Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми зерттеу жұмысы Қолданылған банан қабығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы Кентау қаласы Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Молдабай Аңсағанның «Қолданылған банан қабығын пайдаға жарату» атты ғылыми жұмысына пікірі.
ПІКІР
Оқушым Молдабай Аңсаған бұл жобасында нақты іздеп, зерттеу ,ойлау қабілетінің арқасында ерекше жаңа идеяларды жинақтап, зерттеу жобасын жасаған. Оқушым Молдабай Аңсағанның осы тақырыпта жазылған зерттеу жұмысының ұшқыр ой мен идеяға негізделіп, өзінің ізденімпаздық қасиетінен туындаған білім мен білікті іс жүзінде қолдана білудің нәтижесі. Шәкірттің ғылыми зерттеу жұмысында қолданылған банан қабығын қалай пайдаға жаратуға болатынын көрсете отырып,дәлелденген . Себебі қазіргі уақытта керкесіз қоқыстар өте көп шығарылады.Сол қолданылған заттарды пайдаға жаратуға болады.Ғылыми жұмыстың көлемі талапқа сай, яғни кіріспе, зерттеу бөлімі және маманмен кеңес, қорытындыдан тұрады. Жеке зерттеу жұмысында шәкіртім Молдабай Аңсаған өздігінен жұмыс істей білуге машықтанып, өзіне деген сенімділіктің тууы нәтижесінде ғылымға деген талпынысын, білімін, логикалық баяндау қабілетін көрсеткен. Ғылыми жұмысын зерттеу, жазу үшін оқушы көбіне жеке идеясымен болашаққа жоспарымен ерекшеленді. Оқушым Молдабай Аңсағанның ғылыми зерттеу еңбегі қорғауға толық лайық деп санаймын.
Пікір беруші ғылыми жетекшісі: Керимбекова Ақбота Утелбековна
Түркістан облысы Кентау қаласы Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Молдабай Аңсағанның «Қолданылған банан қабығын пайдаға жарату» атты ғылыми жұмысына пікірі.
ПІКІР
Молдабай Аңсаған «Қолданылған банан қабығын пайдаға жарату»тақырыбында жобаны іске асырып,жаңа идея жасап шығарған ,болашаққа талдау жасап,нәтижесін анықтап қорытынды шығаруды басты назарда ұстаған.
Оқушы бұл жобасында нақты мәліметтерді ізденіп,ойлау қабілетінің арқасында ерекше жаңа идеяларды жинақтап,зерттеу жобасын жасаған.Оқушы Молдабай Аңсаған осы тақырыпта жазылған зерттеу жұмысының ұшқыр ой мен идеяға негізделіп, ұлт болашағына жанашырлық ниетте туындаған білім мен білікті іс жүзінде қолдана білудің нәтижесі. Шәкірттің ғылыми зерттеу жұмысында қолмен жазбаудың салдары мен қолмен жазудың пайдалы екені айқындалып көрсетіле отырып,дәлелденген . Себебі қазіргі уақытта қай елде болмасын тұтынған қоқыстың көптігі экологиямызға апат туғызуда.Қолданылған банан қабығын пайдаға жаратуға болатынын зерттеген жұмысы арқылы дәлелдеуге болады.
.Ғылыми жұмыстың көлемі талапқа сай, яғни кіріспе, зерттеу бөлімі және маманмен кеңес, қорытындыдан тұрады. Жеке зерттеу жұмысында шәкіртім Молдабай Аңсаған өздігінен жұмыс істей білуге машықтанып, өзіне деген сенімділіктің тууы нәтижесінде ғылымға деген талпынысын, білімін, логикалық баяндау қабілетін көрсеткен. Оқушы Молдабай Аңсаған ғылыми зерттеу еңбегі қорғауға толық лайық деп санаймын. Молдабай Аңсағанның ғылыми еңбегіне сәттілік!
Пікір беруші:
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аннотация
Қазіргі таңда жер бетінде адамдардың саны күннен-күнге көбеюде.Адамдар саны көбейген сайын қоршаған орта ластанады.Себебі адамдардың көпшілігі өзінің өмір сүрген ортасын таза ұстауды білмейді.Әсіресе демалыс аймағына шыққан адамдар өздері пайдаланған заттарын тастап кетеді.Әрбір адам табиғатты таза ұстайтын болса айналамыз қоқысқа толмас еді.Егер көзін тапсаң қоқыстың өзін пайда асыруға болады.Қазіргі ғылымның алдындағы мақсат- тіршіліктегі зиянды құбылыстарды жою және олармен күресу,пайдалы жағын іске асыру.Банан қабығында пайдалы іске қолдануға болады. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізіп, осыны ғылыми тұрғыда дәлелдеу.
