Хабарсыз кеткен Қаһармандар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хабарсыз кеткен Қаһармандар

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР көптеген ардагер ата-апалар бар. Дегенмен, ессіз кеткен, қара хабармен аты өшкен, әлі де әр отбасыда жеке шоқ болған тұлғалар баршылық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі

"Шоқан Уәлиханова атындағы № 3 мектеп-лицей КММ"















ЖОБА

Тақырып: Үйге ұзақ жол

















Орындаушы: Рустемова М.М.













Өскемен 2023 жыл

Жоспар

  1. Аннотация…………………………………………………………………....

  2. Кіріспе……………………………………………………………………......

  3. Негізгі бөлім………………………………………………………………....

-Соғыс жылдарындағы ең басты қорқыныш ……………………………...

-Шығыс Қазақстан облысындағы хабарсыз кеткен қаһарман....................

  1. Қорытынды…………………………………………………………………..















































Аннотация

Ұлы Отан соғысының талай халық үшін қансырата соққы берген заманның бірі болғаны белгілі. Өзінің бар сынағын көрсеткен, артымен талай адам жанын алып кеткен сұрапыл жылдар. Сол қатыгез уақыт аралығында қазақ атынан шыққан қанша бауырлас, өз заманының батырлары қатысқан болатұғын. Кейіннен, тыл жұмысына қалып, я болмаса қан майданда жанын берген азаматтар бар.Бірінің есімі аталса, бірі өшіп те қалған. Бұл жоба арқылы өткеннің ізімен өтіп кетен соғыс батырларының маңызын айтпақпыз.



Аннотация

Известно, что Великая Отечественная война стала для многих людей одним из самых кровопролитных времен. Годы суеты, показавшие все свои испытания, унесшие с собой много человеческих душ. Сколько братьев, представлявших казахов за тот жестокий период, принимали участие . В дальнейшем есть граждане, которые остались работать в тылу, или отдали свою жизнь на поле боя .Одни в памяти по сей день, а другие попали в забвение. В этом проекте мы расскажем о значении героев войны, которые прошли по стопам прошлого.

Annotation

It is known that the Great Patriotic War became one of the bloodiest times for many people. The years of vanity, which showed all their trials, took with them a lot of human souls. How many brothers who represented the Kazakhs during that cruel period took part. In the future, there are citizens who stayed to work in the rear, or gave their lives on the battlefield.Some are remembered to this day, while others have fallen into oblivion. In this project we will talk about the importance of war heroes who followed in the footsteps of the past.



















Кіріспе

Ғылыми жұмыс мақсаты: Қазақ елінің әлі де айтылмаған көптеген батырлары бар екенін айғақтау.

Ғылыми жұмыс өзектілігі: Кезінде хабар-ошарсыз жоғалған халық батырларының қазіргі қоғамдағы орынының барын айғақтау. Мүлдем ессіз ғайып болмағанша, қайта жандандыру. Қазіргі ұрпақтың тарихы, батырларымыздың ерең еңбегімен келгенін көрсету.

Ғылыми жұмыс міндеті:

-Соғыс деректерімен толыққанды танысу

- Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген батырлармен танысу

-Деректер келтіру

-Зерттеу жұмыстарын айғақтау

Ғылыми жұмыс құрылысы: жоба кіріспеден, негізгі білімнен, қорытынды бөлімнен тұрады.

Ғылыми жұмыс пәні: тарих.

Ғылыми жұмыс әдістері: талдау, зерттеу, сараптау, деректер келтіру.

























1.Соғыс жылдарындағы ең басты қорқыныш.

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. 1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап жатқаны туралы хабарлаумен болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды.

Ресейлік тарихшылардың мәліметіне сәйкес, 1941 жылы қамалды 7 000 сарбаз қорғаған. Оның 1 мыңға жуығы Қазақстаннан барған жауынгерлер. КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ. Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды.

Шамамен 500 қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам "Даңқ" орденінің иегері атанды. Ал қазақстандық 4 ұшқыш: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский "Кеңес Одағының батыры" деген құрметті атаққа 2 мәрте иеленді. Қазақстандықтар арасында алғаш болып бұл атақты танк әскерінің генерал-майоры, павлодарлық Кузьма Семаченко (1941 жылдың 22-маусымында) алды. Панфиловшы, полковник Бауыржан Момышұлынан (11 желтоқсан 1991) соң бұл атақ ешкімге берілген жоқ. Днепр үшін болған шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры" атанды. Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі батыр қызы: мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова да бар.

Дегенмен, бұлардың барлығы бәріне мәлім етілген деректер. Бәрі таныған, тарихқа жиі көрінген батырлар. Алайда, одан да бөлек біздің қазақ батырларымыз бар.













2. Шығыс Қазақстан облысындағы хабарсыз кеткен қаһарман.

Шығыс Қазақстан облысының өзінде-ақ, ессіз кеткен, я болмаса ұмытылған батырлар бар. Соның бірі менің атам Қудышев Рустем.

Атам 1913 жылы 1 наурызда Ұлан ауданында, Алмасай ауылында дүниеге келген. 7 жасында әкесі өмірден озады. Нағашылары анасы мен апайын Күшбірлікке көшіріп алады. Руы – Айтқұл, жан жары Бәтима. Атамның өзінен кейін Малика деген апайы болған. Рустем атамнан тараған 3 баласы бар. Ұлы – Мұхтар, қызы – Күләй және кенже баласы – Мурат (әкем).

Атам, өте сабырлы адам болатұғын. Орынсыз күліп, әзілдеу деген болмады. Қатал тәртіппен тәрбиеленген ол кісі, көбінесе шаруашылықта, тіршілікте жүретін. Тіпті, әкемнің айтуынша «Атаңның қараған бір көзінен ауызымыз тиылып қалатын» дейді. Дегенмен, ауылдың бастауы болды. Сөзге керемет кісі. Есеп - қисап дегенді жақсы көретін. Бәрін, нақты-нақты шығарып, бухгалтерлік қасиеті болған. Күшбірлік ауылындағы «Күшбірлік» колхозының төрағасы болды.

Соғыс жылдары кезінде автоматшы және пулеметшы қызметтерін атқарған. 1933 жылы Ұлан ауданы, бұрынғы Қызылтас ауылында білім алған. 1935 жылы 5 қараша күні Шағиқызы Бәтима апамызбен отау құрады.

1941 жылы соғыстың алғашқы ошақтарына шақырылған. Кейіннен 08.1941 жылдан 22.10.1945 жылға дейін Отан алдындағы қызметін атқарып келді. 1945 жылы 22 қазанда қабырғасына жара алып, Госпитальге жедел түрде апарылады. Госпитальде 10 күндей емделіп, ішіндегі қару шынысын алып шығады.

Әскери жолы толыққанды Кенинсберг атты қаланы жаулаумен өткен. Кейіннен, Жапония мемлекетіне соғысқа түсіп, артынан госпитальге тап болады. Бәтима апамызға бір қызығы ата жайлы қаза тапты деген қара хат келеді. Бірақ, ол хат тура атаның келуімен қатар орын алады. Сол себепті оны хабар-ошарсыз кеткендер қатарынан алып, қара хатты қайтарып алады.

Жарақатынан кейін, Рустем атам тыл жұмыстарына барады. 1956 жылы 20 сәуірде Аблакет штатына есепші болып тіркеледі. 1959 жылы 1 ақпанда Сталин атындағы колхозда есепші болып орнығады. 1961 жылы 1 наурызда совхоз жұмыстарына ауысады. Дәп сол жылы «Красно-Алтайск» деген совхоз есепшісі болып жұмыс жасайды. 1967 жылы 14 қарашада Өскемен қаласының есепші-бухгалтер мектебінде оқу оқып, 1968 жылдың 13 ақпанында бітіреді. 1971 жылы өзінің туған жері Алмасай ауылына қайта оралады. Жұмысын Қараөзек совхозында есепші болып жалғастырады. 1977 жылға дейін есепші қызметін атқарып, зейнетке шығады.



Тыл жұмысында көрсеткен еңбектері үшін марапаттар берілген.

  1. 1971ж 12 қазанда – Ауылшаруашылық жұмыстарына ат салысқаны үшін 30 рубль көлемінде сыйақы беріледі.

  2. 1973ж 06 қарашада – Жоғарғы жұмыс көрсеткіштері үшін сыйақы беріледі. 20 рубль.

  3. 1974 ж 11 қазанда - Ауылшаруашылық жұмыстарына ат салысқаны үшін ақшалай сыйақы беріледі.

  4. 1975 ж 11 қазан - Ауылшаруашылық жұмыстарына ат салысқаны үшін ақшалай сыйақы беріледі.

  5. 1975 ж 4 қарашада – «Ұлы Октябрьдің» 58 жылдығына орай ақшалай сыйақы беріледі.

