрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу, және оларды қолдану жолдарын көрсету.

Зерттеудің міндеттері: Бөлме гүлдерінің емдік ерекшеліктері; адам ағзасына пайдасы және зияны туралы білу.

Зерттеудің практикалық мәні: Емдік ерекшеліктері бар бөлме гүлдерін пайдалану жолдарын көрсету.

Зерттеу барысында: бірнеше сұхбаттар, гүл шаруашылықтарына саяхаттар болды.

Менің ұсыныстарым:

Әрбір мектептерде шипалық қасиеті бар өсімдіктер, оның ішінде алое, каланхое, қазтамақ гүлдері көбірек өсірілсе деймін.

Мектеп асханасында: алое, каланхое шырындарынан жасалған: кәмпиттер, сусындар, коктейлдер берілсе.

Осы шырындар және дәрілік шөптер қосылған, жас балалар іше алатын дәрілер шығарылса.

Сыныптар арасында “Ең әдемі гүлденген кабинет” сайыстары өткізіліп тұрса.

Тәжірибе кезінде ашқан жаңалығым:

Табаға қантты ерітіп аламыз, оған бал мен алое шырынын қосамыз. Пайдалы әрі дәмді болу үшін апельсин, мандарин шырындарын қосамыз. Біраз араластырып, әртүрлі қалыптарға құямыз. Дайын қоспаны тоңазтқышқа қоямыз. Нәтижесінде балалар сүйіп жейтін кәмпиттер алынады.

Балалар сүйіп жейтін және имунитетті көтеретін коктейл.

Алоэнің жапырғанан 5- 6 шт. және каланхое жапырағының 1- 2 шт. аламыз. Тазалап жуып, шырын сыққышқа саламыз. Оған 2 қасық бал, 1 лимон сығындысы және 5- 6 құлпынай қосамыз. Бәрін араластырып, сығып, сүзіп аламыз. Коктейл дайын.

Асыңыз дәмді болсын!












НЕГІЗГІ БӨЛІМ


БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ


Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің бірі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі Египеттіктерде алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесіндегі, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын Үндістандықтар 760дәрілік өсімдіктерді пайдалана біліп, гулдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйіне, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алған.

Ғалымдардың зерттеулері

Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп жетіледі екен.

Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді «тыңдаса», жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң, оларды бірте-бірте солып қалатынын әлдеқашан дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым-қатынас жасайды, оны өсіруге қалай ықыластанады, гүл де сол адмға дәл солай «жауап беретін» көрінеді. Үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, сөйлеспесең, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады екен. Мәселен ғалымдар қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмайтынын айтады.

Ал кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол сол бойда құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді. Ал бұл улы заттар адамды ішімдікке итермелейді.

Фикус гүлі қожайынын басқа адамдардан қызғанады екен. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты ол басқа жаққа кетсе, сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді. Ертеде адамдар зығырды еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп: «көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын»,-деп айтады екен.

Ерте замандарда адамзат баласы дəрі-дəрмек деген дүниені мүлде білмеген. Олар сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал тəсілдерге жүгінетін. Сондықтан да шөптерден жасалған дəрілер бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді. Жəне де өсімдіктер адам денсаулығына əлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі таблеткалардың құрамында біздің ағзамыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мумкін табиғи жағдайларда əр түрлі болып келетін орманды, таулы, далалы . Бірақ, менің айтқым келгені бұл емес еді.Қазақстан  көп аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000ға жуық өсімдіқ түрлерін кездестіруге болады десек, оның 500 түрінен дəрілік заттар жасалады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дəрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманның адамдары шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген, əрі оларды əр түрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.

Шипалы өсімдіктерден дəрі жасау əдістері ұрпақтан- ұрпаққа өтіп бұл дəстүр атадан -балаға жалғасып отырған. Əбу- Насыр Əл- Фараби, Əбу- Əли Ибн- Сина Беруні қазақ халқының мединицинасының дамуына əсер етіп, дəрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзінде дəрілердің 40% өсімдіктерден дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу əдіс- тəсілдері үй жағдайында кеңінен қолданып жүр. Шипалы өсімдіктер қатарына əр түрлі сəнді бөлме гүлдері де жатады. Олардың көпшілігі жан жадыратарлық əдемілігімен адамның көңіл күйін көтерсе, кейбірлері, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында, біздің денсаулығымыздың серігі де бола алады. Шипалы бөлме өсімдіктері көбінесе “жедел жəрдем” қызметін атқарады десек қателеспейміз. Жанға шипа, дертке дауа дəрілердің көпшілігі өсімдіктерден алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына əр түрлі сəнді бөлме гүлдері де жатады. Олардың кейбірлерін атап өтсек: алое, каланхое, қазтамақ.

Бөлмеде өсірілетін гүлдер және түрлері.

Гүл- небəрі үш əріптен тұрады. Солай бола тұра бүкіл əлемнің əсемдігі мен əдемілігін бойына жинаған ерекше қасиетінің мəні сонда- көпшілік көңілін өзіне аудара білетіндігі дер едің. Расында бір сəт айналаға зер салып қараңыздар. Керемет, карасаңыз көзіңіз тоймайтын гүлге көмкерілген ғажайып дүние.

Ата-бабаларымыз: “Гүл- жердің көркі”,- дейді емеспе? Десе де гүлдің де гүлі бар. Жасыл желек патшалығының төресі гүлдер жайлы олардың құпиялары, сонымен қатар адамзат өміріне ауадай қажет дəрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына тікелей қатысты гүл ерекшеліктері жөнінде жан- жақты ізденуге болады. Өсімдіктер бөлмеге таза ауа мен хош иіс, əдемілік жəне үйлесімділік береді.

Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайға, өскен ортасына сай болатындай етіп ,қолайлы жағдай жасау керек. Ол үшін қажетті мөлшердегі ауа, жарық, топырақтың ылғалдығы жəне температуралық режим керек. Өсімдіктердің ең басты қасиеті- олар адам өміріне зиянды микроорганизмдерді қырып жіберетін ерекше зат- фитонцидтерді өз бойынан бөліп шығарады. Сондай- ақ адам өмірі үшін ең басты пайдасы- ауадағы көмірқышқыл газын өз бойына сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады.

Бөлме өсімдіктері үйді теқ шаңнан тазартып коймай жиһаздардан жəне еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлінетін жағымсыз иістерді жояды.

Бөлме гүлдерін өсіру үшін, дұрыстап таңдап алу керек. Олардың өсуіне  қажет жағдайларды жақсы білу керек. Гүлдер өніп өсуі үшін, жарық, ылғал, температура қажет. Олардың әрқандай түрлері бар: жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай- ақ күннің нұрын сүйетін болып бөлінеді. Осы гүлдер ішінен емдік қасиеттерге өте бай үш гүл туралы айтып өтемін. Олар: Алоэ, Қазтамақ, Қаланхоэ. Бұл гүлдер, үшеуіде жарықты сүйгіштер, күннің нұрын қажет ететін гүлдер.

Сондай- ақ гүлдер: жанжал туғызатын гүлдер, табыс әкелетін гүлдер де болады.

Қандай гүлдің түрі болса да, біз бұл гүлдерді уағында суарып, жапырақтарын шаңнан тазартып, топырағын жұмсартып тұруымыз керек.



Бөлме өсімдіктерінің сырлары. 

Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әртүрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде Қазтамақ ауаны ластанудың бірнеше түрінен қорғайды. Қазтамақ тұрған жерге шыбын- шіркей жоламайды. Қазтамақ гүлінің қасында 15 минут отырсаңыз жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі.

Каланхоэ.

Бұл гүл етті жапырақтары бар, әдемі гүлденген өсімдік. Оның ақсары, қызғылт, қызғылт- сары болып гүлдейтін гүлдері бар. Ол әдетте сәуірде гүлдейді, бірақ үй ішінде жыл бойы гүлдей алады. Бұл гүлдер адам бойындағы шаршағанды тез басады. Бір нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауға көмектеседі.

Алоэ.

Алоэ- жүз жылдық өсімдік. Жер бетінде алоэның үш жүзден астам түрі бар. Жəне оның əрбірінің өзіндік қасиеті бар. Алоэның Отаны- Оңтүстік Африка. Алоэ латын тілінен аударылып, “ащы” дегенді білдіреді. Алоэ көп жылдық өсімдік, жəне мəңгі жасыл болып тұрады. Биіктігі 7-12, микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ал ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу- ацеманан тапқан. Ацеманан тұмау мен қызылшаны жəне ісік ауруларын емдеуге колданылады. Алоэ гүлін жатын бөлмеге қойған дұрыс. Себебі: Алоэ жапырағының әр қандай бактерияларды жоятын күші бар. Алоэ- үйге аурудың, бактериялардың енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.






















БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІНІҢ ГҮЛДЕРІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ


Алоэ өсімдігі.

Алоэ- үй гүлдерінің королі. Алоэнің сырты әдемі болмағанымен, оның шырыны мен жұмсақ қабығы түрлі ауруларға ем. Алоэнің шырыны қосылған қоспалары көп аурулардың алдын алады.

Мысалы:

1. Иммунитет көтереді.

2. Өкпе туберкулезі.

3. Жөтел және суық тиюден қорғайды.

4. Күйіктер мен жаралар, асқазан жарасына ем.

Алоэ ағзадағы клеткалардың алмасуын жақсартып, денедегі жарақаттарды лезде жазады. Күні бойы жұмыс істеп, кешке үйге оралған кезде қатты шаршағаныңызды сезесіз. Шаршауды басуға терезе алдындағы гүліңіз, яғни алоэ жақсы көмектеседі. Өзіңізге алоэ тұнбасын дайындасаңыз болғаны:

1 стакан қайнаған суға 2 шай қасық алоэ сығындысын қосып, әбден араластырыңыз. Стаканның 4/1 бөлігін күніне 3 рет ішіңіз, бірден өзіңізді сергек сезінесіз. Егерде бір жеріңізді кесіп, тіліп немесе күйгізіп алсаңыз, алоэнің жапырағын қақ ортасынан бөліп, жараның бетіне басыңыз, тез жазылады.

Алоэ шырынын ауруларға қолдану.

Қазіргі таңда экология әсерінен көп адамдардың иммунитеттері өте төмен. Оны көтеру үшін алоэны пайдалануға болады. Ол үшін, алоэның жапырағын кесеміз оны тазалап жуып аламыз да ет тартқыштан өткізіп, немесе ұсақ қылып турап, таза дәкеге салып қолымыз бен бір аз қысып шырынын аламыз. Шырынға бал, грек жаңғағын қосамыз. Осы қоспаны күніне үш мезгіл, бір ас қасықтан ішіп тұрыңыз.

Мысалы, оның жай ғана шырынымен бетіңізді сүртіп тұрсаңыз, бет терісі жұмсарып, ұсақ әжімдер азаяды.

Алоэның жапырағын жуып аламыз да ауырып тұрған тіске басамыз.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса, немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне екі- үш рет алоэ шырынын ішіңіз.

Демікпеге жас алоэны езіп, шырынын күніне үш рет, әр ретте 5 мг-нан ішеді.

Косметикалық маска жасау: жұмыртқаның ақ уызын қаймақ пен араластырып, оған алоэ шырынын қосамыз. Бұл қоспаны бетке аптасына 1- 2 рет жағып тұрса, бет терісі ағарады.

Қазтамақ- жедел жәрдем.

Қазтамақ- бөлме гүлінің 280 түрі бар. Сабағы тік, сыртын түк басқан. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында бояғыш заттар калций мен каротин, С дəрумені, жəне эфир майлары бар. Ғалымдар зерттей келе қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-қеріс болмайды екен. Ал ұрыс бола қалған жағдайда ,өсімдік адамның жүйке-жүйесіне əсер ететін зат бөлу аркылы, ұрысып қалғандарды тез татуластырады екен. Бұл өсімдік жарық сүйгіштер қатарына кіреді. Əсемдік үшін аулада өсіруге де болады.

Қазтамақ- ғажайып өсімдік. Қазтамақтың жапырағынан ауруларға қарсы неше түрлі тұнба, қайнатпа, езбе, компресс жасайды. Қазтамақ суық тиюден бастап қатерлі ісікке дейін көптеген ауруларды еш қиындықсыз, оңай емдеп жазады.

Қазтамақ:

1.Жөтел.

2.Жүйке ұстамасы.

3.Тұмау, тіс ауыру.

4.Бүйректегі тасты түсіру.

5.Остеохондроз.

6.Құлақ шаншу, қан тоқтату.

7.Қан қысымын реттеу.

8.Ревматизмге қарсы қолданылады.

Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, буын мен бұлшық еттін ауруы, сегізкөзді емдеуге қолданады. Және де шаштың түсуіне қарсы, баспа мен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда қабылданатын ваннада пайдаланылады.

Қазтамақты косметологияда да қолданады. Гүлдің 200 грамм ұсақталған жапырағы мен гүлінің шырынын сығып, қақпағы бар ыдысқа құйып, тоңазытқышқа қояды. Дайын болған мұзды таңертең бетке уқалап жағады. Ол беттің қан алмасуын жақсартып, өңін кіргізіп, теріні жақсартуға көмектеседі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!