Х дыбысы және әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Х дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, хал-жағдайды біліп, қарияларға қамқор болуға талпынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы

бастауыш сынып мұғалімі

«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ

Көкбай ауылы, Абай ауданы, Абай облысы


Әліппе пәнінен өткізілген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Пәні:

Бөлім:

Әліппе

Әліппе кезеңі

Мектеп: «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ

Педагогтің

аты- жөні:

Күні:

Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы


13.12.2021ж


Сынып: 1

Қатысушылар саны: 14

Қатыспағандар саны: 2

Сабақтың тақырыбы

Х дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, хал-жағдайды біліп, қарияларға қамқор болуға талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(2 мин)



(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Үлкенге «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Үлкендерді құрметтеп,

Бас иеміз біз.


Оқушылар өлеңді мәнерлеп хормен айтады.





Өткен сабақты пысықтау.

(5 мин)

Ойын: «Қоянға көмек»

Мақсаты: сәбіздерге жазылған я, ю дыбыстары кездесетін сөздерді дұрыс, әрі жылдам оқу. Сол сөздердегі я, ю дыбыстарының орнын анықтау. Қандай дыбысқа жататынын ажырату.

-Балалар, Қоян сендерге хат ала келіпті. Хатында сендерді Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, сендерге мына бір жұмбақты шешіп көріңдер дейді.

«Қарада» жоқ, «ханда» бар,

«Қағазда» жоқ, «хатта» бар.

Қане, ойланып көрейік,

Бұл әріпті кім табар? (Хат)

Балалар, хат сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

Дұрыс айтасыңдар х дыбысынан басталады екен. Ендеше, бүгін біз Хх дыбысы және әрпімен танысамыз.

Қоянды тамақтандыру үшін сәбіздердегі я және ю әріптері кездесетін сөздерді дұрыс, әрі жылдам оқиды. Сол сөздердегі я, ю дыбыстарының орнын анықтап айтады. Я, ю дыбыстары қандай дыбысқа жататынын ажыратады.




Қоянның жұмбағының шешуін табады. ат)

Мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

Өте тамаша!

Жарайсың!

Қоянның суреті бар қорап, қима сәбіздер,

Хат жазылған конверт

Сабақтың ортасы

(26 мин)












































































































Сабақтың соңы (2 мин)


Сабақтың күтілетін нәтижесіментаныстыру.

Балалар, сендер бүгін

сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Х» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Х х» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Х х» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.


(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

2. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

3. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

4.Өтілетін жаңа дыбысы бар «хат» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

5.Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

6.«Х» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

7.«Х» дыбысының таңбасы - оның әрпімен таныстыру.

8.Қарындаштардан «х» әрпін жасау.





(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

1. Оқулықтың 84-бетінде берілген сөздер мен мәтінді (өлеңді) мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.

2.«Х» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасауы.

3.Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (хан – хат), сөз алдына (емхана – кітапхана) тиісті дыбысты немесе буынды қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.



(МК, Ө) Жазылым

1. Оқулықтағы «х» әрпінің таңбалануына назар аудару.

2.«Х» әрпін тақтаға жазып көрсету.

3.«Х» әрпін ауада жазып көрсету.

4.Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.


















«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс. Мұғалімнің жаңылтпашпен жұмысты QR-пен немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақта өтілген жаңа дыбыс пен әріп туралы оқушылардың білімін бекіту.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта алған әсерлерін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
















  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Асхат ауылда тұратын атасын сағынды. Ол атасына хат жазды. Хатта атасының халін сұрады. Жазда ауылға баратынын айтты».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).

3.Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Ол атасына хат жазды.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 4 сөз бар.

4.Өтілетін жаңа дыбысы бар «хат» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: «хат» бір буынды сөз екенін айтады.

5.«Хат» сөзіндегі «х» дыбысын бөліп алып айтады.

6.«Х» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

7 «Х» таңбасы - оның әрпімен танысады.

8.Қарындаштардан «х» әрпінің сұлбасын жасайды.


1.Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.



1.Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«х» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

2.Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды:

«жасыл» түс -

«Бәрекелді!»,

«көк» түс- «Жарайсың!»

«қызыл» түс – «Ойлан!».


Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.

1.Жаңылтпашта жиі кездесіп тұрған дыбысты анықтайды.

Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге талпынады.





Сабақтан кейінгі көңіл күйін білдіріп, бағдаршам көздері арқылы бағалайды

Қолдау



















Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру












Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.








Қолдау көрсету





Оқушыларға қолдау көрсету.




Мақтау, қолдау


















































Өзін-өзі бағалайды.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2022
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі