Материалдар / Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Калцийдің адам өміріне зияны мен пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Калцийдің адам өміріне зияны мен пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кальций — адам денсаулығына пайдалы элементтердің бірі. Онсыз өмір сүру өте қиын. Ол жүрек, бұлшықет, жүйке жасушаларына қажет. Сондықтан назарларыңызға құрамында кальций элементі көптеп кездесетін тағамдарды ұсынамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Тамыз 2021
739
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі











Баяндама ғылыми жұмыстың тақырыбы:

Калцийдің адам өміріне зияны мен пайдасы






















Орындаған мб-02-20қ тобының студенті: Бекен Аяжан

Жетекшісі:Ярмагаметова Х.Ф.







Шымкент 2021

Кальций — адам денсаулығына пайдалы элементтердің бірі. Онсыз өмір сүру өте қиын. Ол жүрек, бұлшықет, жүйке жасушаларына қажет. Сондықтан назарларыңызға құрамында кальций элементі көптеп кездесетін тағамдарды ұсынамыз.

Көкнәр — 1460 мг/100 г

Күнжіт — 670-975 мг/100 г

Иіржапырақ — 713 мг/100 г

Жолжелкен — 412 мг/100 г

Күнбағыс дәні — 367 мг/100 г

Миндаль — 252-273 мг/100 г

Орман жаңғағы — 226 мг/ 100 г

Ақжелкен — 245 мг/100 г

Екпе шиырмақ — 214 мг/100 г

Гүлтәжі — 214 мг/100 г

Алайда 100 грамм сиыр сүтінің құрамында небары 120 мг болса, сүзбеде 80 мг. Сонымен қатар брокколи, жапырақты орамжапырақ, шалқан секілді көкөністерде де бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте кальцийді қанша мөлшерде тұтыну керек екенін ұсынды.

3 жасқа дейінгі балалар — 600 мг.

4-10 жас аралығындағы балалар — 800 мг.

10-13 жас аралығындағы балалар — 1000 мг.

13-16 жас аралығындағы жасөспірімдер — 1200 мг.

16 жастан асқан жастар — 1000 мг.

25-50 жас аралығындағы ересектер — 800-1200 мг.

Адам ағзасында 1000-1200 грам кальций болады. Соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреукесінде, ал 1 пайызы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды рөл атқарады.

Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі.

Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Кальций-ағзада 1,4% болады. Тіс ұлпасында, жүрек, бауыр, бүйрек, сүйек ұлпаларында кездеседі. Орта есеппен ересек адамға күніне 1г кальций қажет. Тамақ құрамынан келген кальций ішек жолдарында гормондардың түзілуіне әсер етеді.Сүйекте, тісте кальций ерітілмеген кристалдар түрінде, лимфа қан тамырларында иондалған түрінде болады. Қанның ұю механизмі, бұлшық еттің жиырылуы, жүрек қан тамырларының жиырылуы, жүйке жүйесінің жұмысы да иондалған кальцийге байланысты.





Көптеген аурулардың пайда болуына себепші болады екен:

Ең бірінші, ас қорыту жұмысына, жүйкеге, адамның қорғаныс қабілетінің жетілуіне және шауһат өндіру жүйесіне қатысады. Яғни кальций жетіс­пеушілігі әлсіздік, асты қорыта алмау ғана емес, белсіздік не бедеулікке басты себеп болады деген сөз.

Екіншіден, кальций қанды тазалау және жүректің бірқа­лыпты жұмыс жасауындағы басты құрам болып табылады. Адам салмағының 9 па­йы­­зын қан құрайды, ал жүрек қанды айдайтын «насос». Оны жұмыс істету үшін зор мөл­шер­де қуат керек. Сол қуаттың не­гізгі бөлігін кальций құрайды. Оның жетіспеушілігі «насостың» сыр беруіне жол ашады.

Кальцийдің үшінші міндеті жүйке жүйесі арқылы белгі бе­ру. Оны ми басқарып отырады. Ми адамға той­ға­ны, ұйқысы келгені туралы хабар жібереді. Осы хабарларды жүйке жүйесінің талшықтары арқылы керекті жері­не жеткізуге кальций жауапты. Мысалы, кешке мидан «ұйықта» деген бұйрық келеді, ол қа­­жетті жеріне жетпесе адам ұйқысыздыққа душар болады.

Кальций, төртіншіден, бұл­шық еттердің ширығуы мен босаңсуына жауап береді. Ол қанның ұю процесіне де жа­уап­ты. Кесіп алған жерден қан тоқтамаса, таңертең тіс тазала­ғанда үнемі қызыл ет қа­най­тын болса, бұл ағзада каль­ций­дің жетіспейтіндігінің белгісі.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!