Материалдар / Ғылыми-практикалық конференция. Тақырыбы: «Су,оның құрамы, қасиеті мен маңызы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми-практикалық конференция. Тақырыбы: «Су,оның құрамы, қасиеті мен маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушылардың су туралы түсінігін кеңейту және судың тазалығы, оны қорғау туралы мәліметтер беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
433
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Молодежный к. №23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ.























Сыныптан тыс сабақ.Ғылыми-практикалық конференция.Тақырыбы: «Су,оның құрамы, қасиеті мен маңызы»(8-сынып)























Химия-биология мұғалімі: Молдабаева Ж.Е





















Конференция тақырыбы: Су,оның құрамы, қасиеті мен маңызы.

Мақсаты: Оқушылардың су туралы түсінігін кеңейту және судың тазалығы, оны қорғау туралы мәліметтер беру.

Міндеті:
  • судың құрамы, қасиеті туралы білімді бекіту;
  • судың маңызы, таралуы, пайдалануы туралы мәліметтер беру;
  • судың ластануы туралы мәліметтер беру.


Жоспары:
  • Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  • Мамандарды таныстыру.
  • Зерттеу мағлұматтары.
  • Су туралы викториналық сұрақтар
  • Қорытындылау.
  • Марапаттау.


Даярлық жұмыстары:
  • Зерттеу топтарын анықтау:
  • тарихшылар;
  • географтар;
  • химиктер;
  • биологтар;
  • экологтар;
  • әдебиетшілер;
  • Сараптау тобын анықтау.


Кештің өту барысы.Химия пәні мұғалімі: Мұғалімнің кіріспе сөзі табиғаттағы судың алатын орнына арналып, онда:
  • судың маңызы;
  • судың таралуы;
  • судың пайдасы;
  • судың қолдануы т.б. тәрізді мәселелер қарастырылады.
Кеш жүргізуші мен оқушылардың бір-біріне сұрақ-жауабы түрінде өткізіледі.Сұрақ: Неліктен жер шарында су негізгі зат болып саналады?Жоғарыда аталған «мамандар» осы сұрақ төңірегінде толық мәліметтер береді. Әрбір маман суды өз мамандығы тарапынан талдайды.

Тарихшылар тобы: Су туралы біздің ата-бабаларымыздың да басқа халықтардың да өзіндік ой-пікірі болады.
  • Ертедегі ата-бабаларымыз жерді көк өгіз көтеріп тұр, ол киттің үстінде, ал кит суда тұр деп ойлады.
  • Ерте заманда,Нұх пайғамбар кезінде, жер бетін топан су басқан деп айтады.
  • Су-тіршілік негізі, сусыз тіршілік жоқ. Осыған орай су туралы көптеген нақыл сөздер өмірге келген.
  • Қазақстан-өзен-суға бай ел.
  • Солай болса да Қазақстанда суға тапшы жерлер де бар. Ақтау қаласында теңіз суы тұщытылып, ауыз су ретінде пайдаланады.
  • Дүние жүзі суларының 2%-ы ғана тұщы су болып табылады.
  • Қазақстан жерінде ерте кезде пайда болған қалаларда қорғасыннан су құбыры жасалынып, қала тұрғындары сумен жабдықталған.
  • Ертедегі қазақ халқы сақ дәуірінен бері моншаны (Сақ моншасы, Тараз моншасы) пайдалана бастаған.


Географтар тобы:
  • Қазақстан Республикасында 85 мыңнан аса өзен, 48 мыңнан аса көл бар.
  • Мұхитта жүзу арқылы географтар жаңа жер, материктерді ашты.
  • Жердің шар тәрізді екендігі Ф. Магеланның көмегімен, суда жүзу арқылы дәлелденді.
  • Жердің екі полюсі де-Арктика мен Антарктида да мәңгі мұздардан тұрады.
  • Қазақстанда көп өзендердің басы бар, аяғы жоқ (Шу өзені)
  • Арал теңізі-жер бетіндегі жылдан жылға азайып, жоғалып келе жатқан теңіз.
  • Дүние жүзіндегі ең үлкен көл-Каспий теңізі. Оның 50-ге жуық аты бар.


Химиктер тобы:
  • Химиялық қосылыстардың ішінде 3 түрлі күйде: сұйық, қатты, газ түрінде кездесетін қосынды-су.
  • Химиялық реакциялар сулы ортада өте тез жүреді.
  • Судың химиялық формуласын алғаш анықтаған ғалымдар-А.Лавуазье мен Ж.Менье.
  • Сутекке «гидрогениум» деп ат берген француз химигі А.Гитон де Марво (гидро-су, гениум-тұндырушы деген мағына береді). Сутектің өнімі –су.
  • 1805 жылы Ж.Гей-Люссак пен А.Гумбольдт судың формуласы «Н2О» болу деп ұсынды.
  • Су-жер бетіндегі ең көп тараған химиялық қосылыс, ол планетамыздың ¾ бөлігін алып жатыр.


Экологтар тобы:
  • Өндірісте тұщы су көп пайдаланады. Мысалға, 1т шойын өндіру үшін 300 л3; 1 т мыс өндіру үшін 500 л3, 1 т никель өндіру үшін 4000 л3 су қажет.
  • 1 т бидайды өсіру үшін 1500 м3, 1 т күрішті өсіру үшін 4000 м3, 1 т мақтаны өсіру үшін 10000 м3 су қажет.
  • Кейбір елдер тұщы суды көрші елден сатып алады:Германия-Швециядан, Голландия-Норвегиядан.
  • Теңіз, мұхит суын лайланған химиялық заттар әсерінен балықтар т.б су жәндіктері мен балдырлар уланады. Оларды жеген адамдар да уланады.


Әдебиетшілер тобы:Қазақ халқында суға байланысты көптеген нақыл және тыйым сөздер бар:
  • Сулы жер-нулы жер.
  • Өзеннің басындағы-су ішеді, аяғындағы-у ішеді.
  • Сөз анасы-құлақ, су анасы –бұлақ.
  • Жер-қазына, су-алтын.
  • Бұлақты жер-тұрақты жер.
  • Су бергеннің-сауабы бар, су төккеннің –жауабы бар.
  • Ақпаса су сасиды, ойламаса-ми сасиды.
  • Сумен ойнама-батарсың, отпен ойнама жанарсың.
  • Суға түкірме.
  • Судың да сұрауы бар.
  • Бұлақ көрсең-көзін аш.


Биологтар тобы:
  • Ертедегі қазақ халқы шөл-шөлейт далаларда құдық қазып, құдықтың суын пайдаланған. Құдықты өсімдік тамырларын(жантақ) қуалап отырып қазып, жер асты суынан алған.
  • Жер бетіндегі су 1500 км3-ді алып жатыр.
  • Жер шарындағы суды былай өрнектеуге болады:
  • а) мұхиттар мен теңіздер 1350 млн км3;
  • ә)мұздықтар-30-50 млн км3;
  • б)жер асты сулары-8 млн км3;
  • в)атмосферадағы су-14 млн км3;
  • Мұхитта 11 шақырымға дейінгі тереңдік бар.
  • Барлық тірі, өлі ағзалар судан тұрады.
  • Адам ағзасының 70%-ы судан тұрады.
  • Тамақтың, заттың бәрінде су бар.


Топонимдер тобы:
  • Қазақстанда түске байланысты су атаулары кездеседі: Ақсу, Қарасу,Көксу, Қызылсу, Сарысу т.б.
  • Санға және суға байланысты атаулар: Жетісу, Жетісай, Тоғыз бұлақ, Семиөзен.
  • Минералды сулар шығатын жерлер: Алма-Арасан, Жаркент-Арасан, Қапал-Арасан.
  • Қазақстан топонимикасында суға байланысты-жалғауы көлмен аяқталатын 120 жер атауы бар.
  • Саймен аяқталатын-53, бұлақпен аяқталатын-58, сумен аяқталатын-51, құдықпен аяқталатын-36, өзекпен аяқталатын-12, аралмен аяқталатын-9 жер атаулары бар. Бұдан басқа сор, бастау, өзек, өзенаралық, сазға байланысты атаулар да кездеседі.
Әрбір «мамандар» тобы су туралы мәліметтермен кешке қатысушы оқушыларды таныстырған соң, оқушыларға су туралы викториналық сұрақтар береді.











Викториналық сұрақтар:Су-тіршілік көзі.
  • Адамға таза, дистилденген су ішу пайдалы ма?
Жауаба: Жоқ, дистилденген суда ағзаға қажетті иондар жоқ.
  • Зертханадағы сутек пен оттекті қосатын прибор?
Жауабы: Эвдиометр3.Жер бетіндегі ең көп таралған қосылыс?Жауабы: Су4.Заттардың сумен қосылу реакциясы?Жауабы:Гидролиз.5.Үш түрлі күйде кездесетін зат?Жауабы: Су.6.Тыныс алудан лайланатын су?Жауабы: Ізбес суы.7.Судың химиялық құрамын алғашқы зерттеген ғалымдар?Жауабы:А. Лавуазье, Ж. Менье.8.Судың химиялық формуласын ұсынған ғалымдар?Жауабы:А. Гумбольд, Ж.Гей-Люссак.9.Су ағзаға не үшін қажет?Жауабы: ағзадағы барлық химиялық, биологиялық, биохимиялық реакциялар сулы ортада жүреді.10.Элементтердің сумен қосылысы?Жауабы:Гидраттар.11.Сұйық оксид?Жауабы:Су.12.Судың түр өзгерістері?Жауабы: қар, бұршақ, қырау т.б.13.Молекулалары сутектік байланыс құрайтын зат?Жауабы: Су. Қорытындылау.Марапаттау.



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!