Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы
Қалалық білім беру бөлімі
№49 орта жалпы білім беретін мектеп
Сәкен Диляра
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы:
«Итмұрын өсімдігінің биологиялық ерекшелігі мен ағзаға емдік әсері»
Бағыты: Өсімдіктер ботаникасы мен экологиясы
Жетекшісі: Гильманова Эльмира Еркингалиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
О
рал
қаласы,2018
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе ............................................................................................................4
ІІ. Негізгі бөлім..................................................................................................5
2.1. Итмұрын өсімдігіне
сипаттама ..............................................................5
2. 2.Зерттеуге түрткі болған деректер
жинақтамасы................................7
2.3. Өсімдік ерекшеліктері, тіршілігі ...........................................................7
Итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттері және оны қолдану жолдары....8
ІІІ. Қорытынды ................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................................12
ПІКІР
Орал қаласы №49 жалпы орта білім беретін мектебінің 4«А» сынып оқушысы Сәкен Диляраның «Итмұрын өсімдігінің биологиялық ерекшелігі мен ағзаға емдік әсері» атты ғылыми жобасында итмұрын өсімдігінің ағзаға емдік қасиеті, биологиялық ерекшелігі мен маңызы дәлелденген.
Бүгінде әлемдік басты проблемалардың бірі - адамдар арасында анемия, созылмалы жұқпалы аурулар дифтерия, пневмония, созылмалы ішек аурулары, диатез, қан кету( мұрын, өкпе, жатыр) секілді аурулар көбейіп кетті. Сондықтан денсаулықты жақсартуға себепші болатын итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы екені дәлелденген. Дәрумендерге бай итмұрын өсімдігі иммунитетті көтеріп, түрлі ауруға ем болатындықтан ұлт денсаулығын жақсартуға үлесін тигізеді деп есептеймін.
Бұл жоба соңғы жылдары Қазақстан Республикасында экологиялық таза, сапалы, қауіпсіз өнім тұтынуға баса назар аудартып, ауру түрлерін емдеуде дәрі-дәрмектерді емес, табиғи гипоаллергенді фитотерапияны ұтымды пайдалану қажеттігін алға тартады.
І.Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі:
Көптеген адамдар жабайы өсімдіктерді өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарағанымен, өсімдіктердің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығы бар екені барлығынына аян. «Итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттерін анықтап, көптеген аурулардың алдын алуға болмас па екен?», «Бұл өсімдіктің тіршілігіне қолайлы қандай жағдайлар қажет екен?» деген ой зерттеу жұмыстар жүргізуге түрткі болды. Итмұрын өсімдігінің ағзаға емдік қасиеті, тіршілігі мен биологиялық ерекшелігі мен маңызын дәлелдегім келеді.
Мақсаты:
Итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттерін анықтап, тіршілігін зерттеу арқылы биологиялық ерекшелігін нақтылау.
Міндеттері:
-
Итмұрын өсімдігі туралы мәліметтерді жинақтап, қасиеттері мен тіршілігіне зерттеу жүргізу.
-
Зерттеулер нәтижелерінде анықталған деректерге сүйене отырып, адамдарға емдік қасиеттері, тіршілігі туралы ақпарат беру.
-
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, итмұрын өсімдігінің құрамы, қасиеттері, ерекшеліктеріне теориялық және практикалық тұрғыдан анализ жасау.
-
Итмұрын өсімдігінің денсаулыққа пайдалылығын анықтап, халыққа түсіндіру.
Зерттеу объектісі:Итмұрын өсімдігі

Болжамы:
Итмұрын өсімдігінің емдік ерекшелігі анықталса, көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге болар еді және табиғи иммунитет күшінің қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Міндеттерді шешу жолдары:
-
Қойылған міндеттерді шешуге қол жеткізу үшін тақырыпқа байланысты материалдар жинақтап, олардың ішінен зерттеу тәсілдерін таңдап алдық.
-
Итмұрын өсімдігінің құрамында болатын заттар туралы теориялық мәліметтер жинақтап, практикалық тәжірибелер арқылы көз жеткіздік.
-
Өсімдіктің емдік қасиеттерін анықтап, әр түрлі ауруларды емдеуге, тіршілігі барысында күтім жасау жолдары туралы ұсыныстар әзірледік.
Зерттеу жаңалығы:
Итмұрын өсімдігінің емдік қасиетін анықтап, тіршілігіне әсер ететін қолайлы және қолайсыз жағдайларға практикалық тұрғыдан көз жеткізу.
Практикалық қолдану салалары:
Өсімдіктің емдік қасиеттерін медицинада негізгі емдеу тәсілі ретінде қолдануды ұсынамын.
Зерттеу кезеңдері:
-
Дереккөздерге шолу.
-
Зерттеу жолдарын анықтау.
-
Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру.
-
Жоба мәліметтерін жүйеге келтіру.
-
Жоба зерттеулеріне қорытынды жасау.
Қорытынды:
Итмұрын өсімдігінің тіршілігі, ерекшелігі, емдік қасиеттерін зерттеуде анықталған ақпараттарды өсімдікті өсіру, күтіп баптау және қолдану кезінде пайдалануға ақпараттар ұсындық.
ІІ. Негізгі бөлім. Зерттеу бөлімі
1. Итмұрын өсімдігіне сипаттама.
Итмұрын (шиповник, дикая роза) -раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жабай раушан жеміс береді.
Итмұрын – бағалы дәрумендерге өте бай жеміс. Одан дайындалған дәрі-дәрмек медицинада асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданады. Ал гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады. С дәруменіне бай жемісті емдік дәрі ретінде әрі дәрумен түрінде көптеген жүзжылдықтардан бері кәдеге жаратып келеді. Оны тибеттік медицинада да қолданған. Шығыста итмұрынды аса жоғары бағалап, оның адам күш-қуатын жоғарылататын, көңіл-күйін көтеретін, әдемілік пен денсаулықты арттыратын қасиетке ие екенін айтады.
Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.
Итмұрынның химиялық құрамы. Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшерде болатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.
Итмұрынның зияны .
1. Қан қысымы жоғары адамдарға
итмұрынды қолданған зиян. Көп қолданған жағдайда жұқпайтын
сарыауруға ұшырайды.
2. Асқазанда жара болған жағдайда азғантай мөлшерде қолдану
қажет.
3. Итмұрын ертіндісін ішке қабылдағаннан кейін тісті таза сумен
немесе тіс пастасымен жуу қажет. Егерде жумаса тістің эмалі
құриды.
4. Мөлшерден тыс итмұрынды қолданған жағдайда бүйрекке де зиян
келтіру мүмкін. Сондықтан да итмұрын өсімдігін дәрігердің кеңесімен
қолдану қажет.
2.Зерттеуге түрткі болған деректер жинақтамасы
Оқушылар арасында сауалнама жүргізу:
-
Егер адам сырттай немесе іштей қабылдаған жағдайда аллергиялық реакциясы бар ма?

Нәтижесі: Бұл өсімдіктің аллергиялық реакция туындатуы мүмкін дегенге көпшілік сенім білдіріп отыр.
-
Емдік қасиеті бар дегенге сенесіз бе?

Нәтижесі: Итмұрын өсімдігінің емдік қасиетіне тұрғындар сенбейді екен.
3. Өсімдік ерекшеліктері, тіршілігі.
Қазіргі кезде дүние жүзі
бойынша бұлардың 12 мыңнан астам сорттары белгілі, ал Қазақстанда
24 түрі бар. Олардың ішіңде мәңгі жасыл және жапырағы жылма-жыл
түсіп отыратын формалары да бар.
Кейбір түрлерінің көп мөлшерде витамин С витамин
В2,Р,К және провитамин А мен комплексте болады. Бұл жағынан ең
құндысы ақгүлді (беггера итмұрыны) және қызылгүлді түрлері (қоңыр итмұрын —
К.сіппатотеа, қатпарлы итмұрын). Қызғыл гүлді
түрлерінде
С витамині біршама аз, ал сары гүлді
түрлерінде
аздау (тікенекті итмұрын, сасық итмұрын олар өте
аз).
Итмұрын өсімдігінің ерекшелігі
сол, жабайы түрде өседі. Итмұрын – бағалы дәрумендерге өте бай жеміс. Одан
дайындалған дәрі-дәрмек медицинада асқазан және бауыр ауруларын
емдеуге қолданады. Ал гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады. С
дәруменіне бай жемісті емдік дәрі ретінде әрі дәрумен түрінде
көптеген жүзжылдықтардан бері кәдеге жаратып
келеді.
Көбеюі:
Бунақденелiлер гүлдiң тозаңдарымен қоректенiп, аналықты тозаңдандырады. Күзде итмұрындардың гүлдерiнен сарғыш немесе қызғылт түстi етжендi «жемiстерi» пiсiп жетiледi. Жемiстерi ұлғайған гүлтабанынан дамиды. Итмұрынның нағыз жемiстерi ұлғайған гүлтабанның iшiндегi ұсақ жаңғақшалар. Олар «бокал» тәрiздi гүл тұғырының iшiндегi аналықтың жатынынан түзiледi. Итмұрынның жапырақтары таққауырсынды күрделi. Бiрсабақта 5-7 жапырақша орналасады.
И
тмұрын
жемісін кептіру. Жемістерді жинап алысымен
70-80° температурада кептіреді. Тез кептіргенде С витамині жақсы
сақталады. Кепкен итмұрын жемісінің үстіне қайнап жатқан су құйып,
шай етіп ішеді. Кепкен жеміс ұзақ сақталған сайын С витамині азая
береді.
-
Итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттері және оны қолдану жолдары.
Емдік қасиеті.
И
тмұрынның
жемісін тұнба, шырын, ұнтақ түрінде төмендегі ауруларға
пайдаланады: анемия, созылмалы жұқпалы аурулар дифтерия, пневмония,
созылмалы ішек ауруларында, диатез, қан кету( мұрын, өкпе, жатыр),
сәуле аурулары, бауыр және бүйрек тасын түсіруге, сүйек сынғанда
және организмнің ауруға жалпы қарсы тұру қабілетін көтеру үшін
пайдаланады. Итмұрынның майы ауыз қуысын емдеуге, күйік жараларын
емдеуге, асқазан жарасында қолданылады. Дәні қайнатылған суын өт
тасын түсіруге, бүйрекке, қуыққа және зәр айдағыш ретінде
қолданады. Гүлдерін шәй орнына
қолданылады.
Емдеу тәсілдері.
О
рганизмді
жалпы қуаттандырушы ретінде: 1 ас қасық тазаланбаған жемісін 2-3
стақан қайнаған сумен демдеп, эмальды ыдысқа жауып қояды да, 10
минут қайнатады, 1 тәулік тұндырып, сүзіп алады. Тәулігіне 3-4 рет
½ стақаннан тамақтану алдында
қабылдайды.
Іш өткенде, антибактериялық және ауру басқыш ретінде, зәр айдаушы ретінде 1 ас қасық майдаланған жапырағын 1 стақан қайнаған суға демдеп, бетін жауып сүзіп алады. Тәулігіне 3-4 рет 2 ас қасық ішеді. Емделу уақыты – 14 күн, біраз демалып алып қайталау керек. Емді көктемде жүргізген дұрыс.
Асқазанды емдеу ретінде: 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою керек. Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне 3 мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс.
Итмұрын қайнатпасының өзі суық тигенде ішсеңіз, тез айығуға көмектеседі. Сонымен қатар, ота жасатқаннан кейін қаназдықта және қанайналымды қалыпқа келтіруде осы өсімдіктің жаңа піскен жемістерінен тұнба дайындап ішсе, пайдасы мол. Қайнатылған тұнбаның бір стақанын күн сайын ішіп отыру қажет.
Итмұрын тұнбасынан шай дайындау үшін 1 ас қасық итмұрын жемісіне 1 стақан қайнаған су құйып, 10 минут эмальді ыдыста қақпағы жабық күйде қайнатады. Мұндай шайды бір күн тұндырып қоюға да болады. Содан күніне дайын шайдан 1 стақаннан ішеді. Бұл өсімдік С дәруменіне бай болғандықтан, оның құрамында адам ағзасына қажетті микроэлемент өте көп. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар итмұрын тұнбасын күніне 40 грамнан 6 апта бойы ішуі керек.
1- тәжірибе. 2 литрлік банкіге толтырмай ( алкогольді) спиртті құйып, 2 кесек итмұрын тамырын салдым. 1 апта ішінде ештеңе байқалған жоқ. Яғни спирт түсі мөлдір қалпында сақталды.1 аптадан кейін қоңырқай дәрілік тұнба түзілді. Уақыт өте келе итмұрын тамырының тұнбасы қызыл түске айналды.

Нәтижесі: итмұрын тамыры спиртте неғұрлым көп тұрған сайын дәрілік тұнбасының шипасы соғұрлым арта береді.
2- тәжірибе. Кептірілген итмұрын жемісін жабық қақпақ астындағы ыдысқа бөлшектеп екіге бөліп, мұртшаларынан тазартып 20- 30 минут суға қайнаттым. Судың түсі ашық шәй түстес түрге өзгерді. Екінші рет қайнатқанда қызыл түске өзгереді.

Нәтижесі: итмұрынның жемісін суда жоғары температурада қайнатқан сайын, жемісінің ішкі жағынан химиялық заттар бөлініп шыға береді. Сүзіп, одан соң тұндырып қояды. Қайнатындыны тұмау ауруы кезінде ішкенде әсері жақсы болып, адам тез айығып кетеді.Сонымен қатар қайнатындысы асқазан және бауыр ауруларына таптырмайтын ем болып табылады.

Итмұрыннан жасалған қайнатындыны тұмау ауруы кезінде сіңліме ішкізгенде әсері жақсы болып, тез айығып кетті. Қайнатындының дәмін жақсарту үшін аздап бал қостым.Қайнатпаны күніне үш мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын 1 стакан мөлшерінде ішкіздім.
Табиғаттың сыйы адамның ағзасын сырқаттан біртіндеп, біржола жазып шығатынына көзім жетті.
ІІІ. Қорытынды:
Бүгінгі күні әлемдік басты проблемалардың бірі- балалардың арасында өте көп тараған анемия, созылмалы жұқпалы аурулар дифтерия, пневмония, созылмалы ішек ауруларында, диатез, қан кету( мұрын, өкпе, жатыр) секілді аурулар көбейіп кетті. Сондықтан ауру түрлерін емдеуде дәрі-дәрмектерді емес, табиғи гипоаллергенді фитотерапияны ұтымды пайдалану қажет.
Демек, адамзат өз денсаулығының алдындағы жауапкершілікті қатынасты қамтамасыз ету керек. Экологиялық- жауапкершілік адамның өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу қасиеттерімен байланысты.
Сонымен қатар, осы итмұрын өсімдігінің антисептикалық және регенерацияны жақсартатын қасиеттерін жеңіл-желпі жарақат алғанда арнаулы нұсқаулық құрамына енгізу маңызды деп есептеймін. Бұл өсімдіктің тек балаларға ғана емес, барлық адамдарға емдік пайдасы бар екеніне сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 1. М. Қожабеков, Г.Қожабекова. Дәрілік өсімдіктер. Алматы. 1982. 154-бет.
2. Ә. Нысанбаев. « Қазақ энциклопедиясы». Алматы. 2002. 215- бет.
3. Қ. Құрманов. Табиғатқа саяхат. «Мектеп» 1980. 73-77 беттер.
4.Энциклопедия лекарственных растений. Беренжер Арналь-Шнебеллен, Поль Гетц и др. Испания-2004. «Ридерсз дайджест». Стр.238.
12
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жұмыс.«Итмұрын өсімдігінің биологиялық ерекшелігі мен ағзаға емдік әсері»

шағым қалдыра аласыз