Банан қабығын керексіз етіп тастай берсек айналамыз қоқыс алаңына айналады.Сондықтан қоқыстыда орынымен пайдаға жарату жағын кеңінен насихаттау.
Аннотация
В настоящее время количество людей на Земле растет день ото дня.По мере увеличения числа людей окружающая среда становится более загрязненной.Это потому, что большинство людей не знают, как содержать в чистоте среду, в которой они жили.Особенно люди, которые выходят в зону отдыха, оставляют вещи, которые они использовали.Если бы каждый человек содержал природу в чистоте, мы не были бы завалены мусором.Если вы найдете источник, вы можете извлечь выгоду из самого мусора.Целью современной науки является устранение и борьба с вредными явлениями в жизни, реализация полезной стороны.Можно использовать в банановой кожуре для полезного использования. Цель, которую мы ставим перед собой, - провести проверку и исследование и научно доказать это.
Если мы продолжим выбрасывать банановую кожуру как ненужную, мы превратимся в свалку.Поэтому популяризация утилизационной стороны с местом в мусоре.
Мазмұны
І. Кіріспе
1.1 Бананның пайдасы мен зияны.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Қолданылған банан қабығын күнделікті өмірде пайдалану.
2.2 Банан қабығының денсаулыққа пайдасы.
2.3.Банан қабығын тағам әзірлеуде пайдалану.
2.4 Банан қабығын өсімдіктер өсіруде пайдалану.
III. Зерттеу бөлімі
3.1 Эксперимент
3.2 Сауалнама
ІV.Қорытынды
V. Ұсыныс
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
2
Тақырыбы:Қолданылған банан қабығын пайдаға жарату
Зерттеудің мақсаты:Өзіміз күнделікті тұтынатын банан қабығының пайдасы мен зиянды жағын зерттеу.Пайдасы мен зиянды тұстарын халыққа кеңінен насихаттау.
Өзектілігі:Қолданылған банан қабығын қалай пайдаға асыруға болатынын көпшілікке дәлелдеп көрсету.
Зерттеудің болжамы:Қолданылған банан қабығының пайдасын және зиянды жағын салыстыру.
Зерттеудің кезеңдері:
-
Тақырып таңдау:
-
Ғылыми жоба жетекшісінен кеңес алу арқылы таңдалған тақырыпты талдау;
-
Эксперимент жасау:
-
Ғылыми жобаны қорғау:
Зерттеудің әдісі:Мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу арқылы,эксперимент жүргізу оқушылардың банан қабығының қалай пайдаға асыруға болатынын талдау және зерделеу,іс-тәжірибемде қолдану.
3
І.Кіріспе
1.1 Бананның пайдасы
Өзім күнделікте өмірде банан жейтін болғандықтан бананның және қабығының қандай пайдасы бар екен деген сұрақ толғандырды.Сондықтан бананның және қабағының пайдасы мен зиянын білгім келіп зерттедім.Банан сөзін латын тілінен аударғанда «ақылды адамның жемісі»деген мағынаны білдіреді. Көпшілік бананды жемістер қатарына жатқызады. Алайда, ол - жидек. Ең үлкен банан ағашының биіктігі, орташа есеппен, 10 метр, ал диаметрі - 50 сантиметрге жетеді.Оның бір сабағында 300 бананға дейін болады. Бұл, шамамен, 500 келіге дейін тартады. Банан - құрамында талшық, калий сияқты маңызды қоректік заттар және С дәрумені сияқты антиоксиданттар бар дәмді әрі пайдалы тағам.Банан қабығы депрессиямен күресуде көмектеседі. Бұл триптофаннан қуаныш гормоны серотонин синтезделеді. Сондықтан бір банан жеп көңіл -күйді айтарлықтай жақсартуға болады.Банан әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс. Тіпті жас нәрестелерде де банан ешқандай гиперсезімталдық яғни аллергия көріністерін бермейді.Банан қабығының пайдасы бананның өзіндей пайда болмасада айтарлықтай пайдасы бар. Енді құрамына, қуатына келейік. 100г. Жемістің қуаты 90 ккал-ны құрайдыекен. Құрамында 20% углевод, 16% қант, мұнан өзге Е, С, В6 сияқты дәрумендермен қатар как калий, магний, натрий сияқты микроэлементтер бар, майдық құрамын таба алмайсыз. Банан талшықтары ағзаға тез сіңіп, қорытылып кетеді.
Бананның адам сүйегіне пайдасы бар. Банан арқасында ағзадағы кальций жиналып тұрады. Қалыпты жағдайда ағзадан кальций сынды пайдалы минералдар зәрмен сыртқа шығып кетіп отырады. Ал банан әсерінен керісінше кальций жиналып, сүйектерді қатайтуға қатысады. Бұл әсіресе кофе ұнататын адамдарға пайдалы, себебі біле білсеңіз кофе керісінше ағзадан кальцийдың шығарылуына септігін тигізеді
Ішек микрофлорасын жақсартады. Банан құрамындағы ферменттер
4
арқасында ағзаға тағаммен түскен пайдалы заттар әдеттегіден қарағанда жылдамрақ сіңіріледі.
Іш қату. Іш қатуы бар адамдар үшін банан өте пайдалы жеміс. Әрдайым банан жеу іш қатудан мықты қорғаныш.Банан асқазандағы изжога секілді жағымсыз жағдайдан құтылуға да бірден бір себеп.
Асқазан жарасы. Банан жегеннен кейін ол асқазан шырышты қабатында қорғаныш қабатын түзеді. Соның әсерінен ондағы қышқылды агрессивті заттар асқазан шырышына зиянын тигізе алмайды. Бұл әсіресе асқазан жарасымен аурыратын адамдар үшін пайдалы. Себебі асқазан әртүрлі бөліменде орналасқан жараларды жауып, қышқылдан қорғаған сайын, оның жазылуы да жылдамрақ жүреді.
Сүттің пайдасы: Қандай сүт пайдалы және ол шынымен де ағзаға әсер ете ме Диарея кезінде көмек. Диареядан зардап шегетіндерге банан жеу ұсынылады. Бұл жақсы қалпына келтіргіш жеміс.
Көп жүріп, физикалық жаттығулармен айналысып, спортпен айналысатындар үшін балтыр бұлшықетінің дірілінен сақтайтын қасиеті бар, себебі банан құрамындағы калий бұлшықетке оң әсер көрсетеді.Ісінулер. Бананды жиі жеу, ағзадағы ісінулерден арылтады.Энергия көзі. Егер спортпен шұғылданбас бұрын банан жеп алсаңыз, бұл жаттығулардың эффективті өтуіне септігін тигізеді. Себебі ағзада қант мөлшері көбейіп, энергия жаттығулардың соңына дейін жететін болады.Ас қортылудың жақсаруы. Банан құрамындағы пектин и хелат тәрізді заттар ағзадан токсиндер мен басқа да зиянды заттарды шығарып, астың жақсы қортылуына алып келеді.
5
Әйелдер үшін. Банан құрамындағы серотонин және басқа да пайдалы заттар етеккір кезінде оның симптомдарын жеңілдетіп, бұрынғыдан қарағанда қолайлырақ өтуге көмектеседі. Егер етеккір кезінде банан жесе, онда нашар көңіл күйден және оның симптомдарынан құтылуға болады.
Анемия. Қаны аздар үшін банан таптырмайтын тағам. Оның жұмсақ затындағы темір мөлшері айтарлықтай көп болуы, анемиясы бар адамдардың
тағам рационына қосуға бірден бір себеп болып табылады.
Жүрек ауруы. Банан құрамындағы көп калий қан тамырлардың жағдайын жақсартып, инфаркт және инсульт пайда болу жиілігін азайтады. Гипертонияға ем.Иммунитет. Бананда бар антиоксиданттар және аминқышқылдар ағзаны қолайсыз факторлардан қорғап, қорғаныштық қасиеттін, яғни иммунитетті жоғарылатады.
Бүйрек. Банан бүйрекке оң әсер көрсете алады. Пайдалы заттар, микроэлементтер бүйрек қызметіне көмектесіп, құм мен тастардан арылуға көмегін тигізеді.
Жүрек айну. Банан жүрек айну немесе жүктілер токсикозы кезінде көмектесетін ғажап тағамдардың бірі.Жәндіктер шаққандағы қышу. Банан қабығы жәндіктер шаққаннан кейін пайда болатын қышуға жақсы көмектеседі. Қабығын ішкі жағынан шаққан жерге біраз уақыт қойса, нәтижесі бірден байқалады.
Ыстықтан қорғаныш. Банан дене температурасын қажет кезде төмендету қабілеті бар. Бұл әсіресе күн астық кезде немесе қызба кезінде аса пайдалы.
Шылым шегуді қою. Никотинді тәуелділіктен құтылып келе жатқан адам үшін банан жеу пайдалы. Көп мөлшердегі дәрумендер, калий, магний ағзадағы қалып қойған никотинді шығарып, темекісіз өмірге жылдам үйренуге алып келеді.Ақыл ой қызметін жақсарту. Жоғары мөлшердегі калий адамды жаңа ақпарат алып, танып білу жағына қолайлы жағдай жасайды. Бұл әсіресе сабақ оқу немесе емтиханға дайындалу кезінде таптырмайтын құрал.
Банан - құрамында талшық, калий сияқты маңызды қоректік заттар және С дәрумені сияқты антиоксиданттар бар дәмді әрі пайдалы тағам.
6
Бананның сонша пайдасы бола тұра дұрыс жемесек адам ағзасына кері әсері бар екен.Бананды шамадан тыс көп жеу қанды қоюландырады.Бананды қант диабеті,асқазаны ауыратындар,варикоз,семіздік ауруына ұшырағандар пайдалануға болмайды.Бананды жатар кезде жеуге болмайды,себебі асқазанға ауыр болады.Бананды жаңғақпен,құрмамен,шоколдапен қосып жеуге болмайды.Себебі осы аталған өнімдермен қосып жейтін болсақ теріге бөртпе шығады.Бананды шамадан тыс көп жеу ағзадағы зат алмасуды тежейді.Бананды сүтпен қосып ішуге болмайды,себебі ішті кептіреді.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Қолданылған банан қабығын күнделікті өмірде пайдалану.
Қолданылған банан қабығын өміріміздің бір бөлшегіне айналды десем болады.Себебі күнделікте өмірде банан қабығы қажет болады. Банан жеген кезде көпшілік қабығын тастайды. Алайда, банан қабығы әртүрлі мақсаттарда қолданылады.Ендеше банан қабығын күнделікті тұрмыста қалай пайдаланамыз?Саралап,талдау жасаймын.
1.Күмісті тазалайды.Әжемнің күмістен жасалған сырға,жүзік,білезіктері бар болатын.Қарайған әшекейлерді банан қабығымен ысқылап сүртіп тазаладық.Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз. Одан кейін күмісті банан
7
қабығының қалдықтарынан тазартып, жылтырату үшін жұмсақ матамен жақсылап сүртеміз. Киімге үсетін күйеге қарсы құрал
Киімнің жауы болып табылатын күйеден құтылғыңыз келсе,
банан қабығын қойсаңыз, жеткілікті, өйткені, банан қабығы күйені
өзіне тартып алады.
Аяқ киімге арналған жақпа май.Банан қабығының құрамындағы майлар
мен балауыз оны аяқ киімді тазалап, жылтырату үшін қолдануға
мүмкіндік береді. Аяқ киімді қабықтың ішкі жағымен сүртіп, үстінен
құрғақ матамен
сүртесіз.
CD немесе DVD дисктердің сырылған жерлерін қалпына келтіреді.
Сырылған дискті ең әуелі, бананның өзімен сүртеміз, артынан 2 минут
бойы бананның қабығымен сүртеміз. Сосын, дискті терезе тазалауға
арналған затқа малынған жұмсақ матамен сүртіп, кептіріп қоямыз.
Бананның жұмсағы мен қабығындағы балауыз дискті тазалауға
көмектеседі.Банан қабығы
үй тазалауға көмектеседі.Банан қабығымен үй шаруашылығында
әйнектерді сүртуге,ыдыстарды жылтыратып сүртуге пайдалануға
боалды.
2.2. Банан қабығының денсаулыққа пайдасы.
Банан қабығының адам денсаулығына пайдасы бар екеніне зерттеу барысында көзім жетті.Адам терісіндегі түрлі ауруларға пайдасы бар екен.Адамның шаш күтіміне банан қабығын қайнатып суын шаштың түбіне жақса,шаштың түбін нығайтатын қасиеті бар. Банан қабығы сіздің шашыңызды жұмсақ әрі жылтыр етеді.Банан қабығының пайдасын ерте заманда білген.Ертеде әскерлер соғыста жарақат алса қанды тоқтатуға банан қабығын басатын болған .Италияда әншілер тамақтары ауырмас үшін
8
банан қабығын қайнатып ішкен екен.Сүйелді кетіреді.Бананның қабығы халық емінде сүйелді кетіру үшін қолданылады. Ол үшін бананның қабығын іш жағымен сүйелдің үстіне қойып бір күнге байлап қоямыз. Сүйел жоқ болып кеткенше осылай істеп жүру керек. Кейбір сүйелдер бір аптада кетсе, кейбіреулерінің кетуі үшін бір айдай уақыт қажет. Псориаз бен безеуді кетіреді.Псориаз бен безеуді кетіру үшін бананның қабығын ішкі қабатымен қабынған жерлерді сүртсеңіз, бірнеше күннен кейін өзгерістерді байқай бастайсыз.Теріге пайдалы.Банан қабығы минералдар мен антиоксиданттарға бай. Егер күнделікті онымен бетіңізді, мойныңызды сүртіп тұрсаңыз, теріңіз ылғалданып, әжімнің түсуі азаяды.
Тісті ағартады.Кәдімгі тіс пастасымен тісіңізді тазалап болғаннан кейін, тістеріңіздің үстін банан қабығының ішкі бөлігімен екі минуттай сүртіңіз. Қабықтағы калий, кальций, магний, марганец және фосфор сынды минералдар тіске пайдалы әрі оны ағартуға септігін тигізеді. Артынан бананның қалдықтарын кетіру үшін тісіңізді тағы бір рет жуып, тісіңізді ағарту үшін осылай күніне 1-2 реттен қайталап тұрыңыз.
Тікенді шығарады.Егер
денеңізге тікен кіріп кетіп, оны ала алмайтындай жағдай болса,
тікен кірген жерге бананың қабығын ішкі бетімен қойып, 24 сағатқа
танып қойыңыз. Банан қабығындағы ферменттер тікенді терінің сыртына
шығарып, жараның тезірек жазылуына септігін тигізеді.
Жараны жазады.Бананның қабығының құрамындағы түрлі табиға майлар
мен ферменттер күннен күюден, жараны тез жазатын қасиетке ие.
Сонымен қатар, ол қабыну мен түрлі жәндіктердің шағуынан пайда
болатын тітіркенуді де басады. Ол үшін бананның қабығын ішкі
жағымен жараға немесе шағылған жерге қойып таңып тастаймыз немесе
ысқылаймыз. Күніне бірнеше рет осылай істесеңіз, жара тез жазылып
кетеді.Адам жарақат алғанда алғашқы көмек ретінде банан қабығын
пайдалануға болады. Бетіңізе бөртпе шықса ,күнге күйіп шамадан тыс
күйік алсаңыз,басыңыз ауырса мұздатылған банан қабығын
басқа,мойынға,желкеге басып аурусынуды 15минутқа қою керек. Банан
қабығы микробқа қарсы, антиоксидантты және
9
қабынуға қарсы емдік қасиеттері бар. Банан қабығы жәндіктердің шаққан жеріне ысқыласақ аурусынуды басады. Теріңізді ағарту үшін тыныштандыратын бет маскасын жасайды.Банан қабығының ішкі жағын бетіңіздің бүкіл бетіне сүртеді. Қабығы қызарғанша сүртуді жалғастырады. Пилинг теріңізді ақырын қабыршақтайды және оған кішкене қалдық қалдырады. Қалдықтарды жуар алдында 30 минутқа дейін күтіңіз, содан кейін әдеттегідей бетті жуып тастау керек.Банан қабығын тікелей безеулерге немесе дақтарға жағады. Банан қабығының ішін безеулерге немесе басқа ақауларға сүртуге болады. Содан кейін оны шамамен 5 минуттан кейін шайып тастау қажет. Банан қабығының безеуді емдейтін бактерияға қарсы қасиеттері бар.Ісінуді азайту үшін банан қабығын көздің астына қояды. Егер шаршаған, ісінген көздер болса, қабығын ұзындығы шамамен 2 см-дей 2 бөлікке кесіңіз. Әр бөліктің ішін көздің астына қойып, оларды 5 минутқа қалдырады. Содан кейін қабығын алып тастап, теріні шаяды. Егер сіз салқындатқыш әсер алғыңыз келсе, банан қабығын теріге қолданар алдында салқындатып алу керек.Қышыған жерді басады.Маса немесе бүрге шаққан жеріңіз қатты қышып қоймаса, банан қабығымен ысқыласаңыз, қояды.
Бөртпе, ұшық, безеуге қарсы құрал.Бетіңізде көркіңізге көлеңке түсіретін безеу, бөртпе пайда болса, банан қабығымен сүртіңіз, алайда, онымен артынан бетіңізді тұтас сүртіп жүрмеңіз, нәтижесі көп күттірмейді.
Ерте қартаюдың алдын алыңыз.1.Әжімдерді жеңіңіз.2.Бет терісін ылғалдандырады.Көздің ісінуін немесе ісінуін азайтады.Безеулердегі қабынуды азайтады.Псориазбен ауыратын науқастардың қышуын басады
Бөртпелердегі тыртықтар жоғалады.Сүйелден арылыңыз. Ісінген қабақтарда немесе сүйелдерде компресс жасаңыз.Бананның терісін бетке жағыңыз. Банан қабығы ылғалдандырғыш ретінде жұмыс істейді, әжімдерді жеңеді және ерте қартаюдың алдын алады деп саналады. Қолданғаннан кейін, шаю алдында бес минутқа қалдырыңыз.
Банан қабығымен бетті 5 минут уқалаңыз. Бұл әдіс сонымен қатар безеулерді және басқа да тері проблемаларын жеңе алады деп саналады. Мұны бір апта
10
бойы немесе шағымыңыз шешілгенге дейін үнемі жасаңыз.Банан қабығының басқа денсаулыққа пайдасы бар.Банан терісінің тек бетке арналған пайдасымен шектеліп қана қоймай, бұл жеміс терісінің денсаулыққа арналған бірқатар басқа артықшылықтары бар. Стоматологиялық саулықты сақтау
банан қабығы гингивит және периодонтит сияқты қызылиек тістерін қоздыратын әр түрлі бактериялармен күресу қабілеті бар деп саналады. Сонымен қатар, банан қабығы тістерді ағартуға көмектеседі деп мәлімдейді.Артықшылықтарын алу үшін банан қабығын тістерге бір минут сүртіңіз. Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін мұны бір апта бойы үнемі жасаңыз.. Қабынуды басады.Микробтарға қарсы, антиоксиданттар және қабынуға қарсы қабығы бар банан қабығын қабынуды емдеу және инфекцияның алдын алу үшін де қолдануға болады. Бұл банан терісінің құрамынан алатын пайдаңыз - теріні күн сәулесінен немесе жәндіктердің шағуынан қышудан сақтаңыз. Бас ауруын басады
Банан терісінің бетке пайдасынан басқа, бұл жемістің терісі бас ауруын жеңілдетуге де пайдалы деп саналады. Бұл жеңілдіктерді қалай алуға болады:
Бананның екі қабығын қатырыңыз.Маңдайға банан терісінің бір бөлігін қойыңыз.Банан терісінің тағы бір бөлігін мойынның артқы жағына қойыңыз.
Тікенектердің немесе терінің қоқыстарының енуін жеңіңіз
Егер сіз терінің ішіне тікенектердің, әйнек сынықтарының немесе ағаштың енуінің себебі болатын инфильтрацияға тап болсаңыз, банан қабығы оны жеңуге көмектеседі деп саналады. Банан қабығын инфильтрацияланған тері бетіне жағып, оны 15 минут ұстаңыз. Бұл әдіс келіп түскен қоқыстардың беткі қабатқа көтерілуіне көмектеседі, бұл банан қабығының бетке және жалпы денсаулыққа пайдасы. Жанама әсерлері салыстырмалы түрде аз болғандықтан, банан терісінің пайдасын жоғарыда келтірілген әртүрлі әдістермен алуға тырысудың еш жаман жері жоқ.
2.3.Банан қабығынан тағам әзірлеуде пайдалану.
Банан қабығын тағамда дайындауда пайдалануға болатынына көзім жетті.Ет жұмсақ болып пісу үшін банан қабығын еттің астына салып қуыру керек.Ет
11
піскеннен соң қабықты алып тастау қажет. Банан қабығы қуырылған кезде бу шығарады, бұл етке ылғал береді және оның кебуіне жол бермейді. Банан қабығымен етті маринадтау.Етті қуырған кезде оған банан қабығын араластырса, етіңіз жұмсақ әрі дәмі тіл үйіретін тағам болып шығады.
Банан қабығын смузиге араластырыңыз. Бананның барлық қоректік заттарын пайдалану үшін қабығын жемістермен бірге блендерге салады. Банан қабығы дәмді өзгертпейді. Блендерді қақпақпен жабыңыз және ингредиенттерді блендердің түбінде банан қабығының бөліктері қалғанша араластырыңыз.Құлпынай-банан смузиі, жабайы жидек смузиі немесе жержаңғақ майы банан смузиі сияқты қабығын қосып көріңіз.Керемет смузи дайындауға болады.Банан қабығын пайдаланып сірке суын дайындаңыз. Салаттарға өте ыңғайлы жеңіл жеміс сірке суын жасау үшін 450 г банан қабығын 1/3 кесе (67 г) қант пен 1/2 кесе (120 мл) сірке суы бар үлкен банкаға салыңыз. Құмыраны сумен толтырыңыз. Оны жауып, қоспаны бір апта бойы күніне бір рет араластырыңыз. Содан кейін теріні сүзіп алмас бұрын сірке суын тағы бір апта ашытыңыз. Көбірек дәм алу үшін сірке суын тағы 4 апта ашытуға қалдырыңыз.Сосын банан қабығы қосып дайындалған сірке суын пайдалануға болады. Банан сірке суы
Банан қабығынан әдетте қышқыл әрі ашшы болып келетін сірке суынан дәмі өзгешеленіп тұратын, яғни, тәтті сірке суын алуға болады. Оны салатқа қосуға болады және су мен шайдың хош иісін арттыру үшін пайдалануға болады.
Ұйықтауға көмектесу үшін банан қабығынан шай қайнатыңыз. Банандар
12
табиғи түрде мелатонинге бай, бұл сіздің ұйқы цикліңізді реттейтін гормон. Ұйықтар алдында тыныштандыратын сусын жасау үшін банан қабығын кастрюльге салыңыз да, оны жабу үшін жеткілікті мөлшерде су құйыңыз. Суды қайнатыңыз және қабығын 10 минут қайнатыңыз. Содан кейін қысқыштарды қолданып, қабығын аршып, Шайды шыныаяққа құйыңыз.
2.4 Банан қабығын өсімдіктер өсіруде пайдалану.
Банан қабығын бөлме өсімдіктеріне тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады.Банан қабығын майдалап тураймыз.Сосын жылы суға салып бірнеше тәулікке қалдырамыз.Дайын болған тұнбаны бөлме өсімдіктеріне құюға болады. Көптеген органикалық бағбандар банан қабығын ысырап етпей, оны бақшаға пайдалануға қоюды ұсынады. Мысалы банан қабығын топыраққа араластырып топырақ астындағы құрттарға азық ретінде қолдануға болады.
Өсімдіктеріңізге қоректік заттар қосу үшін банан қабығынан арзан тыңайтқыш дайындауға болады. Енді сіз өсімдіктердің айналасындағы топыраққа аздап тыңайтқыш құйып немесе оны бүріккіш бөтелкеге салып, өсімдіктердің түбіне себе алады.
111
Банан қабығының тыңайтқышында калий, фосфор және азоттың көп мөлшері бар.Банан қабығын пайдаланып, бақшаға бай тыңайтқыш дайындауға болады. Процесті жылдамдату үшін қабықтарды бөліктерге бөліп, бөліктер неғұрлым аз болса, соғұрлым тезірек ыдырайтынын есте сақтау керек. Содан кейін бөліктерді топыраққа араластырады.Банан қабығын кептіріп оны мал азығына яғни жем-шөбіне қосып беруге болады.. Егер тауықтарды, шошқаларды, қояндарға олардың жеміне банан қабығын қосса болады. Ірі қара мал сияқты кейбір жануарлар туралған жасыл банан қабығын жегенді жөн көреді.Өсімдіктеріңізден зиянкестерді болдырмау үшін туралған банан қабығын топыраққа көмеді. Қабықты шамамен 1/2 см
13
кесектерге кеседі. Содан кейін оларды топырақ деңгейінен 1-2 см төмен көмеді.Топыраққа тыңайтқыш ретінде банан қабығын араластарытын болса құрт-құмырсқалар жоламайтын болады. Өсімдіктерге «таптырмас» тыңайтқыш.Банан қабығын жеміс көшетін отырған кезде пайдалануға болады. Банандар құрамында калий, кальций, фосфор мен магний бар. Витаминдер мен минералдардың бұл кешені тек адам ағзасына ғана емес, өсімдіктердің өсуіне, гүлденуіне және өсімдіктердің жемісіне де пайдалы. Өздеріңіз білетіндей, көкөністер мен жемістердің терісі жиі жеміс-жидекке қарағанда микроэлементтердің бай және бай композициясына ие. Банан қабықтары көшеттерді азықтандырудың ең қарапайым, бірақ өте тиімді жолы. Жаңа қабығы бөліктерге бөлініп, өсімдіктің түбіне көміледі. Бір қызығы, он күннен кейін қабығының ештеңесі қалмайды .Жылыжайда өсетін өсімдіктерге банан қабығын пайдаланады.Бананның жұмсағынан бөлме өсімдіктеріне арналған тыңайтқыш дайындауға болады. Ол үшін 1 бананды шанышқымен езіп, үстіне жарты стақан су құямыз. Егер өсімдікке жедел түрде көмек керек болса, оны тірілту үшін осы әдіс жақсы көмектеседі. Бұл тыңайтқышты тікелей өсімдіктің топырағына құясыз.
III. Зерттеу бөлімі
3.1 Эксперимент
№1 жұмыс.Банан қабығын кептіріп аламыз.Кепкен банан қабығын блендерге ұнтақтап аламыз.Топырақ секілді тыңайтқыш пайда болады.Дайын болған тыңайтқышты топыраққа араластырамыз.Өз қалауымыз бойынша бөлме өсімдіктеріне болмаса баудағы ағаш түбіне қазып көмеміз.
№2 жұмыс. Аяқ киіміне «таптырмас» крем.
Аяқ киіміңізді банан қабығымен ысқылап, артынан құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз, аяқ киіміңіз ине-жіптен енді шыққандай жалтырап шыға келеді.
№3 жұмыс . Тікенге қарсы құрал.
14
Тікен кірге жерге банан қабығын қойсаңыз, тікен терінің үстіңгі жағына қарай тартылады, артынан суырып тастайсыз.
3.2 Сауалнама
4 «А» сыныбында оқитын сыныптастарымнан сауалнама алдым.Саулнамаға 25 оқушы қатысты.
Сауалнама сұрақтары |
«ия» |
«жоқ» |
1.Қолданылған банан қабығын қайда тастайсың? |
23 оқушы қоқысқа тастайды |
2 оқушы қайта өңдейді |
2.Бананның денсаулыққа қандай пайдасы бар ? |
22 оқушы пайдасын білмейді |
3 оқушы пайдасын біледі |
3.Қолданылған банан қабығының пайдасын білгің келе ме ? |
25 оқушы «ия» деп жауап берді |
0 |
4.Банан қайда өседі? |
22 |
3 |
5.Сыртын жуып жеу керек пе? |
19 |
6 |
ІV.Қорытынды
Қортындылай келе қолданылған банан қабығын қайта өңдеп пайдалануға болатынына көзім жетті.Кез-келген өнімді қайта пайдалануға болатын жолын іздеу керек деп ойлаймын.Өзімнің зерттеу тақырыбымда қолданылған банан қабығын күнделікті тұрмыста пайдалануға болады.Емдік қасиеті де бар екен.Бетке маскаға,маса шаққан жеріңе жағуға,басың ауырғанда банан қабығын бамуға болады екен.Тағам әзірлеу барысында да пайдаланып көрдім.Ең соңында топыраққа тыңайтқыш ретінде қолданыдым.
15
V. Ұсыныс
1.Қолданылған банан қабығын қоқысқа тастамай емге пайдаланса екен;
2.Оқушыларға,қарияларға,жас аналарға күнделікті тамақ рационына 1 бананды жуып жеуге ұсыныс айтар едім;
3.Банан қабығын мектеп жылыжайларына,мектеп ауласындағы ағаштар мен гүлдерге тыңайтқыш ретінде пайдаланса;
4.Тамақтану орындарынан шыққан банан қабықтарын бөлме өсімдіктеріне,көшедегі ағаштарға тыңайтқыш дайындаса;
5.Асханада банан қабығынан смузи дайындалса;
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
1.А.Ликуле «Все обо всем»
2. «Жыл он екі ай»балалар журналы
3.Ғаламтор материалдары
4. Sara Rhodes Evidentista
5 .Kazinform парақшасынан
16
Ғылыми жұмыстың зерттеу күнделігі
Түркістан облысы Кентау қаласы
Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектеп
4 «А» сыныбы
Дайындаған: Молдабай Аңсаған
Ғылыми жетекшісі: Керимбекова Ақбота
Күнделік
№ |
Мерзімі |
Жұмыс мазмұны |
Зерттеу әдістері |
Зерттеу-шінің қолы |
1 |
17.02. 2022 ж |
Маған жетеші тарапынан бірнеше ғылыми жұмыстың тақырыбы ұсынылды.Мен осы қолданылған банан қабығын пайдаға жарату тақырыбын зерттегім келді.Айналамыздың қоқысқа толғанын қаламаймын.Сондықтан осы тақырыпты зерттегім келді. |
Тақырып таңдау |
|
2 |
21.02. 2022 ж |
«Қолданылған банан қабығын пайдаға жарату»тақырыбы бойынша материалдар іздеу үшін тапсырмалар берілді. |
Материалдар іздеу |
|
3 |
10.03. 2022 ж |
«Қолданылған банан қабығын пайдаға жарату»тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстың жоспарын құрдық.Жетекшіммен бірлесе отырып зерттеп, жаздым. Мазмұны І. Кіріспе 1.1 Бананның пайдасы мен зияны. ІІ.Негізгі бөлім 2.1 Қолданылған банан қабығын күнделікті өмірде пайдалану. 2.2 Банан қабығының денсаулыққа пайдасы. 2.3.Банан қабығын тағам әзірлеуде пайдалану. 2.4 Банан қабығын өсімдіктер өсіруде пайдалану. III. Зерттеу бөлімі 3.1 Эксперимент 3.2 Сауалнама ІV. Қорытынды бөлім V.Ұсыныс VI. Пайдаланылған әдебиеттер |
Жоспар құру |
|
4 |
12.03. 2022 ж |
Ұстазым маған ғылыми жұмыстың ережелерімен таныстырды |
Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу |
|
5 |
05.04. 2022 ж |
Жинаған мағұлматымды қайтадан қарап, оқып шығып, ұстазыма көрсеттім. |
Әңгімелесу, ұстазбен сұхбаттасу |
|
6 |
13.04. 2022 ж |
Бүгін кіріспе бөлімді бастап жаздым. |
Жинақтау, саралау |
|
7 |
18.05. 2022 ж |
Интернет желісінен өзіме керекті мағұлматтарды іздедім. Кітапханаға барып мәлімет таптым. |
Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу |
|
8 |
03.09. 2022 ж |
Жаңа мәліметтерді жоспар бойынша негізгі бөлімге кірістірдім. |
Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу |
|
9 |
09.09. 2022 ж |
Мәліметтер бойынша зерттеу бөлімге кірістім |
Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу |
|
10 |
04.10. 2022 ж |
Қорытынды бөлімді компьютерге жаздым. |
Қорытынды бөлімді компьютерге жаздым. |
|
11 |
05.10. 2022 ж |
Қағаздарымды шығарып мектепшілік ғылыми жобаларға дайындала бастадым. |
Баяндау, оқу, мазмұндау |
|
12 |
08.11. 2022 ж |
Ұстазым екеуміз бірге отырып компьютер арқылы презентация құрдық. |
Слайд жасау |
|