Материалдар / Ғылыми жұмыс:Түймедақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс:Түймедақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзімнің туған өлкем Қазақстанда,жер жаннаты Жуалыда өсетін өсімдіктердің дәрілік қасиетін тану,ажырата білу,олардың емдік қасиетін анықтау,салауатты өмір салтын насихаттау. Зерттеу арқылы білімімді толықтыру, шыңдау,іздену,өз бетімше әрекет жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2019
1668
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,Ақбастау ауылы

14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектеп

Picture 16











Палман Аяулым Кеңесбекқызы

Сыныбы: 4

Туған жылы,айы,күні: 12.04.2004 ж.


Ғылыми жетекшісі: Шеримбаева Анафия Дуйсебаевна























































Зерттеу жұмысының бағыты:

Қоршаған әлем-экология,жан-жануарлар,өсімдіктер



Тақырыбы:

Түймедақ

















































З ерттеу бағыты: Қоршаған әлем-экология,жан-жануар,өсімдік.

Тақырыбы: Түймедақ

Негізгі ұстанған мақсатым:

Өзімнің туған өлкем Қазақстанда,жер жаннаты Жуалыда өсетін өсімдіктердің дәрілік қасиетін тану,ажырата білу,олардың емдік қасиетін анықтау,салауатты өмір салтын насихаттау. Зерттеу арқылы білімімді толықтыру, шыңдау,іздену,өз бетімше әрекет жасау.

Зерттеудің міндеттері:Туған өлкеде өсетінөсімдіктерді зерттей отырып,олардың адам,қоғам өміріндегі маңызын ашу.Бұл өсімдіктің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу.Олардың өсетін жерлерін,өсу ерекшеліктерін анықтап,қоршаған ортаны таныту,олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.

Зерттеудің өзектілігі: Туған жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің құпиясын аша зерттей отырып,адамзат қауымынөзін қоршаған табиғат аясын қорғауға және оны аялай білуге шақыру.Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу.









К іріспе

«Армысыздар ұстаздар,

Қонақтар мен оқушылар!

Қош келдік біз байқауға,

Білгеімізді сынауға»-дей келе өзімнің ғылыми зерттеу жұмысымды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектепте

«Мен зерттеуді үйренемін» тақырыбында өтетін оқу жылынан бастап,табиғатты,өсімдік түрлерінің тіршілігін үнемі бақылап жүрдім.

Табиғат- адамның ежелден бергі тіршілік етіп,өмір сүріп келген ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ,»-деп С.Торайғыров атамыз айтқандай адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Біздің халқымыз ежелден өз жерінің табиғатын аялап,шұрайлы жайылымын,орман-тоғайын,жан-жануарларын қорғауды мақсат еткен.Орман,шалғын,бау-бақша-бәрі өсімдік.Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.Жер бетінде өсімдіктің көп түрлілігі сондай,әр түрдің атын атап,тізіп айтудың өзі қиын.Ғалымдардың есептеуінше,біздің елімізде бес мыңнан астам өсімдік түрі өседі екен.Соның ішінде Жуалы өңірінде де алуан түрлі өсімдіктер өседі.





Жер жаннаты – Жуалы

Жуалы-айналасын Алатау мен Қаратау қоршаған,биік жерде орналасқан,ауа райы өзгеше қатал,қасиетті де киелі өңір.Аудан жері таулы келеді.

Жуалы жері негізінен таудың қызыл, қоңыр және қара топырағынан тұрады.Боз, бетеге, жуса, жуа, селеу,кекіре,мия,таусағыз,рауғаш,түймедақ,

бақбақ тағы басқа өсімдіктер өседі.Менің бала кезімнен гүлге деген қызығушылығым артып, түймедақ гүліне қызыға қарап, зерттеуді, деректер жинауды өзіме мақсат тұттым.



Басқаның бәрін қисаң да,

Жуалыны қимайсың

Бөктеріп алып кетер ем,

Ат сауырына сыймайсың.

Асан Қайғы





Түймедақ(Мatricaria) күрделігүлділер тұқымдасына жататын 1 жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда, Алтайда, Жетісу, Жоңғар,Іле,Күнгей Алатау- лары,Жуалының көбінесе ашық жерлерінде өсетін 2 түрі:дәрілік (Мatricaria recututa) және кәдімгі (Мatricaria matricauiades) бар..

Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Тіпті гүл өсіруге енді ғана бетбұрыс жасаған гүлпаздың өзі көгалдандыруды түймедақтан бастары анық. Жаз мезгілінің жаршысы болып есептелетін түймедақ еліміздің барлық аймағында өседі.

Түймедақ (Matricаria) – ортасында сары дағы бар ақ түсті гүл. Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары түсі де бар, дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. Түймедақтың табиғи түрі дәрілік қасиетімен жоғары бағаланады. Дегенмен, көбісі түймедақтың пайдасын біліп, шипалық мақсатта қолданбайтыны өкінішті.

