Материалдар / Ғылыми жұмыс: Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс: Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоба «Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік » атты тақырыпты зерттеуге арналған. Зерттеу жұмыс мектеп қабырғасында жүргізілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
1910
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жусансай» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Ғылыми жоба





Тақырыбы: Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік

Орындаған: Қалшабек Айша























2021-2022 оқу жылы

Деректеме



Автордың аты-жөні: Қалшабек Айша

Жетекшісінің аты-жөні: Бекмырза Айнұр

Тақырыбы: Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік

Зерттеу жұмысы орындалған мекеменің толық атауы: «Жусансай» жалпы орта мектебі











































1



Пікір

Мектептің 9 А сынып оқушысыҚалшабек Айша Дінмұханбетқызы мектеп қабырғасына келген күнен бастап, білімге деген талпынысы, ойлау-қабілеті ерекше, тұрақты, қызығуы мол, білімге өте құштарлы. Өз ойын ашық, кең көлемде жеткізе алатын оқушы. Мектеп ішілік және мектептен тыс іс-шараларға белсенді түрде қызығушылықпен ат салысады. Өзінің іздену әрекеттену қабілетінің арқасында ғылыми жұмыспен айналысып уақытын тиімді пайдалана білетін оқушының бірі. Осы аталған ғылыми жұмысында «Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік» атты тақырыбында ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижесі барысында толық ақпарат берілді.





Осы жұмысты тексерген мұғалім : А.Бекмырза

































2

Мазмұны



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлімі

Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік

ІІІ. Қорытынды

ІY. Пайдаланған әдебиеттер тізімі











































3



Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік атты ғылыми жұмыс



Аннотация

Бұл жоба «Менің елімнің басты құндылығы-Тәуелсіздік » атты тақырыпты зерттеуге арналған. Зерттеу жұмыс мектеп қабырғасында жүргізілді. Ғылыми жобамда тамырын тереңге жайған қазақ елі-бүкіл ел мойындаған, қазіргі таңда «Мәңігілік Ел» идеясымен қаруланған-Ұл Дала Елінің өткен тарихы мен бүгінгі тарихын ұштастыра білу.

Ата-бабамыз тәуелсіздікке оңай қол жеткізген жоқ. Тәуелсіздік ата-бабамыздың сан-мыңжылғы асқан арманы. Сол арманға біз 1991 жылы 16 желтоқсанда қол жеткіздік. Міне осы тәуелсіздік алғанға да 30 жылдай болып қапты Осы уақыт аралығында қаншама жетістіктерге жеттік. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілі тату әрі бейбіт өмір сүруде. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясында көптеген қызымет атқарамыз. Президент Н.Ә.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығандай сақтау арқылы «Мәңгілік Ел» ел бола алатынымызды атап өтті. Мен «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары , Қазақстан 2050 стратегиясының түпқағазы етіп алдым.

Тәуелсездікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткізген тарихи шындығы, ақиқаты.





















4

Кіріспе

Аз уақыт ішінде бүкіл әлемге танылған, тамырын тереңге жайған еліміздің тарихына көз жүгіртер болсақ, ойымызға неше түрлі сұрақ келетіні ақиқат. Мысылы, «Біз кімбіз», «Ата-бабамыз кімдер», «Қай жерде өмір сүрдік», «Тіліміз бен салт-дәстүр дегеніміз қандай» ?

Бұл сұрақтарға жауап іздер болсақ, Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен, сақтап қалған сарқыты, ғұннан қалған жұрнағымыз. Біз қазақпыз.

Еліміз тәуелсіз, егемен ел болып нық тұрғанына ширек ғасырға жуық уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында тәуелсіздігімізді құлатпай ұстап, бірлігі жарасқан ұлт болып, сіз-біздігімізді құлатпай ұстап, бірлігі жарасқан ұлт болып, тамырлы тарихымызды жаздық. Осындай Ұлы Дала төсінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойын атап өтудеміз.

Сонау ХІY-ХY ғасырда алғаш рет «Қазақ» деген атпен еніп, Керей мен Жәнібек бастаған, Абылай хан, Қасым хан тұсындағы бейбіт елдің болашағы бағдарлы тәуелсіз Қазақстан мен жалғасын тауып жатыр. Бабаларымыздың сан мың жылғы асқақ, баға жетпес арманы тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға жететін шежіресі бар. Татулығымыз бенбірлігіміздің арқасында жайғана тәуелсіз мемлекет емес, әлемдік аренада өзіндік орны бар басқа елдер қызығып әрі қызғанып қарайтын тамаша, ауа-райы керемет, табиғаты әсем ел екеніміз рас. Қазіргі таңда бұны қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем мойындайды.

Тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың соғыстарының, қаншама адам өлімінің, шығындардың арқасында қиналып жеткен баға жетпес жетістігіміз. Тәуелсіздігіміздің тұғырын, түп қазығын мықты етіп ұстау халықтың бірлігі мен ынтымақтастығына байланысты болып тұр. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Бабалар ерлігі, бүгінгі буынымыздың ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз » деген қанатты сөзінде аса бір мағыналы мән жатқан сияқты. Көптеген сынақтар мен қиындықтарды басынан кешірген Қазақстан, бүгінде аяғынан нық тұрып, болашаққасеніммен қарайды. Қазақ халқының басына неше түрлі соғыстар, ашаршылықтар, қиын кезеңдер өтсе де, руханиаты мен тілін, дінін, жерін сақтап қорғап келген ата-бабаларымызға айтар алғысымыз шексіз.







5



Негізгі бөлім



«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ елі тәуелсіздігін алды, содан бері 30 жыл уақыт өтті сол уақыт арарлығында көптеген жетістіктерге жеттік. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату әрі бейбіт өмір сүруде. Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәмізімізді, туымызды, елтаңбамызды енгізіп, салт-дәстүрімізді жандандырдық. Тәуелсіздігіміздің арқасында көп тірліктер орын алып, жүзеге асырылды соның тағы біреуі, 1993 жылдың 15 қарашасында өзіміздің ұлттық валютамыз-теңге айналымға түсті. 2002 жылы Еуразияның кіндігі-Астананың төрінде Елбасының идеясымен Елорданың символына айналған биіктігі 105 м, диаметрі 22 метрлік«Астана-Бәйтерек» монумент салынды. Бәйтерек ежелгі түрік сөзі «бәй-үлкен, терек-ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек, «зәулім ағаш» деген сөз. Тарихи аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет, толыққанды қатысушы, әлемдік саясат-субъектісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді.

Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қырғызстанмен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен және Қытаймен шекараласады. Әзірбейжан және Иранмен су шекаралары бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өсіп-өркендеуі, гүлденуі үшін 1997 жылдан бері алғашқы жолдауын жолдаған болатын. Осы уақыттан бері Елбасымыз жыл сайын халқына жолдау арнайды.

Қазақ елі тәуелсіз алды, оны мәңгілік тәуелсіз болу үшін Құндылықты сақтауымыз керек, олар: Қазақстан тәуелсіздігі, Қоғамымыздағы ұлт бірлігі, Зайырлы қоғам, Экономикалық өсу, жол қауіпсіздік. Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясының түп-төркіні тереңде жатыр. Мәңгілік Ел болуды, яғни халықтың тарих санасынан өшпей, сақталып қалуын ата-бабамыз бұрынан армандаған. Оның тарихи негізі сонау YI-ХII ғасырлардағы Орхон-Енесей жазбаларынан басталады. Тоныкөктің тасқа қашалып жазылған жазбаларында «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...»-деген жолдар кездеседі. Бұл-«аспан мен жер барда жердің бетінде түркі халқы қалады, ол Мәңгілік Ел болады, жер бетінен жойылып кетпейді»- деген тілектен туған идея.

Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз осы уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындығына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолында талай биік белестерді бағындырды, толағай табыстарға қол жеткізді,

6

әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енді.

Елбасымыздың елдідамытудағы стратегиялық бағдарламалар ретімен өз дәрежесінде жүзеге асырылып отырды.

Осы отыз жыл ішінде біз неге, қандай жетістіктерге қол жеткіздік?

ІІІ мыңжылдықтың ұлттық мүдделері мен сын-қатерлеріне сәйкес келетін қазіргі заманғы типтегі Қазақстан мемлекеттілігі 1990-2000 жылдары қалыптасты. Бұл аса маңызды кезеңнің тарихи маңызы дәл осы онжылдықтарда заманауи мемлекеттің негізін қалаушы тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев бастаған Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан бастап нақты мемлекеттік егемендікке дейінгі өткерген қиын жолында, әлемдік аренаға тәуелсіз мемлекет ретінде енді.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері: тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің ерекше белгісі ретінде Елтаңба, Ту және Әнұран қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 29 қазандағы жарлығымен ұлттық валюта-теңге Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізілді. Алғашқы мемлекеттік акт-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация» болып табылады.

1993 жылы 28 қаңтарда егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізіліп, оған қатысқан азаматтардың 90 %-дан астамы жаңа Конституцияға дауыс берді. Егемен Қазақстан демократиялық, зайырлы, әлеуметтік-құқықтық және унитарлық мемлекет болып жарияланды, ол үшін адам, оның өмірі,құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылады.

Егемен Қазақстанның алғашқы Конституциясы жоғарғы заң күші ретінде ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздіктің негізін қалады. Ел тәуелсіздігі Қазақстан халқының нағыз рухани жаңғыруына бұрын соңды болмаған мүмкіндіктер ашты. Ғасырлар мен ондаған жылдар бойы ұмтылған тұлғалардың есімдері мен жәдігерлері оралды. Мемлекеттік қазақ тілі қайта жанданды.

Осы кезеңде республикада тарихты еске алу шаралары, қазақтың ұлы билері-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би; қуғынға ұшыраған қайраткерлер-Т. Рысқұлов, С. Ходжанов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, желтоқсан оқиғаларының қаһармандары және т.б сияқты көрнектітұлғаларды еске алып, құрмет көрсету шараларының тәжі өткен жылы ақын, қоғам қайраткерлері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы атап өтілді.

7

Міне осы уақыт ішінде осынша оқиғалар орын алды. Қазақтың жер астындағы кен байлығы өте көп, ұлан-ғайыр, ол халыққа жұмыс істейді, ол болашақтың шаруасы. Ал жердің үстіндегі ең үлкен байлығымыз- біздің сауатты, ақылды халқымыз. Отанын, елін, жерін сүйетін ұлы халқымыз.

Қазақстан жер көлемі жағынан жағынан 9-ыншы орында. Қазақстан жер көлемі жағынан ең үлкен 10 елдің ішіне кіреді. Одан қалса Менделеев кестесіндегі элементтің бәрі Қазақстанның жер астында бар. Қазақстан осындай керемет әрі тәуелсіз, бейбіт мемлекет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі-Елордамыз тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Тіл бірлігінің мысалы Еуропа елдерінде де, әлемнің басқа құрлықтарында да жеткілікті. «Қазақстан» деген атаудың өзі халықаралық терминде «Қазақ елі» дегенді білдіреді. Ал мемлекетке өз атауын берген төл халқының 65 %-ке жеткен қазақ жұрты тұрғанда басқа азшылдық диаспоралардың тілі ешқашан елді біріктіруші фактор бола алмайды. Елбасы келтірілген дерек бойынша, былтырғымен салыстырғанда, тілін білуге талпынғандар саны 10 %-ға өсіп отыр. Бұл өте жақсы жетістік. Дін бірлігі негізінен, мұсылман елдеріне тән. Араб елдерінде мемелекеттік саясат ислам құндылықтарына қарай құрылған. Мәселен, араб әлемінде мемлекет тарататын ақпараттың 90 %-ын ислам тақырыбына арналады екен. Ал халықтың 70 %-ын мұсылмандар құрайтын Қазақстан үшін осы бағытты ұстанудың мүмкіншілігі жеткілікті деп ойлаймын. Ұлттық бірлік туралы айтар болсақ, біз тек жергілікті бір ғана ұлттан құрылған мемлекет емеспіз. Бүгінде бір ғана ұлттан құрылған мемлекет саусақпен санарлық. Біздің мемлекетімізде жүз отыздан аса ұлт өкілі тұрады. Дегенмен Қазақстан унитарлық, ұлттық мемлекет болып саналады. БҰҰ-ның 1992 жылғы жіктеуі бойынша, Қазақстан ұлттық мемлекеттер қатарына кіреді. Егер әлемде 200-ге тарта мемлекет бар десек, солардың 90 %-і ұлттық мемлекеттер. Халықаралық стандарттар бойынша мемлекет тұрғындарының 1%- ынан асатын ұлыстар ғана диаспора аталуға хақылы.Еліміз Тәуелсіздік алғалы 30жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп отыр.

Ел экономикасындағы толғағы жеткен мәселелерді терең түсінетін Елбасы,міне осы тұста нақтылап айтқанда,2005 жылы қаңтар айында Астанада өткен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде және өңдеуде,соның ішінде мақта шаруашылығының жоғары әлеуетін ашуда кластерлік жүйені белсенді пайдаланудың қажеттілігін,осы арқылы тоқыма өнеркәсібін дамытуға болатынын мақта өндіру,өңдеу саласының келешегі бар екенін көрсетіп

8

айтты.Елбасымыз денсаулық сақтау мен спортқа да бей-жай қараған жоқ.Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеріп,көптеген ауруханалардың салуына ықпал жасады.Қазіргі таңда Елбасы жолдауларының бірінде «Дені сау анадан-дені сау бала» туылатынын айтып, ана мен бала денсаулығына да қатты көңіл бөлініп отыр.Мемлекеттежұмыс істемей отқан аналарымыздың да жағдайын естен шығарған жоқ.Балалардың денсаулығына,тамағына жұмсау мақсатында біржолғы жәрдем ақы мен бір жасқа дейінгі жәрдем ақыларын көбейтіп отыр.

Тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев Ұлы Даланың маңыздылығына жете назар аударып, биік белеске көтеріп отыр. Н.Назарбаев “Тәуелсіздік еш уақытта ештеңеге айырбастамайтын мәртебелі құндылығымыз”-деп айтып өткен.Шынында да “тәуелсіздік” деген тәтті ұғым азаттығын, ежелден еркіндігін аңсаған елдердің басына жүздеген, мыңдаған жылдарда үздіктіріп барып бір-ақ рет қонатын бағасы жоқ бақ. Сол кездегі ашаршылықтан, езгіге шыдай алмаған, аласапыран заманда, көптеген ұлттар саны жыл сайын, күн сайын кеміп отырғаны, аурудан айығымай, елден безіп, көшіп-қонумен болғаны мәлім. Осы жайтты ескеріп, жүрегімен түсінген авар халқының айтулы да атақты ақыны Расул Гамзатов ашынып “Егер менің халқым ертең жер бетінен жоғалатын болса, мен бүгін өмір сүрмей-ақ қояйын” деген екен. Бұл күнде қай халықтың қатарынан қалып, өзге елдің құлдық қамытын киіп, құлақ кесті құлына айналғысы келеді дейсің?! Сол кездегі Империя деген алып күш өзінен әлсіздерді әлсірете бағындырып, азшылыққа ұрындырып, ата-жұртынан қалған жерлерін тартып алып, ашықта- ашық билеп төстеуге дағдыланған еді. Ащы болсада олар қаныпезер қатігездіктің, адам баласының ойына келе бермейтін зұлымдықтың сан үлгісін ойлап тауып, бодандықта болған халықтардың қанын теспей сорып, қансыратып бақты. Біздің қазақ халқында Ресей отарлаушылары қаншама тырысса да жер бетінен жойып жібере алмады.Зұлымдықтың ғұмыры ұзақ болмайтынын тамыры тереңде жатқан тағылымды тарихымыз барша жұртқа дәлелдеп берді. “Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын”-деген қазақ халқының тұңғыш елбасысы Н.Назарбаевты бүгінгі таңда Тәуелсіздігіміздің арқасында бүкіл жұмыр жер жұртшылығы таныған, барлық мемлекеттердің басшылары жоғары бағаларын беріп,оның іскерлігін мойындаған, егеменді елімізді тұғырлы тұғырына қондырған осы сөзінен санасының сәулесі бар адам шындықтың сыңғырын естірі анық.







9

Қорытынды



Қорытындылай келгенде, “Малым-жанымның, жаным-арымның садағасы”-деген қағиданы ана сүтімен бойға дарытқан ата-бабаларымыздың қазақ деген бір ауыз сөз үшін ары жанынан жоғары тұрған. Енді ойлап қарайықшы, біз қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда бейқам өмір сүріп жатырмыз, сол кездегідей таршылық, алауыздық пен ашаршылықтан тым бөлек әлемде өмір сүріп жатқандаймыз. Оған не себеп?! Әрине, түрлі мемлекеттермен ұштасып жатқан ұлан-ғайыр жерді жарт жұртқа бермеу үшін қайтпас қайсар бабаларымыз жан аямай күресті. Елін, жері мен қазақ тілін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің әр қадамы үшін басын өлімге тіккен батырларымыздың бойындағы ерен күш, биік рух үлкен жеңіске алып келіп отырғаны бірден-бір себебі десемде болады. Сондықтан да, тарихымызды жадымызда сақтап, қай елде, қандай ортада болмасын өзіміздің шыққан тегіміз бен туған тілімізді жоғары қойып, өзімізден кейінгі жастарға айтып жүруіміз керек. Сонда ғана ата-бабамыздан қанмен берілген өжеттілік, тектілік пен ұлтшылдық секілді қасиеттер бізді де, болашақ ұрпақты да жаңа белестерге жетелейтініне сенімдімін.Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. ХХI ғасыр-білім ғасыры. Біздің алға қойған мақатымыз-өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Тәуелсіздік-біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз. Осы бақыт үшін баршамыз тәубе дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз. Сүйікті Отанымыз-Қазақстан мәңгі құлпырып, жарқырай берсін!

















10





Пайдаланған әдебиеттер



  1. https : / massaget.kz «Мәңгілік Ел»

  2. 9-сынып қазақ тілі «Арман-ПВ» баспасы 2019 жыл

  3. Article kz.com.

  4. https :/nlkh.kz

  5. egemen.kz

  6. history.kz.

  7. edunews.kz

  8. https:/www.nlrk.kz.







































11

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!