Материалдар / Ғылыми жұмыс. Веб сайт жасау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс. Веб сайт жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс жазу. Веб сайт жасауға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
333
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Түркістан облысы Арыс ауданы

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп гимназиясы


Жоба авторы: Сәрсенбек Еркебұлан 10 – cынып оқушысы

Жоба атауы:



Web сайт жасау әдістері мен талаптары



Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу

Секция: Информатика


Жетекші: Батырханқызы Айсұлу



Арыс 2022ж

Түркістан облысы Арыс қаласы М.Әуезов атындағы жалпы орта біліп беретін мектеп гимназиясының 10 – сынып оқушысы Сәрсенбек Еркебұланның орындаған «Web сайт жасау әдістері мен талаптары» тақырыбындағы ғылыми жұмысына


П І К І Р


Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - информатика пәнінен WEB сайт арқылы оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Ғылыми жұмыста интернет технологиялар, HTML, JS, CSS тілдерінде, Sublime Text, Visual Studio Code бағдарламалары, HTML, JS, CSS тілдерінде жиі қолданылатын тег пен қазақ әріптерінің кодтары туралы құнды мағлұматтар берілген. Жалпы сайт құру технологияларының маңыздылығы туралы, сайт құрған кезде қандай мәселелерді басқа алу керекті нақты айтылған.

Ғылыми жұмыстың практикалық бөлімінде «Мектеп - Мұхтар Әуезов атындағы гимназия» атты сайт құрды. Бұл сайтта мектебіміздің тарихы және қазіргі іс-шаралары жайында мәліметтер берілген.

Оқушы ғылыми әдебиеттер мен интернет желісін, HTML, JS, CSS тілдері, Sublime Text, Visual Studio Code жұмыс жасай білетін қабілетін көрсетті.

Болашақта бұл оқушы ғылыми жоба сайыстарына қатысып, үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ ел болып қалыптасуына өз үлесін қосады деген сенімдемін.




Жетекші: информатика пәнінің мұғалімі Батырханқызы Айсұлу

Тақырыбы: «Web сайт жасау әдістері мен талаптары»


Зерттеудің мақсаты: HTML, JS, CSS тілі мен Sublime Text, Visual Studio Code бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web-сайт құру. Өзін-өзі дамытуға, қоғамдағы және басқа адамдар арасындағы өзінің орнын анықтауға, сондай-ақ қоғам заңдылықтарын терең түсінуге қабілетті, қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру жүйесін дамыту барысында ақпараттық қоғамды басқара алатын және телекоммуникация саласында қызмет ететін жеке тұлға болып қалыптасу.



Зерттеудің гипотезасы: HTML, JS, CSS тілі мен Sublime Text, Visual Studio Code бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web- сайт құру.


Зерттеу кезеңдері: Теориялық материалдар, суреттер жинақтап, слайдтар, видеороликтер жасадым. HTML, JS, CSS тілі мен Sublime Text, Visual Studio Code бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web- сайт жасап шығардым.


Зерттеудің жаңалығы: HTML, JS, CSS тілінің тегтерін, Sublime Text, Visual Studio Code бағдарламаларының түрлі дизайндарын пайдаланып, жаңа Web-сайт құрастырдым.

Жұмыстың нәтижесі: «Мектеп - Мұхтар Әуезов атындағы гимназия» атты сайт құрдым. Осы сайтта Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектеп гимназиясы жөнінде ақпарат бердім.


Қорытынды: Сайтты құру технологияларын қолдана отырып тұтынушыны қызықтыра білу керек.

Жұмыстың мазмұны:

  1. Кіріспе


Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар


HTML негіздері


  1. Негізгі бөлім


Құжаттың структурасы


Мәтінді форматтау тегтері


Web беттегі графика


Сілтеме


Sublime Text, Visual Studio Code бағдарламалық жабдықтары және олармен жұмыс


Жұмыс барысы


  1. Қорытынды


Түйін сөздер мен түсініктер


HTML, JS, CSS тілінде жазуда қолданылатын қазақ әріптерінің кодтары:


Қолданылған әдебиеттер:


Ұсыныстар, пікірлер


ТҮЙІН


Қосымша А


Қосымша Ә

  1. Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруді талап етеді. Шығармашылық жұмыстың қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.


Өзектілігі: Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.»

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі электронды оқыту жүйесі қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

  • Shape1 Оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

  • Shape2 Оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

  • Shape3 Мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

  • Shape4 Оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

  • Shape5 Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Желілік білім беру ресурстары бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман талабы. Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық оқушы-компьютер-мұғалім жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі - компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Аталып отырған жұмыста білім беруді ақпараттандыру туралы түсінікті және көрнекті жазған. Сабақта компьютерлік желіні интернет ресурстарымен толықтырып отырудың өзі білім берудегі ақпараттандыру үрдісінің іс жүзіне асқанын көрсетеді. Атаулы жұмысты қарау барысында информатиканы оқытуды ақпараттандырудың жаңа әдістерін байқауға болады. Әдістемелер қолданылған сайтта тақырыпқа сай орынды жасалған.

  1. Интернет желісінде электронды кешенді құру негіздерін оқыту

    1. WEB дизайн және браузерлер, іздеу роботтары


Компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатын әдістемелік жұмыс.


Осы жобаны таңдау себептері:


  • Web сайт құруда қажетті технологияны таңдай алуым;

  • Ақпараттық жүйелер ұғымым;

  • HTML, JS, CSS тілінің тег ұғымым.


Жобадағы қарастырылған мәселелердің артықшылығы:


  • Web сайт құруда HTML, JS, CSS тілінің мүмкіндіктерін пайдалануын қамтамасыз ету;

  • Мәтіндік редакторлар мен құралдарды дұрыс таңдау және пайдалана білу.

  • Қоғамды ақпараттандыруды қалыптастыру. Мақсаты:

HTML, JS, CSS тілі мен Sublime Text, Visual Studio Code бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web-сайт құруды үйрену. Өзін-өзі дамытуға, әлемдегі және басқа адамдар арасындағы өзінің орнын анықтауға, сондай-ақ өздері өмір сүріп жатқан қоғам заңдылықтарын терең түсінуге қабілетті, қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру жүйесін дамыту барысында ақпараттық қоғамды басқара алатын және телекоммуникация саласында қызмет ететін жеке тұлға болып қалыптасу.

Міндеттері:

  • Ақпараттық ағынды басқару жолдарын жинақтау;

  • Web сайт құру технологияларын игеру;

  • HTML, JS, CSS тілінің мүмкіндігін пайдалана білу;

  • Интернет мәні мен мүмкіндігін ұйымдастыру.

Зерттеу нысанасы:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!