Түймедақ тау шалғынында,жол маңайында,бақтарда,үйдің айналасында арам шөп ретінде кездеседі.Сондай-ақ өзендермен бұлақтардың жағалаулрында да өседі.Қазақстанда түймедақ- тың бірнеше түрі бар.Пайдалы өсімдіктің бірі саналады.Гүлінің формуласы мынандай:Тͦ₀К₍₅₎А₍₅₎Ж₍₂₎ Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Сабағы бұтақты.Жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген,кезектесіп орналасқан. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тастаса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді. Әрине, гүлі алғашқыдан сиректеу болады.

Т үймедақ гүлін флористикада композиция жасауда пайдаланады. Өсімдікті көгалдандыруда гүлзарға жеке немесе топтап отырғызады.

Түймедақ гүлі топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып, түбін қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ алакөлеңкеде ұзағырақ гүлдейді. Сәуір айынан бастап, жауынды күнді ескермегенде, күн ара суғарып тұрған жөн.

Аула ерте көктемнен күзге дейін тұрақты гүлдеп тұрсын десеңіз, сүмбілшаш, құртқашаш, алтыншар, бақытгүлі, қашқаргүл т.б. гүлдермен бірге араластырып қатар-қатар егуге болады. Нәтижесінде, ауладағы өсімдіктер маусымнан қазанға дейін кезек-кезек гүлдеп адам жанын қуанышқа бөлейді. Мектеп пен балабақшаны көгалдандыруда да аталған гүлдерді егуге болады. Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.

Көбейтілуі

Табиғаттағы түрлері өздігінен тұқымы шашылып көбейеді. Ал, көгалдандырудағы сұрыпталған түрлерін көктемде түбін бөлу арқылы көбейткен тиімді, әрі оңай. Көшеттің арақашықтығы

биіктігінің жартысындай болу керек. Мысалы: түймедақтың биіктігі 70 см болса, арақашықтығы 35 см болғаны абзал.





Х ош иісті түймедақ



Дәрілік түймедақ секілді

хош иісті.Түтікті гүлі

жасыл түсті.Түймедақтың

бұл түрі медицинада

қолданылады.Пайдалан

уы дәрлік түймедақпен

бірдей.Батыс Европа

халықтары бұл өсімдік Иіссіз түймедақ

терді ішектегі түрлі

құрттарға қарсы Бұл да арам шөп ретінде жол

пайдаланады. Аула бойында үйлердің айналасында

ларды,гүлзарларда кездеседі.Шілдеде гүлдейді. Қыркүйек-

сәндік үшін өсіріледі. те жеміс береді. Өсімдіктің бойында,

әсіресе гүл шоғырларында эфир майы

болады.Ол 10-17-ге дейінгі мөлшерде

кездеседі,тұқымында 20- ға дейін май

кездеседі. Гүл шоғырында пиретрин және

соған жақын жәндіктер үшін зиянды

заттар блады.Сондықтан да бұл өс

імдік интектисид ретінде

пайдаланылады.



Дәрілік қасиеті



Түймедақ гүлшоғырының құрамында эфир

Майы(0,2-0,12%)-термен спирт органикалық

қышқылдар, витаминдер т.б.қабынғанға қар

сы әсер ететін,тер шығаратын , ауырған

жерді тыныштандыратын дәрі ретінде жә

не клизма жасауға қолданылады. Іш өткен

де, ішек түйнегенде ішеді. Оның гүлдері-

нен жасалған су тұнбасын ішке жел қа-

бынғанда, ыстық көтерілгенде дәрі реет-

інде қолданады.

Сондай-ақ оның антисептік қасиеті де

бар.Емдік өсімдіктердің ас қорыту мүше-

лерінің қалыпты жұмыс істеуіне

де тигізер септігі мол. Ол үшін

түймедақ гүлінің қайнатпасын екі күнде

бір стаканнан ішу пайдалы.



Емдік қасиеті



Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі

өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.

Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:

1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.

2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.

3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.

4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл үгітіндісін қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзіп, ыстықтай ішкен дұрыс.

  Ескерту! Емдік мақсатта пайдаланатын өсімдікті көлік жүрмейтін, ауыл, қаладан алыс шалғын мен алаңқайлардан жинау керек. Дәрілік мақсатта қолдану үшін өсімдікті толық гүлдеп тұрған кездежинайды. Көлеңкеде кептіріп, дорбада сақтайды.

Picture 19 Мен зерттеу барысында Жуалының емдік қасиеті бар түймедақ гүлін жаз

бойы өзім жүрген

ортада бақылап,

бағдарлап жүрдім.

Ал оқу басталғалы

бері де бос жүрген

Picture 9 жоқпын.

Өйткені, менің өз мақ-

сатым бар.Сол мақ-

сат мені алға

жетелеп,ізденуге

жол сілтейді.Сон-

дықтан мен бос

Picture 25 уақытымның көбінде компьютер алдында

отырып,өзіме керек

мәліметтерді іздес-

тіріп,жинақтап,ойымды

бір ізділікке салуға тыры-

сып жүремін.Мен осы ба-

ғытты таңдағаныма қуанышта ды

Таралуы:

Дәріханалық түймедақ ТМД елдерінің Европалық бөлігінің оңтүстік және орталық аймақтарында, Украинада, Қырымда, Солтүстік Кавказда, Молдавияда өседі. Краснодар өлкесі мен Украинада мәдени түрде өсіріледі.

Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы, облыстарында өсіріледі.

Тілшесіз түймедақ – кеңірек тараған, арамшөп түрінде барлық жерде кездеседі. Қазақстанда Қостанай, Шығыс Қазақстан, Алматы және басқа облысарда өседі.
Химиялық құрамы:

Шикізатта 0,2-ден 0,8%-ға дейін эфир майы болады. Негізгі компоненті азулендер туындысы – хамазулен. Эфир майының 50% ациклды сесквитерпен фарнезеннен тұады, бисаболол, кадинен бар.

Сонымен қатар, сесквитерпендік лактондар матрицин, матрикарин бар.

Шикізатта флавоноидтар, никотин, аскорбин, изовалериан қышқылдары, салицил қышқылы, кумариндер, каротиндер бер.

Қолданылуы:

Түймедақ ресми медицинада да, халықтық медицинада да кеңінен қолданылады. Ішектің спазмаларында, іш өткенде, менструациялық цикл бұзылғанда қолданылады. Сырттай қабынуға қарсы, антисептикалық дәрі ретінде шаймалау үшін, ванналар және клизмалар түрінде қолданылады.

«Ромазулан» - препараты құрамында түймедақ экстракты мен эфир майы бар, эмульгатор твин 80 бар. Бұл препарат қабынуға қарсы қолданылады.





Тұнба дайындау

1-2 ас қасық түймедақ гүл-

дерін эмалді ыдысқа салып,

200 мл ыстық қайнаған су құйып

қақпағын жауып қайнап тұрған

суда(су моншасында) 20 минут

қыздырады. Дайын болған тұнбаны

күніне 50 мл 2-3 рет ыстықтай ішу

керек.Тұнбаны салқын, қараңғы жерде

екі сөткеден асырмай сақтайды.

Бұлауға түсу.



Түйедақ (ромашка) бұлауы. Ол денені жай- ландырады, көңілді мамыражай қалпына келтіреді, теріні жұмсартады, денедегі жарақат іріңді кетіреді. Әзірлеу тәсілі: 500 грамм ұсақталған түй-медақты мескеге сеуіп, үстіне суық су құйып, қашан қайнағанша от-қа қояды. Сосын біраз уақыт тұндырады, оны ваннадағы суға қосып, шомылады. Емдік шөптер бұ-лауы. Түймедақ, шә-лім, лаванда, розмарин, құлмақ, жөке гүлі, жалбыз, әшкөк және тағы да басқа емдік шөптер-ді алып 30 минут ыстық суға бұқтырып, сүзіп алып, оның 250 грамм тұнбасын бұлауға құя-ды. Судың қызуы – 350С болуға тиіс.








Қорытынды

«Табиғат-туған үйің» демекші біздер мектеп оқушылары халқымыздың баға жетпес байлығы

Таңғажайып табиғатты қадірлеп,қорғай білуіміз керек. Халқымыздың ерекше қастерлеп,қамқор- лық жасап келген табиғат байлықтарының бірі-

өсімдіктер әлемі.Сондықтан халқымыз өсімдік-

терді қорғауға ерекше көңіл бөлген. «Бір тал кессең,он тал ек» «Дана көптен шығады,дәрі шөптен шығады»-деп бекер айтылмаса керек.

Зерттеу жұмысымды қорыта келе,үй маңында өсетінтүймедақ гүлін зерттеу барысында таби-

ғаттың құпия қыр-сырларына қанықтым.

«Біле білсең барлығын,

Толығады білімің.

Жерде қалмас ешқашан,

Іздеп тапқан ілімің.»- деп жұмысты аяқтай- мын.





Пайдаланылған

Әдебиеттер



1 .Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынысы.

И.А.Иващенко

2.Пайдалы кеңес №9 2007 ж 9 бет

3.Шуақты өлке. Тараз.Сенім баспасы 2009 жыл

4.Өсімдіктану. Р.Әлімқұлқызы

5.Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер.

М.Қажымұратов

6.Интернет материалдары

7.Энциклопедия 560-бет

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!