Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: «Ұзақ күйші»
Тарих пәні мұғалімі. Қазбаева А.С
2018-2019 оқу жылы
Мазмұны
-
Кіріспе бөлім: -------------------------------------------------------------------------
-
Ауыл тарихын білу –азаматтық -------------------------------------------
-
Күйші Ұзақтың өмір жолы -------------------------------------------------
-
-
Зерттеу бөлімі -------------------------------------------------------------------------
-
Күйшінің ұрпақтарымен сұхбат ------------------------------------------
-
Ұзақ күйші ғалымдар көзімен ---------------------------------------------
-
-
Қорытынды бөлім --------------------------------------------------------------------
-
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ----------------------------------------------------

Жұмыстың мақсаты, міндеттері – талдау, саралау негізінде күйшінің өмірімен, шығармашылығымен танысу. Қалың жұртшылыққа Ұзақ күйшінің ұзтаздық, күйшілік қасиеттерін жеткізу.
1. Кіріспе бөлім
1.1. Ауыл тарихын білу – азаматтық
Қаратөбе өңірі әсем ән әлдиімен қатар, күмбірлеген күміс күйімен де тарих сахнасында елеулі орын алатын өңірлердің бірі. Қазіргі жас ұрпақ ата сөзін зердесіне түйіп, көпшілік басы қосылған жиын тойларда майын тамыза әңгімелеп отырса – қандай жақсы. Бірақ ол үшін ел тарихын, ел аузындағы аңыз-әңгімелерді терең түсіне білу қажет. Атақты халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлын күй құдіретіне баулыған ұстазы Ұзақ күйшінің зираты Қаратөбе өңірінде екендігін бұқара халық жақсы біледі. Менің жобама осы кісіні арқау еткен себебім: біздің киелі Қаратөбе өлкесінен күйші дара азаматтардың жас ұрпаққа таныту болып табылады.
1.2. Ұзақ Мырзабайұлының өмір жолы
Ұзақ – бұрынғы Бөкей хандығына (қазіргі Атырау, Орал-Жайық алқабына атағы жайылған дүлдүл күйші. Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбаевтың ұстазы. Күйшінің өмірі жайлы деректер өте аз. Өмір сүрген кезеңімен алғанда ХVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысына келеді, - деп атап көрсеткен Ахмет Жұбанов өз еңбегінде.
Ұзақ Мырзабайұлы - бұрынғы Бөкей хандығына атағы жайылған дүлдүл күйші, төкпе күйлердің орындалу мәнерінің негізін қалаушылардың бірі. Тегі – Барамықтың Сырлыбайы. Ұзақтың зираты Қаратөбе ауданының Аққозы ауылдық округі аумағындағы «Ақтұлым» қорымында.
Ұзақ Мырзабайұлының ұрпағы Қазбай Хасанның келтірген деректеріне сүйенсек, Ұзақ күйші шежіресі төмендегіше тармақталады. Алаша - Барамықтың Сырлыбайынан екі бала – Қожаназар, Байназар өреді. Қожаназардан жалғыз Өтеулі, ал одан төрт бала тарайды. Соның бірі – Мырзабай. Мырзабайдан екі бала – Ұзақ пен Құлшық туады. Ұзақ кейін белгілі күйші болады. Одан Киікбай, Құлман, Рахметолла, Сірелі, Ораз деген бес бала өрбиді.
Ұзақтың інісі Құлшық Мырзабайұлынан Сұлтанғали, Қопа, Нұрмақ, Ақпамбет деген төрт бала болған. Қопадан Жанғазы, Нұрғазы тарайды.
Ұзақ күйші Сағырбайдың үйінде қонақта болғанда кішкене Құрман (оның шешесі еркелетіп Құрман дейтін) 13-14 жас шамасында болса керек.
Ұзақ жөнінде А.Жұбанов: Хан-Базарда (Орданы бір кезде солай атайтын. А.Ж.) болып тұратын домбыра тартыстың қызу ортасында жүретін, Бөкей хандығына атағы жайылған Ұзақ атты күйші болды. Өзінің туып-өскен жері Жайық өзенінің шығыс жақ беті болғанымен, домбырашылық дәстүрде Ұзақ Бөкейлік жағына бейім болды (Өзі Алатауда туғанымен әншілік сүтін Көкшетау дәстүрінен еміп ауызданған Балуан Шолақ сияқты А.Ж.). Өмір тәжірибесі де, көрген-білгені де көп Ұзақ қайда жүрсе де қадірлі, сыйлы қонақ болды. Өзі күй шығаруды машық етпегеннен бе, Ұзақтың атымен байланысты күй бізге бірен-саран болып қана жетіп жүр. Бірақ өзінің аса қабілетті орындаушылығы және сол өңірдің күй қорының көпшілігін меңгергені арқасында Ұзақ күй жарысында жүлдені басқаларға бере қоймайтын. Міне, осы Ұзақ қарт өзінің бір сапарында Сағырбай қоңсы қонып отырған баяғы Шағбала байдың ауылына келеді. Әдетше байды, барды сағаламайтын Ұзақтың ат маңдайы Сағырбайдың қоңыр үйіне келіп тіреледі. Қонақуар Алқа барынша Ұзақты күтеді, сыйлайды, «барым әзір, жоқ жәй» көрсетеді. Күй кешіне жиналған халық Сағырбайдың төрт қанат үйінің «аузы-мұрнынан» шығады. Таң саз беріп атқанша Ұзақтың күйі таусылмайды. Бірінің артынан бірі түйдектеліп небір әсем күйлер кетіп жатады. Күйдің басында, орта жеріне ауызша түсінік беріп, аяғында «осылай болыпты» деп қорытқан сан түрлі, сан мазмұнды күйлер тыңдаушы халықты балқытады. Ақылдының сөзіндей ойлы күйлер үзік, түндегі жұлдыздай болып шұрқ-шұрқ үйге жел соғып тұрғанын да тыңдаушыларға байқатпайды. Күй кеші – көңіл кешіне айналып, күндіз байдың малын баққан, шөбін шапқан, малын сауған еңбек адамдарының бейнет басқан еңселерін бір көтеріп тастайды. Шалдар басын шайқап, кемпірлер ауыздарын сылп еткізіп, өздерінің ризалықтарын, таң-тамаша қалғандарын әрқайсысы өз бойында бар сезімдерімен білдіреді.
... Осы бір көпшіліктің ішінде артықша ықыласпен тыңдап отырған, қаққан, басқан қолдарына бірдей қарап көзін айырмай, күйлердің ара-арасындағы әңгімелерді ауызының суы құрып тыңдап, күйшінің бір қозғалысын қалт жібермей аңдып отырған бала жігіт Құрманғазыға Ұзақтың қырағы көзі түседі. Ауыл адамдары тарқап, өзді-өзі қалған кезде Ұзақ Құрманғазыға домбыра тарттырады. Жас талапкер Ұзақтың өз «Ақжелеңін» бір тартқаннан қағып алып, бұлжытпай қайта орындап береді. Өзінің жорамалы жөнге келгенге қуанған Ұзақ Құрманғазыға ақыл айтады, оның домбырашылығының болашағы айтарлықтай мол екендігін баяндайды...Ұзақ “Ұзақ Ақжелең” күйін тартқанда жас Құрманғазы сол күйді аудармай тартып беріп, Ұзақтан бата алған. Кейін күйші ұстазына арнап “Ақжелең” күйін шығарған. Бізге жеткен «Ұзақ Ақжелең» күйін А.Жұбанов нотаға Дина Нұрпейісованың тартуында түсіріп, “Құрманғазы” атты кітабына енгізген.
Ұзақ асқан домбырашы болыпты. Домбырасының шанағы кішкентай, ожаудың үлкендігіндей екен, ат дорбасына салып, қанжығасына байлап жүріпті. Ұзақтың жас Құрманғазыны кездестіруі – болған тарих. Бірде Ұзақ домбырашы Сағырбай қоныстанған Шағбала байдың ауылына келеді. Байдың ақ отауына емес, Сағырбайдың қара лашығына құдайы қонақ болып ат басын тірейді. Сол күні Сағырбайдың үйінде күй кеші өтеді. Қоналқы келген құдайы қонақ тегін кісі болмады. Киіз қапқа салынған сындырмалы домбырасын қолына алып, тартқан күйлері тыңдаушыларын желпіндірді. Сағырбайдың үйінде күй тартып отырған Ұзақтың көзі бар ынтасымен күй тыңдаған балаға түседі. Ұзақ өзі шығарған «Ақжелең» күйін тартып болып, домбырасын әлгі балаға ұсынады. Далада өзінің қолдан жасаған домбырасын тартып дағдыланған Құрманғазы сол бойда Ұзаққа «Ақжелеңді» қайталап тартып беріпті. Болашағының зор екенін байқаған Ұзақ балаға «мықты домбырашы бол» деп бата береді. Академик Ахмет Жұбанов «Құрманғазы» кітабында (Алматы, 1950 жыл) «Құрманғазының көп уақыт іздеп, алған бата берген Ұзақ қартты тауып алатыны, қарт күйшінің Құрманғазыны құшақ жая қарсы алатыны, Құрманғазы мен Ұзақтың ел кезіп, домбыра тартыстың не бір базарларында болғандығы, өзі күй шығаруды машық етпесе де, Ұзақ шығарған «Ақжелең» күйі қазір де аракідік орындалып жүр. Бірақ өзінің қабілетті орындаушылығы және сол өңірдің күй қорының көпшілігін меңгеру арқасында, Ұзақ күй жарысында жүлдені басқаларға бере қоймайтыны» айтылады. Құрманғазы күй тартуды үйрену үшін Бөкей бетінен Ұзақты іздеп Жақсыбай болысындағы Аққозы ауылына келген. Сондықтан Құрманғазының табаны Қаратөбеге де тиген деп айтуға болады. Ұзақ пен Құрманғазы екеуі ел аралап, күй тартыстың небір базарла-рында сайысыпты. Ұзақ пен Құрманғазы Маңғыстау асып, адай елінде болыпты. Құрманғазы бұл сапарынан күйшілік тәжірибе жинайды. Кейін күйші Ұзақ ұстазына арнап «Ақжелең» күйін шығарыпты. Бізге жеткен
«Ұзақ Ақжелең» күйін А.Жұбанов нотаға Дина Нұрпейісованың тартуында түсіріп, «Құрманғазы» атты кітабына енгізген.
2. Зерттеу бөлімі
2.1. Күйшінің ұрпақтарымен сұхбат
Хасан Қазыбаев айтқан әңгімелер
Хасан ағай күйші атасы жайлы Қазыбай әкесі айтқан әңгімелерді жадында сақтап жүр екен. Соларды ұсынамын.
Бірінші әңгіме. Ел жадында сақталған әңгіме бойынша ертеде Ақжелең есімді күйші қыз болған деседі. Қазақтың күйшілері қыздарға арнап шығарған күйді «Ақжелең» деп атапты. Күйші Ұзақта ХҮІІІ ғасырдың соңына қарай «Ақжелең» күйін шығарыпты. Ахмет Жұбанов Дина Нүрпейісованың орындауында алғаш рет нотаға түсірген. Сонымен қатар Ұзақтың «Қозы», «Қазтуған», «Қарасай», «Асан», «Бозбұқаның зары» күйлері болған.
Екінші әңгіме. Әкем Қазыбай немерелерін жұбатып отырып , ернімен «Бозбұқаның зары» деген Ұзақ атамның күйін ернімен тартып отыратын. «Бозбұқаның зары» деп аталу себебі, мал ұрлаушылар ұрлап кеткен малдармен бірге қолды болған бұқа барған жерінен қашып шығып, адасып шөл далада елін іздеп мөңіреп келе жатқаны деп отыратын. Осы әңгіме біздің үйде жиі айтылатын.
Үшінші әңгіме. Қызылқұрт Сағырбайдың баласы Құрманғазы ақысына қысырдың тайын байлап, айлап жатып домбыра тартуды үйренген дейді. Соған қарағанда Ұзақ сол Құрманғазымен қатар адамдар болса керек.
