Материалдар / Ғылыми Жұмыс: Тамақ қалдықтарынан компост дайындау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми Жұмыс: Тамақ қалдықтарынан компост дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс үй жағдайында тамақ қалдықтарынан компост дайындау.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тамақ қалдықтарынан компост дайындау»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 9


I-тарау. Негізгі бөлім

1.1. Компосты қалай дайындауға болады? 10

1.2 Компост неден тұрады? 13

1.3 Компост үшін қабаттарды қалай дұрыс төсеу керек 16

1.4. Компосттың жетілуін тездету жолдары. 17

1.5. Компост піскен кезде туындайтын мәселелер 18

1.6. Компостты қалай дұрыс пайдалану 19

1.7 Компосттың артықшылықтары

IІ-тарау. Тәжірибелік бөлім

2.1 Компост дайындау әдістемесі

2.2.Компостталған топырақ құрамына талдау жүргізу. 24

ҚОРЫТЫНДЫ 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35





КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Қоршаған ортадағы әртүрлі қалдықтар топыраққа түсіп, оның экологиялық жағдайын бұзады, топырақ ауыр металдардың тұздарын, радионуклидтерді, нитраттарды, нитриттерді және басқа да зиянды заттарды жинайды, қоғамның күнделікті өмірінде табиғатқа тигізетін кері әсері қаншама. Ал күнделікті біздің дүкеннен жейтін арнайы учаскіде өсірілген көкөніс жемістерді жеу,топырақтың құнарына да байланысты. Қарашірік топырақтың құнарлылығында үлкен рөл атқарады, өйткені оның құрамында өсімдіктерді тамақтандыруға қажетті негізгі элементтер бар. Сіз, әрине, топыраққа арнайы дайын кейде зиянын тигізер тыңайтқыштарды пайдалану арқылы топырақтың құнарлылығын арттыра аласыз, бірақ ғалымдардың пікірінше, көңді тыңайтқыш ретінде пайдалану өте қауіпті. Жерге көң әкеле отырып, біз арамшөптердің тұқымдарын, жәндіктердің жұмыртқаларын, гельминттерді, фитофтораны және басқа да зиянды организмдерді енгіземіз. Не істеу керек? Бүгінгі таңда әлемдік нарықтар тұтынушылардың кең ауқымына жаңа өнімді ұсынады: арнайы компост жасау, бұл өнім арқылы топырақтағы органикалық тыңайтқыштарды жақсартып, түзілетін өнімнің пайдалы, әрі дәмді болатынына кепіл береміз. Осыған байланысты барлық тамақ қалдықтарынан, үй жағдайында компост жасап, топырақта ыдыраған органикалық тыңайтқыштарды тиімді жолда пайдалану арқылы бүгінгі өзекті мәселелерді қарастырамыз.

Жұмыстың мақсаты:

Топырақтың экологиялық құрамын жақсарту мақсатында қазіргі экологиялық проблемаларды тиімді бизнес сферасындағы жолмен азайту.

Жұмыстың міндеттері:

1) Компост дегеніміз не және ол не үшін қажет екенін анықтау.

2) Компосты қалай дұрыс дайындау.

3) Компосттан шыққан арнайы топырақтың құрамына талдау жасау.

Ғылыми жұмыстың құрылымы:

1. Компост жасау үшін қандай ингредиенттерді қолдануға болатынын анықтау.

2. Компост үйіндісіне қандай материалдарды салуға болмайтынын анықтау.

4. Қолданылатын ингредиенттерді компостқа қалай дұрыс салу жолдарын үйрену.

5.Компост үйіндісінде қандай үдерістер жүреді және жетілген(піскен)компосттың белгілерін бақылау және зерттеу.

7. Компосттан шыққан арнайы топырақты және дала топырағын арнайы лаборатриялық (зертханалық) жолмен қарастырып құрамындағы нитраттарды, иондарды анықтау;

8. Компостер топырағына және дала топырағына өсімдік отырғызу арқылы топырақтың құрамындағы қоректік заттардың отырғызылған гүлдердің тез өсуіне әсері мен көкіністердің өнімділіне әсерін бақылау.

Негізгі бөлім

Компост дегеніміз не және оны дайындау жолдары

Компосты қалай дайындауға болады?

Компост — қоспа шірінді. Өсімдік пен жануарлар тегінің қоспасы, оларды тыңайтқыш ретінде пайдалануға шіріту үшін қалдырады. Шөп, түскен жапырақ, көкөніс қалдықтары, құс саңғырығы, кең, осылардың бәрі жақсы шірінді тыңайтқыш. Топырақ құнарлығы қоғамдық өмірдің маңызд ы бөлігі болып есептеледі. Күнделікті өмірде құнарлы деп мәдени өсімдіктердің үшін қолайлы топырақты атайды.Топырақтың құнарлығы немен анықталады. Өсімдіктер қалыпты өсуі үшін топырақта:

Өсімдік өсуі үшін қажетті сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс.

Өсімдік сіңіре алатын су болуы тиіс;

Өсімдік тіршілігі үшін үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ету.Өсімдіктің өсуі үшін негізгі негізгі қорек элементі азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сіңіреді. Талдауларға қарайтын болсақ топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және кқп жылға жетеді. Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық қана түрінде болады. Сондықтан оны көптеген мәдени өсімдіктер үшін сіңірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммоний және нитрат қоспалар ғана ғана өсімдікке сіңімді. Өсімдіктер сңірілген калийді және судадің суда еритін қоспаларын бойына сіңіреді. Кальций мен мағгний де сіңірілген және суда еріген күйінде пайдалы. Демек жақсы өнім алу үшін кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек. Топырақтағы химиялық элементтерде өніммен бірге алынып, олардың мөлшері жыл сайын азаяды. Мысалы АҚШ орталық аудандарында азот мөлшері 20 жыл ішінде 10%-ға кеміген. Сондықтан агрохимия ережесіне сәйкес тыңайтқыш қолдану ауылшаруашылық дақылдарының түсімін және жер құнарлылығын арттыратын көтеретін маңызды тәсілі болып саналады.

Компост жасауды қайдан бастау керек?

Органикалық заттардың шіруінің ең тиімді үдерісін компост шұңқырында немесе дайындалған жәшікте жүргізуге болады, өйткені олардағы ылғалдылық пен температуа тұрақты болады. Шұңқыр (компостер) неғұрлым үлкен және толық болса, компост соғұрлым тезірек «піседі». Шұңқырдың оңтайлы өлшемдері 1,5 х 2 м, тереңдігі шамамен 1метр. Шұңқырды ұзағырақ етіп, оны екі бөлімге бөліп, біреуінде компосты дайындап ,екінші бөлігінде компостты сақтауға болатындай ыңғайлы етіп жасау.

Компост үйіндісін топырақтың бетіне қоюға болады. Компостталған материалдар бактериялардың қатысуымен ыдырайды және олар өз кезегінде ауа, азот, суды қажет етеді. Сондықтан компост үйіндісі жақсы жетілдірілген ылғалды (бірақ, суға батпаған) және тым үлкен емес (ұзындығы шамамен 1м, биіктігі 1-1,2м) болуы керек.

Алдымен күрекпен терең шұңқыр қазамыз. Ашыту кезінде пайда болған сұйықтық төмен қарай ағып кетуі үшін дренажды түбіне(таңқурай, қарақат бұтақтары, жұқа ағаш бұтақтарын қойыңыз. Топырақты, көкіністерді және ас үй қалдықтарын үстіңгі жағына төсеуді бастаңыз, мұқият салған материалды тығыздап, әр қабатқа су құйыңыз. Егер сіз өткен жылғы компостты алсаңыз, одан бірінші қабатты жасаған дұрыс-ол жаңа субстрат бактериялардың көзі болады. Үйіндеге дұрыс пішін беру үшін оны ағаш жақтаумен несесе үлкендеу тор көзі бар томен қоршау керек. Бұл компостты құстардан қорғайды.

Компост үйіндісінің немесе шұңқырдың үстіңгі қабатына топырақты сеуіп, ал үстіңгі жағын қараңғы спинбондпен немесе сабанның тығыз қабатымен жабыңыз. Біз пленканы қолданбаймыз, өйткені ол ауаның өтуіне жол бермейді, ал ауа жеткіліксіз болса, салған материалымыз шіри бастайды.

Компост жәшігін қай жерде орналастыру керек?

Компост шұңқырын немесе үйінді бақтың алыс бұрышына немесе, жақсырақ жартылай көлеңкеге қойылады. Тікелей күн сәулесі түскен болса ол процесті тездетпейді, керісінше ыдырау процесін баяулатады.

Компост жәшігін ағаштардың жанына қойылмайды,себебі олардың тамырлары қоректік қоспасы бар үйіндіге қарай өсу бағытын тез өзгертеді және одан барлық пайдалы заттарды «сорып шығарады»

Компост процесін үйде немесе балконда оңай орындауға болады. Үйде немесе балконда оңай орналастыруға болатын дайын компост жәшіктері бар. Бұл процесс үшін дайын компост жәшігін таңдауға болады немесе үлкен шелек немесе қоқыс жәшігімен өз компост жәшігін жасауға болады. Бұл саңылаулар арқылы шыбындардың енуіне жол бермеу үшін шелектегі тесіктерді бұрғылау және тесіктер орналасқан жерлерге москит торларын бекіту жеткілікті.

1.2 Компост неден тұрады?

Компост – микрооганизмдердің әсерінен ыдырайтын арамшөптерден, өсімдік қалдықтарынан, ас үй қалдықтарынан және көндерден алынатын бағалы органикалық тыңайтқыш. Дұрыс компост жасау үшін органикалық компоненттен басқа ылғалдың оттегінің және бактериялардың болуы маңызды.

Массаның ылғалдылығын салыстыратын болсақ сығымдалған губкамен бірдей болады.

Компост үйіндісіне ылғалдылықтың(45-70% шегінде) және температураның (28-350) жеткілікті деңгейін сақтау маңызды. Құрғақ материал ыдырамайды, су басқан материал торт болып қалады және компоненттер бір-бірімен жақсы әрекеттеспейді. Құрғақ және ыстық ауа-райында қоспаны суару керек, жауын-шашын көп болған жағдайда компост үйіндісінің материалды үнемі күрекпен тазалау керек. Компост үйіндісін қызып кетпеуі керек 600С жоғары температурада микроорганизмдер өледі.

Органикалық заттардың ыдырауы үшін оттегі қажет. Ауа ағымын қамтамасыз ету және компост дайындаудың біркелкілігін реттеу үшін үйіндінің құрамын(мазмұнын) кем дегенде аптада бір рет айналдырып, үстіңгі қабаттарды және шеттерде, төмен және ортасында орналасқан массаны орналастыру керек. Үйіндіні құрамын неғұрлым көбірек айналдырсақ ыдырау процесі соғұрлым тезірек және жақсырақ болады. Бактериялар, жәндіктер және жауын құрттары компост үйінділерінің ыдырау процесін ажырамас ұатысушылары болып табылады.Олардың қатысуында жылу пайда болады да, материалдар белсенді ыдырайды.

Компост материалын мүмкіндігінше ұсақтау керек. Егер қалдықтар ұсақталмаса ол ыдырау немесе шіру үдерісі ұзарығырақ болады.

Компост компоненттерін екі топқа бөлуге болады:

жасыл масса (азотты компоненттер)

Бұл топқа: көң, құс саңғырығы,шөп кесінділері, бақша және көкініс дақылдарының тығыз сабақтары, жасыл арамшөптер, көкініс және жеміс қалдықтары. Барлық осы аталған заттардың құрамында азоттың мөлшері бар және компосттың жетілуіне арналған қоспада оңтайлы көміртегі-азот балансын сақтайды.

қоңыр масса (көміртегі компоненттері)

Бұл сабан, құлаған жапырақтар, ағаш жоңқалары,қағаз, картон, ұсақталған ағаш, қабық, бұтақтарды кесу-бұл компоненттерде көп талшық бар.Олар органикалық заттарды ыдырататын,компосты қопсытатын және макро және микроэлементтерді байытатын бактериялар бактериялар үшін тағам ретінде қызмет етеді.

Компост үйіндісін бастаған кезде жасыл(«азотты, дымқыл, жұмсақ»)қабаттар қоңыр(«көміртегі, құрғақ,қатты» )қабаттармен қабаттасып тұрған маңызды. Бқл оттегімен қамтамасыз етеді және компосттау үдерісін жылдамдатады, нәтижесінде дайын тыңайтқыштың жақсы құрылымы шығады.

Азоттың немесе көміртегінің мөлшеріне байланысты органикалық қалдықтар әртүрлі шіриді. Азотты компоненттер жылу шығарады. Ыдырау процесі тез жүреді, бактериялр көбейіп, оттегін көп сіңіреді.

Көміртекті материалдар материалдар майысқақ, құрамында оттегі көп, шіру кезінде азотты жұмсайды. Егер сіз екеуін бірдей мөлшерде алсаңыз қажетті тепе теңдікті сақтайды.

Қабаттарды кезектесіп орналастырғаннан кейін немесе әртүрлі материалды араластырсаңыз, сонда олар бір-бірімен байланыста болады, осылайша үлкен түйіршектендің пайда болуына жол бермейді. Қабаттар арасына аздап тауық көңін, көңді немесе ашыту ситмуляторын қоссаңыз, ыдырау үдерсіне септігін тигізеді. Ең оңтайлы компост құрамы 1:1 қатынасында алынған қоңыр және жасыл топтапрдың материалдары болып табылады.

Компостқа дайындауға жарамсыз материалдар.

Ауру өсімдіктердің жапырақтарын, сабақтарын және кесінділерін компостқа салуға болмайды-өсімдік қалдықтары ыдырағанда инфекция қоздырғыштары өлмейді.

Компост үйіндісіне қалың ағаш кесінділерін және үлкен ағаш бұтақтарын, мәңгі жасыл өсімдіктердің қалдықтарын салуға болмайды. Олар ұзақ уақыт шіріп, компосттың пісіп жетілуін кешіктіреді. Ағымдағы маусымның құрғақ жапырақттар, өйткені олардың шіріп кетуі қзаққа созылады. Оған бөлек ыдыс алып және немесе оларды желдету үшін тесіктері бар бар үлкен қара пластик пакеттке салғаны дұрыс.

Инвазивті және көпжылдық тамырсабақты арамшөптер

Уларды, гербицидтерді және пестицидтерді пайдалану қалдықтары, өйткені пайдалы микроорганизмдер өледі;

Шыны,пластмасса, синтетика, сондай-ақ ірі сүйек қалдықтары, шошқа майы,май және ыдырауы қиын тағы басқа да органикалық заттарды.

Матаны түрлі-түсті боялған матанының қиындыларын, лакпен қапталған қағаздарды;

Адамның және сүтқоректілердің нәжісінде (үй жануарларын қоса алғанда) құрамында құрттар болуы мүмкін.

Жануарлар ағығы мен ірі сүйектердің қалдықтар –олар жағымсыз иіс тудырады жәнеұзақ уақыт шіриді.

Цитрус қабығы, себебі шіруге көп уақыт кетеді және жауын құрттары мен пайдалы микроорганимздерге зиянды.

Өсімдіктерден, қызанақ және картоп шыңдары, кастор бұршақтары (сәндік үшін өсірілетін, биіктігі 3 м аспайтын, қыста жапырақтары түспейтін, жапырақтары пальма тәрізді, көпжылдық өсімдік),сыпырғыш, алқап лалагүлі, аконитті компостқа қосуға болмайды-компост жасау үдерісі тиімді болмайды, өйткені бұл өсімдіктердің құрамындағы улы заттар ыдырауға қатысатын кейбір микроорганизмдергеді өлтіреді, ал компост баяу піседі. Компост дайындауда алуға болатын заттар суреттері [1]

банан қабығы шабылған шөп қалдықтары

чай салынған пакет сырты көкініс қалдықтары

құрғақ жапырақтар жұмыртқаның сырты


кофе қалдықтары қағаз қиындылары

сабан, кепкен ағаш бұтақтары картон қиындылары

көң немесе, құс(тауық) саңғырығы табиғи талшықтар


Компост дайындауға жарамсыз заттар [2]

арамшөп және оның тұқымдары шикі еттер

кесілген үлкен ағаш қалдықтары мысыққа арналған тамақтар

көмір қалдығы шикі балық ағаштың үгінділері

сүт өнімдері грех дәнінің сыртқы қатты қабығы

цитрус өнімдері жемістердің сүйегі

қиын ыдырайтын ыдыстар мен заттар.


1.3 Компост үшін қабаттарды қалай дұрыс төсеу керек.

Өсімдік қалдықтарының қалыңдығы 15-25 см етіп төсеу керек.Егер компост қабаттары қалың болса шіру үдерісі баяу болады. Компост үйіндісісі жасалатын компоненттер мұқият араластырылады. Компостталатын материалдың бірінші қабаты әк қосылған бақша топырағымен бақша топырағының қабатымен себіледі. (2-3 см)

Жасыл тыңайтқыш өсімдіктер. Ақуызға бай жасыл масса қиындық тудырмай тез ыдырайтыды. Төсеу алдында оны кептіріп алу керек, оны басқа материалдармен (ағаш үгінділерімен ) кезектестіріп салу керек.

Шөп пен сабан. Бұл құнды материалдар компосттағы ылғалды байланыстырады және оны жақсы кеуекті құрылымды етеді, бұл оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі. Сақтау алдында оларды мұқият кесіп, азоты бар компост өсімдіктерінің жасыл массасымен, асханадан шыққан органикалық қалдықтармен араластыру және оларды жұқа қабаттар етіп көрпе сияқты етіп төсеп компостқа салу керек.

Құлаған жапырақтар. Қоректік заттар нашар бір-біріне жиналып қалмас үшін оларды кептіру керек, жақсырақ ұсақтап, жұқа қабаттармен компостқа салып, басқа өсімдіктер және ірі материалдармен араластыру керек. Егер құрамында мөлшерде танин қышқылы болатын емен жапырақтарын компосттайтын болсақ, онда компосттау кезінде 10 кг жапыраққа 200-300г әк қосқан жөн.

Ағаш жоңқалары. Олар азоттың төмен мөлшерімен ерекшеленеді және өте нашар ыдырайды, сондықтан азот құрамын арттыру және ыдырауды жетелдету үшін оларды өсімдік материалының жасыл массасымен мұқият араластырып, сүйек ұнын қосып, көңді қосу керек.

Тамақ қалдықтары. Олар бағалы органикалық заттар және ыдырау жылдамдығы жоғары. Шірік үдерісін болдырмас үшін тамақ қалдықтарын жеткілікті желдетуді қамтамасыз етілетін ірілеу материалдармен мысалы, ағаш үгінділермен немесе жоңқаларымен араластырылады.

Көң. Азот жоғары болуына байланысты компостдайындау үшін өте қолайлы және ыдырау үдерісінің өршіткісі болып табылады. Көңді жермен(бірден топырақпен) араластырып дайындау ұсынылады.

Қағаз құрамындағы целлюлоза, оның ыдырау үдерісі тездетеді. Оны компостқа салмас бұрын ұсақтап, ылғалмен бірге қоректік заттарды сіңіру(шөптік инфузияда) үшін, басқа ірі материалдармен мысалы,ағашжоңқалары немесе үгінділерімен араластырып, қабаттар жасап компостқа саламыз, өйтпеесе қағаз ылғалды сіңіріп алып, дымқыл қағаз кесектерге айналады, ыдырауды қиындатады.

1.4. Компосттың жетілуін тездету жолдары.

1-әдісі. Арнайы органикалық биодеструкларды қосуға болады. Мысалы Байкал—Эм, Уникал-С,Сияние.Бұл биотыңайтқыштар компостқа қосылады, өйткені олардың құрамында химиялық қоспалар болмайды, бірақ құрамында органикалық заттардың ыдырауын тездететін көптеген бактериялар болады.

2-әдісі. Сонымен қатар тауық көңінің 2 бөлігі мен туралған шөптің 5 бөлігіне қосып, 20 бөлік сумен қосып бірнеше күн бойы тұндырылған шөптік инфузияны дайындауға болады.

3-әдісі. Ашытқы –компосттың жетілуін тездетудің тағы бір тиімді жолы болып саналады. 1 литр суға 1 ас қасық салып сұйылтыңыз, оған құрғақ ашытқының және 1 стақан, яғни 200 грамм қантты қосыңыз. Алынған ерітіндіні компост үйіндісіне жасалған тесікке құйылады.

Компосттың пісіп жетілгенін анықтау.

Осы белгілерді байқасақ, онда компост дайын болғаны:

Компосттың құрамындағы жекеленген компоненнтерін –жапырақтарды, қабықтарды, сабақтарды ажырату мүмкін болмаса(кейде жеке бұтақтар қалуы мүмкін);

Консистенциясы бос және еркін ағымды болса;

Қоңыр немесе қараға жақынырақ;

Иіс-ылғалды топырақ немесе орман төсеніші сияқты болса;

Компост толық дайын болғанда: қара құнарлы топыраққа ұқсасйды; массад толық шірік емес қосындылар анық көрінеді, соның арқасында компост бос жіне кеуекті болып қалады;

1.5.Компост піскен кезде туындайтын мәселелер.

Құмырсқалардың пайда болуы-бұл компост үйіндісінің тым құрғақ екенін және өсімідік қалдықтарының ыдырауы тым баяу екенін білдіреді.Компостты тазалау жіне оны суару арқылы ол мәселені түзетуге болады.

Жағымсыз иіс жіне шырышты құрылымы-бұл компостқа тым жұмсақ материалдар қосылғанын көрсетеді. Бұл мәселені шешу үшін компостты күрекпен тазалаған кезде сабан, қағаз немесе картон бөліктерін, құрғақ жапырақтарды немесе жұқа бұтақтарды қосқаныңыз дұрыс.

Саңырауқұлақ шіркейлері:

Компост үстіндегі шыбындар оның тым ылғал екенін көрсетеді. Егер жәндіктер аз болса, алаңдаудың қажеті жоқ, саңырауқұлақ шыбындары компост үйінділерінің үстіңгі қабатында өмір сүреді. Егер жәндіктер көбейіп кетсе, компостты аздап кептіру керек, ол үшін компост дайындап жатқан жәшіктің бетін ыстық күндерде бірнеше күнге ашық қалдырыңыз немесе оның мөлшері ірі материалдармен, мысалы ағаштың үгінділерімен, өзен құмымен араластырыңыз.

Өзгерістер байқалмаған болса: бұл компосттың тым құрғақ немесе ылғалдың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Оны жаңадан кесілген шөптерді немесе картоп қабығын қосу, сондай-ақ компост үйіндісін сумен мезгіл-мезгіл суару арқылы арқылы түзетуге болады. Компост, егер оның қабаттары теңдестірілмеген болса, жағымсыз иіс пайда болады-бұл тым көп жасыл заттар-азотты заттар немесесу немесе артық ас қалдықтары салынған болады. Шірік ауаның жеткіліксіз жеткізілуінен және ингредиенттердің дұрыс араласпағандығынан немесе ұсақталмағанынан болуы мүмкін.

