Материалдар / Ғылыми жұмыс Тақырыбы: Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс Тақырыбы: Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс Тақырыбы: Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу. «Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу» атты еңбекте киіз үй мен ою-өрнектер туралы кең ауқымда көрсетілген. Бұл ғылыми еңбектің мақсаты - құнды және тарихи дүниелеріміздің мәртөбесін көрсетіп, әлемге паш ету!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2022
1688
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

«Кентау көпсалалы колледжі» МКҚК







Ғылыми жұмыс





Тақырыбы: Координаталық жазықтықта ұлтымыздың

құнды дүниелерін кескіндеу




Жұмыс авторы: Математика пәнінің мұғалімі
Сапархан Гулжан Бақытжанқызы






Кентау 2022 ж

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Рене Декарт

  2. Координаталық жазықтық

  3. Координаталар бойында нүкте салу


  1. Киіз туырлықты қазақпыз


  1. Ою-өрнек


ІІІ. Қорытынды






























Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Координаталық жазықтықтың өмірде пайдасы зор екендігін айқындай отырып, қазақтың ұлттық құндылықтарын кескіндеу. Жас ұрпақтың патриоттық сезіміндерін нығайту .

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

  • Координаталық жазықтықты және оның шығу тарихын зерттеу;

  • Координаталық жазықтықта әртүрлі пішімдерді салып үйрену;

  • Қазақтың ұлттық құндылықтары - киіз үйді, ою-өрнектерді координаталық жазықтыққа кескіндеу;

  • Қорытындылау

Ғылыми жұмыстың өзектілігі:

Координаталық жазықтықты жақсы меңгерген білім алушыдан біздің жас мемлекетімізге қажет ұлттық құндылықтарымызды сақтай алатын, білімді маман қалыптасады.

Ғылыми жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  • Координаталық жазықтық бойында ұлттық нақыштағы киіз үй мен ою өрнектерді бейнелеу.

  • Координаталық жазықтық бойында сурет шығару.








І. Кіріспе

Бізге барлық пәндер ұнайды, бірақ математика пәніне деген қызығушылығымыз көбірек болды. Математика пәні туралы көп білгіміз келеді. Маған математика және математикамен байланысының бәрі ұнайды. Біз не істесек те, барлығы математика мен сабақтасады. Математика грек тілінен қазақшаға аударсақ, «білім», «ғылым» деген мағынаны білдіреді. Математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Бұрынғы кезден-ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай мен жұлдыздарды бақылау арқылы жыл мезгілдердің ауысатын уақытын болжаған.

Сонымен қатар Галилейдің «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген сөздерінен математиканың құдіреттілігін көруге болады. Математиканың әр түрлі қыр-сырларымен таныса отырып, мен координаталық жазықтық тақырыбына тоқталып отырмын. Координаталар бойында нүкте салу арқылы сурет шығару қызығушылығымды тудырды. Менің бұл тақырыпты алып отырған бірден-бір себебім координаталар бойында өзіміздің ұлттық нақыштағы қазақ халқының баспанасы киіз үйді және ою өрнектерін кескіндеу. Сонымен қатар оларды басқа да көптеген елдерге танытып, қазақ елінің мәртебесін көтеру. Еліме өз үлесімді қосу. Екіншіден біз тек математика пәнінде есеп шығарып қана қоймай халқымыздың салт-дәстүрін әдеп ғұрпын үйрету. Сонымен қатар математика сабағында ұлттық салт-дәстүрге, нақышқа келтірілген педагогика –психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануымызға болады.










ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Рене Декарт

Декарт Рене (1596-1650) француз ғалымы, математик, физик және физиолог. Рене Декарт француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады.

Координаталар жүйесін алғаш ойлап тапқан француз философы және математигі Рене Декарт.

Координаталар жүйесін былай тапқан: кереуетінде жатып шыбынның ұшқанын бақылаған Рене Декарт былай пайымдаған: «Кез келген уақыт мезетінде шыбынның орналасқан орнын қалай түсіндіруге болады?». Ол кеңістіктері әр шамасы үшін (ілгері) кейін, жоғары (төмен), оңға (солға), үш координатаны (х,у және z) пайдалануға болатынын ашты.







Декарт,сондай-ақ, алгебрадағы шамаларды белгілеу үшін алфавиттің соңынан бастап әріптерді пайдаланған бірінші ғалым болған.



Ерекшеліктері:

Саясат мәселелеріне қызықпаған Декарт алгебра, аналитикалық, геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогенияны, және әрине философияны талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар», «Философияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар». Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді. Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математиканың ойлау тәсілінен көрінеді. Өзінің математикалық ізденістерін негізінде Рене Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану қажет.







2.2. Координаталық жазықтық

Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.

Сонда координаталар жүйесі – санақ басы ортақ, өзара перпендикуляр екі координаталық түзу. Сондықтан мұны тік бұрышты координаталар деп атайды. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық деп аталады. «Координаталар» сөзі латынның coordinatus- қазақша «реттелген» деген сөзінен алынған.



Координаталық түзулер координаталық осьтер деп аталады.















Горизонталь сызылған координаталық абциссалар (Ох) осі деп аталады да, солдан оңға қарай бағытталады. Вертикаль сызылған координаталық түзу ординаталар (Оу) осі деп аталады да, төменнен жоғары қарай бағытталады.

Абциссалар осі мен координаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. Координаталар басы О әрпімен белгіленеді. Бұл латынша origa-«басталу» сөзінің бірінші әрпінен алынған.

Берілген нүктенің абциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады. Координаталық осътер жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Олар ширектер деп аталады.

2.3. Координаталар бойында нүкте салу













Біз осындай суреттерді координаталар бойында салуды білеміз. Ал неге біз өзіміздің ұлттық нақыштағы дүниелерімізді суреттемейміз. Киіз үй,ою-өрнек, домбыра, кебеже осыларды суреттеуді қолға алып отырмын.























2.4. Киіз туырлықты қазақпыз

Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде киіз үй, кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен-кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкендері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан-сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты,  күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.

Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді.

Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса, оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.

Шаңырақ

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес олықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:









 Шаңырақ

1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.

2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.

3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.

4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

Киіз үй керегесі   

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

 Кереге

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.













2.5. Ою-өрнек

Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін.

Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.



































ІІІ. Қорытынды

Қазіргі нарықты экономикалы Қазақстан үшін математикалық терең білім қажет деп білемін. Рас, математика ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы қазба байлықты ашпайды, машина жүргізбейді. Бірақ математиканың құнды пікірлері мен әдістері арқылы аурудың алдын алу, құнды дүниелерімізді әлемге көрсету, жер қойнауындағы қазба байлықтың орнын анықтау математикалық білімнің құдіреттілігі емес пе? Математика тек математиктерге ғана қажет деген пікірден арылу керек деп ойлаймын. Математика арқылы құндылықтарымызбен тарихи дүниелерімізді ұрпағымызға, әлемге танытып мақтан етуіміз керек.

Математика - ғылымның бастауының негізі, ғылымның қан тамыры екенін ескеріп, қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының туындысы - киіз үй координаталық жазықтықта кескіндедім. Енді осы үйге математикалық тұрғыдан қарасақ оның күрделі геометриялық беттерден тұратынын көреміз. Мысалы, керегенің жоғарғы және төменгі жақтары гиперболаның параболасы болады. Үйді айналдыратын белдеу - шеңбер. Сол сияқты шаңырақ та шеңбер. Сонымен қатар аталарымыз уықтар арқылы уақытты да біліп отырған. Күн сәулесі екі уық арасын 20 минутта жүріп отырған. Сондай-ақ біз математикада есеп шығартып қана қоймай, салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды үйрене алдық деп ойлаймын. Ал, осы ойымды, ары қарай жалғастырып, дамыту біздің қолымызда.

















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Бәрі де сандар туралы» Джонни Болл

2. «Математика және физика» журналы, № 2, 2011ж.

3. Алдамұратова Т. А., Байшоланов Т.С., «Математика » Алматы, «Атамұра» 2015ж.

4. «Ханталапай» журналы, 2013 жыл

5. Интернет беттерінен

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!