Турманова Ж.Е.
Педагогика кафедрасының аға оқытушысы,
Еуразия гуманитарлық институты, Нұр-Сұлтан қ.
ЖЕЛІЛІК КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЭТИКАСЫ МЕН ПСИХОГИГИЕНАСЫ
Қазіргі кезде киберпсихологияға академиялық пән ретінде және практикалық психологияның бағыты ретінде қызығушылық барынша дамуда. Мұның бірден бір себебі бұқаралық коммуникацияның қарқынды дамуында және инженерлік психология мен инженерлік-психологиялық жобаларды жасаудың қажеттілігінің артуында, сондай ақ «жасанды интеллект» технологиясының адам өміріне етене кіруінде. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларға компьютерлер, планшеттер, электронды құрылғылар, ұялы телефондар мен смартфондар, басқа да девайстер мен гаджеттер (айталық, автомобильдің навигаторлары, кассалық аппараттар, смарт-сағаттар), виртуальды шынайы өмір жүйесі - Интернет және басқа да желілер, қоса айтқанда мысалы, банк карталарын авторизациялау және басқа да төлем құрылғыларының үнемі пайдалану қосымшаларын да айта аламыз.
Кезінде инженерлік психологияның даму барысында интернетті қолданудың гуманитарлық бағыт-бағдарын ұсынғандар болды, олар [1, -58б.]:
-Джозеф Ликлайдер (1915-1990) естуді қабылдау психологиясы бойынша маман, «Психоакустика» (1963ж.) ұғымын ұсынды.
-Т.Лири, интернетті қолданушыларды «желілік құрылымдағы бірлесушілер» (1960ж.) деді.
- А.А.Брудный, медиа-коммуникацияны салыстырған, хабарламаларды, медиа-маркетологтарды зерттеген, «ретиальды коммуникация» (гр. «rete»- желі) ұғымын ұсынды.
-М.Кастельс – «Желілік құрылым қоғамы»жайында сөз етеді (2000ж.).
-Э.Тоффлер, футуролог, интернеттің дамуындағы «мәдени шок» түсініктеріне тоқталады (1997ж.).
-Уильям Гибсон, «кеңістік» сөзінің қолдануын ұсынған болатын.
Мұндай технологиялар әрбір адамның заманауи келбетіне тән мәдениетті де жаңартуда. Бұған қоса бұл технологияларға қоғамдық мән берушілік, яғни педагогтар, медиктер және т.б., тіпті ата-аналар интернет-технологияларды қолдануы шарт және оған лайықты психологиялық жағдайлар жасауға да бағытталады. Қоғамның кез-келген саласындағы мамандар да интернет-технологияның арнайы жүйесін пайдаланып жүзеге асыруы әрбір адамның күнделікті жағдайда интернет желісіне қосылған техника және технологиямен өзарабайланыста екенін көре аламыз.
Компьютерді, мобильді байланыс құрылғыларын және интернетті пайдалануға тікелей байланысты жүзеге асырылатын адам әрекетін психологиялық зерттеу бағытындағы ғылыми оқулықтарда әсіресе шетелдік әдебиеттерде ғылыми атауы «Киберпсихология» деп аталады. Ал альтернативті атауы — «Интернет психологиясы», «Психология және интернет», сондай-ақ жиі қолданылатын сөздер арасында «гуманитарлы интернет», «киберкеңістік психологиясы», «Интернет-тұрғындарының психологиясы», осы атаулардың ішінде ғылыми сипаты мен негізін беретін атау «Киберпсихология» деп танылуда, осы атаумен ЖОО-да кәсіби біліктілік беретін бакалавриат пен магистратура бойынша оқу бағдарламалары дайындалып жүзеге асырылуда.
Киберпсихологияның психология ғылымының бір бағыты ретінде қойған мақсаттары мен міндеттері өте ауқымды және күрделі. Киберпсихология немесе Интернет-психология сала ретінде адамдарға интернет желісіндегі әлеуметтік қызмет көрсетулердің түрлерін, тәсілдері мен қағидаларын зерттеу теориясы мен практикасының әдіснамасын біріктіретін психология ғылымының қолданбалы бағыты болып табылады.
Компьютерлік және коммуникациялық технологиялар негізінде құрылған әлеуметтік қызмет көрсетулер адамдарды өзіне тартады, қызықтырады және олардың әрекетін жүзеге асырады. Мұндай заманауи қызмет көрсетулердің дамуына құрастырушылардан гөрі қолданушылар аса қажетсінеді, яғни құрастырушыларға тұтынушылар тәуелді, басқаша айтқанда адамдардың әрекетін жүзеге асыратын киберқұрылғыларға қажеттілік барынша қарқынды дамуда. Сондықтан да аз уақыттың ішінде бір-бірінен асып түсетін электронды технологиялардің жаңа үлгілері пайда болып жатыр, адамдар күненнен күнге жаңа техникалар мен ақпараттық технологияларды меңгеруге талаптануда.
Осыған сәйкес интернет желісіне қосылған әлеуметтік қызмет көрсетулер әртүрлі және көпформатты, атап айтқанда адамдарға келесідей қызметтерді ұсынады:
-танымдық қызметтер (оқытады, үйретеді, ақпараттарды іздейді немесе анықтамаларды алып береді);
- қарым-қатынас жасау (ауызша немесе жазбаша, сол уақытта және кейінге қалдыруда, текст арқылы тікелей хабарламалармен, сурет-бейнелермен немесе әрекет өнімдерімен екеуара немесе топарасында алмасу және т.б.);
- көңіл көтеру қызметтері (мысалы, көпшілікпен қолданып рөлдік ойындар немесе браузерлік ойындар ойнау, музыка тыңдау, фото-суреттер қарау, видео және кинофильмдер көру);
-еңбек ету мен техникалық қызметтер (әдетте, интернеттің техникалық қызметтерін басқару мен қамтамасыз ету, клиенттерге арақашықтықтан көмек көрсету, қосылған қызмет көрсетулерді жақсартды жүзеге асыру және т.б.);
-сатып алу мен келісімдер жасау (жарнамалық және тасымалдау қызметтері, бірге әріптестік танытулар, маркетингтік әрекеттер т.б.).
Осындай әлеуметтік желілік қызметтер пайдаланушылар мен тұтынушыларды ғана қызықтырып қоймайды, өз кезегінде интернет психологиясы бойынша мамандарды (киберпсихологтарды) да өзінше тартады.
Шын мәнінде қазіргі кездегі киберпсихологиялық зерттеулер психология ғылымының ішінде кешенді бағыттарды қамтитын бөлігі болып табылады, оның құрамы мынадай сипаттар береді [2]:
-жасерекшелік психологиясында (компьютерді және интернетті пайдаланудағы ерте жастағы қабілеттілік пен қолданушының жасерекшеліктік сипаттамасын ескеру және мүмкіндіктерін қарастыру);
-әлеуметтік психологияда (компьютер және интернетпен тікелей қарым-қатынас жасайтын топтық әрекеттер, желілік бағдарламаларды ұсынудағы қоғамдық таптық өкілдердің психологиясын ескеру);
-клиникалық психологияда (интернетті және компьютерді пайдалану барысындағы адамның психикалық жай күйі немесе қобалжу мен мазасыздану деңгейі, мінез-құлықтағы аддикция, интернетке тәуелділік, қолданушы өзінің қорқыныштары мен фобияларын жеңу үшін виртуальды өмірлік жүйені таңдауы, т.б.);
-педагогикалық психологияда (тікелей компьютермен жеке және топтық оқуларға қатысуы, қашықтықта білім беру мен оқыту, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, ресми және ресми емес онлайн-конференциялар мен форумдар, семинарлар т.б.);
-ұйымдастыру психологиясы (басқару мен менеджмент саласының басты құралы, еңбек биржасының жаңа формасы мен ақпараттық технологияларды қолдану жағдайындағы ұйымдастырушылық мінез-құлықтың арнайы сипаты мен ерекшеліктері, билік пен халықтың өзарабайланысын қамтамассыз ету сипаттары мен ерекшеліктері, және т.б.);
-дифференциалды психологияда (интернеттегі қарым-қатынастың тікелей және жанама байланысындағы тұлғалық типтерді сәйкестендіру, интернетпен байланыс орнатудағы адамдардың мінез-құлқы мен қасиеттері, жасанды интеллект және адамзат қоғамының өзарабірлестігі және т.б.);
-когнитивті психологияда (WWW ақпараттық блогын қабылдау ерекшеліктерін, зейін көлемін шоғырландыруды зерттеу, «сыртқы» есте сақтауды жүзеге асыруы);
- Қарым-қатынас психологиясы және психолингвистика (синхронды және асинхронды қарым-қатынас, полилог форматында қатынас жасау, мобилдік байланыста сөйлесу ерекшеліктері) және т.б.
Қазіргі кездегі және болашақтағы киберпсихология жеке өзінше дамуы мүмкін емес. Қазірдің өзінде ол әлеуметтану, коммуникативтілік жағынан, информатика, саясаттану және т.б. жағынан басымдылық көріп жатыр. Бір жағынан әлеуметтік информатика (немесе компьютерлік ғылымды әлеуметте қолдану) аясында компьютерлік қосымшалар (мысалы, DamuMed, Kaspi.kz, egov.kz, т.б.) миллиондаған жазбалардың мазмұнды талдамаларын өңдеумен қамтамасыз етуде және оған блогтарды, твиттерді, посттарды және т.б. қосайық. Мұндай өңдеулердің нәтижелері өз кезегінде психологиялық мәндерге де ие. Міне осы жерде киберпсихологтар заманауи компьютерлік және коммуникациялық технологияларды қолданушылардың мінез-құлқын зерттеуші ретінде өзінің ұсыныстарымен басқа ғылым өкілдерімен іскерлік салааралық байланыстар орнатады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Носов Н.А. Виртуальная психология. М.: Аграфа, 2000. -215с.
2. Медийная и информационная грамотность: программа обучения педагогов. М.: Институт ЮНЕСКО по информационным технологиям в образовании, 2012. -310с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ғылыми мақала- ЖЕЛІЛІК КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЭТИКАСЫ МЕН ПСИХОГИГИЕНАСЫ

шағым қалдыра аласыз