1.6.Компостты қалай дұрыс пайдалану:

Шамамен бірдей мөлшерде қолданылады.(1 шаршы метрде 15-20 кг) . Бұл бағалы шикізатты күзгі немесе көктемгі жер жырту (қазу) кезінде, жаңадан қазылған танапқа( пайдалануға жарамды жердің бір бөлігі,мысалы картоп отырғызар алдында, кшеттерді,ағаштарды, бұталарды отырғызу кезінде, шұңқырларға, сондай-ақ топырақтың бетін осы дайындалған компостты қолданып бетіне себіп, (мульчирование) құнды органикалық материал ретінде қолдануға болады. Көктемде, жазда 5 см терең тереңдікте дейін қазып, сосын.піскен компостты жер бетіне жаяды. Көктемде жылыжайға

Компост қосқан жөн, себебі жердің беткі қабатын, немесе құнарлы топырақ қабатының астындағы жылыну төсеніштері ретінде кем дегенде 25 см қабатын ұрықтандыру үшін 1 шаршы метрге 1-15, шелек компост қосу керек. Жазда піскен компостты мульча немесе «қоректік шай» ретінде қолдануға болады. Жаздың аяғында –күздің басында 2-3 ай бойы шіріп жатқан жетілмеген компосттан сұйық тыңайтқышты дайындауға болады. Мұны істеу үшін кез-келген контейнердің 2/3 бөлігін жетілмеген, бірақ қараланған компосттан толтырыңыз, 3/1 су қосыңыз, қақпақтың мықтап жабыңыз және үш күн бойы жерде қалдырыңыз. Осы уақыттан кейін ересек қызанақ, қияр және бұршақ дақылдары инфузиямен суарылады. Күзде қабаттарды дайындау кезінде(әдетте қазан айында, ауыр саз топыраққа жетілмеген компост қосу ұсынылады. Қыс бойы органикалық заттар шіріп, жауын құрттарына жем болады, көктемге қарай топырақты борпылдақ және қоректік етеді. Пісіп жетілген бірінші жылдағы компостта азот көп, сондықтан бұл тыңайтқыштарды нитраттарды жинақтап алатын дақылдарға қосу. Бұл редис, шпинат, қызылша, салат жапырақтары , дақылдар. Бірақ 1-2 жастағы өсімдіктер үшін өте қолайлы, қияр, қырыққабат, цуккини, балдыркөк, асқабақ.

1.7 Компосттың артықшылықтары:

Қазіргі кезде адамдар шөптерді, сабандарды, жапырақтарды, картонды, ас үй қалдықтарын, шымтезект.б әртүрлі заттарды компосттайды.

Компост бірнеше жұмыстарды орындайды:

Компосттағы микроорганизмдер органикалық заттарды өсімдікке қол жетімді қоректік қаттарға бөледі, сондықтан өсімдіктер жақсы өседі.

Топыраққа қосқан кезде, компост топырақтың ылғалдылығын мөлшерін көбейтеді, сондықтан өсімдіктің қажетті ылғалды ортаны сақтап тұра алады. Өсімдіктер ұзақ уақыт бойы дымқыл ортада тіршілік етеді.

Компост ластанған топырақты, соның ішінде пестицидті алдын-ала қолданыстан жойған топырақты тазалап, жөндей алады. Сондай-ақ тау –кен жұмыстарына ұшыраған және бүлінген топырақты жөндеуге болады.

Компост эрозияны болдырмайды;

Компост топырақ құрылымын жақсартады. Құмды топырақ ылғалдың көп болуына көмектеседі және саз топырақтарын бұзуға көмектеседі;Ол топырақтың нақты түрін жасай алады;

Компостты топыраққа қосу өсімдіктерді органикалық тыңайтқышсыздандыруға арналған бояу береді;

Микроорганизмдер мен басқа да тіршілік иелеріне қоректік заттарды ау және өсімдік ауруларын жеңу үшін пайдалы.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Компост дайындау әдістемесі

1-әдіс.Қажетті құрал жабдықтар

Екі 2,5литрлік контейнер

Даланың құнарсыз топырағы

Тамақ қалдықтары(ингредиенттер)

Құрттар(компосттың шіруін тездететін)

Дайындау әдістемесі:

13 маусым. Құрғақ контейнерге бір қабат дала топырағын салдық. Кейін үстіне картоп, сәбіз, банан,тәтті бұрыш қалдықтарын қабат-қабат қылып төсеп орналастырдық. Қабат толған сайын дала топырағын қосып, қайта тамақ қалдықтарын қосып, 5-6 қабат жасадық. Тамақ қалдықтарын салған кезде оларды сорттадық. Яғни, алма, апельсин деген сияқты қышқылы бар немесе цитрус қалдықтарын алып тастадық. Бір компостеріміз құртпен болу керек еді, біз құрттарды салып, компосттағы салынған заттармыздың тезірек шіруін қамтамасыз ету үшін, контейнерлердің қақпақтарын ауа (оттегі) өтіп тұратындай үшін тесіктер дайындадық. Айта кеткендей, біздің бір компостеріміз құртпен болу керек еді. Біздің басты қателігіміз жауын құрттарын емес, балық аулауға арналған құрттарды салу болды. Өйткені олар біраз күннен кейін шыбынға айналып, тұрған бөлмеде қаптап кетті. Кемшілімізді қалпына келтіру үшін қайтадан жауын құрттарын тауып, компостқақосып, қайтадан зерттеуіміз жалғастырылды.

2-әдіс.Қажетті құрал жабдықтар

Алдында дайындап кеткен компостерлеріміз

Шай түйіршіктерінің қалдықтары

жуа қабығы, термометр, жауын құрттары, қырыққабат, дистилденген су

Дайындау әдістемесі:

26 маусым. Екі аптадан кейін келгенде біз салған сәбіз, картоп, банан қалдықтары ыдыраған. Ең қаттысы, ең баяу ыдырайтыны картоп болды. Ал банан болса сол екі апта ішінде талшықтарға айналып кеткен болды. Сол кезеңдерде жауын-шашын көп болғандықтан, біз жауын құрттарын қазып алып, бір компостерге салдық. Компостердің температурасын өлшегенде 37 градус болды. Тамақ қалдықтарын қосқан компостерімізге дистелденген су септік. Кейін ғаламтор желілерінен компостер жылы жерде тұру керек екенін оқып, оларды қалың көрпешелерге орап, далаға шығарып қойдық.

3-әдіс. Қажетті құрал жабдықтар

Банан , қауын, қырыққабат

Күрекшелер

Дайындау әдістемесі:

17 шілде. Біз компостерлерімізді тексеруге келгенде топырағымыз қара шірікке айналып кеткен болды, ішіндегі салған тамақ қалдықтары толығымен ыдыраған, себебі торврағамыз одан әрі түсі қапрайған, қара көмірдей болған. Яғни, біз салған тамақ қалдықтары ыдырап, өз бойындағы микроэлементтерді топыраққа сіңдірді. Біз тағы тамақ қалдықтарын салып, топырақты қопсытып кеттік.

4-әдіс. Құрал-жабдықтар

Қырыққабат

Сәбіз

Жуа қабығы

Дайындау әдістемесі:

2тамыз. Құртты компостерде әлі қырыққабат ыдырамаған, жуа қабығы аздап қалған , банан, қауын тез ыдыраған. Ал құртсыз әзірленген компостерде бананның тек бөлігі ыдырамаған, картоптың қабығы аздап қалған, ал қалған сәбіз, қырыққабат, қауын толық ыдыраған.

Дала топырағын алып, тамақ қалдықтарын екі компестерге бөліп салдық. Бірінші компостерге қосымша құрт(опарыши) салдық.

26 маусым күні дайындаған компосттың ішіндегі тамақ қалдықтары барлығы жақсы ыдыраған. Алакйда опарыш құрттары жарымсыз болғандықтан, жауын құрттарын салдық. Компостердің температурасын өлшеп, жылы болу үшін көрпелерге орап, күннің көзіне қойдық және дистелденген су септік.

Shape1 Shape2

17 шілде: Біз компостерлерімізді тексеруге келгенде топырағымыз толық ыдыраған, түсі қара көмірдей болып кеткен.Біз топырағымызға тағы тамақ қалдықтарын салып, толықтырдық.

2 тамыз күні, қатты жаңбыр әсерінен компостердің іші өте дымқыл болып кеткен. Бірақ компостер ішіндегі тамақ қалдықтарының ішіндегі банан мен картоптың жақсы ыдырағанын көрдік. Ал қырыққабат сәбіз қауын толықтай ыдырап кеткен.

Тәжірибелік бөлімінің жалғасы

2.2. Компостталған топырақ құрамына талдау жүргізу.

Алынған компост құрамындағы тұздарды анықтау

Жұмыс барысы:

Топырақтан оңай еритін тұздарды алу үшін фильтрат дайындалды

Ол үшін үш колбаға дайындалған дала топырағы мен компостталған топырақты 50 грамын өлшеп, үстіне 250 мл дистилденген су құйып ерітіндіні дайындалды.

1-колбадағы ерітінді дала топырағынан дайындалған, 2-колбадағы компостталған құртсыз шірітілген топырақ, 3-колбадағы ерітінді құртпен шірітілген компосталған топырақтан дайындалған ерітінді.

2. Дайындалған ерітіндіні қалдырып, екінші күні бірнеше мәрте фильтрден өткізілді, фильтрат алынды.

4. Кальций ионын анықтау барысында, 5 мл пробиркага фильртленген топырақты суларды құю. Қайнағанша қыздыру, қайнағаннан кейін 3 тамшы сірке қышқылын тамызып, және 4 тамшы аммоний оксоладын құямыз. Нәтижесінде кальций ионын анықтаймыз, құрты бар топырақта және құрты жоқта кальций ионы жок, дала топырағында АҚ ТҰНБА түзілді, яғни кальций ионы бар.

Қорытынды: Біз бұл тәжірбиелер арқылы, топырақтың құрамындағы иондарды анықтадық. Тәжірбие нәтижесінде: дала топырағында иондардың жеткіліксіз екенін және соның нәтижесінде ақ тұнба түзілгенін байқаймыз. Ал екі компостер топырағында иондар саны жеткілікті және нәтижесінде лай су түзіледі. Компостер топырағында үдеткіш ретінде бактериялар болады, сонымен қатар біз жауын құрттарды да қолдандық . Осы тәжірбие барысында нитрат пен нитриттердің бар жоғын анықтадық.

Фильтрленген топырақтағы аммиак, нитраттар мен нитриттерді құрамын анықтаймыз.

1.Аммиакты анықтау үшін 10мл фильтрленген құмды суға 3 тамшы несслер реактивын құямыз. Нәтижесінде топырақ құрамындағы аммиакты анықтаймыз. Құрты бар топырақ компостында қызғылт сары түстес тұнба, құрты жоқта әлсіздеу қызғылт сары түс, ал дала топырағында әлсіз сары түс түзді. Топырақтың құрылымы жақсарғанын байқадық.


2.
Нитраттарды анықтау үшін 10мл фильтрленген құмды суға, 2 тамшы күкірт қышқылын және 3 тамшы калий йодидын сонымен қатар, дистильденген суда еріген крахмалдан 3 тамшы құямыз. Нәтижесінде, құрты бар компост топырағында көкшілдеу, құрты жоқ компост топырағында орташа көк түсті, ал дала топырағында жасылдау түс түзді. Қорытындылай келе, компостер дайындалған топырақты құнарлығын артқандығын бақыладық.

Shape3 3. Нитритті анықтау үшін: 1 мл фильтрленген құмды суға, дифениламин кристалынын 2-3 түйіншігін және 2 мл концентрлік күкірт қышқылын кұямыз. Нәтижесінде көк түсті нитритті анықтаймыз: құрты бар компост топырағында қою көк түс, құрты жоқ компост топырағында ашық көк түс ал дала топырағында өте әлсіз көгілдір түс тузді. Қою көк түс нитратты анықтау арқылы нитриттын бар екенін аныктадық. Екі компостер топырағының дала топырағымен салыстырғанда сапасының жоғарлағанына тағы көз жеткіздік.

Біз дайындаған компосттар мен дала топырағын салыстырып болғаннан кейін оның нәтижесін толық көру үшін жуа мен шалғам отырғызамыз деп шештік. Өсімдіктерді отырғызу үшін керек құал-жабдықтар алынды.

Гүл егетін екі үлкен құмыраны ортасынан бөліп, бір жағына шалғам дәндерін, екінші жағына жуа дәндерін , ал дала топырағы бар құмыраларға бөлек-бөлек 3-5 см тереңдікте ектік. Барлық құмыралардағы өсімдіктерге су құйылды.

3күн ішінде шалғам екі түрлі құнарлы топырақта 3-5 см биіктікке өсті.

Бір апта ішінде біздің шалғамымыз бой көтерді . Құртсыз дайындалған компосттағы шалғам биіктігі 6 см болса, жуа 0,5 см биіктікке көрінді. Құртпен дайындалған компостте шалғам биіктігі 8,5-10 см болды. Ал дала топырағына өсірген шалғам мен жуа әлі де бой көтермеді. Қорытынды

Біздің “Компост жасау” жобамыз өз мақсатына жете алды деп санаймыз. Біздің ғылыми жобамыздың басты мақсаты — дала топырағын тиімді үй жағдайында құнарландырып, оның нәтижесін өсімдік өсіру арқылы айқын көрсетіп, дәлелдеу еді. Даланың құнарсыз , кеуіп кеткен топырағынан түрлі оңай еритін тұздар мен микроэлементтерге бай гумус жасай білдік. Жобаны біз жаз айында бастадық. Бір компостымызды тек тамақ қалдықтырымен құнарландырсақ, екіншісіне үдеткіш ретінде құрттар салдық. Топырағамыз екі апта ішінде қара шірікке айналды. Кейін оны тек толықтырып, бақыладық. Қазан айында зертханалық әдістермен компостталған топырақ құрамына талдау жүргізілді. Яғни, кальций , хлор ионы, барий сульфаты, аммиак, нитрит, нитраттарды анықтап, дала топырағымен салыстырылды. Жалпы жоба нәтижесін көру үшін сол топырақтарға, шалғам(редис) және жуа отырғызылды. Біздің компосттарымызда редис 3 күн ішінде тұқым жарып шықты. Ал бір апта уақытта 5-7 см сабағы өсті. Бұл біздің компосттеріміздің құнарлығын артқанын көрсетеді.

Қазіргі таңда экологияның ластануы жаһандық деңгейдегі мәселе. Ал біздің үй жағдайында компост жасау әдісіміз арқылы тамақ қалдықтарын тек жойып қана емес, тиімді бизнес көзі—бақшаға керек тыңайтқыштарды алу жолын көрсете білдік.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!