Материалдар / Ғылыми жұмыс. "Сағыз пайдалы ма,әлде зиян ба?"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жұмыс. "Сағыз пайдалы ма,әлде зиян ба?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысым қазіргі кездегі ең маңызды мәселенің бірі «сағыз пайдалы ма,әлде зиян ба?», –тақырыбын қарастырады. Қазір азық-түлік сататын дүкендердің,дүңгіршіктердің қайсысында да сырты түрлі-түсті сан алуан сағыздар толып тұр. Мұны үлкен де,кіші де аузынан тастамайды. Күнделікті тамақтан кейін сағыз шайнап, ауыз қуысын тазарту әдетке айналғандай. Теледидардан да сағыздың пайдасы жөніндегі мақтау мен жарнама –ақпараттар жиі беріледі.Соның да әсері шығар,кішкентай балалардан бастап қартайған кемпір-шалдарға дейін үйінде де,көшеде де,қоғамдық орындарда да, жолаушылар көліктерінде де салпылдатып сағыз шайнады.Ал осы сағыздардың пайдасы мен зияны қандай,көп адам оны біле бермейді. Сондықтан сағыздың пайдасы мен зиянын қаншалықты екенін білу мақсатында ғылыми жұмысымызды жүргіздік.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2018
815
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Ғылыми зерттеу жұмысы



Тақырыбы: Сағыз пайдалы ма,әлде зиян ба?





сынып оқушысы
Жетекші:





Зерттеу жұмысымның мақсаты:
Сағыздың пайдалы және зиянды жақтарын айта отырып,оның адам денсаулығына тигізетін әсерін түсіндіру.

Зерттеу жұмысымның міндеттері:
Сағыздың адам денсаулығына тигізетін пайдасы.
Сағыздың адам денсаулығына тигізетін зияны.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазіргі таңда теледидардан,көшедегі жарнамалардан сағыздың пайдасы жайлы айтады. Бізге сағызды тіс ауруларының алдын алуы деп береді.Жарнамада сағыз шайнағанда тіс жегісі мүлдем болмайды деп нық сеніммен айтады.Негізінде солай ма? Егерде сағыз құрамын зерттеп қарасақ, онда небір қоспа заттардың адам ағзасыназиянды екенін байқаймыз.

Гипотеза:
Сағыздың адам денсаулығына пайдасын және зиянын анықтау.

Зерттеуімнің әдіс-тәсілдері:
•Теориялық материалдарды жинақтау;
•бақылау;
•сауалнама;
•сипаттама;
•ақпарат көзідерінен, ғаламтордан мәлімет алу;

Нысаны: Сағыз.

Пәні: Медициналық

Болжам:
Сағыздың пайда,зияны жайлы ой қозғап, сөз айтып, сараптауларға, зерттеулерге арқа сүйеп,сағыздың шығу тарихына мән беру.Сағызды алмас бұрын зинында ойлаған жөн екенін дәріптеу.

Нәтижесі:
Сағыздың пайда, зияны жайлы мектепте сынып сағаттарында, тәрбиелік іс-шараларда кеңінен қолдануға болады.















Жоспар:
Кіріспе...........................................................................................5
1.Сағыздың шығу тарихы............................................................6
2.Сағыздың құрамы......................................................................7
3.Сағыздың адам ағзасына тигізетін зияны................................8
4.Сағыздың адам ағзасына тигізетін пайдасы............................9
5.Сағыздың жанама әсерлері......................................................11
6.Ескеретін жағдай.......................................................................13
Қорытынды...................................................................................15
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................16














Кіріспе.

Зерттеу жұмысым қазіргі кездегі ең маңызды мәселенің бірі сағыз пайдалы ма,әлде зиян ба?, –тақырыбын қарастырады. Қазір азық-түлік сататын дүкендердің,дүңгіршіктердің қайсысында да сырты түрлі-түсті сан алуан сағыздар толып тұр. Мұны үлкен де,кіші де аузынан тастамайды. Күнделікті тамақтан кейін сағыз шайнап, ауыз қуысын тазарту әдетке айналғандай. Теледидардан да сағыздың пайдасы жөніндегі мақтау мен жарнама –ақпараттар жиі беріледі.Соның да әсері шығар,кішкентай балалардан бастап қартайған кемпір-шалдарға дейін үйінде де,көшеде де,қоғамдық орындарда да, жолаушылар көліктерінде де салпылдатып сағыз шайнады.Ал осы сағыздардың пайдасы мен зияны қандай,көп адам оны біле бермейді.Тек айтатыны:Сағыз ауыздың жаман иісін кетіреді.
Ертеде сағыздар ағаш шайыры не қарамайы мен өсімдік майларынан жасалса, қазіргі таңда,олардың құрамында химиялық заттар мен антисептиктер кездеседі. Таяқтың екі ұшы бар дегендей, сағыздың да адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жетерлік. Жарнамаға сүйенер болсақ,сағыздың пайдасы мол:ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылтады,тістің ағаруына жол ашады, тіс жегінің(кариес)түспеуін қадағалайды,эмальді қатайтады,т.с.с. Алайда, мұның бәрі шындыққа жанаса бермейді.
Сағыздың құрамындағы қоспалардан адам денсаулығын нашарлататын химиялық қоспа немесе аллергия беретін әртүрлі заттар бар екенін ,кейбірі білсе, кейбірі білмейді.Сондықтан сағыз аларда мұқият болғанымыз жөн.Сағыздың әсіресе,қантсызы шайнауға дұрыс. Тек сағызды он бес минуттан артық шайнамау керек дейді мамандар.
Сағыздың пайдасынан зияны басым.Ол әсіресе дәмі үшін шайнайтын кішкентай балалар үшін қауіпті. Ерте бастан асқазан ауруларының түрлеріне апарады.
Мен сыныптастарымның арасында сауалнамажүргіздім. Сонда сыныптастарымның жартысы сағызды ермекүшін, яғни үруге, дәмі үшін,түрі үшін, ішіндегі әдемі суреті үшін, тістерін тазарту үшін шайнайды екен.
Сағызды кейбір елде ермек үшін пайдаланады.Мысалы үшін сурет салады,қабырғаға жабыстырады, ағашқа жабыстырады немесе әртүрлі мүсіндер жасайды.
Сағызды көрінген жерге тастап жүре беру көргенсіздікке жатады.Арнайы қоқыс жәшігіне салып жүру керек.Ол біздің мәдениеттілігі мізді көрсетеді.
Сағызды алмас бұрын оның денсаулығымызға тигізетін кері әсерін ойлағанымыз дұрыс.


1.Сағыздың шығу тарихы.
Сағызды осыдан 140 жыл бұрын Америка елінде ойлап тапқан. Өнертанушы Уильям Сэмпл сағызды ойлап тапқанымен, оны өндіруге ат салыспаған. Америка Құрама Штаттарында 100 түрлі сағыз өндіреді Орта есеппен әрбір американдық азамат жылына 300-ден астам сағыз пайдаланады.Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ол әлем бойынша таралады.Оның тарихы тым әріде.Ежелгі гректер тістерін тазалау және тынысын жаңарту үшін арнайы ағаштың шайырын (смоласын)шайнаған.Байырғы қазақтар да қайың қабығынан сағыз қайнатқан, ол алпысыншы жылдарға дейін ауылдық жерлерде орын алды.Майя тайпасы да, америкалық үндістер де, Сібір халықтары да ағаш шайылықтарынан сағыз жасап,шайнады.Түрлі жапырақтар мен дәндерді,әкті қосып сағыз ретінде шайнаған да халықтар болды.Қазіргі сағызды шығаруға алғашқы тәжірбие жасаған адамдардың бірі- Джон Кёртис. Ол 1848 жылы сағыз шығарудың өнеркәсіптік өндірісін жолға қойды.Сағыздың шығу тарихын зерттеушілердің айтуынша, өнертапқыш Уильям Сэмпл сағызды ойлап тапқанымен, оны өндіруге ат салыспайды. Мұнан 140 жыл бұрын өзінде ойлап табылды деп саналатын Америкада қазір сағыздың 100 түрі шығарылады. Орта есеппен әрбір американдық азамат жылына 300-ден астам сағыз пайдаланады.Сағыздың әлемге кеңінен таралған кезеңі-екінші дүниежүзілік соғыстан кейін.
Ертеде сағыздар ағаш шайырынан,ағаш қарамайынан,өсімдік майларынан жасалды.Қазіргі сағыздардың құрамында химиялық заттар мен антисептиктер бар. Бұл жөнінде академик Тодор Дичевтің айтқандарына назар аударсақ, сағыз тісті қорғамайды қайта зақымдайды.


2.Сағыздың құрамы:
Сағыз-негізінен аспаздық бұйым,созымтал негіздің жеуге жарамайтын құралы,әр түрлі дәм беретін қоспалар қосылған.Сағыз шайнау кезінде ол көлемі кішіреймейді,бірақ дәмдеуіштердің дәмі кетіп қалады да ,ең соңында лақтыруға тура келеді.Сағыздардың көпшілігін тек үру үшін шайнайды,соған байланысты оған ағылшындар Bubbl Gum(яғни шайнайтын көпіршіктер)деп атаған. Осыдан 100 жыл бұрынаң қең сатылатын азық тауарлары болды.
Сағыздың құрамында резеңке,қант және қоспа заттар бар.
Orbit Ксилит Е 967, лактат
кальций Е 327, тұрақтандырғыш
Е 422, маннит Е 421,
Лимон қышқылы Е 330,
подсластители ацесульфам
Е 950, аспаргам Е 951, маннит
Е 421, бояу заттар Е 100.
Eclipse
мальтит Е 965, сорбит Е 420,
тұрақтандырғыш Е 422,
қоюлатқыш Е 414,
подсластители ацесульфам
Е 950, бояу заттар Е 171 и Е 102,
маннит Е 421, антиоксидант
Е 320, глазурьЕ 903.


3. Сағыздың адам ағзасына тигізетін пайдасы:
Сағыз шайнағанда адамның ағзасына сілекей көп мөлшерде бөлініп шығады да ол 300 пайызға дейін күшейе түседі. Әрине, сілекей асқазандағы бактерияларды жою үшін пайдалы, тістің де таза болуы үшін қажет-ақ.Тек, оның көп мөлшерде шығуы пайдасыз. Рас,сағызды тамақтанғаннан кейін шайнау асқазанға жаңа түскен астың тез қорытылуына жәрдемдеседі. Алайда сағыздың бірінен соң бірін ауызыңызға сала бермеңіз. Жалпы, түскі астан кейін сағыз шайнау бас сүйектегі ағзаларға жақсы әсер етеді. Әсіресе, миға баратын қан тамырларындағы қанның жүру жұмысын жеңілдетеді. Егерде жолда-көлікте келе жатсаңыз сағыз шайнау құлағыңызға түсетін салмақты жеңілдетуге көмектеседі. Тек мамандар ас ішкеннен кейін сағызды бес минуттан артық шайнамауға кеңес береді. Рас, сағыз шайнау ауыз
қуысындағы жағымсыз иістерді жоюда адамдардың жиі қолданатын әдісі. Сағыз алып жүруге жеңіл, кез-келген жерде пайдалануға оңтайлы. Сағыздың дәмі қандай, ол адам денсаулығы үшін ешқандай маңызға ие емес. Жалғыз-
ақ, сағыз шайнағанда ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалуына, соның нәтижесінде тістің сау күйінде сақталуына әсер етеді. Алайда бұл құрамында қанты жоқ сағыздарды шайнағанда ғана қол жеткізуге болатын жағдай. Жапонияның Ұлттық радиологиялық институтының
қызметкерлері сағыз шайнаудың пайдасы бар ма, жоқ па, сол жөнінде зерттеу
жүргізген.Сонда олар былай деп мәлімдеді: Сағыздың адамның іс-әрекетіне, қимылына маңызды әсер ететін қасиеттері анықталды. Біздің қорытындымыз көрсеткендей, еріктілер арасында сағыз шайнау қозу мен қырағылықтың
артқанын, олардың когнитивтік функцияларының жақсарғанын көрсетті.
Сағыз потогенді микрофлораның көзін жойып,сілекейдің бөлініп шығуына ықпал етеді.
Сілекей өз кезегінде астың дұрыс қорытылуына жол береді.
Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады.







4.Сағыздың адам ағзасына тигізетін зияны
Адамдар тісін жууды ұмытып кетсе, сағыз шайнай салады. Таңертеңгілік тамақ ішуге үлгермесе де асқазанның аштығын сағызбен басады. Мұның бәрі зиянды әдеттер. Өйткені, ол үйреншікті дағдыға, іске айналып кетеді де,
тамақтану тәртібін бұзады, ағзаны әлсіретеді. Сағызды тіс пастасы ретінде пайдалануға болмайтынының себебі, ол тек тістің үстіңгі жағын тамақ
қалдықтарынан тазартады да, тістің ара-арасын тазарта алмайды. Тамақтан кейін оның қорытылуын жақсартамын деп сағызды он минуттан артық
шайнау да дұрыс емес. Үнемі сағыз шайнаушылардың оны мүлдем пайдаланбайтындарға немесе аз қолданатындарға қарағанда ақылы аз болады. Мұны анықтаған америкалық дәрігер,ғалымдар. Олар сағыздың
ағзаға қалай әсер ететіні жөнінде мынандай зерттеу – тәжірибе жасапты: үнемі сағыз шайнайтын 12-24 жас аралығындағы 12 мың жас пен мүлде сағыз шайнамайтын осындай сонша ма адамды бақылауға алады. Зерттеу қорытындысы тәжірибе жасаушыларды қатты таңдандырады. Себебі, үнемі
сағыз шайнайтындардың ақылы мүлде сағыз шайнамайтындарға қарағанда өте төмен болып шығады. Дәрігер ғалымдар кейін мұның сырын былайша түсіндіреді: сағыз шайнағанда адамның миы тынышталады, сағыз
шайнамайтындарға қарағанда сырттан келген ақпараттарды жайбарақат, сүлесоқ, нем-құрайлы қабылдай салады, мый дұрыс жұмыс істемейді.
Сағыз да темекі тәрізді адамды өзіне тәуелді етіп аладыда, ол шаршағанында, бойын ашу қысқанында үнемі сағыз шайнайтын болады. Сағызы болмай қалса, оны тауып, шайнағанша, сағызға аңсары ауып тұрады. Сол кезде сағыз шайнай алмаса, түрлі жағымсыз күйге түседі. Мінеки, көрдіңіз бе, сағыз шайнауға салынудың да қандай кесел, кесепатқа толы екенін.
Мамандардың пайымдауларынша:
Біріншіден:
сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.
Екіншіден:Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан
стамотологиялық аурулар пайда болады.
Үшіншіден: сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып,
әрі қарай созылуына жол ашады.
Төртіншіден:сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда бола-
ды.
Бесіншіден:сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері аурулары-ның тууына себепші. Адам ағзасы сағыздағы кейбір компоненттерді көтере алмай,соның салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін

Сағыз семіртеді: Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары
Зерттеу жүргізіп, сағыз шайнаудың адамды семіртіп жіберетінін анықтап отыр.Оған сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепші болып шықты. Ол адам ағзасынаартық салмақтың жиналуына негіз қалайды. Осынау зерттеу қорытындысы бойынша,бір жылда сағыз құрамындағы аспартамнан 215 әйел, 56 еркек зардап шегіпті. Олар сағызды күніне бірнеше реет шайнап, айына 200-ден астам сағызды айдаланған. Сөйтіп, жарты жылға жетпей-ақ толыса бастапты. Ал зерттеуге
қатысқан адамдардың ішінде 48 сағыз шайнаушы осы мезгілде гастрит және тағы да басқа ауруларға шалдыққан. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, күнделікті тұрмыста қантқа қарағанда аспартам адам ағзасында май қабаттарын 40 пайызға көбейтетін көрінеді. Олай бол-са, сымбатын, денсаулығын жоғалтқысы келмеген адамдардың сағыз шайнауды азайтып, оны мүлде тастағаны дұрыс-ақ. Жалпы, шайнауға арналған резеңке бұрындары көп елде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек ретінде саналып келгені де есте болғаны жөн.
Балаларға тамақ алдында сағыз бермеген дұрыс,тамаққа тәбеті болмай қалады.
Сағыздың құрамында мынандай бояғыштар Е 171, Е 102,
Е 33, Е 129,Е 132.дәм беретін –Е 414,Е 422,қоюландырғыш Е 322 бар болса алмаған жөн.Бұл бауырға зиянын тигізеді.







5.Сағыздың жанама әсерлері.
Сағызбен сурет салу
Украйналық суретші Анна София Матвеева түрлі-түсті сағызбен сурет салып, атын шығарып отыр. ОлApple компаниясының негізін салушы Стив Джобстың портретін бір мыңнан астам әртүрлі сағыздар арқылы жасап
шығарыпты. Оған осындай бір суретті салу үшін шамамен 500-1000 сағыз қажет екен. Жалғыз өзі осыншама көп сағызды шайнай алмайтындықтан, оған туған туыстары мен таныстары көмектесіп, сағыз шайнап беретін көрінеді. Күйеуі мен әпкесі сағызды тоқтамай шайнап, жылы күйінде береді екен, ал таныс-достары шайнаған сағыздарын жинап, қатырып тастайды. Анна-София керек кезінде оларды шағын толқынды пешке салып жібітіп алады екен.
Мен үшін сағыз жай ғана жұмыс істейтін материал емес, ол, керек десеңіз, символ. Мен өз кәсібінің қас шеберлерінің туындысын дүниеге әкелем. Бір сағыз – бір адам. Дөрекілеу айтсам кешірерсіздер, бірақ бір шайналған сағыз-ол символ, дейді жас суретші.
Әзірше оның сағызбен салған бес жұмысы дайын, 15 жұмысы
жасалу үстінде. Олардың барлығы да белгілі өнер және мәдениет саласының танымал тұлғалары.Ол өзінің осы жұмыстарын Донецк қаласының артгалерея –сының біріне қойып, жеке көрмесін ұйымдастырмақшы, алатындар болса, бұл туындыларын сатып та жібермекші






Сағызды үлкен үрген адам ол Америка Құрама Штаттарының азаматы Сьюзен Мантгомери. Үрген сағызының диаметрі 58,5 сантиметр болған.
Көшеге тастаған сағыздан әбден шаршаған Калифорнияның Сан-Луис-Обиспамо қаласында сағыздыүй қабырғасына жабыстырады екен. Бұл осы қаланың дәстүрі екен.Қабырғаға сағыздың көптеген қабаты жабыстырылған екен.
Ал,немістердің Бошольте қаласында сағызды ағашқа жабыстырады екен.













6. Ескеретін жағдай.
Сағыз шайнаудағы әдепсіздік
Біз жоғарыда айтқанымыздай, сағыз шайнаудың пайдасынан гөрі зияны көп.
Соған қарамастан, қазіргі таңда сағыз саудада өтімді тауар түріне айналып отыр.Дәмі, түрі, көлемі, түсіне қарай таңдап тұрып адамдар өзіне ұнағанын азын аулақ ақшасына күн сайын сатып алады. Сондықтан да сағыз шығару -шылар, сағыз сатушылар оны ақпарат құралдары арқылы күндіз-түні жарна
малайды да жатады. Әсіресе,жастар бұл жарнамаға елітіп,сағызды жақсы көреді, үнемі шайнаңдап, сағызды шар етіп үрлеп, мәз-мәйрам болып жата
ды . Ең жаманы, көп адамдар шайнаған сағызын кезкелген жерге түкіріп тастай салады немесе қалаған затына жапсыра салады. Оның ішінде қоғам дық көліктердегі,театрлардағы орындықтар да бар. Содан, денесіне, киіміне
өзгелердің тастап кеткен сағызын жабыстырып алып,әбігерге түсетіндер қанша ма. Ал, сағыз шашқа жұқса, одан арылу тіпті қиын.

Сағыз шайнаушылардың есіне:
• Сағызды шайнаңдап, шар етіп үрлеп, шарт еткізіп жарып, бей-берекет шай -науға болмайды.• Қоғамдық, мәдени орындарда (автобус, пойыз, ұшақ,театр, асхана, мейрамхана,кітапхана, дүкен, монша,мектеп, білім мекемелері ж.т.б.), ресми орындарда (кеңселерде, түрлі жиналыс,мәжілістерде, қабыл -дауларда,митингіде, салтанатты рәсімдерде ж. т.б.), қонақта сағыз шайнамаңыз.
• Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз бермеңіз.
• Жатып алып, тамақ ішіп отырып сағыз шайнамайды.
• Телефонмен тілдескенде, біреумен әңгімелескенде сағызды ауызыңызға алмаңыз.
• Тәтті сағыздарға құмартпаңыз.
• Сағызды тамақтан кейін ғана шайнаңыз.
• Біреумен кездескенде оған сағыз ұсынбаңыз.
• Сағызды сыйламайды, шашу ретінде шашпайды.
• Жағымсыз иістен арылу үшін 5 минут ащы сағыз шайнасаңыз, сәлден соң
ауызыңызды сумен шайып жіберіңіз.
• Базарларда жасанды әрі зиянды сағыздардың көптеп сатылатынын естен
шығармаңыз.
• Аллергиямен ауырсаңыз оның сағыздан да болуы мүмкін.
• Сағызды тіс щеткасы мен пастасының орынына қолданудың өте қателік екенін ұмытпаңыз.
• Үрленетін сағыздың балаларды дәм сезу қасиетінен айыратынын жадыңыз ға ұстаңыз.
ИНФО-
ЦЕС


















Қорытынды.
Сағыздың пайдасы:
● сағыз тамақтан кейін тісті тазартады;
●тамақ шайнағанда сілекей бөлінеді де,тіс,ауыз қуысы тамақ қалдығынан тазарады;
● сағыздың құрамындағы қант алмастырғыштар қышқылды қалпына келтіреді;
● сілекей бөлініп ,асты қорытуына көмектеседі.
Сағыздың зияны:
●Құрамында қанты бар сағыздар тіс жегісіне әкеледі.Сағыздың құрамындағы зиянды заттар кері әсерін тигізеді.
●аш қарынға сағыз шайнаған асқазан ауруына оның ішінде созылмалы ауруға әкеп соқтырады.
● ұзақ сағыз шайнау адамның ой-өрісін төмендетеді.
Қанты бар сағыздар стомотологиялық ауруларға әкеп соқтырады.

Зерттеу жұмысымды қорыта келе сағыз адам денсаулығына тигізетін пайдасынан гөрі зияны көбірек.Сағызды алмас бұрын оның қай жақтан шыққанын, қайда шыққанын,құрамындағы заттарды білгеніміз дұрыс. Зертеуімнің нәтижесіне мына ұсыныстарды ұсына аламын:
Сағызды бей-берекет шайнауға болмайды.
Сағызды тек тамақтан кейін 5-10 минут қана шайнау керек.
Ащы сағызды тек бес минут шайнау керек.Содан кейін ауызды сумен шайып тастау керек.
Құрамында қанты бар,тәтті сағыздарға құмар болмаңыз!
Қантсыз сағыз шайнаңыз.
Сағыз тек жауапты өнеркәсіп өндірісінен шықанына көз жеткізіңіз.
Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды.
Сағызды әдепті шайнау керек,әсіресе қоғамдық жерлерде.
Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішіңіз.
Шайнаған сағызды қоқыс жәшігіне салыңыз.
Балаларға тамақ алдында сағыз бермеген дұрыс,тамаққа тәбеті болмай қалады.
Сағыздың құрамында мынандай бояғыштар Е 171, Е 102,
Е 33, Е 129,Е 132.дәм беретін –Е 414,Е 422,қоюландырғыш Е 322 бар болса алмаған жөн.Бұл бауырға зиянын тигізеді.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Ақшам ақпарат газеті Айгерім Райсқызы 26.03.2011
Инфо- цес №16 9бет.
Ақшам ақпарат газеті А.Райсқызы26.03.2011
Балалар энциклопедиясы Бәрін білгім келеді, 2000
Инфо-цес №16.9бет
4.Дурейко Л.И. Бәрі сенің денсаулығың үшін2008
5. Халық медицинасы.Табиғи тағамдармен сауығу Сидоров П.2005
6. Кулинич Г.Г. Вредные привычки: профилактика зависимости, 2008г
7.Твоя первая научная лаборатория А.И.Шапиро
8.Ғаламтор















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!