Ұзақ сондай домбырашы болыпты. Оның домбырасы кішкентай, ожаудың үлкендігіндей екен. Ат дорбасына салып алып жүреді екен. Бірінде жетіру жағында жолаушылап келе жатып, сусын ішуге түс мезгілінде бір ауылға бұрылыпты. Ағаш үйге келіп, сусын сұрағанда бір бойжеткен келіп қымыз береді.. Ұзақ қымызын ішіп отырып, төрде ілулі тұрған домбыраға көзі түседі. «Қарындасым, ана домбыраны көрсетші» деп сұрапты. Қыз «әкем домбырасын басқа біреудің ұстағанын біледі, бірақ жаратпайды.Маған ұрсады, алып бере алмаймын», деп айтқанымен, артынан ұялған шығар, домбыраны алып беріпті. Ұзақ домбыраны бірер шертіп қарапты да, « мә, қарындасым, орына қоя ғой», деген екен. Мал суарып келген қыз әкесі төрдегі домбырасын қолына алып, «домбырамды кім қозғады» деп сұрапты. Қызы әкесі мал суаруға кеткен кезде болған жәйді жасырмай айтып, «ол кісі сұрағасын ұялғандықтан домбыраңды алып бердім. Бірақ тартқан жоқ. Бірер шертіп көргенде домбыраның дауысы өзгеріп кетті» дейді. Домбыра иесі Ұзақты соңынан қуып, іздеп шығып, оны келесі ауылда қуып жетіпті. Екеуі күй тартысқанда Ұзақ мәсін шешіп тастап, башпайымен тартыпты. Ана кісі тарта алмай қалады. «Сенің башпайыңа дейін домбыра тартады екен. Мен жеңілдім. Сен жеңдің» депті де, үйіне әкеліп, бір айдай қонақ етіп, кетерінде үстіне шапан жауыпты.
Төртінші әңгіме. Ұзақ ертеде ас үсті келе жатып, шөлдеп бір қоныстан сусын ішуге үйге кірісімен, көзі төрдегі домбыраға түседі. Жаңағы үйдің қызы берген сусынды ішкен соң Ұзақ домбыраны алып беруді сұрайды. Домбыраны қолына алып бірер шертіп көріп, қайтарып беріп, шығып кетеді. Көптен соң келген үй иесі домбырасын алып, қағып көреді де, «домбыраны кім қозғаған?» деп сұрайды. Сонда қызы жаңа болған жайды баяндап береді. Әлгі әңгімені үй иесі ести сала Ұзақтың артынан қуғыншы жіберіп, үйіне алдыртады. Түнімен Ұзақ екеуі күй тартысады. Әбден жеңісе алмаған соң Ұзақ домбыраны аяғының башпайларымен ойнаған екен. Қолымен ғана емес, башпайларымен домбыра тарта білген күйшіден үй иесі жеңіліпті.
Бесінші әңгіме. Бір жылдары Ұзақ ұзақ уақытқа жоғалып кетеді. Елде әртүрлі аңыз тарайды. Дінге сенетін адамдар оны пері алып кетті дегенді шығарады. Артынан жыл өткесін күз айында елге оралады. Қайда болдың деген сұраққа. Құрманғазы екеуі қосылып, Маңғыстау жағында адай руында болғанын айтыпты дейді. Менің әкемнің айтқандарынан есімде қалғаны осылар, -деді Қазыбаев Хасан.
2.2. Ұзақ Мырзабайұлы ғалымдар көзімен
Тарих бетіне үңіліп қарасақ Ұзақ күйші туралы деректер аз. Менің жобамды жазудағы мақсат та сол: күйші атамызды баршаға таныту. Осы жұмысты жазу барысында аудандық мұрағат бөлімінен де күйші атамыз туралы деректер сұрап барған едім. Өкінішке орай онда да айтарлықтай деректер жоқ екен.
Википедия, БҚО энциклопедиясында, Қаратөбе ауданы тарихи –танымдық анықтамалық кітабында Ұзақ Мырзабайұлы туралы «Ұзақ (шамамен 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың 1-жартысында қазіргі Орал обл-нда өмір сүрген) - қазақтың халық күйшісі. Құрманғазының жолын ашқан ұлық ұстазы осы Ұзақ күйші, Ұзақтың ұстазы Боғда деп есептелінеді. Ұзақ сол кезеңдегі күйлердің көпшілігін жете меңгеріп, өте шебер орындаған; күй тарту жарыстарына қатысып, үздік орындаушылық қабілетімен атағы шыққан. Ол "Ұзақ Ақжелең" атты күйлердің авторы» деген мәліметтермен шектеледі.
Күйші туралы ең бірінші дерек беруші академик Ахмет Жұбанов болатын. Ол «Ғасырлар пернесі» кітабының «Құрманғазы» деген бөлімінде «Хан –Базарда болып тұратын домбыра тартыстың қызу ортасында жүретін, Бөкей хандығына атағы жайылған Ұзақ атты күйші болды. Өзінің туып, өскен жері Жайық өзенінің шығыс жақ беті болғанымен, домбырашылық дәстүрде Ұзақ Бөкейлік жағына бейім болды. Ұзақтың атымен байланыстыкүй сіз бен бізге бірен-саран болып қана жетіп жүр», - деп жазса.
Белгілі өнер зерттеушісі Ақселеу Сейдімбек күйші Ұзақ жайында өз ойын былай тұжырымдайды: «Ұзақ ХҮІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Орал облысының жерінде ғұмыр кешкен белгілі күйші. Атырау аймағындағы күйшілік дәстүрді жете меңгерген дәулескер домбырашы. Әйгілі Құрманғазы Ұзақты ұстаз тұтқан.»
Дина Нүрпейісова бір әңгімесінде: «Ұзақ асқан орындаушы болды, бірақ өз жанынан күй шығарған емес, мына Ақжелең Құрманғазынын Ұзақ ұстазына арнап шығарған өз күйі» деген болатын.
Жерлес өлкетанушы жазушы Қ.Хасанов өз
мақаласында « Халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының ұстазы,
күйші Ұзақ Мырзабайұлы, Жәңгір ханның төңірегінде жүрген би Ошырты
Баймұратов, жырау Байтоқ Сүтенұлы Аққозы ауылының тумалары
екендігін бірі білсе, бірі
білмес.
Ұзақтың зираты Қаратөбеден Аққозы ауылына
бара жатқанда тас жолдың оң жағында бес жүз метрдей жерде «Ақтұлым»
деген көне қауымда жатыр. «Ақжелең» күйін шығарған Ұзақ күйшінің
ұрпақтары Аққозы ауылында, Орал қаласында тұрып жатыр. Мен бұл
домбырашы жайлы зерттеп «Ұзақ күйші» деген кітап
жаздым.
4. Қорытынды бөлім
Домбыраның шанағынан төгілген күй құдіреті өн-бойыңды рақат сезімге бөлеп, рухыңды асқақтататыны сөзсіз. Сүйгүліктің шабысындай көрінетін домбыраның қағысы алты алаштың айбарлы намысы болғалы қашан?!
Мен бүгін күйші жерлесіміз Ұзақ Мырзабайұлының өмір жолы, шығармашылығының бір бөлігін ғана көрсеттім. Алда осы жұмысымды дамытып, баршаға таныту – менің мақсаттарымның бірі. Ұзақ атамыз қиын қыстау кезде домбырасын тастамай, өзінің күйші, ұстаз екенін дәлелдеді. Қазіргі таңда «Мәдени мұра» бағдарламас аясында 2016жылы Аққозы елді мекенінде Ақтұлым қорымында кесенесі ашылу барысында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов:
– Біздің қазақ халқы бірін-біріқұрмет тұтып, ұлықтаған халық. Ұлағатты ұстазын тарихта қалдырған Құрманғазы бабамыз қазақтың бір абызының атын тірілтіп берді. Ұзақ бабамыздың есімі Құрманғазы арқылы, құрманғазытанушылар арқылы, жалпы қолына домбыра ұстаған қазақ арқылы мәңгіге салтанат құра бермек. Ұмытылмайды да. Ұзақ бабамызға тұрғызылған кесене – қазақтың күйіне, қазақтың домбырасына тұрғызылған кесене. Алыстан көз тартар кесенені көрген ұрпақ қолына домбыра алып өсетін болады. Бүгінгі игілікті іс – қазақ руханиятындағы үлкен құбылыс. Бұл кесене маған қазақ даласындағы ұран оттарды елестетеді. Ұран от келер ұрпақтың кеудесіне рух болып қонады – деп сөзімен қорытындылаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Газет материалдары
-
Қ.Хасанов «Ұзақ күйші және оның ұрпақтары» 2011ж. Орал
-
А. Сейдімбек. «Қазақтың күй мұрасы» 2002ж
-
А. Жұбанов. «Ғасырлар пернесі» 2002 ж
-
БҚО энциклопедиясы. 2002 ж
-
И. Кенжалиев. «Қос ішек» 1990ж
-
Е. Нұрымбетов. «Фольклорно-этнографическое исследования» 2004ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ғылыми жұмыс Құрманғазы ұстазы Ұзақ күйші

шағым қалдыра аласыз