Ұлы Отан Соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі үшін марапаттары.

  1. 1946 ж 27 мамырда – Германияға қарсы күре үшін марапат.

  2. 1947 ж 30 шілдеде – Ұлы Отан Соғысы кезіндегі ерең еңбегі үшін марапат.

  3. 1948 ж 21 қаңтарда – Кенинсберг жорықтары үшін марапат.

  4. 1970 ж 8 мамырда – КСРО Қарулы күштердің 50 жылдығына орай марапат.

  5. 1970 ж 31 шілдеде – Лениннің 100 жылдығына орай ерең еңбегі үшін марапат.

  6. 1976 ж 3 маусымда – Ұлы Отан Соғысының 30 жылдығына орай марапат.

  7. 1979 ж 2 наурызда - КСРО Қарулы күштердің 60 жылдығына орай марапат.



Өмірінің соңғы жылдарын Алмасай ауылында өткізеді. 1983 жылы 70 жасында асқазан ауруынан өмірден озады. Кейіннен, аяулы жары Бәтима 2000 жылы қайтыс болады.

















4.Қорытынды.

Берілген нұсқаулар мен өз өмірімде болған тарихи тұлға арқылы әлі де естілмеген адамдардың бар екенін меңзеп кеткім келді. Яғни, тарихтың аты тарих. Біздің басты міндетіміз – ескіріп кеткен оқиғаларды ретке келтіріп, өзінің хронологиясын айқындау.

Қазақ еліне тәуелсіздіктің ерең еңбекпен, қайыспас күшпен келгені рас. Оны, жоққа шығаруға, я болмаса өтемін бермеуге хақымыз жоқ. Қазақсатан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады Дегенмен, қазірдегі тыныштығымыз, ерекше ыстық ықыласымыз сол азапты күндердің арқауында. Байырғы замандағы елім, жерім деп қылыштың азуына түскен аталарымыз, мына біздің қамын білмек үшін жасады. Өз жеріңде өмір сүре тұра, әп сәтте жоққа кету мүмкіндігін сезу ауыры хақ. Бірақ, әуелі тағдырдың оңымен және білектің күшімен қайралған бұл сынақтар бірлікті нығайта түсті емес пе? Мен өз еліммен мақтанамын. Мақтанбақ түгілі басты иіп, қара топырақтың тәтті иісін сүюге дайынмын. Мүмкін, қадірі мен ақиқатын білгеннен шығар... Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын діңгегі,халықтың жұлдызы. Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жете алды.

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген сөзде астары терең ұғым жатыр. Шынымен де, өткеннің аманатына қиянат жасау арқылы, біз өзіміздің болашағымызға балта шапқанмен тең боламыз. Өткеннің елесі әрқашан қасымызда болады. Сіркеміз су көтермей, сіресіп отыру деген емес, керісінше сол арқылы қазіргінің таңын ойлау. Қазақ тілі, дәстүр, білім және тағы басқалары. Тым болмағанда осы факторлар арқылы біз ұрпақтың бойынан мейірім оята білуіміз қажет. «Оян, қазақ!» деп, қызыл тамақ болып зарлаған бабамның еңбегі ақталса екен деймін. Біреуі, шыр-пыр болып жүрген мезетте, біреуі құлаққа ілмейді де. Бір жағынан санасыздықтың у болып тарқағаны көзге мүлк етіп көрінсе, бірде уақыттың жазығы жоқ екенін аңғарасың. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз! Кең даланың не жасырғанын және қандай шыңдықтың бетпердесін ашқанын білу мүмкін емес. Жүректе соққан дүрсіл, Жер-Ананың түбінде орнаған қағыс.

Ойымның қорытындысын келтірсем, барда алттын қадірін білген дұрыс. Біз өткенімізді білсек, келешекті аңғарып жатқанымыз жоқ. Менің үрейім де осы. Мына алақанға аялап берілген «Тәуелсіздік», ертеңдері ақталынса екен. Тәуелсіздік алу – бұл тек бастапқы қадам. Отанымыздың болашағы біздің қолымызда. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Қарапайым тілдік құрметтен бастау алып, күрделі рухани қазынаға жол тартпақ. Мен өз елімнің азаматшасы болғаныма шын разымын. Елімнің мықты және қайратты екеніне талай-талай көзім жетті. Бауыржан Момышұлы атамыз айтпақшы «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.06.2023
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі