Материалдар / Гуманитарлық пәндер бірлестігінің сыныптан тыс шаралар апталығының ашылу шарасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің сыныптан тыс шаралар апталығының ашылу шарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің сыныптан тыс шаралар апталығының ашылу шарасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2024
305
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің сыныптан тыс

шаралар апталығының ашылу шарасы

Барысы:

Қазағым-ай ” әні айтылады

(шашу шашылады, ақ ұсынады, бауырсақ қойылады)

Бала жүгіріп кіреді.

Мәди : Сүйінші, сүйінші! Гуманитарлық пәндер бірлестік апталығының ашылуы болайын деп жатыр! Сүйінші, сүйінші!

Фанфар ойналады.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Гуманитарлық пәндер бірлестігінің “Ұлттық құндылық тарих, мәдениет және тілдің тұтастығы” тақырыбындағы апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: Мақсаты:  оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.

1-жүргізуші: Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол құндылықтардың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз.

2- жүргізуші:

Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады. Кішкентай кезден, үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиеленсе, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерінде сол құндылықтарды дәріптейді. Әкесі мен баласы, қызы мен анасы, бозбала мен бойжеткен арасындағы жарасты қарым-қатынас отбасындағы ұлттық дәстүрді берік ұстанудың бір жолы, ол қоғам арасындағы жарасымдылыққа алып келеді. Халқымыз ұлын-нарға, қызын арға балап, рухани қасиеттерді о бастан бойларына дарытқан. Осындай тәрбие арқылы құндылықтарды қалыптастырған. Сол сияқты дәстүрлі өнер мен мәдениет те адамды рухани бай болуға жетелейді.

1- жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Халқымыздың тілі, тарихы туралы апталық барысында тоқталатын боламыз. Ал бүгін біздер қазақ халқының мәдениетін паш етеміз.

Ұлт дәстүрі, салты, ділі, өнері, діні, мәдениеті, тілін, ырым-тиымдарын толық қамтитын құрмет пен қасиет. Ұлттық құндылықтар арқылы ұрпақ тәрбиелеп, дүние танымызды сонымен құрудамыз. Жеке адамнан - отбасына, отбасынан-қоғамға, қоғамнан- мемлекетке әсерін тигізіп, дамып отыратын қасиет. Ұлттық құндылықтарда адам дүние есігін ашқаннан бастап, тал бесіктен, жер бесікке дейінгі өмір жолында салт-дәстүрлер, салт-жоралғылар мен тәрбие арқылы көрініс тауып адам бойына дариды.

2-жүргізуші:Ендеше сондай ұмыт қалған дәстүрлерімізді алдарыңызға ұсынамыз

(Көрермендер алдына салт-дәстүрлер ұсынылады, ал көрермендер қандай дәстүр екенін табады

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі үш адам бірге барып: “Осы үйдің қазанын шегелей келдік” дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: “Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік” деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды “менің




қалауым осы” деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген

қонаққа өзі сөз салып: “Бұл үйден қалаған бір затың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз” деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.)

1-жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде.

2-жүргізуші: Ендеше орыс халқының ұлттық биіне кезек берейік

(Орыс халқының биі)

(Оқушылар хабарлаусыз шығып орысша өлең жолдарын оқиды)

1-жүргізуші: Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде.

2-жүргізуші:Біздің мектебіміздің оқушылары да осы заман легінен қалмай, ағылшын тілін үйренуде. Ендеше алдарыңызға 8 “А” класс оқушысы Шарип

Джамиляны керемет ағылшын тіліндегі әнін ұсынамыз.

(Ағылшын тіліндегі ән)

(Ағылшын тіліндегі диалог Мариям мен Аяна )

Мариям экранның қасында тұрады,қолында бауырсақ болады.Бірінші бауырсақты мұғалімдерге береді де,орнына қайтып келеді.

Аяна Мариямды көреді.

M:Good morning Miss Ayana, I'm here come with me

A: Oh, good morning! I was just looking for you

M:How did you get there?

A:The road was good, I had to fly a little

Aww I'm glad to hear

Гид бауырсақты туристке береді

M: This is Bauyrsak, our national dish

A: Wow, it's delicious! I'm amazed

M:Let me first show you our plan and tell you a little about our country

Мариям Слайдты корсетеді

M:This is Astana, the capital of Kazakhstan, one of the most beautiful cities and we will go there soon In Astana we have a lot of beautiful places and attractions, for example Baiterek, Kan Shatyr. And a very large exhibition expo 2017 and 115 countries took part in EXPO 2017

A: I can't believe my eyes! I've seen Astana on social media, but I think it's even more beautiful in real life! I hope we will visit all the places?

M:Yes, these are very popular places and I hasten to please you, we will go there too and you will see everything

А: What about national food? I hope it's delicious, because many people told me that I would definitely like the national food.

М:And if we talk about national dishes, the Kazakhs’ national dish is et, but some call it beshbarmaq and also this is bauyrsaq our traditional baking, We also have a very popular and very, very tasty chocolate Kazakhstan with our flag.


А: I really want to try it all, otherwhere I won't leave! By the way, I noticed your image at the very beginning! It's so stylish, all sorts of ornaments, hats. There are few places to find such a thing in the United States, it suits you very much!

М: Thank you, I'm very pleased to hear that! And if we talk about our traditional clothes, then as you see on me our Тraditional clothes With our patterns

I knew that you would like it. By the way, Miss Ayana, I have a small gift for you, these are our jewelry and our Kazakhstan chocolate!

A: To me? Thank you very much! It's so beautiful! Can you help me put it on, please?

M:Yes,It suits you so well, I'm so glad you liked it

Let's rest a little, you're probably very tired on the road isn't it?

A: Yes, I'm a little tired. I think it's better to rest before a busy day!

Екеуі әңгіме айтып шығып кетеді.

1-жүргізуші: Қазақ халқының көшпелі тұрмыс- тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние

болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.

2-жүргізуші:Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Алдарыңызда “Асық ату”, “Бес тас” ойындарын көрулеріңізге болады.

1-жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір қаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес бірақ соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.

2-жүргізуші:Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.

Ол мақауды сөйлетеді, жылатады кереңді.

Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт,
Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт.
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра! Деп ақиық ақынымыз Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай домбыра қазақтың жаны. Енднше мектебіміздің күйшілері: Ерсегіз Ернұр мен Садыков

Айсұлтанды “Көңілашар” күйімен қарсы алыңыздар!



1-жүргізуші:

Ендеше келесі сөз кезегін мектебіміздің директоры А.Қуанышбаевнаға береміз.

2-жүргізуші:Құндылықтарымыздың өзі жеке адамман басталып отбасы, қоғам арасында жетіліп, ұлттық деңгейге көтеріледі, сол арқылы ұлттық болмысымыз қалыптасып, ата-бабадан ұрпаққа мирас болып келе жатыр. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазыналары қазіргі таңда халқымыздың болмысын басқа әлем халықтарының арасында ойып тұрып орын алғызып, ерекшелендіріп тұр. Бүгінгі таңда ұлтымыздың рухани байлықтарын көзіміздің қарашығындай сақтап, келешекке жеткіземіз керек. Тіліміз мен ділімізді, өмір дағдыларымызды кіршіксіз күйінде  болашаққа мирас етіп қалдыру үшін әрқайсысымыз тамшыдай болса да үлес қосуымыз керек. Сонда ғана ұлы армандарымыз орындалары сөзсіз.

(“Атамекен” әні айтылады.)

1-жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет! Сау саламатта болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!