Ғылыми мақала : BilimLand, Kundelik.kz, Daryn.Online оқу платформаларының тиімділігі мен кемшіліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми мақала : BilimLand, Kundelik.kz, Daryn.Online оқу платформаларының тиімділігі мен кемшіліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
В этой статье рассматриваются возможности и недостатки образовательных платформ, используемых в дистанционном обучении
Материалдың қысқаша нұсқасы

BilimLand, Kundelik.kz, Daryn.Online оқу платформаларының тиімділігі мен кемшіліктері

Курбанов Ал-Бухорий Султанбекович

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Филология факультетінің 3 курс студенті

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., аға оқытушы Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы

Резюме В этой статье рассматриваются возможности и недостатки образовательных платформ, используемых в дистанционном обучении

Summary This article discusses the possibilities and disadvantages of educational platforms used in distance learning

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты білім алушылар 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанын қашықтан оқыды. Қазақстан Республикасының білім басқармасы, мектеп әкімшіліктері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар барынша дайындалып, бірнеше платформаларды тәжірибеден өткізді. Атап айтар болсақ, «Bilimland.kz», «Kundelik.kz, «Daryn.online» сынды платформалар бұрыннан таныс. Ал Google Classroom, Zoom, Skype, Moodle, Opiq.kz, Google Meets жаңа платформалармен қашықтан білім алу барысында таныстық. Қашықтықтан білім беру мазмұнында оқу платформаларын дайындау, Қазақстан Республикасындағы білім процесінің барлық қатысушылары үшін электрондық білім беру технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары мен орта білімді басқару органдарының білім беру, тәрбие және басқарушылық қызметтерінің функциялары мен процестерін автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының оқу жетістіктерін есепке алу жүйесін жетілдіру болып табылады. Білім беру мазмұнында кеңінен пайдаланылатын платформалардың бірі «Kundelik.kz» электронды жүйесі. «Kүнделік» жүйесіне Республиканың кез-келген мектебі, ауыл және қала мектептері, кез-келген уақытта тегін қосылу мүмкін, қосылған мектептердің оқушылары және олардың ата-аналары өз бағаларын, үй тапсырмаларын, сабақ кестелерін, мектептегі жаңалықтарды және тағы да басқа пайдалы ақпаратты тегін көріп отырады.

«Kundelik.kz» жүйесінің біршама мүмкіндіктерін атап көрсетуде болады:

  • Kundelik kz сайтын қолдану арқылы ата-аналар өз балаларының жетістігін сырттай бақылай алады.

  • Оқушылар Е - кітапхана жəне т. б қызметтердің есебінен білімін толықтырып, қызықты ақпараттар жинай алады.

  • Əріптестеріңізбен тəжірбие алмаса аласыз

  • Күн сайынғы қызықты деректер 

  • Еліміздегі айтулы жаңалықтар 

  • Мамандардан кеңес


Мұғалімнің мүмкіндіктері:

Мектеп парақшасы: білім беру мекемесінің «kundelik.kz» сайтындағы визит картасы: әкімшілік тұлғалар, контактілер, жаңалықтар, құқықтық құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея.

Электрондық журнал: қағаз журналының жаңаша көрінісі және бірнеше қосымша көріністер: күн бойынша, апта бойынша жоспарлау, сабақ парақшасы. Журналдың барлық көріністері түсті немесе қара-ала нұсқаларда қолжетімді. Мысалы, кез-келген сабаққа түсініктеме немесе қосымша материалдар қоса алады.

Үй тапсырмаларын басқару: үй тапсырмаларын басқарудың интерактивті модулі оларды сыныптың барлығына немесе бөлек оқушыларға беруге, әр түрлі сыныптар үшін тапсырмаларды көшіруге, оларға файлдарды қосуға және орындалу барысын басқаруға мүмкіндік береді. Есептер (ЭЖК): құрамына стандартты тізімдемелер мен білім беру мекемесінің есептері де, қосымша тізімдемелер кіретін толық статистика. Бұрын мектепте қолмен толтырылған есептер қазір автоматты түрде жасалады.

BilimLand - онлайн мектебі орта білім беруге арналған, жаңартылған бағдарламаға сәйкес әзірленген мектеп пәндерінің интерактивті сабақтары, бірегей білім беру видеоресурстары, виртуалды зертхана, аудиохрестоматиялар топтамаларын көріп, пайдалана аламыз. BilimLand платформасының өзіне тән артықшылықтары да бар екенін айта кеткен жөн;

  • Мектеп бағдарламасы бойынша жасалған 40 000-нан астам интерактивті сабаққа жол ашады.

  • Мұғалімдерге арналған мыңдаған көрнекі құрал ұсынады.

  • Жаратылыстану пәндері бойынша әлемдегі ең үздік виртуалды зертхананы пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Арнайы көмекке зәру оқушылардың сапалы білім алуына жол ашады.

  • Оқу мен жаңа технологияларды тиімді ұштастырады.

Daryn.Online- республикалық білім беру платформасы. Ата-ана баласына қосымша білім алу үшін репетитор немесе білім беретін орталықтардан гөрі балаға интернет желісі және компьютер не телефон арқылы ұстаздардан 24/7 білім алуға мүмкіндік бар. Яғни, ата-ана баласына ұстаздардан онлайн білім алуға жағдай жасай алады. Бонус төлеу арқылы баланы ынталандыруға жетелейтін онлайн режимде білім беретін бірегей платформа. Онлайн оқу жүйесі  ауыл оқушысы үшін тиімді деуге болады. Өйткені ауыл мектептерінде кадр проблемасы сезіледі. Географиядан cабақ беретін мұғалім оқушыны химиядан да оқытса, таңдануға болмайды. Мұндай кезде бала сапалы білім ала алмайды. Сол себепті оқушыға өз пәнін жетік білетін мұғалімнің сабағын тыңдау, тақырыпты қызығып оқу маңызды. Daryn.online платформасындағы видео сабақты Қазақстанның кез келген оқушысы көре алады. Ауылда тұратындар түгілі, қаладағы ата-ана баласын қосымша сабаққа бере алмауы мүмкін. Өйткені репетитордың бір сағат сабағы 2000 теңгеден кем емес. Ал Daryn.online-нан сол ақшаға бір ай видеосабақ көріп, өз бетінше оқуына болады. Платформаға кез келген оқушы тіркеле алады. Оқушы өзі туралы барлық деректі енгізеді. Ол содан кейін өзіне қажет сабақты таңдайды. Платформада жүйелі сабақ кестесі шығады. Алғашқы сабақты барлығы тегін көреді. Өзіне ұнаса, бір айға 2000 теңге төлеп, жазылады. Оқушы видеосабақты бірінен кейін бірін көріп кетпеуі үшін соңында түрлі тапсырманы орындайды. Соңында келесі дәріске өте алады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2022
1317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі